Сатып алынған жартылай фабрикаттар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КIРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1-БӨЛIМ. ӨН1МД1 ӨТКIЗУ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРДЫ

ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ
1.1. Өнiмдi өткiзу процесi мен өткiзу шығындарының жалпы түсiнiгi,

маңыздылығы және түрлерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6

1.2.Зерттелетiн кәсiпорынның сипаты мен құрылымы және өнiмдi өткiзумен

байланысты шығындарының құрамы ( ВосходААҚ
АФ) ... ... ... ... ... .. 17

2-БӨЛIМ. ӨНІМДІ ӨТКIЗУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК

ЕСЕБIНІҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI МЕН ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI.

2.1.Сату шығындарының бухгалтерлiк есебiн
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... . 25

2.2.Жөнелтiлген өнiм, көрсетiлген қызмет орындалған жұмыспен

байланысты және басқа да сату шығындарының есебiн
жүргiзу ... ... ... ... 37

3-БӨЛIМ. КӘСIПОРЫНДАҒЫ ӨНIМДI ӨТКІЗУ ЦИКІЛІНІҢ АУДИТI

МЕН КӨРСЕТКIШТЕРIН ТАЛДАУ.

3.1. Кәсiпорын жұмысын бақылау
қажетілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 53

3.2. Өнiмдi өткiзумен байланысты сауда шығындарын
тексеру ... ... ... ... ... ..57

3.3. Кәсiпорытндағы өндiрiс пен сауда операңияларын талдау, және олармен

байланысты шығындарды тиiмдi пайдаланудың жолдары
... ... ... ... ... ...68

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 77

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 79

КIРIСПЕ

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады.
Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарүшллық үшiн негiз
бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндiрiс процесiн
шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебi
бухгалтерлiк есеп Стандарттарына және субъектiлердің қаржылық -
шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп жоспарында
бекiтiлген жалпы қағидалары мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады және ол
бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланүшылардың талабына, қызметтiң
құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкәс келуiн
қамтамасыз етедi.

Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзүшi
субъектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық, сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру
мүмкiн емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындардың иелерi мен еңбек
ұжымдары шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын
азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнiмдерiн өндiруге, оның сапасын
көтеруге , өзiндiк құнын төмөндетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделi.

Есепке алынған ақпараттардың көмегiмен шаруашылық жүргiзүшi
субъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн жедел
басқару үшiн , экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшiн ,
сөйтiп , ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу
экономикалық тетiктiң бiрi ретiнде пайдаланады.

Берiлген дипломдық жұмыстың негiзгi мақсаты — кәсiпорынның өнiмдi
өткiзумен байланысты шығындарының бухгалтерлiк есебiн кәсiпорын тұрғысынан
зерттеу және оның тиiмдi жолдарын қарастырып, ұсыныстар жасау.

Зерттеу барысында берiлген мақсаттарға жету үшiн келесiлердi қарастыру
қажет :

- өндiрiс және сату бойынша шығындардың бухгалтерлiк есебiн реттейтiн
бастапқы нормативтерге талдау жасау;

- өнiмдi өткiзумен байланысты шығындардың құрамын қарастыру;

- ондағы бухгалтерлiк есептiң реттiлiгiмен өнiмнiң өзiндiк құнын
талдау; өнiмдi өндiрумен және өткiзумен байланысты операцияларға талдау
жасау;

- зерттелетiн кәсiпорынға қысқыша сипаттама берiледi және сауда
операцияларының аудитi жүргiзiледi.

Берiлген дипломдық жұмыстың зерттелетiн объектiсi болып - “Восход”
акционерлiк қоғамы болып табылады. Ал зерттеу пәнi – кәсiпорындағы өнiмдi
өткiзумен байланысты шығындарға талдау жасау. Жұмыс барысында Қазакстан
Республикасының нормативтiк-құқықтық құжаттары Восход АҚ-ның қаржылық
және бухгалтерлiк есеп берулерi , оқу — әдiстемелiк құралдар, кiтаптар,
түрлi бухгалтерлiк бұйымдар қолданылады.

1-БӨЛIМ. ӨН1МД1 ӨТКIЗУ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАРДЫ

ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ

1. Өнiмдi өткiзу процесi мен өткiзу шығындарының жалпы түсiнiгi,
маңыздылығы және түрлерi

Өнiм өндiрүшi кәсiпорындардың өндiрiлген өнiмдердi сату жөнiндегi
операциялар жиынтығын сату процесi болып табылады. Өндiрілген өнiм басқа
кәсiпорындарға сатылады, ал сатып алүшы кәсiпорын өндiрүшi кәсiпорынға
тиiстi баға бойынша ақшасын төлейдi. Нарық экономикасына байланысты бағаның
көптеген түрлерiқолданылады. Сөндықтан да сатып берүшi мен сатып алүшылар
арасында екi жаққа да ұтымды келiсiм шарт жасалынып , осы шарттағы шаралар
бойынша сату процесi iске асырылады . Келiсiм шарттың баптарында сатылған
өнiмнiң көлемi, мерзiмi, бағасын, есеп айырысудың түрi, шарт бұзүшыларға
қолданылатын шара т.с.с. көрсөткiштер болады.

Дайын өнiмдер арнайы жоспарға және мерзiм бойынша келiсiм шартпен
қамтамассыз етiлген шараларға сай сатылады. Сату процесiнiң бастапқы кезеңi
дайын өнiмдердi сатып алүшыға қарай жөнелтiп, тиеп жiберген уақыттан
басталады. Дайын өнiмдердi сатуға жiберiлген мерзiммен, бұл өнiмдер үшiн
төленетiн қаражаттарының уақыты бiрдей кезеңде сай келмейдi. Сөндықтан
сатүшы кәсiпорынға, сатып алүшы кәсiпорындық ақша қаражаты келiп түскенге
дейiн жөнелтiлген өнiмдердi өндiрүшi кәсiпорындардың меншiгi ретiнде есепте
тұрады. Ол үшiн бухгалтерлiк есеп счетында Жөнелтiлген тауарлар орындалған
жұмыстар мен қызметтер деп аталатын арнайы счет берiлген.

Сатып алүшыларға жөнелтiлген өнiмдер үшiн кәсiпорынның есеп айырысу
счетында ақша қаражаты келiп түссе бұл өнiмдердi сатылған өнiмдер деп
атайды. Өнiм қоюшы және сатып алүшы кәсiпорындар арасындағы келiсiм шартқа
және жоспарлы төлемдердiң орындалуына сай дайын өнідердің жөнелтiлген
уақыттан бастап сатылған өнiмдер көлемiне жатады. Құны төленген, бiрақ та
сатып алүшыларға жөнелтiлген өнiмдердiң құнын сатылған өнiмдердiң жалпы
көлемiне қосуға болмайды. Сондай-ақ ақшасы төленiп, өнiм қоюшы кәсiпорынның
жауапкершiлiгiнде сақтауға қалдырылыған өнiмдер де сатылған өнiмдер
құрамына енбейдi.

Кәсiпорындардың дайындау процесiнде басталған қаржы айналымының
айналысы дайын өнiмдердi сатқан кезде аяқталады. Сату процесiнiң мерзiмi
мен шапщаңдығы айналым қорларының айналысына тiкелей есер етедi. Сөндықтан
өнiм өндiрүшi әрбiр кәсiпорын өз өнiмдерiн тез арада жөнелтiп, сату үшiн
шаралар белгiленуi қажет. Өнiмдердiң дер кезiнде сатылуының нәтижесiнде қор
айналысы шапшаңдап, кәсiпорынның қаржы жағдайын жақсартады. Өнiмдердi тез
арада жөнелту, сатылатын орындарды белгiлеу, есеп айырысудың тиiмдi
жолдарын қолдану, таза пайда табудың тиiмдi әдiстерiн пайдалану әрбiр өнiм
өндiрүшi кәсiпорындардың мақсаты болып табылады. Өз уақтында өнiм өндiрiп,
бұлардың сапасы бұзылмай тұрғанда саудалап — сату арқылы аяқталмаған
өндiрiстi iске асырады, тұтыну заттарының ассортиментi жақсарады,
қоймалардағы қажеттi заттарға өз мәнiнде шек қойылады. Тауар өткiзу немесе
сауда — саттық iсi тауар өндiрумен шаруашылық жарыса жүретiн байырғы кәсiп
түрлерiне жатады. Алып — сату процесi еңбек белiсi заңдылықтарына қарай
бейiмделiп, дербес әрекет етедi. Тауар өткiзу өндiрiс процесiнiң нәтижесiн
жүзеге асыратын кәсiп ретiнде көрiнедi. Дәлiрек айтқанда ол тауарды
тұтынүшы ортаға жеткiзу iсiнде шешүшi роль атқару арқылы өндiрiс кәсiбiнiң
тағдырына тiкелей қатысты болады. Тауар саудасы өндiрiс процесiнiң даму
қарқыны мен деңгейiне және көлемiне, сонымен қатар сұраныс пен ұсыныстың
салыстырмалы қалпына, яғни нарықтық коньюктүраның тауармен толықтырылу
дейгейiне байланысты көлем мен сапа жағынан ғана емес, өзiнiң маңыздылығы
жағынан үнемi өзгерiп отырады. Осылайша сұраныстың ұсыныстан басым түсуi —
тауар жетпеуi және тауарлық игiлiктердi жоспар арқылы бөлу оның атқаратын
қызметі тек тауар қөзғалысы мен оны жеткiзудi қадағалау ауқымына ғана
қалады.

Тауар өткiзу жүйесi тауар молшылығы немесе нарықтық экономиканың әбден
орнықан тауар таңдап алу үшiн кең мүмкiндiк жасалынған кезде, тауар
сатүшының тұтынүшыны өз жағына тарту жолында өз бәсекелестерiмен күреске
түскен немесе әзiр тұрған жағдайында күшiне енедi.

Бәсекенiң тауар өндiру және оны сату барысында пайда болатыны белгiлi.
Ал бәсеке жағдайында жетекшi орын тауар өткiзу процесiне тең болады. Бәсеке
барысында тауар түрлерiнiң сәттi таңдалып алынғаны сол тауарды сатқан кезде
ғана дәлелденетiн болады. Тiптi таңдаулы тауар өндiрiлген күннiң өзiнде де,
бұл тауар сауда бәсекесi жағдайында нарық конюктүрасын немесе бағаның
өзгеруiне байланысты өтпей қалып өндiрiс көздеген мақсатына қол жеткiзе
алмауы мүмкiн. Демек, өндiрiстiң табыстылығы қашанда өз тауарының
өтiмдiлiгiне байланысты. Ал тауар өткiзу iсiнiң нәтижелiк деңгейi
өндiрiстiң нарықты тереңдей сегменттеуге негiзделуiне тәуелдi болады.

Қоғам тауар алмаспай тұра алмайды. өйткенi адам бар жерде бiрдеңеге
қажетілік те бар. Ешбiр өндiрiлмейтiн жағдай өзiнде, әлдененi сатып алмай
немесе сатуға ұсынбай өмiр сүру қиын. Олай болса, материалдық тауар жоқ
жерде - адам еңбегi оның бойындағы қабілет - дарын тауарға айналады немесе
ол қажетілік мұқтаждыққа алмастырылады. Мiне, тап осы жағдайда сауда –
саттық тауар өндiрiсiнiң ырқынан шығып, адам игiлiгi үшiн өз бетiмен қызмет
ете бастайды, яғни тәуелсiздiк нышанын танытады.

Өндiрiс тауар алмасуынсыз өз маңызын жояды дей тұра, екi арадағы
табиғи байланыстың мәнiн кемiтуге болмайды. Ол, шешүшi межеге тауар ұсынысы
сұраныс қарқынынан басым түскен кезде ғана қол жеткiзе алады. Сұраныстың
өсуi көп ретте табиғи ситуацияға, ал технологияның дамуы ғылыми техникалық
жетiстiктерге баланысты болады. Демек, бұл өзара салыстыруға келмейтiн
уақтында өрбуi себептi көп жерде олардың арасында сәйкестiктiң болмауы -
объективтiк заңдылық. Осылайша тауар өндiрiсiнiң тұтынудан басым түсу
тенденциясының барған сайын арта түсуi тауар өткiзу проблемасын
күрделендiре бередi. Мұның ақыры қажетті мөшерден артық өндiрiлген
тауарлардың дағдарысын жақындата түсiрерi сөзсiз. Бiрақ бұл проблеманы
шешудiң соңғы кезеңi емес. Өйткенi жинақталған тәжiрибе мен қолда бар озат
технологияның дамуы үстiнде тауар артықшылығы дағдарысы не ұзакка созылады
немесе бұл жағдай жиiжиі қайталанып, технологияның даму қарқыны iркiп
отырады.

Тауар өткiзу немесе коммерциялык әрекеттер, бiр жағынан, халық
қажеттiгiн өтеудiң негiзi бола отырып, екiншi жағынан, ол қоғам дамуындағы
барған сайын шиеленiсiп келе жатқан проблемаға айналуы себептi маркетингтiк
зерттеулер мен шешiмдерге зәрулiк танытуда.

Тауарды дер кезiнде, алдын ала белгiленген көлем мен сапа бойынша
өзiне тиесiлi орынға жайғастыра бiлу — бiр жолғы немесе бiр жақты шешiле
қоятын мәселе емес. Тауар табыстылығы өндiрiс процестерiнiң барысында алдын
ала анықталатын болуы керек. Ал оның келесi кезеңдерiнiң нәтижелілігі
нарықта қалыптасқан бәсеке мен баға деңгейiнде, тұтынүшылардың
мүмкiндiктерiне, яғни сегмент сенiмдiлiгiне, тауар өткiзудi ынталандыру
шараларының дұрыстығына делдал фирмалардың iскерлiгiне т.б. байланысты.
Сол себептi тауар өткiзу проблемасы тап осы аталған мәселелердi кешендi
түрде талап ететiн аса жауапты жұмыс болып табылады.

Тауар сату проблемаларының маңыздылығын жете түсiнетiн елдерде бұл
саланың қызметкерлеріне айрықша көңiл бөлiнедi. Олардың қатарын тауар
өткiзу бойынша жүргiзiлетiн коммерциялык жұмыстарға творчестволық тұрғыдан
қарайтын потенциалдық тауар алүшыларды iздестiру iсiнде тәжiрибесi мол,
сондай сатылатын тауар ассортименттерi жөнiнде жан-жақты техникалык бiлiмi
бар жоғары дәрежелi мамандармен толықтырылып отыруын басты назарда ұстайды.

Тауар өткiзу сауда — саттықа қатысты қызмет көрсетудiң, өндiрiс пен
тұтыну әдiстерi арасындағы мүдделi мақсаттары ерiктi қатынастар негiзiнде
жүзеге асырудың кеңейтiлген жүйесi болып есептеледi. Тауар өндiрүшiлер мен
тауар пайдаланүшылар арасында олардың кәсiби ерекшелiктерiне сәйкес iзгi
ниеттiлiкпен бiрге, сейкессiздiктер де орын алады. Бұлар: бiрiншi жақтың
өндiрген тауарының көлемi мен сапасының — екiншi жақтың тұтыну талаптарынан
айырмашылтары тауар өндiру және оны сатып алудағы мүдде алшақ т.б. Ал
осыларды өзара үйлестiре отырып, сұраныс пен ұсыныс арасындағы к
қатынастарды жалғастыру тауар өткiзу жүйесiне тән еңбек жемiсi болып
табылады. Сондықтан тауар өткiзу қызметі кез-келген өнiмнiң дайынқалпында
нарыққа түсуi кезiнен бастап, оны тұтынүшы сатып алуынан – соңғы қызмет
көрсету процесi бiткенге дейiнгi уақтында iстелген әрекеттiң жиынтығы деп
аталады. Тауар өткiзу қызметі тауардың айналымға түсетiн жалпы тұтынатын
түрiне немесе оның өндiрiс процесiнде қолданылатынына немесе ауылшаруашылық
өнiмдерi екенiне қарамастан, көп ретте қажетті аралык кезең болып
есептеледi. Тауар өткiзу саясатының басты мiндетi-ұтымды тауар қозғалысы
қамтамассыз ету. Бұл міндеттердiң құрамына: өндiрiлген өнiмдердi өткiзу
мекемелерiн ұйымдастыру, көтерме және бөлшек сауда дүкендерiн ашып, тауар
сақтау қоймаларын техникалық қызметі көрсету пункттерiн салу, тауарды
тасымалдау бағыттарын белгiлеу және оны ұйымдастыру, т.б. кiредi. Тауар
өткiзу жүйесiне: сауда-саттық келiсiмдерiн дайындау және жүргiзу, келiсiм-
шарттар жасау мен оның орындалуын бақылап отыратын коммерциялық жұмыстар да
жатады.

Сауда - экономиканың сезiмтал элементi. Әр түрлi нарықтық қарым-
қатынастар коньюктуралық тербелiстер баға саясатындағы өзгерiстер сауда
жүйесi арқылы өндiрiстен тұтыну процестерiне жеткiзiлiп, оларға әсерiн
тигiзедi.

Сауда - өндiрiс пен тұтынуды уақтында талабына орай үйлестiруге күш
салатын күрделi жүйе. Тауарлардың айналым көлемдерiне және тауар
қоғалысындағы маңыздылығына қарай - бөлшек және көтерме сауда түрлерi
бөлiнiп шығады.

Бөлшек сауда тауардың қай жерде, қашан және қандай әдiспен сатылғанына
қарамастан оны тiкелей тұтынүшыға жеткiзу жүйесi болып табылады. Бұдан
басқа ешбiр мекеме ондай дәрежеде тауар алүшылардың мұң –мұқтажына етене
жақын тұрмайды. Бөлшек сауда күнделiктi және болашақ тауар тұтынуға қатысты
тенденцияларды да тереңiрек түсiнуге көмегiн тигiзедi. Сауда
саласындақандай да бiр өзгерiс болсын, ол алғашқы бөлшек саудаға бiр
соқпай өтпейдi. Сондықтан бөлшек сауда жүйесi мұндай өзгерiстерге алдын ала
әзiрлiк танытып, соған байланысты туындайтын проблемаларды шешудiң әдiс-
тәсiлдерi мен стратегиясын қарастыруды кешiктiрмей қолға алады. Әйтсе де
стратегияны өзгерту жөнiнде шешiм қабылдау барысында өз тұтынүшылары
санасына сiңiп қалған бөлшек сауданың қоғамдық бейнесiн бiржола ұмыттыру
оңайға түспейдi...

Бөлшек сауда жүйесiнде көптеген шағын, орташа және iрi сауда орындары
болуы мүмкiн. Тұтынүшылар, әсiресе, кiшiгiрiм дүкендердiң қызметін
бағалауға келгенде айрықша белсендiлiк көрсетедi. Өйткенi мұндай сауда
орындары қашанда сиректеу кездесiп, жаңа үлгiлерге жылдам көшуге бейiм
келедi, ең бастысы - тауар алүшылардың оларға деген сенiмдiлiгi айкын көзге
түседi.

Қазiргi танда тұтынүшының өзiне - өзi қызмет көрсетуiне бейiмделген
дүкендер саны көбейiп келедi. Өйткенi мұндай дүкендердегi тауар түрлерiнiң
бағасы бiршама төмен әрi тұтынүшының таңдаған бұйымын өз бетiмен
iздестiруге мүмкiндiгi бар.

Бөлшек сауданың жұтшылық арасында кеңiнен тараған тұтынүшы тауарды
еркiн, өз бетiмен таңдап барып, тек қажет жағдайда ғана оны сатып алу
жөнiнде сатүшымен ақылдасады. Мұндай дүкендердiң сатүшылары бiршама көп
болғандықтан, өзiне-өзi қызмет ететiн дүкендерге қарағанда қосымша
шығындары жоғарылау болады. Бiрақ басқа сауда орындары мен салыстырғанда,
шығынның төмендiгiнен олардың ұсынатын тауарларын неғұрлым тартымды етуге,
тұтынүшыларымен көбiрек қарым-қатынас жасауына мүмкiндiгi мол.

Сауда орындарының болшек саудага катысты түрлерiне: санаулы және
көптеген тауарлардың түр-түрiн сатуға мамандандырылған әмбебап дүкендер,
төмендетiлген бағамен тауар сататын дүкендер, көшпелi сауда, сауда
автоматтары, тұтыну кооперативтерi, почта және телефон байланыстары арқылы
тауар сату т.б. жатады.

Тауар сатуда қолданылатын әдiс-тәсiлдер - тауар түрлерiне, осы
тасымалдау мен жергiлiктi ерекшелiктерге, тұтынүшылардың жеке сұраныс
құрамы мен көлемiне, т.б. жағдайларға, сонымен бiрге, тауар жеткiзу немесе
сатудың қай тәсiлiн немесе нұсқасын пайдалану тиiмдi екенiне көз
жеткiзгеннен кейiн жүзеге асырылады. Бiр жерде бiр түрлi тауарлар тобының
өзiн әр түрлi әдiспен сатуға болады. Бұған қоса тауар сату тәсiлдерi немесе
оған қатысты шаралар жергiлiктi потенциалдық тұтынүшылардың ойынан шығуы
тиiс. Мамандандырылған дүкендердiң өз тауарларын түр-түрiне қарай белгiлi
бiр кәсiпкер сатып алүшылардың немесе тұтынүшылардың қажеттiлiгiне сәйкәс
бiрден көзге түсерлiк етiп орналастырғаны әлдеқайда ұтымды келедi. Мұндай
дүкендер тауар түрлерiне қарай да iшiнара бөлiнуi мүмкiн.

Бөлшек сауда жүргiзетiн дүкен — қоймалар үлкен көлемде әрi төмен
бағамен тауар сатуға арналған, әйтсе де қолайлылық жағынан айтарлықтай
артықшылықтары жоқ. Олардың қатарына сауда кешендерi мен төмен бағалы азық-
түлiк дүкендерiн және етпеген тауар түрлерiн өз қоймаларынан тiкелей
сататын жиһаз (мебель) дүкендерiн жатқызуға болады.

Бөлшек сауда тауар қатынасы саласында кеңiнен таралған жүйеге жатады.
Мұндағы басты бағыт тауарды қалайда мол сату, тұтынүшыларға жақсы қызмет
көрсету және сол арқылы жаңа немесе қосымша сұраныстарды iздестiру болып
табылады.

Тауар өндiруден бастап тауардың тұтыну процесiне енгенге дейiн жүрiп
өтетiн жолды - қызмет көрсету деп атаймыз.

Қызмет көрсету - материалдық өндiрiске жатпайтын, бiрақ адам еңбегi
пайдалану процесi, жаңа материалдық, бұрыннан бар және мен қарым- қабiлетiн
тауар кейпiнде онда көзбен көрiп, қолмен ұстайтын құн болмауы мүмкiн.
Қызмет көрсету пайдаланып келе жатқан материалдық, заттық игiлiктер мен
байлықтарды неғұрлым орынды, ұсынақты пайдалана бiлуге көмегiн тигiзедi.
Негiзiнен ол адамның рухани мұқтажына қызмет етуге бейiмделедi.

Қызмет көрсету - оны орындаүшысымен бiрлесе атқаруды талап ететiн
еңбек процесi.

Қызмет көрсетүшi қажеттi аспаптар немесе басқа да құрал-саймандардың
жәрдемiмен бiрнеше жұмыс түрлерiн атқара отырып, көптеген клиенттердi
қамтуы мүмкiн. Бұл салада елеулi табысқа қол жеткiзуi үшiн қызмет
көрсетүшiнiң өз кәсiбiне қатысты жаңалық үнемi хабардар болумен бiрге,
клиенттердi қызықтыратын проблемалар бойынша олардың үлкен топтарымен
консультация өткiзiп, пiкiр алмасып отыруының маңызы зор.

Алдыңғы қатарлы елдердiң көпшiлiгi көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң
сапасына сейкес ақы төлеудi басшылықа алады.

Қызмет көрсету саласында тауарды өндiрүшi мен сатүшы бiрыңғай
билiкте болғандықтан тауардың-еңбектiң сапасы, көлемi, бағасы және оны
дайындауды ұйымдастыру шаралары, орнымен сата бiлу проблемалары бiр
қолдан шығып, жұмыстың нәтижесiнде мудде бiрлiгi байқалады.

Бұл саладағы еңбек тауар кейпiнде көрiнгенiмен, оның ақысы (бағасы)
қолдану нәтижесiне қарай төленетiнiне байланысты фирманың жалпы шаруашылық
нәтижесiне сәйкес еңбек бағасының өсуi (төмендеуi) мүмкiн. Мудде
ортақтығының ыңғайлығы жалпы — әрбiр қызметкердi өз еңбегiнiң табысты
болуына ынталандыруға жол ашуы.

Көрсетiлген қызметке төлемақы да соған сәйкес анықталады. Жеке кiсi
қызмет ақысын өзi төлесе, iскерлiк мұқтажға көрсетiлген қызмет түрлерi
тиiстi мекемелермен келiсiм-шарт жасау арқылы жүзеге асырылатындықтан,

ақысы бiр орталықтан төленуге тиiс.

Кез-келген кәсiпорын өзiнiң өндiрiстiк қызметiн дамыту барысында
шикiзат пен материалдар, отын энергия, еңбекақы, әлеуметтiк және
зейнетақылық сақтандыру сияқты шығындар, сонымен қатар амортизация және
басқа да шығындары жұмсалады. Бұл шығындар кәсiпорынның айналым процесiнде
келешекте пайда ретiнде көрiнедi.

Кәсiпорынның өндiрiстiк — шаруашылық қызметiнде өзiндiк құн маңызды
роль атқарады. Бұл көрсеткiштi анықтау келесi мақсаттар үшiн қажет.

• Берiлген көрсеткiш бойынша жоспардың орындалуын және оның динамикасын
бағалау;

• Өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен тауардың әр түрiн анықтау;

• Iшкi өндiрiстiк есеп айырысуларды жүзеге асыру;

• Өнiмнiң өзiндiк құқнын төмендететiн резервтердi анықтау;

• Өнiмнiң көтерме бағаларын анықтау;

• Жаңа технология мен техникалык, енуiне байланысты экономикалық
тиiмдiлiктi анықтау;

• Өндiрiске жаңа өнiм түрлерiн енгiзу үшiн қажет;

Өнiмнiң өзiндiк құнын басқарудағы негiзгi элементтер жүйесi болып:

• болжау мен жоспарлау;

• шығындарды нормалау;

• калькуляциялау және есептеу;

• өзiндiк құнды анықтау мен талдау болып табылады. Бұлардың барлығы бiр-
бiрiмен байланысты.

Басқару мақсаттары үшiн шығындар оның баптары бойынша көрсетiледi. Шығын
баптарының тiзiмiн кәсiпорын өзiнiң есебi бойынша бекiтедi. Мысал ретiнде
мынадай баптарының типтiк номенклатурасын көрсетуге болады:

1) Шикiзат пен материалдар;

2) Қайтарымды қалдықтар;

3) Сатып алынған жартылай фабрикаттар;

4) Өндiрiстiк сипаттағы шеттегi ұйымдардың қызметтері ;

5) Отын, энергия;

6) Жұмысшылардың еңбек ақысы;

7) Жеке әлеуметтiк салық;

8) Өндiрiстi дайындауға кеткен шығындар;

9) Жалпы өндiрiстiк шығындар;

10)Жалпы шаруашылық шығындар;

11) Аққау ;

12)Басқа да шығындар;

13) Коммерциялық шығындар;

Алғашқы 11 бап өндiрiстiк өзiндiк құнды құрайды. Ал барлық 12 баптың
сомасы өнiмдi сатудың толық өзiндiк құнын құрайды .

Кәсiпорындар өз өнiмдерiн ашқан кезде, сатуға байланысты көптеген
шығындар жұмсайды. Олардың түрлерi: кәсiпорын қоймаларындағы ыдыстарына
және өнiмге байланысты, өнiм ыдысқа салынбай және буып-түйiлмей босатылуы
да мүмкiн, немесе қомаға кiрiстелген өнiмнiң өзiндiк құнының құрамында ыдыс
құнынының енгiзiлуi де мүмкiн. Егер өнiмдi ыдысқа салу өнiмдi қоймаға
тапсыруға дейiн өндiрiс технологиясына сейкес жүзеге асырылса, ыдыстардың
құныны өнiмнiң өндiрiстiк өзiндiк құнынына енгiзедi; өнiмдi жөнелтiлген
станцияға тасымалдау, оны көлiк құралдарына арту бойынша шығындар;
комиссиялық алымдар мен жасасқан шарттар бойынша өткiзүшi ұйымдарға өнiмдi
өткiзгенi үшiн төленетiн шығындар; өнiмдi өткiзетiн жерлерде сақтауға
арналған коймалардың күтiп ұсталынуы; сатүшылардың және басқа
қызметкерлердің еңбекақысы мен аударымдары; өнiмдi сақтау және тасымалдау
кезiнде болатын табиғи кемулерi; жарнама және өнiмдi сату үшiн жасалған
зерттеумен байланысты шығындары; өткiзүшiге және басқа делдалдық ұйымдарға
төленетiн комиссиялық алымдар (аударымдар); өнiмдi сатуға байланысты
басқада шығындары (өнiм сапасын анқтауға жұмсалатын шығындар т.б.) жатады.

Өнiмдi сату бойынша шығындардың бухгалтерлiк есебiн реттеудiң негiзгi
нормативтiк құжаттары болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Бухгалтерлiк есеп әдiстемесi; Қазақ Республикасының бухгалтерлiк есеп
туралы заңы және т.б. құжаттар.

2. Зерттелетiн кәсiпорынның сипаты мен құрылымы және өткiзумен байланысты
шығындарының құрамы

Дипломдық жұмыстағы зерттеудiң объектiсi Восход ашық акционерлiк
қоғамы деп жоғарыда атап көрсеткен болатынбыз.

Бұл қоғам алғашқыда 1949 жылы Красный ткач артелi деп аталған.
Артель текстильдiк және трикотаждық өндiрiспен айналысқан.

1955 жылы Красный ткач және Чимшвей артельдерi қосылып, жалпы
Чимшвей деген атауға ие болды.

1956 жылы артельдiң құрамынан текстильдiк және трикотаждық өндiрiс,
өзiндiк өндiрiске енгiзiлiп, жеке киiм тiгу жергiлiктi өндiрiске жiберiлдi.
Осыдан тiгу өнiмдерi дамып, Шымкент тiгiн фабрикасы құрылды.

1964 жылы Шымкент тiгiн фабрикасына Қызыл Орда және Жамбыл швеялық
фабрикалары қосылды. Фабрика Шымкенттiк Восход бiрлестiгi деп аталды.

1965 жылдары фабрика ерлерге, мектепке дейiнгi балаларға арналған
костюмдер шығарды.

1969 жылы бiрлестiктiң ққұрамынан Қызыл Орда және Жамбыл фабрикалары
бөлiнiп, атауы Восход тiгiн фабрикасы деп қалды.

1971 жылы эксплуотацияға бес қабатты өндiрiстiк корпусы берiлдi. Осы
мерзiмде цехтардың жаңаруы тоқтаусыз жұмыс iстедi, барлық құралдар
жаңартылды.

Фабрика құрылғаннан бастап жиырма жылдан кейiн, яғни 1975 жылы фабрика
әр түрлi костюмдердi шығаратын iрi кәсiпорындардың бiрiне айналды. Осы
жылдары фабрика жоғары сапалы Новинка деген белгiмен ерлер костюмiн
шығарды.

Тiгiн өнiмдерiнiң жоғары сапалылығымен фабрика халықаралық және
мемлекеттiк сыйлықтар иегерi болды.

1997 жылы ұйым жоғары дәрежелi өндiрiсiмен және сапалылығымен
ерекшеленiп, Алтын бүркiт және Алтын клише, 2003 жылы Францияда
құрылған ұлттық өндiрiс Ассоцияциясы Алтын белгi медальдарымен
наградталды.

Қызыл ткач артелiнiң өкiлi және фабриканың алғашкы директоры
Нехорошев Михаил Васильевич болған.

1963 жылдан 1975 жылға дейiн кәсiпорынды Сахно Николай Михаилович
басқарды.

1975 жылдан 1987 жылға дейiн фабрика директоры Дубец Софья
Михаилқызы;

1987 жыл мен 1996 жылдар аралығында Восход ААҚ-ның директоры, содан
соң фирма президентi Вайгарина Глужиган Абдулажанқызы болды.

1996 жылдың тамыз айынан бастап фирма президентi Кожаков А.К.

Қазiргi кезде Восход ААҚ АФ-ның 2 бөлiмi бар:

1. Восход және К жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк.

2. Восход және Юг жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк.

Восход ААҚ АФ бұл серiктестiктердiң 10%-к құрылтайшысы
болып табылады.

Қазiргi кезде акционерлiк қоғамның айналым активi 260 млн. 736 мың
теңге, ал айналым ақшасы 25 млн. тенге. Қоғамның жеке өзiнде қазіргі кезде
жұмысшыларының жалпы саны 433. Орташа айлық жалақы 8000 тенге.

Восход бухгалтериясы автоматтандырылған Ташкенттiк Вис
бағдарламалық жүйесiмен жұмыс iстейдi. Бұның өзi бухгалтерия
қызметкерлерінің жұмыстарын бiршама оңайлатады.

Фирма тауар өнiмiн келiсiм-шарттар бойынша өндiредi. Келiсiм-шартта
тауар көлемi, тапсырыс берүшi кәсiпорынның атауы, есеп айырысу счеты, тауар
бағасы, спецификасы, яғни шығарылатын тауар түрлерi, мерзiмi жалпы осы
сияқты реквизиттерi көрсетiледi.

Тапсырыс берүшi кәсiпорын, тапсырыс құжатын өткiзбей, өндiрүшi
кәсiпорын өнiм өндiрудi бастамайды және алдын-ала тапсырылған өнiмге,
тапсырыс берүшi кәсiпорын төлем жүргiзуi тиiс.

Ал тауарды жөнелту кезiнде өндiрүшi кәсiпорын, тапсырыс берүшi
кәсiпорынның қоймасына жiбередi.

Восход ААҚ АФ-ның есеп саясаты 2 үлкен бөлiмнен тұрады:

1. үй — техникалық 2. әдiстемелiк.

Саясаттың алғашқы бөлiмi 5 бөлiмшеден тұрады:

1. жалпы жағдай

2. есеп жұмысын ұйымдастыру

3. бухгалтерлiк есеп фирмасымен ақпаратты өндеу технологиясы

4. бастапқы құжаттар мен құжат айналымын ұйымдастыру

5. мүлiктiкке түгендеу жүргiзу тәртiбi мен мiндеттеме

Ал әдiстемелiк бөлiмiнде Восход ААҚ АФ-сы есеп саясатының негiзгi
сұрақтары қарастырылады. Атап айтқанда :

- Негiзгi құралдар есебi, оның келiп түсуiнiң тәртiбi, комиссия құрамы
оларға қатысты құжаттарды толтыру, әр түрлi операциялар бойынша келiп
түскен негiзгi құралдарды бағалау амортизациясы есептеу тәртiптерi;

- Тауарлы материалдық қорлар есебi оларды бағалау әдiсi, жою
тәртiптерi;

- Ақша қаражатының есебi, оның iшiнде кассалық операцияларды жүргiзу;

- Еңбек пен еңбек ақы есебi, түрлерi мен әдiстерi;

- Инвестициялар есебi;

- Өзiндiк капитал есебi;

- Заңды тұлғалардың есебi;

- Кiрiстер мен шығыстар есебi;

- Есеп беру түрлерi мен нәтижелерi қарастырылады.

Восход ААҚ АФ-да негiзгi құралдарға амортизаңияны есептеу
бiрқалыпты (түзу сызықты әдiс арқылы жүргiзiледi. Бұл әдiс бастапқы құн
мен жою құндарының айырмашылығы арқылы анықталады.

Ал тауарлы — материалдық қорлар бойынша, өзiндiк құнды бағалау арнайы
ұқсастыру әдiсi арқылы есептеледi. Фабриканың есеп саясаты бойынша
жұмысшылардың жұмыс уақытын есептеу арнайы тiркеу табельдерiнде, өндiру
есебi әр түрлi бастапқы құжаттарды (өндiру рапорты, өндiру есебiнiң
ведомостi, маршруттық парақтар, нарядтар) қолдану арқылы жүргiзiледi.

Еңбек басшыларының, мамандарының және қызметкерлерiнiң жалақысы
кәсiпорын басшылығы бекiткен окладтар бойынша, олардың қызметi мен
квалификациясына сейкес төленедi.

Табыс салығының есебi акционерлiк қоғамда мiндеттемелер әдiсi арқылы
жүзеге асырылады.

Кәсiпорынның жиынтык табысы өнiмдi өткiзуден түскен табыстан, қызмет
көрсетуден түскен табыстан, дивиденттерден құралады.

Ал шығыстар, оның iшiнде сатумен байланысты шығындарының құрамы:

а) шикiзат материалдар, сатыпп алынған жартылай фабрикаттар;

ә) сату процесiн дамытуға арналған тауарлар;

б) отын мен жылу энергиясы;

в) электроэнергиясы;

г) транспорттық шығындар;

д) байланыс бойынша шығындар;

е) аудиторлық (кеңестiк) қызметтер бойынша шығындар;

ж) маркетинг (зерттеу) бойынша шығындар;

з) жалдық төлем шығындар;

и) нормалар шегiндегi өкiметтiк шығындар;

к) алдағы кезең шығындары;

л)жөндеу шығындарының құрамындағы тауарлы-материалдың

құны

м) кәсiпкерлiк қызмет мақсатында қолданылған тауарлы-материалдық
құндылықтардың құны;

Шығындарды дұрыс есептеу, пайданы дұрыс қалыптастырудың маңызды көзi.
Сондықтан да өндiрiстегi жалпы шығындардың есебi мен талдауына көбiрек
көңіл бөлу керек.

Шаруашылық субъектiнiң есеп беру мына маңызды көрсеткiштерден тұрады;

- бухгалтерлiк баланс;

- қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижелерi;

- ақша – қаражаттарының қозғалысы ;

- түсiнiктемелiк жазба;

Кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы активтер өзiндiк капитал
мiндеттемелер туралы акпарат бередi.

Қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижесi туралы есеп, субъектiнiң есептi
жылдағы жалпы қаржылық нәтижесiн сипаттайды.

Ақша қаражаттарының қоғалысы туралы есеп беру субъектiнiң қаржылық
жағдайының өзгерiсiн бағалауға көмектесiп, ақша-қаражатарының кiрiсi мен
шығысы туралы пайдаланүшыны акпаратпен қамтамасыз етiп отырады.

Жалпы кәсiпорынның жылдық есеп беруi жоғарғы аталған бағыттар бойынша
құрылады.

Восход ААҚ АФ —ның жалпы ұйымдыұ құрылымына келетiн болса
кәсiпорынның президентi және бас директоры кәсiпорынға мамандандырылған,
жоғарғы бiлiмдi тәжiрибелi кадрларды қабылдау туралы шешiм қабылдайды.

Бухгалтерлiк бөлiмi бас бухгалтердiң бақылауында болады. Ол бухгалтер
қаржы — шаруашылық жүйесiнде бухгалтерлiк есептiң жүргiзiлуiн ұйымдастыра
отырып, материалдық жетiспеүшiлiгi, артықшылығы бойынша экономикалық талдау
жасауға қатысады.

Бас директормен бiрiге отырып, өндiрiстi өндiрiс басшысы бақылап
отырады. Өндiрiс басшысы өндiрiстiң жедел жүргiзiлуiн келiсiмге сәйкес
өнiмнiң дер кезiнде дайын болуын, өндiрiстi техникалық құжаттарымен
қамтамасыз етiлуiн, өнiмнiң жаңа түрлерiн дайындауын ұйымдастырып
қадағалайды. Өндiрiс басшысына цехтiң мастерi, бас конструктор, бас
маркетолог технолог бағынады.

Цех мастерi — кәсiпорынның тiкелей өндiрiс пен немесе цехпен
байланысты жақтарын қадағалайды және жұмысшыларының жоспар бойынша
тапсырмаларының орындалуын, жоғары сапалы өнiм өндiруiн және технологпен
бiрге отырып, жаңа өнiмдердiң шығарылуын ұйымдастырады.

Өндiрiстегi шаруашылық операцияларды, өнiмдi дайындау процесiнiң және
технологиялық операцялардағы бақылауды ұйымдастырумен, техникалық
құжаттардың өзгеруiн жөндеумен, операциялар бойынша материалдық
нормативтердi, жобаланған технологиялық процестердегi экономикалық
тиiмдiлiктi есептеумен технолог айналысады.

Өндiрiс тиiмдiлiгi бойынша, еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылауы бойынша,
тауар бойынша есеп айырысуда бас экономист жүргiзедi.

Кәсiпорынның тауармен қамтамассыз етiлуiн, тауарларды тұтынүшыларға
жөнелтудi оның көлемi мен жөнелту немесе қабылдау сату мерзiмi
маркетологпен жүзеге асырылады. Сонымен қатар тауарды сатумен Восход және
К дүкендерi де айналысады.

Қазiргi жағдайда Восход фабрикасының тiгiншiлерi электрондық
станоктармен жұмыс iстеуде. Әлемдiк нарықта бесiншi дәрежелi станоктар
шығарылып жатыр. Осыған орай Восход ААҚ АФ-сы келешекте төртiншi дәрежелi
германдық станокпен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Мұндағы:

ЕҚ -еңбектi қорғау бөлiмi; МЖЦ-механикалық жөндеу цехы;

ТҚ- техникалық қауіпсіздік; МҚЦ – механикалық құрылыс цехы;

АҚ-азаматтық қорғаныс; БЭБ-бас энергетика бөлiмi;

2-БӨЛIМ. ӨНIМД1 ӨТКІЗУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛIК
ЕСЕБIНIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI МЕН ӘДТСТЕМЕЛІК НЕГIЗДЕРI

Сату шығындарының бухгалтерлiк есебiн ұйымдастыру

Тауарларды, жұмыстарды және қзметтердi сатуға байланысты жұмсалған
шығындарды есепке алуға 811 Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату
бойынша жұмсалған шығыстары шоты арналған.

Сатылатын өнімнің шығындары сатып алүшының есебiнен өтелетiн болса,
онда бұндай шығындар 811 шотта көрсетiлмейдi, тек қана қосалқы және қызмет
көрсететiн өндiрiстер мен шаруашылық қызметтерi ретiнде есепке алынады.

Өнiмнiң өзiндiк құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша
жұмсалған шығындарды тек сатылған өнiмнiн толық өзiндiк құнын және өнiмдi,
жұмыстарды және қызметтердi сатуға байланысты нәтижелерiн (табысты немесе
зиянды) есептеп шығарған кезде ғана оған жедел түрде назар аударылады.

Өнiмдi сатуға жұмсалған шығындардың баптары бойынша талдау есебi
өнiмдi сатуға жұмсалған шығындар есебiнiң тiзiмдемесiнде, яғни кәсiпорын
бекiткен баптарының номенклатурасы бойынша жүргiзiледi.

Төменде 811 Тауарлар ( жұмыстар, қызметтер) сату бойынша жұмсалған
шығыстары жасалған шоттардың корреспонденциясы келтiрiлген

Шаруашылық операцияларының мазмұны Шоттар
корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4
1 Тауарды сатумен байланысты еңбеккерлерге, 811 681
сондай-ак тауарды сату, түсiру процесiне қызмет
көрсеткендерге есептелеген жалақы
2 Жинақ зейнеткерлiк қорға, мiндеттi зейнеткерлiк 681 653
жарнасы жалақыдан ұсталды
3 Жалақы сомасынан тиiсті қорларға аударымдар 811 634
жасалды (әлеуметтi
к
салық
субшоты)
4 Өнiмдi буып-тую, орау үшiн ыдыс материалдары 811 204,206
жұмсалды.
5 Жабдықтаүшылардан жарнама, қойманы күзету, 811 671
комиссиондық және басқа да шығыстар үшiн 331 671
жасалған шот-фактурасы қабылданды:
-жабдықтаүшылардың көрсеткен қызметі үшiн
-ҚҚС сомасына (16%)
6 Қойманы жалға бергенi үшiн, жалға сомасы 811 687
есептелiнедi: 331 687
-жалға төлемi үшiн
-ҚҚС сомасына
7 Сату процесiнде қолданған негiзгi құралдар мен 811 111-116
материалдық емес активтер бойынша есептелген 131-134
амортизациясы
8 Құжатгармен дәлелденген,тауарды сатумен 811 333,451
байланысты басқа да шығыстары өтелдi 811 Шотының
дебетi бойынша айналымньп жиыны
9 Есептiк кезеңнiң соңында (жыл соңында) есепке 571 811
алынған шығыстар жиынтык табыс (зиян) шотына
есегiтен шыгарылды

Жоғарыда келтiрiлген жазбалардың нәтижесi бойынша 811 шоты жабылады.
811 шотында жарнама шығыстары, материалдар болуы мүмкiн ( қалам, қаламсап,
сия, бояу, қағаздар т.б.) яғни, материалдануы және материалданбауы мүмкiн
(радио, телевизор арқылы немесе баспа-газет, журнал арқылы). Жарнамаға
берiлген материалдар 2МЕК аспаса, онда оларға ҚҚС салынбайды.

Тауарды бағалау есептiк бағаны таңңау болып табылады, яғни бағаның
көмегiмен тауып кiрiстеледi және есептен шығарылады. Бұл ретте сату бағасы
да, сатып алу бағасы да пайдалануы мүмкiн. Есептiк бағаны таңңау шаруалық
жүргiзүшi субъектiнiң есептiк саясатында тiркеледi, ол шаруашылық жүргiзүшi
субъектiнiң бiрыңғай тауарларына қатысты үйлестiру керек.

Сатып алынған құны өзiне: сатып алу құнын, баж салынған комиссиондық
марапаттауын: жабдықтаүшыларға, делдал ұйымдарға төлейтiндiгiн төлемдерiн:
транспорттық дайындау және басқа да шығыстарын, яғни алынған запастармен
тiкелей байланысты шығыстарын енгiзедi. Сауда жеңiлдiктерiн, артық төленген
сомаларын және басқа да осы тәрiздес түзетулерiн, әкелiнген шығындарды
анықтау кезiнде шегерiледi. Көтерме сауда кәсiпорындарында тауардың сатып
алынған құны , әдетте есептiк баға ретiнде бола алады.

Сату бағасы - бұл тауардың сол бойынша ең соңғы тұтынүшыға сатылатын
бағасы. Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кiредi:

- сатып алынған құны - бұл құжаттармен қуатталған (шоты, тауарлы-
транспорттық накладнойы, кедендiк декларациясы) тауардың жабдық сатып
алынған құны ;

- акциз - бұл тек кейбiр тауар түрлерiне белгiленедi: алкоголь
өнiмдерiне және темекi бұйымдарына, жеңiл автомобильдерге, зергерлiк
бұйымдарға және т.б.; Акциздiң мөлшерлемесiн өкiмет белгiлейдi, проценттiк
деңгейде тауардың құнына бөлiп немесе натуралды түрде оның физикалық
көлемiне бөлiп анықтайды , ал алкогольдiк өнiмдер бойынша акциздiң
мөлшерлемесi оның құрамындағы спиртке тәуелдi етiп белгiленуi мүмкiн;

- қосылған құн салығыы - келесi мөлшерлеме бойынша әр түрлi тауар
түрлерiне белгiленедi: нолдiк пайызы бойынша - экспортталған тауарлар, 16%-
барлық тауар түрлерi бойынша (ҚҚС - босатылғандардан басқасы);

- сауда үстемесi - бұл бөлшек сауда кәсiпорындарына шығысын жабу үшiн
және сату операциясының табыс алуға үстеме.

Дегенмен де, көптеген бөлшек сауда магазиндерi тауарды сауда үстемесi
бойынша емес, сату (бөлшек) бағасы бойынша ескередi. Бұл жауапты тұлғаның
жауапкершiлiгiнен туындайды, егер де тауар жетiспей қалған жағдайда, сол
тауарды өтеуге тура келедi.

Келiп түскен тауарды есепке алу айтарлқтай қиындық туғызбайды. Өйткенi
келiскен тауардың әрбiр партиясы тиесiлi құжаттармен рәсiмделедi.
(шоттармен, тауарлы-транспортты накладноймен т.б. құжаттармен). Қоймадағы
тауардың шығысы да үлкен мәселе туғызбайды, өйткенi әрбiр босатылған тауар
үшiн тиесiлi құжаттар жазылады. Қиындық тек бөлшек сауда магазиндерiнде
сату барысында пайда болады. Бұның басты себебi: сатып алынған тауардың
соммасы тек бақылау-кассалық машинасынан алынған чек берiледi, бiрақ бiр
күнде қанша тауар сатып алынған бағасы бойынша сатылғаны туралы мәлiмет
көрiнбей қалады.

Көптеген бөлшек сауда кәсiпорындарында тауар есебiн ұйымдастырудың
күрделi жағдайынан алшақ болуы үшін тауардың сату бағасы бойынша сомасын
пайдаланады. Өйткенi сатылған тауарды есептiк бағасы бойынша сомасын жеңiл
анықтауға мүмкiндiк бередi, ол үшiн бүкiл сомадан чек бойынша жиынтык
сомасын алып тастаса, айырмасы саудадан түскен түсiм болып саналады. Осы
жағдайда, тауардың да қалдығын кез-келген кезеңде анықтау мүмкiндiгi туады.
Бұл тәсiл тек қана көтерiлген саудаға тән деп ойлауға болмайды, оны бөлшек
саудамен айналысатын кәсiпорындарда штрих кодтарының көмегiмен жүзеге
асыруға болады. Штрихтiк кодтар әдетте, он үш саннан тұрады, оның алғашқы
екеуi өнiмдi- дайындаүшы (немесе өнiмдi сатүшы) мемлекетiн көрсетедi;
Келесi бесеуi өнiмдi әзiрлеушi-кәсiпорынды, одан кейiнгi бесеуi тауарға
сипаттама бередi (атауы, мөлшерi т.б.) және ең соңғы бiреуi бақылаүшы болып
саналады.

Магазинге тауар келiп түскен кезден оның атауы айрықша белгiсi, саны
және сатып алынған бағасы туралы атқпарат көшiрме қондырғысының арқасыда
компьютердiң жадында сақталынады. Одан әрi қарай тауарды сату кезiнде
компьютер қандай тауардың қандай санда ( мөлшерде) сатылғаны туралы
мәлiметтi тiркейдi, осының негiзiнде, сатылған тауардың сатып алынған құнын
анықтайды. Тауардың есептен шығарылғаны туралы ақпараттар, егер олар ресми
құжатталмаса немесе компьютерге тiркелмесе, онда ол түралы мәлiметтердi
түгелдеудiң көмегiмен алынады.

Бөлшек кәсiпорындарында бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың
ерекшелiктерi. Бөлшек саудадағы тауарлардың 222-шi Алынған тауарлар
шотында жүргiзiледi, оған мынадай субшоттар ашылады: 2221 субшоты -
Бөлшек сауда кәсiпорындарының қоймаларындағы тауарлар, онда бөлшек сауда
кәсiпорындары қоймаларындағы сақталып тұрған тауарлар есепке алынады. Есеп
дайын өнiм және материалдар есебi сияқты санына және құнына қарай, сатып
алу бағалары бойынша жүргiзiледi.

2222 субшоты - Бөлшек саудада сату үшiн, алынған, сатып алынған
тауарлар онда материалдық жауапты адамдардың (аға сатүшылардың, бөлiм
меңгерүшiлерiнiң ) жауапкершiлiктерiнде тұрған тауарларды есепке алады.
Есепке алу, сату бағалары бойынша жүргiзiледi. Есепке алу сол тауардың құны
бойынша жүргiзiледi.

222З субшоты — Тауардың үстеме бағасы. Бұл субшотта сату үшiн
берiлген тауарлардың барлық түрi (тауар топтары бойынша сараланып)
белгiленген мөлшердегi үстеме бағасы бойынша есепке алынады. Соның
нәтижесiнде сатуға берiлген тауарлардың бағасы үстеме бағасынан асып
түседi. Тауарлар сатылғаннан кейiн тауардың үстеме баға қызылмен жазылып ,
олардың құнын кемiтедi; үстеме баға кәсiпорынның тауарларды сатқаннан
тапқан табысы болып табылады. Сатылған тауардың үстеме бағасын белгiленген
үлгi бойынша есептен шығарады.

2224 субшоты — Тауар бағасына қосылған құн салығы. Бұл субшотта
сатуға берiлген тауар бағасына енгiзiлген ҚҚС сомасын көрсетедi. Тауар
бағасына үстеме бағасы мен ҚҚС қосылады да, сөйтiп ол тауардың сатылу құнын
құрайды (қалыптастырады). Осы бағалар бойынша тауарлар тұтынүшыларға және
басқада сатып алүшыларға сатылады.

Тауарлар сатылғаннан кейiн тауар бағасы ҚҚС сомасынан тазартылады,
яғни табыс сомасы шығарылады, ол үшiн ҚҚС сомасын қызылмен жазады. ҚҚС
жалпы табыстан есептелiнедi де, тауарлар түскен және кiрiстелген кезде
шегерiмге койылған (331 -шоттың дебетi) сомаларды алып тастағаннан кейiн
қалғаны бюджетке аударылады.

Сөйтiп, 2223 және 2224 субшотары тек тауардың сатылу құнын
қалыптастыруға арналған, яғни көмекшi қызмет атқарады және олардың дербес
арналымы жоқ. Бiрақ көмекшi қызметсiз бөлшек сауда кәсiпорындары сатылған
тауардың түсiмiне бақылау жасаудан айырылады, сондықтан да сатүшы да, сатып
алүшы да тауардың сатылатынын бағасын бiлуге мүдделi.

Сонымен қоса, көмекшi субшоттар жүйесiн қолдану синтетикалык есептiң
дұрыс жүргiзiлуiне өз септiгiн тигiзедi, яғни халыкқа сатылған тауардың
мөлшерiн арналымын, үстемiнiң есептеу тәртiбiн, нарық бағасын анықтауға
көмектеседi.

Қазақстан Республикасында әрекет етiп тұрған заңмен сәйкәс,
бухгалтерлiк есепте де, салық есебiнде де есептеу әдiсі пайдаланады, соған
сәйкәс тауар сатып алүшыға босатылысымен, оның төлем мерзiмiне қарамастан
тауардың сатылған кезеңi болып саналады. Ал бөлшек сауда кәсiпорындарында
тауардың сатылған кезеңi болып, қолма-қол ақша түскен кезең саналады,
өйткенi онсыз тауар босатылмайды.

Сонымен бухгалтерлiк есепте тауардың сатылған кезеңi, магазиннiң бас
кассасына ақша келiп түскен кезеңiнен бастап 451 шоттың дебетiнде, 702 және
633 шоттардың кредитiнде көрiнiс табады.

Тауарды есептен шығару сатүшының есеп беруiнiң негiзiнде жасалады,
онда тауардың сатылған құнының бiрыңғай қағидасына сай етiп көрсетiледi.

Көтерме саудасындағы тауарлардың операциясының есебі. Көтерме
саудасындағы кәсiпорындарының бөлшек сауда кәсiпорындарынан айырмашылығы :
онда тауардың есебi сатып алынған бағасы бойынша жүредi, сондықтан тауар
қозғалысы бойынша операциясын бухгалтерлiк есептiң шоттарында көрсету
сызбасы (схемасы) бiршама қарапайым болып келедi.

рн Шаруашылық операцияларының мазмұны Шоттар
корреспонденциясы
дебет кредит
1 Жабдық келiп түскен тауар қоймаға кiрiстеледi. 222 671
ҚҚС сомасына (16 %) 331 671
2 Тауар сатып алүшыга сатылды: 301 702
-табысы қалыптасқан (қосылған) келiсiм шарттық 301 633
құнына
3 Сатып алынған тауардың сатылған бағасын 802 222
есептен шығарылды.
4 Келiп түскен тауардың шот- фактурасы төлендi 671 441
5 Олардың сатып алған тауардың шоттарын сатып 441 301
алүшылар төледi.

Көтерме сауда кәсiпорнында тауардың аналитикалық есебi оның қоймасы
мен бухгалтериясында жүредi.

Көтерме сауданың екi түрi бар: қоймадан (қоймалық айналым) және
транзиттiк (транзиттiк айналым).

Сауда ұйымының қоймасын тауар сатылған жағдайда өзi жабдық есептеседi,
тауарды қабылдап алады, тауарды өз қоймасынан сатып алүшыға жәнелтедi және
одан өзi төлемiн өндiрiп алады.

Транзитгiк жолымен тауарды сатқан кезде тауар сауда кәсiпорынның
қоймасына түспейдi, ол тiкелей соңғы сатып алүшыға бағытталады. Транзиттiк
жолымен есеп айырысуға көтерме кәсiпорны қатысуы да мүмкін.

Көтерме сауда кәсiпорыннан, әдетте, тауарды сатып алүшыға жөнелту
жазба келiсiм-шартының негiзiнде жүзеге асырылады, онда жеткiзiп берудiң
барлық жағдайлары айтылады (саны, сапасы, тауар бағасы, тасымалдау жағдайы
т.б.).

Келiсiм - шарт бойынша берiлетiн тапсырмалардың операцияларының
есебi. Келiсiм — шарт бойынша бiр жағы (сенетiн, сенген) өз атынан операция
жасаса, ал екiншi (сенiмдi, сенiм) жағы операцияны өз атынан заңды
екендiгiн анықтайды. Мәмле бойынша сенетiн (сенген) жақтың жасаған құқығы
мен мiндеттемесi тiкелей сенiмдiлiктiң жағдайынан шығады.

Сенген жақ сенiмдi бiлдiрген жақ оған берген тапсырмасына сейкес
барлық мiндеттеменi орындауы тиiс, ол мiндеттеме нақты заңды және жүзеге
асырылатын болып келгенi жөн. Сенген жак сенiм бiлдiрген жақтың берген
тапсырмасынан ауытқыған жағдайда, мiндеттi түрде сенiм бiлдiрген жаққа
хабарлауы керек; ол егер де сенiм білдірген жақтың мүддесiне қайшы
келмесе, онда ол оның ондай әрекетiне қарсылық бiлдiрмеуi мүмкiн. Сенген
жақ басқа үшiншi жаққа сенiм артуына болады, бiрақ ол үшiн бiрiншi сенiм
берген жақ жазбаша түрiнде берiлген келiсiмi болуы керек.

Сенiм берген жақ сенген жағына оның жасаған шығынын және марапаттау
төлемiн жасайды.

Ендi бiз осымен байланысты шоттар корреспенденциясын қарастырып
көрейiк.

рн Шаруашылык операңияның мазмуны Шоттар
корреспонденциясы
дебет кредит
Сенген жақ операциялары
1 Жауапты сақтауға сенiм берiлген жақта алынған 002
тауардың сомасы (сату бағасы бойынша) Жауапты
сақтауға
алынған
тауарлар
2 Берiлген тапсырманы орындаумен байланьгсты 811 681, 634
шығыстардың жиынтыгы. 671, 333
3 Ай бойында сенiм берген жақтың атына тауарды 301 701
алып-сату келiсiм шарты жасалған (бұл арадағы 701
келтiрiлген барлық сомасы шартты сипатқа ие). 633
Сенiм берүшiге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұн өнімдерінің жартылай фабрикаттарын дайындау технологиясы
Тасымалдау шығыстары
Мұздатылған жартылай фабрикаттар
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының түрлері
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының негізгі кластары
Қорлар есебінің мәнін ашу
Материалдардың қоймадағы есебі
Қорларды жіктеу және бағалау туралы
Материалдық қорлар
Пәндер