Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРIСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста бұлтартпау шаралары: түсінігі, қолдану негіздері және қолдану тәртібі қарастырылған.

Диплом жұмысының жалпы өзектілігі. Қазіргі кездегі мемлекеттегі жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу қылмыспен күресуде нәтижелі болу керек екенін атап өткен дұрыс, себебі қылмыспен күресудің нәтижелігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады. Қазақстан Республикасында сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 75-бабында бекітілген [1] .

Бұл ереженің маңыздылығы - дұрыс қалыптасқан сот әділдігінің жүйесінсіз құқықтық, демократиялық мемлекет құруға болмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты 2009 жылдың 6 наурызындағы халыққа жолдауында «Қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек», - деп атап көрсетуі кездейсоқтық емес [2] .

Осыған орай, қазіргі бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс барысында мемлекеттің беріктігі сынаққа салынып, қылмыстылықпен күрес жүргізу үшін табанды шаралардың, терең теориялық зерттеулердің қажеттілігі айқын болып отыр.

Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларын реттеуге байланысты ғылыми зерттеулердің бағыттары ең басынан құқықтық мемлекет құру сұрақтарымен байланысты.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі бұлтартпау шарасы мәселесін құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтардың жүзеге асырылуы табылады. Бұл - біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы, соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы қылмыстық-процессуалдық институттардың заңмен реттелуі, бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан.

Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес заңдармен белгіленген құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру - сот пен құқық қорғау органдарының міндеті. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдап, оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Ата заңымызға сүйене отырып, тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай, тұлғаның жасын, отбасылық жағдайын және т. б. жағдайларды ескере отырып, бұлтартпау шарасын қолдануда Қазақстан Республикасы Конституциясының, қолданыстағы заңдарымыздың талаптарын қатаң сақтауы қажет. Бұлтартпау шарасын қолдануда осы жағдайларға дұрыс мән бермеу салдарынан тұлғаның Конституциялық тұрғыдан берілген құқықтары мен бостандықтары, заңды және жеке мүдделерінің бұзылуына әкеліп соғады.

Бұлтартпау шарасы - бұл превентивті (ескерту) амалы. Оның басты мақсаты - қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауды, сезікті мен айыпталушының жауапкершілігін қамтамасыз ету мен оның қылмыстық әрекетін қайта жалғастырмауының алдын алуға бағытталған.

Бұлтартпау шарасы - бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпталушыға, ал қажет болған жағдайда, сезіктіге қатысты қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын заңды шара. Бұлтартпау шараларын дұрыс қолданудың негізінде істің барлық мән-жайларын анықтау, заңды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу сияқты қылмыстық процестің міндеттері жүзеге асырылады.

Сот әділдігінің мақсаттарын дұрыс жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып есептелетін бұлтартпау шаралары қолданылады. Қолданылатын бұлтартпау шарасының заңдылығы заңда белгіленген негіздермен, процессуалдық тәртіппен, прокурорлық қадағалаумен және шараларды қолданудың тәртібі мен шарттарының сақталуымен қамтамасыз етіледі.

Мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде, бұлтартпау шараларын қолдану адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеумен байланысты болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да принциптер сақталуға тиісті, соның ішінде, адамның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін құрметтеу, кінәсіздік презумпциясы және тағы да басқа принциптер. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтау іс жүргізуші органның негізгі міндетінің бірі болып табылу қажет. Әсіресе тұлғаны қамауға алу, үйде қамап ұстау, әскери қызметшіні әскери командованиесінің қарауына беру шараларын қолданған кезде. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиетін құрметтеуге тырысу міндетті жағдай болып саналады. Сонымен, қылмыстық іс жүргізуді реттейтін принциптер, бұлтартпау шарасын әділ, дұрыс қолданудың кепілдігі болып табылады.

Бұлтартпау шарасы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеумен байланысты шара болғандықтан, оны қолдану сұрақтары әрқашан өзекті болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы Конституциясы адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын негізгі құндылық ретінде бекітіп отыр. Бұлтартпау шарасын реттеу нормалары жеткілікті болғаныменен, оларды жүзеге асыру механизмі әлі дұрыс қалыптаспай отыр, оған дәлел - тәжірибе. Осы шешілмеген сұрақтар әлі де болса ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді және тақырыптың өзектілігін анықтайды.

Диплом жұмысының тақырыбының зерттелу деңгейі. Бұлтартпау шараларының мәселелері қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында, көптеген ғалым-заңгерлермен зерттелген. Мысалы, бұл мәселе Н. В. Алексеевтің, А. Н. Акпановтың, Н. М. Гудкиннің, Ю. Д. Ливщицтің, Л. М. Давыдовтың, З. Д. Еникеевтің, С. Д. Оспановтың, М. Ч. Когамовтың, Е. Е. Ерешевтің, Б. Х. Толеубекованың, К. Ж. Капсалямовтың және тағы басқа ғалымдардың жұмыстарында көрініс тапқан.

Диплом жұмысының мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, ғылыми зерттеулердің негізінде қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылатын бұлтартпау шаралары жүйесін қарастыру.

Диплом жұмысының міндеттері. Қойылған мақсат негізінде келесі міндеттерді нақтылап көрсетуге болады:

  1. бұлтартпау шараларының ұғымын, құқықтық табиғатын, мәнін, мазмұнын қарастыру;
  2. бұлтартпау шараларын қолданудың негіздерін анықтау;
  3. бұлтартпау шараларының түрлеріне сипаттама беру.

Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып қылмыстық іс жүргізу барысында қолданылатын бұлтартпау шараларының мәні мен маңызы, олардың түрлері, оларды қолдану негіздері, қолдану кезіндегі құқықтық қатынастар табылады.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасын жалпы философиялық әдістер, статистикалық, логикалық, салыстырмалы -құқықтық және басқа да арнайы құқықтық әдістер құрайды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы оның өзектілігімен тығыз байланысты. Өзекті сұрақтардың заңды және дұрыс шешілуі, бұлтартпау шараларының тәжірибеде заңды және дұрыс қолданылуының кепілдігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы оның мақсаты мен алдына қойылған міндеттерге сәйкес. Жұмыс кіріспеден, үш тарауды қамтитын он үш тараушадан, қорытындыдан және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаты, зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырыптың зерттелу деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі, зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы, тәжірибелік маңызы, дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы туралы деректер берілген.

Бірінші тарау қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі мен мәніне арналған. Бұл тарау үш тараушадан тұрады.

Бірінші тараушада бұлтартпау шараларының түсінігі мен мәні зерттелген.

Екінші тараушада бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері мен шарттары зерттеліп, оларға түсініктеме берілген.

Үшінші тараушада бұлтартпау шарасын қолданудың процессуалдық тәртібі қарастырылып, бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулыны шығарудың тәртібі, оның құрылымы мен мазмұны қарастырылған. Сонымен қатар бұл тараушада бұлтартпау шарасын өзгерту мен тоқтату мәселелері зерттелген.

Екінші тарауда жеке-жеке бұлтартпау шараларының түрлері, одарды қолдану негіздері мен процессуалдық тәртібі зерттелген.

Үшінші тарауда бұлтартпау шараларын қолданудың кйбір мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылған. Соның ішінде, бірінші тараушада бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық мәселелері және оларды шешу жолдары, ал екінші тараушада бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелелері қарастырылған.

Қорытындыда жүргізілген зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары нақтыланған.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ

1. 1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні

Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып бұлтартпау шаралары табылады. Олар, басқа мәжбүрлеу шаралары сияқты, қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады (ҚР ҚІЖК-нің 18 тарауының 139-155 баптары) .

Бұлтартпау шаралары жалпы ереже бойынша айыпталушыға, сондай-ақ сотталушыға, ал сезіктіге ерекше жағдайларда қолданылады. Осыған сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бұлтартпау шарасын қолдануды негізінен қылмыстық ізге түсу органы шешетін болса, ал соттағы өндіріс кезінде бұл мәселені сот, судья шешеді. Сотқа дейінгі өндірісте қамауға алу және үйде қамап ұстау бұлтартпау шараларын қолдану құқығы соттың құзіретіне жатады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 139-бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы ҚР ҚІЖК-нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызады.

Бұлтартпау шараларының проблемалары теорияда, құқықта және қылмыстық процесс практикасында зерттеліп шешілуі тиіс. Бұлтартпау шарасын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі ретінде қарағанда мынаны ескеру қажет: бұлтартпау шаралары туралы заң нормаларының жиынтығы қылмыстық-процессуалдық құқықтың бір саласын құрайды. Ол қылмыстың алдын-алуға, оны болдырмауда ең керекті құрал болып табылады. Қылмыстық процесс теориясы бұлтартпау шарасын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі ретінде қарастырады.

Ал, З. Ф. Коврига бұлтартпау шараларына келесідей түсінінік береді: «Бұлтартпау шарасы айыпталушының немесе, ерекше жағдайларда, сезіктінің әрекет бостандығын, процессуалдық міндеткерліктерін орындау мүмкіндігін мәжбүр ету арқылы шектеу», - дейді [3. С. 23] .

М. А. Ковалевтың ойынша бұлтартпау шарасы мәжбүрлі түрде және қылмыстық процесстің кез келген сатысында анықтаушы мен тергеушінің, прокурордың, соттың қолданатын процессуалдық әрекеті [4. С. 32] .

Сөйтіп, әдебиетте бұлтартпау шарасының түсінігіне әр түрлі анықтама берілген. Біздің көзқарасымыз бойынша, ең толық анықтаманы тұжырымдап берген М. С. Строгович. Оның айтуынша: "Бұлтартпау шарасы дегеніміз - заңмен белгіленген айыпталушының (сезіктінің) бостандығын шектейтін және оның мына мақсаттарын орындауға мүмкіндік бермеу шарасы:

- анықтау мен тергеуден, соттан бой тасалаудың алдын алу;

- іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасауының алдын алу;

- қылмыс жасауын жалғастыра беруінің алдын алу" [5. С. 29] .

Аталған ғалымдардың пікірлерін ескере отыра және қолданыстағы заңнаманы негізге ала отырып, біз бұлтарпау шаралары түсінігіне келесідей анықтама береміз:

Бұлтартпау шаралары - айыпталушы, ерекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

Ал, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне келетін болсақ, айыпталушы (сотталушы) бостандықта жүрсе, тергеуден, соттан бой тасалап қалады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайды немесе қылмыс істеумен шұғылдана береді деп ойлауға жеткілікті негіз бар болса, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін, анықтаушы, тергеушінің, прокурордың, соттың айыпталушыға қатысты мынадай бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқығы бар:

- ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру;

- жеке кепілдік;

- әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру;

- кәмелетке толмағанды қарауына беру;

- кепіл;

- үйде қамап ұстау;

- қамауға алу.

Бұлтартпау шарасын қолдану азаматтардың аса қажетті бостандықтарын шектеуімен байланысты, ал нақтысы, ол жеке бостандығына құқығын, жүріп тұруына, тұрғылықты жерін ауыстыруға құқығы. Бұлтартпау шарасы заң негізіне сай дұрыс мақсатта, бұрмалаусыз, құқықтық процедураны сақтай отырып жүзеге асырылуы керек.

Айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолданғанда оны жазалау мақсаты көзделмейді. Бұл жөнінде М. А. Чельцовтың айтқаны дұрыс. Оның айтуынша, кейбір бұлтартпау шаралары жазалау шаралары сияқты азаматтың жеке құқықтық игіліктерін сырт жақтан қарағанда шектейді, мысалы, қамауға алу [6. С. 35] .

Бұлтартпау шараларының өзіндік арнайы мақсаттары бар:

біріншісі, айыпталушының соттан, тергеуден, анықтаудан жалтарып кетуіне жол бермеу;

екіншісі, айыпталушының істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруіне жол бермеу;

үшіншісі, айыпталушының (сезіктінің) алдағы уақытта қылмыстық әрекет жасауын болғызбау;

төртіншісі, үкімді орындауды қамтамасыз ету.

Бірінші мақсат дәлелдемелерді жинау мен зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізуге айыпталушының (сезіктінің) қатысуын қамтамасыз ету және сотта іс жүргізуге қатысуын қамтамасыз етумен байланысты. Сонымен қатар бұл мақсат сот үкімі бойынша тағайындалған жазаны орандаумен де байланысты.

Екінші мақсат айыпталушының жәбірленушімен, куәлермен, сарапшымен келісімге келмеуі, басқа айыпталушымен келіспеуімен де, сонымен қатар, заттай дәлелдемелер мен құжаттарды жасыруына немесе фальсификация жасауына жол бермеу үшін қажет. Бұл мақсаттың маңызы біз айыпталушыны жоғарыда аталған әрекеттері үшін жауапқа тарта алмаймыз немесе оны дәлелдеу қиынға соғады.

Үшінші мақсат қылмыстық әрекеттерді жалғастырудың алдын алуды білдіреді және айыпталушының басқа да қылмыс жасауын болғызбау болып табылады. Бұлтартпау шарасының алдыңғы екі мақсаты қылмыстың алдын алумен байланысты емес, ол тек айыпталушының керек емес теріс қылықтарының болмауын қажет етеді.

Сондықтан "бұлтартпау шарасы" деген атау бұл институттың толық мазмұнын ашпайды. Кейбір авторлардың айтуына қарағанда, атауы өзгертіліп, бұл институтты "қамтамасыз ету" шарасы деп атаған жөн [7. С. 33] .

Төртінші мақсат бұлтартпау шарасының біріншісіне ұқсас сияқты болып келеді. Бұдан айыпталушының тергеуден, соттан жалтаруына болмайтындығын ескере келе, біз үкімнің орындалуына мүмкіндік береміз. Егер бұл бұндай болған жағдайда төртінші мақсаттың қажет емес екендігін білеміз. Бірақ кейбір авторлар бұл мақсатты басқаша түсінеді. Олардың ойынша, бұл тек сотқа ғана тән, яғни айыптау үкімі шығар кезде оны апелляциялық инстанцияда өзгертусіз қалдыруды орындау үкімі шыққанға дейін. Осыдан сот өзі шығарған немесе өзгертусіз қалған үкімді орындауға мүмкіндік береді. Бірақ бүған жету үшін айыпталушының соттан жасырынуына болмайды, яғни бұл бірінші мақсатпен түйісіп тұр. Сондықтан бұл мәселе сотқа ғана тән емес, бүкіл құқық қорғау органдарына тән

А. Д. Буряков былай деп көрсеткен: “Бұлтартпау шарасын қолдану айыпталушыға (сезіктіге) моральдық жағынан әсер етеді” [8. С. 24], ал Коврига З. Ф. :“Бұлтартпау шараларын қолдану қоғамды қауіпті адамдардан сақтайды”, - деп көрсеткен [9. С. 33] .

ҚР ҚІЖК-нің 139-бабына сай айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттілігі шегінде, ол адамға осы кодексте көрсетілген бұлтартпау шараларының бірін қолданады делінген.

Бұлтартпау шаралары - қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі болғандықтан оны қолдану заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекетті айыпталушының жасамауына және оны тоқтатуға бағытталған. Өзінің мазмұнына қарай бұлтартпау шаралары айыпталушыға психологиялық немесе физикалық әсер етеді және де оның мүліктік құқықтарына, жеке мүддеріне шектеу салады.

Кейбір әдебиетте “қамтамасыз ету шарасы” деген термин “бұлтартпау шарасы” деген терминге қарағанда қолайырақ деген пікірлер айтылған. Біздің ойымызша, “бұлтартпау шарасы” термині қылмыстық -процессуалдық заңда және практика жүзінде үйреніп кеткендіктен, оны басқа терминге ауыстыруды қажет етпеді.

Сонымен, бәрін жинастырсақ, бұлтартпау шаралары - айыпталушы, ереекше жағдайларда, сезікті анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде қолданатын, қылмыстық процестің міндеттерін орындауға бағытталған қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.

Бұлтартпау шаралары - бұл мемлекеттік процессуалдық мәжбүрлеу шарасы дегенімізде, бұл жерде осы шараны қолдануға құқығы бар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өздерінің қылмыстық-процессуалдық құзыретін жүзеге асыру барысында, яғни алдын-ала тергеу мен қылмыстық істер бойынша сот өндірісі сатысында қолдануын білдіреді.

Бұлтартпау шарасын қолдануға заңмен белгіленген құзыретті тұлғаларға мыналар жатады: анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот (судья) .

Тәжірибе жүзінде бұлтартпау шараларын қолдану барысында қателіктер жиі жіберіледі, әсіресе бұл қамауға алуға байланысты болады. Айыпталушыға (сезіктіге) психологиялық жағынан қысым жасай отырып оған тиісті көрсетулерді мойындатуды мақсат етіледі. Бұлтартпау шарасы мәжбүрлеу шарасы ретінде белгілі-бір мән-жайлар, айыпталушының жеке басына, жынысына, тұрғылықты тұратын жерінің болуы т. б. ескеріле отырып таңдалуы қажет [10. С. 32] .

Тәжірибеде көбіне айыпталушының мүдделері ескерілмейді, яғни оның құқығы, бостандығы және заңды мүдделері бұлтартпау шараларын қолданған кезде ескерілмейді, әсіресе ол бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданған кезде болады. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясымен бекітілген тұлғаның құқықтары мен бостандығының кепілдігіне қайшы келеді.

Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата заңымызда орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымдалған Халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларынан туындайды [11. С. 41] .

Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқығына қажетті тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасқан. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттегі адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ-ның Жарғысы (1-баптың 3- тармағы) мемлекеттердің аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен, негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ-ның осы мәселе бойынша: “Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы” (1948), “Қандай да болмасын түрдегі қамалғандар мен ұстауға ұшыраған барлық тұлғаларды қорғаудағы қағидалар жинағы” (1998) және тағы басқа бірқатар құжаттар қабылданды [12. С. 230] .

Халықаралық құқықтық құжаттар адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды.

“Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” (ҚР Конституциясының 12-бабы) . Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқығының негіздерінде оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негізгі барлық қағидаларды жинақтайды. Мұндай қағидалардың қатарына мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы
Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Бұлтартпау шаралары
Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары
Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
Қылмыскерді ұстау
ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУДІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz