Нейролингвистикалық бағдарламалауға психологиялық негіз



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану ерекшеліктері

Алматы - 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Нейролингвистикалық бағдарламалауға психологиялық негіз
1.2.Жеке тұлғаның бойында субмодальдылықты қалыптастыру
1.3. Нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдануда әдіс –тәсілдерді жүйелеу

II БІЛІМГЕРЛЕРДЕ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСУЫН
ЭКСПЕРИМЕНТТІК СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
2.1 Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалаудың қалыптасу деңгейін
анықтау
2.2. Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалаудың тәжірибеде
түзету жолдары
2. 3. Зерттеу нәтижесін жинақтау

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі: Қазіргі нарықтық заманда адам өз шығармашылығын
жүзеге асыру үшін әлеуметтік талаптарды нақты түсініп, кез келген жағдайға
ене білуі қажет. Қоғамда қазіргі жастар өміріндегі терең өзгерістер мен
саналы жеке тұлғаны қалыптастыруда, ең алдымен назарды ел басы
Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан – 2030 жолдауында: ...Жаңа құндылықтар жүйесіне
тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа
сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз. Адамның
ой –санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді. Бірақ мемлекет
өзгерістер процесін обьективті тенденцияларды түсіндіру маңызды ақпаратты
халыққа жеткізу жолымен және де, ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған
әлеуметтік- экономикалық саясатты іске асыру жолымен жеделдетуге
қабілетті,- делінген.[1]
Бөбек қорының президенті Сара Алпыс қызы: Адам баласы өзінің жан
дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттері мен нығайтып,
шынайы өмір сүре білуі керек. Біздер мықты маман дайындауды білеміз, ал
адамгершілігі зор, ізгі адам қалыптастыру жайында білім беру саласында –
жүйелі түрде айтылмайды да, оқылмайды,- деді.
Осыған байланысты біз білімгерлерге нейролингвистикалық
бағдарламалудың (НЛБ) қалыптасу ерекшелігін айтамыз. НЛБ деп – нейро –НЛБ –
нің түйсіну, қабылдау, ес, ойлау психикалық процестерінің физиологиялық
негіздері мен тығыз ұштасатынын көрсетеді. Лингвистикалық – психикалық,
танымды процестерінің тіл арқылы дамуын көрсетеді. Бағдарламалау – ойлау
процесін қалыптастыра отырып, оны адамның қажеттліктеріне сай бағыттап,
жаңа мақсаттардың қалыптасуына әсер ететін амал тәсілдерді жинақтау болып
табылады.
НЛБ –ды Джон Гриндер мен Ричард Бэндлер АҚШ –та Фриц Перлз, Вирджиния
Сатир, Милтон Эриксондардың көзқарастарын, тәжірибелік психологиялық әдіс –
тәсілдерін пайдалана отырып негізін салған.[20;3]
Грегори Бэйтсон метафора және тарих әлемін моделдеуді ұсынды.Милтон
Эриксон пациенттерін гипнотикалық трансқа түсіріп, фобия мен жарақаттың
алдын алуын емдеді.
НЛБ –ды өңдеушілердің бірі болып Роберд Дилтс сенім, динамикалық
оқыту, ойлау жүйесі, адам дарындылығы, өнері, көсемділігі және бизнес
туралы кітаптар жазған.[12;664]
Ойлау тілге тәуелді деген көзқарастарды Сеймер мен Уорф айтқан.
Д.Скиннердің көзқарасынша тілді меңгеру бихевиористік теориясы мен
редукционистік теориясының ерекшеліктерін білу.Айбле – Айблесфельд адам
мәдениетінде беттің қимылын өте күрделі деп аңғарды.[11;440]
Өнер иелері жестке үлкен көңіл бөлген: әртістер және жазушылар (Гиппиус
С.В., Волконский С.М., Станиславский К.С., Кристи Т., Татубаев С.С. және
т.б.) Әйгілі совет жазушысы А.Н.Толстой былай деген: Ым –ишараны
көрмейінше –сөзді естімеймін.[42;17] Біз НЛБ- ға жеке тұлғаның қатынасы
қалай әсер етуге деген сұрақтар толғандырады, сондықтан осы мәселені
зерттеу нысанасы етіп алып отырмыз. Сонымен, біздің қарастырғалы отырған
тақырыбымыз: Білімгерлерде нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдану
ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты: Білімгерлерде НЛБ-ды қолдану ерекшеліктерін теорияда
незідеп, практикада іс –тәжірибеден өткізу.
Зерттеу міндеттері:
1. Білімгерлерде НЛБ –ды қолдану ерекшеліктерін теориялық мәселе ретінде
қарастырып, әдебиеттерге талдау жасау.
2. Білімгерлерде НЛБ –ды қолдануда психодиагностикалық әдістемелерді
іріктеу және тәжірибелі сынақтан өткізу.
3. Қолдану процесіне эксперимент жүргізу.
4. Зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық ұсыныстар беру.
Зерттеу объектісі: Білімгерлерде НЛБ-ң ерекшелігі.
Зерттеу базасы:

Зерттеу болжамы: Білімгерлердің НЛБ –н зерттеуде егерде, болашақ
мамандардың кәсіби маңызды қасиеттері анықталса, жеке тұлғаның соңғы
мақсаттағы қажеттілігі сыртқы және ішкі стимулдарға сәйкестендірілсе,
қақтығыс, үрей, сақталу реакциялары бойынша ішкі реттелу мен жетілдіру
жұмыстары жүйелі жүргізілуге күш салынса оң нәтиже беруі мүмкін.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Жеке тұлғаның қарым –қатынас процесінің
теориялары мен концепцияларына Л.С.Выготский, Ломов, Шериязданова, Сейпир,
Уорфттың негізделе алынды. Ал, психикалық даму ерекшелігіне Р.Бэндлер,
Дж.Гриндер, В.Келер, К.Коффка, К.Левин еңбетері қолданылды. Тренингтік
топтық жұмыс, психотерапевттік кеңес беруді Ф.Перлз, В.Сатир, М.Эриксон,
Р.Дилтс, Г.Бэтсон еңбектері қолданылды.
Зерттеу әдістер: Теориялық талдау әдісі (құжаттық әдіс). Эмперикалық
әдістер, әңгіме, интерактивті әдістер, іскерлік ойын, тренинг, терапия,
байқау, бақылау әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.
Зерттеу жаңалығы: Білімгерлерде НЛБ-ды қолдану ерекшеліктерін анықтаудың
мүмкіндіктері қазіргі талапқа сай неізделді және теориялық талдауды толық
лекциялық курсқа пайдалануға болады. Білімгерлердің психологиялық білімін
жетілдіруде психологиялық тренингтер арқылы ерекшеліктеріне әсер етуде,
мәнін тренинг, кеңес берудің тиімділігі мен анықталды.Эксперимент
нәтижелері күнделікті практикада қолдануға ұсынылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
I кезеңде. Теориялық негізде психологиялық еңбектерге талдау жасау,
библиография түзу, картотека құру.Зерттеу жұмысы бойынша ғылыми аппарат,
зерттеу мақсаты, міндеттері, объектісі мен пәні айқындалды.(ж)
ІІ кезеңде. Жинақталған материалдан теориялық тұрғыдан талдау жасалынып,
курстық жұмыс қорғалынды.Тақырыбы: Білімгерлерде нейролингвистикалық
бағдарламалауды қолдану
ІІІ кезеңде. Диагностикалық нәтиже көрсеткіштеріне байланысты түзету
жаттығулары қарастырылып, өндірістік практикада іс –тәжірибеден өткізілді
және нәтиже көрсеткіші алдын ала хаттамаға түзілді; диплом жұмысы қорғаудан
өтілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, тұжырымдар мен қорытынды,
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Диплом жұмысының көлемі --------
бет.

І. НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. Нейролингвистикалық бағдарламалауға психологиялық негіз

Оқу әрекетінде психологиялық ықпал қиындықтармен тікелей және жанама
байланысқан психотерапиялық техникаларды қолдану.Басқа жағынан, қазіргі
қазақстандық қоғамның дамуы адамның өмірінде интенсивті даму оқу әрекетінде
белсенділік танытып, психотерапиялық техникаға қатынасы бар жаңа
технологияны ендіру.Қазіргі психологиялық – педагогикалық зерттеулердің
перспективті бағыттарының бірі – оқу әрекетіндегі оқытушы мен білімгердің
қарым – қатынасының заңдылықтарының оқып білу болып табылады. Негізгі
педагогикалық шеберлік пен тәжірибенің бағытында оқыту әдістемесін құруда
зерттеушілермен үлкен жұмыс жүргізілуде.Дегенмен, М.Эриксонның стратегиялық
ыңғайына психотерапиялық техниканы қолдануға арналған жұмыстардың жоқтың
қасы [6;3]
Е.Г.Ким өзінің Применение эриксоновских техник в процессе обучение
деген диссертациясын қорғады.Зерттеудің ғылыми жаңалығы ЖОО – да оқыту
тәсілдерінің мәнділігін қолдану және құру, білімгерлердің кәсіби білімінің
негізінде жалпы оқу білімін дамытуы мақсатты деп болжаған.Ғылыми жаңалықта
сонымен қатар, оқыту үрдісінде эриксондық техниканы қолдану арқылы жеке
және танымдық қасиеттердің дамуының негізін жұмыста бірінші рет
экспериментте қолданды. Оқыту процесінде эриксондық техниканы педагогикалық
– психологиялық құбылыста ерекше және күрделі ретінде қолдану бірінші рет,
оның эффективтілігін жоғарылатуының әсер етуіне байланысты [6;5]
Эриксондық гипноз – психотерапияның бір бағыты, сенімінің жаңа түрін
және де гипнотикалық трансты қолдануды зерттейді.Бұл бағыттың негізін
қалаған американдық психотерапевт Милтон Эриксон (1901- 1980).М.Эриксон
гипнотикалық транс туралы ойларын толығымен өзгертті, оны физиология
облысынан жеке адамның қатынас облысына ауыстырды.
М.Эриксонның стратегиялық ыңғайы Л.С.Выготскийдің дамуда болып жатқан
динамикалық өзгерістер әлеуметтік жағдайдағы даму идеясымен
келіседі.Сонымен қатар, қарым – қатынас үрдісінің интериоризациясы болып
табылады.
Оқу процесінде эриксондық техниканы қолдану мүмкіндігі әлеуметтік
интеллекттің дамуының көтерілу деңгейінен көрінуі мүмкін, мінез – құлық
ерекшелігінің дамуының көрінуі, мінез – құлықтың вербальді және
бейвербаольді экспрессияның тепе – теңдік көрінуі өзара қарым – қатынастағы
күрделі жағдайдағы дамудың түсіну логикасы, болашақ специалист –
психологтың прфессионалды белгілері болып табылатын ерекшеліктер.
Теоретикалық зерттеулер, оқу үрдісінде эриксондық техниканы қолдану
эффективті қамтамасыз етуі білімгердің жеке және когнитивті
ерекшеліктерінің дамуына әсер етуін көрсетеді.Басқаша айтқанда оқу
үрдісінде эриксондық техниканы қолдануы білімгердің әлеуметтік интеллекті,
рефлексивтілігі және оқу – тәжірибесінің өзін - өзі тануы дамуының факторы
болып табылады.Сонымен қатар, білімгерлердің жеке ерекшеліктерінің дамуын
анықтауға мүмкіндік бар.[6;7-9]
Әлеуметтік бақылаудың эффективті жүйесі мына принциптерге негізделеді:
генезиске әлеуметтік бақылау жүйесінің адекваттылығы және девиантты мінез –
құлық неше түрлі формасының заңдылығы, эффективтілікке қарағанда кәдімгі
сыртқы бақылаудың регрессивті сферасының төмендеуі; нашақорға мекемеде
иілгіш, формализді емес құрылым және әлеуметтік көмек қызметін ұйымдастыру;
құқық сақтау мекемесінде, пенитенциарлы мекемеде кадрларды дайындау және де
педагогтарды, дәрігерлерді әлеуметтік бақылау жүйесіне кірген.[2;8]
Г.Е.Шлымованың пікірінше, әлеуметтік дезадаптация асоциалды мінез –
құлықта мораль мен құқық нормасының бұзылуын көрсетеді.Екі стадиясын
көрсетеді: мектептік дезадаптация; әлеуметтік төмендеу.Дезадаптивті мінез
жас кезде жиірек көрінеді, өйткені жастарға психиканың қарама – қарсылығы
тән.[2;11]
А.Н.Леонтев тұжырымдамасындағы тұлғаның жүйелі қасиеттерге ие болуға,
танымдық қабілеті мен тұлғалық қасиетінің дамып жетілуі, сыртқы ортамен
әрекеттестігі жағдайында жүзеге асады.Ғалым ұстанған тұжырымның мазмұны
бойынша этномәдени сәйкестіліктің дұрыс қалыптасуы тұлғаның өзін - өзі
тануына жеке даралық қасиеттің ашылып, көрінуіне әсер ететін әлеуметтік –
психолодгиялық механизм болып табылады.
Ғалым С.Л.Рубинштейн адамның белсенділігін сыртқы орта әсерімен. Оның
ішкі жан дүниесінің өзара әрекеттестігі нәтижесінде қарастырса, ал ғалым
С.М.Жақыповтың “адамның өмірде сәтті әрекеттенуі қоғамда болып жатқан
жаңалықтарға, өзгерістерге бейімделгіштік қасиетімен байланысты ”,- деп
тұжырымдайды. [4;4-5 ]
С.М.Жақыпов былай деген: шешімнің тепе – теңдік әдістің бірі ол –
интеқарқынды оқыту әдісі оқу әрекетіндегі адамның әлеуметтік психологиялық
механизмінің біріккен белсенділігінің негізінде.[3;3]
Психолингвистиканың, этнопсихологияның мәселесін тарихи – этностық
тұрғыдан зерттеген атақты психологтар: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев,
П.Я.Гальперин, М.Г.Ярошевский, М.М.Мұқанов, Б.Б.Жарықбаев, Б.Г.Ананьев,
Н.А.Логинова, С.М.Жақыповтың еңбектері басшылыққа алынды.[5;9]
Әлемдік лингвистикалық ой – тұжырымдарда этнос тілінің ұлттық
мәдениетпен тығыз байланыстылығы, ұлт мәдениетінің сол этностық тілінде
сақталып, дамып, болашақ ұрпаққа жеткізілетіндігі туралы идея атақты ғалым
Вфон Гумбольдтың Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс
табады.Тіл – ойды жарыққа шығаратын негізгі құрал.Тіл мен ой бір тұтас
ұғымдар. Әрқайсысы тіл білімімен логика сияқты өз алдына жеке ғылым
обьектісі болса да, бірінің қызметі екіншісіне тәуелді категориялар болып
табылады.[7;4]
Тіл мен дүниетаным бірлігі туралы идеяны алғаш Америка
этнолингвистері Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Ли Уорф өз еңбектеріне негіз етіп алғаны
белгілі.[7;8]
Антропоцентрикалық ыңғай дүние жүзінде және отандық ғылымда кең
мағына алды. Адам тілде деген қиын жұмысқа Ю.Д.Апресян, Н.Д.Арутюнова,
Ю.Н.Каракулова, Ю.С.Степанова, О.Г.Поченцова, А.Г.Зубкова, Э.Д.Сүлейменова,
Б.Хасанұлының және т.б. – ның жұмыстары арналған. Антропоцентрикалық
ориентировті және қызметтегі ыңғай – ғылымның интегралдауын ұсынатын
зерттеу орталығының нысанасына адамның қиындықтарын қояды - әлеуметтік
лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, коммуникативті
лингвистика, прагмалингвистика және т.б.
Тіл тек коммуникативті функция емес, ол және де толықтырушы функция
екенін полифункционалистер ойлаған. Бұл бағыт лингвистердің арасында
кеңінен жайылған, ал олардың пікірі анық, аргументті болған. Осы бағыттың
өкілдері тіл функциясының қатынасын белгілей отырып, оны иерархиялық
жоспарда көрсеткен (Р.В.Пазухин) [1;5-13]
Баяндина С.Ж. Функции языка в контексте атты диссертациясын
қорғады. Ғылыми жаңалығы: тіл функциясы және тілдің бірліктері қазіргі
лингвистикалық парадигма контексінде зерттеген. Алғаш рет тіл функциясының
комплексті зерттелуі жүргізіліп отыр. Тілдің бірлік функциясы білім
формасында және жекелік әлеуметтенуде үйретілген.[ 1;6 ]
Қ.Жұбанов ойлау мен сөзді өзара байланыста қарастырған.Лекцияның
материалды жеткізуді ойлау әрекеттерінің бинарлық принципіне негіздей
отырып, ғалым шәкірттерінің сөз – бейнелік ойлауын дамытуға, фонетика
түсінігін терең ұғындыруға, оның ішінде салыстыруды, саналы түрде
шәкірттерінің сөз сөйлеу қабілетін, ойлау қызметін дамыту мақсатында
санада сабақтастық байланыстар орнықтыруға, басқа сөзбен айтқанда, ойлаудың
бірінші және одан кейінгі деңгейлерінің өзара байланыстылығына сүйене
отырып пайымдады.
В.А.Артемов, И.А,Зимняге, З.И.Клычниковалар ойлау прцесі және оның
ұғынумен байланысын, онымен қатар қабылдауды қарастырған.
Сөздік мәндер мен динамикалық мағыналық жүйелердің психологиялық
қарым – қатынастағы бірыңғай жүйеде болып саналуын, С.М.Жақыпов мағыналық
құрылым жүйесі деген терминмен белгілегендігі айтылды. С.М.Жақыпов ойлау
мен сөйлеудің, ойлау мен қарым – қатынастың, интеллект пен аффектінің
принциптерінің бірыңғай жүйесін нақтылы зерттеп, іс- жүзіне асыруға
мүмкіндік алғандығы мәлім.[5;14-15]
Ойлау анықталған түрде тілге тәуелді. Алдымен бұл пікірді екі
антрополог Сейпер және Уорф айтқан болатын, бірдеңені ойлау үшін тілде
кейбір сөздер болу керек. Сондықтан адамдар үш түрлі түстің атын білсе,
одан да көп түсті ажырата алмай немесе оны ойлай алмайды. Бұл теорияның
шеткі варианты, лингвистикалық релятивизмнің гипотезасы деп атайды.
Дегенмен, көптеген кроссмәдениетті зерттеулер ойлау тек тілде тәуелді емес
екендігін көрсетті.[11;219]
Тілге деген бихевиористік ыңғай Скиннердің Вербальді мінез – құлық
(1957) деген кітабында құрылған.Скиннердің көзқарасынша тілді меңгеріп алу
процесін екі басты ерекшелікті білу керек: біріншіден, бұл бихевиористік
теория, тілді жай түрлі мінез – құлық ретінде қарастырады. Екіншіден, бұл
редукционистік теория стимул – реакция типінің элементарлы байланысын
тілді меңгеру процесін байқайды.[11;228]
Интонациядан бөлек тілдік қатынаста паралингвистикалық компоненттер
бар. 1965 ж Кэси мен Мэйл қобалжыған кезде біздің тілімізде, сөзімізде
түсіндіру көп кездеседі, немесе бірнеше рет қайталаймыз. Сонымен қатар,
Кэси мен Мэйл біздің дауымыздың тембрі әр түрлі жағдайда неше түрлі болып
естілетінін аңғарды.Тембр мысалыға біз ғашық болған кезде ол жұмсақ және
терең; ашулы кезде нақты және тез болады.[11;432]
Эрджайлдың (1975) пікірінше көздің қатынасы қарым – қатынасы жасауда
негізгі төрт функцияны атқарады: бірінші, сөйлесуді басқарады; екінші,
сөйлесушіге кері байланысты атқарады; үшінші, эмоцияны көрсетеді және
төртінші, екеуінің арасындағы қарым – қатынасты ақпараттандырады.[11;435]
Айбле – Айблесфельд (1974) адам мәдениетінде өте күрделі беттің
қимылын аңғарды және де олар бірдей мағына береді. Көздің төмен қарауы
ұялуды немесе қынжылу деген жатады.[11;440 ]
Сакейм (1978) беттің сол жағын, оң жағына қарағанда эмоционалды
екенін анықтады.Ол қатты эмоциясы көрінген фотосуреттерді екіге бөліп, сол
жақты және оң жақты бірге біріктіреді. Оң жақты біріктірген суретке
қарағанда, сол бетті біріктірген суретке қарағанда сол бетті біріктірген
фотосурет эмоционалдық екені көрінеді. Сакейм былай түсіндіреді: беттің сол
жағы мидың оң жағымен байланысты, ол эмоция мен интуицияаға жауап береді,
ал мидың сол жағын психологтар оны логикалық ойлау және тілмен
байланыстырады. Сонымен қатар, егер мидың оң жағы эмоционалды аспектімен
байланыстырса, онда ол эмоцияның көрінуіне маңызды роль атқарады.[11;442]
Бэндлер мен Гриндердің мақсаты - әрекеттің нәтижелі моделі өзінің
бірінші жұмысында Магияның құрылымы (The structure of Magic, Vol. І,ІІ,
1975, 1976) олар атақты психотерапевттердің Ф.Пергздің және В.Сатирдің
вербальді және мінез – құлық моделін жазды. Олардың келесі жұмысы Милтон
Эриксонның гипноз техникасының моделі (Patterns of the Hypnotic Technigues
of Milton H. Erickson, M.D. Vol, І, ІІ, 1975, 1976) Милтон Эриксонның
вербальді және мінез – құлық моделін зерттеуге арналған.
Осы бастапқы жұмыстардың негізінде Гриндер мен Бэндлер өздерінің
модельдерінде анықтама берді, әр атының өзін жеке анықтады:
Нейролингвистикалық бағдарламалау, ми, тіл және дене қарым- қатынасты
символдап көрсетеді.Негізгі жағдайлар келесі баспаларда көрсетілген: Из
лягушек в принцы (Бэндлер, Гриндер, 1992) Нейролингвистикалық
бағдарламалау (1980) Рехфрейлинг (Бэндлер, Гриндер, 1995); Используйте
свой мозг – дия изменений (Бэндлер, 1998)
Бұл жаңа психотерапиялық мектеп болған емес, практикалық бөлім және
жұмыс тәжірибесін терапевттер интуициямен қолданған.
Бэндлер мен Гриндердің коллегасы ағылшын философ Григори Бэйтсон
метафора және тарих әлемін модельдеуді ұсынды. Милтон Эриксон пациенттерін
гипнотикалық трансқа түсіріп, фобиямен жарақаттың алдын алуын емдеді.
Нейролингвистикалық бағдарламалауды (НЛБ) өңдеушілердің арасында
ерекше Роберт Дилтсті атауға болады, ол қырықтан астам кітаптар жазған,
сенім, динамикалық оқыту, ойлау жүйесі, адам дарындылығы, өнері,
көсемділігі және бизнес жайында. [12;664-665]
Гештальт – терапия (нем. сөзі Gestalt - түр, құрылым, грек сөзі
therapeia – емдеу) – психотерапияның бір түрі, Ф.Перлздің гештальт –
психология рамкасында құрылған.Гештальт – терапия – бұл психотерапияның бір
бағыты, адам өзінің мақсатын санасының кеңеюіне қояды, осы оймен өзін адам
ретінде түсінуі, қабылдауы, сыртқы ортамен жақсы қарым – қатынаста болуы
және де қоршаған адаммен.[12;307]
Гештальт – психология өтіп жатқан тәжірибенің феноменологиясының
маңызын түсінуге көмектеседі. Оның негізін қалағандар В.Келер, К.Коффка,
М.Ветгеймер дискретті жағдайды құрылымдайтын және оған ой беретін
қабылдаушының белсенділігін айтады.[14;326]
Гештальтпсихолог Курт Левин психологиялық кеңістіктің теориясын
құрды. Оның мәні, адам өмірінің кеңістік конфигурациясында жалпы мінез –
құлықпен анықтайды.
Гештальтпсихологияның теориялық ашылуын психотерапияның тәжірибе
жүзінде XX ғ. 40 ж әйгілі психоаналитик Фриц (Фредерик Соламон) Перлз
қолданған. Сол уақытта оны психоанализдің көптеген жағдайына
қанағаттанбаған. Фредерик Перлз өзінің психотерапия жүйесін құруға
ойланған. Сонымен 40 ж ол гештальт – терапия ұғымын ендірген.[12;308]
Жанұя психотерапиясының психотерапиялық практикасынан өзінше бөлініп
шығуы XX ғ. 60ж басында басталған. Оның бастау алуы адамның мінез –
құлқындағы қиындықтарды түсіндіру жүйесіне теориялардың дамуы. Жаймен
жанұяға ыңғай жасауы психологиялық анализ бірлігіне және психологиялық
қатынасқа көптеп белгілі болуы. Жанұя терапиясы жанұялық мекеменің
функционалдық түрін шартпен құрүын жұмыс жасайды. (Черников, 1999)
Бүгінде отбасыға психологиялық кеңес берудің неше түрлі түрлері бар.
Олар анықталған клиенттің топтық орентациясын айыра алады. Бұл айырмашылық
сол немесе басқа көмек моделін түрлендіреді. Осындай модельдің әрбірі
өзіндік теориялық базасына және өзіндік жұмыс әдістерін қолдануға әсер
береді.(Бодалев, 1989) [13;7-8]
Жанұя терапиясы психологиялық көмектен бастау алуы XX ғ. 50 ж бастады.
Майкл Николстың пікірінше, отбасы психотерапиясының жетекшісінің
бірі, алғашқы жанұя психотерапевті Джон Белл деп санады. Ол өзінің
тәжірибесін топтық психотерапия принципіне негіздеген. Неше түрлі
қиындықтарды шешу мақсатымен жанұя сеансында ашық дискуссиялар өткізуге
талпынған.[13;76-77]
Осы жерде сол кездегі психокоррекцияның НЛБ әдістерінің бөлек
құрылғандағы бағыты емдеушілерге тек тілімен әсер ететінін айта кету
керек.Дэбид Гордонның Терапиялық метафора құрылымы туралы сөзінде
Эриксонның әңгімелерінде гипносеанстық дәстүрді жалғастырушылар, бірақ НЛБ
– да бұл аспектті өз бетінше емдік қабылдауды бөліп алады.[57;81]
Басқа сөздермен, НЛБ – да әдістерін қолдану трансқа түсіруі
гипнобельділік жағдайын. Деактуализациялайды, бар уақытта
гипнотерапевттердің өмірін қиындататын НЛБ – ң қарамағындағы сөзсіз
гипнотизацияның психотехникалары көбісі психотерапиялық қарым – қатынас
текстурасына қосылуға мүмкіндік береді.[58;90]
Зерттеудің бұндай түрін неміс философы Г.В.Лейбництің Новые опыты о
человеческом разуме (1765) атты кітабындағы О словах деген шығармасынан
бастасақ дұрыс болатын еді. Ол белгілі фразамен басталған: Құдай, адамды
жаратқанда тек қоғамдағы тіршілік иесі деп емес, оған үміт пен өзі
сияқтылардың ортасында өмір сүрсін деп және де оған маңызды құрал және
қоғамдағы барлығымен қатынас жасау үшін тіл берді.
НЛБ – ң негізін қалаған Р.Бэндлер мен Дж.Гриндер Структура магии
(1975) атты қазіргі заман жұмысында тілдің екі функциясына зейін қояды, осы
жерде Лейбницті қолдайды.
Біз тілді екі амалмен қолданамыз: біріншіден, оның көмегімен біз
өзіміздің тәжірибемізді айқындаймыз, - бұл түрді біз түсіндіру, ойлау,
фантазиялау, қайталап айтып беру деп атаймыз. Тілді репрезентативті жүйе
ретінде қолдансақ, өзіміздің тәжірибеміздің моделін құраймыз ... ;
екіншіден, біз тілді өзіміздің модельді немесе репрезентацияны беріп отыру
үшін қолданамыз. Бұны біз әңгіме, талқылау, бірдеңе жазу, лекция оқу, ән
айту деп атаймыз.
Француздық философ – ағартушы Этьен Боно де Кондильяк (1715- 1780)
былай деп жазған: Сонда да адамдар, әсіресе тілі болғанменде, олар өздері
туралы немесе бірдеме туралы ойлау аз мағына беретін. Тек белгілер ғана
оларда басқаша зат болған, олардың жан – дүниесіне байланысты аттарды
бергенде оларды қандай қиындықтар туғанына таң қалуға болады.[59;88-95]
НЛБ – ды дамытуға үлес қосқан британ антропологы, психотерапияда,
кибернетикада және биологияда көптеген жұмыс атқарған Грегори Бэйтсон еді.
Дегенмен, басында зерттеушілер терапияның өзіндік әдісіне таба алмай,
табысқа жетуде елдерге нешетүрлі қызмет сферасына жетуде НЛБ тез дами
бастады.
Жеке деңгейде НЛБ – ды темекі шегу және басқа да зиянды әдеттерден
құтылуға қорлданады. Дәстүрлі психотерапиядан түрлі өмірлік фобийдан
құтылуға НЛБ – ң көмегін, оның сенімділігін, тиімділігін, нәтижелерін және
тезділігін ұсынған. Көптеген адамдарға елдің алдына шығудан және жұмыс
табудағы сөйлесуден қорқатындарға көмектеседі.
Кез келген адам себеп құрылу облысында, шешім қабылдағанда,
шығармашылық және қатынас стратегияларын қолданып, үйреніп, қызметте неше –
түрлеріне жоғары деңгейге жетуге болады. Бұл жағдайда сіз сәттілікке немесе
туылған жағдайыңызға тәуелді болмайсыз Машина айдау, жүзу немесе
компьютерде отыру сияқты, сіз жеке ұмтылысқа жетудегі әдеттерді үйрене
аласыз. НЛБ – ң де мәні осында. [20;18]
Нейролингвистикалық бағдарламалаудың (НЛБ) тарихы ғасырдың 70
жылдарында АҚШ – ғы Санта – Круз университетінде негізделген.
Лингвистикалық кафедраның ассистенті Джон Гриндер мен психология және
математика факультетінің студенті Ричард Бэндлер атақты психологтар
Ф.Перид, В.Сатир, М.Эриксонның көзқарастарын, олардың тәжірибелік
психологиялық әдіс – тәсілдерін пайдаланған.
НЛБ – ды құрастырушылардың негізгі мақсаттары – адамдар арасындағы
қарым – қатынас әдіс – тәсілдерінің ұжымда жолдарын табу болды. Алғашқы
кезде НЛБ жоғары нәтижелі тәжірибелік психологиялық тәсілдер жинағы болса,
кейінгі кездерде НЛБ ғылыми тұрғыдан негізделіп, ерекше тәжірибелік
психологиялық ілімге айнала бастады.
НЛБ индивидтің жеке адамдық қасиеттерінің деңгейін көтеретін, ерекше
қалыптасқан өнер және ғылым деп анықтайды. НЛБ – ң бір жағынан өнермен,
екінші жағынан психология ғылымымен тығыз байланысуы оның тәжірибелік
психология саласына жататынының негізгі белгісі.
НЛБ – ды термин ретінде анықтасақ : нейро – НЛБ- ң түйсіну, қабылдау,
ес, ойлау психологиялық процестердің физиологиялық негіздерімен тығыз
ұштасады. Лингвистикалық – психикалық, танымдық процестердің тіл арқылы
дамуын көрсетеді. Бағдарламалау – ойлау процесін қалыптастыра отырып, оны
адамның қасиеттеріне әсер ететін амал – тәсілдерді жинақтау.[52;3-4]
Психология адам әрекетінің құрылымы және түрлерімен айналысады. Сөйлеу
тілде адам әрекетінің бір түрі болып табылады. Осы негізде психолингвистика
ғылымы пайда болды. Р.С.Немовтың анықтамасы бойнша, психолингвистика ғылымы
– адамның сөйлеу қабілеті, оның пайда болуы және қызметімен айналысатын
психология мен лингвистика шекарасындағы ғылым Э.Д.Сүлейменова
психолингвистиканы шектес сала ретінде емес, ұғымдастыру үрдісін, қабылдау,
қалыптастыру және сөйлеу қызметінің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін жеке
ғылым саласы ретінде қарастырады.
Тілді әрекет арқылы үйрету ұстанымға ерекше көңіл бөлген А.Ш.Асадуллин
оқыту тиімділігінің төмен болуының негізгі себептерінің бірі... сөйлеу
әрекетінің психикалық заңдылықтарын үйрету жүйесімен сәйкес келмеуін
көрсетеді.[53;12]
Психолингвистикадағы соңғы зерттеулер сол тілді қолданатын адамның
тілі басқа да барлық психологиялық үрдістерімен қарым – қатынаста ғана
қызмет етеді, яғни тілдегі шындықтың бейнелеуін қабылдау, ес, ойлау, зейін
көмегінсіз жүзеге аспайды деген тұжырымға саяды. Психологиялық жағынан
тілді білу және оны іс жүзінде қолдану – түрлі психологиялық шарттар мен әр
алуан ми – жүйке механизмдерін талап ететінін ескеру қажет. Ю.А.Самарин не
істеу керектігін білуде және сол әрекеттің өзінде әр түрде механизмдер бар
деп дұрыс түсіндіреді.[53;13]
Тұлға аралық қарым – қатынастағы мағыналардың берілуі мен оны ұғыну,
мағыналардың айналуының мәселесіне қатысты болып табылады. Бір адам екінші
адамды қалайша қабылдайды, біреудің ішкі дүниесін өзге бір адамның ұғына
алуы. Ішкі дүниенің мазмұны мен динамикасын айқындаушы мағыналық құрылым,
адам санасына өте жақын, терең құрылым болып саналады.Бізге өмір
тәжірибемізден мәлім, басқа адамның жан – дүниесінің мағынасын түсіну
жеткілікті дәрежеде белгілі бір мөлшерде шындығында мүмкін болар; басқа
жағынан қарағанда, бұл өте күрделі міндет, өзге кісінің ішкі пиғылын біліп,
жағдайымен санаса білуіміз қажет.[51;41]

1.2.Жеке тұлғаның бойында субмодальдылықты қалыптастыру

Образдар жеке адамның ішкі психологиялық кеңістігінде белгіленеді және
белгілі ақпарат жүйелі анықталған образда қалады, яғни модальдылық: көру,
есту, сезу т.б.
Бэндлер психикалық қызметтің былай айтқанда субмодальдылықтың
маңыздылығына бірінші болып зейін қойды, адамның ішкі психикалық
бағдарламасын құруды функциялайды. Субмодальдылық – бұл сезім түрінің жеке
мінездемесі, берілген модальдылықтың ішкі құрылымы. Көру модальдылығына,
мысалы ашықтық, контрасттілік, ракурсы және субъектінің басқа субъективті
суреттің басқа мінездемесі болып табылады. Есту модальдылығына дауыс
ырғағы, темір, т.б. жатады.
Керек емес психикалық күймен күресу нейролингвистикалық
бағдарламалаудың (НЛБ) көз қарасынша, сол нақты образдардың және оларға тән
субмодальдылықпен күресу болып табылады. Сондықтан әр психокоррекция
субъективті сурет негізінен маңызды этапты белгілеу. Психокоррекцияның
практикасы кері күйде болатын образды модифицирлау немесе бұзу болып
табылады.[60;85-91]
НЛБ – ң жалпы түрде барлық жұмыс кеңістігін екіге бөлуге
болады:бірінші, жұмыс құралы - түрдің модальдылық және субмодальдылық
градациялары болып табылады.
Сөзден гөрі түрдің бағыттаушы күші күшті және қозғалмалы, оның
негізінде жай гипноз құралады. Психикалық функцияның бағыттаушының көбісі
НЛБ – ды құраған адамдармен толығымен бағаланған.
Екінші сигналдық жүйе психиканың кеш дамыған түрі, сондықтан оның
бағыттаушы функциясы әлсіз көрінеді. Әсіресе осымен Бэндлерге сөздер тек
тәжірибенің анықтайтын тепе – теңдіксіз жарлық деп берді. Сонымен қатар,
сөйлеу психотерапиялық коммуникация стилі ерекше түрдегі жүйе ретінде
қолданды: түзету метафоралары, санасыз сенім т.с.с. [58;90]
Психотерапияның психоаналитикалық маңызды сферасының мәнділігі – бұл
невроздың түрлілігі, және де керексіз және бейрационалды психикалық күйдің
жетекші реакциясы деп Фрейд санаған. Психоанализ өте жіңішке зат және
нәтиже шығарғанда, ұсыныстарға, тыйым салынған ескертулерде асықпауды,
тактикалықты, байқағыштықты талап етеді.
Сауатты психоанализ адамдардың мінез – қүұлқының ішкі механизмдерін
ашады, жекелік арасындағы қатынасты мөлдір етеді. Сонда аналитик үшін
вербальді информация көп мағына бермейді, керісінше, оның астарында не
жатқаны мағыналы.[19;96-97]
К.Г.Юнг (1875-1961) өзінің мағынасы бойынша З.Фрейдке тең фигура болып
табылады. Олармен құралған психоаналитикалық бағытты аналитикалық немесе
терең психология деп атайды. Ғалымдардың, оккультисттердің айтуынша, бұл
ғылым тарихында бір ғана адам.[17;130]
Адлер психоанализ сөздік индивидуалды психология терминіне
ауыстырады. Сонымен қатар, Адлер индивидуалды психологияның атын тек
Фрейдтен тәуелсіз ғана болу үшін емес, клиенттің қобалжуын бөлек қарастыру
жұмыстарын қоймады, ол жеке өмірлік стилінің жалпы бағасын қойды.[21;105]
Тіл мен бағасын ойлаудың арасындағы байланысты бірнеше теориялар бар.
Теорияның іішіндегі біріншісі бехевиоризм позициясында тұрған психолог
Дж.Б.Уотсонның теориясы (1913). Ойлау – ол тілден мағынасы емес деп ойлады
Уотсон.[11;218]
Бұл теорияның басқа нұсқасын философ Витгенштейн ұсынған. Ол ойлау –
лингвистикаға тәуелді (тілге) деп айтқан. [12;219]
Телефонмен сөйлескенде, бізге сөйлесушімен көру контакті жетіспейтін
секілді. Көру контакті – бұл біздің қарым – қатынасымыздың арсеналындағы ең
мықты вербальді емес кілт. Біздің көптеген бейсанамыз арқылы адамдар туралы
нәтиже шығаруымыз, олармен ұзақ көру контактіне түсуімізде. Стесс пен
Уиллис (1967) эксперимент жүргізді, зерттеушілерге екі адамды таныстырып,
экспериментке қатысу үшін екеуінің біреуін таңдатқызады. Бір адамды
зерттелінушінің көзіне ала жүгіртуді ұсынды. Қорыта келгенде,
зерттелінушілер танысу барысында көзіне тіке қараған адамды
таңдаған.[22;434]
Эрджайлдың пікірінше, көру контакті қарым –қатынас жасауда негізгі төрт
функцияны атқарады: 1. сөйлесуді басқару; 2. сөйлесушіге кері байланысты
атқарады; 3. эмоцияны көрсетеді; 4. екеуінің арасындағы қарым –қатынасты
ақпараттандырады. [27;435]
Лефебр 1975 ж. Көру контакт басқа адамның жақсылықты қажет ететінінен
көрінеді деген.[8;436]
Алкем, Гилмор, Эрджайл 1972 ж. Тілдің маңызды рөлін дәлелдеу үшін
зерттеу жүргізді. Олар зерттеушілерге ақпаратты үш түрде: нейтральді,
достық, қастық жеткізу үшін тіл мен бетқимылын қолданды. Вербальді ақпарат
та әртүрлі болды. Біреулерінде сөздері қастық мағына берді, басқаларында
сөздер нейтральді болды, үшіншілерінде –достық мағынада. Қорыта келгенде,
зерттеушілер вербальді сөзге қарағанда, вербальді емес хабарламаға көбірек
әсер етті.[30;432]
Біз өзіміздің сезім мүшелерімізді сыртқы өмірді қабылдауға, оны
зерттеуге, қайта жаңғыртуға қолданамыз. Дүние өзімен бірге бітпейтін неше
түрлі болуы мүмкін сенсорлы құбылыстарды көреді, бірақ біз осы нешетүрлінің
тек аз ғана бөлігін қабылдаймыз. Және тек біз қабылдайтын бөлік біздің
бірегей тәжірибемізден өтеді, олар мәдениет, тіл, сенім, бағалық,
қызығушылық.
Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) екі фундаментальді принципте
құрылған (Дилте, 1998)
1.Карта территория емес. Адам құндылықтар ешқашан барлық шындыққа жете
алмайды. Біз нені саналы түрде қабылдасақ –ол тек біздің, қабылдауымыз.Біз
қоршаған ортаның көрінуін құраймыз және оны сенсорлы репрезентативті жүйе
арқылы сезінеміз. Шындықтың өзі біздің мінез –құлқымызды және оған ой берер
емес, ол әсіресе біздің нейролингвистикалық картамыздың шындығы
анықтайды. Біздің алға жүруіміздің түрткі болуы немесе керісінше, тоқтатып
қалуы шындықтың өзі емес, біздің карта осы шындықтың бейнесі.
2.Өмір және сана жүйе процесстері болып табылады. Осы сияқты жүйелер
белгілі бір өзінқұру принципіне негізделеді, және әрине, оптималды тепе
–теңдік немесе галеотаз күйіне келуіне ыңғайланады.
НЛБ-ң барлық моделі мен техникалары осы екі принципте негізделеді.
Өмір мен біздің сол өмірді қабылдаудың арасында жойылмайтын айырмашылық
бар. Даналық өмір карта сының нақты сы немесе дұрыс тығының біріне ие
болмайды, немесе оның пайда болуы адамның мүмкіндігінің басым болуы.
Өмірдің жеке моделі. НЛБ айналысатын облысты субъективті тәжірибе
ретінде анықтауға болады. Әртүрлі контексте ойлау, сана, ақыл деп
аталады және кең мағынада біздің барлық жүйке жүйеміздің қызметіне жатады.
(Бэндлер, Гриндер, 1994)
Осы түрде, біріншіден, өмір мен әр нақты модель немесе өмір
репрезентация арасында айырмашылықтар бар; екіншіден, біздің әрқайсысымыз
құрайтын өмір моделі ол да бір –бірінен ерекшеленеді. Бұны көптеген
тәсілдерден көрсетуге болады.
Нейролингвистикалық бағдарламалауда біз миымыздың хабарды
қабылдайтын, сақтайтын репрезентативті жүйелер –суреттер, дауыстар,
сезімдер, иістер, дәмдер бар.
Репрезентация біздің тәжірибеміз қалай ұйымдастырылған және біз
әлемді қалай суреттейтінімізді анықтайды: сеземіз (кинестетика) образ
түрінде (визуалды жүйе); дауысты (аудиалды жүйе); білімнің жиыны ретінде
(рационалды немесе дискретті жүйе) немесе анда –санда қолданатын иіс және
дәм сенсорлы сезімдер типі. Біздің ішкі әлемімізді суреттеуде сөзімізге
(предикат) байланысты, оны біз қатынас жасағанда, мимикамызда, жестімізде
көрінеді. Сөйлесуші біздің қандай предикатты қолдануға қарамастан, ол бізді
түсініп, ести алады, бірақ оған өзіне байланысты эмоционалды спецификалық
предикатты қолдансақ түсініктірек болады. Әңгімелесуші біздің сөздерімізді
байқап, бізге маңызды сөздерді қолданып біз тез шешім қабылдауымызға
болады.
Әркімнің өзінің хабары қай жүйе арқылы қабылдайтыныбар: біреу текстті
өзі оқығысы келеді, ал біреулері -оны білетін адамдармен талқылағысы
келеді, ал үшіншілер оны өзі сезінбесе, ешкімге сенбейді.
Бірінші репрезентативті жүйелер: визуалды аудиалды, кинестетикалық
жүйелер деп саналады. Иіс пен дәм олар маңызды емес, бірақ та
кинестетикалық жүйеге қосылып кетеді.[12;681-682]
Нейролингвистикалық бағдарламалау адамның психикасын төрт
репрезентативті жүйе ретінде қарастырады:
1.Визуалдық репрезентативті жүйе (көз арқылы ақпарат қабылдау жүйесі)
сырттан қабылданатын ақпаратты көру дбейнелері арқылы талдап, қорытып
отырады.
2. Аудиалды репрезентативті жүйе (құлақ арқылы ақпарат қабылдау жүйесі)
есту арқылы ақпаратты қабылдайды, талдайды, қорытады.
3. Кинестетикалық репрезентативті жүйе (дене мүшелері қалпын
өзгерткенде пайда болатын түйсіну процестеріне байланысты) ақпаратты
кинестетикалық (сезімдік ) бейнелер арқылы қабылдап, талдап қорытады.
4. Аралас репрезентативтік жүйе –айтылған үш жүйені қолдана лтырып және
оған қосымша иіс, дәм түйсіктері арқылы қалыптасқан бейнелерді есепке алып,
сырттан қабылданған ақпаратты қабылдау және талдау барысында қолдана
алады.[52;4]
Кейбір авторлар дискретті жүйені көрсетеді. Бұлар жаңалықты сан, белгі,
логикалық дәлелдеу арқылы қабылдайды.
НЛБ өкілдерінің пікірлері бойынша әрбір жеке адам психикасында осы төрт
түрлі репрезентативті жүйе қатар қызмет етеді, бірақ оның ішінде біреуі
ғана жетекші рөл атқарып, сырттан қабылданған ақпараттың көбін өзі
реттейді. Сол себептен әрбір индивид басымдылық түрде осы жүйелердің
біреуін ғана ақпаратты қабылдау және талдау барысында қолдана алады.
Осы теориялық ілім қарым –қатынаста пайда болатын түсінбеушілік
(конфликтілік) жағдайлардың салдарынан анықтап бере алады. Мысалы, бір
–бірімен сөйлесіп тұрған екі адамның біреуінің жетекші репрезентативтік
жүйесі визуалдық болса, ал екіншісінің жетекші репрезентативтік жүйесі
кинестетикалық болса, олар бірін –бірі ұқпай қалулары мүмкін. Мысалы,
жаңбыр астында қалған екеуінің визуалдық репрезентативтік жүйе иесі
кемпірқосаққа қарап, қандай тамаша ауа райы десе, кинестетикалық (сезімдік)
репрезентативтік жүйе иесі, жәй тұрғанша киім кептіретін жағдай туғызбайсың
ба дейді.
Айтылған төрт түрлі репрезентативтік жүйелердің ерекше сыртқы
белгілері болады. Біріншіден, олар адамның сөйлеген сөздерінен байқалады.
Мысалы, біреу айтып тұрған әңгімесінде басымдылық түрде аудиалдық
бейнелерін қолданса, оларды қабылдаушыларға жеткізу үшін сол бейнелерге
қабылданатын болады. Оны байқаған біздің сөйлеп тұрған адамның
репрезентативтік жүйелердің жетекшісі –аудиалдық жүйе екеніне көзіміз
жетеді.[35;5]
Кәдімгі тілдегі сөздерді (зат есім, сын есім, етістік) келесі
репрезентативтік жүйе категорияларына бөлуге болады:
Визуалды сөздер: қарау, сурет, фокус, сцена, сөз ашылу, соқыр, қиялдау,
елестету, көрініс, жарқылдау, көз, қарап шығу, қамтып көрсету, ашылу,
болжау, иллюзия, байқау, түр, көру, көзқарас, пікір, көрсету, анонс,
түсіініксіз, қараңғы, оқиға.
Визуалды айтылу: көрініске жету; нақты түсіндіру; көмескі идея; көз
алдыңа келтіріп, қарашы т.б.; ой өрісі болу; көруімше, бұл солай; ойға
алдану және т.б.; мен көмескі ұсыныстарын; сіздің ойыңыздағыны маған
көрсетіңізші; сіз мынаған қараңызшы, күлесіз; көз алдыма шешім қабылданды.
Аудиалды сөздер: акцентирлеу, әңгіме, тон, рифм, қатты дауыс, дыбыс,
керең, резонанс, монотонды, екпін, есту, анық естілетін, дискуссия,
мәлімдеу, тыңдау, сыңғырлау, тыныш отыру, айту, қоңырау, вокалды,
диссонанс, мылқау.
Аудиалды айтылу: кілтті сөз (фраза); деталіне дейін айту; жай әңгіме;
бұл менде дауысталды; бұл ішкі дауысқа ұқсайды; бір құлаққа кіріп, екінші
құлақтан шығу; естілмейді, сөйлем.
Кинестетикалық сөздер: ұстау, беру, итеру, үйкеу, қатынаста болу,
қатты, жылы, алып ұшу, басып кету, сезімді, көрнекті, басу, жұмсақ, қолдау,
тиіп өту, ауырлау, жылтыр, суық.
Кинестетикалық айтылу: ойды ұстау; ауыр (жеңіл) іліну; сезіп тұрмын;
ішімнен сезіп тұрмын; зейін салу; бұл мені қысады; мені сізбен біргемін;
бұны іш бауырымен сезіп тұрмын; қолым қышып тұр.
Дәм сезуі: ащы, тәтті, қышқыл, тұзды, езілген, ауыз қуыратын дәм.
Иіс сезу: хош иіс, хош иісті кофе.
Полимодальді: шешу, білу, ойлау, есте сақтау, түсіну, оқу, бағалау,
алмастыру, дәлелдеу, қатысу.
Нейролингвистикалық бағдарламалауда (НЛБ) соңғы жылдары тәжірибеде
қолданылатын тәсілдерде көптеген әртүрлі мәнді мінез –құлықты, сана күін
өзгертуге арналған модальдылықтар жұмыс атқарып жүр. Модальдылықтар үш
типін оқу процесінде біз олар туралы кейбірін білдік.
Енді адам санасының терең мақсатында субмодальдылық туралы қарап
өтейік. Субмодальдылықтың астында әр модальдылықтың бөлігі болып табылатын
элементтер түсіндіріледі.
Субмодальдылықтар –бұл біз миымыз тәжірибені және сорттайтын
тәсілдер.Субмодальді техниканың өзгеруі адам бағдарламасының модификациясын
қолдануға болады.
Біз сыртқы әлемде өзіміздің сезім мүшелері көмегімен табатын
айырмашылықтарды, ішкі әлемдерде де таба аламыз. Ішкі суреттердің,
дауыстардың, сезімдердің айырмашылығы субмодальдылық деп аталады. Бұл
біздің ішкі әлеміміздің бағалы түсініктемесі, майда кірпіштерден тұратын
біздің тәжірибеміз.
Түс және қимыл визуалды субмодальдылық мысалы болып табылады. Дыбыс
пен бағыт аудиалды субмодальдылық болып табылады, ал температура мен күш
бұл кинестетикалық субмодальдылық болып табылады.
Субмодальдылықтар –бұл кодтау тәжірибенің тәсілі. Біздің барлық
ойлануымыз, үмітіміз, сеніміміз, қорануымыз субмодальді құрылым болып
табылады. Егер біз субмодальдылықты өзгертсек, онда біз өзіміздің
тәжірибеміздің құрылымын және оның мағынасын өзгертеміз. Мағына өзгерген
кезде, біздің ішкі реакциямыз да өзгереді.
Біз негізгі үш ойлау қабілетін айттық: дыбыс, сурет, сезім арқылы,
бірақ бұл тек бірінші қадам. Егер сіз бұрын көрген суретті айтқымыз келсе,
онда көп жиындар бар, сіз нақты білу үшін. Ол үшін -түсті немесе ақ –қара
болды ма? Бұл фильм бе, әлде слайд па? Ол алыс па, жақын ба? Аналитикалық
түрде дауысты да анықтауға болады, жоғары немесе төмен, жақын немесе алыс,
жарқын немесе әлсіз. Сезімдер күшті немесе әлсіз, ауыр немесе жеңіл, өткір
немесе топас. Бұл ерекшеліктер әдебиетте НЛБ –да субмодальдылық деп
аталады. Егер репрезентативтік жүйе модальдылық болса, онда субмодальдылық
–бұл сурет, дауыс, сезім неден қаланатын қабылданатын кірпіштер.
Жиі кездесетін субмодальдылық келесі тізбекте:

Визуалды: Ассоциоциялық (өзімнің көзімен көріп тұрмын) немесе
диссоциоциялық (өзімді сырттан көріп тұрмын). Түрлі –түсті немесе ақ –қара.
Рамкаданемесе ол жоқ. Тереңдік (екі немесе үш метрлі). Орын (оң немесе сол
жақта, жоғарыда немесе төменде). Менен суретке дейінгі арақашықтық.
Жарқындылық. Контрастілік. Тездік (өмір кеткен немесе сиқырлы). Қимыл
(фильм немесе слайд). Жылдамдық (тез немесе әлсіз).

Аудиалды: Стерео немесе моно. Сөздер немесе дауыстар. Даусы (жоағры
немесе төмен). Топ (жұмсақ немесе қатты). Тембр (дауыстың жиілігі).Дауыс
шығатын жер. Шыққан жерге дейінгі қашықтық. Ұзақтық. Үзіліссіз немесе
дискреттілік. Жылдамдық (тез немесе әлсіз). Тазалық.

Кинестетикалық: Локализация. Интенсивтілік. Қысым (қатты немесе әлсіз).
Дәреже (қаншалықты күшті). Текстура (жылтыр немесе қатқыл). Ауырлық (жеңіл
немесе ауыр). Температура. Ұзақтық. Форма.
Бұл барлық адамдар істейтін субмодальдылық ерекшелік
емес.Субмодальдылық адам миының фундаментальді операциялық код ретінде
қарастыруға болады.[33;683-686]

визуалдық

визуалдық құрастыру визуалды еске

түсіру

аудиалды құрастыру аудиалды еске

түсіру

кинестетикалық сезім ішкі диалог

Біз қалай ойлаймыз, солай жүйелі түрде өзіміздің көзімізді әр жаққа
қимылдатамыз. Көздің тіке және көлденең қимылы бас миының түрлі
бөліктерінің белсенділігімен байқалады деп неврологиялық зерттеулер
көрсеткен. Бұл қимыл әдебиетте неврологияда латеральді көз қимылы деп
аталады. НЛБ –да бұл көз сигналына қатынасы деп аталады, өйткені олар
визуалды сигнал болып табылады. Адамдар хабарды қалай қабылдауы бізге
түсінуімізге байланысты. Репрезентативті жүйе және көз қимылының арасындағы
ішкі байланысты анықтайды.
Біз өткенді ойлағанда, біздің көзіміз жоғары және солға қарайды. Ал
болған емес нәрсені еш уақытта көрмеген нәрсені көзімізбен елестеткенде
жоғары және оңға қарайды. Дауысты еске түсіргенде көз көлденең солға қарай
барады, ал көлденең оңға қарай дауысты құрастырады. Бірдеңені сезгенде көз
төмен және оң жаққа қарайды. Сіз өзіңізбен сөйлескенде, көз төмен солға
қарайды. Көз тіке қарап тұрса, ол да визуализацияға жатады.[34;683-684]
Тәжірибені психолгқа белгілі қабылдаумен элементтердің модальдылық
схематизациясы көмек беруі мүмкін.

Қабылдау Әр модальдылықта жүйені дәлелдейтін элементтер
модальдылығы
көру бағытталған сөйлеудегі қол Даусы. Қалыпты
Визуалды сызықтағы көз манипуляциясы, сөйлеу
1 2 3 қимылы негізінен жоғары баста-лып,
4 5 6 (нөмірлер) деңгейде аяғында
7 8 9 3 2 1 жоғарылайды.
суреттер
есту бағытталған сөйлеудегі қол Даусы. Басталуы,
Аудиалды сыз-ықтағы көз манипуляциясы, жалғасуы, бітуі
дауыстар қимылы негізінен орта қалыпты.
(құлақ) (нөмірлер) деңгейде
4 5 6
Сезімді-қозғалмалбағытталған сөйлеудегі қол Даусы. Басталуы
ы кинестетикалық сызықтағы көз манипуляциясы, қалыпты, бірақ
қимылы (нөмірлер) негізінен төмен сөйлесу
7 8 9 деңгейде процесінде
ауысады.

Айтып өткеніміз нейролингвистикалық бағдарламалаудың тек қана бір
жағын көрсетеді, яғни оны НЛБ –ң психология саласына қосқан диагностикалық
үлесі деуге болады. Нейролингвистикалық бағдарламалауды толық алатын
болсақ, ол диагностикадан басқа коррекциялық, жеке адамды жаңа істерге
(мақсаттарға ) талаптандыру, қарым –қатынастағы қиындықтарды (конфликтілік
жағдайларды) жою, тағы басқа психологиялық және әлеуметтік психологиялық
мәселелерді шешуге көмектеседі.[40;202]
Демек, НЛБ –ң ең тиімді әсері –ол кез –келген қарым –қатынаста
психологиялық ұласу мәселесін тезірек шешу жолдарын көрсетеді.
Психологиялық ұласудың қарым –қатынасқа, адамдардың бір –бірін дұрыс
ұғуларына, әсіресе оқыту процесі арасындағы ара –қатынаста қажеттілігі
бәрімізге де мәлім. Оқыту процесінде сабақ барысындағы оқушылардың танымдық
іс -әрекетінің нәтижелілігі, біріншіден, оқытушының балалармен тіл табысып,
оларға мотивациялық жағдай туғызып, қуаттандыруына байланысты.
Күнделікті жағдайдағы қарым –қатынасты алатын болсақ, онда да біреумен
бірінші рет кездесіп, сөйлескенде әрі қарай қатынастың дамуы, адамдардың
бір –біріне жылы қарап түсінуі, психологиялық ұласудың қалыптасуына және
дамуына байланысты. Сондықтан бұл жерде де НЛБ –ң қағидалары мен әдіс
–тәсілдерінің көмегі зор. Тек қана жетекші репрезентативті жүйені дұрыс
пайдалана білу керек.
Психологиялық ұласудың қалыптасуы нәтижелі болсын десек, көрсетілген
жағдайларға қосымша ұқсастық принципін қолдану қажет. Қысқаша айтқанда,
психологиялық ұласудың негізі -әңгімелесіп тұрған адамдай болу, оған ұқсау.
Ол үшін оның тілінде сөйлеу қажет, яғни соның жетекші репрезентативтік
жүйесіне сәйкес келетін сөздерді қолдану. Оған қосымша сөйлеп тұрған
адамның дене қимылдарын қайталап отырып, оны жабық позициядан ашық
позицияға көшіру. Мұндай істі тәжірибелік психологтар ұқсастану деп атайды.
Сөйтіп, НЛБ ұқсастану мәселесін де шешуге әсер етіп, оның нақты жолдарын
көрсетеді.[31;402]
Нейролингвистикалық бағдарламалаудың тағы да бір психология саласына
қосқан күрделі үлесін айта кету керек. Ол шығармашылық процестің
нәтижелігін жоғарлату мәселесі. Осы мәселені шешуге арналған НЛБ саласында
тағы да бір ерекше психологиялық ұғым қалыптасқан. Ол –шығармашылық
визуализация.
Шығармашылық визуализация алға қойған мақсаттарды нақтылауға әсер
етіп, оларды тездетіп орындауға арналған жолдарды анықтап береді. Ол үшін,
мақсат қалыптастыру барысында, әрбір іс -әрекеттің негізгі нәтижесіне
апаратын жолдарын адам өзі көз алдына елестетіп отырып нақтылауы қажет. Бұл
жерде қалыптасқан ішкі бейне барлық репрезентативтік жүйелер арқылы
анықталуы керек.
Жетістікке жететін адам осы шығармашылық визуализация техникасын
қолданып, олар тірідей өздерінің болашағын құрастыра отырып, өздеріне
ақылға сыймайтын сценарий құрастыра алады. Ішкі бейнелілік түрінде өзі
тірілте алатын ой мен ниеттер автоматты жауап бола алады. Осы жерде адам
позитивті икемделсе –позитивті, ол негативті икемделсе –негативті әрекет
тудырады.[29;5-6]

1.3. Нейролингвистикалық бағдарламалуды қолдануда әдіс –тәсілдерді жүйелеу

Адамда тілдік қарым –қатынас дамыған кезде, олар өзінің ата –тегінің
тілін мүлдем ұмытқан жоқ, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнамадағы нейролингвистикалық бағдарламалау
Кеңес беру психологиясы
Психологиялық әсер етудің мәні
Психология теориялық негіздеріне арналған сұрақтар
Психологиялық әсер түрлері
Когнитивтік психотерапия
Ойын «ультиматум»,мюнстерберг әдістемесі, «өзін-өзі жарнамалау», «өзін-өзі тексеру» жаттығулары
НЛБ-ның негізін салуышылар
Психологияның салалары фундаменталды және қолданбалы. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, психокоррекция 1
Жпф зақымдылығы мен оның пайда болу себептері мен түрлері
Пәндер