Бағалы қағаздардың пайда болуы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. АҚША ЖӘНЕ Бағалы қағаздарДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
РОЛІ

1.1. Азаматтық құқық объектілерінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Бағалы қағаздар мәні мен
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.3. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының негізгі
буыны ... ... ... ... ... ..11
1.4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
мамандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...31
1.5. Ақша және бағалы қағаздар туралы ҚазақстанРеспубликасынын казіргі
заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

2. Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілерінің
жүйесінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 9
2.1. Бағалы қағаз ұғымының заңдық
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.2. Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ..41
2.3. Бағалы қағаздар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
... ..50
2.3.1.
Акциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.3.2.
Облигациялар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .55
2.4. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59

3. Ақша құралдары азаматтық құқық объектілері
ретінде ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
3.1. Ақшаның пайда болуы және оның тауарлы жаратылысы ... ... ... ... ... ...70
3.2. Ақша - тауардың жалпы
эквиваленті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
3.3. Ақшаның атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .73
3.4. Ақша
айналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...79

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..82

КІРІСПЕ

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де
шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге
сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың
сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны
еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам
АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады.
Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына
дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға
қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика
өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6
наурыздағы Қазақстан халқына Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты
Жолдауында: Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша
өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың
экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың
салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін
ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының
жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге
көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге
қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін
сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге
көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік
кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды деп айта кетті
[1].
Егемен Қазақстанның қоғамы мен мемлекетінің нарықтық экономиканың
негізгі принциптеріне сәйкес дамуының екінші онжылдығы жалғасып келуде. Осы
мерзімнің ішінде экономикалық және қоғамдық қатынастардың жүйесінде
түбегейлі түрдегі өзгерістер орын алуда.
Жаңа Конституция мен оның негізінде қабылданған заңдарымыз мұндай
өзгерістердің құқықтық негізі болып табылады. Экономикалық қатынастарды
реттеу саласында шешуші рольге біздің "экономикалық конституция" жаңа
Азаматтық кодексіміз ие.
Дегенімен де экономикалық қатынастардың дамуы азаматтық заңнаманы одан
әрі жетілдіру қажеттілігіне алып келіп отыр. Кодекстегі бағалы қағаздарға
қатысты нормалар кеңес дәуірінің азаматтық заңнамасымен салыстырғанда
прогрессивті сипатқа ие.
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген
нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны
көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат
бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше
сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң
бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын
құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз
нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе
соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті
реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға
сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінiң мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не
бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған
индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз
бойынша құқықтар берілетін адамға индоссантқа немесе соның бұйрығына
ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам
көрсетілмейді).
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан-жақты ашып, жауап берді. Ақша - тауарлы
өндірістің өнімі.
Азаматтық құқықтың тағы да бір объектілерінің бірі ақша болып
табылады. Азаматтық кодекстің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
ақша бөлінісі теңге болып табылады. Сонымен қатар, елімізде шет ел
валютасынымен есеп айрысу мүмкіндігі де бар. Оның реттері, тәртібі мен
шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Бүгін Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің экономикалық
мақсаттарына жету үшін ақшаны оның әртүрлі нысандарында қолдана отырып,
жақында ғана мүмкін емес болып есептелген қарым қатынастарды жүзеге
асыруда. Бұдан бөлек, шет ел бизнесмендері мен заңгерлері қазақстандық
тәжірибеге дамыған нарықтардағы ақшаны пайдаланумен байланысты бірқатар
тетіктерді "импорттаған". Ал Қазақстанның заңдарының негізде мұндай
тетіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырғанда бұл саладағы қажетті
құқықтық нормалардан бөлек, бұл мәселелер бойынша теориялық ізденістердің
де жоқтығы да көзге түседі.

1. АҚША ЖӘНЕ Бағалы қағаздарДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ РОЛІ

1. Азаматтық құқық обьектілерінің ұғымы

Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлер өздерінің экономикалық
мақсаттарына жету үшін ақшаны оның әртүрлі нысандарында қолдана отырып,
жақында ғана мүмкін емес болып есептелген қарым қатынастарды жүзеге
асыруда. Бұдан бөлек, шет ел бизнесмендері мен заңгерлері қазақстандық
тәжірибеге дамыған нарықтардағы ақшаны пайдаланумен байланысты бірқатар
тетіктерді "импорттаған". Ал Қазақстанның заңдарының негізде мұндай
тетіктерді жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырғанда бұл саладағы қажетті
құқықтық нормалардан бөлек, бұл мәселелер бойынша теориялық ізденістердің
де жоқтығы да көзге түседі.
Шет ел тәжірибесіне жүгінсек, ақша айналымын реттейтін шет ел
заңнамасы, ақша құралдары нысандарының өзгеруімен, үлке өзгеріске түскенін
көруге болады. Әдебиетке сәйкес банктік тәжірибенің қағаз жеткізілімдерден
электронды жеткізілімдерге өтуі заңнаманың өзінің өзгеруіне алып келді.
Бұл жұмыста біз бағалы қағаздар мен ақшаның азаматтық құқықтың
объектілері ретінде құқықтық реттелуі мәселесін қарастырамыз. Себебі,
жоғарыда айтылып кеткендей, бүгінгі таңда аталмыш объектілерге қатысты
құқықтық қатынастарды реттеуде көптеген шешілмеген мәселелер бар.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу
екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға
болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне
байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда
әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу
кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын
мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен
жөн. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге
мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік
тіркелуге тиіс (АК-тің 118 -бабының 1 -тармағы).
Қозғалмайтын мүліктің ерекше түрінің бірі кәсіпорын болып табылады.
Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағынада кәсіпорын деп аталады (АК-тің
102-104 баптары). Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мұндай кәсіпорын
мемлекеттік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп
танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық
объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып
алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің
объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі
ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген
барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар,
құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету
құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы,
тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе,
және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір
объектіні алу заңда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорынның меншік
құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда
аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан
еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және
айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп
азаматтық құқыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы
заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді басқа да мағынада
қолданады - мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап
иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен,
айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару,
радий, гелий және т.с.с. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара
меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты
бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабы, 3-
тармағы). Берілуге рұқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтың объектілерінің көбі айналым қабілетті болып
келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса
береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес
игіліктер жөнінде арнайы талап бар. Мұндай игіліктер тізімі Азаматтық
кодекстің 115-ба-бының 3-тармағында керсетілген: олар - өмір, денсаулық,
тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп бөлу оның табиғатына тән нәрсе
(АК-тің 120-бабы). Бөлінетін зат бөлген кезде өзінің бастапқы қасиетінен
айрылмайды. Бөлінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын)
жоғалтып алады, соңдай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын
заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар
бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар
бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы, пошта маркаларының
коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты
Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат жөнінде жасалған
мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның бәрлык кұрамдас
бөліктеріне қолданылады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі
(АК-тің 122-бабы). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық
қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (косалқы)
зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір
болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп
жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да
қаралған. Бұл — затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп
отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар
азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.
б., азық-түлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан
түскен өнімдер болып табылады.
Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді.
Егер занда немесе шартта өзгеше көзделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді,
жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым
құқығы берілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық
кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер заңдарда
өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе
заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген занды тұлғаны
дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының
немесе кызметінің өнімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету
белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің
нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану
құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана
жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және
коммерциялық кұпиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда,
коммерциялық және басқалай құндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге
мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты
немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін
танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара
қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен
алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызмешілер немесе
азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе
коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға
міндетті (АК-тің 126-бабы).
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бірсыпыра өзгешеліктері бар.
Ақша телемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған
міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес
қасиеттері бар заттардың ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша.
Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның ірі-ұсақты
білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге карызды жиырма
теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп өтеуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өз құны бойынша
қабылдануға міңдетті заңды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп
танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң
құжаттарында белгіленеді. Валюталық қазыналарға меншік құқығы Қазақстан
Республикасында жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128-бабы).
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген
нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны
көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат
бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше
сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң
бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын
құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз
нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе
соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті
реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға
сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не
бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған
индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз
бойынша құқықтар берілетін адамға индоссантқа немесе соның
бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс
адам көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды
иңдоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке жасайды (АК-тің 132-
бабы).

1.2. Бағалы қағаздар мәні мен ұғымы

Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-
құқықтык механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі
ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен
шектеліп қоймайды. Бағалы кағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында
маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің иивестициялық кызметі
жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық
шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі
ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдык және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар
қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық
ережелермен катар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды.
Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру
қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
Біріншіден, бағалы қағаздар несие капиталының қөзғалысынан пайда бола
отырып, ол несие капиталынан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес
қөзғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу дегеніміз ақша
капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат,
немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.
Екіншіден, несие капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен
анықталса, ал жалған капиталдың мөдшері оның аішалысынан түсетін табысына
"айланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе ироцеит түрінде түседі. Бағалы
кағаздар өз қөзғалыс зандарына ие болып, нақты капиталдың қөзғалысына
көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек
біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және
айналыста бір-біріне дөл келмейді. Нақты капитал мен жалган капиталдың
мөлшері жағынан да біріне-бірі дем келмеуі бағалы қағаздар нарығына
капиталдың тән ерекшелік Жалған капитталдың пайда болуы мен оның өсуі
байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың
эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, каржы
институттары және тағы баска занды түлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне
байланысты үлесті жэне қарызды бағалы қағаздар томендегідей түрге бөлінеді:
• Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарган бағалы
қағаздар. Бұл қағаздар әрбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін
(отелуін) мемлекеттік бюджеттіқ қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы
қағаздардың көп тараған түрлері казыналық векселъдер мен қазыналык
облигациялар. Мемелекеттік меншікгегі кәсіпорындары да көбіне облигация
түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
• Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы
қағаздары. Олардың көлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар
мен істің нақты жобасына үкіметтін берген дотациясы.
• Қаржы институттары мен корпорациялардын, яғни ашық түрдегі акционерлік
коғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды
өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық
банкгер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары,
зейнетақы қорлары шығарады.
• Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар (салым
кұжаты), чекгер және бұданда басқа банктіқ өзінін қарыз міндеттемелері.
Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары - олар коммерциялық
векселъдер, фьючеретік шарттар және басқа коммерциялык қағаздарды.
АҚ капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті
меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз- бұл акция.
Акция өз кезеңінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған
капиталына белгілі бір дивиденд алуыға құқық береді. Акцияны иеленуші
акционер деп атады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен
айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында АҚ капиталына қатысады, ал
өнер кәсіптік облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты
пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-
ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол АҚ-нан өз
акциясына тұрақты дивиденд төлеуге және акция бағамы түскен жағдайда оны
сатып алуды құқысы болмайды. Акцинерлердің жылдық табысының (дивидендтері)
шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы
жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың
үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі.
Егер АҚ тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту
үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері санын ұлғайтуға ұмтылдмайды,
себебі әр акциоенрдің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары
бар. Кез келген акционер өзінде бар “ескі” акциялар шамасына тең мөлшерде
жаңа акциялар сатып алаалады.
Қор биржасындағы және банктердегі акциялардың сатылу және сатып алу
бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивиденд
мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін
дивиденд қаншалықты жоғары болса слғұрлым акция қымбат немесе оның бағамы
жоғары келеді.
Облигация өзінің занды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ
мерзімді несие кұралы ретінде қызмет етеді.
Оны шығару және сатудағы дербестігі, сондай-ақ қор биржасы
арқылы кеңірек айналысы, облигацияны ұзақ мерзімді несиеге деген
қажеттелікті қанағаттандыру және капи тал жинақтаудың тартымды
құралдарының біріне айналдырады. Облигацияны сатып алу барысында ақша
жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған
қаражат керек болған жағдайда, ол облитгацияньі
пайдаланады. Мұндай жағдайда, оның облигацияны сату немесе кепілге
беру мүмқіндігі болады. Сөйтіп, облигацияны 'сатып алуға кеткен капиталды
қайтарып алады. Екінші жағынан инвестордың қаражатқа деген мүқтаждығы
болмаса, яғни ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар облигация ұзақ уақыт
бойы пайыз түрінде белгілі бір немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік
береді. Әрине, осы айтылғандар, инфлияцияны қатаң бақылауға алған тұста
ғана мүмкін болады.
Облигация мынадай басты элементтерден тұрады:
• облигация деген жазу;
• облигацияны шығарушы фирманың аты және орналасқан жері;
• фирма немесе сатып алушының аты (немесе мәлімдеушілігі туралы
жазу; номиналдық құны;
• пайыз мөлшері,
• егер де ол қарастырылса;
• қайтару және пайыз төлеу уақыты;
• шығарылған жері және күні;
• сол сияқты облигацияның сериясы мен нөмірі;
• эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгісі мен құқтары.
Мақсатты облигациялардың міндетті түрдегі реквизиті -бүл олардың
шығарылуын қамтамасыз ететін тауардың көрсетілуі.

1.3. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының негізгі буыны
Қазақстан Республикасының қатан түрде оратлықтандырылған
жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын
нарықтық экономикаға көшуі еліміздегі оған қызмет көрсететін барлық
институттар мен бірге қаржы рыногінің құрылуын талап етті.
Қазақстанда қаржы рыногі бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногі- бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы
қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен
кәсіпорындардың, фирмалардың , банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының,
сақтық инстиуттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын
жұмылдыруды бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша , кредит, сақтық, валюта және басқа
рыноктері мен (капитал, жұмыс күші, тұрғын, алтын және басқа рыноктерімен)
етене байланысты ( 1 Суретті қараңыз )
Сурет 1. Экономикалық жүйеде рыноктың өзара байланысы

Функционалдық тұрғыдан қаржы рыногі – бұл шаруашылық
жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша
қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастарының жүйесі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық,
әсіресе инвестициялық процестерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін
арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор қүралдарының, ең алдымен
бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.
Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногіның
жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
1) реттелінген тауар рыногінің болуы, яғни кез келген түрлердегі және
арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраны мен ұсынымның
теңгерімдігі;
2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеуп отыру:
бұған қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау
жатады;
3) Кредит рыногінің жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит
ресурстарының еркін рынокке орналастыру;
4) Кредит ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік
мөлшерімесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің номасын ашық
ақша рыногінде операцияларды белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі
және оны қанағаттандырудың нақты көздерінің тура келмеу қаржы рыногінің
жұмыс істеуінің объективті алғы шарты болып табылады ( 2 Суретті қараңыз ).

Сурет 2 . Қаржы рыногінің құрылымы

Қаржы рыногінің жұмыс істеунің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс
сферасының бастапқы шаруашылық буындарының- меншік барлық нысандары
кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік секторының кең дербестігі;
2) қаржы ресурстарының қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірстік
құрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды
кәсіпорындар арасында ішқі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;
3) шаруашлық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және
басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату;
республикалық, сондай –ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары
мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы рыногі бағалы қағаздардың бағасын белгілі жолымен
бизнестің нақтылық құнын бағалауға мүмкіндік береді:
Тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерді олардың неғұрлым
жоғары бағасы белгіленеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар
қысқа мерзімді құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағының үнемі өсіп
отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ
мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін
жылжымайтын дүние-мүлікке, тауарларға еркін айырбасталымды бағалы
қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногі экономиканың барлық субъектілерінің
өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және
алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы стихиялы түрде өтіп
жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе қүрделі
жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.

1.3.1. Акционерлік қоғамдар

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-П "Акционерлік
қоғамдар туралы" Заңында акционерлік қоғамға мынадай сипаттама беріледі: өз
қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын
заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады [3].
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және
олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері
бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.
Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты
залалдарға тәуекел етеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік
қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы
мүмкін.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың
өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны
міндетті болып белгіленуі мүмкін.
Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-
құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан
кейін "АҚ" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға
жол беріледі.
Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы.
Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық
емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акция бөлінбейдi. Егер акция ортақ меншік құқығымен жеке тұлғаға
тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы
өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін
әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде
құқықтар береді.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;
2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс
санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару,
орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
"Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға сәйкес акционерлік қоғам
акцияларының 3 түрі бар деп белгіленген жай, артықшылықты акциялар және
"Алтын акция".
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде
акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу
құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам
таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері акционерлердің жай акциялардың
меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп,
алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және
қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір
бөлігіне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының
жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
Егер:
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі
бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі
мүмкін мәселені қараса.
Шектеу қою үшін артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен
екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім
қабылданды деп есептеледі;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не
тарату туралы мәселені қараса;
3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген
мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде
төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын
береді.
Осы жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды
басқаруға қатысу құқығын бермейді.
Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің
жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға
қатыспайтын "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің
акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның
шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы
болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір
бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы
қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар,
вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды
жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда
болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей
байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы
қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял
пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын
емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші акт (Т - А) тауарды
сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни
қажеттілікті - керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы
(А - Т - А) формуласындағы мақсат тауарды сатып алып қайта сату, яғни
процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а -қосымша
құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе Қосымша
құн беретін құн.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды
сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары
иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы
капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды
сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады. Капиталға сұраныс
оның ұсынысынан жоғары болса не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары
болса, жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше,
егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса банктiк проценттiк деңгейi
де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері
пропорционалды кемиді.
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын
нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты
болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы
қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты
капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1. жалған капиталдың өз құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың
кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
2. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие
жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
3. жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардын сатылатын
жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың курсы) бағалы
қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен
анықталады. Ал өндірістен нақты капиталдан түскен пайда сол
нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.
Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс "капиталдану" деп атады. Ал
капиталдану - мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы
деген ұғым. Жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің
өзгеруіне дәл келмейді.
Жалған капиталдың қарыз капиталынан да айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола
отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды.
Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін
қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар
түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен
анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына
байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы
қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына
көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек
біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және
айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың
мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән
ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге
шоғырлануына әсер етеді.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру
үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал
акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни қоғам
шығаратын және олардың түрлері мен санат –категорияларына қарай
акционердiң дивидендтер, басқаруға қатысуға және қоғам таратылған
жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын
құжат. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен
жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді,
тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты
зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады.
Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның
фирмалық атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, "ашық акционерлік қоғам"
немес "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше, "ААҚ" және
"ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен
мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен
алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам
акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларын
жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын
акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз
акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне,
ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетті.
Сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығы акциялар сатуға
ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы
құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады.
Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің
жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады.
Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып
алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге
мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан
немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер
акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны
бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы. Сатуға ұсынылған бағасын
төмендету туралы шешiм қабылдаған ретте заңда оларды басқа
акционерлерге және (немесе) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімінсіз иеліктен айыруға құқылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп
аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және
ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Казіргі уақытта "ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы" заңында бағалы
қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық
есепті көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің
саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық қоғам (бұдан әрі
халықтық қоғам) болып табылады" делінген [5]. Халықтық қоғам мәртебесін алу
тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін
жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам
акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің
200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы
бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден
бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып,
халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
Қоғам акционерлерінің саны жүзден аспаса жалпы жиналысының шешімі
бойынша ашық қоғам, жабық қоғам болып қайта құрылуы керек.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның
құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы
жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол
мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп
жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді
тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғамды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде табысты иемденеді.
Құрылтайшы пайдасы деген қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған
сомасы мен қоғамды жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма алатын
табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал нақты капиталдар мөлшерінің
айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал
(бағалы қағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар
болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы
алудың бір тәсілі -капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы
қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл
құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған
елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның кұжаттары болып табылады. Жалғыз
тұлға құрған қоғамның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай жиналысында құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім
қабылдайды, оның жарғысын бекітеді қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды
мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға зандарда
белгіленген тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге
құрылтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге
уәкілетті адамдарды сайлайды. Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын
және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған
жарғылық капиталының мелшері туралы шешім қабылдауға тиіс.
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік
тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс
істейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне
сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның кұрылтай шартында қоғамды кұру туралы шешім, қоғамның үлгісі
(ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ
онда қоғамнын жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық
қоғам үшін айлық есепті көрсеткіштің 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін -
5000 еселенген мөлшері туралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын
құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде
қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің
саны, санаттары, атаулы құны, оларды иелену құқықтары туралы мәліметтер
көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу
тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың
жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары
көрсетіледі.
Осымен қатар жарғыда қоғам акционерлерінің құқықтары, яғни қоғамды
басқаруға қатысуға, дивиденд алуға, коғамның қаржылық есебімен танысуға, ол
таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі
айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттері де көрсетіледі. Акционер
өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға
хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды
атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге
қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға және қоғамның
құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
АҚ - заңды тұлға. Оның органдары:
• акционерлердің жалпы жиналысы;
• директорлар кеңесі;
• алқалы орган немесе басқарма;
• тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші).
Қоғамның жоғары басқару органы акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысы. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс.
Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып
саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрмай-ақ
басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды басқару міндеті
акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын
кейбір мәселелерді айтсақ, олар:
• қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
• қоғамның үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және
тарату;
• қоғамның басқару органдарын сайлау;
• қоғамның жарғылық капиталының мөлшерiн өзгерту;
• оның жылдық қаржылық есебін және жыл
қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
• қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын және
туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген
басқа мәселелер.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған
кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп
пайызын иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға
хақылы болып саналады.
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда, оның жалпы жиналысында
құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы
жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді
және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке
өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге
міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі
Ордерлік бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының дамуы және оны реттеу мәселелерi
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығы туралы ақпарат
Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Пәндер