Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ: 330.341.1:334. 012 (574) Қолжазба құқығында

КУЛБАЕВА МЕРУЕРТ АМАНГЕЛДЫЕВНА

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін
жетілдірудің нарықтық механизмдері

08.00.05. -Экономика және халық шаруашылығын басқару
(салалар мен қызмет сфералары бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2009

Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.

Ғылыми жетекші:
экономика ғылымдарының докторы,
профессор Исабеков Б.Н.

Ресми оппоненттері:
экономика ғылымдарының докторы,
профессор Дауренбекова А.Н.

экономика ғылымдарының кандидаты
Тастанбекова Қ.Н.

Жетекші ұйым:

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Қорғау 2009 жылы 26 желтоқсанда сағат 14-00-де Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңес мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.

Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 __ қарашада таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
э.ғ.д., профессор: Раимбеков Ж.С.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалыќ прогресті жеделдетуде ерекше µнімніњ ѓылыми-техникалыќ жобалары, озыќ технологияларды басќарудыњ ќазіргі заманѓы ж‰йесін жасаумен ш±ѓылданатын ѓылыми-зерттеу, конструкторлыќ жєне жобалыќ ±йымдар ерекше рол атќарады. Ќазаќстан тек табиѓи ресурстарды ѓана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-аќ µзініњ интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналѓаны белгілі. М±ныњ µзі д‰ниеж‰зілік бєсеке ѓылыми-техникалыќ жобалардыњ µте жедел (2-3 жыл аралыѓында) ж‰зеге асуын талап етеді. Сыртќы єлемдік ортада ‰здіксіз ж‰ріп жатќан µзгерістер д‰ниеж‰зілік экономикадаѓы біздіњ еліміздің де орнын белгілейді, сондыќтан инновациялық кәсіпкерлік µмір с‰рудіњ жєне дамудыњ мањызды факторына айналуда. Осыѓан байланысты туындайтын аса мањызды жайт – инновациялыќ кәсіпкерлік елдіњ экономикасыныњ µсуін жєне экономиканыњ ќ±рылымдыќ ќайта ќ±рылуын ќамтамасыз ететін ќуатты т±тќаѓа айналуы болып саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлікті басќару маќсаты – жања идеяларды қолдау, бастама кµтеру, оларды баќылау, инновациялыќ µнімді нарыќќа шыѓаруѓа жаѓдай жасау болып табылады.
Ќазіргі кезде Ќазаќстанда ескі жєне жања инновациялыќ ж‰йелердіњ элементтері ±штасќан ауыспалы типтегі ±лттыќ инновациялыќ ж‰йеде (¦ИЖ) венчурлік қорлар қалыптастыру арқылы ќызмет атќаруда. Жања ¦ИЖ-ге индустрия мен ќызмет кµрсету саласындаѓы шаѓын сектордыњ ѓылыми-техникалыќ ±йымдарын, шаѓын инновациялыќ кєсіпорындарды, кµптеген мемлекеттік емес, коммерциялыќ емес, ѓылыми, талдау жасаушы, консалтингтік, т.б. орталыќтарды жатќызуѓа болады.
Инновациялыќ кәсіпкерлік ѓылымныњ жєне оныњ тәжірибеде ж‰зеге асуы арасындаѓы байланыстырушы буын болып табылатындыќтан, ол ¦ИЖ-ніњ мањызды бµлігі саналады. Инновациялыќ кәсіпкерлік, негізінен, жања µнімдер мен технологияларды ќ±растыру бойынша, білімдерді тауарѓа айналдыру бойынша тєуекелге барады. Сол себепті инновациялыќ кәсіпкерлік шаѓын фирмалар ќ±рамы жоғары тєуекелдік нєтижесінде ‰немі µзгеріп отырады, кµптеген фирмалар ќ±лдырап, оныњ орнына жаңалары пайда болады.
Жоғарыда аталғандардың барлығы инновациялыќ кәсіпкерліктің қалыптасу және даму мәселелерінің ілімдік және тәжірбиелік мәнін анықтайды.
Ќарастырылып отырѓан мєселеніњ µзектілігі, ѓылыми т±рѓыдан алѓанда оныњ жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі диссертациялыќ ж±мыс таќырыбын тањдауѓа себеп болды.
Жұмыстың ғылыми-зерттеу деңгейі. Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесін кешенді ілімін зерттеп, тұжырымдамасын әзірлеуге дамыған елдердің шетелдік ғалым-экономистері: Н.Леончев, И.Перлаки, В.Д. Хартман, Э.Мэнсфилд, Р.Фостер, Б. Твисс, И Шумпетер, Э.Роджерем, Ф. Никсон, Б.Санто және басқалары елеулі үлес қосқан. Олардың инновация ұғымын өздерінің зерттеу объектілері мен құралына байланысты қолданған жұмыстарында жалпы ілімдік тұрғыда қарастырған ғылыми еңбектері қызығушылық туғызады.
Инновация ұғымы зерттеушілердің Ресейлік ғалымдар Н.И.Лапин, Д.В.Соколов, А.Б.Титов, М.М.Шабанованың жұмыстарында принципиалды жаңа немесе модификацияланған жаңалықтарды жасау мен меңгерудің қорытынды нәтижелері негінде инновациялық іс-әрекеттерді қалыптастыру жөніндегі, еңбектерінде қарастырған.
Қазақстандық ғалым-экономистер А.Қ.Қошанов, М.Б.Кенжегузин, А.Е.Есентугелов, О.Сабден, Б.Н.Исабеков, Д.Муканов, Т.Исахметов, Р.С.Каренов, С.Шілікбаев, А.Ж.Орманбаев, А.Акчурин, А.Н.Дауренбекова, Н.Урузбаева, О.Қалдыбаев, К.Қажымұрат еңбектерінде кәсіпкерліктің инновациялық даму мәселелері кеңінен талданып, қомақты зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Инновациялық іс-әрекеттердің нақты секторға қызмет көрсету жүйесі бойынша кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін реттеудің тиімді әдістерін зерттеудің ілімдік және тәжірбиелік маңыздылығы, өзектілігі мен зерттелу дәрежесінің нақты экономика саласында индустрия жағдайында қолайлы жағдайды құру үшін жеткілікті болмауы диссертацияның тақырыбын, зерттеу мақсаты мен мәселелерін анықтады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты ­ Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерінің дамуы мен тиімді қызмет атқаруын қалыптастыруда ілімдік-әдістемелік және тәжірибелік негізін тұжырымдау.
Аталған мақсатқа сай мына төмендегі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытуды ілімдік негіздеу және объективті қажеттілігінің пайда болуының алғы шарттарын зерттеу;
- Қазақстан Республикасында қалыптасқан инновациялық кәсіпкерліктің даму тенденциясын анықтау және бағалау;
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау;
- Индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыру және қорландыру көздерін жаңару және даму мәселелерін қарастыру;
- кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру үшін маңызды инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жиынтығын негіздеу;
- Инновациялық өнім өндірудің (Кентау трансфарматор зауыты АҚ мысалында) пайдалылық көрсеткіштерінің деңгейіне баға беру және болжаудың экономика – математикалық үлгісін жасау.
Диссертациялық зерттеу нысаны Қазақстан Республикасының инновациялық кәсіпкерлікті қаржыландыру тетіктері венчурлік, лизингтік және франчайзингтік компаниялардың инновациялық іс-әрекеттері арқылы нақты секторға, соның ішінде Кентау трансформатор зауыты АҚ-на қызмет көрсету мүмкіндіктері болып табылады.
Зерттеу пәні ретінде Қазақстандағы инновациялыќ кәсіпкерлікті басқару дағдыларын, адами қорларды, технологияларды, өнеркәсіп құрылымын жұмылдырушы бәсеке төзімділігі деңгейі алынды.
Зерттеу жұмысының ілімдік және әдістемелік негіздері болып инновациялық кәсіпкерлік құрылымдарды экономикалық ынталандыру мәселелері жайында жазылған отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектері есептеледі. Республикамыздың ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының, ТМД елдері ғылыми мекемелерінің әдістемелік еңбектері кеңінен қолданылды. Сонымен қатар, диссертациялық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаулары, Парламенттің және Министрлер Кабинетінің басқа да нормативтік құжаттары, стратегиялары және бағдарламалары әдістемелік негіз болды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Ақпараттың негізгі көздері: ҚР статистика бойынша агенттігінің мәліметтері және нормативтік-анықтамалық материалдары, Министрліктер мен ведомстволардың веб парақшалары.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеу қорытындысында жұмыстың ғылыми жаңалығын айқындайтын мына төменгі негізгі нәтижелерге қол жеткізілді:
- кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастырудың ілімдік негіздеуі дамытылып, дағдарыс уақытында инновациялық кәсіпкерлікті жақсарту маңыздылығының алғы шарттары қарастырылды;
- Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы анықталып және даму бағыттары мен мүмкіндіктері бағаланды;
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдері арқылы дамытудың мүмкіндіктері талданды;
- Индустриялық-инновациялық дамуды жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендетудің бағалау жүйесі ұсынылды;
- кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру үшін маңызды инфрақұрылымды қалыптастыруда мемлекеттің ролі негізделді;
- КТЗ АҚ инновациялық үрдістерді жүзеге асыру және олардың инновациялық өнім өндірудің пайдалылық дәрежесін тәжірбиемен ұштасуын анықтау мақсатында экономика - математикалық үлгісі жасалды.

Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми нәтижелер:
- кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіруде венчурлік, концессиялық, лизингтік және франчайзингтік негіздегі нарықтық механизмдерді қолдану тетіктері дайындалды;
- кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инновациялық тәуекелділік деңгейін төмендетудің бағалау жүйесі ұсынылды;
- инновациялық кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы анықталды және болжамы жасалынды;
- инновациялық кәсіпкерліктің инновациялық іс-әрекеттері арқылы нақты секторға қызмет көрсететін кәсіпорындарын (Кентау трансформатор зауытының үлгісінде) болашақта даму бағыты мен параметрлерін анықтау үшін әзірленген статистикалық-математикалық үлгісі және оны бағаланған нәтижелері.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жүргізілген зерттеулер Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде алынған қорытындылар кәсіпорындарда инновациялық мүмкіндіктерді енгізу арқылы іс-тәжірибесін қолдана алады.
Зерттеу нәтижелерін апробациялау бірнеше халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен жорналдарда жүргізілді: Концессиялық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты ХҚТУ, “Хабаршы” 2008 ж., Қазақстанда франчайзингті қалыптастыру және даму мүмкіншіліктері ХҚТУ, “Хабаршы” 2008 ж., Индустрия – өндірістік интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері. “Ізденіс-Поиск”, Алматы қ., 2008 ж., Лизинг және лизингілік операциялар түрлері. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары КазМҰУ Алматы қ. 2008 ж.
Диссертация материалдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу процесінде пайдаланылуда. Зерттеу нәтижелері бойынша практикалық ұсыныстары Кентау тарнсфарматор зауыты АҚ-ның инновациялық өнім өндіру бағдарламасына және Түркістан аумақтық инновациялық орталығы ЖШС-нің индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енгізілді.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың мазмұны 21 кесте, 7 сурет пен қосымшаларды қамтитын 150 бетте баяндалады.

Негізгі бөлім

Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қалыптастыру мен дамытудың ілімдік және ғылыми негіздері. XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.
Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып табылады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды:
біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон, Б.Сантон, т.б.);
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай шағын шабақтар қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі сұрақтардың деңгейінде жүреді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003 жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.
ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.
Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.
Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді. Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор) ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру.
Қазіргі таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5 венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.
Венчурлік инвестордың көзқарасы бойынша компания объектісі бірнеше даму деңгейінен өтеді (Кесте-1).
Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.

Кесте 1 – Инновациялық компанияның даму деңгейлері

Деңгейлер
Мазмұны
1.
Бизнес идеясы (seed stage)
Идеяны жобалау және оны саудалау. Сонымен қатар болашақ өнімнің үздік үлгілерін дайындау;
2.
Бизнесті ашу (start-up stage)
Жобаны жүзеге асыру мақсатында жүйелі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды бастау;
3.
Өсу деңгейі (expansion stage)
жаңа өндірістік қуаттылықты іске қосу және персоналдар санының өсуі;
4.
Кеңею деңгейі (mezzanine stage)
нарықтың бір бөлігін жаулап алу және пайданың тұрақты болуы;
5.
Өтімділік деңгейі (liquidity stage)
бизнестің нақты (реалды) нарықтық құнының қалыптасуы.
Ескерту ­ автор құрастырған

Әлемдік экономикада концессияның рөлі ұлғаю үрдісінде. Егер де ХХ ғасырда концессияны тек жер қойнауын пайдалануда қолданса, 1990 жылдан бастап концессияға мемлекеттік меншіктің көптеген басқа да объектілері беріле бастады.
Кәсіпкерлікті дамытудың негізгі жолдарының бірі - концессиялық келісім.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда. Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б. Қазіргі таңда 212 млрд. теңге көлемінде 7 концессиялық жоба іске асуда.
Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы Қазақстан Республикасындағы концессия туралы ҚР-ның Заңы қабылданды.
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды. 
Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы ұзын ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында. Өйткені бюджет 3 жылға жоспарланады, сондықтан бюджеттік жүйе 3 жыл өткен соң қаржыландыруға кепілдік бере алмайды және салық кодексіне енгізілетін өзгерістерде кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң потенциалды концессионерлердің құқықтарын толық қолдай алмай отыр.
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор. Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.
Лизинг қазіргі кезде Қазақстанда да қалыптасу және даму кезеңін өткеруде. Лизингті дамыту үшін заңдық-құқықтық актілердің қабылдануы банкілер мен саудалық құрылымдар құрған, мемлекет немесе ҚР заңдары бойынша заңды тұлға болып есептелетін және шетел компаниялары тарапынан қаржыландырылатын түрлі лизингтік компаниялардың пайда болуына септігін тигізді. Лизингтік компаниялардың басым көпшілігі лизингті қолданудың тиімділігін арттыру үшін банкілердің көмегімен дербес қаржы көздерін тарту және өзара бірлестіктер мен одақтарға бірлесу арқылы ірілену саясатын жүргізуде. Лизингтік қызметтерді көрсететін компаниялар мен банкілердің көбеюі бір жыл ішінде жасалатын лизингтік операциялар көлемінің артуына себепші болып, соңғы жылдары лизингтік мәмілелер мен операциялар саны қарқынды түрде арта түсті.

Кесте 2 ­ 2005-2008 жылдары арасында Қазақстан Республикасында көрсетілген лизингтік қызметтер көлемі мен құрылымы (млн. теңге)

Лизингтік қызметтер
2005ж.
2006ж.
2007ж.
2008ж.
2005-2008 ж.ж. салыстыру (қанша есе)
Жеңіл автокөлік лизингі
49,7
54,1
81,4
188,3
3,8
Басқа да құрлықта жүретін көлік құралдарының лизингі
15,5
45,8
83,9
97,0
6,3
Кемелер лизингі
-
-
39,5
36,4
-
Ұшақтар лизингі
10,6
24,9
46,9
78,2
7,4
Ауылшаруашылығы машиналарының лизингі
4,0
40,0
27,1
217,6
54,4
Құрылыс жабдықтарының лизингі
48,8
1585,6
1804,6
3112,3
63,8
Компьютерлер лизингі
7,2
5,5
27,9
285,5
39,6
Басқа да құрылғылар мен жабдықтар лизингі
20,5
86,2
52,5
298,1
14,5
Басқа негізгі құралдар лизингі
5,4
3,1
1,9
1,9
2,7
Барлығы
161,7
1855,2
2165,8
5015,2
31,0
Ескерту- автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған.

2-кесте мәліметтері бойынша лизингтік операциялар көлемінің ауылшаруашылығы машиналары, құрал-жабдықтары және компьютер лизингі операцияларында қарқынды түрде артқандығы байқалады. Көрсетілген жылдар барысында негізгі өсім құрылыс жабдықтарының лизингінде байқалып отыр. 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 63,8 есеге өскен (Кесте-2). Республикамызда көрсетілген лизингтік қызметтердің жалпы көлемінің артуына қарамастан, лизингтің даму деңгейі әлі күнге дейін қойылған талаптарға сай емес. Бұл, ең алдымен, лизингтің ұйымдық-экономикалық тетіктерінің тиімсіз әрекеттілігіне, лизингтік қызметтердің құрамы мен түрлеріне қатысты ақпараттардың тапшылығына, осы саладағы мамандардың білімдері мен тәжірибелерінің жеткіліксіздігіне және лизингтік компаниялардың басым көпшілігінде инвестициялық мүмкіншіліктің төмендеуіне тікелей байланысты болып отыр. Жалпы алғанда, шағын және орта кәсіпорындар мен банкілердің үлесі бар компаниялар лизингілік қызметтерді ұсынуда. Ал жеткілікті потенциалы бар ірі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар лизингілік жобаларды инвестициялау ісіне көп назар аудармауда.
Франчайзинг кәсіпорынның өз өнімін сату нарығын шұғыл кеңейтуге кәсіпорында жоқ елеулі қаржылық салымдарсыз мүмкіндік береді. Франчайзинг франчайзердің саудалық белгісімен жұмыс істей отырып, пайда өсімін, оның өзін (франчайзер компания) және өнімін жарнамалануын қамтамасыз етеді.
Қазақстанда 2007 жылы франчайзинг айналымы 500 млн. АҚШ долларын құрады. ҚР Франчайзинг туралы заң (2002ж.) қабылданды, 150 франчайзинг жүйесі және 1000-нан аса франчайзинг пункттері жұмыс істейді. Қазақстан ұлттық франчайзинг ассоциациясы құрылды. Франчайзинг мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Соның арқасында 2003-2007 ж.ж. франчайзинг жүйесі елімізде 3 есеге өсіп отыр. Франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтіндер саны 14000 адамды құрайды. Бірақ франчайзингтің одан ары дамуына келесі факторлар кері әсер етуде: франчайзинг секторына мемлекеттік жеңілдіктердің қарастырылмағандығы, интеллектуалды меншіктің нашар қорғалуы, кәсіпкерлердің ұзын ақшаны алуға шектеулігі, франчайзинг туралы ақпараттың жетіспеушілігі.
Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтіксаудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.
Соңғы он жылда Қазақстанда, басқа да ТМД елдеріндегідей технологиялық деградация тенденциясы орын алды. Өндірістің техникалық деңгейі төмендеді, жаңа технологиялар әлсіз меңгерілді, прогрессивті өнім өндірісі төмендеді, ғылыми-техникалық потенциал қысқарды.
Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.
Дамығын елдер тәжірбиесі көрсеткеніндей, экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау. Сондықтан да 80-жылдардан бастап барлық алдыңғы қатардағы елдер белсенді ғылыми-техникалық саясат жүргізе бастады. Бір ғана мысал, ол елдердің ғылымға жұмсаған шығындарынан да көруге болады. Атап айтсақ, 2008 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған мемлекеттік шығындар келесідей көрсеткіштерге ие: АҚШ – 246 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,9℅), Жапонияда – 94,2 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 3,0℅), Германияда 45,8 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,35℅), Францияда – 28,0 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 2,25℅), ал Швецияда 7,6 млрд. долл. (ЖІӨ-нің 4,0℅) болып отыр. Бұл кестеде Қазақстан Республикасы ең төменгі орын болып отырғанын көреміз. Басқа мемлекетке қарағанда бізде ғылымға арналған шығын көлемі аз болып отыр (Кесте-3).

Кесте 3 ­ 2008 жылы Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

Мемлекет
ЖІӨ-дегі үлес салмағы, (%)
Жеке капиталдағы үлесі, (%)
АҚШ
2,9
66,7
Жапония
3,0
40,3
Германия
2,35
66,6
Франция
2,25
31,4
Швеция
4,0
32,3
Ресей
1,9
2,9
Украина
1,3
2,4
Қазақстан
0,3
3,0
Ескерту - автормен статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған

Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.
Қазіргі күні барлық елдерде ірі көлемде ғылыми-техникалық саясаттар жүргізілуде. Батыс Еуропа елдерінде бұл - өнеркәсіпте жаңалықтар мен инновацияларды енгізу процесін қолдау. АҚШ-та ғылыми-техникалық дамудың ірі және жеке бөлімдерін қолдау болып табылады. Барлық елдерде ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру басты тапсырмаларға айналған. Бұл саланы қолдау заңды түрде: мемлекеттік акт, үкімдер бойынша жүзеге асырылады.

Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайын талдау. Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.
Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында, институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс істейтін кәсіпкерлік сегмент - бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге кейбір институттардың нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, коммерциялық табысты өнім мен технологиялар құруға қабілеті бар.

Кесте 4 ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

Көрсеткіштер  

2005ж.

2006ж.

2007ж.

2008ж.
2008 ж. 2005 жылға өсукему қарқыны (%)
Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге
7 590,60
10 213,70
12 849,80
15907,0
209,6
Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада, млн. теңге
21 527,40
24 799,90
26 835,50
34 761,6
161,5
жалпы ішкі өнімге пайызбен
0,28
0,24
0,21
0,22
-
Зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны
390
437
438
421,0
107,9
Зерттеулермен және әзірлемелермен айналысатын персонал саны (жыл соңына), адам
18 912
19 563
17 774
16 304,0
86,2
соның ішінде:

зерттеушілер
11 910
12 404
11 524
10 780,0
90,5
одан:

ғылым докторлары
1 106
1 157
1 166
1 191,0
107,7
ғылым кандидаттары
3 018
3 147
3 058
2 861,0
94,8
Зерттеулер және әзірлемелермен айналысатын ұйымдардың негізгі қаражаттары, млн. теңге
14 584,20
19 247,70
18 782
19 176,7
131,5
Зерттеулер мен әзірлемелер
41 512
51 400
64 108
-
-
Жоғары білім
30 312
36 007
45 557
-
-
Ескерту – автормен құрастырылған

ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 31 бірлікке (107,9%-ға) артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге (161,5%-ға) өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 9,76 адамға кеміген (2005 жылы 48,49 адам, 2008 жылы 38,73) (кесте-4).
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2008 жылғы үлес салмағы 2000 жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті (сурет 2).

Сурет 1 – Ғылыми-техникалық жұмыстарды үйлестіру құрылымы

Ескерту - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.
Көптеген отандық зерттеулер мен әзірлемелердің нақты нарықтық талаптар мен шарттарға бағдарлануы әлсіз және ғылымды қажетсінетін импортты өнімдермен және қызметтермен бәсекелесе алмайды.
Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет.
2008 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Венчурлік бизнестің даму мәселелері
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Пәндер