Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 51. 378. 172 Қолжазба құқығында

ЖОЛДАСБЕКОВА БИБІСАРА АБДИМАНАТҚЫЗЫ

Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру

13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,

этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2007

Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ - түрік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Керимов Л. К.

педагогика ғылымдарының докторы

Оңалбек Ж. К.

Ресми оппонентері: педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Салимбаев О. С.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Саипова А. А.

Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университеті

Диссертация 2008 жылы «___ » күні сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД 14. 61. 35 біріккен диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.

Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, мәдениет орталығы.

Автореферат 2007 жылы «___» таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы: К. М. Беркімбаев

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Балалардың денсаулығы - қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Қазақстандағы мектеп оқушыларының денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және мұғалімдер арасында дабыл қағуда. Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше хх ғасырдың аяғында, xx1 ғасырдың басында мектеп оқушыларының денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда мектептердің жауапкершілігінде деп көрсетіледі.

Демек, мектепте оқушылардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Статистикалық деректер бойынша жалпы мектепті бітірушілердің 68% дені сау, әрбір екінші жеткіншек морфофункционалдық патология, 42%-созылмалы сырқат деп танылуда. Жас балалардың маскүнемділік деңгейлері де жиі байқалып келеді.

Мектеп оқушыларының денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына мектеп оқушыларының оқу сабақтарымен артықша жүктелулерін, педагог пен оқушылардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, оқыту мен тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т. б. атап көрсетуге болады. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен мұғалімдердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.

Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, оқушылардың арасында 40% салауатты өмір салтының теориясын білмейтіндігінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде оқушылардың салауатты өмір салтын тәрбиелеу қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру қажеттілігі туады.

Қазіргі мектеп оқушысын салауатты өмір салтына тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:

  • халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т. б. ) ;
  • мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
  • «салауатты өмір салты» - ұғымын қалыптастыру;
  • салауатты өмір сүру туралы оқушыларды ынталандыру;
  • оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
  • өз денсаулықтарын сақтауда, салауатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.
  • арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын зерттеу барысында философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.

Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж. Баласағұн, А. Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген.

Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н. М., Ақбердиева Д. Ф., Колбанов В. В., Зайцев Г. К., И. И. Соковня-Сейшона, А. С. Иманғалиев, Г. Сисенғалиева, Т. Г. Тынынбаева, Ж. З. Торыбаева, С. Исаев, Е. Г. Жук және т. б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы оқушының алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін кезеңді тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.

Тұлғаны теориялық дамыту бойынша зерттеулер бойынша (А. Маслоу, У. Джейс, Л. С. Выготский, С. Л. Рубенштейн, А. Н. Леонтьев) және өз тарапымыздан жүргізілген жекелей зерттеу жұмыстары бойынша талдау деректері арқасында мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру дағдыларын тәрбиелеудің қажеттілігі айқындала түсті.

Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір арнайы зерттеулерде де қарастырылған. Ол зерттеулердің мынадай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады:

  • Оқу - тәрбие үдерісінде оқушылар мен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ж. Ембергенова, Б. Қ. Мұхамеджанов, Қ. М. Рахымғали, С. С. Тілеуова, Ю. В. Салов, Г. Ж. Нұрышова, Б. К. Игенбаева Т. К. Бөлеев т. б. еңбектерінде;
  • Валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселелері А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж. Ж. Нұржанова т. б. еңбектерінде;
  • Нашақорлық, жат әдеттердің денсаулыққа кері әсерін ескере отырып тәрбиелеу туралы Т. К. Бөлеев, Т. Н. Беркалиев, Г. Е. Шлымова, Ш. А. Тулепова еңбектерінде.

Бұл жұмыстар бүгінгі таңда оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды.

Қазіргі заман педагогтары А. А. Бейсенбаева, О. С. Сәлімбаев, С. Қ. Мұхаметовалардың және тұлғаға бағытталған білім берудегі жаңа педагогикалық технологиялармен жүзеге асыру туралы Л. К. Керимов, Л. Байсерке, Б. А. Тойлыбаевтардың еңбектерінде тұлғаны қалыптастыруда оқыту мен тәрбиені сабақтастыру мәселесі дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады.

Дей тұрғанымен, мектеп қабырғасында оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми - әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.

Жоғарыда айтылған проблемалардың өзектілігі, оның педагогика ғылымы мен мектеп практикасына тікелей қатынастылығы, теориялық деңгейде толық әзірленбеушілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын былай деп таңдап алуымызға негіз болды: «Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру». Зерттеу проблемалары оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбие мазмұнын анықтаудан, педагогикалық процессті қалыптастырудан тұрады.

Зерттеудің мақсаты - оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын арнайы технологиялар арқылы қалыптастыруды тоериялық тұрғыда негіздеп және тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, әдістемелік ұсыныстар жасау.

Зерттеу нысаны - оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі.

Зерттеу пәні - оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру мазмұны.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мына төмендегідей көрсеткіштермен негізделсе:

  • Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларының мәні мен мазмұнын анықтайтын, анық көрсететін ғылыми ұғымдар мен түсініктер, ғылыми зерттелу деңгейі тарихи - педагогикалық тұрғыда анықталса;
  • Мектеп оқушыларының психофизиологиялық, жас ерекшеліктерін есепке ала отырып денсаулықтарын сақтау технологиясы қолданылса;
  • Оқу және сыныптан тыс жұмыстарда, оқушылардың өз беттерінше салауатты өмір салтының мәдениеттілігін көтеретін педагогикалық технология қолданылса, онда қазіргі заман балалары дені сау болып тәрбиеленеді, өйткені денсаулық сақтау технологиясы мектептің тыныс тіршілігіне оң ықпал жасай алады.

Зерттеудің міндеттері:

- Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды тарихи - педагогикалық тұрғыда анықтау;

- Оқушылардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;

- Зерттеу проблемаларын шешуге мүмкіншілік беретін денсаулық сақтау технологиясын әзірлеу;

- Экспериментальды жұмыс арқылы оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудың нәтижесін тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: денсаулық сақтау технологиясы негізінде оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты түрде жүзеге асыру қажет.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері болып: философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдардың жеке адамды дамыту туралы ілімдері, салауатты өмір салтын жеке тұлғада қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық тұжырым, сана мен іс-әрекет бірлігі принциптері, таным теориясы, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, педагогикалық технологиялар теориясы, жүйелі көзқарас саналады.

Зерттеу әдістері: зерттеп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, мектептердегі салауатты өмір салтын қалыптастыру үдерісін бақылау, пікір талас, сауалнама, тест алу, мұғалімдермен, оқушылармен әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.

Зерттеу кездері: ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа арналған «Қазақстан-2030» жолдауы, «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы туралы” ҚР өкіметінің қаулысы; зерттеу проблемасы бойынша философтардың, психолог - педагогтардың еңбектері, пәндік оқу бағдарламалары, оқулықтары, озық іс-тәжірибелер, автордың зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2002-2004жж. ) диссертациялық зерттеу мәселелері бойынша психологиялық - педагогикалық және медициналық әдебиеттерге, ҚР үкіметінің құжаттарына, білім беру мен балалар денсаулығын арттыру іс - шараларына талдау жасалынып, проблеманы әзірлеу, шешілу деңгейлері, зерттеу әдістемелері, оқушылар денсаулықтарының деректі деңгейлері оқушылардың денсаулықтарына теріс әсер ететін факторлар анықталды.

Екінші кезеңде (2004-2005 жж. ) зерттелетін мәселе бойынша мектеп мұғалімдерінің іс - тәжірибелері талданып, салауатты өмір сүру дағдыларын есепке ала отырып оқушыларға білім мазмұнын жаңашаландыру, денсаулық сақтау технологиясын әзірлеу, олардың педагогикалық процесстерге тиімді енуі үшін шарттар жасау, анықтаушы және қалыптастырушы экспериментті жұмыстар жүргізу жүзеге асырылды.

Үшінші кезеңде (2005-2007 жж. ) экспериментті жұмыстардың қорытындылары жасалынып, жүйеленді. Ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Шымкент қаласында №66, Сары-ағаш ауданындағы №107Абай атындағы және 106 Д. Қонаев атындағы орта мектептерде, Кентау қаласындағы №6 А. С. Пушкин атындағы және №14 Әл-Фараби атындағы орта мектептерде өткізілді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- Мектеп оқушыларының денсаулықтарын сақтау мен нығайту мәселелері бойынша ғалымдардың концепциялары жүйеленіп салауатты өмір сүру дағдылары мазмұндалды;

  • Оқушылардың бойында салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың ғылыми зерттелу деңгейі анықталды;
  • Ер балалар мен қыз балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері, жас ерекшеліктері ескеріле отырып денсаулық сақтау технологиялары, білім, ептілік, дағдыларының қалыптасу технологиялары, денсаулық сақтау ортасының құрылу технологиялары әзірленіп, ғылыми негізделді;
  • Оқушыларды әлеуметтік жат әдеттерден арылту жолдары айқындалды;
  • Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастырудың оң нәтижелері анықталып, сабақ және сыныптан тыс жұмыстардағы денсаулық сақтау технологиясы енгізілді.

Зерттеудің практикалық мәні - негізгі ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелердің мектеп практикасында оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында қолдануымен сипатталады.

Автормен құрастырылған ережелер жоғары оқу орындарында, білім беру саласының қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру институттарында, педагогика курстарында қолданыс табады.

Зерттеудің теориялық қорытындылары мен практикалық нәтижелерінің маңыздылығы деректі әдістемелік ережелермен, зерттеу әдістемелерінің жүйелерімен, баламалы міндеттемелермен, автормен әзірленген педагогикалық технологиялармен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдылары теориялық тұрғыда қарастырылып, оны денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың міндеттері мен мазмұндары, маңыздылығы анықталды;

- Жас ерекшелік денсаулық сақтау технологиясы оқушылардың жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты;

- Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруда әлеуметтік жат әдеттерден арылту жолдары қарастырылады;

- Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдылары денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру арнайы жүйе арқылы қамтамасыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу қортындыларының жалпы әдіснамалық негізде дәлелденуімен, нақты зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, теориялық тұжырымдардың практикада алынған нәтижелермен үйлесімдігімен, олардың тиімділігін тәжірибе жүзінде тексерумен және практикаға ендірумен қамтамассыз етіледі.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру: зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми баяндама түрінде шетелде, яғни Прагадағы (Чехословякада) халықаралық ғылыми конференцияда және Көкшетау, Түркістан, Шымкент қалаларындағы халықаралық ғылыми - практикалық конференцияларда және кафедра мәжілістерінде, семинарларда талқыланып, мерзімді басылымдардағы ғылыми мақалаларда, әдістемелік нұсқаулар мен құралдарында көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделді, ғылыми аппаратқа (зертеудің нысаны, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеасы, әдіснамалық негіздері, әдістері, қағидалары, дәлелділігі, нәтижелерді сынақтан өткізу) сипаттама берілді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні ашып көрсетіледі.

“Оқушылардың салауатты өмір салтын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері” атты бірінші тарауда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи - педагогикалық аспектілері, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастырудың ғылыми зерттелу деңгейі, жас ерекшеліктің салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастырудағы ролі көрсетіліп, талдаулар жасалады.

“Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру жүйесі”атты екінші тарауда оқушылардың әлеуметтік жат әдеттерден арылтудың әдістемесі, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы арқылы қалыптастыру жолдары мен құралдары қарастырылып, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыруға ұсынылған педагогикалық жүйе бойынша тәжірибелік - эксперимент жұмысының нәтижелері қорытындыланады.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми - әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Еліміздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі», - деп ерекше бөліп көрсетті. Осыған орай әлемдік жаһандану жағдайларына байланысты біздің елдегі жалпы білім беру мектептерінің алдында оқушылардың салауатты өмір салтын бейімдеу талабы тұр.

Салауатты өмір салтын оқушылар бойында дамыту, тәрбиелеу мәселесін зерттеу ең алдымен тарихи, педагогикалық тұрғыдағы талдауды талап етеді.

Диссертацияның негізгі мазмұны

Салауатты өмір салты мәселесін анықтау проблемасындағы негізгі категория болып «денсаулық» түсінігі болатынын айта кету керек. Бұл түсінікті анықтауда адамның өзінің, оның жаратылу табиғатының көрінісі басты роль атқарады. Адамның тек сыртқы түрі ғана емес, сонымен бірге ішкі жан - дүниесі де, яғни мінез-құлығы, қабылдауы, ойлауы, іс-әрекеттері, сол немесе басқа әсерлерге бейімі біркелкі бола бермейді. Әртүрлі адамдар болып жатқан нәрсені әртүрлі жасайды. Бірақ, ең бастысы бір адам сол немесе басқа әсерлерді өмірдің әртүрлі кезеңінде әртүрлі қабылдайды. Сонымен, адамның денсаулығы - бұл жалпы адамзаттық және жеке болмыстың күрделі феномені болып саналады. Бүгінгі күні ол кешенді немесе психологиялық, әлеуметтік және жеке тәртіптің көптеген күрделі факторларының, кейде философиялық қасиеттердің өзара әсеріне қатысты болады.

«Салауатты өмір салты» сонау замандардағы Гиппократтың трактаттарында бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымының жалғасы түрінде мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі теңдесіз ой өрістерін дәлірек кездестіруге болады.

Көне Грекиядағы алғашқы философтардың бірі Сократ, табиғи жаратылысты ерекшеліктерге аса назар аудара отырып, адамның өзін-өзі тану мүмкіншіліктері арқылы салауатты өмір салтының терең жағын көре білді, яғни «өз-өзін білетін тұлға, өзіне тиімділікті таниды, шамасы келмейтін істі түсінеді», деп ол адамның сана-сезімі арқылы өзін-өзі танып білуін, іс-әрекеттенуін мазмұнды түрде көрсетті. Платон салауатты өмір салтын тәрбиелеу ерте кезеңнен бастау қажеттігін атап көрсетті, себебі «кез-келген істегі ең бастысы - оның ерекшелене бастауы» .

Аристотель «Этика, саясат, поэтика» деп аталатын еңбегінде адамның жекелей көрегендігі мен салауатты өмір салтын қоғамдық мазмұндағы мәселе ретінде ашып көрсетеді. Оның айтуынша, тәрбиені «денеге қамқорлықтан» бастап, сонан соң, «рухани тәрбиеге» ұштастыру қажет, себебі дене тәрбиесі, рухани тәрбиемен қатарласа орындалуы тиіс. Яғни, Аристотель салауатты өмір салтының тәрбиесін адамның белсенді өмір салтымен, шынығумен, жаттығулармен байланыстырады. Демек, ерте кезде де салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі дене жаттығу мәселесі қарастырылған. Осы кезеңде «өз-өзіңді тани біл», «өзіңе қамқорлық жаса»деп аталатын алғашқы тұжырымдамалар шыға бастады.

Салауатты өмір салтын тәрбиелеу мәселелерін Шығыс елдерінде де қолдау тапқан. Мысалы, Ибн Сина денсаулықты сақтау және нығайтуға бағытталған гигиеналық талаптардың кодексін құрады. Тамақтану, ұйықтау, оқу мерзімдерін сақтау қажеттілігін Ибн-Сина атап көрсетті. Салауатты психологиялық ортаның болуына аса назар аударды. «Дәрігерлік ғылымның баспалдағы» еңбегінде, Ибн-Сина тәрбиешілердің баланы өз эмоциялары мен үрейлерін басқару қажеттілігін мазмұндайды. Яғни, ойшының пікірінше, жас буынның санасы мен денсаулығы тәрбиеге байланысты. Шынайы мемлекет концепциясында Ибн-Сина қоғамдық еңбек пен ұзақ өмір сүру қоғамдық құрылымның басты критериясы екендігін атап көрсетті. Шынайы таза ортада ереже мен тәрбиенің жетелеуі арқасында адамзаттың саналы ғұмырын өзгерте отырып ұзақ өмір сүретіндеріне сенеді. Ұзақ өмір сүру, Ибн-Синаның адам қоғамындағы рухани және табиғи гармонияның іске асу болжамдарының бірі. Ибн-Синаның ұғымы бойынша, ерте жастан бастап салауатты өмір салтының мына төмендегідей принциптерін сақтау қажет: 1) жанның ара салмағы (гармониялық дене пішімді сақтау) ; 2) тамақты таңдау (тамақтану мерзімі) ; 3) денені тазалау (шлактан, зиянды заттардан тазалау) ; 4) дене пішімін сақтау; 5) дұрыс дем алу; 6) киім тазалығы; 7) дене және рухани қозғалыстың теңдесуі.

Сонымен, Ибн-Сина гигиеналық ғылымның негізін салушы болып табылады. Еңбектері бүгінгі күндері өзекті және жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде аса құнды. Шығыстың ойшыл-ғалымы Аль-Фараби дене және ойды тәрбиелеу тәсілдерінің ұқсастықтарына аса назар аударды. Өзінің әлеуметтік-экономикалық трактатында, «адам өз денесінің жетілуіне қол жеткізуі қажет», -деп атап көрсетті, себебі адамның денесі-сақтауға қажетті нәрсе, егер ол болмаса, оған қол жеткізу қажет. Мерзімді тамақтанумен денсаулық, тұрақты еңбек пен күш, сенімді іс-әрекетпен ой-сана пайда болады. Сонымен қатар Аль-Фараби ауруды емдеуді ғана емес, адам денсаулығын алдын ала сақтау мен нығайтуды аса атап көрсетті.

Орта ғасырда өмір сүрген Өтей Бойдақ Тілеуқабылұлы, Мұхаммед Хайдар Дулати, Асан Қайғының қазақша жазба мұраларынан жас буынды салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі терең ойлы мұрағаттарды кездестіруге болады.

Ө. Тілеуқабылұлы дене мен рухани дүние тұрғысында жас буынның сұлулықты түсіне білулеріне ерекше көңіл бөлді. Сонымен ойшылдар «сұлулығымен» қатар «рухани сұлулықты» дамытуды ұсынды.

Ө. Тілеуқабылұлы адамның сыртқы пішіміне, көрінісіне аса назар аударған, егер адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса онда ол оның көңіл-күйін жақсартып, жүрек жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан алшақ болуға шақырады. Ойшылдың ой-саналауы бойынша бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру қажет, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салты
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Баланы жастан немесе баланы бесігінен түзе
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Салауатты өмір сүру сапасы
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz