Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
ӘӨЖ 371.018
Б20 Қолжазба құқығында
БАЙСАРИНА САНДУҒАШ САЙЛАУҚЫЗЫ
қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
(5-9 сынып бойынша)
13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Түркістан, 2007
Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің Педагогика және психология кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Сыздықов О.С.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Бөлеев Қ.Б.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Садирмекова Ж.Б.
Жетекші ұйым: Қазақ Мемлекеттік Қыздар
Педагогикалық Институты
Қорғау 2007 жылы ___ қыркүйек сағат ______ Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД 14.61.35 біріккен диссертациялық Кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.
Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы.
Автореферат 2007 жылы ___ тамыз таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Омар Е.О.
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. Өйткені қоғамның алға басуы үшін бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесі әлемдік сапа деңгейіндегі білім негіздерін толық игеруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайда қазақ мектептерінің білім мен тәрбие мазмұнын қайта құру қажеттілігі арта түсуде.
Қоғамдағы ұлт саясатын жүзеге асыру және қазіргі жаңаша ойлау мен әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Соңғы кездері елімізде жеткіншектерде халық тағылымдары қасиеттерін қалыптастыруда этнопедагогика материалдарын пайдаланудың мәселелері С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Ж.Наурызбай, К.Қожахметова, З.Әбілова, О.Сәлімбаев, Б.Тойлыбаев, Л.Керимов, Л.Сманов, Б.Момынбаев, М.Сарыбеков, М.Балтабаев, Р.Дүйсенбінова, Ә.Табылдиев, Ә.Сәдуақасов, Ф.Бөрібекова, Б.Қойбағарова, Р.Төлеубекова, Б.Мұқанова, А.Мағауова, Г.Бахтиярова, Б.Өтешова, А.Дайрабаева, С.Смайлов, А.Қазмағамбетов, Л.Байсерке және т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Осы ғалымдардың зерттеулерінен тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өсіп, бірге дамығандығын және оның озық дәстүрлері келер ұрпаққа мирас болып келе жатқаны белгілі болып отыр.
Алайда ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, қазақ халқының дәстүрлері арқылы оқушыларға білім мен тәрбие беруге және оқу –тәрбие үрдісін бүгінгі өмір талабына сай ұйымдастыру қажеттілігі мен оның теориялық негіздері, мазмұны, әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтардың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын “Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары” деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: ұлттық білім мен тәрбие беру негізінде жас ұрпақ тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге бағыттап, теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі: қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: қазақ мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде салт-дәстүрлерді пайдалануды ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалануға болады, егер оқу-тәрбие үрдісін мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етсе, оқушылардың ұлттық салт-дәстүрлерді жүйелі бірізділікте меңгеруі оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарына байланысты.
Зерттеу міндеттері:
қазақ мектебінің оқу-тәрбие процесін қазақтың салт-дәстүрлері арқылы ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымдары арқылы дамытудың моделін жасау;
қазақ ағартушы педагогтары мен ойшылдарының халық педагогикасы дәстүрлеріне пікір-көзқарастарын анықтау;
жас ұрпақ тәрбиесін қазақтың салт-дәстүрлері арқылы дамытудың жолдарын анықтап, оны қолдану әдістемесін ұсыну және тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру;
жас ұрпақтың тәрбиесін қазақтың салт-дәстүрлері арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын жүйелеу.
Зерттеудегі жетекші идея: қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды тиімді ұйымдастыру арқылы тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген білім кеңістігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: этнопсихология, этнопедагогика жөніндегі ғылымдар негіздеген теориялар мен халық педагогикасы дәстүрлерінің жетістіктері, жеке тұлғаның даму теориясы, іс-әрекет теориясы, қазақ халқының мәдени, материалдық және рухани құндылықтарын дамыту және пайдалану жөніндегі идеялар мен тұжырымдар, зерттеу проблемасына байланысты тарихи-педагогикалық еңбектер.
Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша қазақстандық, шет ел ғалымдарының еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (Қазақстан Республикасының “Білім беру туралы” Заңы, Қазақстан Республикасының мәдени этникалық білім беру тұжырымдамасы), қазақ этнопедагогикасына қатысты тәлім-тәрбие жөніндегі тарихи-педагогикалық зерттеулер, бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан халықтық тәрбие тәжірибелерінің озық үлгілері, әдіскерлік тәжірибелер, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен автордың кәсіптік тәжірибесін меңгеруіне, күнделікті іс-әрекетте пайдалана білуіне дағдыландырады және оларға саналы көзқарасын қалыптастырады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: теориялық-әдіснамалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу пәніне, тәжірибе жұмысына сәйкес әдістерді пайдаланумен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары мен жарияланған ғылыми-әдістемелік еңбектер негізінде қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты тарихи, философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау, мектеп құжаттарын, озық тәжірибелерді талдау, бақылау, сауалнама, сұхбат, сұрақ-жауап өткізу, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру, алынған деректерді математикалық есептеу әдіс-тәсілі.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең (2001-2002ж.ж.). Зерттеу проблемасы бойынша әдіснамалық, ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен материалдар жиналып, талдау жасалынды. Оқу–тәрбие үрдісін қазақтың салт-дәстүрлері негізінде ұйымдастыру жайлы ғылыми материалдар сұрыпталды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.
Екінші кезең (2003-2004ж.ж.). Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбие негізінде қалыптасқан құндылықтарын меңгеру деңгейі, оны күнделікті іс-әрекетінде ұтымды пайдалану жолдары қарастырылды. Оқыту мен тәрбиелеудің халықтың салт-дәстүрлері негізінде құрылған оқу-әдістемелік көмекші құралдары мен таңдау курсының бағдарламалары жасалып, мектептерге ұсынылды.
Үшінші кезең (2005-2006ж.ж.) Қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың маңызына сәйкес жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорытылып, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді.
Зерттеу базасы: М.О.Әуезов атындағы Семей университеті, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы №32 орта мектебі, Семей қаласындағы №16 қазақ орта мектебі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданындағы Екпін орта мектебі, Бородулиха қазақ орта мектебі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
халық тағылымы материалдары арқылы орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін дамытудың педагогикалық шарттары анықталды;
халық тағылымы материалдары арқылы орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін дамыту моделі жасалды;
орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін дамытудың әдістемелік–көмекші құралдары ұсынылды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Орта буын сынып оқушыларына оқытылатын “Аймақтық салт-дәстүр” сыныптан тыс курсының бағдарламасы тәжірибелік сынақтан өткізіліп, ұсынылды;
5-8-сынып оқушылары үшін “Этнопедагогикалық бағыттағы мәтіндер бойынша диктанттар жинағы” мектеп мұғалімдеріне көмекші оқу-әдістемелік құрал даярланды, тәжірибеге енгізілді.
Оқушыларға халықтық тағылым арқылы тәрбие беруді дамытуда мұғалімдер мен ата-аналарға арналған “Қазіргі кездегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктері” атты оқу-әдістемелік құрал пайдалануға берілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
қазақтың салт-дәстүрлеріне жан-жақты мазмұндық сипаттама беру олардың өзіндік ерекшеліктерін, тәрбиедегі маңыздылығы мен мүмкіндіктерін ашып көрсетуге ықпал етеді.
қазақтың салт-дәтүрлерін пайдалану оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруды анықтайды.
Оқу-тәрбие процесін қазақтың салт-дәстүрлері талаптарына сай ұйымдастыруға ықпал етеді.
Оқу-тәрбие процесінде қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалануды ғылыми-әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру.
Орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымы материалдары арқылы дамытудың моделі жасалынды.
Орта буын сынып оқуышларының салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымы материалдары негізінде дамытудың педагогикалық шарттары жүйеленді.
Орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылым материалдары арқылы дамыту жолдары және оны пайдалану әдістемесі ұсынылды.
“Аймақтық салт-дәстүр” таңдау курсының бағдарламасы мен этнопедагогикалық бағыттағы мәтіндер бойынша диктанттар жаздырудың нәтижесін көре отырып, басақа да облыстар көлемінде қолданыс аясын кеңейту.
Оқу-тәрбие үрдісінде қазақ халқы педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды тиімді ұйымдастыру әдістемесі, оқушылардың оларды терең зерттеудің нәтижелері ғылыми баяндама түрінде халықаралық және республикалық конференцияларда (Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Тараз, Семей – 2001,2003,2004,2005,2006,2007ж.ж.); М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің, Семей қаласының жалпы білім беретін №32, 16 мектептерінің педагогикалық кеңестерінде, оқу құралы мен әдістемелік құралы басылымдарда жарияланған мақалаларда баяндалды.
Зерттеу мәселесінің теориялық мазмұны мектептерде оқу-тәрбие жұмысында әдістемелік-көмекші құрал ретінде пайдаланылды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.
“Салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың теориялық негіздері” атты бірінші бөлімде жас ұрпақты тәрбиелеу ұлттық проблема ретінде қаралып, “ұлттық салт-дәстүр”, “салт”, “дәстүр” ұғымдарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәні теориялық тұрғыдан сипатталып, халық тағылымдары негізінде этнопедагогика тарихы арқылы жас ұрпақтың тәрбиесін қалыптастыру ерекшеліктерін дамытуда оқу-тәрбие үрдісінде ғылыми-этнопедагогикалық жаңалықтардың элементтерін енгізудің педагогикалық негіздері көрсетіліп, айқындалды.
“Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі” атты екінші бөлімде қазақ мектептерінде салт-дәстүрлерді пайдаланудың ғылыми-теориялық және әдіснамалық мазмұны сипатталады және оны оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру жолдары қарастырылып, тәжірибе-эксперимент жұмысының нәтижесі беріледі.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшада зерттеу материалдары мен тәрбие сағаттарының үлгісі берілген.
НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді.
Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлтық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім–тәрбиесі мен ұлттық әдет– ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады.
Осы кезде ғылыми зерттеу жұмыстарының кез–келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері жан–жақты дәлелденген. Дегенмен, қазақ халық педагогикасының асыл мұраларын оқу–тәрбие үрдісінде тиімді пайдаланудың маңызы ғылыми тұрғыда қарастырылмаған.
Біздің ойымызша, ойлы да іскер, жігерлі де батыл, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы жоғары қалыптасқан азамат тәрбиелеуде орта буын сыныптағы білім мен тәрбиенің маңызы зор.
Халықтық салт-дәстүр негізінде тәрбие мен білім беру – көп сатылы үрдіс. Біріншіден, өскелен ұрпақтың қоғамға әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми-педагогикалық жүйесіне негізделеді. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік, ізеттілік дүниетанымын тәрбиелейді. Үшіншіден, сапалы білім мен тәрбиенің белсенді түрде жүзеге асуына ықпал етеді. Оны №1 суретте былай көрсетуге болады:
Ескерту - автормен құрастырылған
Сурет 1 - Салт-дәстүрді пайдалану негізінде тәрбие мен білім берудің нәтижесі
Бұл суретте салт-дәстүр негізінде берілетін білім мен тәрбиенің негізгі мақсаты – жастардың салт-дәстүрге деген көзқарасын, санасын, құрметін қалыптастырып, ұлтқа, елге деген парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын тудыру екенін көрсетеміз.
Бүгінгі таңда болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен әлемдік рухани құндылықтардан нәр алумен ұштастырылып жүргізуді талап етеді.
Заман талабына сай қазіргі уақытта білім мекемелерінің алдында тұрған басты мақсат – оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту. Ал, оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз – оның дене бітімі жағынан өсіп-жетілуі ғана емес, сондай-ақ баланың жан-дүниесі байып, рухани өсуі, қабілеті мен бейімділігі анықталып, ой-өрісі, парасаттылық, көзқарастарының қалыптасуы болып табылады.
Зерттеу жұмысымызда тәжірибеден өткен Шығыс Қазақстан облысының аймағына тән тәрбиелік шараларды жоспарлауда орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы ұғымын дамыту мақсатында Аймақтық салт-дәстүр арнайы тандау курсымен қатар сыныптан тыс тәрбие үрдісі арқылы ұйымдастырылып, дебаттық, ойындар, сын-сайыстар, жарыстар, кездесулер өткізу арқылы білімдерімен қатар салт-дәстүр туралы қалыптастыруға мүмкіндік берді. Аймақтық салт-дәстүр тандау курс бағдарламасы бойынша оқушылармен жүргізілген тәрбие жұмыстары олардың белсенділік іс-әрекетін дамытумен қатар халықтың ежелгі салт-дәстүрі туралы нақты ұғымдар мен түсініктер алуына игі ықпал еткені жүргізілген жұмыс барысында айқын байқалды.
Негізінен сыныптан тыс тәрбие жұмыстары Семей қаласындағы №32, №16, Тарбағатай ауданындағы, Бородулиха ауданындағы орта мектептерде жүзеге асырылды.
Ата-аналар мен оқушыларды қатынастыра отырып, Қазақтың ырым-тиымы - ұлттық тәрбие негізі тақырыбындағы көзқарас сағатын ұйымдастыру көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ата-аналар бұрын мән бермей, жай айтыла салған сөздер деп түсініп келген халық қағидаларының түпкі мағыналарынан көптеген түсініктер алып, отбасындағы бала тәрбиесінде жүзеге асыруға деген қызығушылықтары туындап, көзқарастарында өзгерістер пайда болды.
Аймақтық салт-дәстүр таңдау курсының іс-әрекеті негізінде:
Оқушылар өздерін іс-әрекет үстінде еркін сезініп, өзіндік ой-пайымдаулар жасауға дағдыланды.
Оқушынын ойлау жүйесі реттеліп, іс-әрекетінің нәтижесін көруге деген ұмтылыстары қалыптасады.
Оқушылардың рухани жан-дүниесі молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген саналы көзқарастары байқалды.
Сонымен, эксперимент тәжірибесі көрсеткендей Аймақтық салт-дәстүр таңдау курсы оқушылардың өмірдегі құбылыстар мен оқиғаларға деген дүниетанымын жетілдіруде белгілі дәрежеде нәтижесін беріп отырды. Біз өз зерттеуімізде отбасындағы рухани, мәдени құндылықтар бойынша жоспарланған жұмыс түрлеріне орай, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға арналған әдістемелік нұсқаулар жасалып, түрлі тақырыптарды семинар, бас қосулар (пікір алмасу, көзқарас, сын-сайыс, т.б.) өткізілді. Оқушылардың салт-дәстүр туралы ұғымдарын халықтық тағылымдар негізінде дамытуға әсер ететін оқу пәндері, таңдау курсы материалдарын мазмұнына сай, тиімді қолдана білген жағдайда ғана оқушылар жалпы салт, дәстүр, ұлттық салт-дәстүр, әлемдік салт-дәстүр туралы теориялық білімдер негізін отбасымен қызыға отырып меңгергендігі анықталды. Эксперимент нәтижесі көрсеткендей, халықтық тағылымдар негізінде, оқушылардың салт-дәстүр туралы ұғымдарын дамытуда айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, біздің жасаған әдістеменің тиімділігін дәлелдей келе, төмендегідей тұжырым мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:
1. Салт, Дәстүр, Ұлттық салт-дәстүр ұғымдарын ғылыми тұрғыда талдаудың қорытынды нәтижелері–философиялық, социологиялық, психологиялық, педагогикалық бағыттағы көзқарастар, іс-әрекеттік жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік беріп, мәселенің бүгінгі күнгі көкейкестілігі мен зерттеу деңгейін анықтауға көмектеседі.
2. Дала ойышылдары, ағартушы педагогтар ой-пікірлері және қазіргі таңдағы ғалымдардың еңбектеріндегі салт-дәстүр туралы идеяларын жүйеге келтіріп, жалпы білім беретін орта мектепте, сыныптан тыс өтетін іс-шараларында жүзеге асырылды.
3. Аймақтық салт-дәстүр таңдау курсы бағдарламасы жасалынып өткізілген тәрбиелік шаралар оқушылар білімін жетілдіруде маңызды екені дәлелденді.
4. Халықтық тағылымдарды пән сабақтарында (тарих, әдебиет, биология, адам және қоғам, т.б.) кіріктіре оқыту үрдісіне ендіру арқылы оқушылардың ұлттық дүниетанымын, адам–табиғат–қоғам біртұтастығы негізінде санасын қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық негіздерін анықтауға, мазмұндары мен әдіс-тәсілін ұйымдастыруға жағдай туғызылды.
5. Орта буын сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай салт-дәстүрді оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануды дамытудың моделі ұсынылды.
Шарт – бұл белгілі бір объектінің қызмет етуінің негізі болып табылады. Кез-келген ғылым аясында шарттар объективті және субъективті, қажетті және жеткілікті болып бөлінеді.
Осы қағиданы басшылыққа алып оқушылардың салт-дәстүр туралы білімін дамытудың педагогикалық шарттарын пайымдадық.
Аталған қағиданы басшылыққа ала отырып, педагогикалық шарттарды былайша жіктедік:
1. Халық тағылымдары материалдарын талдау принциптері.
2. Халық тағылымдары материалдарының бірізбен жүйеленуі.
3. Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымдары материалдары арқылы дамытудың моделінің жасалуы.
4. Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымдары материалдары арқылы арнайы таңдау курсында, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында дамытудың әдістері мен тәсілдері.
5. Оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерін дамыту мазмұны мен құралдарының эксперименттік-тәжірибелік жұмыста тексерілуі.
Талданған педагогикалық шарттарды іс-әрекетте жүзеге асыруда олардың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады.
Жоғарыда санамалап берілген педагогикалық шарттардың қызметтік жүйесін сызба түрінде бейнелесек:
Ескерту - автормен құрастырылған
Сурет 2 - Орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүр туралы білімдерін халық тағылымы материалдарының негізінде дамытудың педагогикалық шарттары
Демек, оқушылардың салт-дәстүр туралы білімдерінің педагогикалық шарттары дегеніміз - салт-дәстүр туралы білімді халық тағылымы материалдары негізінде дамытудың қызметтік-мазмұндық сипаттамасы, оқушының салт-дәстүр туралы білімін дамыту моделі жасалынып, бұларды іске асырудың әдістемесі практикада тексеріліп, оң нәтижелерде жеткізетін іс-әрекеттер жиынтығы.
Оқушылардың халық тағылымдарын қаншалықты меңгергені туралы сауалнама, тестік жұмыстар жүргізу арқылы білім мен тәрбиенің үш деңгейі айқындалды. Кіріктіріле жоспарланған пән сабақтарында халық тағылымдарының танымдық мәнін ұтымды пайдалануда теориялық және практикалық білім және тәрбие шаралары мазмұнына сәйкес қосымша іс-шаралар жүргізілді
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың алғашқы жылдарында жүргізілген сауалнама арқылы оқушылардың халық тағылымдарынан түсініктері төмен екендігі айқындалып, олардың ұғым, түсінігін, ойлау өресін кеңейту мақсатында Аймақтық салт-дәстүр таңдау курсының бағдарламасын жасау қажеттігі туындады және дайындалды. Осы бағдарламаны эксперименттпен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерімен кіріктіре өткізе отырып, оқушыларға халық тағылымдарынан жүйелеген мағлұматтар беруге қол жеткіздік. Кіріктіріле жоспарланған пән сабақтарындағы мазмұнды мағлұматтар оқушылар түсінігін қалыптастырудың маңызы да мүмкіндігі мол екенін дәлелдеді.
Эксперимент барысында білім беру мен тәрбиелеуде ұлттық және әлемдік мәдени құндылықтарды кіріктіре меңгерту ісі қарастырылды. Сыныптан тыс өтілетін жұмыс түрлерінің тәрбиелік пәрменділігі оның оқушылардың өзіндік көзқарастарының болуына, қозғалатын мәселенің қоғамдық, әлеуметтік мәніне ғылыми тұрғыдан қарап, іс-әрекет үстінде қажеттіліктеріне жаратуға деген ұмтылыс пен икемділіктерін қалыптастыру көзделіп, бұл міндеттер белгілі деңгейде орындалды. Қазіргі кездегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктері атты әдістемелік-көмекші құралында ұсынылған тәрбие шараларының үлгілері, жоспарлауға қажетті материалдар топтамасы ата-аналар мен мұғалімдерге көмекші құрал міндетін атқарды.
Бағдарлама тақырыптарын меңгертуде пайдаланылған әртүрлі әдіс-тәсілдер (әңгімелесу, сауалнама жүргізу, лекция, семинар, пікіралмасу, көзқарас, танымдық сын-сайыстар, т.б.) оқушылардың халық тағылымдарынан білім деңгейлерін жетілдіруді, ізденісін, ойлау өресінің кеңейгендігін, іскерлік дағдыларының артқандығын байқап көз жеткіздік.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижесі халық тағылымдарына жан-жақты талдау жасау құрастырылған кешеннің (Аймақтық салт-дәстүр таңдау курсы бағдарламасы, әдістемелік – көмекші құрал, т.б.) педагогикалық құндылығын дәлелдейді. Жоғары сынып оқушылары халық тағылымдарына философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану ғылымдары бойынша жасаған талдаулар негізінде адам, табиғат, қоғам, мәдениет, әлем біртұтастығын сезініп, бағалай білуі қалыптасты. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізе отырып, оқушылардың таным деңгейлерінің бастапқы, дала ойшылдары мұраларынан, халық ауыз әдебиеті жанрларынан түсініктері нақтыланғаны байқалды.
Халық тағылымдарының танымдық, тәлімдік мәндерін зерттеп, оны білім беру мекемелеріне енгізе отырып байқағанымыз, оқушыларды ұлттық ұғымдардан хабардар ете отырып, олардың дүниетанымын дамытуға ғылыми-зерттеу жұмысы барысында біршама ықпал еткеніміз байқалды.
Ізденіс барысында орта буын сынып оқушыларының халық тағылымдары негізінде ұлтжандылыққа, салт-дәстүр туралы білімдерін дамыту мынадай өлшемдер арқылы анықталды:
Салт-дәстүр туралы білімді қалыптастырудағы халық тағылымдары туралы дала ойшылдары мен педагог-ғалымдардың көзқарастарынан хабардар болуы;
Аймақтық салт-дәстүр тағылымдары мен қағидаларының танымдық, тәрбиелік мәнін меңгеруі және түсінуі;
Шешендік өнерді халық тағылымдары арқылы қажетсініп қабылдауы, бағалай білуі және іс-тәжірибеде қолдана білуі;
Кемелденген ұлттық сана, талғам сұранысына сай халық тағылымдары қажеттілігінің артуы.
Осы өлшемдер негізінде орта буын сынып оқушыларының салт-дәстүрге қызығушылығын дамытудың деңгейлері белгіленді (төмен, орташа, жоғары).
Деңгейлерге бөлуде өлшемдермен қоса әдістемелік талаптарды да басшылыққа алып отырдық:
1. Білімнің қалыптасу деңгейі мен оған жататындар:
а) ұғым – түсініктер көлемі мен мазмұны;
ә) ұғым – түсініктерді талдай білу іскерлігі;
б) қабілетіне қарай өз көзқарастарын дәлелдеу;
2. Өзінің және басқалардың пікірлеріне баға беруге қажетті өзіндік көзқарасы мен сын көзбен қарауы;
3. Оқушының жеке басының адамгершілік бағыт-бағдары және ішкі жеке тұлғалық көзқарасы, идеясы, ынта-ықыласы, сөз саптау шеберлігі.
Бұл талаптар оқушылардың сөз саптау шеберлігінің және шешендік өнерге қызығушылығының деңгейін анықтауға мүмкіндік берумен қатар, олардың күнделікті өмірдегі тәрбиелік дәрежелерін байқауға көмектеседі.
Оқушылардың сауалнама сұрақтарына берген жауаптарының нәтижелерін мына кестеден көреміз:
Кесте 1 - 5-9 сынып оқушыларының сауалнама сұрақтарына берген жауаптарының нәтижелері.
рс
Кезеңдер
Эксперименттік сынып
Бақылау сыныбы
Оқушы саны
Сұрақ саны
Дұрыс жауап
Жартылай дұрыс жауап
Дұрыс емес жауап
Оқушы саны
Сұрақ саны
Дұрыс жауап
Жартылай дұрыс жауап
Дұрыс емес жауап
1
Алғашқы кезең
70
15
25
15
30
55
15
10
25
35
2
Қалыптас-тыру кезеңі
70
15
27
13
30
55
15
10
26
34
3
Соңғы кезең
70
15
30
15
25
55
15
20
20
30
Ескерту – автормен құрастырылған
Бірінші кестеден байқағанымыз халық тағылымдары, аймақтық салт-дәстүрлерді, жырау-шешендерді, ырымдар мен тыйымдарды атауда, олардың тәрбиелік мәнін ашуда оқушылардың өзіндік болжамдары төмен екенін анықтадық.
Нәтижесінде оқушылардың сөз қадірін бағалау деңгейін халық тағылымдары негізінде қалыптастырудың мынадай кемшілік тұстары байқалды:
жалпы білім беретін орта мектептердің оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнында көптеген ұлттық ұғым-түсініктерден хабардар ететін мәліметтер аз берілген;
ұлттық ұғым-түсініктер туралы ғылыми негізде меңгертуде мұғалімдердің кәсіби шеберлігі төмен, өйткені оқу-тәрбие үрдісінде филосифиялық тұрғыдан мәні зор ұғымдарды педагогика мен психология ғылымдарының әдістемелеріне негіздей алмаушылықтары;
білім беру мекемелерінде халық тағылымдарының озық үлгілері мен мүмкіндіктерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz