Электронды сот өндірісінің дамуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Электронды сот өндірісінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Электронды сот өндірісінің Қазақстанда даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінде электронды сот өндірісінің дамуына байланысты салыстырмалы анализ ... ... ... ... ... ... ... ... .11

II Негізгі бөлім
2.1 Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... .17
2.2 Электронды сөт өндірісінің халыққа тиімділігін арттыру ... ... ... ... ...18
2.3 Аудио-бейне жазбалардың қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қосымша

Кіріспе

Сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ақпараттық технологияны кеңінен енгізу - уақыт талабы. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев судьялар қауымдастығының VІ съезінде соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын электронды инновациялық жүйені енгізуді жәнесот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын [1].
Бүгінде республика соттарында сот төрелігін іске асыру процесін анағұрлым жетілдіруде, сот қызметіне интернет арқылы қол жеткізуде және сот процесінің анықтығын қамтамасыз етуде ықпал ететін жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда.
Бұл бағытта электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде Астана қаласының соттарыэлектронды технологияғакөшірілді. Мәселен, қазіргі уақытта Астана қаласының барлық соттары аудио және бейне жазу құрылғыларымен толық жабдықталған. Кез-келген сот отырысы аудио және бейне таспаға түсіріліп, бірден тараптардың қолына ұсынылады. Бейнетаспаны монтаждау мен өзге әрекеттер жасауға жол берілмейді. Өйткені сот процесі басталған уақытта бейнежазу құрылғысы іске қосылып, сот процесінің басталған және аяқталған уақыты толық көрініп тұрады. Бұл сот процестерінің белгіленген уақытта кешіктірілмей басталуына ықпал етіп, сот істерінің созбалаңға салынуына тыйым болады.
Мұндай заманауи озық технологиялардың қолданылуы судьялар мен сот мәжілісінің хатшыларының жүктемесінің жеңілдеуіне, сот отырысының хаттамасындағы ескертулерді азайтуға, сот ісін жүргізу рәсімін жеңілдетуге ықпалын тигізіп, халықтың сотқа қолжетімді бола түсуіне жәрдемдесуде. Қағаз бетіне түсірілетін хаттамалар жаңа инновациялық бағытпен халыққа тиімділік беретін CD дискілермен алмастырылды.
Сандық электронды қолы бар ел азаматтары уақыттарын үнемдей отырып, кез-келген уақыттаинтернет желісі арқылы талап арыздарын, шағым мен наразылықтарын жолдай алады. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжатын қарап, істің тарихымен, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады.
Сот құжаттарымен танысу жүйесі ашықтық пен жылдамдықты қамтитын электронды сот құжаттарымен танысуға арналған. Яғни, сотқа талап арыз өткізген азамат қолма-қол құжаттың тіркелгендігін растайтын түбіртекті алады. Соңынан ұялы телефоны арқылы логин мен құпия сөз көрсетілген электронды хабарлама алып, сол ақпараттарды енгізу жолымен шығарылған сот актісімен танысу мүмкіндігіне ие болады [2].
Сот жүйесінің конституциялық дербестігі мен тәуелсіздігін нығайтуда, сот билігінің беделін жоғарылатуда, әділ сот төрелігін жүзеге асыруда басты мәселе - соттарды материалдық-техникалық және заманау ақпараттық технологияны соттарға кеңірек енгізумен маңызды.
Бұл ретте сот процедураларының ашықтығы мен айқындығы, сот ісін жүргізудің тиімділігі мен объективтілігі, бұқара халықтың сотқа қолжетімділігі электронды инновациялық жүйені енгізумен арта түспек. Бүгінгі Сот кабинеті және Сот құжаттарымен танысу сервис бұқара халықтың кең қолданысында болып, адвокаттардың, судьялар мен сот мамандарының тиімді жұмыс істеуіне, азаматтардың құқықтық мәдениетінің жетілуіне, олардың өздерінің конституциялық құқықтарын еркін пайдаланып, құқықтарының сақталауы, қорғалуына септігін тигізеді. Ұлттық сот өндірісін дамытудың маңызды бағыттары 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасында және Ұлт жоспары 100 нақты қадамда [3] айқындалған. Сондықтан міндеттелген тапсырмалардың уақытылы орындалуы, судьялар мен сот мамандарының біліктілігін үдемелі көтерілуіне, жаңа технологияны игеру арқылы сот қызметкерлерінің одан әрі мамандануына ықпалын тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - электронды сот өндірісінің дамуын зерттеу. Осыған орай, келесі міндеттерді алдыма қойдым:
- электронды сот өндірісінің дамуын зерделеу;
- электронды сот өндірісінің Қазақстанда даму тарихына тоқталу;
- Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінде электронды сот өндірісінің дамуына байланысты салыстырмалы анализ жасау;
- электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздерін анықтау;
- электронды сот өндірісінің халыққа тиімділігін арттыру
- аудио-бейне жазбалардың қолданылуын зерттеу.
Курстық жұмыстың методологиялық негізі. Бүгінгі күні электронды сот өндірісінің проблемасына байланысты көптеген ғалымдардың көз-қарастары және ой пікірлері бар. Осы жұмыстың негізгі бөліміндегі электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздеріне байланысты келесі ғалымдардың ұсынған ой-пікірлерінің негізінде жазылған: З.Х.Баймолдина, Ю.К.Осипов, Е.В.Кузнецова. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінде электронды сот өндірісінің дамуына байланысты салыстырмалы анализ жасауға байланысты: А.А.Власов, В.Ф.Тараненко, У.К.Ихсанов еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер. Осы жұмыста электронды сот өндірісінің дамуына байланысты ресми статистикалық мәліметтер келтірілген.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, неігізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданлыған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Электронды сот өндірісінің дамуы

Қазіргі заманда онлайын жүйеде электронды құжат айналымы қызметінің саны күн санап өсіп келеді. Бұл мақсатта Электронды үкімет порталы халық пен биліктің жұмысының сапасының артуына ықпал етіп, тиімді, ашық әрі, азаматтарға қолжетімді бола түсті.
Бұрын әрбір азамат өздеріне қажетті ақпаратты немесе мүмкіндігі бар барлық анықтамалар мен құжаттарға қол жеткізу үшін көптеген сатылардан өтулеріне тура келетін. Мұның барлығы таусылмайтын жүріс-тұрысқа әкеліп соғатын. Бүгінгі таңда бұл қағазбастылық мәселесі электронды үкімет жобасының арқасында халықтың пайдасына қарай шешілді.
Электронды үкімет - бұл мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынасының тұтас механизмі. Дәл осы механизм мемлекеттік органдарда кезекте тұруды қысқартуға және анықтамалар, куәліктер, рұқсат беруші құжаттарды алу жолын жеңілдетуге және тездетуге мүмкіндік берді. Осындай мүмкіндікті сот өндірісіне де қатысты пайдалану мақсатымен электронды порталдың Электрондық қызметтер айдарында сот өндірісімен байланысты үш тарапты қызмет көрсету түрлері белгіленген. Оларға: сотқа талап арыздар беру, сот отырысының хаттамасына ескертпе беру туралы сұраным, сот отырысының хаттамасын электронды түрде арыздар беру туралы қызмет түрлері жатады.
Электронды талап арыз беру қызметі электрондық үкіметінің төлем шлюзі арқылы мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Арыз беруші электрондық құжат нысанында талап арызды және құжаттардың басқа да көшірмелерін жүктеу арқылы қоса тіркей алады. Сонымен қатар, электрондық талап арыз нысаны бір немесе бірнеше талапкерлер мен жауапкерлердің (жекезаңды тұлғалардың) деректерін енгізуге мүмкіндік береді. Құжаттарды электронды үкімет порталы арқылы соттың базасына электронды арызды жеткізу, арыз берілген сәттен бастап, 30 минут ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұдан әрі сот өндірісі қалыпты жағдаймен жүзеге асырылады. Электронды үкімет порталы тәулік бойы қызмет атқаратындықтан, әрбір Қазақстан азаматы қажеттілігіне байланысты сотқа жүгіну құқығымен ғаламтор желісі арқылы, уақытын үнемдей отыра, талап арыздар бере алады. Осы үрдістің қарапайым халық үшін нарық заманындағы жүктеме салмағын азайтудың оңтайлы жолы екенін түсіне білгеніміз абзал.
Сондай-ақ, сот жүйесін қолжетімді ету және оны оңайлату мақсатында Жоғарғы Сот пен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында азаматтар үшін сот құжаттарымен танысу және сот кабинеті электрондық сервистері іске қосылды. Осы сервистер арқылы азаматтар онлайн режимінде электрондық түрде талап арыз бере алады, және сот актісімен жедел таныса алады.

Сурет - 1. Сот кабинеті электрондық сервисі
Ақпарат көзі: http:office.sud.kzindex.xhtml

Сот саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық саясаттың қағидаттарын басшылыққа алып, мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Еліміздің тәуелсіздігі жылдары ішінде демократиялық және құқықтық мемлекеттің сұранысына сай сот жүйесі қалыптасып, тұтас алғанда толық қанды жұмыс атқарып келеді.

1.2 Электронды сот өндірісінің Қазақстанда даму тарихы

Сот төрелігін жүзеге асырудың және сот өндірісінің барынша ашықтығына қол жеткізудің ең тиімді бағытының бірі - ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Бұл жағынан алғанда да қазақстандық сот жүйесі ТМД елдерінің арасында алғашқы болып, яғни сонау 1999 жылы ақпараттық технологияларды енгізуді бастап кетті. Осы тәжірибенің негізінде 2004 жылы барлық соттарды біртұтас автоматтандырылған сот өндірісі жүйесін құру туралы тұжырымдама жасалды.
Ал 2007 жылы еліміздің барлық соттарына Біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-сараптамалық жүйені енгізу толықтай аяқталды. Осы жүйенің арқасында істердің сотқа түскенде автоматты түрде бөлінуі, әкімдіктер ұсынылған тізімдерден алқа билердің кездейсоқ тізімін жасау секілді міндеттер шешімін тапты.
Ал 2008 жылдан кейін сот жүйесінің ведомстволық желісі сот статистикасын қалыптастыруға, электронды құжат айналымына көшті. Қазіргі күні ол қызмет аясын одан әрі кеңейтіп, процесс кезінде бейнеконференция байланысы мүмкіндігін пайдалану және аудио-бейне түсіруді көздейтін электронды сот өндірісі енгізілуде. Нақты айтқанда, қағазбастылықтан құтылып, сот өндірісінің жеделдігін арттыру мақсатында сот өндірісіне қатысушыларды құлаққағыс қылатын балама (электронды) пішімдер қолданылуда. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан-2050 Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 2012 жылғы Жолдауына [4] сай электронды сот өндірісінің жаңа деңгейлі үрдістерін қалыптастыру үшін кешенді шаралар қабылдануда.
Жалпы еліміздің сот жүйесінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан-2050 Стратегиясында [5] көрсетілгендей, мемлекеттік биліктің дербес саласы ретін­де қоғамда болып жатқан барлық жаңа бастамалар мен өзгерістерге, ілгерілеуге, елдің дамуына құқықтық қолдау көрсету деп пайымдау қажет. Ал отандық сот өндірісін дамытудың басты бағыттары Құқықтық саясаттың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында да айқын көрсетілген. Демек, сот жүйесін әрі қарай дамыту барысында ғылым мен техниканың ең үздік жетістіктерін, яғни ақпараттық технологияны пайдалану қажет.
ХХІ ғасыр Қазақстан Республикасы үшін іргелі жаңалықтармен, саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы үлкен табыстармен басталды. Со­ның бір көрінісіндей, Елбасының жаңа Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында [6] еліміздің Мәңгілік Ел болуына сара жол ашылып тұрғаны айқындалды. Оның көптеген негіздерінің бірі ретінде барлық азаматтардың бостандықтары мен құқық­тарын қорғауды жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін, халықаралық стандарт­тарға негізделген, тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Осы орайда Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру жолында отандық сот жүйесінің алатын орны қандай деген заңды сұрақ туындайтыны рас.
Алқа билер мен ювенал­дық, әкімшілік, мамандандырылған эконо­ми­калық соттарды құруға, қамауға соттардың санкция беруіне және соттардың қызметін қамтамасыз ету мен олардың шешімдерін орындауға байла­нысты бірқатар заң актілері дайындалып, тәжірибеге енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы соттарының мәртебесі мен сот жүйесі туралы [7], Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы [8], Сот орындаушыларының мәртебесі мен орындау өндірісі туралы [9], Аралық соттар туралы [10] конституциялық заңдар дайындалып, Қылмыстық-процессуалдық кодекс, Азаматтық процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соттардың құқық қолдану тәжірибесінде кездесетін өміршең мәселелер бойынша Жоғарғы Соттың бірқатар нормативтік қаулылары қабылданды.
Қазақстан халқына ортақ мақсаттар мен мүдделерді біріктіретін Мәңгілік Қазақстан жобасының ұсынылуы бүгінде тұғырында нық тұрған, болашағына кәміл сенетін, Отанын сүйетін, Елбасын құрметтейтін ардақты халқы бар елде ғана мүмкін болатын жаңалық деп білеміз. Осы жобаны жүзеге асыруға жарқын жол ашатын Мәңгілік Ел идеологиясы белгіленіп, халқымыздың болашағына деген сенімдерінің еселеп өсуіне, мақсаттары мен мұраттарының артуына кепілдік берілді. Елбасы: Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ ша­ңырағымыздың ұлттық идеясы, - деп түйіндеді. Мұнда, ерекше бір атап өтер жайт, 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі дамыған, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуды көздеген стратегияны жүзеге асыруға тек мемлекеттік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар әрбір қазақстандық азамат өзінің перзенттік көзқарасы, адал еңбегі арқылы атсалысулары қажет, деп ойын дамыта түскен Қайрат Мәми бұл орайда сот жүйесінің де негізгі міндеттеріне ойысты.
Сондықтан мемлекеттік биліктің дербес саласы, сот билігінің де қоғамдық дамуының орны мен рөлі айқындалып, міндеттері белгіленуі тиіс, дейді ол. Жалпы сот жүйесінің даму жолдарын мемлекеттің даму жолдарынан бөлек, ажыратып алып, бағалау мүмкін емес. Сот билігі - мемлекеттік саяси жүйенің құрамдас бөлігі, ажырамас бөлшегі. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы жылдардан бастап сот жүйесі қоғамдық заңдылықтарға негізделген іздену, қалыптасу, даму жолдарынан өтті. Осы жылдар аясында, биліктің дербес тармағы ретінде сот жүйесі қоғамдық қатынастардың орнығуына, мемлекеттің сая­си беделінің артуына, заңдылықтың басты демократиялық қағидаларының бірі ретінде бағалануына үлесін қосты. Ал Елбасының бастауымен елді көркейтуге арналған жолда әрбір сала қызметкерлері ортақ іске дұрыс әрі орнықты үлес қоспаса оның өркендей қоюы да екі талай. Міне осы тұста бірлік бар жерде тірлік бар дегендей, білікті де, білімді адамдар өз салалары бойынша болашаққа белгіленген сара жолды салып, ойдағы міндеттерді аз уақытың ішінде жүзеге асырып, елдің дамуына үлкен үлес қосты. Соның бірі Жоғарғы Сот жүйесі дейміз.
Жоғарғы Соттың 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, Соттық білім беру тұжырымдамасы дайындалды. Жалпы сот құрылымы мен сот өндірісінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылып, судьялардың мәртебесі мен соттардың тәуелсіздігі нығая түсті. Оған дәлел ретінде көптеген атқарылған шараларды жатқызуға болады. Мәселен, атқарушы биліктің соттарға ықпалын жою сот реформасының екінші сатысындағы бетбұрысты туғызды. Оған Мемлекет басшысының 2000 жылғы Сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі шаралар туралы Жарлығы үлкен себеп болды. Мұнда соттардың жұмысын қамтамасыз ету қызметін Әділет министрлігінен Жоғарғы Соттың сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне және жергілікті соттардың әкімшіліктеріне беру көзделді.
Міне, тәуелсіздік алған жылдар аясында Қазақстан судьяларының салты съезі өтіп, әрбір съезде республика сот жүйесінің бүгіні және болашағы туралы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылданды дей аламыз. Мәселен, өткен жылы, қараша айында болған Судьялардың VI съезінде Елбасы Н.Назарбаев отандық сот жүйесінің табысты еңбегін оң бағалап: Біз Қазақстан-2050 Стратегиясын темір­қазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мәселелерді шешуі керек, өзінің құқын қорғай алуы керек, - деді. Осы сөздер сот жүйесінің мемлекеттің саяси құрылымындағы алар орны мен рөлін және сот-құқықтық реформасының болашақтағы даму бағыттарын айқын анықтап беріп отыр. Бұл орайда аталған реформаларды іске асырудың бір тетігі ретінде соттарды мамандандыру ісі өте қажет еді. Бірақ бұл оңай шаруа емес. Оның шешімі қиын түйінді мәселелері де баршылық. Алайда, әділ және қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдірудің бір бағыты - соттарды маман­дандыру жүзеге асты.
2001 жылдың қаңтарында Президент Жарлығымен Алматы және Қарағанды қалаларында тәжірибе ретінде мамандандырылған экономикалық соттар құрылды. Содан Президенттің 2002 жылғы ақпандағы Жарлығымен маман­дандырылған ауданаралық экономикалық соттар еліміздің қалған барлық 14 аймағында өмірге келсе, Астана мен Алматыда мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар құрылып, кейін 2004 жылдың 9 қыркүйегінде барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда ашылды. 2007 жылдың 23 тамызындағы Президенттің Жарлығымен Астана және Алматы қалаларында жасөспірімдер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылып, кейін барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда жұмыс істеді.
Мұның бәрі халық үшін атқарылып жатқан шаруалар екені бесенеден белгілі. Өйткені, мемлекеттің басты байлығы - халық. Азаматтардың мүдделері қандай жағдайда болсын мемлекеттің назарынан тыс қалмауы тиіс. Ендеше, осы ұлы замана көшінен сот жүйесі де қалмай, керісінше ұлы дүбірдің алдыңғы қатарынан орын алуы қажет. Себебі, Президент: Дамыған елдің негізі - әділ сот деп текке айтқан жоқ. Адал және әділ соттың қалыптасуына және дамуына тек мемлекет қана қамқорлық жасай алады. Экономикасы дамыған, халықаралық сахнада саяси беделі бар, көреген Елбасы бар, халқы сенім білдіріп, әрбір бастамасына қолдау көрсетіп, береке-бірлікті, ұлтаралық татулықты сақтап отырған елде ғана әділ әрі адал сот жүйесі қалыптасады және дамиды деп толықтай сеніммен айтуға сот жүйесінің қазіргі даму үрдісі де айғақ бола түсуде. Бұған қол жеткізу үшін, жоғарыда айтқанымыздай, бірталай баспалдақтардан өтуге тура келді. Соның, яғни үздіксіз еңбек пен тынымсыз ізденіс арқасында сот жүйесін дамытудың айрықша сәті туды.
Сот жүйесін дамытудағы айтулы кезең деп 2007 жылы Негізгі Заңға енгізілген өзгерістерді тілге тиек етуге болады. Осы қабылданған жаңалықтар арқылы, яғни солардың ішінде тұтқындауға соттың санкция беруі азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын қорғауды арттырды. Соттарға осындай мүмкіндік берілген соң тұтқындау барысы қорғаушы өкілдерінің қатысуымен айқындала түсті. Бұл өз кезегінде қудалау органдарының аталған жаза шараларын қолдану жөніндегі ұсыныстарын біршама азайтуға әкелді. Сөйтіп, бүгінгі күндері қылмыстық үдеріс кезіндегі сотқа дейінгі қамауға ұшырайтындардың саны үш есе қысқарып отыр. Мәселен, 2007 жылы прокурорлардың санкциясымен қамауға алынғандар саны 20 027 болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 12 685 болды.
Бүгінде Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы - Ата Заңымыз, мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата-бабаларымыздың ар-намысынан тұратын бірлік, тыныштық идеясын бойына сіңірді. Сот-құқықтық реформаның басты бағыттарының бірі - қолданыстағы заңнаманы ізгілендіру, яғни қоғамның сұранысын ескере отырып, заңдарға өзге­рістер мен толықтырулар енгізу, жаңа заңдар қабылдау міндеті болып табылады. Бұл сөзіміздің дәлеліндей, қазір Парламентте Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі туралы заңдардың жобалары талқыланып жатқаны белгілі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сол сияқты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот төрелігін жүзеге асыруды оңайлату және бюрократиялық процедураларды азайту туралы заң жобалары дайындалып, Парламент Мәжілісінің қарауына жолданған. Президенттің 2014 жылғы 16 қаңтардағы Жарлығына сәйкес кейбір толықтырулардан өткен Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясаты туралы тұжырымдамасына [11] сәйкес қоғамның қарқындап дамуы сұранысынан туындайтын жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексін қабылдау міндеті сот-құқықтық реформасының басты бағыттарының бірі ретінде көзделіп отыр.
Сот жүйесі қашанда ашық және қолжетімді болуы тиіс. Өзінің құқығы мен бостандығы бұзылды деп есептеген әрбір азамат сот органдарына жүгіне алады. Соңғы жылдары сот органдарына жүгінуші азаматтар мен заңды тұлғалардың қатары көбейіп, қаралып жатқан азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық істердің саны артуда. Әрине, бұл көрсеткіш қоғам­ды заңсыздық жайлап кетті деген мәселе емес, керісінше халықтың сот органдарына деген сенімінің артуына, жұрт­шылықтың құқықтық сауатының жетілгеніне дәлел болады. Сонымен қатар, экономикалық қатынастардың қарқындап дамуы, нарықтық қатынастардың ел өміріне тереңдеп енуі - жаңа санаттағы даулар санының өсуіне себептерін тигізіп, соттарда қаралатын істердің саны көбейе түсуде. Мұның бәрі халықаралық қауымдастықта да еліміздің ұстанған бағыты үлгілі екенін, алқа билер сотының шешімдері демо­кратияның өміршеңдігін дәлелдеп берді.
2004 жылы Қазақстан Судьялар одағы Судья­лар­дың халықаралық ассоциа­ция­сының (Мексика, Вале де Браво қ.) жыл сайын өтетін 47-ші отырысының шешімі бойын­ша осы Ассоциация мүшелігіне әдеттен тыс жағдайда қабылданды. Бұдан кейін 2011 жылы Ыстамбұл қаласында өткен 54 отырыста Қазақстан Судьялар одағы Судьялардың халықаралық ассоциациясының толыққанды мүшесі атанды. 2006 жылы Алқа билер туралы және Алқа билердің қатысуымен қылмыстық сот өндірісін жүргізу мәселелері бойынша заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң дүниеге келді. Бұл қазақcтандық сот жүйесін халықаралық стан­дарттар негізіне сәйкестендіру үшін көп жылғы ізденіс, дайындық жұмыстарының нәтижесі еді.
Сондай-ақ, Астана қалалық сотының ресми сайтында азаматтар үшін Істерді қарау тізімдері, Сот істері бойынша анықтамалық, Сот актілерінің банкі, Сот кабинеті, Сотқа шақыру қағазы сияқты электронды ақпараттық ресурстар жұмыс істейді. Сот құжаттарымен танысу сервисі аясында құжаттарға жедел қолжетімділік қамтамасыз етілген. Пайдаланушы тараптарға мобильдік телефонына немесе электрондық поштасына SMS түрінде жолданатын логин мен құпия сөз көмегімен өз ісі бойынша кез келген процессуалдық құжатпен таныса алады. Тараптарды сотқа шақыру да ұялы телефонға SMS хабарлама жіберу арқылы іске асырылады. Осы жүйені енгізудің нәтижесінде қағазға, пошталық жолдауларға және басқа да материалдарға жұмсалатын шығындар айтарлықтай қысқарды. Халыққа сот органдарының қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша жүгінуге және кеңес алуға бірыңғай байланыс орталығының 1401 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы мүмкіндік берілген.
Бүгінде сот әділдігін жүзеге асырудың сапасы жақсарып, халықтың сотқа деген сенімі артып келеді. Әділ сот төрелігін атқаруда, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғауда және сот жүйесінің әрі қарай серпінді дамуында Астана қалалық соты өз үлесін қосуда.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімділігі, ашықтығы мен тиімділігі тәсілдерінің бірі болып табылғандықтан ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдемек. Бұл технологиялар сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, қағазбастылықтан арылып, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, әрі сот жүйесінің анағұрлым ашықтығы мен қолжетімділігіне мейлінше қол жеткізуге септігін тигізеді. Олай болса, уақыттың санаулы нарық заманында сот тарапынан ұсынылған оңтайланған ақпараттық жүйелердің электронды қызмет түрлерін кеңінен пайдаланғаныңыз абзал.

1.3 Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінде электронды сот өндірісінің дамуына байланысты салыстырмалы анализ

Ақпараттық технологиялар мантия мен балға тәрізді Фемида ерекшеліктерінің біріне айналмақ. Қазақстанда қазірдің өзінде сотқа интернет арқылы шағымданып, тіпті сот процесіне қашықтан-ақ қатыса беруге болады. Жаңа заңнама әркімнің үйде отырып-ақ, құжаттардың өту жылдамдығы мен сот шешімінің орындалу мерзіміне дейін өз ісінің кез келген сатысын бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда қоғамды ақпараттандыру процесі белсенді түрде жүріп жатыр, оның ішінде халыққа қызмет көрсету және ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз етуді ақпараттандыру процестері. 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасында электронды үкіметті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2010 жылдан бастап біздің елде электронды үкіметті құру жоспарын іске асырудың 3 кезеңі басталды.
Электронды үкімет - мемлекеттік функцияларды уақытылы және сапалы орындауға бағытталған ақпаратты-коммуникационды инфрақұрылым негізіндегі мемлекеттік жүйені басқару. Оның инфрақұрылымын құрудың негізгі принципі мемлекеттік органдарының азамат өмірінің айналасындағы оқиғалар үшін принципі бойынша жұмысын қамтамасыз ету. Барлық жүйенің ортасында мемлекетпен бір тереземен әрекеттесетін азамат тұр. Соңғысының қызметін ХҚКОры және e.gov.kz электронды үкіметтің интернет-порталы атқарады. Электронды үкімет ақпаратқа қолжетімділікпен қалай қамтамасыз етуге мүмкіндік бере алады?
Біріншіден, мемлекеттік органдарының интернет қорлары арқылы. Егер 3-4 жыл бұрын мемлекеттік органдарының сайттары көбінесе беделінің көрсеткіші ретінде және заңның талабы болса, онда қазір ол ақпаратты иесінен (мемлекеттік басқару органдары) тұтынушыға БАҚ айналып өткізудің тікелей құралы. Кейбір кездері БАҚ мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты бұрмаланған күйде беретінімен келісңіздер. Ақпаратты тұтынушылардың заңды ықыласы мен құқықтарын жүзеге асыруға керекті мәліметтерді тікелей алуға интернет қоры мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың интернет қорларында Әкімшілік атқару тәртібі туралы заңының 12-5 бабы міндетті бөлімдер мен міндетті ақпараттар беру бөлімдерінің бар болуын міндеттейді. Бұл ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін және ең керекті ақпараттың тұтынушыларға берілетін пассивті әдісі.
Мысалы, Заң мемлекеттік органдармен қабылданған барлық нормативті құқықтық актілерді жариялауды міндеттейді. Соған байланысты құжаттарды беруге жаппай талаптарды түсуін болдырмауға септігі тиеді. Интернет қор Сауал-жауап және Басшының блогы деген қызметтерді беру керек. Осының және оның ішінде электронды сандық қол арқылы өздерінің үндеулерін жолдай алады, сонымен қоса ақпарат қолжетімділігіне деген конституциялық құқықтарын қанағаттандыра алады.
2003 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы электронды үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ 190 мемлекет-мүшелеріне салыстырмалы баға беру зерттеуін жүргізіп келеді. Бұл баға беру екі басты көрсеткіш бойынша жүргізіледі: е-үкіметінің даму көрсеткіші және е-қатысу көрсеткіші. 2012 жылдың ақпан айында жарияланған зерттеу қорытынды бойынша Қазақстан (2010 жылмен салыстырғанда) рейтингте сегіз позицияға 46-дан 38-ге орынға көтерілген. Оған қоса онлайн-қызмет көрсеткіші 10 позицияға, телекоммуникациялық инфрақұрылым көрсеткіші 14 позицияға көтерілді. Е-қатысу көрсеткіші бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге 2 орынды алды. Бұл көрсеткіш азаматтардың үкіметпен онлайн тілдесу көрсеткішімен анықталады (блогтар, твиттер, әлеуметтік желілер, Интернет-конференциялар).
Сот ісін жүргізудегі ашықтық, жариялау туралы қабылданған стандарттардың орындалуы соттық шешімнің жариялануымен тығыз байланысты. Сот актісінің қол жетімділігі қоғамға соттарды бақылауы үшін қосымша мүмкіндіктерді береді. Сонымен бірге, сот ақпаратының ашықтығы әділеттілікті қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде қамтамасыз етілуі керек. Атап өткеніміздей, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактінің 14-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес балалардың үстінен қамқорлық немесе некелесуге байланысты дауларға байланысты жағдайлар, немесе кәмелетке толмағанның мүддесі талап ететін жағдайлардан басқа кез келген азаматтық немесе қылмыстық іс бойынша соттық шешім жариялануы тиіс.
Ашықтық талабы сот билігін жүзеге асыру және ұйымдастыру мәселелерін реттейтін бірқатар халықаралық құжаттарда бейнесін тапты (мысалы, адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы 10-11, 19, 29 б. [12] және саяси және азаматтық құқық туралы Халықаралық пактінің 14, 19 б. [13], бала құқығы туралы Конвенцияның 13 б. [14] және кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты БҰҰ минималды үйреншікті ережесінің 8 п., негізгі бостандық және адам құқығын қорғау туралы Еуропалық Конвенцияның 6, 10 б., ЕҚЫК адамдық өлшемнің конференцияның Копенгагендық отырысының құжаты II п. (28.9), таңдау, өңдеу, ақпараттық - іздеу жүйелерінде соттық шешімдерді мұрағаттау және беру туралы I (5.16), II (9.1) и (10.1). пп. Еуропа кеңесінің министрлерінің комитетінің ұсыныстары No. R (95) 11 Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясының құжаттары. Сот тәжірибесінің құжаттарына қол жетімділікті қамтамасыз ету тәжірибесі олардың мамандандырылған мезгілді шығаруларды жариялануы болды. Дегенмен, атап өту керек, ақпаратты - коммуникалық технологиялардың ауқымды және барлық жерде дамуы соттық билік органдарына жұмыс сапасын жақсартуға кең мүмкіндік берген, сонымен бірге соттық органдардың және азаматтардың ақпараттық құқығын іске асыруға тиімді әдіс болып шықты. Соған байланысты көптеген мемлекеттерде жаңа дамыған ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданумен Интернет желіде немесе мамандандырылған ақпараттық - құқықты жүйеде және мәліметтер қорында соттық тәжірибенің құжаттарын электронды жариялау жүйесі белсенді өндеп және дамуда.
Ұқсас шаралар тұрғындардың мәліметтілігін, сол ақпаратқа қол жетімділк деңгейінің елеулі жоғарылауына, сонымен қатар мемлекеттік құқықты саясаттың ашықтығына мүмкіндік туғызатыны анық.
Көптеген елдерде бар электронды үлгіде сот шешімдеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету жүйесі қазіргі уақыттағы ақпаратты қамтамасыз ету процессін ұйымдастыру және даму технологиясының тенденцияларын көрсетеді. Ортақ болып соттық шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін тек қана процесске қатысушыларға ғана емес, барлық қызыққандарға беру болып табылады. Сонымен бірге, басым болған елдердің санында қол жеткізу қолданушылар үшін тегін болып табылады. Ақпараттық қорлардың сақталуы мен ақпараттық сұрауларды тез өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ақпаратты - коммуникациялық технологияларды қолдану аясы кеңеюде.
Ресей Федерациясындағы соттардың ақпараттық ашықтық қағидасын қамтамасыз ету тәжірибесі ретінде 2008 жылы 22 желтоқсанда Ресей Федерациясындағы соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету туралы Заңы қабылданып [15], 2010 жылы 1 шілдеде күшіне енді. Заң азаматтардың соттардың қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығын бекітеді, жеке алғанда сот актілерінің мәтіндерінің Интернет желісінде жариялануы, сонымен бірге заңнамамен тікелей бекітілген соттық актілерінің жариялануын шектеуден басқа сотпен қарастырылатын барлық істер бойынша сот актілерінің Интернет желісінде міндетті орналастырылуы талабын орнатады.
Дербес мәліметтердің мәтіннен шығару туралы талап ету Ресей Федерациясының Конституциялық Сотымен, Ресей Федерациясының субъектісі конституциялық (жарғылық) соттармен, төрелік соттармен шаығарылған соттық актілерге, сонымен бірге заңмен сәйкес міндетті жариялануға жататын жалпы сот ісін жүргізу соттарының соттық актілеріне таралмайды. 2008 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды сот өндірісі қызметінің құқықтық негіздері
Атқару құжаттарын қабылдау бойынша талаптар
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы
Ақшаның атқаратын қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Алматы қаласының жаңа шекараларын бекіту мақсатында жүргізілетін топографо-геодезиялық жұмыстар
Экономикалық заңдар
АҚПАРАТҚА ҚҰҚЫҚҚА СЫЙЫМСЫЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІ ДӘЛЕЛДЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ақша жүйесі туралы
Пәндер