Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЭКСТРАДИЦИЯ ҰҒЫМЫ
1.1 Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі
1.2 Адамдарды ұстап беру (экстрадиция) түсінігіне шолу
1.3 Ұстап берілген адамның қылмыстық жауапкершілігінің шектері

2 ҚАМАУДА ҰСТАУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТРАНЗИТ ЖӘНЕ УАҚЫТША БЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАМАУДА ҰСТАУ
2.1 Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды ұстау ерекшеліктері
2.2 Экстрадициялық қамау және адамды ұстап беруден (экстрадициядан) бас тарту
2.3 Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы сұрау салу жөніндегі шешім
2.4 Шет мемлекетке беруді және беру уақытын кейінге қалдыру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

6

6
11

13

14

16

16

18
19

21
25

Кіріспе

Қазіргі әрекет етіп тұрған Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының 4 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының парламентімен ратификацияланған халықаралық шарттар мен жалпы танылған халықаралық құқықтың нормалары мемлекеттің құқықтық нормалар жүйесіне кіреді және ұлттық құқық нормалары Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларына қайшы келген жағдайда жоғары заңдық күшінің болатындығы айтылған. Бұл конституциялық ережеге сәйкес тек Қазақстан Республикасының Парламентімен ратификацияланған халықаралық шарттардың ғана ұлттық заңдардан үстемдігін білдіретін саяси-құқықтық мәртебе береді. 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келiсiмнiң бiр құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше құжаттарда екендiгiне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқық реттейтiн халықаралық келiсiм. Бұл анықтама 1969 жылғы халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясындағы халықаралық шарттардың анықтамасына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарды жасауға тек мемлекеттің ғана құқық қабілеті бар. Қазақстан Республикасы бұл конвенцияны 1993 жылы 31 наурызда ратификациялады. Қазақстан Республикасы қылмыспен күресу аясындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша көптеген үкіметаралық келісімдер, Бас прокуратура, ІІМ мен Қазақстан Республикасының басқа да ведомоствалары халықаралық келісімдер жасасқан. Осы уақытқа дейін ғалымдар арасында құжаттардың соңғы тобының құқықтық табиғаты мен міндеттілік күшіне қатысты ортақ көзқарас жоқ. 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының түрлеріне: Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының атынан шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен жасалатын шарттар жатқызылады. ІІМ басқа мемлекеттердің ішкі істер органдарымен жасалған халықаралық келісімдер Қазақстан Республикасының ведомоствааралық шарттарына жатқызылады және елдің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, әрі ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін орындалуы міндетті. Халықаралық шарттардың осы тобын зерттеп жүрген Ресейлік ғалым Волженкина шарттардың мұндай түрлерін өзара теңестіру конституцияның нормаларына қайшы келеді деп есептейді және бұл Үкімет пен орталық атқару органдарының құзіретін шектен тыс асыру деп есептейді.[7] Керісінше Т.Н.Москальков пен Н.Б.Слюсарь заң жүзінде өзара теңестірілгендіктен ведомоствааралық деңгейде жасалғандығына қарамастан тең дәрежеде қолданылу керек деп есептейді. [8] Дегенмен, менің ойымша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның мемлекет атынан, үкімет атынан не ведомоствааралық органдар атынан жасалғанына қарамастан оны орындау міндеттілігі мен оны орындамағаны үшін жауапкершілік тек мемлекеттің еншісіне тиесілі. [9] Прокуратура органдары мен ішкі істер органдарының жасаған ведомостваарлық шарттары бірінші кезекте қылмыс жасады деп айыпталған тұлғалар мен сотталған тұлғалардың құқықтық жағдайына қатысты болғандықтан ҚР халықаралық шарттары туралы заңына сәйкес міндетті түрде ратификацияланатын шарттар тізіміне кіретіндіктен тек мемлекетаралық шарттар нысанында жасалуы тиіс деп есептеймін.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында экстрадиция мәселесі 1998 жылы 27 сәуірде ҚР ІІМ - мен бекітілген "Интерпол желісі арқылы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өтінішті жіберу және тапсырманы орындау туралы" Нұсқаулығымен де реттеледі. Осы нұсқаудың мақсаты халықаралық сипаттағы қылмыстың алдын алу, ашу және тергеу процессінде Интерпол арқылы құқық қорғау органдарымен өтінішті жіберу және тапсырманы орындау тәртібін бекіту болып табылады.
Нұсқаудың VI тарауы қылмыс жасаған тұлғаларды тұтқынға алу және экстрадициялауға (ұстап беруге) арналған. Осы нұсқауға сәйкес, экстрадиция - бұл рәсім , яғни, бір мемлекет өзге мелекеттен осы мемлекетпен сотталған тұлғаны, немесе оны сотқа тарту немесе үкімді орындау мақсатында оған қатысты ұлттық заңмен қылмыстық қудалау жүзеге асырылған тұлғаны ұстап беруін сұрауы мүмкін. Сонымен қатар, осы жерде бір мезетте экстрадицияны заңдық акті ретінде қарастырған, яғни, ұстап беру талабы қойылған тарап тұлғаны беру арқылы да жүзеге асырылуын білдіреді.
Жоғарыда айтып кеткендей, қылмыс жасаған тұлғаларды тұтқынға алу және ұстап беру мәселесі Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының құзіретіне жататындығы бәрімізге белгілі, осыған байланысты экстрадициялауға жататын тұлғаны тұтқынға алу және ұстап беру туралы өтініші ІІМ-інің тергеу органына немесе Қазақстан Республикасы Прокуратурасының тергеу және анықтама үшін қадағалау басқармасына бағытталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - экстрадиция терминіне сипаттама беру және оның қылмыстық құқықтағы маңызын анықтау.
Курстық жұмысының әдістемелік негізі. Курстық жұмыстың әдістемелік негізі жоғарыда көрсетілген мақсатты орындау жолында зерттеуші материалистік диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алды. Сол сияқты, осы жұмысты жазу барысында салыстырмалы құқықтық, нақты - әлеуметтік, логикалық әдістерді қолданып, кейбір жағдайда барлық саланың бастауы, түп атасы философия ғылымына сүйендік. Аталмыш жұмыстың әдіснамалық негізін құқық теориясының, қылмыстық құқықтың, криминология мен психологияның қағидалары мен негізгі теориялық тұжырымдары құрайды.
Зерттеудің нормативтік базасын қазіргі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамасының және басқа да құқық салаларының нормалары құрайды. Сонымен бірге жұмыста әлеуметтану, психология, криминология ғылымдарының әлеуметтік бейімделу мәселесіне қатысты жаңа тұжырымдары көрініс тапты.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЭКСТРАДИЦИЯ ҰҒЫМЫ

1.1 Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі

Қылмыстық құқық дегеніміз - халықаралық қылмыс пен халықаралық сипаттағы қылмыстарды ескерту, болдырмау, олармен мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық принциптер мен нормалардың жиынтығынан түратын халықаралық құқық саласы.
Қоғамдық қатыстардың капититализациясы қылмыстылықтың, әрекеттің аса ауыр түрін туғызады, олардың халықаралық құқықтық қайшылығы сәйкес конвенцияларда анықталған, олар қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша және мемлекет аралық қызығушылықтарға кері әсер ету мүмкіндіктеріне байланысты топтасуы мүмкін.
Бірінші топқа - қалыпты халықаралық қатынастқа зиян келтіретін қылмыстар, бұл топқа жататындар:
- ұшақтарды (кепілге алу) теуіп кету, азаматтық әуе күштерінеің қауіпсіздігіне қол сұғатын әрекеттер;
- ланкестік.
Екінші топқа - мемлекеттер мен халықтардың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына нұсқан келтіретін қылмыстар.
Олар:
- есірткі және психотропты заттрдың заңсыз саудасы;
- жалған құнды қағаздар мен ақшаны дайындау;
- қоршаған ортаға қол сұғу;
- халықтардың ұлттық мәдени мұрасына қол сұғу.
Үшінші топты - жеке немесе мемлекеттің мүлігіне, жалпы Адами моралды құндылықтарына нұсқан келтіретін қылмыстарды құрайды.
Олар:
- адам саудасы (құлдар, әйелдер мен балалар саудасы);
- құлдыққа алу;
- қарақшылық;
Төртініші топты - халықаралық сипаттағы басқа да қылмыстар құрайды.
Олар:
- теңіз кабельін немесе суасты құбырын зақымдау немесе зақымдау;
- кемелердің қақтығысы кезінде теңізде көмек көрсетпеу.
Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихы ХІХғ. Соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамыры тереңде жатыр. Оның кейбір институттары мемлекет пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол оның ең көне институтының бірі болумен қатар, халықарақаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халықаралық құқықтың белгілі бір кезеңденуіне сәйкес келетін халықаралық қылмыстың кезеңденуі қылмыскерлерді ұстап беру институнан басталған.
1889ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық одағы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын.
ХІХғ алғашқы қалықаралық-құқықтық актілер құлдық және құл саудасы мәселелеріне қатысты болды. Мысалы, 1815ж Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англия, Франция, Ресей, Австрия және Пруссия қатысушысы болған 1841ж Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды және барлық мемлекеттерді тоқтатып, тінтуге, кіріптарларды босатып, кінәлы адамдарды әділ сот органдарына беруге шақырды.
Дәл осы кезеңде халықаралық қауымдастық қылмыстылық туралы басқа да халықаралық шарттарды қабылдады. Мысалы, 1885ж Берлин конференциясында құл саудасының қылмыс екенін және жазаланатындығын; 1889ж әйелдерді саудалаумен күрес жөніндегі Лондон халықаралық конгресі бекітілді; 1884ж Парижде су асты телеграф кабельдерін күзету туралы халықаралық конференцияға қол қойылды; 1802ж Англия, Франция, Испания және Голландия арасында кісі өлтіру, қасақана банкрот болу және қолдан ақша жасау жөнінде айыпталған адамдарды ұстап беру туралы Амьен шартына қол қойылды. Жоғарыда аталған халықаралық актілер халықаралық қылмыстық құқықтың нормативті-құқықтық негізінің қалыптасуының бастамасы болды. Кейінірек, ХХғ 20-жылдарынынң аяғында қылмыстық құқықты бір ізге салу жөнінде халықаралық конференция шақырылды. Ондағы талқыланған басты мәселелер халықаралық құқықтық тәртіпке қол сұғатын қылмыстарға жатқызылатын қылмыстар туралы болды. Сонымен бірге, осы халықаралық форумдарда барлық халықаралық құқық бұзушылықты халықаралық қылмыстарға және халықаралық сипаттағы қылмыстық істерге бөлу ұсынылды.
Халықаралық қылмыстық құкық жүйесінде Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7-тараудың 7.7.-тармағында егжей-тегжейлі баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.
Адамзат қоғамының дамуына орай, қылмыстық құқықты жетілдіру саласында халықаралық ынтымақтастықтың объективті қажеттігі де туындайды. Халықаралық қауымдастықта халықаралық қылмыстың құрылымы мен серпіні өзгеріп келе жатқандығы оғаш та болса, шындық.
Халықаралық қылмыстардың экоцид, геноцид, адам құқықтарын жаппай бұзу сияқты жаңа түрлері пайда болуда. Соған орай, мемлекеттерге халықаралық қатынастарда құкықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау және нығайту арқылы халықаралық қылмыстылыққа қарсы күресті үдету қажет және халықаралық қылмыстық құқықты одан әрі дамытып, осы саладағы халықаралық шарттардан туатын міндеттемелерді толық көлемде орындап, өздерінің ұлттық заңдарының халықаралық қылмыстық құқық талаптарына сәйкес болуын қаматамасыз ету үшін қайта қарап шығуы тиіс.
Халықаралық қылмыстық құқық доктринасы ұзақ уақытқа дейін халықаралық қылмыс ұғымын анықтай алмады. Теоретиктердің бір тобы халықаралық қылмыстық құқықты халықаралық жария құқық саласына жатқызса, екінші бір тобы -- халықаралық жеке құқыққа, келесі біреулері -- халықаралық қылмыстық құқықты құқықтың жеке дербес саласы деп белгіледі. Сонымен бірге, халықаралық жария құқықтың қылмыстануына жол бермеу туралы пікірлер де айтылып жатты, яғни халықаралық қылмыстық құқық деген ұғым мүлдем жоқ деген көзқарастар да болды.
В.П.Панов құқық саласы ұғымын негіздеу үшін осы саланың құқықтық реттеу затын айқындау керек деп әділ айтып өткен. Халықаралық қылмыстық құқық затына қандай құрамдас бөліктер кіреді? Біріншіден, бұл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстарды ерекше тәртіпте алдын алу, тергеу және жазалаудағы ынтымақтастық. Екіншіден, халықаралық құқықтың тәртіпке қауіп төндіретін жеке әрекеттерді мемлекеттердің қылмыс деп жазалауын бекіту, юрисдикция мен сот іс жүргізуін анықтау, қылмыстық істер бойынша бір-бірлеріне құқықтық көмек көрсету, қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстылықпен күрестегІ халықаралық ұйым қызметтері және т.б. сиякты ынтымақтастықтың жеке мәселелері. Сонымен бірге, құқықтык реттеу затына қылмыстық әділ соттылық ережелері мен ең төменгі стандарттарды бекітуді, құқық бұзушылармен сөйлесу және қылмыстық құқықты бір ізділікке салуды жатқызуға болады.
Сонымен, саланың зат құрылымын саралауды ескере отырып, халықаралық қылмыстық құқық -- бұл халықаралық шарттарда көзделген қылмыстармен күресудегі мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін қағидалар мен нормалар жүйесі екенін атап өту қажет.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы. Соған орай, халықаралық қылмыстық құқықта дербес зерттеу заты, құқықтық нормаларды қамтамасыз етудің ерекше тәсілі, арнаулы қағидалар жүйесі, халықаралық қылмыс субъектілері бар. Сонымен бірге, халықаралық қылмыстық құқыққа қылмыстық құқықтың көпшілік мойындаған институттары да тән: қылмысқа бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік және т.б.
Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер жүйесі, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық институттарының жүйесін қайталайды, тек реттеу затының ерекшелігіне байланысты болмашы өзгерістері болуы мүмкін. Мысалы, халықаралық жария құқықтың негізгі кайнар көздері -- екі жақты және көп жақты шарттар болып табылады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын БҰҰ аясында қабылданған шарттарға беріледі. Осы салада жүйелеу жұмысының толық аяқталмағанын айту керек. Сондықтан халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлім жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамауда үстау ережелерін Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары деген саладан кездестіруге болады.
Халықаралық қылмыстық құқық ұлттық құқықта қабылданған құқыктық санкцияларға сүйенеді. Соған орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға катысты юрисдикцияларды мемлекеттердегі қылмыстық соттар жүзеге асырады.
Экстрадиция (фр. extradіtіon - беру, табыстау) - мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі.
Орыстан шыққан құқықтанушы Фёдор Мар - тенс өзінің еңбектерінде экстради - ция - - ның үш кезеңін бөліп қарастырады. Оның пайымдауынша, ежелден XVII ға - сырдың соңына дейін қылмыскерлерді бір елден екінші бір елге беру мүлде сирек бол - ған. Бұл уақытта негізінен саяси сат - қын - дар мен еретиктерге қолданылған. Екінші кезең деп қарастырылатын XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жар - ты - сында индустриялану кезінде пайда бол - ған темір жол, автомобильдерді тонау үр - дісі көбейді. Бір мемлекеттің азаматы екін - ші бір елдің территориясында қыл - мыс - тарға барған жағдайлар болған. Ға - лым экстрадицияның үшінші кезеңі деп 1840-1943 жылдар аралығын көрсеткен екен.
Экстрадиция туралы айтқанда қандай да бір мемлекет қылмыскер деп танылған азаматты екінші ел оңай қайтара салады деп түсінбегеніміз абзал. Себебі экстра - ди - ция - дипломатияның құндылықтарына сү - йене отырып жүзеге асатын үлкен бір про - цесс. Құқықтық негіздеріне келсек, экстра - диция екі мемлекет арасындағы ке - лі - сімдерге немесе көпжақты қабылданған кон - венцияға сәйкес жүргізіледі. Мысал ре - тінде 1957 жылы Парижде қабылданған Еу - ропалық конвенцияны айтуға болады. Егер мемлекеттер арасында қандай да осы салаға қатысты келісімдер болмаса, экс - тра - дициялау болмай қалуы да мүмкін. Ал Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер бір-бірінен қылмыскерлерді оңай экстра - ди - ция - лап, өзге елдің заңын бұзған өз аза - мат - тарын да тиісті мемлекеттерге тап - сы - ра - ды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы қылмыспен күрестегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар қызметтерінің үйлестіру орталығы болып табылады. Мұндай қызмет қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушыларға ізгілік көқарасқа көмектесу саласында тәжірибелер алмасу арқылы жүзеге асырылады. БҰҰ қызметінің бұл бағыты 1872ж құрылған Халықаралық қылмыстық және пенитенциарлық комиссия (ХҚПК) қысқартылғаннан кейін 1950ж орнай бастады.
БҰҰ қызметіндегі халықаралық ынтымақастықтың дамуы, қылмыстылықтың алдын алу, онымен күресу және құқық бұзушылармен қатынас жасауды бірқатар факторлар айқындайды:
* Қылмыстың нақты қоғамның объективті негізделген әлеуметтік құбылысы ретінде болуы, мемлекеттердің олармен күресте жинақталған тәжірибелермен алмасу қажеттігі:
* Халықаралық қауымдастықта мемлекеттердің ұлтаралық корпорацияларының қылмыстық әрекеттері алаңдатушылық туғызуда;
* Ұйымдасқан қылмыстар үлкен залал әкелуде - олар мемлекеттердегі қылмыстық істердің ажырамас бөлігіне айналды;
* Бірқатар мемлекеттер үшін есірткі заттарын заңсыз сату, ұшақтарды айдап әкету, әйелдер мен балаларды сату және т.б. елеулі проблемалардың бірі болып отыр.
Жарты ғасырдан астам кезең ішінде БҰҰ қарастырып отырған мәселедегі халықаралық ынтымақтастықты үйлестіру мен тиімді қолдауға жәрдемдесті. Сонымен бірге, БҰҰ-ң қосалқы органдарының да белсенді рөлі бар, оның ішінде, БҰҰ-ның қылмыстылықтың алдын алу және құқық бұзушылар мен қатынас жасау Комитетін айтуға болады.
Жағымсыз, теріс құбылыс - қылмыстылықтың алдын алу және бұлтартпау шаралары туралы мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттердің кез келген әрекеттері халықаралық ынтымақтастық заңдарына негізделуі тиіс және л халықаралық құқықтың мынадай қағидаларының негізінде жүзеге асырылуы керек: мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы, мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпау қағидасы, бейбітшілікті қолдау және қалықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қылмыспен күресу мәселелерімен айналысатын органдар жүйесі мынадай сипатта белгіленген:
* Қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау жөніндегі БҰҰ Конгресі.
* Қылмыстылықтың алдын алу және онымен күрес жөніндегі БҰҰ комитеті.
* Ұлттық тілшілер институты.
* БҰҰ әлеуметтік қорғау ғылыми-зерттеу инститкты.
* Қылмыстылықпен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау жөніндегі аймақтық институт.
* Қылмыстылық және қылмыстық әділ соттылық саласындағы ғаламдық ақпараттық жүйе.
* Қылмыспен күрес және оның алдын алу ісінде БҰҰ-мен ынтымақтастық жасаушы үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар.
Қылмыстық істердің алдын алу проблемалары. БҰҰ Конгрестерінде, Комитет мәжілістерінде қарастырылатын мәселелердің жартысынан көбі қылмыстың алдын алуға жатқызылады. Осы саладағы БҰҰ органдарының қызметін күшейту кейінгі жалдардағы қылмыстық істердің криминологиялық аспектілерінің үдеп кетуіне байланысты болып отыр. Халықаралық қылмыспен күрес іс-тәжірибесі халықаралық және ұлттық органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерінің келешегін көрсетіп отыр.
Халықаралық қылмыстық құқықта мұндай күрестің екі негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатыны жалпыға мәлім.
Біріншісі - құқық бұзушылықтың, оның ішіндегі ең қауіптісі - қылмыстың алдын алу.
Екіншісі - жасалып жатқан немесе жасалған қылмыстарды көпшілік жағдайларда кінәлыға жаза тағайындау арқылы ашу, тергеу.
Жасалған қылмыстармен күрес. Жасалған қылмыстармен күрес деп қылмыстық әділет органдарының жасалған қылмыстарды ашу және тергеуі, кінәлы адамдарды сот органдарына тберу және жазалау қызметін айтады. Соған орай, бұл жерде ұлттық қылмыстық заңдармен жазаланатын нақты қылмыстар туралы және тәуелсіз мемлекеттердің құқық қорғау органдарының қызметі туралы сөз болып отыр. Сондықтан, халықаралық деңгейде жасалған қылмыстармен күрес мәселелерін талқылау күрделі проблема болып табылады. Осы себепке байланысты бұл мәселелердің кейбірі ғана БҰҰ-да қаралуға жаталы.
Бұұ органдарында қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, жасалған адамдар туралы мәліметтер алмасу; бірнеше мемлекеттер аумағында жасалған қылмыстармен күресті үйлестірудің шарттық-құқықтық негіздері сияқты мәселелер арнайы дайындалды.
Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күрес, ең алдымен, халықаралық қауымдастық мүдделерін қамтамасыз етуді талап етеді, өйткені халықаралық көлемде құқықтық тәртіп пен әрбір мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты. Бұл Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы - Интерполдың өз қызметін іске асыруда идеология, технология және ғылымда өзгерістерге және ұлттыққа шектелмейтін айқын қауіпке қарамастанИнтерполға мүше мемлекеттердің орталық ұлттық бюро мүдделерін ескеруі қажет. Жалпы игілікке талпынуды халықарал
ық қатынастарда ғана қамтамасыз етуге болады. Осы уақытта халықаралық қатынастарда көбінесе өз азаматтарына қарсы, сондай-ақ бүкіл адамзат қауымдастығының мүдделеріне қарсы бағытталған ұлттық мүдделер ретінде жасырылатын шектен тыс индивидуализм фактілері кездесетінін ескеруіміз керек. Қылмыстық істермен күресу үшін халықаралық қылмыстық полиция ұйымын - Интерполды құру туралы келісімге қол қойылды. Интерпол тарихы 1914ж сәуірде құрылды. Ол кезде 14 елдің сарапшы-заңгерлері мен полиция офицерлері Монакада криминалды полицияның бірінші Халықаралық конференциясына жиналған болатын. Криминалды мәліметтердің халықаралық бөлімшесі құрылып, қылмыскерлерді ұстап беру рәсімі келісілді. Екніші конгресте 1923ж халықаралық криминалды полиция Комиссиясын құру туралы қарар қабылданды. Штаб-пәтері Венада, ал 1946ж бастап Парижге көшірілді. 1956ж бастап Интерпол деп атауы өзгертілді. 1989ж штаб-пәтері Лионда орнласты. Оның негізгі мақсаттары:
* Елдердің қолданыстағы заңдары шегінде қылмыстық полицияның барлық органдарының өзара ынтымақтасуын қамтамасыз ету және дамыту;
* Жалпы қылмыстық істермен күресудің алдын алуға тиімді көмектесетін мекемелерді құру және дамыту.

1.2 Адамдарды ұстап беру (экстрадиция) түсінігіне шолу

Егер ұстап беру сұратылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтардың ең болмағанда біреуінде бір жылдан кем емес жоғары жазаға бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген немесе адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған және өтелмеген мерзім кемінде алты айды құраған жағдайда ғана адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы сұрау салу жіберіледі.
Адамды ұстап беру туралы шет мемлекеттің құзыретті органының сұрау салуы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптар сақталған жағдайда ғана қаралуы мүмкін.
Адамды уақытша беру және транзиттік тасымалдау туралы сұрау салулар адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы сұрау салу сияқты сол тәртіппен жіберіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының құзыретті органына рсы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген адамды ұстап беруге кедергі болуы мүмкін мән-жайлар болған кезде шет мемлекетке сұрау салуды жіберуден бас тартуға құқылы.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіпте қылмыстық процесті жүргізуші орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына оған қажетті құжаттарды қоса тіркей отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы өтінішпен жүгінеді.
Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы өтініш жазбаша нысанда жасалады және:
1) іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органның атауын;
2) күдіктінің (сотталғанның) тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, азаматтығы туралы деректерді, фотосуретін;
3) санкциясын міндетті түрде көрсете отырып, осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін заңның мәтінін келтіре отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың нақты мән-жайларының жазылуын;
4) заңды күшіне енген үкімнің, не күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Адамды ұстап беру (экстрадиция) туралы өтінішке:
1) егер ұстап беруді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін сұратса, күдіктінің әрекеттерін алдын ала саралауды айқындау туралы қаулының, айыптау актісінің, тергеу судьясының немесе соттың адамды қамауда ұстау туралы қаулысының куәландырылған көшірмелері;
2) егер ұстап беру үкімді орындау үшін сұратылса, оның заңды күшіне енгендігі туралы анықтамамен бірге үкімнің көшірмесі;
3) қылмыстық құқық бұзушылық сараланып отырған және ол бойынша ескіру мерзімі көзделген бапты қамтитын Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен үзінді көшірмелер;
4) ұстап беру сұратылып отырған адамның азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы уәкілетті органының қорытындысы;
5) егер сот тағайындаған жазаның бөлігін өтеген адамды ұстап беру сұратылса, жазаның өтелмеген бөлігі туралы анықтама;
6) аумағында іздестіріліп жатқан адам анықталған шет мемлекет үшін де де қолданылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де мәліметтер қоса берілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру туралы сұрау салумен жүгінеді.
Егер ұстап беруді кейінгі қалдыру қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне немесе қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдемелердің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін жағдайда осы Кодекстің 583-бабында көзделген тәртіппен дайындалатын уақытша беру туралы сұрау салу жіберілуі мүмкін.
Уақытша беру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда осы адам тиісті шет мемлекетке келісілген мерзімде қайтарылуы тиіс.
Қажет болған жағдайда процесті жүргізуші орган Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы уақытша беру мерзімі аяқталғанға дейін он күннен кешіктірмей жіберілетін уақыиша беру мерзімін ұзарту туралы құжаттарды даярлайды.

1.3 Ұстап берілген адамның қылмыстық жауапкершілігінің шектері

Шет мемлекет ұстап берген адам оны берген адамның келісімінсіз ұстап беруге байланысты емес өзге қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, жазаланбайды.
Шет мемлекет ұстап берген адам оны берген мемлекеттің келісімінсіз үшінші мемлекетке беріле алмайды.
Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің қағидасы оны бергеннен кейін адам қылмыс жасаған жағдайларға, сондай-ақ егер берілген адам қылмыстық іс жүргізу аяқталғаннан кейін 30 күн өткенге дейін, ал сотталған жағдайда - жазасын өтегеннен немесе одан босатылғаннан кейін 30 күн өткенге дейін сұрау салушы тараптың аумағынан кетпесе немесе егер ол оған өз еркімен оралса, қолданылмайды. Осы мерзімге берілген адам сұрау салушы тараптың аумағын өзіне байланысты емес сбептермен кете алмаған уақыт есептелмейді.
Прокурор Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына сұрау салынған органның уәкілетті органын кейінен хабардар ету үшін ұстап берілген адамға қатысты қылмыстық іс жүргізу нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

2 ҚАМАУДА ҰСТАУ МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТРАНЗИТ ЖӘНЕ УАҚЫТША БЕРУ КЕЗІНДЕ ҚАМАУДА ҰСТАУ
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қылмыстық құқық
Халықаралық қылмыс құқығы
Халықаралық құқық нормаларының ұлттық құқық нормаларынан үстемдігің
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Халықаралық жеке құқықтың жүйесі
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Мемлекеттердің дербестеңдік қағидасы
Халықаралық құқықтың түрлері, қайнар көздері
Халықаралық құқықтың субъектілері
Пәндер