Банктердің қызметтері мен операциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Банктердің экономикадағы қызметтері
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Бірінші деңгейлі банк
1.3 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің жалпы сипаттамасы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ РӨЛІ МЕН ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы банк қызметінің қазіргі өтпелі экономикадағы рөлі мен нарықта алатын орны
2.2 Қаржылық делдал ретінде қаржы-несие институттарының қызметін талдау
2.3 Банктердің қызметтері мен операциялары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының банк қызметіндегі мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметтерін арттыру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3

5
5

8

11

16

16

19
21

27

27

30

34
37

Кіріспе

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік.
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны анық. Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей жiктеуге болады:
* Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
* Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
* Ақша айналымын реттеу. Банк -- әртүрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
* Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi , вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
* Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
Орталық банктер бүкiл елдiң несие жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас органның ролiн атқара отырып, ерекшк орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттiк органы болып табылады. Олардың басшылық ролi мемлекет берген үлкен өкiлеттiктермен анықталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты экономикадағы банктер, олардың ролі мен қызметтерін қарастырамыз. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым - қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор екендігін дәлелдеу.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы жылдарда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жандануы және конденсациялық процестер жалғасуда.
Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.
Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Банктердің экономикадағы қызметтері

Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.
Кейбір ғалымдардың пікірінше алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) XIV-XV ғасырларда пайда болған.
Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға. Артықшылығы бар компанияға қарызға берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында пайда болған дейді. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады. [4,243б.]
Дегенмен, осы деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк итальян сөзінен bank- орындық мағынада айырбас орны дегенді білдіреді. Бұл айырбас орны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылды. Банктер пайда болғанға дейін ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын қарызға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушы-лар біртіндеп банкирлерге айналды. Тарихшылардың пайымдауын-ша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар мен қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен. Сөйтіп алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын,оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты болды. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сурет).
Қаржылық делдалдар осылайша капиталдың салааралық, аймақаралық бөлу тетігімен қамтамасыз ете отырып, аса маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен мiндеттемелердi тудырады. Мәселен, банктер клиенттердiң салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені-депозитті құрады, ал жаңа талаптың ссудасын қарыз алушыға береді. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Қаржы ресурстарының несие берушіден қарыз алушыға қозғалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылық делдалдық деп аталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi. Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттармен несиеге деген қажеттілікті қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына араласады. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi, мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аймақтық (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктер экономикалық басқарудың органдары болғандықтан, өз клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта болады.
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл -- әкiмшiл әдiстердiң орнын экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуiнде және олардың нарықтық жолға көшуiнде , ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi айрықша. Мұнда банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты - несиелiк механизмдi жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртiбiн сақтау болып табылады. 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы өз валютасын- теңгені енгізді. Алайда инфляция бәсендеген жоқ. Инфляцияның жоғары деңгейі 1994 жылдың шілдесінде байқалды-46%. Үкімет пен Ұлттық банк қабылдаған монетарлық шараның нәтижесінде инфляция кеміді(25%), ал 1994 жылдың тамыз айында ол 13,5%-ға, қыркүйекте10,9%-ға теңесті. Ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай 6,2%-ды құрады. [4,268б.]
Мемлекеттiк меншiктегі кәсiпорындарды жекешелендiріп, қайта құруда банктiк жүйенiң ролi маңызды. Сондықтан да банктiк реформаның негiзгi міндеттерінің бiрi - кәсіпорындардың жекешеленуіне және жеке экономика секторының құрылуына қолдау көрсету.
Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын, тиiсiнше жекешеленген және көп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты арта түседi.
Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен операцияларынан көруге болады.

1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Бірінші деңгейлі банк

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді. Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі. Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу; төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру; қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу. Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi. Инфляция динамикасындағы түбірлі өзгеріс Ұлттық Банк пен Үкіметтің ақша-кредит жəне фискалдық саясат саласындағы 2006 жылдың соңындағы үйлестірілген іс-қимылдарының нəтижесі болды (қосымша 1-сурет).
- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады. 2006 жыл 2005 жылмен салыстырғанда экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға қажеттіліктерінің айтарлықтай ұлғаюымен сипатталды (қосымша 2-сурет).
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады. Ұлттық қордың құрылуынан бастап 2006 жылғы 31 желтоқс анаралығында кірістілігі 34,46% болды, бұл жылдық көрсеткіште 5,44% құрайды. Кірістілік Ұлттық қордың базалық валютасы - АҚШ долларында есептелді (қосымшада 3-сурет) Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді: 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі 4 есеп беретін ұйым:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ұлттық Банк:
· Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры
· Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
· Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры
· Қазақстан Актуарлық орталығы
· Q-BRO Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады. Ұлттық Банк сондай-ақ Ұлттық процессинг орталығы акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағытттары:
елдегі несиелік ресурстарды және айналасын басқару;
өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысужәне кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ержелерді,есеп жүргізу жәе банктердің есп беруін ұйымдастыру;
банк ісін лицензиялау, ақша - несилік реттеудің әдістерінң формаларын талдау;
банк ісін бақылау және қадағалау;
елдің банк жүйесінің тәуелсіз баланстарын жасау;
ғылыми - зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
айналыстағы ақша массаның көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімен және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгіленген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізіді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;
Қазақстан Республикасында ресми мөлшелермелерді өзгерту арқылы банктік пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізді;
Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеу әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдары шектеу және пайыз мөлшерлемерін өзгертуге құқықтар береді;
Қазақстан Республикасында валюталық ретту мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
Банк ісі, есеп, еспе айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату,айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды;
Бақылау және қадағалау функциясымен қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айныласатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізмін, формасын және мерзімін бекітеді.
Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субьектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады,
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма - қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу,жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді. Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізуімен байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолда алады, сонымен қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша түрінде де болуы мүмкін.Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия- айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайы.

1.3 Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің жалпы сипаттамасы

Қазіргі банк жүйесі - бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.
Екінші деңгейлі банктер - кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы - бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.
Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы ұлғайтылды.
Қазіргі банктік жүйе - бұл өз клиенттеріне ұсынылатын банк ісінің негізін анықтайтын дәстүрлі депозиттік-қарыздық және есептік-кассалық операциялардан бастап, банктік құрылымдармен (лизинг, факторинг, траст және т.б) қолданылатын ақша-несие және қаржылық құралдардың жаңа түрлеріне дейінгі әртүрлі қызметтер саласы болып табылады.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі қаржылық нарықтың белсенді сегменті ретінде ең бірініші несие сөзімен байланыстырған дұрыс болады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуында және дамуында екінші деңгейлі банктер маңызды роль атқарады. Банктер қазіргі экономиканың орталық буыны болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нарықтық механизмдерді құрудың қажетті шарты. Банк қызметі жан-жақты. Қазіргі қоғамда олар әртүрлі операцияларды орындайды. Өз қызметтерін орындай отырып, банк ақша қаражаттарын тартумен байланысты әртүрлі операцияларды орындайды, кәсіпорындар арасындағы төлемдерді жүргізеді, құнды қағаздарды сақтайды.
Қазақстанның банктік жүйесіндегі екінші деңгейлі банктер тәуелсіз нарықтың ұйымдастырылған құрылымы болып табылады және экономикалық даралықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Банктер өздерінің қызметтерінің нәтижелері үшін толық экономикалық жауаптылық артады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.
Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл - ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал - ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Қазақстандық коммерциялық банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.
Өзінің ерекшелігіне қарай банктік несие - несиелік қатынастар жүйесіндегі елдің қаржылық ресурстарға қажеттілігін қанағатандыратын және ең көп тараған көзі болып табылады. Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.
Банктік несиені қайтымды инвестициялау негізінде қарастыруға болады. Ол Қазақстандағы капиталдың құрылуына әсерін тигізіп, экономикалық өсімнің факторы ретінде саналады. Сонымен қатар, құралдарды тартудың балама көздерінің дамымағандығынан Қазақстанның коммерциялық банктерінің несиелік операциялары жалпылай алғанда экономиканы ішкі ақшалық ресурстармен қамтамасыз ететін көзді құрайды. Сондықтан да, отандық банктердің өзінің негізгі қыметі - экономиканы несиелендірудің сапалы нәтижесінен нақты экономика салысының қаржылық қамтамасыз етілуі мен оның құрылымдық даумы тәуелді болады.
Қазақстанның коммерциялық банктері несиелік қызметтердің барысында несиелік ресурстардың қайтпауы мәслесімен жиі соқтығысады және осыдан қорғана отырып, олар көптеген клиенттерге қатысты консервативті саясат жүргізеді. Коммерциялық банктердегі активті операцияларының ішіндегі ең тәуекелді бабы болса да, қазіргі қоғамда банктік жүйе елдің өндірістік саласымен тығыз байланысты екені дәлелденген. Кәсіпорындар банктік саланың көмегінсіз өз өнімінің бәсекеқабілаттілігін арттыра алмайды және де қазіргі банктермен меңгерілген несиелік үрдістер мен ақша ресурстарын қолданбай олар қайта құрылым жасай алмайды.
Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.
Сондықтан қазіргі таңда еліміздің банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі - мемлекеттік әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі заңнамалық актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса жөн болар еді. Бұдан басқа мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ РӨЛІ МЕН ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасы банк қызметінің қазіргі өтпелі экономикадағы рөлі мен нарықта алатын орны

Банктердің және тауарлы-ақшалай карым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша каражаттарын тарта отырып, қарыз алу-шылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді (5-сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады.
Клиенттердін салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жана міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жана талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі каржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметіңің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылык делдалдык деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды канағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелік кызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық кызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе ертегідей күшке ие бола отырып нақты өндіріске ен қауіпті түрде араласуы мумкін. К.Маркс келесіде Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпке билік етуіне назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орта-лығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.
Банктік жүйенің мақсаты мен міндеттері негізінен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы баскарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі банктің ролі оның өзінің қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы принциптерді сақтауда көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалык қатынастарын көрсетеді, ал әр коғамның экономикалық қатынастары ең алдьшен мұдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мұдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді канағаттандыру арқылы
әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу ісүнін созғаны үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағандығы үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.
Банктер өз кызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсетін меншік түріне, ведомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін кли-енттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін каражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жүмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерінін көптеген маңызды факторы
туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бакылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын аныктауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-колсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтын шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шо-ғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қара-жаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтык экономикаға көшуімен банктердін алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар кұрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардын бірлесуі, жалға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, коғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл теңгемізді енгізді. Бірак инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 %-ға жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция (25%-ға), төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5%-ға, қыркүйекте -10,9%-ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-ден 250%-ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы %-дық мөлшерлеменің 460-тан 280%-ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем - сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналды. Теңгенің ресми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктің активті және пассивті операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Пәндер