Фразеологизмдерді аудару тәсілдері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭВФЕМИЗМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
1. 2 Мақал-мәтелдерді аудару ерекшеліктері
2 ЭВФЕМИСТІК МАҒЫНА ТУДЫРАТЫН БІРЛІКТЕРДІ АУДАРУДЫҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Метафоралық бірліктерді аудару тәсілдері
2. 2 Метонимияны аудару тәсілдері
2. 3 Синекдоханы аудару
2. 4 Иронияны аудару тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
11
20
20
24
25
26
29
31
Кіріспе
Аударма мәселелері шет тілдерден ана тіліне аудару, әсіресе егемендігімізді алғаннан кейінгі аз уақыт ішінде бірден бір маңызды салалардың бірі болып келе жатқаны рас. Шет тілдерден қазақ тіліне немесе керсінше, қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей аудару жөнінде жеткілікті мағлұматтар, құнды аудармалар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта бұл мәселені теориялық және практикалық тұрғыда талдау өте қажетті болып отыр. Қай тілдің болмасын дүниетанымы мен мәдениеті тікелей байланысты. Мәдениет аралық қатынас мәселелері бірден-бір мәдениетіміз бен тіліміздің жедел қарқынмен дамуының арқасында аударма мәселесі негізі болып, бұл мәселелердің шешімін талап етеді.
Жоғарыда атап көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
1. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі эвфемизмдердің тіл білімінде зерттеген еңбектерге сараптама жасау.
2. Екі тілдегі эвфемизмдердің стилистикалық құрылымдарын зерттеу.
3. Эвфемизмдердің басқа стилистикалық тәсілдерін, айырмашылықтарын ашып көрсету.
4. Ағылшын және қазақ тілдаріндегі эвфемизмдердің жасалу жолдарын анықтау.
5. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі эвфемизмдердің лингвомәдени аспектілерін ашу және аударма барысында аудармашыға жүктелетін міндеттерге талдау жасау.
Ғылыми жұмыстың дәйектілігі ағылшын, қазақ эвфемизмдерінің лингвистикалық табиғатын анықтау, ағылшын, қазақ эвфемизмдерінің ұлттық және тілдік ерекшеліктерін зерттеу, екі тілдегі эвфемизмдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра зерттеу осы жұмыстың дәйектілігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Екі тілде де эвфемизм бұрыннан қалыптасқан лингвистикалық құбылыс екеніне қарамастан, олардың ашылмаған қырлары, әсіресе лингвомәдени тұрғдан зерттелмеген. Мұның бір себебі лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық, мәдениет аралық байланыс лингвистиканың жаңа салалары болып есептелгендіктен ағылшын, қазақ эпитеттрін бірлікте қарастыру, әсіресе салғастырмалы жолмен талдау, сол кезде орын алатын қиыншылықтарды айқындау және олардың алдын алуға байланысты алғашқы жұмыс екендігінде.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы - қортындылары бұрын соңды зерттеу нысаны болмаған, осыған орай, туыс емес екі тілдегі эвфемизмдерден граматикалық құрылымдағы ұқсастықтар мен ерекшеліктері, эвфемизмдердің жасалу негіздерінің лингвомәдени мәселелері жалпы тіл білімі, салғастырмалы және типологиялық зерттеудің теория негіздерін толықтыра түседі, сондай-ақ аударманы оқыту барысында жеке-дара бір аспект немесе аударма мәселелері төңірегінде жасалған қомақты еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының барысында тақырыпқа қатысты қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі әдебиеттер, ғылыми еңбектер қамтылады. Олардың арасында лингвистикалық зерттеу жұмыстары, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттану саласындағы еңбектер жатады.
1 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЭВФЕМИЗМДЕРДІ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. 1 Фразеологизмдерді аудару тәсілдері
Эвфемизм (грек. eu - жақсы, phemі - айтамын) - мағынасы тұрпайы сөздерді басқа атаумен ауыстырып, сыпайылап жеткізу. Эвфемизм қоғамдағы моральдық, этикалық норма негізінде қалыптасып, сыпайыгершілік пен әдептілікке байланысты туған. Эвфемизм - тілдегі ауыспалы мағынадағы сөздерді толықтырып отыратын көркемдеуіш, бейнелеуіш құралдардың бірі. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау - құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ - жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді. [1]
Сөйлем ішіндегі сөздер жеке-дара күйінде ғана қолданылып қоймай, тіркес күйінде де келеді. Соның өзінде бірнеше сөз тіркесіп, ол сөздердің тура мағынасын емес, сол тіркестен туындап жататын мүлдем басқа мағынасын береді. Тарихи қалыптасып, құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркестерді тұрақты сөз тіркестері немесе фразеологизмдер деп атайды. Фразеологизм табиғаты - жабық микроконтекст, онда тек қана тіркестер мен олардың мағыналары арасындағы нақты байланыс қана емес, сонымен бірге микроконтексттен логикалық түрде шықпайтын ассоциациялық-семантикалық байланыстар да болады. Міне, осы логикалық түрде мағынаны микроконтексттен шығарудың тиісті еместігі фразеологизмнің күрделі құбылыстар мен шындыққа жанасуының сыйымды және көркем түрде жеткізілуіне мүмкіндік туғызады.
Фразеологиялық бірліктердің зор мүмкіндіктері мен оларды аударудағы қиындықтың куәсі көптеген жазушылар, журналисттер және де басқа да тілдің шығармашыл тұлғалары тұрақты сөз тіркестерін қолданып қана қоймай, оларды шығармашылықпен қайта құрып, өзгертуінде. Мәселен: Soames doggedly let the spring come - no easy task for one conscious that time was flying, his birds in the bush no nearer the hand, no issue from the web anywhere visible мысалында автор ағылшынның “a bird in the hand is worth two in the bush” мақалын өзгерген күйде қолданып, кейіпкердің бейнесіне қосымша адамгершілік қасиеттерін сомдап, түсінігі мол, табысы аз, ойға сыймайтындай ешбір ұпай бермейтін істерге бейім етіп, сол арқылы оқырманның аяушылығын туғызып, күнәсіз іскер адамның барлық адам секілді екендігін сезіндіреді. Бұл фразаны сөзбе сөз аудару мүмкін емес, өйткені «бұтадағы құстар қолға түспейді» деген сөйлем «қолдағы бір құс бұтадағы екеуінен артық» сөйлемі секілді оның қазақ тіліндегі мағыналық бірлігі бола алмайды. Осыған сәйкес, аудармашы тек қазақ тіліндегі ұқсас мазмұнды немесе жақын, бірақ бірдей бейнелік сипатта бола алмайтын мақалды қолдана алады: «қолдағы шымшық аспандағы тырнадан артық».
Мұндай бірліктер әдетте аудармашыға қос тұзақ құрады, өйткені олар тіл иесіне түсінікті болса да, сөздіктерде жазылмауы мүмкін немесе олардың байланысқан және еркін бірліктерінің екі рет қолданылу мүмкіндіктерінің бар болуында. Ағылшын тілінің “handwriting on the wall” сөз тіркесі нақты мағынаны (қабырғадағы жазу) білдіре отырып, сол түрде ауыспалы мағына білдіруде де қолданыла алады (қорқынышты болжам, болашақты болжау) . Бірінші жағдайда бұл бірліктің ассоциациялық байланысы бірде эмоционалдық жағынан бейтарап («хабарландыру», «хабарлама») болса, енді бірде эмоционалдық жағынан теріс әсер береді (келеңсіз жазуға толы қабырға) . Екінші жағдайда ауыспалы мағына маңызды болған кезде осы сөйлемнің ассоциациялық байланыстары діни ұғымдар мен аңыздармен байланысқан өзгеше кейіпте болады (маңдайына жазылған, жазмыш) . Мұндай сөз тіркесі қолданылатын контекст әрдайым анық етіп сөз тіркесінің жағдайын көрсете бермейді.
He saw it as clear as а handwriting on the wall.
Осы сөйлемде бастапқы сөз тіркесі тура және ауыспалы мағынада қабылданып, әртүрлі аударылуы мүмкін. Сонымен бірге, аудармашы сөз тіркесінің ассоциациялық байланыстарына көп мән беріп, баламалардың саны көбеюі мүмкін:
Ол оның көз алдына қабырғада жазылған жазудай анық көрінді.
Ол осының бәрінің қайтып келмейтіндігін анық ұқты.
Бұл оның санасында тағдырының шешілгендігі туралы ойды тудырды.
Фразеологизмдер қарым-қатынаста үлкен рөл атқарады және сөз тіркесін беру тәсіліне әртүрлі рең береді. Олар мәтінді эмоционалды етіп, оны көркемдеп, белгілі бір түрде эстетикалық әсер қалдырып, мәдени ассоциациялар тудыра алады. Көп жағдайда фразеологизмдер мәтін жағдайын дұрыс түсінуге көмектеседі. Фразеологизмдерді аударудағы қиындықтар оларды мәтін ішінен табудан басталады. Фразеологиялық бірліктің екі, тіпті үш «түбінің» болуы фразеологизммен байланысты мағына беру семиотикалық үрдісінің көп сатылылығымен түсіндіріледі. Мысалы, ағылшынның “to come through with flying colours” сөз тіркесінің тура мағынасы «барлық жолды желбіреген ту астында жүріп өту» болса, осы бірлік қайта құрылған мағынаға ие болады: «жұмысты сәтті аяқтау» (фразеологизмнің екінші «түбі») . Сонымен бірге, кейбір жағдайларда мазмұнын эмоционалдырақ етіп береді: «мінезін көрсету» (фразеологизмнің үшінші «түбі») .
Шын мәнінде, әрбір тілде фразеологизмдердің бірнеше деңгейі бар:
- сөздікте бар және баршаға белгілі;
- сөздікте бар, бірақ қолданыс аясынан шыққан;
- баршаға белгілі, бірақ белгісіз бір себептен сөздікке енбеген;
- белгілі бір қоғамдық топқа ғана белгілі фразеологизмдер.
Мұндай деңгейлердің саны бұдан да көп болуы мүмкін, бірақ қандай жағдай болса да бірінші және ең басты шарт - мәтін ішінен фразеологизмдерді басқа еркін тілдік бірліктерден айырып, таба алу. Оларды табудағы оңай жол - мәтін ішінен жалпы мағынаға қарама-қарсы бірліктерді табу, өйткені осындай бірліктердің болуы ауыспалы мағынаның мәтін ішінде бар екендігінің дәлелі болады.
By that time he had reached the condition to see pink elephants.
Егерде осы фразаны сөзбе сөз аударатын болсақ, онда «ақшыл қызыл пілдер» тіркесі мүлде мәні жоқ контекст тудырады:
Осы уақытқа дейін ол ақшыл қызыл пілдерді тамашалайтындай жағдайға жетті.
Осы «ақшыл қызыл пілдерден» кейін аудармашы өзіне оңай ереже шығарса болады: «Егерде мәтінде контекстке логикалық жағынан қарама-қарсы сөз тіркесі кезіксе, онда оны фразеологизм деп қарастырған жөн». Бірақ, осы ереженің оңайлығына қарамастан, оны аударма барысында сақтау қиынға түседі. Мысалы, американдық “Dead-eye Dick” романының атауы орыс, қазақ оқырмандарына «Бір көзді Дик» атымен белгілі. Дегенмен, шын мәнінде осы лақап ат иесі, романның басты кейіпкерінің екі көзі де сау, көргіш, ал романның ағылшын атауы «мерген» деген мағынаны білдіреді. Агата Кристидің романдарының бірінің атауы “The Underdog” «Үрмейтін төбет» есімімен басылып шыққанымен, шынайы мағынасы «Жеңілген төбет» немесе «Жолы болмаушы» деген мағыналарды білдіреді.
Фразеологизмдерді мәтін ішінен табудағы екінші басты шарт - сөздің атқаратын қызметтерін талдай алу. Мәселен, тура және ауыспалы мағыналар арасындағы қайшылықты мәтін авторы белгілі бір бейнелік, эстетикалық, эмоционалды - бағалау және т. б. ассоциацияларды немесе әзіл - қалжыңдық әсер тудыру үшін қолданады. Сонымен бірге, фразеологизмдер белгілі бір қоғамның әлеуметтік - мәдени қабаттарында мықты бекінген және мәтінде осы қабаттардың бар екендігінің де белгісі ретінде қызмет етеді. Осы ретте, фразеологизмдердің белгілі бір стилистикалық реңі болады: олар жоғары, бейтарап немесе төмен стильдер, кәсіби және басқа да жаргонизмдер болуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде «артығы да кемі жоқ, ортаң қол» фразеологизмінің пайда болуы салыстырмалы түрде онымен байланысты кейіпкердің немесе құбылыстың, әдетте диалектикалық реңді төмен әлеуметтік жағдайдың бар екендігінің куәсі:
«Урал - қатал өлке, мұнда біреуден және бірнәрседен артығы да кемі жоқ, ортаң қолдылықты күтпе».
Аудармашының қазақ тіліндегі мәтіннің эмоционалдық реңді диалектикалық нұсқасының жәй “betwixt and between” баламасымен берілмейтіндігін ескергені жөн. Өйткені, ағылшын тіліндегі баламада оқыған адамдар ғана түсінетін көнерген сөздер сөздігінің элементі betwixt бар. Осы орайда, қазақ тілінің өзіндік сөйлем ерекшелігін жеткізу үшін фразеологизмді түсіріп немесе антонимдік аударманы қолданған жөн.
In the Urals things do not go easy; there you have a hard row to hoe about everything and everybody.
Осы сынды жағдайлар нәтижесінде функционалдық баламалар үшін ереже шығаруға болады: «бастапқы мәтіндегі фразеологизмдік бірлік не оның мағынасы ғана аударылмайды, сонымен қатар оның мәтінде атқаратын рөлі де аударылады». Мәселен, бұл жердегі мәтінге қарапайым халық түсінетін жалпақ тілдік сипат беру керек. Фразеологизмді табу мәселесінен басқа, аудармашы екі түрлі тілдердегі мағынасы ұқсас фразеологизмдердің арасындағы ұлттық - мәдени ерекшеліктермен кезігеді. Мағынасы сәйкес келген фразеологизмдер әртүрлі стилистикалық реңге, түрлі бейнелік негізге, тіпті түрлі эмоционалдық қызметке ие болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда бастапқы мәтінде, мысалы көркем немесе публицистикалық бейнені сомдау үшін фразеологизмдерді қолдану ұлттық - мәдени ерекшеліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне сай құрылады. Бұл жердегі мәселені шешуде сөздіктік баламаның болғаны да көмектеспейді. Мәселен, “when Queen Anne was alive” (сөзбе сөз: Анна ханша тірі болған кезде) сөз тіркесі қазақ тіліне ұқсас баламамен аударылса да, басқа сөздік - бейнелік құраммен аударылады: «атам заманда». Бірақ, ағылшын сөз тіркесі бастапқы мәтінде қолданылуы мүмкін шынайы тарихи бейне негізінде құрылады:
All those courtiers, belles, balls and intrigues came as if from the times when Queen Anne was alive.
Бұл мәтіндегі «Queen Anne» ұғымы бір уақытта фразеологиялық және тура мағынасында екендігі белгілі. Оны қазақ тіліне аударғанда «атам заманда» баламасын қолдану мүмкін емес. Өйткені, бұл қазақша бейне бастапқы мәтіндегі уақыттың келесі белгілерімен байланыспайды: «бикештер, мырзалар, балдар және интригалар».
Мұнда аудармашының бұл тіркесті өзге, қазақ оқырманына таныс патша есімімен (мысалы, «Артур король заманында» ) немесе нақты уақыт аралығымен («орта ғасырлардағыдай») ауыстырғаны жөн. Дегенмен, екі жағдайда да бастапқы фразеологиялық бірліктің ақпараттық толықтығының біраз бөлігі жоғалатынын ескеру керек. Ең бастысы - онымен байланысты тарихи - мәдени ассоциациялар шындығы.
Аудармадағы келесі қиындық - көне мәдениеттен бастау алған және әртүрлі мәдениеттерде түрлі сипат пен эмоционалдық рең, тіпті түрі өзгерген фразеологизмдерді табумен байланысты. Мысалы, ағылшынның “Rome was not built in a day” мақалы орыс тілі нақышымен қазақ тіліне «Мәскеу бір күнде қаланбады» деп қолданысқа енді. Алайда, оны балама ретінде қолдану әркез мүмкін емес.
Jones was very eloquent to persuade his master, telling him that Rome was not built in a day.
Бұл жерде ең қолайлысы - сөзбе сөз аударманы қолдану.
Джонс өзінің қожасына Римнің бір күнде қаланбағандығын айтып, сендіремін деп тілмәр болды.
Осы сынды мәселелер халықаралық бір қайнар көзден шыққан және әртүрлі тілдерде ұқсас мағыналы, бірақ түрлі функционалдық сипат алған эмоционалды-ассоциациялық мағынасы өзгерген немесе сыртқы кейпі өзгерген халықаралық фразеологизмдерді аударуда да туындайды. Мысалы, ағылшын тілінде белгілі “Caesar’s wife must be above suspicion” айтылымы қазақша «Цезарь жұбайы сүттен ақ, судан таза болуы тиіс» болады және ағылшын тілінде бұл фразеологизм бөлшектелініп айтылса, қазақ тілінде бүтін қайта құрылып жасалады.
Madam, you are Caesar’s wife.
«Ханым, сіз Цезарь жұбайысыз» деген нұсқа қазақ тілінде тура мағынада қолданылып, фразеологиялық сөз тіркесі екендігін білуге кедергі болады. Өйткені, бұл сөз тіркесі қазақ мәдениетіне бейімделмеген.
Осы мәселенің келесі аспектісі - әртүрлі, тіпті қарама-қарсы мағыналы фразеологизмдердің ұқсастығы. Аудармашы осындай сыртқы ұқсастық әдетте шатастыратындықтан фразеологизмдік тіркестің бөлшектеріне мұқият болғаны жөн. Өйткені, баламалар түр жағынан бір-біріне ұқсамауы мүмкін. Мәселен, ағылшын тілінде екі түрі жағынан ұқсас мақалдар бар: every tree is known by its (his) fruit және as the tree, so the fruit. Бұл мақалдардың мағыналары бір-біріне ұқсамайды, сондықтан да аударма барысында әртүрлі түрге ие болады (ассоциациясы жағынан) : алма ағашы жемісімен көрікті (адамды ісінен таниды, Библиямен байланысты ассоциациялар) және алма алма ағашынан ары түспейді (жаман қылық атадан-балаға беріледі, ел даналығымен байланысты ассоциациялар) . Библиямен байланысты фразеологизмдерді дұрыс аудару үшін бастапқы мәтінмен бірге Библиялық контекстті білу керек. Мысалы: “Man does not live by bread alone, but by faith, by admiration, by sympathy” сөйлемі шын мәнінде Евангелийдің “Man shall not live by bread alone, but by every word that proceeds out of the mouth of God” тақырыбының өрбіген түрі. Осы себепті, бұл сөйлемнің қазақ тіліне аудармасында екі түпкі негіз сақталуы тиіс. Faith, admiration, sympathy сөздері аудармада рационалды түрдегі азық-түлікпен емес, рухани оймен үндесуі керек. Сондықтан, «Адам нанмен ғана өмір сүрмейді. Оған сенім, жан ашырлық пен мойындау керек» аудармасы эмоционалдық - ассоциациялық жағынан қате болады. Өйткені, сенім, жан ашырлық пен мойындау сөздері әлемнің қараңғылығын білдіреді, ал Евангелийде бұл тұрақты сенім, алдамшы затқа берілмеу мағынасымен байланысты. «Адам нанмен ғана емес, сонымен бірге сену, масаттану және жаны ашу қабілеттерімен де өмір сүреді» нұсқасы бұл жерде орынды болады.
Фразеологиялық бірлік түрлерінің ішіндегі аударуға өте қиыны - қазіргі таңдағы реалийлерге негізделген фразеологизмдер. Олардың бірі жаңа мәдениеттің халықаралық сөздіктеріне еніп, тез арада белгілі болып, кеңінен қолданылады. Мұндай фразеологизмдер контексттен тез табылып, калькалау арқылы аударылады:
Hell’s Angels - Тозақ періштелері
Irangate - Ирангейт
Zero option - Нөлдік нұсқа және т. б.
Басқалары мәдениет ішілік болып қалғанымен, бастапқы мәдениетке танымал болып келеді. Сол себепті мәтіндердің көбінде аударылады. Бұл жағдайда аудармашы шығармашылдықпен жұмыс жасайды. Мәселен, «таңғажайып алаңы» не «ақымақтар елінде» тіркестерін ағылшын тіліне «the Land of Wonders» және «in the country of Fools» деп калькалау арқылы немесе ағылшын тілінің фраза тудыру үлгілеріне сай функционалдық ауыстыру арқылы «the Wonderfield» және «in the Fool’s Land» деп аударуға болады. Бірінші нұсқа тура мағынаға келсе, екіншісі берілген тіркестердің күштілігімен ассоциацияланады. Сонымен, фразеологизмдер туралы айта келе, белгілі бір заттың, құбылыстың не түсініктің тура атауларын ауыстыру мақсатында қолданылатын тұрақты парафразаларға тоқталған жөн. Мәселен, «black gold» сынды тіркестер халықаралық деңгейде танымал болғандықтан оңай аударылады. «Қара алтын» мұнайды қайта атау тәсілі ретінде ағылшын және қазақ мәдениеттеріне белгілі екені даусыз. Ал «ақ алтын» мақтаны атау немесе американдық «fool’s gold» темір не мыс рудаларын атау парафразалары аудармада аудармашыға біраз қиындық тудырады. «Ақ алтын» әдетте ағылшын тіліне «white gold» деп аударылып, тырнақшаға алынады. Өйткені, бұл ағылшын сөз тіркесінің өзіндік тура мағынасы (алтын түрі) бар.
Мәдени жағынан елдер, қалалар мен белгілі қайраткерлер атаулары мен есімдеріне деген парафразалар аудармада күрделі жағдай туындатады. Мысалы, орыс және қазақ тілдеріне таныс «біздің барымыз» тіркесі Пушкинмен немесе Абаймен бейнеленсе, ал оның ағылшын тіліндегі тура аудармасы «our Everything» ағылшын тілді мәдениет иесіне ешнәрсені білдірмейді. Өз кезегінде ағылшынның «the City of Brotherly Love» фразеологизміне парафразаны табу үшін аудармашы мәдени және тарихи жағынан ізденуі қажет. Ағылшындарға түсінікті «Бауырлар махаббаты қаласы » атауы қазақ тіліне жанама аударма арқылы «Бауырлар махаббаты қаласы, Филадельфия» деп аударылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz