Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі


Мазмұны
2 ШЕТЕЛ ТІЛІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИННОВАЦИЯЛЫК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНТЕНСИФТЕНДІРУ 2. 1 Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері 2. 2 Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында инновациялық технологияларды енгізуКіріспе
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері
1. 2 Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
1. 3 Ағылшын тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі ерекшеліктерінің сипаты
2. 3 Ағылшын тілін оқыту үдерісінде инновациялық
жоба әдісін қолдану3 ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
3
6
6
8
11
15
15
16
21
25
29
31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Соңғы онжылдықта инновациялық ресурстардың қарқынды дамуы қоғамның ақпараттану процесінің дамуына әкеліп соқтырды. Бұл даму процесінің маңызды құралы әр түрлі ақпараттармен жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер ашатын және үнемі жетіліп отыратын жаңа инновациялық технологиялар болып табылады. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдегі бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсеткендей, жалпы білім беретін мектептер реформалары оқыту формаларын, құралдарын және әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы өсіп келе жатқан ұрпақтың инновациялық кеңістікке енуін және оған бейімделуін қамтамасыз етуге бағыттай бастады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі бағыттары мен идеялары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында [1], Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» стратегиясында [2], Жаңа шетелдік білім беру тұжырымдамасында [3] ерекше атап көрсетілген. Ағылшын тілін оқыту үдерісініңде жаңа инновациялық технологияларды пайдалану оқушылардың жаңа тілдік материалды меңгеруі кезіндегі оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, жаңа инновациялық технология құралдарын ұсынылып отырған материалға жоғары деңгейдегі көрнекілік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, оқыту үдерісіне алуан түрлі жаттығуларды енгізу мүмкіндігін кеңейтеді, үздіксіз қарым-қатынас барысында оқу үдерісінің жандануын қамтамасыз ете алады, міне осының барлығы оқушылардың оқытылатын материалға жағымды қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Қоғам дамуындағы ақпараттар кеңістігінің кеңеюі және инновациялық технологиялардың орасан зор қарқынмен дамуы жеке тұлғаның ерекше инновациялық мәдениетінің қалыптасуын қажет етіп отыр. Өмір сүру барысында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үшін төменгі сынып оқушыларынан бастап қалыптасатын жаңаша ойлауды қамтамасыз ету қажеттілігі де бар. Инновациялық қоғамда өмір сүріп жатқан қазіргі заман оқушысы үшін компьютер оның өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналуға тиісті. Соңғы жылдары инновациялық технологиялардың шарықтап дамуы және оның оқу үдерісінде қарқынды пайдаланылуы білім беру жүйесіне де бірқатар өзгерістер алып келді. Білім беру жүйесінің ақпараттану жағдайында оқу үдерісінің тиімділігін едәуір жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды ағылшын тілін оқытуда пайдалану белсенді және табысты қолданылып жүр. Әсіресе, ол оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесін іске асыру жағдайында, олардың лингвистикалық және коммуникативтік біліктіліктерінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді. Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында білім беру саласында инновациялық технологияларды пайдалану мәселесі шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулері бойынша бірнеше бағытта қарастырылған. Мысалы, инновациялық технологияларды оқыту үдерісінде пайдаланудың психологиялық негіздері В. В. Давыдов, Е. И. Машбиц еңбектерінде қарастырылған. Ақпарат құралдарын қолданудың жалпы педагогикалық негіздері С. И. Архангельский, В. П. Беспалько, Н. Д. Хмель, В. М. Монахов, Г. В. Габай, В. В. Давыдов, В. Я. Ляудис, В. В. Рубцовтардың т. б. ғалымдардың еңбектерінде жүйеленген. Сонымен қатар инновациялық білім берудің қажеттілігі, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдану қажеттілігіне Б. С. Гершунский, М. С. Малибекова, С. Б. Нұрмағамбетов, т. б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде назар аударылған. Курстық жұмыста ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін анықтау мәселесі қарастырылған. Ал, шетел тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану мәселелері О. М. Астраханкина, Н. А. Ахметова, М. Ю. Ухаркина, И. Н. Галыцина, В. П. Демкина, Е. И. Дмитриева, Ю. В. Иловайская, Т. В. Карамышева, Н. М. Коптюг, А. Л. Назаренко, Е. С. Полат, Н. В. Сокольская, т. б. зерттеушілердің ғылыми зерттеулерінде қарастырылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін ақпараттану үдерісінің орта білім берудің мақсаты мен мазмұнының өзгеруіне әсері оқу орындарында жанамалы түрде жүріп жатқандығы сезіледі. Жаңа заман педагогтары нақты бір пәнді оқытудың мазмұны мен мақсатына толығымен сәйкес келетін және оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін технологияларды сауатты таңдай отырып, пайдалана білу талабы қойылып отыр. Сонымен, инновациялық технологиялардың оқу үдерісіне ену мәселесінің (оның ішінде ағылшын тілін оқытуда) маңыздылығы және оларды ауыл мектебі жағдайында тиімді пайдалану мәселесінің әлі де болса жеткілікті дәрежеде өңделмеуі себепті бізге зерттеу жұмысымыздың мәселесін айқындауға және тақырыпты «Ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі» деп тандауымызға негіз болды. Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектепте ағылшын тілін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үдерісі. Зерттеудің пәні: жаңа инновациялық технологиялар оқытудың уәждемелігін қалыптастыру құралы ретінде. Зерттеудің мақсаты: ағылшын тілін оқытуда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибелік-экспериментте тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері:- Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдалануды теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде ағылшын тілін оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау.
- Жалпы білім беретін орта мектептердегі компьютерлік бағдарламалардың ағылшын тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
- Жалпы білім беретін орта мектептерде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізіп, ұсыныстар даярлау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер инновациялық технологияларды ағылшын тілін оқытуда тиімді пайдаланса, онда ол оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға, шет тілінің жасанды ортасын құра отырып, олардың білімі мен мәдениетін жетілдіруге, оқуға тұрақты уәждемелігін қалыптастыруға, қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін және білім беру сапасын арттыруына мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; оқу-әдістемелік құжаттарды (шетел тілі пәні мұғалімін даярлаудағы оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын) талдау; мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты мамандарымен және осы оқу-тәрбие мекемесінің студенттерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу; педагогикалық бақылау; оқу үдерісінің мақсатына сай тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу, оның нәтижесін математикалық талдау арқылы өндеу және қорытындылау.
Зерттеудің көздері. Білім беру саласындағы ресми материалдар мен құжаттар, зерттеу проблемасы бойынша педагог, психолог ғалымдардың еңбектері; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиясы; Жаңа шет тілдік білім беру тұжырымдамасына басқа да білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік құжаттар, оқу әдістемелік кешендер (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқу құралдары және т. б. ) ; жеке ғалымдар диссертациялары.
Зерттеудің жетекші идеясы ағылшын тілін оқыту үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды жүйелі пайдалану арқылы жасанды тілдік орта құру оқушылардың тіл меңгеру қабілеттілігін, оқуға тұрақты қызығушылығын арттырады.
Курстық жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері
Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Сол жылы Министрлер Кеңесінің «Орта мектепте шет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттардың бірі болды. Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шетел тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі онжылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «Орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы»қаулыдан кейін көптеген өзгерістер болды [1. 7] . Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалаудан басталады, әрі қарай шетел тілін оқып үйрену жалғастырылады Тілді пайдалану үшін тілді тыңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білуі керек. Бірінші кезең- тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г. Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен:»Take care of the first two stages and the rest will take care of itself» [2. 6] Орта мектепте шет тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптан басталды. Бұл кездегі бағдарламада оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады.
-оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
-cөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
-шетел тілін өз ана тіліне ауызша аудара білу
-жазбаша аудара білу Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылды:
-мәтінді көшіріп жаза білу
-қысқа сөйлеуді жаза білу
1961жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға(монолог) және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе білуге(диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесе білу; сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу.
Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексиканың көлемі азайды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды.
Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек [3. 27] .
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.
Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс- тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының инновациялық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс- әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі [4. 76] . Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1. тәрбиелеу, 2. ағарту, 3. дамыту. Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық мақсаты. Кез -келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті [5. 51] .
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
1. 2 Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда. Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық, технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады. «Инновация», «Технология» терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен қатар қолдананылады »Технология» термині тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді [6. 73] .
Оқыту технологиясы дегеніміз- оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан, оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.
Инновациялық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы өзара байланыста, араласа қолданылады. Инновациялық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т. б. түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып шығу», «Диалогты тыңдап, қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі.
Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады.
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамыту жолындағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның жедел ақпараттану үдерісі мен қарқынды дамуы білім беру саласына қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру үрдісіндегі үйренушілердің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан өз дамуында жаңа серпілістер жасауды қажет етеді, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында да үлкен реформалар жүргізілуі тиіс. Бұл жөнінде Елбасы өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттілігіне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп ерекше атап көрсетті [4] .
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Осы ретте зерттеу тақырыбымызға байланысты біріншіден педагогикалық технология ұғымына анықтама бере кетелік. Қазіргі педагогика ғылымының лексиконында педагогикалық технология ұғымы кеңінен қолданылып жүр. Дегенмен, оның мағынасы туралы алуан түрлі пікірлер бар. Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде: «Технология - өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен тәсілдері жайлы білім жиынтығы» деген анықтама берілген.
М. В. Клариннің анықтамасы бойынша: «Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдардың қолдану реті мен жиынтығының жүйесі».
Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптастыру барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туындап отыр. Осыған орай соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр.
Педагогикалық технология - алға қойылған дидактикалық мақсатқа қол жеткізу үдерісіндегі оқытушы мен оқушының біріккен өзара әрекеттерінің мақсаттылық және бірізділік сипаттамасы. Басқа сөзбен айтқанда, педагогикалық технологиялар қазіргі түсінік бойынша, оқытудың жете өңделген әдістері мен ұйымдастыру формалары болып табылады.
Ш. Т. Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді [5] .
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- деңгейлеп саралап оқыту;
- оқытудың компьютерлік технологиясы;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту.
Оқытудың жаңа технологияларының мақсаты - оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алуында.
Зерттеу жұмысының тірек ұғымы «инновациялық технология» ұғымы. Осы орайда О. С. Степанова [6] өзінің зерттеу жұмысында «Инновациялық технология» ұғымы ақпараттарды өңдеу, ұйымдастыру-басқарушылық концепция, түрлі инновациялық техникалардың жиынтығы деп қарастырса, осы мәселеге байланысты ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында зерттеушілер «инновациялық технология» ұғымын әр түрлі мазмұнда қарастыратынына көз жеткізуге болады. Ж. А. Қараевтың берген анықтамасында «Оқытудың инновациялық технологиялары» - оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту және оқу танымдық іс-әрекеттерді белсенді ету, оқу мерзімін барынша қысқарту, сондай-ақ оқу пәнін терең түсінуде жетістіктерге жету секілді дидактикалық нәтижелердің жаңа түрлеріне жетуге бағытталған, оқыту үдерісінде компьютерлер мен аудиовизуалды құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалануды көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz