Шара ұлттық драма театрының артисі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1 Би тәңірісі - Шара

2 Шара Жиенқұлова - қазақ би өнерінің ханшайымы

3 Шара Жиенқұлова би мектебінің тәрбиелік мәні

1 БИ ТӘҢІРІСІ - ШАРА

Бұл тақырыпты таңдаудағы негізгі мақсатым - ұмыт болып бара жатқан осыдан бір ғасыр бұрын өмір сүрген «би падишасы» Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығын қазіргі өзімнің замандастарыма таныстырып, би өнерінің құдіретін паш ету.

Бұл тақырып мен үшін қызықты, бірақ ауыр болды. Өнер адамдарының өмірі өте қызық, сан қырлы, соның ішінен керекті шығармашылығын таңдап алу.

Шараның есімі біздің құлағымызға Алатау мен Сарыарқадай, Атырау мен Алтайдай, Абай мен Махамбеттей, Жамбыл мен Кенендей, Мұхтар мен Қаныштай, Дина мен Күләштай аса ыстық естілуші еді. Оның аты аталғанда кәрі-жасымыз түгел елеңдеп, оның ай дидарын көргенде үлкен-кішіміз төбеміз көкке жеткендей түгел қуанып қалушы едік. Әдетте ондай сиқыр құдірет есімі өз халқының есімінің баламасына айналған аса сирек, аса санлақ дарын иелеріне ғана тән болады ғой. Табиғат оны сондай бір туар тума талант қылып жаратады.

Өнер - махаббат! Махаббат - өнер . . . Қазақтың тұңғыш профессионал биші қызы - Шара Жиенқұлова барша өмірінде осы екі қасиетті бойтұмардай қастерлей білді. Би құдіреті оған бала жастан дарыған, сондықтан әкесі Баймолда сүйікті қызының бойынан алғырлықпен қатар өнер ұшқынын байқап, қытай бишісін жалдап балапанына би өнерінің алғашқы нышандарын үйретеді.

Асқар Алатаудың бөктерінде, бау-бақшаға бөленген Алматы қаласында, 1912 жылы тамыз айының он тоғызына қараған түні дүниеге келіпті.

Әкесі- Баймолда Жиенқұлұлы Жетісу өңіріне қадірлі, беделді, дінге қатты сенетін адам болған.

Баймолда үлкен әйелі Нұрбүбі қатарынан он төрт қызға құрсақ көтергенде, қатты ренжіп: "Жасым болса келіп қалды, шаңыраққа ие болатын ұл балам жоқ", -деп бірінші әйелінің үстіне Шараның шешесін алады. Бірақ сүйіп алған жас әйелінен он бесінші қыз болып Шара дүниеге келіпті.

Ал, оның соңынан он алтыншы қыз - сіңлісі Хадиша шыр етіп жерге түскенде, әкесі мен шешесі екеуі тәңірден тәлөт тілеп, мойындарына қоржын салып Әулиеатаға сыйынуға кетеді. Сонан "Алла тағала" олардың мінәжатын қабыл көргендей анасы Айаш бірінен соң бірі, қатарынан үш ұл тауып береді.

Ата-анасы сауатты болсын деген болуы керек, жеті жасынан бастап медресеге оқуға берді. Онда күніне бес уақыт намаз оқып, ораза үстау міндеті парыз болатын. Үй-жай, қора-қопсысы Алматыда болатын. Сондықтан қыста Алматыда қыстап, ал көктем шыға малды айдап жайлауға көшетін. Жайлаулары Іле Алатауынан асып түскен тұстағы қырғыздың жеріне барып түйісетін "Көкайрақ" аңғары. Үлкен өзеннің арғы жағын қырғыздар, бергі жағын қазақтар жайлайтын. Жайлау төріне жиналған жастар аламан бәйге, көкпар, сайыс, қыз қуу, жорға жарыс сияқты ұлт ойындарымен қоса ақындар мен әншілер, домбырашылар мен қобызшылар, жыршылар мен ертекшілер екі жар бөлініп алып айтысатын.

Жайлауда қыз ұзату, келін түсіру тәрізді той-томалақтар да жиі болып тұратын еді.

Халқымыздың ата-бабадан келе жатқан мұндай әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтын, дәстүрін мен ешқашан ұмыта алмайды, сондағы жиындар әлі күнге өмірінің соңына дейін көз алдында болды.

Шара небәрі он алты жасында атақты биші атанды. Сол жылы өзінің болашақ жары, дара махаббаты- Құрманбек Жандарбековпен танысып, көңіл қосады.

1934 жылы Қазақтың музыкалық театры құрылды, бұл болашақ опера және балет театрының түпқазығы еді. Музыкалық қабілеті күшті актерлер жаңа театр құрамына енеді, ішінде Шара мен Құрманбек те бар. 1936-1937 жылдары Мәскеу мен Ленинград гастрольдерінде театрдың қандайлық биік белеске көтерілгендігі тарихтан белгілі. Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі алғашқы онкүндігінде зор табыстары үшін бір топ қайтаркерлерге үкіметтің ең биік наградалары табыс етілді, Шара "Құрмет белгісі" орденін тағып қайтады.

Онкүндіктен кейін Шара жеке би театрын құруды ойға алады: әр биге образ - мінездеме бере отырып, ондай билер бас-аяғы тұтас шағын миниатюралық шығарма келбетіне де ие болуға тиіс деп түйеді. Оның орындауындағы қазақтың күлдіргі әндеріне құрылған "Молдабай", "Жариям-айдай", "Бүркітші", "Сауыншы жеңгей", "Шахтер", тағы басқалар тендессіз қайталанбас дүниелер-тұғын. Әлем халықтарынан: үндінің, өзбектің, испанның, сығанның, әзербайжанның, грузиннің, жапонның, корейдің, монғолдың ән-билерін орындайды. Әр ұлттық тілін ғана үйренбей, костюм кию мәнерін, жүрісін, дауыс ырғағын да келістіре салады. Сөйте тұра, ойнақы, нақты бір халыққа тән мінез-штрихпен әр номерді айшықтай білген еді Шара. Міне, Шараның даралығы осындай еді! Ол әлемге танылды. Дүние жүзін аралады, ал Ұлы Отан соғысы тұсында өз ансамблімен окоптарда концерт берді. Соңында би өрнегі, оның теңіздей бай да терең тарихы қалды. Қазақ өнерінде қазақ биі мықтап қалыптасты десек, соның көш басшысы, бастау көзі болып қалай да Шара (Гүлшара) Жиенқұлова қалады. Бұл жағынан елінің есінде қалған рухани ескерткішінің табан тасын ешкімде мызғыта алматы. Себеп: "Мен қазақ биінің көшбасшысымын" дейтіндер әр жер-әр жерден бой көрсетуде . . . Би тәңірісі Шара халқының мәңгі есінде. Шара мектебі, ол ойнаған рольдер, ұзақ жылдар сол кезде залда отырған көрерменнің ғана емес, халқымыздың жаңа тарихына, әрлеу мен кемелдену тарихында өшпес із қалдырып отырды. Қазақтың тұңғыш драма театры шымылдығын ашқанда Еңлік пен Қаракөздей аяулы қыздарымыздың ролін Қазақ педагогика институтының студенті Шара Жиенқұлова ойнады. Қазақтың опера және балет театры құрылғанда, алғашкы күннен бастап, оның барлық спектаклъдеріндегі би партияларын Шара Жиенқұлова орындады. Қазақтын ұлттық кино өнерінің төл басы болған "Аманкелді" фильмінде Бану ролін Шара Жиенқұлова атқарды. Қазақтың ұлттық эстрада өнерін қалыптастыруда дүние жүзі халықтарының билерін орындаудың үздік шебері Шара Жиенқұлованың сіңірген еңбегі аса зор. Көп ұлтты мемлекетіміздің ғана емес, әлемнің көптеген елдерінің айтулы сахналарына жарқ-жұрқ етіп ол шыға келгенде сұлулық құдіретіне, өнер құдіретіне, адам жанының ең бір тұңғиық сырларын қимыл мен халық арқылы қапысыз жеткізе алатын шеберлік құдіретіне бас имеген жан кем де кем шығар. Әсіресе, қазақтың ұлттық би өнерін қалыптастыру мен насихаттауда онын сіңірген енбегін айтып жеткізу қиын. Шара Жиенқұлованың аса сирек дарыны мен тынымсыз ізденісінің арқасында ұлттық биіміз қайта түлеп қана қоймай, шынайы кәсіпкерлік деңгейге дейін көтерілді. Оның зерттеушілік және орындаушылық енбегінің арқасында жетпістен астам халық биі өмірге қайта оралды.

Шара соңғыға тұңғыш қадам, жаңаға алғаш талпыныс жасаумен ғана тынып қалмайтын. Өзі бастаған істі түпкілікті нәтижеге жеткізбей тынбайтын. Ол бишілікті ғана қанағат етіп қоймай, би туралы білімді дамытуға, ол өнердің теориясы мен тарихын жасауға, би сахнасының шеберлерін даярлауға өлшеусіз зор үлес қосты. Оның қаламынан шыққан "Қазақ биі", ''Сымбат", "Өмірім менің- өнерім", "Би құпиясы" кітаптары тек мамандардың ғана емес, қалың оқырман қауымның қалтқысыз ықыласына ие болды. Тәжірибелі педагог, талапшыл ұстаз, мейірбан тәлімгер Шара ұзақ жылдар Қазақ ССР ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі, Алматы хореография училищесінің басшысы болып бишілердің әлденеше талантты буындарын тәрбиелеп өсірді. Ол "Қыз Жібек" операсындағы билерді қойғаны үшін Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Бұның бәрі бір кісіге ғана емес, бірнеше өнер шеберіне өмірлік мерей бола алатындай қыруар еңбек еді. Сондықтан да оның жемісті шығармашылық қызметі аса зор бағаланды. Ленин орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен және медальдармен наградталды.

Алматыда туып-өскен, кіндік қаны тамған, барша өмірін өнерге бағыштаған адамға сол қаладан бірде-бір көшенің аты берілмеуі қалай? 1992 жылы Жиенқұлованың сексен жылдығы тойлануы тиісті, ол өзі де сол мерей тойына иек арта бергенде көз жұмды, "өзі жоқтың көзі жоқ" деп, артында қудалушысы, жоқтаушысы болмағандық себепті оның есімі, еңбегі ескерусіз қалды, қалып та барады.

Ең бастысы - өз халқының, талғампаз көрерменнің шексіз махаббатына ие болды. Ол махаббат халқымыздың азамат қызы, ұлттық сахна өнеріміздің негізін қалаушыларының бірі, би өнерінің тендесі жоқ шебері Шара Жиенқұлованың есімі мен ісін әрбір жана ұрпақтың жүрегіне жаңа арман қып маздата береді. Шара есімі өшпесін, қайта ғасырдан ғасырға мәрмәр өнері жалғаса берсін деген ақберен ниеттен туған ойым да. Қазақ халқы жасай берсе, Шара тұлғасы да тұғырында сақталмақ!

Шара Жиенқұлова - қазақ би өнерінің ханшайымы

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі - Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған.

Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды.

Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш бейнесі - оның театрдағы алғашқы сомдаған рөлі. Кейін ол Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» қойылымдарында басты рөлдерді сомдады.

1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті.

http://massaget.kz/userdata/news/news_703/thumb_b/photo.jpg

Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырды.

1938 жылы қазақтың тұңғыш балеті «Қалқаман-Мамыр» қойылымында ол басты кейіпкер Мамырдың партиясын орындады. Балетмейстер Л. А. Жуковпен бірлесе отырып, 1940 жылы И. Н. Надировтың «Көктем» балетін қойды.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/100311-41.jpg

Өз жұмысын Шара Жиенқұлова 1940-1962 жылы Қазақ филормониясында жалғастырды. 1962-1966 жылдары Қазақ ән-би ансамблінің басшысы болды. 1966-1975 жылдары Алматы хореография училищесінің директоры қызметінде болды.

Ол қазақ өнерінің дамуына сүбелі үлес қосты. Ұлттық би өнерін ғылыми тұрғыда терең зерттеп, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халық билеріне жаңа дем берді. Ол «Айжан қыз», «Қара жорға», «Тәттімбет», «Қырық қыз» т. с. с. билерді дүниеге әкелді.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/58747.jpg

Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін-өзі сомдады.

Марапаттары:

1936 - Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі

1938 - Қазақ КСР халық әртісі

1968 - Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл ТУ, «Құрмет белгісі» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

"Қазақ биі", ''Сымбат", "Өмірім менің- өнерім", "Би құпиясы" кітаптарының авторы.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u18/00000247.jpg

Шара Жиенқұлова 1991 жылы 21 мамырда сексенге қараған шағында Алматы қаласында көз жұмды.

3 ШАРА ЖИЕНҚҰЛОВА БИ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Би. Бұл Шараның бүкіл шығармашылық өскен жолының, қалдырған өнер соқпағының айнасы іспетті. Жанына нұр шашып, биік белеске бастаған ұлттық өнердің мол шұғыласы Шара жүрегін қуанышқа бөлеп келеді. «Шараның биі ұршықтан басалады» деуші еді Құрманбек Жандарбеков. Би тұнып тұрған поэзия, сұлулық, қазақтың әні де, күйі де, сән-салтанаты мен тұрмыс-тіршілігі де содан нұрлы бастау алып жатқандай. Бәйге, көкпар, қыз қуу, келін түсіріп, той-томалақ жасауда қанша қимыл бар. Алаша тоқып, киіз басып, сырмақ оюдың өзінде қандай әдемілік кездеседі. Бұйығы Шара кезінен сол тау мен дала арасында тел өсіп, барлығын жанына тоқып бойжетті. Қошқар мен сыңар мүйіздер киіз басуда қалай өрнек тапса, қыран қанатының суылы да би тәңіриясына шабыт беретін. Қазақ биінің жұлдызы, Қазақ КСР Халық артисі, қазақ КСР Мемле-кеттік сыйлығының лауреаты Шара (Гүлшара) Жиенқұлованың шығарма-шылығы халықтық өнердің кең қанат жайып, тамаша дамуына үлкен үлес қосып, ұлттық хореографияны әлемдік деңгейге шығарды. Қай елдің ғылымында болмасын жеке бір тұлғаны сөз еткенде алдымен айтылатыны сол тұлғаның шыққан тегі, өскен ортасы, заманы. Шара 1912 жылы 19 тамызда Верный қаласында (қазіргі Алматы) . Оның әкесі Баймолда Жиенқұлұлы ағаш дайындаумен айналысқан бай адам болған. Көпбалалы отбасында Гүлшара өте сүйкімді болып өсті. Шешесі Тыныбаланың талап етуімен Шара алдымен медресе, соңынан орыс мектебінде оқыды. Сол кездегі қыздарға бұл жәй тән емес еді. Бала кезінен тоқыма, би өнерлерімен әуестенеді. Әрқашан да пысық және ширақ, үй шаруасындағы қарапайым міндеттерін жылдам бітіріп тастайтын кішкене қыз жайлаудағы еркін өмірге жан-тәнімен беріліп кететін. Бала кезінен Шара музыканы, әнді сүйді, күйлер мен олар туралы аңыздарды сағаттап тыңдайтын. Ұшқыр ойлы, жарқын мінезді ол қозғалысты ойындарды жақсы көретін және оларды өзі жиі де ұйымдастыратын. Ойлап табудан жалықпайтын ол жастар арасында беделді болды. Туған жерінде еркін тыныстап, ертегілері мен аңыздарына құлақ түре, халық әуендерінің ырғағын еркін түсіне, әндері мен билерінде оның байлығы туралы айтатынын, бүкіл өмірін соған арнайтынын білмей тұрып, Шараның сезімтал жаратылысы халық өнерінің дархан сыйлығын бойына сіңіре берді. Орыс мектебіндегі оқудың алғашқы жылдарынан-ақ Шара барлық қоғамдық шаралардың белсенді мүшесі болды. Оны бәрінен бұрын сахна қызықтырады. 1925 жылы-ақ Шара оқушылар концерттік тобының құрамында ақылы концерттерде өнер көрсетеді. Театрмен қызу әуестену, өзіне тоқтаусыз тартатын сахна билігі Шараны одан әрі қызықтырып әкетеді. Өзін ән мен биде көрсетуге ұмтылу оның рухани қажеттілігіне айналады. Бұрынырақ аты Алматыға алмастырылған Верный қаласы 1929 жылдың мамырында Қазақ автономиялық республикасының астанасы болды. Жаңа астананың мәдени өміріндегі тамаша жаңалықтардың бірі - репертуарында қазақ драматургтері М. Әуезов, Т. Жароков т. б. пьесалары жүріп жатқан Қызылордадан (бұрынғы астана) көшіп келген қазақ драма театры болды. Театр А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, Н. Погодиннің, В. Шекспирдің шығармаларын қойды.

1928 жылдан бастап 1933 жылдар аралығында - Шара ұлттық драма театрының артисі. Театрда Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Мәлике Шамова, Күләш Байсейітова сияқты көрнекті актерлермен қатар қызмет еткен жылдардың еңбек жолын жаңа бастаған актер үшін зор маңызы болды. Бірақ мұнда да, драма театрының сахнасында да Шара ән салып, би билесем деген тілегі тастамайды. Сондықтан 1933 жылы театр жанынан музыкалық студия ұйымдастырылғанда, ең бірінші мүшелердің қатарында вокал және үйлесімділік сабақтарын ала бастайды. 1934 жылы студиялықтар «Айман-Шолпан», «Шұға» пьесаларын қояды және өздерінің ең жақсы спектаклі - «Қыз Жібек» операсын жасап шығарды. Сол жылы музыкалық студия Мемлекеттік музыкалық- драмалық театр болып құрылды. Бұл жыл оның шығармашылығындағы ең тамаша жыл болды. Оның шынайы талантын ашқан музыкалық театрға келуі, балетмейстер А. Александровпен кездесуі оның өнеріндегі жолын айқындап берді - балет артисінің, ұлттық хореографияны белсенді жасаушының жолы. Бишінің көрікті сыртқы келбеті; іскер жігерлілігі биші қолының ғажайып нәзік үйлесімділігімен реңдене түседі. Қоюшылар Али Ардобустың, М. П. Арцибашеваның би әдістерін еркін түсініп, орыс және өзбек билерінің қимылдарымен алмастыра отырып, Шара тек қазақ хореографиясына ғана тән мүлдем жаңа сипаттар жасады. 1938 жылы тұңғыш ұлттық балет «Қалқаман-Мамыр» спектаклінің премьерасы өтті, балеттің музыкасын жазған композитор В. Великанов, Шара осы балетте Мамырдың бейнесін сомдады. 1938 жылы Шара Жиенқұлова қазақтың ең алғашқы «Амангелді» көркем фильміндегі басты кейіпкер - Балымның рөліне шақырылады. Ленинград киностудиясында жүргізілген кино түсірілімі кезінде биші қазақ билерінің қойылым үшін шақырған И. А. Моисеевпен қоян-қолтық шығарма-щылық ынтымақтастықта жұмыс істейді. И. Моисеевпен бірге жұмыс істеуі бишінің одан арғы шығармашылық жолын айқындап берді. 1940 жылы Қазақтың мемлекеттік Жамбыл атындағы филармония-сының жанынан ән-би ансамбілі құрылды. Республиканың үкіметі әртіске қолдау көрсетті. Ш. Жиенқұлованың 1940 жылдан 1966 жылға дейінгі шығармашылық қызметі осы ансамбльмен сабақтас: ол осы ұжымның көркемдік жетекшісі де, жеке бишісі де болып қызмет атқарды. Бишінің репертуарында - қазақ және әлем халықтарының билері. Қазақ билерін дайындау кезінде биші халық шығармашылығын кеңінен қолданып, ұлтымыздың тұрмысын, ғұрыптарын, салт-рәсімдерін мұқия зерделеді: би қимылдары аңыздардың, өмірден байқағандарының негізінде туындады. Биші сомдаған билер ешқашан өзінің тартымдылығын жоғалтқан емес және олар қазақ хореографиялық өнерінің классикалық дүниесіне айналды. Олар - қиял мен елестетуден пайда болған ұмытылмайтын «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға» билері еді. 1965 жылдан 1975 жыл аралығында Шара Жиенқұлова педагогикалық қызметпен айналысады. Алғашында Алматы хореографиялық училищесінің халық би бөлімінің меңгерушісі, соңынан оның директоры болды. Педаго-гикалық қызметінің бұл жылдары оған көп қуаныштар мен қынжылулар әкеледі. Ш. Жиенқұлова училищеде қызмет істеген алғашқы күндерінен-ақ алдына міндет етіп балет мектебі үшін бөлек ғимараттың салынуына қол жеткізуді қояды (Ол жылдары хореографиялық училище Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның екінші қабатында орналасқан еді) . Училищенің жаңа ғимаратын салуды өтініп ол тоздырған табалдырықтар өз жемісін берді, құрылыс басталды. Қазір қазақтың тұңғыш ұлттық бишісі Шара Жиенқұлованың қажырлы еңбегінің арқасында еліміздің хореогра-фиялық өнерінің өзінің ғимараты, өзінің мектебі бар, онда күннен күнге, жылдан жылға хореографияның жас таланттары өздерінің шеберлігін шыңдайды. Шәкірттерді іріктеп алу кезеңдерінде олардың тек бишілерге тән мүмкіндіктері мен дене бітіміне ғана мән бермей, бет-әлпетіне де аса зор көңіл бөлген еді. Шара Жиенқұлова би өнерін тек бір өзі ғана игеріп, бір өзі ғана сахнада билеуді мұрат тұтқан емес. Шәкіртсіз ұстаз - тұл. Өнер биігіне көтерілген сайын, өнер құпиясына молынан қаныққан сайын, оның тылсым сырларын өзінен кейінгі жастарға үйретуге бел шеше кірісті. Шара - абзал ұстаз, ұжым жетекшісі болды. Ол бишілік-практикалық жұмысына теориялық педагогикалық жұмыстарды ойдағыдай ұштастырып келді. Оның педагог-балетмейстерлер мен жас орындаушыларға арналған «Қазақ билері» (1955), «Тайна танца» (1980), «Өмірім менің - өнерім» (1983), «Сымбат» (1987), «Танцы друзей» (1989) атты көптеген кітаптары жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ биінің халық арасында қазіргі дамуы
Шара Жиенқұлова
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Қазақ музыка театрының би өнері
Әшірбек Сығай – сыншы
Вокалдық өнер саласы
Желтоқсан көтерілісі. Көтеріліс хронологиясы
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркемөнер
Қазақ ұлттық драма театрының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz