Ұлыбританиядағы шағын бизнес
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Шағын бизнестің экономикалық мазмұны және қаржыларын басқару саясаты
1.2 Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқарудағы шетел
тәжірибесі
2 2 ШАҒЫН БИЗНЕСТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ (ЖШС Аманат мысалында)
2.1 ЖШС Аманаттың техникалық-экономикалық сипаттамасы
2.2 Аманат ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ДАМЫТУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шағын бизнестегі қаржылық менеджменттің басты мәселелері
3.2 Шағын бизнестегі қаржылық менеджментті дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
3
4
4
9
15
15
21
29
29
34
37
39
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің нарықтық қатынастардың дамуы кәсіпорын қаржыларының маңызын арттыра түсті. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ресурстарының жағдайы, оның қызметінің нәтижелерін анықтайтын фактор болып табылады. Кәсіпорын жағдайының сандық және сапалық параметрлері оның нарықтағы орны мен экономикалық кеңістікте тиімді қызмет ету мүмкіндігін анықтайды. Осы мәселелердің барлығы экономиканы басқаруда қаржыларды басқарудың маңызын арттыра түсті.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі ең алдымен қаржылардың оңай ұйымдастырылуымен анықталады да ақша қатынастарының жүйесі болып табылады және де ақшалай қорлардың айналым процесінде олардың қалыптасуын және пайдалануын көрсетеді. Кәсіпорынның негізгі міндеті оның иелерінің әл - ауқатының максималды көбеюі болып табылады. Қаржыны бақаруда оңтайлы нәтижеге жету үшін,бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджмент маңызды орын алады.
Еліміз нарықтық қатынастардың дамуын, жеке меншік секторды өз экономикасында шетелдік әйгілі фирмалардың қазіргі заманғы қаржылық басқару әдістерін ескере отырып, ішкі экономикалық қатынастарды ұлғайтуға тиімді қолданып отыр.
Менеджмент дегеніміз - белгілі жетістіктерге жету үшін обьектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық менеджменттің ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кең қолданылады. Кәсіпорын капиталы - бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал - кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару ісі қаржы менеджменті деп аталды. Қаржы менеджменті - әлеуметтік - экономикалық процестерді басқарудың негізгі құралы.
Қаржылық менеджмент - кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, пайдалану және байланысты, ақша айналымы мен қаржыларды басқару мен байланысты үрдіс және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқаруда қолданылатын әдіс-тәсілдер және формалар жүйесі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақстан Республикасында қаржылық менеджмент теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, А.Ю. Казак, В.А. Кашин, Л.П. Павлова, Р.Г. Самоев,. М.В. Романовский, H.Е. Русакова, Т.Ф. Юткина және т.б. Қаржылық менеджменттің негізін құрастыру қажеттілігі туралы сұрақты ең бірінші болып С. В. Барулин қарастырған. Мәселені шет елдік зертеулердің ішінде Қазақстанда қаржылық менеджменттің дамуы үшін көп қызығушылық тудыратын, мысалы, Д. Кэмпбеллдің, Е. Томсеттің және Д. Джонсонның еңбектері.
Ресейде қаржылық менеджмент бойынша алғашқы бекітілген жұмыс Д.Ю.Мельниктің 1999 жылы шыққан Финансовый менеджмент кітабы. Ал біздің республикамызда қаржылық менеджменттің теориясы мен тәжірибесінің сұрақтары профессор К.Е. Кубаевтің редакциясымен шығарылған Теория и практика менеджмента оқулығында қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты - Шағын бизнестегі қаржылық менеджментті, кәсіпорын мысалында менеджменттің қаржылық қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
oo шағын бизнестің экономикалық мазмұны және қаржыларын басқару саясаты ұғымын нақтылау;
oo шағын және орта бизнестегі қаржылық менеджментті ұйымдастырудың шетел тәжірибесін зерделеу;
oo Шағын бизнестегі қаржылық менеджменттің тәжірибесінің қазіргі (ЖШС Аманат мысалында) жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
oo ЖШС Аманаттың қаржылық - шаруашылық қызметінің қазіргі жағдайын талдау;
oo Аманат ЖШС қаржылық жағдайын талдау әдістерін табу;
oo шағын бизнестегі қаржылық менеджментті дамытудағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің қаржылық менеджменттің шағын бизнесті дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, Аманат ЖШС-ң жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары және т.с.с. пайдаланылды.
Зерттеу пәні .Қазақстандағы шағын бизнестің дамуы.
Зерттеу объектісіне шағын бизнестегі қаржылық менеджмент жатады.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Курстық жұмысында жасалған қорытындылар мен ұсыныстар шағын бизнестегі қаржылық менеджменттің ролін айқындауға арналған зерттеулерде пайдалануы мүмкін.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Экономикалық әдебиеттерде пайда түрінде табыс әкелетін кез-келген қызмет түрі ретінде бизнес (ағылшынша business) түсінігінің трактовкасы кеңінен таралды. Бірақ басқа да пікірлер бар. Мысалы, бірқатар зерттеушілер бизнес сөзі (busy - бос емес деген формадан) уақыт өте келе мағынасы әртүрлі болған: кәсіп, іс, кәсіпкерлік, іскерлік орта, компаниялар, еңбекақы көзі сияқты американдықтарың сөзінен шыққан деп санайды. Көріп отырғанымыздай, әңгіме күрделі және санқырлы категория туралы болып отыр, сондықтан оны талқылау белгілі бір шектеулерді талап етеді [2, 45].
Ал бизнес ұғымын ең алғаш XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж.ж.) енгізген. Ол кәсіпкер деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Жалпы шағын бизнес - - микродеңгейде нақты әлеуметтік-экокномикалық ортада іске асады және осы ортамен үнемі санасады, өйткені өзі осы ортадан шыққан. Шағын бизнес осы орта өнімі болып табылады. Шағын бизнес - бұл экономикалық белсенділіктің ерекше түрі. Ол өзіндік бастамашылыққа, жауапкершілікке негізделген инновациялық кәсіпкерлік идея. Экономикалық белсенділік - қоғамдық өндіріске жеке адамның қатысу нысанын және өзінің, жанұя мүшелерінің өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қаражат табу тәсілі. Жеке адамның қоғамдық өндіріске қатысуының бұл нысаны функционалды міндеттеме немесе олардың комбинациясы болады. Егер ол келесі тұлға ретінде қатысса:
* Үнемі және кепілді табыс әкелетін объектінің, жылжымайтын мүліктің жене тағы басқа меншік иесі ретінде (жалға берілетін үйдің немесе кәсіпорының меншік иесі).
* Еңбек күшін сататын жалдамалы жұмыскер ретінде (сварщик, сатушы, автокөлік жуушы және т.б.).
* Жеке дара өндіруші ретінде (өз еңбектерін өткізу арқылы табатын табысына өмір сүретін дербес суретші немесе автокөлікті такси ретінде қолдану арқылы табысына өмір сүретін жүргізуші жене т.б.).
* Менеджер ретінде (біреудің кәсіпорынын басқарушы).
* Қорғаныс - күзет қызметкері ретінде (қарашын, күзетші т.б.).
Шағын және орта бизнес жаңа тауарды өндіру болсын, қызметті басқа профильге ауыстыру және жаңа кәсіпорын ашу болсын инновациалық мезеттің болуын талап етеді. Өндірісті басқарудың жаңа жүйесі, өндірісті ұйымдастырудың жаңа тәсілін және жаңа технологияны енгізу - бұлардың барлығы инновациялық мезет болып есептеледі.
Кәсіпкерлік белсенділіктің негізгі субъектісі - кәсіпкер болып табылады. Бірақ, кәсіпкер жалғысу субъектісі бола алмайды. Өйткені, ол тұтынушымен үнемі қарым-қатынаста болады.Сонымен қатар бұл жерде көмекші немесе қарсы шығушы ретінде мемлекет те қатынасқа түседі.
Тұтынушы да, мемлекет те, жалдамалы жұмысшы да(егер кәсіпкер жалғыз жұмыс істемесе), бизнес бойынша әріптестер де кәсіпкерлік субъектілер категориясына жатады.
Бизнесмен мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынаста кәсіпкер белсенді субъект категориясына жатады, ал тұтынушыға әрекетсіздік қасиет тән. Осы қатынасты талдай келе, тұтынушы кәсіпкерлік прцестің индикаторын атқаратындығын айта кеткен жөн. Бұл түсінікті. Өйткені, кәсіпкер қызметінің пәнін құрайтын заттарға тұтынушы оң баға бергенде ғана бұл заттар өтімді болады. Мұндай бағалау тұтынушы арқылы жүзеге асады және қандай да бір тауарды сатып алуға дайын екенін білдіреді. Кәсіпкер өз қызметін ұйымдастыруда тұтынушының көңіл-күйін, қалауын және күтуін елемей қоймайды 9.
Сонымен, кәсіпкердің мақсаты тұтынушының көңілінен шығу, өз тұтынушылар ортасының болуына ұмтылу.
Қарастырылған мәселелерді тұжырымдай келсек: қоғамдық өндіріс көзқарасынан бизнесмен белсенді субъект рөлін атқарса, кәсіпкелік процесс көзқарасынан белсенді рөлді тұтынушы атқарады және кәсіпкер бұл деректі елемей қоя алмайды.
Кәсіпкерлік процесс субъектісі ретіндегі мемлекеттің рөлі, іскерлік белсенділік ортада пайда болатын қоғамдық жағдайларға, ахуалдарға және мемлекеттің өз алдына қойған мақсатына байланысты әртүрлі болады.
Нақты жағдайларға байланысты мемлекет болуы мүмкін:
* Шағын және орта бизнес дамуына қолайсыз жағдай жасаса, немесе оны шектесе, кәсіпкерлік дамуының тежеуіші;
* Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуына тікелей қарсы іс-әрекет жасамаса, бірақ оның дамуына мүмкіндік те жасамаса, бөгде бақылаушы;
* Мемлекет кәсіпкерлік процеске тарту үшін жаңа агенттерді үнемі бнелсенді іздесе, кәсіпкерлік процесті жеделдетуші бола алады.
Жалдамалы жұмысшы да кәсіпкерлік идеяны жүзеге асырушы ретінде кәсіпкерлік процестің субъектілер тобына жатады. Кәсіпкерлік идеяның жүзеге асу нәтижелігі және сапасы жалдамалы жұмысшыға байланысты [3, 26].
Әрбір экономикалық субъектінің өз мүддесі болатындығы мәлім. Ал, кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшының жоспарларының бір бөлігі сәйкес келеді (табыс жоғарылаған сайын, жалақы жоғарылайды), ал бір бөлігі қарама-қайшы сипатқа ие(кәсіпкер жоғары жплақы төлеуге мүдделі емес, ал жалдамалы жұмысшы жалақы жоғары болғанын қалайды). Мұндай жағдайда екі жақ өздерін қанағаттандыратын келісімге келеді. Осындай келісімдер кәсіпкерлік процестің екі субъектісінің қатынасының негізін құрайды.
Еңбек бөлінісі негізінде қазіргі заман жағдайында әрбір бизнесмен терең мамандандырылған өндірісте қызмет атқарады.
Ұйымдастырушылық блогы
-өкілетті салалық орган;
- шағын бизнесті қолдау агенттігі
- бизнесті дамытудың қоры
- банктер бизнес жоспарлар
Өндірістік блогы
-менеджерлер ұйымдастыру,
-негізгі өндіріс
-инфрақұрлым
-персонал
-ресурстар
-маркетингті қалыптастыру;
Өндірістік блогы
-менеджерлер ұйымдастыру,
-негізгі өндіріс
-инфрақұрлым
-персонал
-ресурстар
-маркетингті қалыптастыру;
Талдау блогі
-ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың төлем қабілетінің балансы
-сыртқы нарықтағы сұраныстың төлем қабілеттілігі балансы
-тауарларға мүмкін болатын көлемін бағалау
Мемлекеттік реттеу блогы
-салықтар, акциздер,т.б
-кеден салығы, тарифтер
-бағалар, прейскуранттар
-құқықтық актілер;
1 - сурет. Шағын бизнесті ұйымдастыру нысандары
Басқаша айтқанда, кәсіпкер пайдасы (егер жәй іскер адам емес нағыз кәсіпкер туралы айтылса) екі элеметтен құрылады:
:: іскер адамның әдеттегі пайдасы ;
:: іскер адамның әдеттегі пайдасынан артықшылық.
Екінші элемент кәсіпкерлік табыс (пайда) ретінде қарастырылады, яғни, инновацилық қызмет үшін және өндірістегі жаңашылдық үшін қоғамдық мараппаттау нысандары 12.
Сонымен, әрбір кәсіпкер, іскер адам ретінде қарастырылады. Бірақ, нағыз кәсіпкер феномені туралы сөз болса, барлық іскер адамдарды кәсіпкерлер категориясына жатқызуға болмайды.
Бизнестің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілерінің бірі-шаруашылық субьектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің негізгі талабы - экономикалық іс әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен таңдау еркіндігі. Әрбір қызметкердің өз істей алатын еңбекпен айналысуға құқысы бар. Алайда қандай еркіндік болмасын көптеген жағдайлармен шектелген, олар сыртқы орта мен субьектілер әрекетінің нәтежиесінен шығады. Дегенмен, бизнес қызметтің басты шарты-барлық мүмкіндіктер деңгейі тұрғысынан шешім қабылдау өзбеттілігі мен еркіндігі болып табылады. Бизнеске тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге баруы. Тәуекел - жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады [4, 103].
Бизнестің келесі белгісі ол толық экономикалық жауапкершілік және бұл мүліктік және кәсіпкердің өз атынан жүзеге асырылуы. Кәсіпкерлер өз міндеттері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлкіне жауап береді. Сонымен қатар, өзіне тиесілі өндіріс құралдарын тиімді пайдалану; қоршаған ортаны ластамау; өндірістің Қауіпсіздік ережелерін бұзбауға; санитарлы гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті.
Бизнестің жүзеге асыраушыларының ерекше белгілері ретінде жаңашылдық; шығармашылық ізденіс; жауапкершілік; іскерлікте этикет әрекеттері; жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады. Міне осы қабілет - әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға шығармашылықпен қарау іскерлік әлемде жоғары бағаланады және нәтижелі сипатта болады.
Бизнестің атқаратын қызметтеріне келетін болсақ: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және басқарушылық қызметтері бар.
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалды техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық қызметке қажетті шикізат, құрал жабдықтар және тағы басқаларымен өзара байланыстылығын жүзеге асырады.
Коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және кәсіпорындар мен нарықтық контрагенттер арасындағы айырбас процесін басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар-ақша және сауда-айырбас операциялары және сату- сатып алу бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Қаржылық қызметі келесі функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау; ақша нарығы; банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыстар қалыптастыру; сатып алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингілік қызметтер және тағы басқалар.
Басқарушылық қызмет кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат құралдармен өзара қарым қатынастарын басқаруы, бизнес идеялар, инициативалық талаптарды және басқару - менеджмент тәжірибелерін қалыптастырып, тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану; және бизнес қажеттіліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарту, таңдау, жұмысқа алу.
Сонымен, кәсіпкер - қызметінің сферасына байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
- нарықты зерттеу арқылы төлем қабілетті сұранысы бар тауарлар мен қызметтер іздеу;
- тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды бағалау; төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
- бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде ұйымдастыру және оларды басқару;
- маркетингтің қазіргі заманғы принциптерін пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
- табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, резервтік қорлар, дивиденттерді төлеу қорлары арасында т.б. тиімді бөлу;
Кез -келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтес фазаларымен байланысты болғандықтан, бизнестің келесі түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық. Өндірістік бизнес негізінен тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру мен тұтынуға; коммерциялыҚ -оларды айырбастау мен өткізуге; қаржылық айналысқа, құндар айырбасына байланысты жүзеге асырады. Бизнестің бұл түрлерінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне байланысты әрқайсысының ерекшеліктері болғандықтан, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал шағын бизнес ол бизнестің бір ерекше түрі деуге болады, ол оның формасы кез келген түрде: жекеменшік, серіктестік, жауапкершілігі шектеулі қоғам ретінде болуы мүмкін. Сондықтан да шағын бизнестің екі экономикалық мәні анықталынады: біріншіден, оның объективті түрде өмір сүруі және экономкалық секторы ретінде дамитындығы; екіншіден, бизнес қызметтің ерекше түрі болып табылатындығы. Шағын бизнесті экономиканың секторы ретінде қарастыру қоғамдық өндірістің екі - техникалық ұйымдастыру мен әлеуметтік - экономикалық жағының бірлігін күште, яғни, өндірістің материалдық заттық элементтер жиынтығы, жұмыс күші мен өндірісті ұйымдастырудың түрі арқылы анықтама, екінші жағы өндірістің қоғамдық түрін құрайтын өндірістік қатынастармен анықталып отырады. Шағын бизнестің негізгі экономикалық белгілеріне жататындар:
- шарушылықты тәуекелділікпен жүзеге асыру(оқшалануы),
- қызметтің белгілі бір түріне мамандануы;
- өндірілген тауардың нарықта сатылуы, сатып алынуы.
Шағын бизнестің клеткасы- шағын кәсіпорындар. Осыдан шағын бизнестің шағын кәсіпорындардың жиынтығын құрайтын экономиканың ерекше секторы немесе нарық жағдайындағы өндірістің ерекше қоғамдық формасы екендігі анықталынады [5, 78].

Көптеген шетел мемлекттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт болып табылады. Ұйымдық құрылымдарды және шағын кәсіпкерлікді қолдау механизмдерін басқа мемлекеттерде зерттеу қандай да болмасын ұлттық ерекшеліктерге қарамастан барлық сипаттамаларға анықтауға мүмкіндік береді. (кесте 1)
кесте 1
№
Дамыған мемлекеттер тәжірибесі
ҚР деңгейін бағалау
1
Мемлекттік саясат мақсаттарын анықтайтын кәсіпкерлік қызметті қолдау сұрақтарын реттейтін әлеуметтік құқықтық актілер болуы.
Даму үстінде
2
Мемлекеттік қаржылық, технологиялық, ақпараттық, кеңістік және кадрлық мемлекеттік жобалардың жүйесін құрастыру және жүзеге асыру
Даму үстінде
3
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тікелей және жанама шараларының байланысы
Жоқ
4
Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден шағын кәсіпкерлікті қолдау жобаларын жүзеге асырудың ассигновациясын анықтау
Даму үстінде
5
Шағын бизнес саласындағы барлық міндеттерді міндеттерді реттейтін дамыған арнайы мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің болуы
Жоқ
6
Орталық, аймақтық және жергілікті билік органдарының функцияларын өзара рационалды бөлу
Даму үстінде
7
Мемлекеттік билік органдарының шағын бизнес мүдделерін қорғайтын ұйымдармен өзара қарым - қатынасы
Жоқ
8
Шағын бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты өзара қарым - қатынасты қолдауға бағытталған
Даму үстінде
Үлестерден көріп отырғанымыздай шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі. Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және салалық деп бөлуге болады.
2 - сурет. Ортаның бизнеске макроықпалы
Экономикалық
факторлар
Бизнесті мемлекеттік реттеу
Ортаның бизнеске макро ықпалы
Әлеуметтік факторлар
Технологиялық
факторлар
Ресурстық факторлар
Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне келейік.
АҚШ - ғы шағын бизнес .
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен бағаланады: өте ұсақ фирмалар - 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2 сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады.
3 - сурет. АҚШ-ғы әртүрлі деңгейдегі фирмалардың саны
Фирма көлемі
Фирма саны
Ірі
1000
Орташа
134000
Шағын
2000000
Шағын кеңселер
3000000
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының - 1953ж АҚШ Конгресі құрған шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін - шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер - бұл шағын бизнес басшылары. Шағын бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті - шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа агенттіктер мен комитеттер, соның ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар мен бірігіп отырып жүзеге асырады. Мемлекет өнімнің ірі тұтынушыларының бірі болғандықтан шағын бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер - кәсіпкерлерге ерекше назар аударады. шағын бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан - аймақ - орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы шағын бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.
Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше ролді шағын бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Америка Құрама Штаттарындағы бизнес - инкубаторлардың 90% жуығы - бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес - инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес - инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес - инкубаторлардың клиенті - 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес - инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес - инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі болды [6, 86].
Ұлыбританиядағы шағын бизнес.
Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты - қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус - квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты - тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік - экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі [7, 145].
Франциядағы шағын бизнес.
Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі - ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар - шағын, 50-499 - орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі - шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде - аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың орташа көлемі - 7 жұмысшыдан. Шетелдегі француздық шағын және орташа кәсіпорындар - 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді:
- Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары және шағын және орташа кәсіпорындардың пайдасына 37 шара.
Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын бизнестің дамуына қандай маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық - экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең басты пункт болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, шағын кәсіпорындарға даму банкін құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны - DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:
1. Кәсіпорын территориялық құрылымның жоспарына айрықша зонада орналақан болса
2. Кәсіпорынның қалпына келу жөніндегі құрылған жұмыс орындарының саны (алғашқы қызметінің 3 жылы - 20жұмыс орны)
Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында ұсынады, ал қалған бөлігін - жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.
Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.
Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:
1. Құқықтық және әкімшілік құрылымдарға негізделген нарықтық экономикалық саясат.
2. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.
3. Кіші жаңа кәсіпорындар үшін капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.
Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек ғана оқытып және техникалық беру жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды. Мыcалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды [8, 76].
Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме - дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.
Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы - оны басқара білу.
2 ШАҒЫН БИЗНЕСТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ (ЖШС Аманат мысалында)

Аманат кәсіпорны 1993 жылы екі кәсіпорынның бірігуі негізінде құрылған: Алматы қала безендіру және Алматылық трикотаждық комбинаты. Өндірістік кооператив нысанында 4 жыл бойы жұмыс істеп өндіріс ұлғаюы мен жұмысшылардың санын көбейту арқылы кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Шаруашылық серіктестіктер туралы Заңдық күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының Заңы және тағы басқа заң шығарушы мен құқықтық актілер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектіге ауыстырылды.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен кейін, жеке меншік құқығы бар, өзіндік балансы бар, республикалық және шетелдік банктік шоттары бар, өзінің мөрі және басқа да реквизиттері бар заңды тұлға болып табылады.
Серіктестік өзінің қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады. Республикада және шет елде өз атынан келісім-шартқа отыруды жүзеге асырады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болып, жауапкершілік апарады, сотта жауап тартушы және жауап апарушы ретінде қатысады.
Серіктестіктің жарғылық қоры 62000 (алпыс екі мың) теңге көлемінде тіркеледі, бұл құрылтайшының өзінің ақшасы негізінде жиналып, серіктестік меншігіне беріледі.
Құрылтайшы жарғылық капиталға өзінің жарнасы көлемінде серіктестіктің міндеттерімен жауапты болатын жеке тұлға болып табылады. Серіктестік өзінің міндеттерімен барлық мүлкіне жауап апарады.
Серіктестікті құру және қызмет атқарудың мақсаты өндірілген өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметке қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және алынатын таза табыс негізінде кәсіпорын жұмысшылары мен құрылтайшыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: өндірістік, сауда-саттық, делдалдық-коммерциялық, олар өз кезегінде келесілерді жатқызады:
* металдық құрылғылар, визуалды және түстік жарнаманы дайындау, құру жұмыстары және монтаж;
* жарнамалық өнімді шығару, символдарды шығару, фирмалық белгілер, дизайнерлік құру жұмыстары;
* көркем-безендірушілік қызмет, көркем және сувенирлік өнімдерді шығару;
* баспашылық қызмет, полиграфиялық және баспа өнімдерін шығару;
* қоғамдық тұтыну тауарлар өндірісі, өндірістік-техникалық тауарлар өндірісі;
* өндірістік-техникалық өнімдерді сату, сатып алу бойынша коммерциялық қызметті атқару. Бұған шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, техника, жанармай, қоғамдық тауарлар, өнімдер жатады.
* сауда-саттық қызмет;
* әр түрлі өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдерді көтерме және бөлшек сауданы жүргізу, ұйымдастыру. Бұған шикізат, материалдар, қоғамдық тұтыну тауарлары, әр түрлі тауарлар, өнімдер, автокөліктік құралдар мен механизмдерді айырбастау және делдалдық операцияларды жүргізу;
* делдалдық және жабдықтау қызметі;
* өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы келісімдік қатынастарды қалыптастыру, маркетинг, менеджмент;
* жарнама-ақпараттық қызмет.
Серіктестік қызметінің мақсаты өз клиенттерін қанағаттандыру болып табылады. Оның клиенттеріне: Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде қызмет атқарушы кәсіпорындарды шаруашылық қызмет өндірісінен максималды пайда түсіретін сапалы жарнамалық өнімшығару. Серіктестік шығарушы өнім ассортименті 100-ге жуық. Тұтынушылық сұраныс құрылымының өзгеруінен соңғы жылы шығарылатын өнім ассортименті кеңейді.
Барлық өндірілетін өнім 6 топқа бөлінген:
1) Баспа өнімдері: жалаулар, ауыстырушылар, плакаттар, марапаттау ленталары, палаткалар, қолшатырлар, тенталар, орамалар, пакеттер.
2) Тігу өнімдері: баскиімдер, киім-кешек, арнайы қызметкерлер киімі, жалаулар және басқа да өнімдерді тігу.
3) Шелкография - бұйымға логотипті жасау, оның ішіне: стикерлер, трансферттер, диспенсерлер, қаламсаптар, қапшықтар т.б. жатады.
4) Тігін өнімі: погондар, тігіншемелер.
5) Биллбордтар.
6) Түсті жарнама.
Өндірілетін өнімнің үлкен үлесі баспа өнімдеріне (58%), түсті жарнамаға 10%, биллбордтарға - 7%, тігін өнімдеріне - 9%, шелкографияға - 9% келеді.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштердің талдауы келесі бағыттарды анықтады: 1) зерттелген кезеңде кәсіпорын табыстарының барлық түрлері (өнім өткізуден түскен табыс, жиынтық табыс, негізгі қызметтен түскен табыс, салық салуға дейін және салық салудан кейін негізгі емес қызметтен түскен табыс, таза табыс) көбейді, бұл өндірістің ұлғаюы мен көлемінің өсуіне байланысты; 2) өнімнің өзіндік құны өсті, бірақ оның өсу қарқыны таза табыс көрсеткішінде айқын көрінбейді; 3) жұмысшылардың орташа тізімі ұлғайды; 4) соған байланысты әрбір жұмысшының жылдық орташа қызмет жасауы екі есеге жуық өсті; 5) қорқайтарымдылық, еңбектің қорқаруландырылу көрсеткіштері өсіп, сәйкесінше қорсыйымдылық көрсеткіші төмендеді; 6) материал қайтарымдылығы өсіп, материал сыйымдылығы төмендеді. Осылайша Аманат ШЖС ресурстарын пайдалану жалпы бағалағанда тиімді болып табылады.
2-кесте
Аманат ЖШС-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштері
№пп
Көрсеткіштер
2014 жылы
2015 жылы
1
Өнім өткізуден түскен табыс, мың тг.
114666
249600
2
Өнімнің өзіндік құны, мың тг.
93680
209363
3
Жиынтық табыс, мың тг.
20986
39237
4
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг.
10460
12120
5
Негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг.
10460
12120
6
Салық салудан кейінгі негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг.
7322
8484
7
Таза табыс, мың тг.
7322
8484
8
Жұмысшылардың орташа тізімі, адам
112
124
9
Қорқайтарымдылық, тг.
3,91
6,28
10
Қорсыйымдылық, тг.
0,26
0,16
11
Активті бөлімнің қорқайтарымдылығы
4,50
7049
12
Еңбектің қорқаруландырылуы, мың тг.
262,142
319,227
13
Материал қайтарымдылығы, тг.
21,10
31,11
14
Материал сыйымдылығы, тг.
0,047
0,032
15
Бір жұмысшының жылдық орташа тигізген үлесі, мың тг.
1023,804
2015,839
Талданатын периодтың ішінде кәсіпорын қызметін суреттеу үшін кәсіпорынның өндірістік күштерін толық, тиімді пайдаланылуын талдау қажет. Зерттелетін уақыт ішінде өнім өндірісінің динамикасын анықтаймыз. Осыған орай шығарылған өнім ассортименті кең болғаннан кейін, өнімнің негізгі 6 тобын белгілеп көрсеттім. әр топ бойынша өндірілген өнім проценттік көрсеткіштермен анықталған. Талдаудың қорытындылары 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте
Кәсіпорын өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың талдауы
№
Көрсеткіштер
2014 жылы
2015 жылы
Күштерді тиімді пайдалану (%):
1
Баспа өнімдері
62,8
70,3
2
Тігу өнімдері
45,6
51,8
3
Тігін өнімдері
27,6
33,3
4
Шелкография өнімдері
73,3
81,1
5
Биллбордтар
40,0
49,7
6
Өнімнің 5 негізгі топтары бойынша өндірістік күштерді орташа пайдаланудың орташа көрсеткіші
49,86
57,24
Барлық талданатын период кезеңінде кәсіпорын өндірістік күштерінің тиімді пайдаланылуы 100%-ке жеткен жоқ.
Мысалы баспа өнімдерінен өндірістік күштердің максималды тиімді пайдаланылуы 2015 жылы 70,3%-ті құрады, ал минималды пайдаланылуы 62,8% құрды; шелкография өнімдері бойынша 73,3%-тен 81,1%-ке дейін өсті.Өндірістік күштердің тиімді пайдаланудың ең төменгі көрсеткіштері тігін өнімдерінде 33,3 көрсетіледі. Тігу өндірісі мен билбордтар өнімдерінің жағдайлары салыстырмалы түрде бірдей болып келеді. Осы өнімдердің өндірістік күштерін тиімді пайдаланудың көрсеткіштері 51,8% және 49,7%-ке дейін өсті.
Жалпы алғанда зерттелген период аралығында өндірістік күштердің пайдаланылу қарқыны өсті: баспа өнімдерінде 62,8-ден 70,3%-ке, тігу өнімдерінде - 45,6-дан 51,8%-ке, тігін өнімдерінде 27,6-дан 33,3%-ке, шелкография өнімдерінде 73,3-тен 81,1%-ке және билбордтарда 40,0-тан 49,7%-ке дейін.
Кәсіпорында негізгі қорлар көлемі интенсивті өскендіктен, кәсіпорын өндіріс көлемі мен өнім өткізуді көбейту керек болатын. 2014 жылға өндірістік күштердің пайдаланылуы орташа 49,86%-тін құрды. Сол себептен кәсіпорын басшылығы өнім өткізудің жаңа тауарларын тауып бейімделуі керек.
Өндірістік күштердің пайдалану тиімділігін анықтағаннан кейін, негізгі капиталды қолдану мен зерттелетін периодта кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалайық. Қаржылық-шаруашылық қызметті бағалаудың көрсеткіштер жүйесінде кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау үлкен рөл атқарады. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалаудан басқа оның түрлі қорларын пайдалануға талдау өткізу керек. Талдаудың нәтижелері келесі кестеде көрсетілген.
4-кесте
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану мен мүліктік жағдайының тиімділігі
№
Көрсеткіштері
2014 жылы
2015 жылы
1
Қорқайтарымдылығы
3,91
6,28
2
Қорсыйымдылығы
0,26
0,16
3
Негізгі қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығы
4,50
7,49
4
Еңбектің капиталқаруландырылуы
262142,9
319227
5
Ескіру коэффициенті
0,42
0,45
6
Қажеттілік коэффициенті
0,58
0,55
7
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті
0,14
0,26
Талдауды жүргізу барысында келесі бағыттар айқындалды.
Негізгі қорлардың қорқайтарымдылық динамикасының талдауы келесіні көрсетеді: зерттелген периодта қорқайтарымдылық ұлғайды, көрсеткіштің минималды көрінісі 2014 жылы 3,91 құраса, максималды - 6,28 теңгені құрды. Бұл прогресс өнім көлемінің өсуінен болып отыр.
Қорқайтарымдылық негізгі қорлардың активті бөлімінің көлеміне тәуелді болғандықтан, негізгі қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығын анықтайық. Бұл көрсеткіш жалпы қорқайтарымдылық көрсеткішіне тәуелді өзгереді, 2014-2015 жылдары 4,50-ден 7,49 теңгеге дейін өсті. Негізгі қорлардың ішіндегі активті бөлімінің үлесі 100%-ке дейін жететінін айта кету керек.
Қорсыйымдылық қорқайтарымдылық көрсеткішіне сәйкес керісінше өзгереді: 0,26-дан 0,16-ға дейін төмендеді. Бұл өндіріс көлемінің өсуіне әсер етеді, сәйкесінше негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің өсуіне әсер етеді.
Қорлардың қажеттілік дәрежесі төмендейді, бұны қорлардың ескіру және қажеттілік коэффициенттерінің көрсеткіштері дәлелдейді. Кәсіпорын қорларының ескіру дәрежесі жоғарғы жаңару көрсеткіштерімен реттеледі. Сондықтан да кәсіпорын қорларының ескіруі 45%-тен аспайды. Кәсіпорын құрал-жабдықтары толығымен жаңартылмайды, өйткені ескісінің белгілі бір бөлігі жұмыс істеп тұрады.
Еңбектің қорқаруландырылуы зерттелетін периодта өскен, бұл кәсіпорын негізгі капитал көлемінің өсуіне байланысты.
Жалпы кәсіпорын бойынша келесілерді белгілеп өтуге болады: 1) жұмысшылардың орташа тізімі 124 адамға дейін жетті; 2) 2015 жылға қорқайтарымдылық максималды көлеміне жетті - 12, 13; 3) қорлардың активті бөлімінің қорқайтарымдылығы да өсуде; 4) әрбір жұмысшының капитал қаруландырылуы ұлғайды; 5) периодтың соңына қарай өндірістің қорсыйымдылығы 0,08-ге жетіп, төмендеді; 6) периодтың соңына қарай 0,55-ке қорлар қажеттілік дәрежесі төмендегендіктен ескіру коэффициентінің өсуін көрсетеді - 0,45.
Кәсіпорынны негізгі қорларын пайдалану тиімділігін анықтағаннан кейін, материалдар мен айналым қорларды пайдалану тиімділігін анықтау қажет. Материалдар мен айналым қорларын пайдалану тиімділігін талдау нәтижелері 5-кестеде көрсетілген.
5-кесте
Материалдар мен айналым қорларын пайдалану анализі
№
Көрсеткіштер
2014 жылы
2015 жылы
1
Материал қайтарымдылығы
21,10
31,11
2
Материал сыйымдылығы
0,047
0,032
3
Айналмалы қорларының айналым саны
16,82
21,97
4
Бір айналымның айналу ұзақтығы
21,40
16,39
2015 жылы материал қайтарымдылығының көлемі жоғарылады, алайда қолданылған материалдар көлемі азайғанына байланысты емес. Жоғарылау өнім өткізуден түскен табыстың ұлғаюынан болды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz