Фирманың негізгі қаржы көрсеткіштері туралы түсінік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 Фирманың негізгі қаржы көрсеткіштері туралы түсінік

1. 1 Қаржылық көрсеткіштер

1. 2 Категорияларды анықтау: активтер, мiндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы құралдары және тәуекелдер, бағалау әдiстерi, капитал тұжырымдамасы

1. 3 Ақшаның уақытша құны, тәуекелдiк активтердiң құны

2 Фирманың негізгі қаржы көрсеткіштерін болжамдау әдістері

2. 1 Қаржы көрсеткіштерін болжамдаудың негізгі әдістері

2. 2 Активтердi басқарудың тиiмдiлiк көрсеткiштерi- ROE, ROA, ROI

2. 3 Келтiрiлген құн- PV, нарықтық қосылған құн - MVA, экономикалық қосылған құн - EVA қорытындылау көрсеткiштерi-EBIT, EBT, NI (NOPAT), EPS, DPS

2. 4 Шаруашылық қызметтiң қаржылық нәтижелерiнiң қорытындылау көрсеткiштерi-EBIT, EBT, NI (NOPAT), EPS, DPS

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніп бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

  • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жсоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
  • корреляциялық-рефессиялық талдау;
  • тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық - үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.

1 Фирманың негізгі қаржы көрсеткіштері туралы түсінік

1. 1 Қаржылық көрсеткіштер

Басқаруда және шаруашылық-қаржылық қызметті жоспарлауда қаржылық көрсеткіштер - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы ұлттық шаруашылықтың ақшалай табыстары мен қорланымдарын жасаумен және пайдаланумен байланысты қызметтің түрлі жақтарын сипаттайтын жоспардың, есептің немесе есеп-қисаптың мәліметтері пайдалынылады. Олар абсолюттік және салыстырмалы мөлшерлерде тұлғаланады. Қаржылық көрсеткіштер сан және сапа түрінде белгілі бір қаржы-экономикалық категорияны, қосалқы категорияны, қаржы қатынастарының элементін бейнелейді.

Шаруашылық жүргізуші теменгі буындарында, мысалы, мынадай аса маңызды абсолюттік қаржылық көрсеткіштер қабылданады:

өнімді (жұмысты немесе қызметті) өткізуден түсетін табыс;

өткізілген енімнің (жұмыстың, қызметтердің) өзіндік құны;

жалпы табыс;

кезең шығысы;

негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) ;

табыс салығының сомасы (төленген) ;

таза табыс (немесе зиян) .

Мыналар шаруашылық жүргізуші субъектілердің көлемдік көрсеткіштері болып табылады:

  • инвестициялар көлемі;
  • жарғылық капиталдың мөлшері;
  • өндірістік және әлеуметтік даму қорларының (қолдану, тұтыну немесе соларға ұқсас резервтік, валюта жөндеу қорларының) мөлшері;
  • жабдықтаушылармен, тұтынушылармен, банкпен, бюджетпен есеп айырысудың көрсеткіштері (кредиторлық және дебиторлық берешектер) ;
  • төленген дивидендтердің, үлестердің мөлшері;
  • айналым қаражаттары көздерінің көлемі.

Мыналар салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады:

  • табыстылықтың (рентабелділіктің) деңгейі;
  • акциялар бойынша табыстылық;
  • негізгі және айналым капиталдарын пайдаланудың көрсеткіштері (қор қайтарымы, өнімнің қор сиымдылығы, негізгі құрал-жабдықтар айналымдылығының коэффициенті, айналымның ұзақтығы) ;
  • өтімділіктің көрсеткіштері.

Айрықшалықты көрсеткіштер банк, сақтық қызметтерінде, зейнетақы және басқа қорларда пайдаланылады.

Салық салу кезінде жиынтық жылдық табыс, жиынтық жылдық табыстан шегерімдер, салық салынбайтын табыс, айналым және импорт сияқты және басқа көрсеткіштер қолданылады.

Мемлекеттік үйымдар мен мекемелерде жалпы және жеке элементтер (санаттар, сыныптар, қосалқы сыныптар, ерекшеліктер) бойынша шығыстардың көрсеткіштері қолданылады.

Жиынтық қаржы көрсеткіштеріне бюджеттің кірістері мен шығыстарының, сондай-ақ олардың жеке құрамдастарының көрсеткіштері мен олардың үлес салмақтары; бюджеттер тапшылығының сомасы; мемлекеттік бюджет кірістерінің, шығыстарының, тапшылығының ұлттық табысқа жалпы ішкі (ұлттық) өнімге қатынасы (пайызбен) және басқалары жатады.

Ұлттық шаруашылық деңгейіндегі қаржылық көрсеткіштер мемлекеттің қаржы ресурстарының ауқымы мен құрылымын, мемлекеттік бюджет жәнс басқа қаржы жоспарлары арқылы олардың бөлінуін, экономиканың түрлі салаларының рентабелділілігін және бюджетке төленетін табыстың үлесін сипаттайды. Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың тиімділігін жалпылама бағалауды қаржы ресурстары ауқымының жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табысқа қатынасын сипаттайтын көрсеткіштер атқарады.

Қаржылық көрсеткіштерді есептеу кезінде нормалар мен нормативтер пайдаланылады, олар қаржы жоспарларын, болжамдарын, бағдарламаларын ғылыми негіздеуге арналған.

Нормалар мен нормативтер салыстырмалы немесе абсолюттік шамаларда (пайыздарда, коэффициенттерде, өнімді өлшеудің натуралды бірліктерінде, уақытта, ақша өлшемінде) тұлғаланады.

Қаржылық жоспарлауда қаржы ресурстарын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың ең төменгі, орташа және ең жоғарғы шекті нормалары мен нормативтері қолданылады. Жиынтық қаржылық жоспарлауда көбінесе орташа нормалар мен нормативтер, нақтылы шаруашылық органдарының қаржылық көрсеткіштерін жоспарлағанда - жеке-дара нормалар мен нормативтер пайдаланылады.

Қаржы нормалары мен нормативтері сондай-ақ бекітілетін және есеп-қисаптық болып бөлінеді. Бекітілетін нормалар мен нормативтер қолданыстағы заңнамамен белгіленеді, есеп-қисаптықтары ішкі жоспарлауда пайдаланылады. Бекітілетіндерге салық мөлшерлемелері, әлеуметтік қажеттерге, бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдардың нормалары, есеп-қисаптықтарға аударымдардың нормалары және кәсіпорындар мен ұйымдардың қорлану және тұтыну қорларын, негізгі қорларды (капиталдарды) жөндеу қорын жасау нормативтері және кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы қызметін реттейтін басқалары жатады. Сондай-ақ бірыңғай нормалар мен нормативтер болып ажыратылады, мысалы, әр түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен салалар үшін амортизациялық аударымдардың нормалары және сараланған - түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде түрліше болатын айналым қаражаттарының нормалары мен нормативтері.

Көптеген қаржылық көрсеткіштер бір мезгілде нормалар, нормативтер немесе лимиттер бола алады, мысалы, табыстылықтың деңгейі, түрлі қаржы қорларының атаулары көрсеткіштер де, нормативтер де немесе лимиттер де болып табылады. Сөйтіп, қызметтің қаржы нәтижелерін жоспарлау мен болжау процестеріндегі қаржы механизмінің бұл қозғалмалы элементтерінің тығыз тоқайласуы, өзара байланысы мен өзара іс-қимылы байқалып отырады.

Қаржы жоспары - субъектінің қаржылық ортада қызмет ету шараларының жүйелік жиынтығы. Ол 1 жылдан 5 жылға дейін құрылады. Нысаны бойынша қаржы жоспары жоспарланатын кезеңге ұйымдастырылатын ұсыныстар мен сандар, мақсаттардың мазмұнын білдіреді. Кәсіпорында жоспарлау құн заңына негізделеді және бұл жағдайда жоспарлау экономикалық категория ретінде қатысады.

Қаржы жоспарының жүйесі қамтитын қатынастарының ауқымына, демек ресурстардың түсуге және пайдалануға жоспарланып отырған көлеміне байланысты әртүрлі жоспарлардан тұрады. Бұл нышаны бойынша олар бастапқы және жиынтық қаржылық жоспарлар деп бөлінеді.

Бастапқы қаржы жоспарына материалдық өндіріс саласындағы ШЖС-дің қаржы жоспарлары, өндірістік емес саладағы коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жоспарлары, шығындары толығымен немесе негізгі бөлігі бюджет есебінен қаржылынатын мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің сметалары жатады.

Жиынтық қаржы жоспарына жалпы мемлекеттік, салалық және аумақтық жоспарлар жатады. Жалпы мемлекеттікке мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлар жатады.

Қаржы көрсеткіштері - ШЖС-де және жалпы ұлттық шаруашылықта ақша қаражаттарын құру, пайдалану және жинақтаумен байланысты қызметті сипаттайтын жоспарлық, есеитік немесе есеп-қисаптық мәліметтер. Қаржы көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы мөлшерде беріледі.

Абсолютті қаржы көрсеткіштерге:

өнім өткізуден түскен табыс

өткізілген өнімнің өзіндік құны

жалпы табыс

кезең шығындары

незізгі қызметтен табыс

қосымша қызметтен табыс

табыс салығының сомасы

таза табыс

Салыстырмалы қаржы көрсеткіштеріне:

табыс деңгейі

акциялар бойынша табыстылық

негізгі және айналым капиталын пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері

өтімділік коэффициенттері

1. 2 Категорияларды анықтау: активтер, мiндеттемелер, капитал, табыстар, шығыстар, қаржы құралдары және тәуекелдер, бағалау әдiстерi, капитал тұжырымдамасы

Шетелдік тәжірибеде активтер - бұл кез-келген зат, материалды және материалды емес, ол өз иесіне құндылығын білдіреді. Көп жағдайларда, бұл қолма-қол ақша, яки қаржы қаражатына ауыстыратын; ренттерді алдын-ала төлеу, меншікке деген жергілікті салық немесе көлік салығы ерекшеліктерден тұрады, демек бекітілген мерзімнен бұрын төленген төлемдер. Материалды активтер өзіне жерді, ғимараттарды және соғу, т. б. көліктер, құрал-жабдықтар, арматура және қолдану әдістемесі, тауарлық қор, дебиторлы шығындар немесе қолма-қол ақша; материалдық емес активтерге: гудвилл, патентентер, авторлық құқық сауда маркалары.

Активтерге мынадай анықтамалар береді.

Активтер - бұл компанияның кез-келген меншігі; көліктермен құрал-жабдықтар; ғимараттар, қорлар, банктік салымдар және бағалы қағаздардағы инвестициялар, патенттер.

Активтер - бухгалтерлік баланстың бөлімі, құрамымен орналастыру қөзқарасы жағынан кәсіпорынның материалды және материалды емес (гудвилл) құндылықтарын көрсетеді.

Активтер - баланстың кейбір түрлерінде шығыстан гөрі кірістің ұлғаюы (төлеу балансы және т. б) .

Активтер - бір жылдық есептеме бойынша қолданылатын, сатылатын немесе тұтынуға жататын шаруа ресурстарымен құралдары, шаруа қызметінде қолдану мақсатында алынады және берілген есептеме мерзімінде сатуға арналмаған.

Міндеттеме - азаматтық-құқықтық қатынастардың келісім шартымен рәсімделген, келісім шартың бір беті екінші бетіне міндетті түрде белгілі бір іс-әрекеттерді орындауы қажет, белгілі іс-әрекеттерден арылту. Міндеттеменің үнемі белгілі бір субъективті құрамы, үстемді мазмұны, мақсаттылығы, дәлдігі бар. Міндеттеме келісім шартардан, жоспарлау актілерінен, актілерден, көрсетілген зияндарды бекіту, басқа да әкімшілік актілерден, біржақты келісімдерден тұрады. Міндеттемелерінің мазмұнына қарай, міндеттемелер, жатсынуға бағытталған, меншікті беру, меншікті қолдануға ұсыну, қызмет көрсету, сонымен қатар, жеке меншікті не басқа дүниені және жеке меншік емес құқықты қорғау, оның ішінде ғылыми және техникалық өнер, авторлық атаққа деген құқық, өнертабысқа және жаңалықтарға деген авторлық құқық және т. б. Жоғары көрсетілген ұйымдармен жарияланған актілерді басқарумен халық шаруашылығын жоспарлаумен байланысты өзгерістердің салдарынан екі жақ міндеттемелері тоқтатылымға және өзгертілімге келеді, сонымен бірге осы міндеттемелерге негізделген келісім шарттың шарттары да кіреді. егер де ол заң шығарушы органмен немесе келсім шарт шарттарымен бекітілмеген болса, міндеттемеден бір жақты бас тарту жіберілмейді.

Міндеттемелер - бұл келешекте белгілі бір күні төленуі қажет қаражат сомасы. Төлем көлемімен төлеу күнінің міндеттемесі көп жағдайда белгілі. Міндеттемелерге ұзақ мерзімді займдар, банктік овердрафттар және жабдықтаушылардың қарызы кіреді. Міндеттемелер қазіргі және ұзақ мерзімді болып келеді. Қазіргі міндеттемелер онда көрсетілген балансты құру күнінен бастап төленуі мақсат. Өтімділіктің есебіне қазіргі міндеттемелердің жалпы сомасы кіреді; таза ағымдағы активтер - бұл ағымдағы активтермен ағымдағы міндеттемелердің арасындағы айырмашылық. Міндеттемелерге міндеттемелердің өтеу күнінде төленуі қажет сомма бойынша баға беріледі. Толықтай анық емес сомалар кей жағдайларда міндеттемелердің қатарына енгізіледі және ең қолайлы бағамен бағаланады. Консерватизм принципі сома міндеттеме болып есептеледі және оны солай есептеу қажет.

Капитал - бұл қосымша құнды қосатын құн. Капитал - қатысушылардың міндеттемелерін санамағанда кәсіпорын активтеріндегі қатысу еншісінің қаражат түрінде көрсетілуі. Басқа сөзбен айтар болсақ, батыс терминологиямен қабылданған терминдермен пассивтерді алғаннан кейін қалатын, заңды тұлға активтеріндегі қалдық мүдде.

Экономикалық теорияда капитал - бұл өндіріс факторы, көбіне көліктермен, құрал-жабдықтармен және өндіріс ғимараттарымен (физикалық капитал) немесе қаражатпен (қаржы капиталы) ұсынылады. Алайда, бұл концепция активтердің басқа түрлеріне де қолданылады (мәселен, «адамзат» капиталы) .

Капитал - бұл материалды және қаражат құралдарын экономикаға, өндіріске салынатын күрделі салымдар; оны капитал салу, инвестиция деп атайды.

Капитал - бұл ресурстардың жиынтығы, сол не басқа қызмет аймағында қолдану үшін иелерімен не акционерлерге қарыз алушымен берілетін белгілі бір өтеу мерзімі бар қарызды білдіреді, құрал, құқық және басқа да ресурстар, тауарды өндіру үшін қолданылатын қызметтер, кіріс алып келетін барлық ресурстар; міндеттемелерді шегеруден кейінгі кәсіпорынның қалған жеке активтерінің еншісі.

Негізінде капиталда ақшалай қаражаттардың қорларының орталықтанған және орталықтанбаған қорларына орналасуына, бөлінуі мен қайта бөлінісімен байланысты ақша қатынастарының жүйесін білдіретін қаржылық ресурстардың циклды әрекеті бейнеленеді, сонымен қатар, берілген коммерциялық құрылымның жаңадан жасалған құны да ( немесе жалпы кірісін), оның ішінде кірісі де көрінеді.

Кәсіпорын иесінің кәсіпорынға салған меншік құны, сол кәсіпорынның жеке капиталын құрайды. Өз меншігін капиталға айналдыру үшін сол капиталдың иесі аз дегенде мынадай шарттарды орындауы қажет:

капиталданатын меншік басқа жеке меншіктен ұзақ мерзімге дейін бөліп алуы қажет (мүмкін - әрқашан) . Меншік иесі өзінің жеке тұтынуы үшін физикалық не басқа да капиталданған меншікті қолдану мүмкіндігінен айырылады;

капиталдау құқығының кезеңінен және инвестрленген меншікті қолданумен ұйғарым ету басқа субъектіге - кәсіпорынға берілуі қажет. Капиталданған меншік кәсіпорынның активіне айналады, осы активтердің құнын максималды түрде ұлғайтуға міндеттенеді.

ерікті түрде өзіне тиесілі жеке меншігіне деген заңды құқығынан бас тарту стимулы кәсіпорынның жеке капиталының сомма өсімін оған берілген қарыз құқығының орнына ұсынылады. Меншік иесі жыл сайын кәсіпорын активтерінен жыл бойы жинақталған таза кірісімен теңдей сомманы алуы мүмкін.

Алайда, егер кәсіпорын иелері қазіргі кірістен бас тарту анағұрлым пайдалы деп санаған болса, келешектегі кәсіпорынның жеке капиталы ұлғаюын едәуір пайдалы деп санайтын болса, онда олар өздеріне тиесілі таза кірісін кәсіпорынға қалдыруы мүмкін.

Активтердің құны үнемі капиталға салынған салымдардың құнымен тепе-тең болады. Кәсіпорынның басты мақсаты - кіріс әкелу. Кәсіпорын өз активтерін заңмен тыйым салынбаған әдістерді қолдана отырып, нәтижені максималдау үшін қиыстыруы мүмкін. Қаржы менеджментінде кәсіпорынның кездейсоқ активтерді иелену мүмкіндігі шығарылады. Кез келген сауда-саттық алдын-ала қаржы дәйектемені қажет етеді, оның басты критериясы кірісті максималдау болып табылады.

Егер де сатып алынған активтер күтілетін кірісті алып келе алмайтын болса, ол сатылып, босатылған қаражат басқа, едәуір кірісті активтерге салынуы қажет. Активтердің құнын өзгеріске алып келмейтін активті операциялары (активтер сатып алынған бағамен, сатылады), кәсіпорынның жеке капиталының көлемін өзгеріссіз қалдырады. Көптеген бизнес салаларының қызметінің ерекшелігі кәсіпорынның жиынтық активтерінің екі бөлшекке бөлінуі қажет етеді: айлап-жылдап қолданыстағы (1 жылдан артық) және бір жылдық мерзімге дейін иеленетін активтер.

Бірінші жағдайда айналымға жатпайтын активтер немесе көбіне кәсіпорынның капиталы (оның құрамына - басты құрал-жабдықтар, аяқталмаған құрылыс, ұзақ мерзімді қаржы салымдар) . Осындай меншік түрі бизнестің негізін салады, оны тұрақтылықпен орнықтылықпен қамтамассыз етеді. Кәсіпорын тез арада осы активтерден ешбір маңызды құн шығындарсыз құтыла алмайды. Басқа жағынан, табысты жұмыс жағдайында жақсы басқарушы оның құнын «жанды қаражатқа» айналдыру ниеті ойына да кіріп шықпайды. Кәсіпорынның басты капиталын бағасын түсіре сату маңызды мәселелердің болуын көрсетеді. Негізгі қорға капиталды салу маңызды қадам болуы анық, сол себепті, ұзақ, көп еңбекті жасап шығару және инвестициялық жобаларды талдау процедурасынан өтеді.

Активтердің басқа түрі айнылым қаралдары немесе айналым активтері деп аталады (синонимдері - ағымдағы активтер, айналым капиталы) . Берілген капитал кәсіпорынның қазіргі керекті қажеттіліктерін, шикізаттармен, материалдармен, тауарлармен қамтамассыз етеді, сол секілді және өзінің қаржы айналымын тез арада жасаудың өзі жеткілікті, қаражаттан материалды формаға не керісінше қаржатқа трансформациялану. Басты қорлардан гөрі олардың өтімділігі анагұрлым жоғары. Әйткенмен, әрбір берілген уақытта, кәсіпорынға салынған капиталдың белгілі бір бөлігі кез келген айналым капиталымен - қор, дебиторлық қарыз және басқаларымен байланысты болуы қажет. Осы қалдықтардың көлемінің азаюы ағымдағы активтердің айналымдылығына септігін тигізеді. Бұл жағдайда кәсіпорынның капиталына салынған сол сомма үлкен кірісті алып келеді. Жоғарыда айтылғанды есептей отырып, кәсіпорынның меншікті капитал құрылымы келесі түрінде көрсетілуі мүмкін (сурет 2) .

Активтер Меншікті капитал

Айналымнан тыс активтер

Айналым активтері

=

Сурет 2- Кәсіпорын активтерінің құрылымы /2/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның айналым қаржысы
Фирманың ұйымдастыру құрылуымен басқару нормасы
Фирманың теориялық аспектілері
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
«Өндірісті ұйымдастру және басқару» пәнінен оқу құралы
Бизнес жоспарды құрудың теориялық негіздері
Инвестициялық жобаның түсінігі және оны бағалау әдістері
Ұйымдағы қаржылық ресурстардың теориялық негіздері
Кәсіпорынның ассортименттік саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz