Фарида Шәріпова өмірбаяны


Жоспар:
1 Фарида Шәріпова өмірбаяны
2 Өмірін театрға арнаған Фарида Шәріпова
3 Фарида - әлемдік деңгейдегі актриса
1 Фарида Шәріпова өмірбаяны
Фарида Шәріпова 1936 жылғы 16 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай киностудиясы түсірген “Хасен-Жәмила” көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атамекені Қазақстанға оралды.
1959 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына қабылданды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы театрда үздіксіз өнер көрсетті. Сахнада қазақ және әлем классиктерінің драмалық туындыларында, осы заманғы қойылымдарда басты рөлдерді шеберлікпен орындап, ұлттық театр өнерінің жаңа сапалық биікке көтерілуіне үлкен үлес қосты. М. Әуезовтің “Айман-Шолпанында” Шолпан, “Абайында” Ажар, “Қара қыпшақ Қобыландысында” Қарлыға, “Еңлік-Кебегінде” Еңлік, “Карагөзінде” Қарагөз, Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлуында” Баян, Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде” Ақбала, Т. Ахтановтың “Боранында” Жаңыл, Ш. Айтматовтың “Жәмиласында” Жәмила, “Ана - Жер-анасында” Толғанай, Қ. Мұхамеджанов пен Ш. Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде” Гүлжан мен Айша, Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде” Асыл, О. Бөкеевтің “Құлыным меніңінде” Анар, Д. Исабековтің “Әпкесінде” Қамажай, С. Балғабаевтың “Ғашықсыз ғасырында” Фарида, Софоклдың “Эдип патшасында” Иокаста, Еврипидтің “Медеясында” Медея, Шекспирдің “Асауға тұсауында” Катарина, “Ричард ІІІ” трагедиясында Анна леди, Пушкиннің “Шағын трагедияларында” донна Анна, Чеховтың “Сүйікті менің ағатайымында” Елена Андреевнаның қайталанбас образдарын сомдады.
Фарида Шәріпова кино саласында да жемісті еңбек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Әзірбайжан Мәмбетов, Леонид Агранович түсірген көптеген танымал фильмдерде ойнады. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді.
Фарида Шәріпова өнерлі жастарды тәрбиелеу ісіне жете көңіл бөлді. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында көрнекті актер Ы. Ноғайбаев екеуінің шығармашылық шеберханасында шыңдалған жастар бүгінде еліміздің театрларында жемісті еңбек етіп жүр. Фарида Шәріпова мәдениет пен өнердегі еңбегі үшін Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі құрметті атақтарын, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы мен КСРО Мемлекеттік сыйлығын, “Парасат” орденін иеленді.
Аса дарынды актриса, көрнекті өнер қайраткері Фарида Шәріпованың жарқын бейнесі халықтың жадында әрдайым сақталады. [1] [2]
2 Өмірін театрға арнаған Фарида Шәріпова
«ҚАСЕН - ЖӘМИЛАДАН» БАСТАЛҒАН ӨНЕР ЖОЛЫ
Фарида Шәріпова өмірінің соңына дейін Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрда еңбек етті. Қазақ театр өнерінің қара шаңырағы саналатын аталған театр сахнасында Фарида Шәріпова сан алуан образдар жасады. Қазақ киносы мен дубялжда да Фарида Шәріпованың қайталанбас өзіндік қолтаңбасы қалды.
Фарида Шәріпова 1936 жылы Қытайдың Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтынының актерлік факультетіне оқуға түсіп, Асқар Тоқпановтың класында дәріс алған. Фарида Шәріповамен бірге оқыған актер Сәбит Оразбаев оның ерекше талант иесі екенін және еңбекқорлығын еске алады.
Фарида Шәріпова ойнаған рольдердің бірі.
- Біз оқып жүрген кездің өзінде-ақ Фарида қазақ халқының атын дүниежүзіне танытты. «Қасен - Жәмила» деген фильмде басты рөлді ойнады. Сол кезде-ақ оның болашақта жұлдыз болатынын сездік. Оның бойындағы ұлы қасиеттерінің бірі - адал еңбек етуге, жұмысқа деген құштарлығы. Образ жасау жолындағы тынбай ізденгіштігімен бізді таңқалдыратын, - дейді Сәбит Оразбаев.
Фарида Шәріпова көптеген фильмдерге түскен. Ол «Қыз Жібек» фильмінде Жібектің жеңгесін ойнады, дубляжда Жібектің дауысын дыбыстаған. «Менің атым - Қожа» фильміндегі бала Қожаны қазақша сөйлеткен де - Фарида Шәріпова.
ҚАЗАҚ ӨНЕРІНДЕГІ ҚОС ЖҰЛДЫЗ
Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі Есмұхан Обаев өзінің осы театрға режиссер болып келген кезде бірінші сахналаған спектакліндегі басты екі рөлді Фарида Шәріпова мен оның жұбайы әйгілі қазақ актері Ыдырыс Ноғайбаев сомдағанын айтады.
- Екеуінің қол ұстасып сахнаға шығуы бір үлкен сән еді. Болмыс, бітімдері, жүріс-тұрыстары, адами мінездері, көпшілікке деген қарым-қатынасы екеуін бірден өнердің биігіне көтерді. Өйткені екеуі де ізденімпаз болатын. Екеуі де образ жасағанда оның бұрын сахнада ашылмаған қырын көрсетіп, сол жағынан келуші еді, - дейді Есмұхан Обаев.
Есмұхан Обаев өз сөзінде Фарида Шәріпова алғаш театрға келген кезде сол тұстағы қазақ театр өнерінің майталмандарымен бірге еңбек ете жүріп, өнердегі орнын тауып, өз биігіне жеткенін атап өтті.
- Ол ішкі интеллектісі өте жоғары адам еді. Сол себепті де ол кісі жасаған образ әлемі өзінше ерекше. Театрдың ішкі мәселесіне қатысты жиналыстарда көптің көңілінде жүрген нәрселерді қозғап, әділ пікір айтатын еді, - дейді Есмұхан Обаев.
«АТ ТҰЯҒЫН ТАЙ БАСАР», БІРАҚ ФАРИДА ШӘРІПОВАНЫҢ ОРНЫ ТОЛМАЙДЫ
Жазушы әрі драматург Дулат Исабеков қазақ театр сахнасындағы айтулы қойылымдарды Фарида Шәріповасыз елестету қиын екенін айтады. Драматург өзінің «Әпке» пьесасының сахналануы кезінде Фарида Шәріпованың талантына тәнті болғанын айтады.
- Фариданы бұрын сахнадан көріп жүрсем, енді бетпе-бет спектаклдің үстінде таныстық. Образға беріліп, көзіне жас алса, тоқтай алмай кетуші еді. Тіпті, «артық жылайсыз» деп те ол кісіге ескерту айтушы едік. Сөйтсек, біреудің қайғысын өз қайғысындай сезіну және образ деген де содан келіп шығады екен ғой. Кейде сахнадан күнде көрінбей тұрсаң, еленбей қалатын кездер болады ғой. Ондай сәттер өнер адам үшін ауыр. Есмұхан Обаев «Отыз ұлың болғанша» деген спектаклді біздің егде тартқан актерларымызға алып берді. Ол да бір жалғызсырап қалған адамдар туралы спектакль еді. Сонда ойнаушы еді, - дейді Дулат Исабеков.
Дулат Исбеков Фарида Шәріпованың орнын жас актерлар басады деп ойлайды. Бірақ Фарида Шәріпова жасаған образдар әлемі қайталанбас дүниелер екенін айтты.
Фарида Шәріпова 1936 жылғы 16 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай киностудиясы түсірген “Хасен-Жәмила” көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атамекені Қазақстанға оралды. 1959 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітіріп, М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына қабылданды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы театрда үздіксіз өнер көрсетті. Сахнада қазақ және әлем классиктерінің драмалық туындыларында, осы заманғы қойылымдарда басты рөлдерді шеберлікпен орындап, ұлттық театр өнерінің жаңа сапалық биікке көтерілуіне үлкен үлес қосты. М. Әуезовтің “Айман-Шолпанында” Шолпан, “Абайында” Ажар, “Қара қыпшақ Қобыландысында” Қарлыға, “Еңлік-Кебегінде” Еңлік, “Карагөзінде” Қарагөз, Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш-Баян сұлуында” Баян, Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен терінде” Ақбала, Т. Ахтановтың “Боранында” Жаңыл, Ш. Айтматовтың “Жәмиласында” Жәмила, “Ана - Жер-анасында” Толғанай, Қ. Мұхамеджанов пен Ш. Айтматовтың “Көктөбедегі кездесуінде” Гүлжан мен Айша, Қ. Мұхамеджановтың “Біз періште емеспізінде” Асыл, О. Бөкеевтің “Құлыным меніңінде” Анар, Д. Исабековтің “Әпкесінде” Қамажай, С. Балғабаевтың “Ғашықсыз ғасырында” Фарида, Софоклдың “Эдип патшасында” Иокаста, Еврипидтің “Медеясында” Медея, Шекспирдің “Асауға тұсауында” Катарина, “Ричард ІІІ” трагедиясында Анна леди, Пушкиннің “Шағын трагедияларында” донна Анна, Чеховтың “Сүйікті менің ағатайымында” Елена Андреевнаның қайталанбас образдарын сомдады.
Фарида Шәріпова кино саласында да жемісті еңбек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықов, Әзірбайжан Мәмбетов, Леонид Агранович түсірген көптеген танымал фильмдерде ойнады. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді. Фарида Шәріпова өнерлі жастарды тәрбиелеу ісіне жете көңіл бөлді. Т. Жүргенов атындағы өнер академиясында көрнекті актер Ы. Ноғайбаев екеуінің шығармашылық шеберханасында шыңдалған жастар бүгінде еліміздің театрларында жемісті еңбек етіп жүр. Фарида Шәріпова мәдениет пен өнердегі еңбегі үшін Қазақ КСР халық әртісі, КСРО халық әртісі құрметті атақтарын, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлығы мен КСРО Мемлекеттік сыйлығын, “Парасат” орденін иеленді.
Көрнекті сахна жұлдызы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фарида Шәріпованың есімі өнерсүйер қауымға етене таныс. Өйткені, ол жарты ғасырға жуық уақыттан бері Қазақтың мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасынан жүздеген кейіпкерлерді сомдаумен қатар, бірқатар кинофильмдерге де түсіп, онда да ұмытылмас бейнелерді ойнап, көп алғысына бөленген айтулы тұлға. Ендеше, дәл осындай хас шебердің рухани эстетикалық және адами әлемін зерделеудің, тұлғалық болмысын танытатын ізденістерін сараптаудың да мәні зор десек, “Фарида Шәріпова” деген атпен Алматыдағы “Өнер” баспасынан жаңа жинақ жарық көрді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көрген бұл туындыны жинақтап, баспаға дайындаған, алғысөзін жазған сыншы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежанованың жинақты әзірлеуге барынша мұқият қарағаны, Фарида Шәріпова жайлы айтылған, жазылған ойларды байыппен сараптан өткізгені ә дегеннен-ақ көзге түседі. Олай дейтініміз, сахна өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар өзгеше дарын иесінің әлемі, рухани болмыс-бітімі жайлы жазылған дүниелер аз емес, белгілі суреткерлер де, өнертанушылар да, сыншылар да, журналистер де, өзінің әріптестері де оның өнердегі ізденістері жайлы кеңінен толғана жазып келеді. Міне, осы ойлардың арасынан іріктеліп, үш бөлімге топтастырылған жинақ актрисаның қазақ өнеріне сіңірген табысын әр қырынан аша түскен.
“Құбылыс” деп аталатын алғашқы бөлімге жоғарыда айтқанымыздай, актриса жайлы жазылған бірқатар өнер қайраткерлерінің мақалалары енген. Ә. Мәмбетов, Е. Обаев, Б. Римова, Ә. Нұрпейісов, О. Бөкей және тағы да басқа танымал тұлғалардың мақалаларындағы ой толғамдар арқылы оның ізденісі, адами болмыс-бітімі айқын көрінсе, “Өнер-ғұмыр (Фарида толғаныстары) ” атты екінші бөлімде актрисаның өзі өнердегі де, өмірдегі серігі, жан жары Ыдырыс Ноғайбаевтан бастап, алдындағы апа-ағалары Шәкен Айманов, Ғазиза Жұбанова, Сәбира Майқанова, Хадиша Бөкеева, Бикен Римова, Әнуар Молдабеков және басқалар туралы сыр шертеді. “Менің сахнадағы жақсы серіктестерім әр буында да аз болған жоқ. Сезімтал да, жаны жайсаң әріптестеріммен бірге ойнаудың өзі бір ғанибет” дей келіп, актриса өзінің жүрекжарды ойларын жұртшылықпен бөліседі.
Кітаптың үшінші бөлімі “Идти через истину” деп аталады. Бұл бөлімге негізінен актриса жайлы орыс тілінде жазылған мақалалар енген. Бұл топтаманың ішінде тек өз елімізде ғана емес, кезінде барша Кеңес одағы жұртшылығына кеңінен танымал болған сахна шебері жайлы театр сыншыларының, әдебиет қайраткерлерінің одақтық басылымдарда да жарық көрген мақалалары бар.
Бір айта кететін жәйт, жинақта Ф. Шәріпованың өмірі мен өнерінің сан түрлі сәттерінен сыр шертетін фотосуреттер де мол. Сондай-ақ актрисаның өмірбаяны мен әр жылдары ойнаған рөлдерінің тізбесі де берілген. Түйіп айтқанда, бұл кітап өткен ғасырдың 60 жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі актрисаның рухани әлемін жан-жақты баяндайды. Сондай-ақ бұл еңбекті актриса жарты ғасырдан бері табан аудармастан қызмет атқарып келе жатқан қазақ өнерінің қара шаңырағы - М. Әуезов атындағы драма театрының да осы жылдар аралығындағы шежіресі деуге болады. Ендеше, бұл кітаптың сахна өнерін, актриса шығармашылығын зерттеуге ден қойған өнертанушыларға, өнерсүйер қауымға да берері мол.
3 Фарида - әлемдік деңгейдегі актриса
Сәбира, Бикен, Шолпан, Хадиша апайлардың көзін көргендердің өзі қазір сиреп қалды. Көзін көргенде есіктен сығалап, бет-жүзін көріп қалғандар бар шығар. Бірақ, нақты сол кісілерге сахнада жұп болды, солармен тең дәрежеде сөйлесті деуге негіз жоқ. Бұл кісілермен ептеп сахналас болған - Фарида Шәріпова. Оның сахнадағы сыңқылы, күлкісі, уһілі, өксігі, өкініші, түр-тұрпаты, кескін-келбеті қайталанбайды. Ол образ жасайтындардың қатарынан болатын. Қазір сахнада рөл ойнағанның бәрі образ жасадым деп жүр, тіпті де олай емес. Рөлді ойнай бересің. Төрт жыл мыжып жүріп оқыған адам сөзді жаттап, айтып шығады, ол қиын емес. Ал образ жасау, бейнені қырлау, сырлау, бояу, нақыштау екінің бірінің басына қонатын бақыт емес. Фарида - образ тудырушы тұлға, образ жасаудың хас шебері. Ол жер-жебіріне жететін, кез келген кейіпкерді барып тірелетін, маңдайын тасқа соғатын жеріне дейін үңгіп, қаза беретін. Жан үңгуші, жан қопарушы актриса. Әлемдік масштабтағы өнер шебері деп отырғаным сол. Алдыңғы апаларының көзін көрген Салиха Қожақова, Нүкетай Мышбаева, Торғын Тасыбековаларға жоғарғы театр мектебінде сабақ беруді жазбады. Оның үстіне, ұстаз болу да екінің бірінің қолынан келмейді. Кереметтей тамаша актер болғанымен, мұғалім шықпауы мүмкін. Мысалы, Сәбит Оразбаев тәп-тәуір актер, бірақ ұстаз бола алмады. Талай рет көрді, болмады. Ақылдылығы сонда, өзі де түсінді, ары қарай бармады. Бұл парасат белгісі. Торғын да ептеп бағын сынап көрді, бірақ болмады. Нүкетай, Баян, Салихалар тек сахнамен шектелді. Ренжісе де айтайын, бұлардың ешбірі Майқанова, Римова, Жандарбекова, Бөкеева, кешегі Фарида Шәріпова шыққан биікке шыға алған жоқ, ол деңгейге жетпеді. Жете алатын шақтан да өтіп кетті. Бұлардың да кінәсі жоқ. Алдыңғылар жол бермеген болуы мүмкін…
Дауыс пен сыртқы сымбат үйлескен жерге жан тазалығы қосылып жатса, сұлулық деген сол болмас па. Қазақ киносы мен театрының танымал актрисасы Фарида Шәріпованың ерекше дауысын көрермендері ұмытпақ емес. Ауыздан шыққан сөз - дауыс, үн, ырғаққа айналып, ән болып төгілгендей әсерге қалдырады. Фарида Шәріпованың үніндегі әдемілік ол жасаған дубляждарда ерекше көрініс табады. Оның Меруерт Өтекешова сомдаған «Қыз Жібек» фильміндегі Жібекке жасаған дубляжы Меруерт Өтекешованың боямасыз өз дауысы сынды көрерменін сендіре білді. Қазақ қызына тән сұлулық пен нәзіктіктің символына айналған Жібектің болмыс- бітіміне Фарида Шәріпованың дауысының сәйкес келіп, үйлесім табуы режиссердің кәсіби біліктілігінің жемісі екені анық. Ал, күллі қазақ көрермендерінің кумиріне айналған «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның дауысын дубляждаған Фарида Шәріпова деп кім ойлайды. Кәдімгі Қожаның өзі сөйлеп тұрғандай нанымды әсерге қалдырды емес пе. Тіпті ол дауыстың Қожаныкі болмағанын дәлелдеген күннің өзінде көрермендер арасынан сенбейтіндер табылып қалар, кім білсін?! Сенгісі келмейтін адамдар да бар ғой. Фарида Шәріпованың қазақ киносына, қазақ әйеліне тән сыңғырлай аққан бұлақ үніндей нәзік, әдемі, әсерлі дауысты алып келуінің өзі күллі қазақ көрермені үшін тосын сый болған-ау десек, артық айтқандық болмас. Бұдан да бөлек оның «Тақиялы періштедегі» - Айша, «Девушка Джигиттегі» - Ғалия, «Гауһартастағы» - Салтанат дубляждары да көрермендерінің ыстық ықыласына бөленгенін жақсы білеміз. Бөлекше дарын иесінің дауысындағы құбылыс болашақ қазақ киносында қайталанар ма? - деген ой келеді. Осы жерде дәл сондай нақышты, әуезді дауыс өмірге келген күннің өзінде нанымды, шынайы әсер бере ала ма? - деген сауал туындайды. Бәлкім, бұл тек Фарида Шәріповаға ғана тән дара қасиет болар. Өмірдің өзі қызық құбылыстардан тұрады ғой. Бүгінгі таңдағы күн санап дамып келе жатқан кино әлемінде де талай жаңалықтардың болып жатқанын естіп қаламыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz