Ұсыныс және сұраныс заңы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ

1 ҰСЫНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұсыныс және сұраныс экономикалық категория ретінде
1.2 Ұсыныс және сұраныс заңы

2 ҰСЫНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІ
2.1 Ұсынысқа және сұранысқа әсер етуші факторлар
2.2 Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуі

3 НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ОРНАУЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
3

5
5
10

16
16
19

25

28
30

Кіріспе

Біз ендігі жерде қолымыз жеткен экономикалық өсуді пайдаланумен шектелмей, осы өсуді шындап басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық дамуға ұластыруымыз керек деген елбасы Н.Назарбаев өзінің биылғы жолдауында.
Міне бұл дегеніміз елбасының мемлекет алдына бәсекеге қабілеттілік жөнінен қойып отырған ең басты міндеттерінің бірі. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің құрамына кіру стратегиясы елбасының Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған тапсырмалардан туындайды.
Рыноктық экономика - бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы. Мұндай қарым-қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып көрсетіледі.
Расында-ақ кез келген сатып алу-сату актісіне "ұсыныс" феномені қатысады, ол арқылы рыноктағы мәмілесінің көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ұсыныс нарықта сұраныспен тікелей байланысты. Ал рыноктық экономика бағалардың динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) мен ұсыныс шамасын (өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге болады. Бұл макро және микроэкономика үшін әділді болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның ұсыныс анализіне көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы байланыстыратын жіп болып табылады.
Экономикалық ғылымда нарықтағы ұсынысқа қатысты мәселелердің бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын, негізінде бағалар қаланатын ұсыныс моделін атақты бір автор былай деп түсіндірді: мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты шындықты көрсетуінде емес, анық және бірмәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы өмірдің маңызды аспектілерін көрсетеді.
Бәсеке жағдайындағы бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін ұсынысқа талдау жасау керек. Ұсыныс бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа болып табылады. Нарықтық механизм - сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және ұсыныстың негізінде құрылады. Нарық - өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Ол өндіріс пен тұтыныстың арасындағы баланыстылықты қамтамасыз етеді. Бұл баланстылық сыртқы құбылыста сұраныс пен ұсыныс арасының сәйкес болуы ретінде көрінеді. Міне, сондықтан да мен бұл жұмысымда сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктері, нарықтық тепе-теңдік тақырыптарына толықтай тоқталатын боламын
Біздің елімізде рынок енді дамып келе жатқандықтан ұсынысты зерттеу, Қазақстанның рыноктық экономикасының даму жолдарын оқуда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге ұсыныс зерттеулерінің нәтижесін практикада пайдалана білу де өте маңызды. Қазіргі кезде ұсыныс туралы мағлұматсыз практикада бірде - бір фирма өмір сүре алмайды. Бұл курстық жұмыс тақырыбының терең өзектілігін байқатады. Міне, сондықтан мен осы проблеманы тереңдеп оқығым келді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ұсыныс және оның икемділігі
Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталады:
- Ұсыныс және сұраныс икемділігінің теориялық аспектілерін зерттеу;
- Ұсынысты және сұранысты экономикалық категория ретінде қарастыру;
- Ұсыныс және сұраныс заңына талдау жасау;
- Ұсыныс пен сұраныс икемділігін зерттеу;
- Ұсынысқа және ұсынысқа әсер етуші факторларды зерттеу;
- Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінталдау;
- Салық ауыртпашылығының сұраныс пен ұсыныс икемділігіне тигізетін ықпалы
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайларындағы өзгерістерді ерекше оқиғасы ретінде қарастырылатын салықтың салдарын ең бастапқы зерттеудің өзі-ақ, сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең жағдайы -бұл барынша қанағаттану жағдайы, тек сол тар мәнінде дұрыс, егер екі мүделлес жақ-тардың жиынтық қанағаттануы тепе-теңдіктің өзіне қол жеткізгенше және егер тепе-теңдік жағдайы деңгейінен жоғары кез келген өндіріс көлемін тұрақты ұстап тұру мүмкін болмаса, сатып алушылар мен сатушылардың әрқайсысы жеке адам ретінде өз мүделлері тұрғысынан әрекет етеді.

1 ҰСЫНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Ұсыныс және сұраныс экономикалық категория ретінде

Нарық, айырбас айналыс - бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық - бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді [1, 86].
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.
oo экономиканы ұйымдастыру формасына қарай - нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.
oo рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.
Рынок (нарық) - бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.
Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.
Нарықтық жүйенің негізгі белгілері мыналар:
oo өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;
oo кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;
oo экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;
oo экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;
oo өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.
Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.
oo маржиналық (шекті) талдау
oo балама таңдау шығындарына
oo экономикалық рационалдыққа
Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:
1. Ақпараттық қызмет; 2. Делдалдық қызмет; 3.Баға белгілеу қызметі; 4. Реттеушілік қызметі 5. Санациялық қызмет.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит - бәсекені нарықтың - Көрінбейтін қолы деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке - нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Жетілген бәсеке нарығы - кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.
Монополия - ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия - тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:
1. Табиғи монополия - сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға - су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).
2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.
3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.
Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы - тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы - бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) - тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
oo Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
oo Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі [1, 86].

1. графигі . Сұраныстың қисығы
2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы
Р

Р1 А

Ро В
D

Р

D1

D

Do

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.
Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға - төменге (азаюы).

Ұсыныс - бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы - бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы - бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді [2, 42].
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
5. Бәсекенің деңгейі
6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі - ұсыныстың өсуіне әкеледі.
7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

3. графигі. Ұсыныс қисығы
4. графигі. Ұсыныс қисығының жылжуы
Р

S

Р1 A

Р S1

S0

S2

Q

Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді.
Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - төменге (өсуі), солға - жоғары (азаюы).

Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға - бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға - Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі - тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;

Сұраныстың табыстық икемділігі - бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша -- баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыныс капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың (қызметтердің) осы көлемін (осы бағамен) сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция [2, 43].
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді
Ұсыныстың икемділігі - бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.

1.2 Ұсыныс және сұраныс заңы

Сұраныс - нарықтың ұсынатын бағасының әрбір шамасымен тұтынушылардың сатып ала алатын немесе сатып алуға дайый тауарларының санын көрсетеді.
Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді:
1. Зерттеп отырған тауардың бағасы (Р).
2. Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs, Рc).
3. Тұтынушылардың ағымдағы табыстары (I).
4. Тұтынушылардың талғамы мен қалаулары (Z).
5. Тұтынудың объективті (сыртқы) жағдайлары (N).
6. Тұтынушылардың күтуі (Е).
Сұраныстың осы көрсетілген факторларға тәуелділігі - сұраныс функциясы деп аталады:

Мұндағы Qd -- сұраныс көлемі.
Сұраныстың бағалық функциясы: Qd = f(Р).
Тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті график арқылы көрсетуге де болады:

5-сурет. Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы - қарастырып отырған тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс қисығының бойымен жылжу баға өзгергендегі сұраныс көлемінің өзгерісін білдіреді.
Сұраныс заңы - сұраныс шамасының баға деңгейіне тәуелділігінің заңы: тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, оны сатып алу көлемі соғұрлым көп болады және керісінше.
Сұраныс өзгерісінің баға деңгейіне кері тәуелділігі үш себеппен анықталады: бағаның төмендеуі сатып алушылардың санын көбейтеді, олардың сатып алу қабілетін жоғарылатады, арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алуды тиімді қылады.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу - сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықтайды.
Бағалық емес факторлар өзгергенде қарастырып отырған затқа сұраныс қисығы түгелімен не оңға, не солға жылжиды, оны сұраныстың өзгеруі деп атаймыз.
Р мен В-ның өзара әрекеттесуін кері бағытта қарастыруға да болады: Р = f(Р) - бұл сұраныстың кері функциясы. Сұраныстың кері функциясының экономикалық мағынасы: тауардың көп мөлшерін тек қана төменгі бағамен сатуға болады [3, 88].
Ұсыныс - сатушылардың берілген уақытта белгілі бір бағамен сатқысы келетін немесе сатуға дайын тауарларының саны.
Ұсыныс көлемінің қалыптасуы кезіндегі жағдайларды ұсыныс факторлары деп атайды.
Ұсыныс факторлары:
1. Қарастырып отырған тауардың бағасы (Р).
2. Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs, Рс).
3. Өндіріс шығындары мен технология деңгейі (С).
4. Салықтар мен субсидиялар (Т).
5. Өндірістің объективті (сыртқы) жағдайлары (N).
6. Өндірушілердің күтуі (Е).
Ұсыныс функциясы - S шамасының оны анықтайтын факторларға тәуелділігін көрсетеді:

мұндағы Qs-ұсыныс көлемі.
Ұсыныстың бағалық функциясы:

Qs= f(Р)

Ұсыныс қисығы -- тауардың бағасы мен оның нарықтағы ұсыныс көлемінің арасындағы тәуелділіктің график түріндегі көрінісі.

6-сурет. Ұсыныс қисығы
Ұсыныс қисығының бойымен жылжу - баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.
Ұсыныс заңы - тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады.
Ұсыныстың баға өзгеруіне реакциясы төмендегілермен түсіндіріледі:
1) өндіріс саласындағы фирмалар баға жоғарылаған кез-де резервтегі және тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады;
2) бағаның тұрақты түрде жоғарылауы байқалса, онда басқа өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар өндірісін және оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады.
Ұсыныстың өзгеруі - бағалық емес фактордың әсерінен ұсыныс қисығының не жоғары солға, не төмен оңға жылжуын білдіреді.
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық - ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (7 сурет)
P S

Q
7-сурет. Ұсыныс қисық сызығы

Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады - өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді - сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
S2
P S
S1

Q
8 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.
Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P S

Q
9 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) - (конфигурация).

Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде - қысқарады. (10 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.

P
А1
В 10 сурет. Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
А
S
Q
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны - жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. - ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR - immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады [4, 78].
Қысқа мерзімді кезеңде (SR - short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR - long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)

P S P S P

S

Q Q Q
7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы.

2 ҰСЫНЫС ЖӘНЕ СҰРАНЫС ИКЕМДІЛІГІ
2.1 Ұсынысқа және сұранысқа әсер етуші факторлар

Қазіргі таңдағы нарыққа байланысты, Елеулі мәселелердің бірі тұтынушылардың сұранысымен ұсынысын қанағаттандыру. Осы курстық жұмыста талқыланатын мәселеде сұраныс туралы болмақ.
Онда сұраныс, сұраныс заңы және оған жер етуші факторлардың түрлері түгел талқылынбақ.
Сатылатын тауар біртектес \ стандартты\ және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жүрміз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды. Ол \баға\ нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы өзара бәсекенәтежесінде тағайындалады. Осы заманғы нарықтағы бәсенелестік өз шарықтау шегінің шыңында. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизімін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргізуіміз қажет. Бағалардың қалыптасуына негізгі ықпал ететін - тұтыну суына негізгі ықпал ететін - тұтынушы қауым. Әрине мұнда нарық зерттілеушілірінің де еңбегі зор. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз. Сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай жер ететінің қарастырып талдау жасалады [5, 159].
Айта келгенде, талдаулардың соңғы нәтижесінде тұтынушылар бәріне сыншы болады. Расындан алғанда адамдарға тауар ұнаса сұраныс та ұсыныстың да деңгейі төмен болады. Ал бугінгі қарайтын тақырып сұраныс болғандықтан, сұраныстың бүкіл оңды - солды жағынан талдай, ашуға тырысып көрейін.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып салу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.

Майға сұраныс 1 - сурет
1- кг бағасы \тенгемен\
Сұраныс көлемі \1 айға, кг\
900
3,4
800
4
700
4,5
600
5

кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде \басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғанда\ оны сатып алу көлемін қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатыпалу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс және оның факторлары
Ұсыныс қисық сызығы
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері туралы ақпарат
Сұраныс пен ұсыныс теориясы
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Сұраныс факторлары
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Ұсыныстың шамасы,сұраныс заңы
Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі
Пәндер