Ұйым табысының экономикалық мәні
Жоспар:
Кіріспе
Ұйым табысының ұғымы және маңызы
Ұйым табысының экономикалық мәні
Табыстың ұйым қызметіндегі ролі және функциялары
Ұйым табысының қалыптасуы және орналастырылуы
Ұйым табысының қалыптасуы және жоспарлау
Ұйымның қаржылық нәтижелерін талдау
Ұйымның табыстылығының көрсеткіштері
Ұйым табысын жоспарлау әдістемесі
Ұйымдағы пайданың (табыстың) рентабельдікті жоғарылату жолдары
Ұйымдардың табысын арттыру жолдары
Қаржылық тәуекелдердің ұйым табысына әсері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайларында ұйымның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мумкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан ұйымды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мумкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада ұйымның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті ұйымның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті келемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс ұйым қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол ұйымның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай ұйым кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс ұйымның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Ұйымның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын ұйымдар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арггыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың ұйым қызметіндегі ролі мен оны арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жөткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
oo ұйым табысының экономикалық негіздерін қарастыру; ұйым табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
oo ұйымдардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде ұйымның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда ұйымның табысының жалпы ұғымына және оның ұйым қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында ұйымдардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, ұйым табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы ұйымдардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқұлықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.
1. Ұйым табысының ұғымы және маңызы
1.1. Ұйым табысының экономикалык мәні
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегөніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл ұйымның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы ұйымның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, ұйым табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
oo негізгі қызметтен алынған табыс;
oo өзге де табыстар.
Негізгі қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теориялары табыстылығымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек ұйым әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе ұйымның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
Тауарлар женелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда ұйымның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда ұйымның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
Ұйым өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда ұйым ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы - бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген ұйым банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай ұйым өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде ұйымның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
Ұйымның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда ұйымның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
Ұйым нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, ұйым қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық етеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында ұйым зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі. Ұйымның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы гудвилл немесе фирманың құны деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни ұйымды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі - капиталдың жұмыс істеуінің нәтижесі деп қарастырылады.
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:
oo салықтарды есептеу үшін;
oo кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін; тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жөткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, табыс ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері ұйымның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында табыс ұғымы келесідей түрде анықталады. Табыс дегөніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен есуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді.
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді: Табыстар - бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай ұйымның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың ұйым қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.
1.2 Табыстың ұйым кызметіндегі ролі және функциялары
Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген ұйымның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс ұйымның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген ұйымның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика ұйымның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және ұйымның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр ұйым өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада ұйым табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады.
Біріншіден, табыс ұйым қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. Басқаша айтар болсақ, ұйымның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш ұйым иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі ұйымға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (ұйым иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері ұйымның өзіне байланысты болса, кейбіреулері ұйымның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Ұйымдардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс ұйымдардың басты мақсаты деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табыпады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тэртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.
Табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, ұйым қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, ұйымның даму перспектмваларына сәйкес дивидендтік және инвес-піциялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады.
Тағы да айта кететін жағдай - табыс ұйым жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін ұйым қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жүмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар т\рінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытгалады.
Сонымен, ұйымның табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары ұйымдардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
1. акционерлік меншікті арттыру ;
2. табысты арттыру;
3. басқарушылық сыйақыларды артгыру;
4. әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - ұйым акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни ұйымдар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Ұйымның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Ұйым мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамвітын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі ұйым иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.
1.3 Ұйым табысының калыптасуы және орналастырылуы
Ұйым табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.
Ұйымның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады.
Жалпы табыстың құрамында ұйымның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни ұйымның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.
Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе кандай-да бір актмвті сатудан тыс операциялардың нәтижесін, қамтмды.
Ұйымның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін ұйымның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы - салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау ұйымның құзіретіне жатады.
Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:
oo ұйымның өндірістік-шаруашылық,
oo қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен ұйым арасында бөлінеді;
oo мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.
Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
Салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, ұйымның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
Шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі ұйымның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.
Ұйым қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс ұйымның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік актілерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Ұйымның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыруға жұмсалады: әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы да басқа қорлар. Бұл ұйымдардың келешекте болуы ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зияндарды етеуге, сондай-ақ, қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.
2 Ұйым табысының қалыптасуы және жоспарлау
2.1 Ұйымның қаржылық нәтижелерін талдау
Нарықтық экономика жағдайында ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.
Ұйымда өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
2.1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру женінде мәліметтер келтірілген.
2.1-кесте
Өнімді өткізуден түскен табыс жоспарының негізделуін бағалау
мың теңге
№
Көрсеткіштер
Есептік бағасы
1.
Өткізілмей қалған дайын өнімнің нақты қалдығы
8 360
2.
Тауарлы өнім шығару
29 000
3.
Өткізілген өнімнің жыл соңындағы қалдығы
15 940
4.
Өнімді өткізуден алынуы мүмкін табыс
(1+2-3)
21 420
5.
Жоспар бойынша өнімді өткізуден алынатын табыс
20 850
6.
Ауытқуы (4-5)
570
Кестеден ұйымның өнімді өткізуден түсетін табыс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені керінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін табыс 20850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының мөлшерден тыс өсуіне ұйымның қаржы қызметі көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай заттық нысандағы өнім өндіруші ұйымдарды орын алады. Қызмет көрсетуші және жұмыстар атқарушы ұйымдарда қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды.
Табыстылықтың екінші абсолюттік көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор - өндірістік өзіндік құн, сол себепті оның төмендеуі табыстың көлеміне көп әсерін тигізеді. Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалдық шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе, шикізат құнының үлесі өнімнің өзіндік құнында ете жоғары болып келетін өңдеу салаларында қызмет ететін ұйымдар үшін өте маңызды.
Ұйым табысының артуы тек өнімнің өзіндік құнына ғана емес, сондай-ақ, өткізілген өнімнің көлеміне, өнім бірлігінің бағасына байланысты болады. Осы факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін талдау кестесін құруға болады.
2.2-кесте
Ұйымның жалпы табысы
мың теңге
№
Көрсеткіштер
Жоспар бойынша
Нақты сатылымға жоспар бойынша
Нақты
1
2
3
5
1
Өнімді өткізуден түскен табыс
20 850
19 745
23 179
2
Өнімнің өндірістік өзіндік құны
16 435
15 741
16 996
3
Жалпы табыс (1-2)
4 415
4 004
6 183
2.2-кестеден байқайтынымыз, жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге артық. Осы ауытқуға жоғарыда аталған факторлардың әсерін келесі тәртіп бойынша анықтауға болады.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, жартылай өнімдер, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғанда өзгерістері бар. Бұл фактор ұйымнан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы табыс сәйкесінше еседі немесе азаяды. Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы табыс көлемін 1255 мың теңгеге (16966 - 15741) төмендетті.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнімді өткізуден түскен нақты түеімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады. Біздің мысалымызда жалпы табыс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге (23179 - 19745) өскен.
Өткізу көлемінің өзгерістерінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалуын анықтау керек. Табыс көлемі осы факторларға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші - негізгі қызметтен алынған табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәжжені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
ТН = ТЖ- ШК, (2.3)
мұнда ДН - негізгі қызметтен алынған табыс;
ДЖ - жалпы табыс;
РК - кезең шығындары.
Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын табыс та соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын табысқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен үздіксіз байланыста жүргізу керек.
2.2 Ұйымның табыстылығының көрсеткіштері
Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы ұйым қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен ұйымның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар ұйым табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде өндіріске салынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Ұйымның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі ұйымның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен назарына ие болады.
Ұйымның жалпы активтерінің табыстылық деңгейін шартты мысал түрінде талдау 2.3-кестеде берілген.
2.3-кесте
Жалпы активтердің (өндіріске салынған капиталдың) табыстылық деңгейі
мың теңге
№
Көрсеткіштер
Өткен жыл
Есепті жыл
Ауыткуы (+,-)
1
2
3
4
5
1
Таза табыс
5 040
6 538
+1 498
2
Жалпы активтер (салынған капитал)
30 512
37 254
+6 742
3
Жалпы активтердің табыстылығы, %
16,52
17,55
+ 1,03
Кестеден байқағанымыздай, аталған ұйымда жалпы активтердің табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып келеді.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге белінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға ұйымның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254*100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан еткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мелшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 - 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері еткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).
Екінші көзқарас бойынша ұйымның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz