Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Жаңа кодекс бойынша заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі
1.2 Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу

2 СОТТЫҢ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ САТЫЛАРЫ
2.1 Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы
2.2 Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері және сот шешімі
2.3 Шетел мемлекеттерінің заңдарындағы мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу тәжірибесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3

5

5
6

9
9

9

10

15
17

КІРІСПЕ

Елбасы Н.Назарбаев өз Жолдауында мемлекеттің міндеті - азаматтардың іскерлік белсенділігін жүзеге асыруына барынша мүмкіндік туғызу екенін, осы мақсатта ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртудың кезекті кезеңін бастау керектігіне баса мән берді. Елу жылда ел жаңа демекші заңнамалық базаныңзаманға қарайжетілуі,өзгеруізаңдылық іс. Бұл мақсатта мемлекет басшысының Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша Қылмыстық кодекстің жобасы әзірленіп, Президенттің қол қоюымен өмірге жолдама алды. Ол 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енбек.
Жаңа редакциядағы Кодекстерді әзірлеудің қажеттілігі - оны ел Конституциясының жаңа нормаларымен, сонымен қатар, осы уақытқа дейін ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіру болып табылады. Сарапшылар атап өткендей, ұсынылып отырған өзгерістер тергеу органдарының жұмысын елеулі түрде жеңілдетуге және жеделдетуге, қылмыстық істерді жүргізу заңын халықаралық стандарттарға барынша жақындатуға, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін күшейтуге бағытталған.
Жалпы, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру Елбасы Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес болуы шарт. Ал бұл тұжырымдамада қылмыстық заңнаманы халықаралық келісімдермен сәйкестендіру және заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізудің маңыздылығы қарастырылған болатын.
Жаңадан қабылданған кодекс екі бөліктен, яғни жалпы және ерекше бөліктерден, 16 бөлімнен, 73 тараудан және 674 баптан тұрады. Жалпы бөлікте негізгі ережелер, қылмыстық процеске қатысатын мемлекеттік органдар мен адамдар жайлы, дәлелдемелер мен дәлелдеу түрлері, процестік мәжбүрлеу шаралары мен қылмыстық процестегі мәселелер көрсетілсе, ерекше бөлікте қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі жүргізу, қылмыстық істердің соттылығы, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу, соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қарау, сот шешімдерін орындау, соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу, ерекше іс жүргізу, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу, істер бойынша алқабилердің қатысуымен іс жүргізу, үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу, өтпелі және қорытынды ережелер көрсетілген.
Реферат жұмысының мақсаты - жаңа Кодекс бойынша үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу мәселесін қарастыру. Осы алдыма қойған мақсатқа орай, мынадай міндеттерді белгіледім:
- үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу жайында жалпы түсінік беру;
- жаңа кодекс бойынша заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібін анықтау;
- тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізуін талдау;
- соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы жолдарын көрсету;
- тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері және сот шешімін қарастыру.
- шетел мемлекеттерінің заңдарындағы мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу тәжірибесін зерттеу.
Зерттеу жұмысының объектісі - үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізу және олардың конституциялық негіздері.
Тақырыптың пәні - қылмыстық іс жүргізудің заң нормалары, Конституция.
Теориялық базасы. Ғылыми жұмысты жазуда қылмыстық іс жүргізу құқығының осы маңызды мәселері бойынша қылмыстық құқық ғылымы мен айналысатын төмендегі шетелдік, ресейлік және қазақстандық құқықтанушы ғалымдардың еңбектері негізге алынды: М.С.Строговия, Н.Н.Полянский, И.Д.Чельцев, В.Е.Чугунов, М.А.Рахунов, П.С.Эльнинов, В.И.Каминская, В.П. Резепов, Б.А.Галкин, У.М.Каз, В.д. Арсенов, А.В.Дулов, Э.С.Зеликсон, С.А.Шейфер, Г.Ф.Горский, Р.Х.Якупов, К.Ф. Гуценко, П.А.Лупинская, Б.А.Викторов және т.б. өз еңбектерінде қарастырған.
Жұмыстың құқықтық - нормативтік негізін Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы (өзгертулер мен толықтыруларды қоса), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi (2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ) құрайды.

1 ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Жаңа кодекс бойынша заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі

Бұрынғы кодекстің де, жаңа кодекстің де көздейтін мақсаты бір. Екеуі де азаматтарымыздың мүдделерінің заң талаптарына сай қорғалуын, әділеттікті қалыпқа келтіріп, қоғамға қауіп төндіретін әрекеттерге шара қолданып, алдын алуды басты мақсат етеді. Алайда жаңа кодекстің баптарының мазмұны, төркіні басқаша өрілген. Екі заңнаманы салыстыра отырып, жаңа заңнамада кейбір қылмыстар үшін тағайындалатын жазалар жеңілдетілсе, кейбір аса ауыр қылмыстар бұрынғыдан да қатаңдатылғанын атап көрсетуге болады.
Енді қылмыстық жауаптылықты көздейтін екі кодекстің негізгі айырмашылықтарын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды саралап түсіндіріп өтсем. Біріншіден, жаңа қылмыстық кодекс бойынша енді қылмыстық қудалау органы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығармайды. Ал, екіншіден, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысаны, қолданыстағы анықтау, алдын ала тергеу нысанынан бөлек, хаттамалық нысанда іс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, хаттамалық нысанды қоспағанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру, яғни қазіргі УДП формасында іс жүргізуге болады. Үшіншіден, енді тергеуші, анықтаушы, анықтау органымен қылмыс жасаған күдіктіге айып тағылмайды. Бұл функция жаңа кодексте прокурордың құзіретіне берілген. Төртіншіден, сот органынан қылмыстық істер қосымша тергеуге қайтарылмайды. Ол жақта қылмыстық істер бойынша тек айыптау немесе ақтау үкімдері шығарылатын болады. Және, бесіншіден, нысан карточкалары барлығы электронды форматта жүргізіледі, бұл дегеніміз қағаз карточкалары енді болмайды.
Ал енді жаңадан қабылданған қылмыстық кодекске келсек, бұл заң да осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді. Аталған заң жалпы және ерекше бөліктерден, 7 бөлімнен, 18 тараудан және барлығы 467 баптан тұрады. Қазіргі қолданыстағы кодекстен ерекшелігі бұл заңға қазіргі әкімшілік құқық бұзушылық кодекстен 46 бап енгізілсе, колданыстағы қылмыстық кодекстен 103 бап және де жаңадан 7 бап, яғни барлығы 156 бапты құрайтын қылмыстық теріс қылықтар енгізіліп отыр. Бұл баптар бойынша жоғарыда атап өткендей хаттамалық нысанда істерді сотқа жолдауға болады. Және де бір ерекшелік, бұл баптар бойынша соттан өткен тұлғалардың артында соттылық болмайды, яғни ол азаматтар кейін бұрын сотты болған тұлға ретінде танылмайды.
Күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздестіру жарияланған не оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған жағдайларда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңсыз жолмен алынған мүлік туралы мәліметтер болған кезде, осы тарауда белгіленген тәртіппен мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тәркілеу туралы іс жүргізу үшін материалдарды бөліп шығару туралы қаулы шығарады, оған тәркілеу үшін негіз болған қылмыс туралы қылмыстық іс материалдарының көшірмелері қоса тігіледі.

1.2 Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу

Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу осы Кодекстің ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізуге мүліктің күдіктіге, айыпталушыға немесе үшінші адамға тиесілігі, мүліктің тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыспен байланысы және мүлікті үшінші адамның сатып алуының не мүлік құқық бұзушылық нәтижесінде сатып алынған деп пайымдауға негіз болатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
Күдіктінің, айыпталушының мүлікті басқа адамдарға қайта ресімдеу арқылы оны жасырғаны туралы куәландыратын мән-жайлар анықталған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық іс бойынша мемлекеттің немесе жәбірленушілердің мүддесінде мәмілелерді (сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға, сенімгерлік басқаруға беру және басқаларын) азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа өтініш жасау туралы мәселені шешу туралы өтінішхатпен прокурорға жүгінеді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тәркілеу туралы іс жүргізуде мүліктің заңсыз жолмен алынғаны туралы жеткілікті дәлелдемелер жиналды деп тани отырып, қорытынды жасайды, онда:
1) күдіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты немесе тұрған жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;
2) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмысты саралау, оны жасаудың мән-жайы, қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
3) тәркіленуге жататын мүліктің сипаты мен тұрған жері;
4) осы баптың екінші бөлігінде көзделген, мән-жайларды растайтын дәлелдемелер;
5) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінудің қажеттігі туралы түйін көрсетіледі.
Тәркілеу туралы іс жүргізу аяқталғаннан кейін ол бойынша қорытынды материалдарымен бірге дереу прокурорға жіберіледі. Прокурор қорытындыны қарап шығып, қылмыстық қудалау органы тергейтін қылмыс туралы қылмыстық іс соттылығына жататын сотқа тәркілеу туралы өтінішхатпен жүгінеді.
Тәркілеу туралы өтінішхатта:
1) өтінішхаттың жасалған уақыты мен орны;
2) өтінішхатты жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні;
3) тәркілеуді қолдануға негіз болып табылатын қылмыс туралы мәліметтер, қылмыстың саралануы, оны жасаудың мән-жайлары;
4) күдіктінің, айыпталушының аты, әкесінің аты (ол болған кезде), тұрғылықты жері мен мекенжайы, туған жылы, айы, күні;
5) қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері;
6) тәркіленуге жататын мүлікке тыйым салу туралы мәліметтер;
7) тәркіленуге жататын мүліктің сипаттамасы және тұрған жері;
8) осы баптың екінші бөлігінде көзделген мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің тізбесі;
9) тәркілеу туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіз болатын дәлелдер;
10) тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының болжамды мөлшері көрсетіледі.
Өтінішхаттың жіберілгендігі туралы қорғаушыға (ол қатысқан кезде), жәбірленушіге, оның өкіліне хабарланады. Өтінішхатқа сот отырысына шақырылуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі. Тізімде адамның тегі, аты, әкесінің аты, оның процестік жағдайы, тұрғылықты жері көрсетіледі.
Өтінішхатпен сотқа жүгінуге негіздер болмаған жағдайда, прокурор қосымша дәлелдемелер жинау қажеттігі немесе тәркілеу туралы іс жүргізуді тоқтату туралы көрсете отырып, қорытынды мен материалдарды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады.
Елден қашып кеткен олигархтардың тұтқындалған мүлкінің құны триллиондап саналады, келешекте олар сот үкімінсіз тәркіленуі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасап. "Бұл - өте көп сома, олардың құны теңгемен триллондап саналады", - деді Меркель Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына қайтарған жауабында. Әңгіме шетелде еліміздің заң органдарынан жасырынып жүрген Мұхтар Әблязов, Рахат Әлиев сияқты бай азаматтардың мүлкі жайында. Иоган Меркель нақты статистиканы білмегенімен жекелеген деректер бойынша шамалай алатынын айтты.
Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі нормалары жөнінде әңгімелеген ол қашып жүрген олигархтардың мүлкін сот үкімінсіз тәркілеу ұсынылып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекет олардың тұтқындалған мүліктерін күзетуге қыруар қаржы жұмсайды. "Мемлекет қаржысы есебінен біз бұл ғимараттарды күзетеміз, күтіп ұстаймыз, жылытамыз", - деді ол Парламент Мәжілісі Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдағаннан кейін.
"Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу туралы нормаға қатысты күмәнін білдірді. "Үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы ұсыныста қарама-қайшылықтар бар, біз мүлікті тәркілейміз, бұл тұлғаны айыпты деп тануға дейін болатын жаза түрі делік. Сонда бұл өзін-өзі ақтайтын әрі дұрыс жайт па? Бұл норма Мемлекет басшысының мүлік құқығын қорғау туралы тапсырмаларына сай келе ме, соны келісіп алу керек", - дейді Азат Перуашев.
Ал Иоган Меркельдің айтуынша, депутаттар жағдайды әлі толық бажайлап көрген жоқ. "Жалпы, мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу институты кең қолданылмайды. Мұндай тәркілеу тек қана Қазақстан аумағынан шығып кеткен және біз экстрадициялай алмай жүрген тұлғаларға қатысты болады", - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары. Меркель мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясының 54-бабында қарастырылғанын атап өтті. Бұл норма 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, ол кезде елімізде жалпыға ортақ декларациялау ісі енгізіледі.

2 СОТТЫҢ ҮКІМ ШЫҒАРЫЛҒАНҒА ДЕЙІН ТӘРКІЛЕУ ТУРАЛЫ ІС ЖҮРГІЗУ САТЫЛАРЫ

2.1 Соттың тәркілеу туралы өтінішхатты қарауы

Судья тәркілеуді қолдану туралы мәселені жеке-дара шешеді. Сот талқылауы осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріліп, осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жүргізіледі. Судья қосымша материалдарды зерттеу қажет болған кезде қылмыстық істі талап етіп алдыруға құқылы.
Сот отырысына өтінішхатпен жүгінген прокурор қатысады. Сот отырысына қаралып отырған өтінішхатқа қатысты айғақтар беру үшін күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы қатысып отырған кезде - оның өтінішхаты бойынша басқа адамдар да шақырылуы мүмкін.
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, тәркілеу түріндегі мұндай жаза заңды жолмен иеленгендерді қоспағанда, сотталғанның меншігі болып табылатын мүліктің барлығын немесе бөлігін өтеусіз алып қоюдан және мемлекет табысына айналдырудан көрінеді (Ұлыбритания, Германия, Швеция және Ресей, Бельгия және Түркия, Франция, Испания және Жапония).
Анықтама үшін: Мұндай тәркілеу Ұлыбританияда, Германияда, Швецияда және Ресейде қолданылады, Бельгияда және Түркияда оны қолдануға конституциялық тыйым салынған, ал Францияда және Жапонияда ол адамзатқа қарсы қылмыстар үшін ғана қолданылады.
Бұдан басқа, жобада соттардың тек қана жазалау шарасы ретінде ғана емес, сондай-ақ белгілі бір қатаң жағдайларда - қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары ретінде мүлікті тәркілеуді тағайындау мүмкіндігі туралы қағидаттық ереже көзделген. Бұл БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының соттың шешімі бойынша, бірақ үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы 54-бабын іске асыруға байланысты.
Ол сезікті, айыпталушы қылмыстық ізге түсу органдарынан жасырынған кезде не оның тұрған жері басқа да себептермен анықталмағанда, ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғанда не оған қатысты қылмыстық ізге түсу рақымшылық жасау актісіне, талап қою мерзімінің өтуіне, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылғанда қолданылатын болады.

2.2 Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері және сот шешімі

Тәркілеу туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот қаулы шығарады. Сот қаулы шығарған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген жағдайларда, күдікті, айыпталушы мүлкінің тәркілеуге негіз болып табылатын қылмыспен байланысты-байланыссыз екені және үшінші адам мүлкінің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабында көзделген тәсілмен сатып алынған-алынбағаны туралы мәселелерді шешеді.
Тәркілеу туралы іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелерге сондай-ақ тәркілеудің қолданылуға жататын-жатпайтыны және ол мүліктің қай бөлігіне қолданылуға тиіс екені, тыйым салынған немесе алып қойылған, оған қатысты тәркілеу қолданылмайтын мүлікпен не істеу керектігі және тәркілеу туралы іс жүргізу шығыстарының мөлшері қандай және оның кімге жүктелетіні кеңінен қарастырылып, шешіледі.
Кеңесу бөлмесінде сот өтінішхатты қанағаттандыру және мүлікті тәркілеу және тәркілеу туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Қаулының көшірмесі прокурорға және процестің басқа да қатысушыларына табыс етіледі не тәркілеу туралы іс жүргізу бойынша сот талқылауына қатыспаған қатысушыларға пошта арқылы жіберіледі.
Қаулының көшірмесі мүлкі тәркіленетін адамға табыс етіледі. Қаулы шығарған сот ол заңды күшіне енгеннен кейін атқарушылық іс жүргізетін тиісті органға атқару парағын, мүлік тізімдемесінің көшірмесін және қаулының көшірмесін мүлікті тәркілеу туралы үкімдерді орындау үшін белгіленген тәртіппен орындауға жібереді.
Соттың тәркілеу туралы қаулысына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы не наразылық білдірілуі мүмкін.

2.3 Шетел мемлекеттерінің заңдарындағы мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізу тәжірибесі

Қазіргі заман ағымы әлемнің көптеген мемлекеттерінің өздерінің қылмыстық заңдарын одан әрі жетілдіруіне белсенді түрде қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС ҚАҒИДАТТАРЫ ЖОСПАР
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау
Апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлімі - апелляциялық шағымды немесе наразылықты қарау
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары
ТЕРГЕУ СУДЬЯСЫНЫҢ СОТ ҚАУЛЫСЫНА ШАҒЫМДАНУ
Қылмыстық процессуалдық мерзім түсінігі және басқа мерзімдерден айырмашылығы
Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Дәлелдемелердің қайнар көздері
Пәндер