Туризм мен демалыс


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ

1 Тарау. Туризмдегі негізгі түсініктер, туризмнің типтері, түрлері және формалары

1. 1 Туризмдегі негізгі түсініктер

1. 2 Туризмнің типтері, түрлері және формалары

2 ТАРАУ. Туризмнің белсенді түрлерінің мәні және даму мәселесі

2. 1 Белсенді туризмді жіктеу

2. 2 Туризмнің тәрбиелік, білімдік және сауықтыру мәні

3 Тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері

3. 1 Экстремалды туризмнің судағы түрлері

3. 2 Экстремалды туризмнің жер бетіндегі түрлері

3. 3 Экстремалды туризмнің таудағы түрлері

3. 4 Экстремалды туризмнің әуедегі түрлері

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3

4

4

5

7

7

8

10

10

11

12

13

15

Кіріспе

Туризм - тәрбиелеуге, еңбекке, спортқа, демалысқа тура қатынасы бар кешенді және алуан қырлы түсінік және жастардың өзін-өзі жүзеге асыру тәсілі. КСРО-ғы көпжылдық тарихқа қарамастан, туризм біздің республикамызда жаппай құбылыс ретінде жаңа ғана туындап келе жатыр, және бұл бірінші кезекте біздің мемлекетіміздің экономикалық өсуімен байланысты.

Қоғамның дамуынан әлемде белсенді және тіпті экстремалды демалыстың көптеген формалары пайда болды. Жастар өмірде өзін-өзі танытудың жаңа және аты шулы, дегенмен біршама арзан түрлерін іздейді. Біздің азаматтарымыздың түсінігіндегі белсенді туризм - бұл арқа қоржындарымен саяхат жасайтын адамдар. Шектеулі бюджетімен едәуір ұзақ саяхаттар, көліктік шығындар, арзан тұрғын үй және т. б. жергілікті мәдениет түсінігіне қарағанда, көбірек саяхат тәжірибесі ретінде бағалануы мүмкін.

Туристер қоршаған ортаны қорғауға көбірек қызығушылық танытып келеді. Тұтынушылар белгіленген жерді таңдау кезіндегі факторлар мен қызметтер сапасы секілді қоршаған ортаның сапасын ескереді. Тұтынушылар қарапайым, тиімді және жағымды қызметтермен бірге қоршаған ортаның жоғары стандарттарын қажет етеді. Көптеген туристер ластанбаған және адам толмаған жерлерді қалайды. Қазақстандағы туризм жүйесі әзірге бастапқы күйінде- нормалар, критерийлер, қорғалатын территорияға зиян келтірмейтін оптималды бағдарларды дайындау сатысында. Яғни коммерциялық көзқараспен тауар әлі дайын емес.

Туризм саласында жұмыс істейтін тұлғаларға қажетті және толықтай білім беру мен кәсіби дайындаудың бұл сектордың ойдағыдай дамуы және оны тиімді басқару үшін аса зор маңызы бар. Шытырман оқиғалы туризм секторы үшін мамандарды дайындаудың маңыздылығы мен өзектілігі одан да шиеленісіп тұр. Сонымен қатар бұл сектордың жалпы әлемдік даму тенденцияларына қарамастан, бұл бағыт бойынша Қазақстан Республикасында оқу құралдарының жетіспейтіндігін айтып өткен жөн.

Туризм мен демалыстың белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы саласындағы мамандарды сапалы дайындау аясында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, оқу құралдарын жазып шығару қажеттілігін ерекше атап өту керек.

1 Тарау. Туризмдегі негізгі түсініктер, туризмнің типтері, түрлері және формалары

1. 1 Туризмдегі негізгі түсініктер

«Туризм» сөзі «тур» деген түбірлік негізден шығады, бұл серуендеу, саяхаттау дегенді білдіреді. «Туризм» түсінігінің 200-ден артық анықтамасы бар.

Үлкен кеңестік энциклопедияда « туризм » бос уақытта саяхаттау; белсенді демалыстың бір түрі; рекреациялық қызметтің әр түрлі түрлерін- адамның өндіруші күштерін сауықтыруды, тануды, қалпына келтіруді үйлестіретіндіктен, рекреациялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың тиімді құралы; денсаулық сақтаудың, дене шынықтырудың құрамдас бөлігі; тұлғаның рухани, мәдени, моралдық және әлеуметтік даму құралы ретінде анықталады.

«ҚР туристік қызметі туралы» заңға сәйкес туризм - ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың уақытша келген елінде 24 сағаттан артық және 6 айдан кем емес мерзімде төленетін қызметпен айналыспай сауықтыру, кәсіби- іскерлік, спорттық, діни және өзге мақсаттарда тұрғылықты жерінен уақытша кетуі.

Туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи, тарихи, әлеуметтік - мәдени объектілер, сондай-ақ туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға, олардың физикалық күштерін қалпына келтіру мен дамытуға жәрдем жасауға қабілетті объектілер.

Тарихи тұрғыдан туризм тәрбиеде, танымда, қарым-қатынаста, демалуда адамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын объективті әлеуметтік құбылыс ретінде дамыды.

Сондықтан туризмді туристік - сауықтыру, спорттық, мәдени- танымдық, аймақтану-зерттеушілік, кәсіби- іскерлік мақсаттарға қол жеткізуде туризмнің құралдарын қолданумен физикалық және адамгершілік тәрбиелеуде, қоршаған ортаны танытуда, қарым-қатынаста, демалыста адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыстан бос уақытта саяхаттау жағдайларындағы қызметтің ерекше түрі ретінде анықтаған жөн.

Туризм мен демалыс. Туризмнің қоғамдық құбылыс ретіндегі басты әлеуметтік функциясы - азаматтарды рухани тәрбиелеуге жәрдемдесу. Жорықтар мен саяхаттардың тәрбиелік, спорттық және рекреациялық мүмкіншіліктері.

Рекреациялық туризмнің мақсаттық функциясы - туризмнің құралдарымен адамның физикалық және психикалық күштерін қалпына келтіру. Бұл белсенді демалыс пен сауықтыру туризмі, сондықтан оны жиі сауықтырушы деп атайды.

Спорттық- сауықтыру туризмнің мақсаттық функциясы - табиғи кедергілерді жеңудегі спорттық жетілу. Бұл өтілген жер бойынша адамның қауіпсіз жылжуы үшін қажетті білімдердің, дағдылар мен ептіліктердің бүкіл кешенін жетілдіруді білдіреді.

Ұйымдастырылмаған туризм саяхаттың бастаушысы мен ұйымдастырушысы туристердің өзі болған кезде, кей жағдайларда тағы өз күшімен ұйымдастырылған деп атайды.

Айықтыру туризмінің белгілі бір ауруларды туризмнің құралдарымен емдеу мақсаттық функциясы бар. Бұнымен қоса туристердің келген жерлерінің әр түрлі климаттық жағдайлары, емдеу көздері, серуендеу кезінде мөлшерленген жүктемелер және т. б. қолданылады.

Кәсіби- қолданбалы туризмнің кәсіби білімдерді, дағдыларды, ептіліктерді туризмнің құралдарымен жетілдіру мақсаттық функциясы бар.

1. 2 Туризмнің типтері, түрлері және формалары

Мақсаттық функциялары, дәлелдері мен туризммен айналысу нәтижелері бойынша келесілер бөлінеді:

  • спорттық;
  • рекреациялық;
  • айықтыру;
  • кәсіби- қолданбалы;
  • үйрену;
  • мәдени- танымдық;
  • мәдени- көңіл көтеру;
  • экскурсиялық;
  • өлкетану;
  • шытырман оқиғалы;
  • экспедициялық;
  • іскерлік;
  • коммерциялық;
  • комбинирленген;
  • бағдарламалық.

Туризмнің түрлері

- жаяу жүру (жазық жер бойынша көбінесе жаяу саяхаттау) ;

- шаңғы (бұл жағдайда жылжу құралы шаңғы болып табылады көбінесе қысқы кезеңде)

- таудағы (саяхаттар таулы жерде, арнайы техникалық құралдарды қолданумен жүзеге асырылады) ;

- судағы (жүзу- құралдары арқылы саяхаттар) ;

- велосипедтік (велосипедті қолданумен саяхаттар) ;

- авто- мото (жылжудың моторланған құралдарын қолдану) ;

- спелео (жердің, тау үңгірінің табиғи қуыстарында саяхаттар) ;

- желкендік (жүзу құралдарының бұл жағдайда желкендік жабдықтары бар) ;

- атты (жылжу құралы ретінде аттар қолданылады көбінесе демалу үшін) ;

Комбинирленген (әр түрлі жылжу құралдарын қолданумен, және бағдары туризмнің алуан түрлерінен тұрғанда) .

Туризмнің формалары

Ерекше белгілеріне тән туризмнің формаларын құрайды. Мұндай белгілерге жатады:

Қол жетімділік деңгейі және әлеуметтік маңызы:

  • әлеуметтік;
  • таңдаулы.

Туризммен айналысу жері

  • халықаралық;
  • ішкі.

Туризмнің ұйымдастырушылық негіздері

  • ұйымдастырылған;
  • ұйымдастырылмаған;
  • жоспарлық;
  • ұйымдастыру.

2 ТАРАУ. Туризмнің белсенді түрлерінің мәні және даму мәселесі

2. 1 Белсенді туризмді жіктеу

Туризм адамға рухани және физикалық күштерін дамытуға, мінез-құлықты қалыптастыруға, өмірлік маңызды дағдыларды және ептіліктерді игеруге көмектесетін, жан- жақты тәрбие құралы ретінде қолданылады.

Қызмет бағыттылығы мен сипаты бойынша туризмде серуендерді, экскурсияларды, жорықтарды, экспедицияларды ажыратады. Олар өз бетінше өткізілуі, сондай-ақ туристік жорықтың құрамдас бөлігі болуы мүмкін.

Серуендер - ағзаның сауықтыру, шынықтыру мақсатымен кең көпшілік үшін қол жетімді, қысқа уақыттық туризм формасы (жаяу шаңғымен, велосипедпен, қайықпен жылжу) .

Экскурсиялар - жалпы мәдени даму үшін, ғылыми немесе үйрену мақсатымен, қандай да бір объектіге ұжыммен бару.

Жорықтар - физикалық жетілу, аймақтану, қоғамға пайдалы қызмет мақсатымен жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен және т. б. ұйымдастырылған топтық жылжу.

Тәжірибеде туристік жорықтың көптеген түрлері қалыптасты. Олардың ішінен физикалық тәрбиелеу тұрғысынан негізгілері деп дайындау, жеке туристік және көпшілік- үгіттеу жорықтарын санау керек.

Дайындау жорықтары ең біріншіден жорықтық қозғалысқа және алдағы жеке туристік жорықтардағы үлкен және ұзақ қиындықтарға ағзаны біртіндеп дайындауға үйрету. Дайындау жорықтарына серуендеу мен экскурсиялардың элементтерін қосқан пайдалы. Дайындау жорықтарының негізгі мазмұны туристік керек-жарақпен, жорықтық өмірдің режимімен үйрену; жылжу техникасын жетілдіру; жолды барлаумен, түнейтін жер құрылғысын таңдаумен және дайындаумен, далада от жағумен байланысты арнайы әрекеттерге үйрету; шыдамдылықты, күшті, жылдамдықты және қиын және ұзақ уақыт бойғы жорықтарға қатысу үшін қажетті басқа сапаларды тәрбиелеу болып табылады.

Шынындағы туристік жорықтар туризмнің ең әдеттегі түрі болып табылады. Олар едәуір ұзақтылығымен (бірнеше күннен бір-екі айға дейін), қозғалыс тәсілдері мен жол бағдарларының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оларды арнайы туристік мекемелерде тіркеу қажет, қиын жорықтарды өткізуге арнайы рұқсат болуы керек. Бұл жорықтарды сол топтың құрамынан едәуір білікті және тәжірибелі турист, нұсқаушы- басшы басқарады.

Спорттық жорықтар нақты түрде спорт саласына жатады: олар үшін жол бағдарларының белгілі бір қиындығы, жолың ұзақтылығы, табиғи кедергілердің қиындығы, адам тұрмайтын жерде болу жағдайлары, әр түрлі қиындықтағы есепке алынатын жорықтардың саны бекітілген. Спорттық жорықтар нақты физикалық тәрбиелеу мақсатында едәуір мамандандырылған болып табылады.

Экспедициялар - қандай да бір объектілерді (географиялық, геологиялық, өлкетану, тарихи және т. б. ) зерттеу мақсатымен іздеу сипатындағы туристік саяхаттар. Экспедицияларда қозғалу құралдары белсенді (жаяу, шаңғымен және т. б. ) және баяу (көлікпен және т. б. ) болуы мүмкін. Экспедицияларда физикалық тәрбиелеу құралдары ретінде тек белсенді қозғалыс әрекеттері арқылы жасалатын туристік шаралар ғана қарастырылады.

Территориялық белгісі бойынша жорықтар жергілікті және алыс болып, ал ұйымдастыру сипаты бойынша - жоспарлық және өз күшімен әрекет ететіндер болып бөлінеді. Жолдамалар бойынша саяхаттар анықталған, алдын ала дайындалған, сипатталған, ал кейде белгі қойылған жол бағдарлары бойынша жүргізіледі. Туристер жолда түнейтін жермен, тамақпен, жергілікті көлікпен, экскурсия жүргізушілер мен жол көрсеткіштердің қызметімен қамтамасыз етіледі.

Өз күшімен әрекет ететін саяхаттарды туристер клубтары, туристік лагерьлер және базалар, балалар экскурсиялық- туристік станциялар, мектептер ұйымдастырады, бұл жерде туристер жол бағдарды өздері таңдайды және, жолда өз өздеріне қызмет етеді. Бұл саяхаттар ақылы саяхаттардан арзанырақ және топтың иелігіндегідей уақытты алады. Туристер барлық қатысушыларға қол жетімді және қызықты, жасқа, физикалық дайындығына және талғамдарына сәйкес келетін тәсілдерді пайдаланады. Мұндай саяхаттар кеңестік дене шынықтыру қозғалысының тапсырмаларына едәуір толық жауап береді.

Қозғалу тәсілдері бойынша саяхаттар жаяу жүргіншілік, таулы, сулы, шаңғы, велосипедтік, комбинирленген, автомобильдік және мотоциклеттік болып бөлінеді.

Ұлғаймалы қиындығы бойынша өз күшімен әрекет ететін саяхаттар демалыс күндік жорықтарға және 1, 2, 4 және 5 санатты қиындықтағы көпкүндік саяхаттарға бөлінеді. Жорықтардың күрделілігі кедергілердің ұзақ созылғандығымен, санымен және сипатымен, сондай-ақ туризмнің бұл түріне тән өзге факторлармен анықталады. Қарапайым жорықтан күрделіге көшу жорық қатысушылары мен басшысы біртіндеп жүйелі тәжірибе жинақтаған кезде ғана мүмкін.

2. 2 Туризмнің тәрбиелік, білімдік және сауықтыру мәні

Тәрбие - бұл адамдардың ақыл-ой және физикалық қабілеттерін дамыту, біліммен, дағдылармен және ептілікпен қаруландыру, коммунистік дүниеге көзқарасты және тұлғаның белгілерін қалыптастыру мақсатымен олардың алуан түрлі қызметін ұйымдастыру процесінде адамдарға жоспарлы мақсатқа сай әсер ету.

Туризм, ең алдымен, физикалық тәрбиелеу мен сауықтырудың құралы бола отырып, онда тәрбиелеу тапсырмаларының тұтас кешенін шешу мүмкіндіктері бар. Бұл тұлғаның үйлесімді даму құралдарының бірі.

Туризм ақыл-ой дамуына тікелей жәрдемдеседі, өйткені география, биология, тарих, геология, экономика саласындағы жаңа білімдермен байытады.

Революциялық, әскери және еңбектік атақ жерлеріндегі жорықтарды идеялық- саяси және адамгершілік тәрбиенің бірлігі айқын көрінеді. Бұл жерде адалдық, ұйымдастырушылық, батылдық, жауапкершілік, өзара көмектесу және серіктес болу секілді маңызды моралдық- еріктік сапалар шынығып, шыңдалады.

Туристік қызмет процесінде еңбек дағдылары қалыптасады. Туристерге бүкіл жорық бойы жүк тасуға, жолда кедергілерден өтуге, өткелдерді бағыттауға, түнейтін және аялдайтын жерлерді жабдықтауға, от жағу үшін отын дайындауға, тамақ пісіруге, лагерьді жинауға, киімі мен аяқ киімін қалпында ұстауға тура келеді. Бұның бәрі еңбекті тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Туристік жол бағдарларының көбісі бай алуан түрлі өсімдігі бар керемет ландшафтымен тауларда, орманды жерде өтеді. Ауысып тұратын пейзаждар аса жоғары эмоционалдық күй тудырады.

Денсаулықты күшейту, ағзаны шынықтыру үшін белсенді демалыс түрі ретінде туризмнің маңызы зор. Ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктері адамды өндіріс пен тұрмыста физикалық күштерден көптеп құтқарады, нәтижесінде адамдардың қозғалу белсенділігі күрт қысқарады.

Қозғалыс қызметі көлемінің қысқаруымен (гиподинамия) жүрек пен қай айналым аппаратының жұмысында теріс өзгерістер пайда болады. Зерттеулер негізінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: физикалық белсенділік жүрек-тамыр жүйесінің негізгі ауруларының алдын алып, қорғаушы мәні бар. Олардың алдын алу және күресу үшін, ең алдымен, өзіңнің қозғалыс режиміңді дұрыс ұйымдастыру керек.

Қозғалыстың жетіспеушілігін физикалық жаттығулардың есебінен жасанды түрде өтеу қажет болады. Барлық жасқа арналған азды- көпті қол жетімді жаттығулар - гигиеналық жаттығу, серуендеу, экскурсиялар, жорықтар. Міне неліктен көптеген адамдар өзінің демалысын әр түрлі бағдардағы белсенді саяхаттарда өткізгісі келеді. Бетон құрылыстарының арасында қалалардағы өмір ең болмағанда табиғатпен араласуды қажет етеді.

3 Тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері

3. 1 Экстремалды туризмнің судағы түрлері

Дайвинг жоғарыда жазып өткендей, бүкіл әлемде өте танымал. Алайда бұл рахаттылық арзан тұрмайды. Жалпы дайындық пен жабдық заттар жаңа спортшыға 1000$ дейін келеді, есесіне кейін ол тек билеттер мен қонақ үйге ғана шығынданатын болады. Егер жабдық затты сатып алмаса, онда бірінші турға дайындалу құны 250$ дейін төмендейді. Бірақ рас, костюмді, аквалангті жалға алу үшін 30-40$ төлеу керек болады. Ал шын мәнінде жақсы жабдық зат толық жинақ үшін 1500$ тұрады.

Дайвинг бізде өте баяу дамыған және біздің өлшеулерімізше өте қиын тұрады.

Вейкбординг су шаңғыларының, сноуборд, скейт пен серфинг жинағы, ұсынады. Катер қысқа, кең тақтада тұрған рейдерді тартады. Бортында қосымша балластымен 30-40 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, катер өзінің артынан толқынды қалдырады, оны рейдер трамплин ретінде қолданылады. Секірісте көптеген әр түрлі айлалы іс- әрекеттерді қолдануға болады.

Әсіресе вейкбординг 90-шы жылдардың басында динамикалық дами бастады. Ол кезінде сноубордтың тау шаңғыларында секілді су спортында революция жасады. Кішігірім энтузиастар тобының ермегінен ол өзінің философиясымен және мәдениетімен танымал спортқа айналды. Айлалы әрекеттердің көбісі вейкбордингқа спорттың туысқан «тақталық» түрлерінен- сноубордингтан, скейтбордингтан келді.

Су шаңғысы - белсенді демалыстың ең белгілі түрлерінің бірі. Бұл жазғы уақытта таудағы және жүгіретін қысқы шаңғыға лайықты ауыстыру.

Су шаңғысы алғаш рет 1922 жылы, Миннесот штатының тұрғыны, американдық Ральф Самуэльсон әдеттегі қысқы шаңғыларға тәжірибе жасай отырып, оларды суда байқап көргісі келген кезде пайда болды. Екі кең қарағай тақтаны ол аяққа арналған тіреу қылып жасады. Осыдан кейін ойлап тапқыш Лэйк Ситидің өзендерінде суда шаңғыны ойдағыдай сынап көрді. Су шаңғыларымен айналысу үшін төрт зат қажет: су шаңғысы, құтқарушы көкірекше, перчатка және гидрокостюм.

Виндсерфинг - бұл төмен жазығында жүзгіш- тұрақтандырғыштарымен және тақтаға бекітілетін кішігірім желкенімен, бекіктілік үшін кедір- бұдырлы бетімен пластиктен жасалған сопақ тақта. Серфинг -бұл дәл сондай, тек желкенсіз. Виндсерфинг сол серфингтен шыққан. Жақсы жел болған кезде жылдамдықты 10-12м/с дейін апаруға болады. Бүгінгі таңға рекорд 70 км/сағ артық.

Каякинг - шетелде өте танымал, ТМД елдерінде кеңінен танылып келеді. Қазіргі заманға сай каякингте үш негізгі бағыт бар - еспелі слалом, родео және ағу.

Слаломдық каякинг - бұл қайық пен суды сезініп, каякта әрекет жасай білу.

Родео, слаломға қарағанда, тек виртуозды техника емес, сонымен қатар ойын элементі. Каяктағы фристайл - бұл өзен бедерінің ерекшеліктері есебінен қайықта әр түрлі трюктар жасау.

Және, соңында, ағу. Каякта өзенмен жорыққа аттануға немесе тау өзенінің кішігірім бөлігінде бочкалар, күшті толқын және сарқырама түріндегі жекелеген кедергілерді таңдап, ойын ағуларын өткізуге болады. Әрине, ағулар кезінде өзіңді сенімді сезіну үшін, слалом мен родеоның бастапқы техникасын игеруің керек.

Жабдықтау. Каякты жабдықтау құрамына кіреді: қайық, шлем, құтқарушы көкірекше, юбка, резеңкеленген тәбішке мен ескек.

Рафтинг - бұл каноэда немесе арнайы салдарда тау өзенімен еліктіргіш түсу. Рафтинг - бұл тіпті ең жас туристер үшін мүлдем қауіпсіз, ең жиі баратын турлардың бірі. Соңғы жылдары ол экстремалды демалыстың құмар сүйгіштерінің тарапынан үлкен қызығушылық тудырады.

Рафт -турлар көбінесе келесідей болады: ауданға бір немесе жарты күнге жол жүрулер және көпкүндік саяхаттар.

3. 2 Экстремалды туризмнің жер бетіндегі түрлері

Маунтинбайкинг өзінің қымбаттылығына қарамастан, барған сайын танымал болып келеді. Маунтинбайкингпен шындап айналысу үшін біраз ақша жұмсау керек болады. Жаңа спортшы үшін велосипед 300-ден 500 долларға дейін тұрады, ал артық амортизаторымен 10 000$ дейін тұратын тау велосипедтері бар. Сосын әрине амуниция мен әр түрлі бөлшектерге шығындану керек, бұл 800 доллардан артық тұрады.

Бұл демалыстың қымбат түрі болса да, әлемде әрбір демалыста әлем кубогы мен чемпионаттардан бастап фестивальдарға дейін- тау велосипеді бойынша ондаған халықаралық жарыстар өтіп жатады. Осының ішінде түкпір- түкпірден келген кәсіпқой емес маунтингбайкерлер үшін жасалатын старттар бар.

Спелеология . Егер спелеологтар- бұл бос уақытында үлкен арқа қоржындарымен тауға кететін адамдар деп ойлайтын болсақ, онда бұл туризм. Сонымен бірге спелеология- бұл ғылым. Сөзбе- сөз айтсақ «үңгірлер жөніндегі ғылым». Бастысы, үңгірлер- бұл әлем картасындағы соңғы ақ дақтар, адам аяғы баспаған ғана емес, сонымен қатар оның немесе фотокамералардың көзқарасы түспеген жерлерден өтудің соңғы мүмкіндігі.

Әрине, маңызды, ғылыми спелеологяимен бәрі айналыспайды. Жаңа келгендер оқу- жаттығу экспедицияларына қатысады. Тек көңіл көтеретін немесе «спорттық» сапарларға ғана баратын «командалар» бар.

Спелеологиямен айналысу үшін, күрделі дайындық болуы керек, және де тек физикалық қана емес, сонымен қатар техникалық, сондай-ақ психологиялық дайындық болуы керек.

Үңгірлер әр түрлі болады: кішкентай, құрғақ, оларға жаңа келгендер де бара алады; түбі терең шұңқырлар, салқын су арқылы жету керек болатын қиын үңгірлер.

Спелестология - бұл табиғи шығу қуыстарын зерттейтін туризм мен ғылымның қызықты қоспасы. Кең мағынасында спелестология- бұл жер асты құрылыстары жөніндегі ғылым. Спелестология спелеологиямен тығыз байланысты, тек спелестологтарды үңгірлер қызықтырмайды. Оларға қалғандары жете алмайтын немесе оларға қызықты емес, жер астындағы қандай да бір қалалық құрылымдарға ену қызық.

Қандай да бір жер асты спелестологтарды қызықтыру үшін, ол қазіргі таңда пайдаланылмайтын болуы және белгілі бір тарихи қызығушылық ұсынуы керек. Мұндайларға қаусыз қалған тастар, шахталар, сарқырамалар, құдықтар, жер астындағы жүретін жерлер, жер асты шіркеулері және т. б.

Х- жарыстар - бұл бір адамдар жартастарға шығып, атпен шауып, каякта немесе салда ағып, тауда велосипедпен зымырап, сарқыраманың астында жіппен түсе алатындай, жақсы әмбебап дайындалған кезде болады. Бұл адамдар командаларға бірігіп, жарыстарға қатысады, олардың мақсаты - өз ептіліктерін пайдаланып, 3-4 жүздеген километр дистанциядан барынша тез өту. Бұл «мультиспорт» немесе «экстремалды» деп аталады. Мысалы, «Құрама Корольдік және Ирландияның Экстремалды Жарыстар Ассоциациясы» ұйымдастырған Ұлыбританиядағы аса ірі жарыстар.

3. 3 Экстремалды туризмнің таудағы түрлері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық туризмді жоспарлау және ұйымдастыру
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Туризмология пәнінен дәрістер
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі
Рекреациялық жүйе
Туристік кластердің дамуын қолдау
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz