ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
1.1 Қазақстанда туристік саланы дамытудың теориялық негіздері
1.2 Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйі
1.3 Туризм саласын дамыту аясындағы мемлекеттік қолдаудың озық әлемдік тәжірибесі

2 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ЖОБА - EXPO КӨРМЕСІ
2.1 EXPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы
2.2 EXPO-2017 көрмесіне арналған туристік бағдарлама және оның болжамы
2.3 EXPO көрмесінің туризмнің дамуына әсері

3 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІНІҢ МӘНІ
3.1 Астананың EXPO-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы - Қазақстанның жетістіктерінің танылуы
3.2 EXPO-2017 көрмесіне арналған туристік бағдарлама және оның болжамы
3.3 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудан күтілетін нәтижелер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

1 EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
1.2 EXPO көрмесінің маңызы мен мақсаты
1.3 EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тұжырымдама халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы туристік саласының қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жасау негізінде әзірленді және туризмді дамытудың стратегиялық пайымын, республиканың туристік саласын 2020 жылға дейінгі дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды.
2020 жылға дейін инвестицияларға қажеттілік шамамен 9 785, 3 млн. АҚШ долларын, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 4 367,7 АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін нақты қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жән
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2015 - 2020 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу сатысында мемлекеттік бюджет мүмкіндіктеріне қарай айқындалады. Тиісінше нысаналы индикаторлар түзетілетін болады.
Жүргізілген талдау нәтижесінде туристік нарықты дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері, туризм түрлері, туристерді қабылдауға әзірлік және туристік тартымдылық деңгейі бойынша бөле отырып, негізгі туристік кластерлер, өнімдер мен объектілер айқындалды.
Тұжырымдама инфрақұрылым құру және жетілдіру, туристік бағыт ретінде оның тартымдылығын жоғарылату үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру үшін оның имиджін қалыптастыру жолымен туризм индустриясын тұрақты дамытуға бағытталған.
Тұжырымдама шеңберінде әзірленген Қазақстан Республикасының туризмін, Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағын, Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймағын, Кендірлі демалыс аймағын дамытудың жүйелі жоспарларына, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер - жоспарына сәйкес ұлттық деңгейде іске асыруға ұсынылатын ірі жобалар тізбесі қалыптасты.
Сондай-ақ, халықаралық тәжірибе мен сала қажеттіліктері негізінде мемлекеттік реттеу мен ұлттық туристік өнімді ілгерілетудің тұжырымдамалық үлгісі айқындалды.
Сырттан келушілер туризмін дамыту үшін елдің тартымдылық деңгейін арттыру, инвесторларды тарту және туризм саласындағы ұлттық статистика жүйесін жақсарту, сондай-ақ, республиканың туристік өңірлеріндегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шаралар әзірленді.
Тұжырымдама қазақстандық сарапшылар қоғамдастығына жан-жақты пысықтаудан және талқылаудан өтті. Бұл құжат Horwath HTL, Ecosign Mountain Resort Planners Ltd, THR, IPK Internationalірі халықаралық консалгтингтік компанияларының ұсыныстарын және 2012 жылы жүргізілген Қазақстандағы туристік әлеуетті зерттеулер нәтижелерін қамтиды.

1 ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
1.1 Қазақстандағы туризм индустриясының ағымдағы жай-күйін талдау

Туристік ұсыныс. Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйым деректері бойынша туризм тауар мен қызмет көрсетулердің (7,4 %) әлемдік экспортында тек автокөлік, химия және отын өнімдерінінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленді.
Қазақстан бай туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Туризм үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3 %-ды ғана құрайды. 2011 жылы туристік қызметтен кіріс көлемі 145,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 2 есе артық (77,6 млрд. теңге). Республика бюджетіне төленген салық 20,6 млрд. теңгені құрады, саладағы туристік қызметпен шұғылданатындар саны 158700 адамды құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 11,5 % (82,3 млрд. теңге) артық. Туристік ұйымдар мен орналастыру орындарында жұмыс істейтіндер саны 26 940 адамды құрады.
2011 жылы елде 1715 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 630,6 мың адамға қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,6 %-ға артық (2010 жылға 486,5 мың адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2 %, кіру туризмі - 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі - 62,1 % құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2010 жылғы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны байқалады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте елде 1 950 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 494,1 мың адамға қызмет көрсетті, бұл 2011 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 10,6 % (446,5 мың адам) артық.
Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм 18,6 %-ды, кіру туризмі - 31,4 %-ды, шығу туризмі - 50 %-ды құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмнің 43,7 %-дан 50 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 28 %-дан 18,6 %-ға азаюы байқалады.
Қазақстанға келетін туристік ағындарды талдау республиканың шетел туристері үшін тиісті деңгейде тартымды емес екенін көрсетеді, осыған байланысты елімізге келетін туристер саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалып отыр.
Қазақстанның туристік өнімінің бірегейлігіне қарамастан, бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз және шетелдік аналогтарға қарағанда, қызмет көрсетудің қолжетімділігі, туристік қызметтердің деңгейі мен бағасы жағынан ұтылып отыр.
2011 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 1642 орналастыру орындарында 81015 төсек-орын болды, бұл 2010 жылға қарағанда 6,5 % төсек-орынға артық. Төсек орындарды жалпы орналастыру орындарының санының 63,5 %-ын қонақ үйлер құрады, олардың 27,0 %-ы - санаты бар қонақ үйлер және 36,5 % - санаты жоқ қонақ үйлер. Орналасу орындарының 40,5 % негізгі бөлігі Алматы - 17,1 %, Астана - 9,6 % қалаларында шоғырланған, сондай-ақ оларға жақын Алматы және Ақмола облыстары тиісінше 6,6 % және 7,2 %. Шығыс Қазақстан облысында 19,7 %, Қарағандыда - 11,7 %, Павлодарда - 6,2 % және республиканың басқа да облыстарында 21,9 % орналасу орындары шоғырланған.
Сыйымдылығы 29584 төсек-орын болатын 873 қонақ үйлер төсек-орындарының 57,5 %-ын құрайтыны және санаты жоқ екенін атап өткен жөн. Санаты бар, сыйымдылығы 213 қонақ үйде төсек-орындардың жалпы санынан 42,5 %-ын құрайтын 21 882 төсек-орын, олардың көпшілігі төсек-орындар 4* санатты - 35,6 %, 3* - 29,3 %, және 5* - 19,5 % қонақ үйде шоғырланған, қонақ үй төсек - орындарының 15,6 %-ы 2* және 1* санатты қонақ үйлерге тиесілі.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда сыйымдылығы 82 435 төсек-орын болатын 1 484 төсек-орындық орналастыру орны жұмыс істеді, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,4 % төсек-орынға артық. Төсек-орындардың жалпы санының 61,1 %-ын, 27,0 %-ы санаты бар қонақ үйлер және 34,1 %-ы санаты жоқ қонақ үйлер, ал 38,9 %-ын басқа да орналастыру орындары құрады.
Төмендегіні ескерсек, 2011 жылы Қазақстан Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің орташа коэффициенті 24,0 %-ды құрады (2010 жылмен салыстырғанда 20,3 %):
қонақ үйлерде көрсеткіш 30,5 %-ды құрады. (39,0 %-ы - санатты қонақ үйлерде және 24,3 %-ы санаты жоқ қонақ үйде), бұл ретте толымдылықтың ең жоғарғы деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (49,5 %), ең төменгі деңгей 1* қонақ үйлерде - 21,9 % тіркелген басқа орналасу орындарында бұл көрсеткіш 12,5 %-ды құрады.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте сыйымдылығы 28 140 төсек-орын болатын 838 қонақ үй қонақ үйлердегі жалпы төсек-орындар санының 34,1 %-ын құрады және олардың санаттары жоқ. Санаты бар, сыйымдылығы 22 199 төсек-орындық, қонақ үйдегі төсек-орындардың жалпы санының 27 %-ын құрайтын 214 қонақ үй бар, олардың көпшілігі 4 * санатты қонақ үйлерге - 32,5 %, 3 * санатты - 31,3 %, және 5 * санатты қонақ үйлерге - 19,2 % шоғырландырылған. 2* және 1* санатты қонақ үйлерге қонақ үйдегі жалпы төсек-орындар санының 17 %-ы тиесілі.
Нөмірлік қор жүктемесінің жоғарғы коэффициенті Маңғыстау - 88,4 % және Атырау облыстарында - 47,8 %-ды құрайды. Ең төменгі коэффициент Солтүстік Қазақстан - 11,6 %-ды және Алматы облыстарында - 8,4 %-ды құрайды. Астана және Алматы қалаларында тіркелген нөмірлік қор жүктемесінің орташа деңгейі тиісінше 31,1 %-ды және 26,8 %-ды құрайды.
2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің коэффициенті 26,1 %-ды құрады (2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 22,0 %-бен салыстырғанда), оның ішінде:
қонақ үйлердегі көрсеткіш 36,6 % (38,1 %-ы санаты бар қонақ үйлерде, және 29,0 %-ы санатсыз қонақ үйлерде), бұл ретте толымдылықтың ең жоғары деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (48,1 %), ең төменгі деңгей 1* санатты қонақ үйлерде (29,2 %) тіркелді;
басқа орналасу орындарында бұл көрсеткіш 14,0 %-ды құрады
Астана және Алматы қалалары ең маңызды туристік орталықтар болып табылады, онда халықаралық стандарттарға сай келетін орналастыру орындарының неғұрлым көпшілігі шоғырланған. Аталған қалалардан тысқары орналасқан орналастыру орындары халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келмейді және негізінен қазақстандық туристерге бағытталған. Ірі қалаларда 3* және 4* санаттағы қонақ үйлер тапшы.
Қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екені байқалады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.
Қонақ үйлер қызметтерінің деңгейі жоғары орналасу орындарында тұру бағасы өзге елдердегі жетекші туристік дестинацияларға ұқсас қонақ үйлердегілерге қарағанда, айтарлықтай жоғары. Астана және Алматы қалаларында 5* санатты халықаралық бренд қонақ үйлерінде нөмірдің құны Еуропаға қарағанда 2-3 есе жоғары. Басқа орналасу орындарындағы қызмет бағалары - пансионатта, туристік базаларда, кемпингте, келушілерге арналған жатақханаларда және басқаларында айтарлықтай төмен.
Жоғарылатылған бағалар орналастыру орындарының төмен толтырылуына, бәсекелес ортаның жетіспеушілігіне және бизнес-туристерден күшті тәуелділікке байланысты. Ұсынылатын қонақ үйлер қызметтерін қоса алғанда, туристік қызметтер шектеулі сервиспен ұсынылады және әлсіз реттелген.
Тұру және әуе билеттеріне жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.
Орналастыру орындарының, оның ішінде қонақ үйлердің, пансионаттардың, үйлердің және демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай-курорттық мекемелердің материалдық базасы физикалық тозуының жоғары деңгейімен сипатталады. Бүгінгі күні көптеген қонақ үйлерде санаттың болмауына байланысты туристер үшін тұратын орындарында ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.
Туристік ұсыныстардың жалпы деңгейі төмен күйінде қалып отыр, бұл туристік өнімдер дамуының жеткіліксіз деңгейіне және туристерге арналған мамандандырылған қызметтердің және жайлы жағдайлардың жетіспеуіне байланысты. Бұл визит-орталықтарының болуына, туристік дестинациялардағы белгілер мен көрсеткіштерді орнатуға және т.б. қатысты.
Қазақстандағы ішкі және сырттан келуші туризміне сұраныстың артуы 2000 жылдан бастап 2007 жылға дейінгі кезеңде қарқынды түрде өсті, кейіннен экономикалық дағдарысқа байланысты 2008 және 2009 жылдары төмендеуі байқалды. Экономиканың қайта қалпына келуімен туризмге сұраныстың 2010 жылы жаңғыртылды және 2011 жылы туристік келудің саны 11,7 %-ға артып рекордтық деңгейге жетті, түнеу саны 2010 жылға қарағанда 25,9 %-ға артты:
2000 жылғы 43 298 келушіден 2011 жылы 2 845 832 келушіге дейін өсті, жылдық өсу қарқыны 17 %;
2000 жылғы 1 250649 түнеулер санынан 2011 жылы 7 085 020-ға дейін көтерілді, жылдық өсу қарқыны 25,9 %
Ішкі туризм нарығында бүгінде қалыптасқан жағдайды төмендегі факторлар сипаттайды: Қазақстанда туристік қызмет көрсетулерге арналған сұраныс азаматтардың материалдық мүмкіндіктерімен шектеледі, жайлылықтың жеткілікті деңгейін қамтитын демалыс базалары санының аздығы. Ішкі нарық туроператорлары мен еліміздің шипажай-курорттық кешені кәсіпорындарының қарым-қатынасында мүдделердің келіспеушілігі қазақстандық азаматтар қажеттіліктерін қанағаттандырмауға әкеп соқтырады.
2011 жылы туристік келу құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталды:
орналасу объектілерінің типтері бойынша:
келушілердің 88,1 %-ы қонақ үйлерге, (келушілердің 45,8 %-ы санатты қонақ үйлерге және 42,3 %-ы санатсыз қонақ үйлерге) және келушілердің 11,9 %-ы басқа жерлерге орналасқан;
өңірлер бойынша: тіркелген келушілердің 46,1 %-ы, оның ішінде Астана 18,0 % және Алматы қалаларында 17,6 %, сондай-ақ 5,7 % Ақмола, 4,8 % Алматы облыстарында тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында - 12,5 %, Қарағанды - 7,8 %, Атырау - 7,5 %, Маңғыстау - 5,2 % және басқа да облыстарда 20,9 % келуші тіркелген;
шыққан елдер бойынша:
79,5 %-ы қазақстандық келушілер, 4,8 %-ы Ресей Федерациясынан келушілер, 2,4 %-ы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінен келушілер, 1,6 %-ы Америка Құрама Штаттарынан келушілер, 1,4 %-ы Түркия Республикасынан келушілер, 1,3 %-ы Италия Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Қытай Халық Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Германия Федеративтік Республикасынан келушілер, 0,8 %-ы Нидерланд Корольдігінен келушілер және басқа елдерден келушілер саны 6,4 %;
сапарға шығу мақсаттары бойынша:
іскерлік және кәсіптік - 69,6 %, демалыс, бос уақыт және рекреация - 25,0 %, достары мен туыстарына бару - 3,0 %, басқа мақсаттарда - 2,4 %. Қазақстандық келушілердің (30,7 %) демалыс және рекреация мақсатында саяхатқа шыққанын, ал бұл уақытта шетелдік келушілер республикаға тек іскерлік және кәсіптік мақсаттарда (93,2 %) келгенін атап өту қажет.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақстандағы туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ, шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік іссапарларына сүйенеді.
2011 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 5 685 132-ні құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 20,6 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (34,0 %), Қырғыз Республикасынан (27,1 %) және Ресей Федерациясынан (23,7 %) келген. Олардың келуінің негізгі себебі жеке (76,9 %) және транзиттік сапарлар (17,0 %), ал іскерлік туризм мен бос уақыт және рекреакция мақсатында 6,1 %-ы ғана келген. Республикаға шет елден келушілердің көпшілігі отбасыларында немесе достарында тоқтайды, бір күнге де келіп кетеді (бір күндік келушілер). Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасынан келетіндердің көпшілігі еңбек мигранттары болып табылады.
Сыртқа шығушылар туризмі бойынша келушілер саны 2011 жылы 8 020 400 құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 8,2 %-ға көп. Сыртқа шығушылар туризмінің мұндай көлемі елдің төлем балансында теріс туристік сальдоның қалыптасуына ықпал етеді (422 млн. АҚШ долларынан көп). Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд сияқты елдерге туристік донор болып қалып отыр, бұларда туризм индустриясы қарқынды даму, жаңа жұмыс орындарын құру және төлемдік баланс құрылымы жақсарып, халықтың әл-ауқаты арту үстінде.
Қазақстандық туристердің сыртқа шығушылар туризміне сұранысы Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналастыру объектілерінің бизнес үлесін жоғалтуды білдіреді. Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы қазір шетелде демалып жатқан жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті дамыған туристік индустрияны құру, мемлекет кірісінің тұрақты өсуін және сырттан келушілер және ішкі туризмнің көлемдерін ұлғайту есебінен халықтың да кірісін көбейту тиісті инвестицияларсыз мүмкін емес.
Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар 2010 жылы 143,7 млрд. теңгені, 2011 жылы 178,9 млрд. теңгені құрады. Салалардағы негізгі капиталға инвестициялардың, тауарлар өндіретін және көрсететін қызметтердің өсу үрдісі бар екенін атап өткен жөн.
Туризм дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, Қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы туристік қызметтегі қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көліктік-логистикалық жүйенің қажетті инфрақұрылымын, оның ішінде, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін (автомобильдік, авиациялық, теміржол) қайта жөндеуден өткізуді ескере отырып, кең мүмкіндікті қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты. Туристік кешенді құру еліміздің экономикасының дамуына - бюджетке салықтық түсім есебінен едәуір үлес қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс орындары санының артуы есебінен, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуын және оны тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді.

1.2 Туризм саласын дамыту аясындағы мемлекеттік қолдаудың озық әлемдік тәжірибесін талдау

Туризмді мемлекеттік қолдау - саланы орнықты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Халықаралық тәжірибе туристік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке меншік инвесторларды тарту, туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы экономикалық жағдайларды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты туристік саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алуы мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, әлемдік тәжірибе туризмді белсенді дамытатын елдер өз азаматтарын сапалы туристік қызметпен қамтамасыз ете отырып, бюджет қаражатының едәуір көлемін ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жұмсайтынын айғақтап отыр.
Туризмді экономиканың басым бағыты ретінде қарастыратын елдердің халықаралық тәжірибесін талдау туристік қызметті мемлекеттік қолдаудың бірқатар басым шараларын айқындап берді:
1) кереғар артықшылықтарды қоса атқару үшін елдің басшылығы жағынан жылдар бойы келе жатқан тура саяси ерік және қолдау.
Марокко Корольдігі. 2000 жылдардың басында Марокко королі Мохаммед VI экономиканың стратегиялық секторы ретінде туризм мәртебесін бекітті. Марокко Үкіметі Пайымдау-2010 туризмді дамыту стратегиясын әзірледі. Осы стратегияның маңызды элементі алты жағалаудағы курорттық аймақты нөлден салу бойынша жоспар болып табылады (Азур жоспары). Осы Жоспарды іске асыру үшін 2007 жылы бірнеше мемлекеттік кәсіпорындар базасында SMIT (Марокко туризм инжирингі қоғамы) - туризм инфрақұрылымында инвестициялау бойынша жаңа ұлттық компаниясын құру жөнінде шешім қабылданған болатын. SMIT мынадай міндеттерді іске асырады: жаңа жағалаудағы курорттық аймақты салуға жер учаскелерін бөлу; шебер-жоспарларын және осы аймақтарды салуға арналған ТЭН әзірлеу, жер учаскелерін сату және сатып алу, инфрақұрылымды салу және жеке инвесторларын тарту. Сондай-ақ, Пайымдау-2010 стратегиясын іске асыру кезінде ЕО-пен ашық әуе кеңістігі туралы 2006 жылғы екіжақтық шарт аясында әуе бағыттарын либерализациялау елдің туристік саласын дамыту үшін зор мәнге ие болды.
Әуе бағытын либерализациялау жаңа әуе желілерінің әуе тасымалдаушыларын және еуропалық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларды отырғызу құқығымен; AtlasBlue және Jet4You жаңа ұлттық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларын және жаңа әуе бағыттарын құрудан тұрады. Осы шаралар әуе билеттеріне бағалардың айтарлықтай төмендеуіне және халықаралық жолаушылар (туристер) ағынының жалпы ұлғаюына әкелді.
Малайзия. 90-жылдардан бастап туризм Малайзияны дамытудың бесжылдық экономикалық жоспарларында маңызды орын алып келеді. Осы жоспарлар аясында салық жеңілдіктерін беру (түсімге салықтан босату немесе қонақ үйлерді және басқа туристік объектілерді кеңейту және жетілдіруге арналған кері инвестицияландырудағы жеңілдіктер; импорттық баждардан толық босату) арқылы ауылшаруашылық, экологиялық, круиздік және туризмнің басқа да түрлерін дамыту үшін стратегия қалыптастырылды.
2) мамандандырылған агенттіктерді, қорларды және ұлттық компанияларды құру арқылы ірі курорттық аймақтарды дамытуда мемлекеттің тікелей қаржылық қатысуы.
Мексика Құрама Штаттары. 70-жылдары Үкіметпен туризмді дамытудың ұлттық қоры - INFRATUR құрылған болатын, ол туризм инфрақұрылымын дамыту қоры FONATUR және туризмге кепіл беру және қозғалту қоры FOGATUR қорларын біріктіру базасында құрылды. FONATUR-дың негізгі міндеті Канкун, Инкара, Лос-Кабос, Хаутулько және Лорето сияқты бес ірі жағалау курорттық аймағын нөлден бастап дамыту болып табылды. Аталған курорттарды дамыту мақсатында FONATUR қарыз қаражаттарын және жеке инвесторларды тарту, қала салу және өңірлік жоспарлау мәселелерінде ғана емес, сонымен қатар жер меншігі мен меншік нарығының мәселелерінде де басшылық рөлді өзіне алады. Қазіргі кезде FONATUR алынған нәтижелерін есепке ала отырып өзіне курорттарды дамыту үрдісіндегі жанама рөлді қабылдады және негізгі жігерді мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға бағыттады.
Испания Корольдігі. 60-жылдары ENTURSA мемлекеттік компаниясы құрылған болатын, ол жаппай жағажай демалысына арналған қонақ үйлерді салумен және басқарумен айналысты. Нәтижесінде осы қонақ үйлердің көпшілігі жекешелендірілді.
3) туристік объектілерге инвестициялауды қолдау тетіктері және қаржылық жеңілдіктер.
Түркия Республикасы. 80-жылдарда Туризмді қолдау туралы Заң қабылданды. Аталған заң аясында салықтардың, алымдардың және баждардың белгілі түрлеріне қатысты, сондай-ақ ұзақ мерзімді несиелерге қатысты бірқатар салықтық жеңілдіктер ұсынылды. Бұдан басқа, мемлекеттік жерлер жеке инвесторларға 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді жалға берілді, сонымен қатар, инвесторлар жерді өзінің қарауы бойынша пайдалануға - мемлекеттік органдардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға жер учаскелерін салуға немесе сатуға құқығы болған.
4) индустрияның өсуіне қарай мемлекеттік бастама арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікке жоспарлы шығу.
Египет Араб Республикасы. 70-жылдары еркін экономикалық аймақтарды құру және мемлекеттік компаниялар мен шетелдік инвесторлардың біріккен кәсіпорындарын құруға рұқсат беру туралы Заң қабылданды. Заң аясында шетелдік инвесторлар біріккен кәсіпорындардың кіші серіктесі ретінде инвестицияларды салу құқығын алды; он бес жылға дейін мерзімге салықтар төлеуден босатылды; мемлекет тарапынан жер телімдеріне арналған меншік құқығына қатысты кепілдік алды.
Шетелдік инвесторлар да капиталға қатысты мемлекет кепілдіктерін алды, шетелдік қатысуы бар жергілікті компаниялар секілді алынған кірістерді шетелге шығару құқығына ие болды.
5) туризмнің инженерлік-коммуникациялық, көліктік және жұмсақ инфрақұрылымын құруды тікелей мемлекеттік қаржыландыру (білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету), сондай-ақ туристік индустрияда анағұрлым маңызды жобалар құру.
Біріккен Араб Әмірліктері. 2006 жылы Туризмдегі даму және инвестициялар жөніндегі компания құрылды. Біріккен Араб Әмірліктерінің
Үкіметі гранттар түрінде 3 млрд. жуық АҚШ долларын бөлді, оның негізінде компания шетелде қомақты қарыз қаражатын тартты. Негізгі жоба Саадият жасанды аралын салу болып табылады.
Түркия Республикасы. 70-жылдары Түркия Республикасының Үкіметі туризмді дамыту жобаларының өңірлік жоспарларын әзірлеп, индустрия үшін инфрақұрылымды дамыту жобаларына бастамашылық етті.
Осылайша, халықаралық тәжірибе туризмді дамытуды инфрақұрылымдық қамтамасыз етуде атқарушы биліктің белсенді рөлі сәттіліктің елеулі факторларының бірі болып табылады. Туризмді дамытуды мемлекеттік қолдаудың түрлері сан алуан, алайда, бірқатар белгілері бойынша Қазақстанның қазіргі жағдайына сәйкес келетін кейбір мысалдарды бөлуге болады:
экономикаға тікелей қатысу арқылы елді жаңғыртудағы мемлекеттің белсенді рөлі;
шалғай орналасуынан, инфрақұрылымның жоқ болуынан және туризмнің осы түрі бойынша ішкі нарықтың дамымағандығынан курорттық аймақтардың өздігінен дамуының болмауы. Осындай жағдайлардағы мысалдарда мемлекет нөлден бастап курортты орталықтан дамыту, инфрақұрылым мен туристік объектілерді салу арқылы туризмдегі жаңа ұсыныстарды белсенді жасады. Осы курорттардағы коммерциялық объектілер не мемлекеттік қаражаты есебінен, не жеке меншік инвестицияларды тарту арқылы салынды. Әдетте, мемлекет осы мақсаттар үшін қызметі квази-коммерциялық сипатта болатын ұлттық компанияны құрды. Осы мысалдардың барлығын елде туристік саланы дамыту үшін күшті серпін тұрғысынан, сондай-ақ мемлекеттік инвестицияларды қайтару есебінен сәтті деп атауға болады.

1.3 Нарықтың негізгі ұзақ мерзімді үрдістерін талдау және олардың Қазақстандағы кіру және ішкі туризмді дамытуға әсері

Қазақстандағы кіру және ішкі туризм нарығын дамыту нарықтық үрдістерінің бірқатарына - жалпы туризмдегі, экономикаға, демографияға, экологияға, технологияға, басқа да салаларға байланысты болады.
Туризмнің жалпы негізгі ұзақ мерзімді үрдістері мыналар болып табылады:
Қазақстандағы туризм индустриясын дамыту үшін жалпы жағымды нарықтық негізді қамтамасыз ететін халықаралық туризмнен түсетін кірістер мен халықаралық келушілер санын кейіннен арттыра отырып халықаралық туризмді тұрақты дамыту.
Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамушы сыртқы нарықтарда артып келе жатқан туристік сұраныс. Бұл елдердің географиялық орналасуы аталған нарықтар үшін туристік өнімдерді әзірлеу және оларды Қазақстанға аумақтық жақындығынан салыстырмалы түрде жеңіл іске асыруға мүмкіндігін ұсынады;
Қазақстанға осы нарықтарда өзінің тартымды және бірегей туристік өнімдерін іске асыруға мүмкіндік беретін Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтардағы едәуір жоғары және тұрақты сұраныс;
болашақта Қазақстанның туристік ұсынысына ықтимал дамытуға бәсекелес ретінде Әзірбайжан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Монғолия, Ресей Федерациясы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы сияқты дамушы дестинациялардан артып келе жатқан туристік ұсыныс;
дамыған, сол сияқты, дамушы келе жатқан туристік дестинациялар арасындағы жоғары, дамушы және белсенді бәсекелестік, бұл қазақстандық аналогтардан осы нарықта ұтымды орын тебудің, сонымен бірге оның ажырамас өзгертпелі жағдайларына қалыптасу қабілетін талап етеді.
Негізгі ұзақ мерзімді экономикалық үрдістер:
қолайлы экономикалық перспективалар және ЖІӨ-нің өсуі, табыстар мен Қазақстан ішіндегі және Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамушы сыртқы нарықтардағы тұтынушылар арасында саяхаттарға қызығушылықтың күтілетін өсуі, бұл туристік өнімдерді дамушы ішкі және сыртқы, әсіресе, Қазақстанға жақын орналасқан нарықтарда дамытуды және жүзеге асыруды ұсынады; тұтынушылардың бағаға деген сезімталдығының артуына алып келетін Еуропа және Америка Құрама Штаттары секілді дамыған нарықтардың экономикалық тұрақсыздығы өз кезегінде өте қымбат туристік өнімдерге өзінің қауіпін төндіреді, дей тұрғанмен, қолжетімді сапалы туристік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Негізгі ұзақ мерзімді демографиялық үрдістер мыналар болып табылады:
әсіресе, Еуропа сияқты дамыған нарықтарда орта жастағы және зейнет жасындағы адамдардың санының артуы, бұл неғұрлым есейген шақтағы тұтынушыларға туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру мүмкіндігін ұсынады: маусымнан тыс саяхаттар, мәдени саяхаттар, сауықтыру саяхаттары, СПА-саяхаттары және т.б.;
жыл бойы демалысқа арналған қысқа мерзімді үзілістер санының көбеюіне алып келетін жұмыс істейтін халықтың бос уақыты санының қысқаруы;
қызық оқиғалы саяхаттарды дайындау және оны іске асыру мүмкіндігін беретін жас адамдар арасында белсенді демалысқа деген қызығушылықтың артуы;
барлық жастағы адамдардың жүріс-тұрысында (немесе өмір салтында) космополиттілікке деген бейімділіктің артуы - әлем бойынша саяхат жасауға талпыну, өзге мәдениет пен ландшафтылармен танысу, ал бұл бірнеше саяхаттарды дайындауға және іске асыруға, сондай-ақ Қазақстанды бірегей туристік өнімдері бар жаңа туристік дестинация ретінде тұрпаттандыруға мүмкіндік береді;
креативті туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру үшін мүмкіндіктер ұсынатын әсіресе, Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтағы тұтынушылар арасында өзін-өзі дамытуға жәненемесе өзін өзі шақыру ұмтылысының артуы.
Негізгі ұзақ мерзімді экологиялық үрдістер мыналар болып табылады:
табиғат аясындағы туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру мүмкіндіктерін ұсынатын қоршаған ортаны сақтау және қорғау саласындағы қоғамдық сананың артуы, экологиялық тұрақты болып табылатын: жаяу туризм, велотуризм, салты атты серуендеу және құстарды бақылау;
қызметтерді жергілікті жеткізушілердің, туроператорлардың және көлік компанияларының климаттың өзгеруіне байланысты туындаған ел экономикасындағы өзгерістер жаңа жағдайларға икемделу қажеттілігін туындатады.
Технологиялар саласындағы негізгі ұзақ мерзімді үрдістер мыналар:
өз кезегінде туристерді көптеп тарта отырып, осындай технологияларды енгізетін объектілер имиджіне оң ықпал ететін объектілердің құрылысы және оларды пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіз және энергия үнемдеуші технологиялар мен процестерді пайдаланудың артуы;
жаңа маршруттарды енгізу, жаңа (бюджеттік) әуе тасымалдаушыларын құру, қолданыстағы әуежайларды жаңарту және жаңа әуежайлардың құрылысын жүргізу арқылы әуе қатынасын қарқынды дамыту, бұл сонымен қатар Интернетті қолданудың өсуі мен жиынтықта сапарлар санын арттырады;
жарнама үшін де, сол сияқты туристік өнімдерді сату үшін де компаниялардың Интернет - қатысуы болуының қажеттілігіне негізделген туристік өнімдерді іздеуде және сатып алуда Интернетті пайдаланудың артуы;
туризммен байланысты барлық секторларда әртүрлі технологиялық қосымшаларды - туризм мен қонақ үй бизнесімен байланысты смартфондарға арналған қосымшаларды, автомобильдерге арналған GPS және т.б. пайдаланудың артуы.
Басқа салалардағы негізгі ұзақ мерзімді үрдістер мыналар болып табылады
денсаулық, қауіпсіздік және салауаттылықпен байланысты барлық мәселелерде жоғары сапа стандарттарын бекіту мен қолдау қажеттілігін білдіретін өз кезегінде кейбір туристік дестинацияларды өзгелерден тартымды ететін денсаулық, жеке қауіпсіздік және салауаттылықты сақтауға деген үрдістің өсуі;
Визасыз немесе жеңілдетілген визалық режимі бар елдерге шетелдік туристердің көп санын тартуға мүмкіндік беретін кірме туристер үшін визалық талаптарды алып тастайтын немесе жеңілдететін дестинациялар санының өсуі.

1.4 Қазақстанда туризм индустриясын дамытудың күшті және осал тұстарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау.

Қазақстанның әлсіз тұстарының саны мен көріну деңгейі оның күшті жақтарының саны мен көріну деңгейіне қарағанда жоғары, бұл Қазақстан тәрізді мықты және бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамыту процесіндегі елге тән. Алайда, мүмкіндіктердің саны мен көріну деңгейі қауіптер саны мен көріну деңгейіне қарағанда жоғары, бұл республиканың ағымдағы әлемдік процестерді пайдалануға және өзінің туризм индустриясын дамыту үшін бәсекелес артықшылық құруға қабілетті екенін білдіреді.
Күшті жақтары
Елдің табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары:
Тиімді географиялық орналасуы;
табиғи ресурстардың әртүрлілігі;
материалдық және материалдық емес мәдени мұра ескерткіштерінің сан алуандығы;
тұрақты саяси және мемлекетішілік ахуал;
еңбек нарығының жай-күйі;
өсімі жылдам жалпы ішкі өнім;
мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігі;
электр энергиясы мен құрылыс құнының төмендігі.
Мүдделі тұлғалар мен серіктестер:
мүдделі тұлғалардың ынтымақтастыққа әзірлігі;
мемлекеттік-жеке меншік кәсіорындар құруға әзірлік;
ұлттық туристікқонақ үй қауымдастықтарының болуы.
Әлсіз жақтары
Елдің табиғи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық сипаттамалары:
Халық тығыздығының төмендігі - ішкі туризмнің дамуына, оның ішінде ел ішіндегі туристік өнімдерге деген сұраныстың төмен деңгейі арқылы кері әсерін тигізуі мүмкін;
тарихи және мәдени ескерткіштерді туристік маршруттарға енгізудің жеткіліксіз деңгейі - мәдени, патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ жекелей алынған өңір экономикасын дамыту үшін олардың едәуір әлеуетін толық көлемде пайдаланбау, оның ішінде елдегі ірі тарихи және мәдени ескерткіштерге түсетін едәуір туристік жүктеме, аз танымал мәдени ескерткіштерді әлсіз ілгерілету;
туризм саласындағы білікті кадрлардың жетіспеушілігі - оның ішінде білімнің академиялық сипаты, білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарынан, өндіріс қажеттіліктерінен, жұмыс берушілер күтулерінен және т.б. біршама алшақ болуы;
сыртқы қаржыландырудың жеткіліксіздігі: туризм саласына сыртқы (мемлекеттік, сол сияқты жеке) инвестициялардың жеткіліксіз саны;
одан әрі жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қолдау құралдары, оның ішінде салықтық қолдау шараларын енгізу, кіру шарттылықтарын (визалық, көші-қон режимі) оңайлату, жер пайдалану режимін жетілдіру және т.б. арқылы саланың дамуын ынталандыру;
туристік бизнестің дамуына ықтимал кедергілер, оның ішінде әкімшілік кедергілердің болуы, одан әрі жетілдіруді қажет ететін мемлекеттік қолдау құралдарының болуы;
инфрақұрылымның (көлік, коммуналдық желілер, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттері, жолдардың жай-күйі, елді мекендер арасындағы едәуір арақашықтық және т.б.) жеткіліксіз дамуы, оның ішінде туристік индустрияның көптеген объектілерінің елеулі физикалық және моральдық тозуы, туристік сыныптағы қонақ үйлердің жетіспеушілігі, туризм орындарында инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристік объектілерге қол жеткізудің қиындығы, туристер демалатын орындардағы қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, жол маңындағы инфрақұрылым объектілерінің жеткіліксіз саны және сервис сапасының төмендігі;
әуебилеттеріне жоғары бағалар, ұлттық аз бюджетті әуе тасымалдаушыларының жоқтығы, туристердің әлеуетті ағынын қамтамасыз ететін елдерден жаңа кіру әуе маршруттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың кластерлік үлгісінде болып айқындалған басты туристік дестинациялар бағытындағы ішкі әуемаршруттар санының аздығы.
Туризмнің жұмыс істеуі, қызметтер көрсету мен даму:
орналастыру орындарын айқындаудың, сондай-ақ белгілі бір орналастыру орындары түрлеріне қолданылатын стандарттардың болмауы бөлігінде, туризм индустриясын және қонақ үй бизнесін нормативтік реттеудің жеткіліксіз деңгейі, заңнамада қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қатысты қолданылатын әлеуметтік туризмді реттеу қағидаларының болмауы (туристік ваучерлерсертификаттар жүйелерінің болмауы), туристік саланы салықтық ынталандыру шараларының болмауы
туристік жобаларды дамытуға, сондай-ақ туристік дестинацияларды ілгерілету бөлігінде өңірлік және жергілікті билік тарапынан туризмді дамытуды қолдау жеткіліксіз;
халықаралық нарықта Қазақстанның туристік әлеуеті туралы ақпараттың болмауы.
Туризм индустриясын және әріптестікті дамытуға мүдделі тұлғалар:
мүдделі тұлғаларға қолжетімділіктің жеткіліксіздігі, дәлірек айтқанда мүдделі тұлғалардың ақпаратына шектеулі қолжетімділік;
жұмылдырылған тараптардың, оның ішінде сабақтас салалар мемлекеттік органдарының, сондай-ақ туристік сала жеке секторының сектораралық ынтымақтастығының төмен деңгейі;
халықаралық туризм нарығында қолданылатын тәжірибе мен практикалық білімдердің жеткіліксіздігі, туристік жобаларды дамытудағы ноу-хаудың болмауы;
ынтымақтастық саласындағы төмен өнімділік;
туристік инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыру процесінде кәсіпкерлердің төмен белсенділігі.
Мүмкіндіктер
Индустрия үрдістері:
дербес туризм;
экологиялық және табиғи туризм;
мәдени туризм;
арнайы қызық оқиғалы туристік өнімдерге сұраныс;
неғұрлым жиі және неғұрлым қысқа демалыс кезеңдері;
белсенді, сауықтыру және спорттық демалыс;
өңір бойынша аз бюджетті сапарлар;
турпакеттерді интернет арқылы іске асыру (электрондық сауда).
Бәсекелестер:
туристік қызметтер көрсету нарығына қолжетімдік (бастапқы ұстаным);
бәсекелестерден өзгеше туристік дестинациялардың бірегей жергілікті брендтерін әзірлеу;
шағын және орта бизнесті дамыту әлеуеті;
өңір елдерімен, соның ішінде шекара бойындағы туризмді дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық;
Экономика, экология және технологиялар:
Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінің инфрақұрылымын қамтитын туристік, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды мемлекеттік қаржыландыру және инвестициялау;
UNWTO-ға мүшелік;
қоршаған ортаны, табиғат пен мәдениетті қорғау туралы хабардар етілгендік;
қоршаған орта сапасына қойылатын талаптарды арттыру;
қоршаған ортаға негізделген арнайы әсерлер (тәжірибе) жүйесін күшейту;
көліктік технологиялар;
коммуникация және таратып бөлу саласында инновациялық технологияларды енгізу.
Қауіптер
Индустрия үрдістері:
сапаға қойылатын талаптардың артуы;
ұзақ мерзімді саяхаттар мен қысқа мерзімді демалыс үшін Мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде бақылау рәсімдерінен өту;
үлкен ара қашықтыққа арналған саяхаттардың жоғары құны;
саяхаттар нарығын фрагменттеу;
бәсекелестерді бөлудің жаңа арналарына қолжетімділік.
Бәсекелестер:
басқа өңірлердің ұқсас туристік өнімдері;
тиімді уәждеу құралдары және ойын-сауық құрылымы;
іскерлік сапарлар көлеміне күшті тәуелділік;
көліктік қатынастың (әуе, жер үсті) баяу дамуы.
Экономика, экология және технология:
жаңа әлемдік және өңірлік дағдарыстар;
ұлттық қаржыландырудан күшті тәуелділік;
валютаның тұрақсыздығы және инфляцияның жоғары деңгейі.

1.5. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық негіздемесі және пайымы

Туризмді Қазақстан Республикасындағы дамудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарастыру үшін бес негізгі экономикалық және әлеуметтік мүдделер бар:
туризм саласында 250 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету мүмкіндігі, оның ішінде дәстүрлі ауылдық өмір салтынан қол үзбей, ауылдық және шалғайдағы аудандар халқы мен жастарды;
отбасылар, кіші және орта кәсіпорындар үшін бизнес мүмкіндіктерін жасай отырып, халықтың қалың санаттары арасында кәсіпкерлік қызметтің мәдениетін дамытуға ықпал ету;
Қазақстан Республикасының өңірлері мен ауылдық пункттерінің аудандарын дамытуға үлес қосу, оның ішінде шалғай аудандардағы инженерлік-көліктік инфрақұрылымды, Мемлекеттік шекарадан өткізу инфрақұрылымын дамыту;
ауыл шаруашылығын, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, өндірістік емес секторды қоса алғанда, экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастыққа ықпал ету және мүмкіндіктер жасау;
ұлттық және мемлекетаралық өзара түсіністікті ілгерлетуге ықпал ететін оң және өнімді мәдениетаралық қатынастарды құруға ықпал ету.
Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық пайымдауы - бұл 2020 жылға қарай Қазақстанды жаһандық туристік дестинация ретінде бекіту.
Экономиканы әртараптандырудың және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқаты мен өмір сапасының деңгейін арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының туризм индустриясы, туризмнің ішкі және халықаралық нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын, туризмнің кәсіби мамандары шұғылданатын бәсекеге қабілетті туристік бизнесі бар белгілі бір туристік кластерлерде дамуы тиіс. Осы бағыттағы даму барлық жұмылдырылған мүдделі тараптар - мемлекет, бизнес және қызметкерлер үшін туристік қызметтен түсетін кірістердің қуатты және тұрақты өсуіне ықпал етуі тиіс.

1.6. 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың мақсаттары, міндеттері, кезеңдері және күтілетін нәтижелер

Мақсаттар мен міндеттер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында туризм индустриясы
Мәдени саясаттың модельдері
Қазіргі Қазақстан мәдениеті
Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы
Туристік қонақ үйлер
Аустралиядағы экзотикалық туризм
Туристік саланы дамыту перспективалары
Туризм индустриясы және инфрақұрылымы
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы. Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Пәндер