Психологиялық дайындық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Төтенше болған жағдайда психологиялық аспектілер
2. Психологиялық дайындық
3. ТЖ кезіндегі адамдардың топтық мінез-құлқы
4. Үрейлену реакциясының алдын алу әдістемесі

Төтенше болған жағдайда психологиялық аспектілер

Адамның басынан кешіретін ерекше жағдайлар әдетте оның психологиялық және сезімталдық қасиеттерін тудырады. Нәтижесінде кейбіреулерде бұл ішкі ресурстардың шоғырлануымен, ал басқаларда жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуімен немесе тіпті кері кетуімен, денсаулығының нашарлауымен, физиологиялық және психологиялық ауытқу құбылыстарымен көрініс береді. Бұл ағзаның жеке қасиеттеріне, еңбек және тәрбие талаптарына, болып жатқан оқиғалардан хабардар болуына және қауіп-қатер деңгейінің төмендеуіне байланысты.
Барлық қиын жағдайларда адамның моральдық шынығуы, психологиялық жағдайы шешуші рөл атқарады. Олар кез келген қиын сәттерде саналы, сенімді және сараланған іс-әрекеттерге дайындықты белгілейді.
Психологиялық дайындық
Дүлей зілзала, ірі авариялар мен апаттар, олардың қайғылы зардаптары адамдардың үлкен сезімталдық абыржуларын тудырады, үлкен моральдық-психологиялық төзімділікті, сабырлылық пен табандылықты, зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайындықты, жойылып бара жатқан материалдық құндылықтарды құтқаруды талап етеді.
Қираған және талқандалған көрініс, тікелей қауіп-қатерлер адамның психикасына кері әсер етеді. Кейбір жағдайларда қалыпты ойлау процесін бұзады, өзін өзі ұстауды әлсіретеді немесе толығымен жояды, бұл қисынсыз және сөзбен түсіндіруге келмейтін іс-әрекеттерге алып келеді.
АҚ бөлімдерінің, бөлімшелері мен әскери емес құрамалары әскерлерінің моральдық-психологиялық төзімділігіне құтқару жұмыстары қандай сапада, қай кезде жүргізілетіні тәуелді болады. ТЖ ауданына жөнелту үшін отрядтарды, командаларды, топтарды құру кезінде психологиялық үйлесімділікке тиісті назар аударыла ма? Негізінде, ешқандай назар аударылмайды. Құрылымдарға жұмыс орындарында қажетті болатын мамандарды алады. Бұл ең басты критерий.
Міне сондықтан да авариялардың, апаттар мен дүлей зілзалалардың зардаптарын жою басшыларының мұндай жағдайда ең қауіпті орындарға баруға дайын еріктілердің көмегіне жиі жүгінуіне тура келеді. Адамдар тәуекелге саналы түрде барған Чернобыльде, Башқұртстанда, Арзамаста міне осылай болды. Олар өз әрекеттерін басқара алатындарына және стресс факторларына қарсы тұра алатындарына сенімді болды.
Аварияларды жою тәжірибесі қысылтаяң жағдайларда адамның қарапайым кездерде шешім қабылдауға батылы бармайтын істер мен әрекеттерге баратындығын көрсетеді. Мәселен, Армениядағы жер сілкісі кезінде бұрын еш көзге түспеген ауданның қарапайым жұмысшысы Мурадян құтқару жұмыстары барысында жоғары сабырлылық пен шынайы батырлық көрсете білді. Отбасы мүшелерінің барлығының қаза тапқанына қарамастан ол қол қусырып қалған жоқ, керісінше, айналасына адамдарды топтастырып, үлкен қайсарлықпен құтқару жұмыстарына кірісті.
Психологиялық жағынан дайын емес, шынықпаған адамдарда қорқыныш сезімі пайда болады және қауіпті жерден тезірек қашып шығуға тырысады, кейбіреулерде мелшиіп қатып қалумен бірге психологиялық естен адасу пайда болады. Мұндай сәтте қалыпты ойлау процесі бұзылады, сезім мен ерікті басқару әлсірейді немесе толығымен жойылады. Жүйке процестері (абыржу немесе тоқтап қалу) түрліше көрініс береді. Мысалы, кейбіреулерде қорқыныштың көзі үлкен дегендей көз шарасы үлкейеді, тыныс алуы бұзылады, жүрегі жиі соға бастайды - жүрегі аузына тығылады, перифериялық қан тамырлары қысыла бастайды - әппақ қудай болады, суық тер шығады, бұлшықеттері әлсірейді - тізелері дірілдейді, дауысы өзгереді, ал кейде тілі байланып қалады. Кенеттен болған қорқыныш үрейден жүрек-қан тамырлары жүйесі жұмысының бұзылуынан қайтыс болу жағдайлары да көпшілікке белгілі.
Мұндай жағдай аса ұзаққа созылады - бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін. Жер сілкісінің және авариялардың зардаптарын жою кезінде кейде шын көңілмен жабырқаған, елді мекендегі үйінділер арасында ұзақ уақыт мақсатсыз ары-бері жүретін адамдарды байқауға болады.
Қауіп-қатердің кенеттен туындауы, дүлей зілзаланың немесе аварияның сипаты мен алып келуі мүмкін зардаптарын, мұндай жағдайда өзін қалай ұстау ережелерін білмеу, зілзалаға қарсы күрес тәжірибесі мен дағдыларының болмауы, моральдық-психологиялық тұрғыдан әлсіз дайындық - бұлардың барлығы адамдардың өздерін осылай ұстауының себептері.
Адамдардың мұндай жабырқаңқы жағдайларын болдырмау үшін не істеу керек, қандай шаралар қолдану қажет? ТЖ кезінде адамның мінез-құлқы мәселесін қарастыру кезінде қорқыныш психологиясына ерекше назар аударылады. Күнделікті тіршілікте, қысылтаяң жағдайда адамға оның тіршілік етуіне қауіп төндіретін жағдайларға қарсы тұруына тура келеді, бұл нақты немесе жалған қауіптен туындайтын үрей сезімін, яғни қысқа немесе ұзақ мерзімді эмоционалдық процесті тудырады. Үрей - бұл қорқыныш белгісі, алайда жай қорқыныштың емес, адамның қорғану әрекетін тудыратын белгі.
Біріншіден, егер ауыр психологиялық травма алған адамды қандайда бір дене еңбегіне тартса және жалғыз өзін емес, топтың құрамына қосса, ол адам ішкі тепе-теңдігін тез қалпына келтіре алатындығын ескеру қажет.
Екіншіден, адамға кері әсер етуді әлсірету үшін қысылтаяң жағдайдағы әрекеттерге үнемі дайындау, психологиялық төзімділігін қалыптастыру, ерік-жігерін шыңдау қажет. Міне сондықтан да психологиялық дайындықтың негізгі мазмұны қажетті психологиялық қасиеттерді дағдыландыру және нығайту болып табылады. Мұндағы басты нәрсе оқу-жаттығу жұмыстарын нақты бір өңірдегі, елді мекендегі немесе объектідегі шынайы жағдайларға барынша жуықтату болып табылады. Күрделі әрі қауіпті жағдайда өзін өзі ұстай білуге, салқындылыққа, парасатты ойлай білу қабілеттілігіне баулу ерекше маңызды. Бұл қасиеттерді дүлей зілзала болған аудандағы іс-әрекеттерді жай ғана сөзбен түсіндіріп қалыптастыру мүмкін емес. Тәжірибе, тек қана тәжірибе эмоционалдық-ерікті қабілетті, қажетті дағдылар мен психологиялық ұстамдылықты қалыптастыруға жәрдем етеді. Міне, сондықтан халыққа, әсіресе құраманың (құрылымның) жеке құрамына сабақ өткен кезде жай сөзбен ғана түсіндіріп, кино және бейнефильмдерді көрсетумен шектеліп қана қоймай, сол жергілікті жерде кездесуі мүмкін құтқару жұмыстарының тәсілдері мен әдістерін міндетті түрде меңгерту қажет. Кез келген дағдыны игерудің негізі нақты іс-әрекеттерді бірнеше рет қайталауда, қажетті жаттығуларды орындауда болып табылады.
Үшіншіден, ұжымдарды - кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің барлық қызметкерлерін төзімділікті арттыруға, психологиялық салмақтылыққа, сабырлылықты, өзін өзі ұстауды дамытуға, қойылған мақсаттарды орындауға үнемі тырысуға, өзара көмектесуді және өзара қарым-қатынасты дамытуға дайындау ерекше маңызды. Мұндай дайындықты әрбір құраманың және ұжым алдағы уақытта кездесуі мүмкін белгілі бір жағдайдың мақсаттарын ескере отырып, саралап өткізу қажет. Және мұны оқыту мен жаттығу кезінде жасау қажет. Қоғамның өте үлкен рухани, зияткерлік және материалдық ресурстары шоғырландырылған қайғылы оқиғаны жою тәжірибесі халықты төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындық сабақтарында кеңінен пайдаланылуы тиіс.
Адамдардың психологиялық дайындық деңгейі маңызды факторлардың бірі екендігін естен шығармау керек. Аздаған абыржу, әсіресе аварияның немесе апаттың бастапқы сәтінде, дүлей зілзаланың даму сәтінде үрейдің туындауы ауыр, тіпті қайта қалпына келтіруге болмайтын зардаптарға алып келуі мүмкін. Бұл ең алдымен өзінің жеке тәртібі мен төзімділігін көрсете отырып, тез арада шешім қабылдауға, ұжымды жұмылдырға міндетті лауазымды тұлғаларға тікелей байланысты. Өз күшіне, ұжымның күші мен мүмкіндіктеріне сенімсіздік білдіру адамның еркін тұншықтырады.
Мәселен, 1985 жылы Восток станциясындағы қыстауда (Антарктидада) ТЖ орын алды: далада ауа температурасы 70 градусқа дейін төмендеген кезде дизельді электр станциясы өртенді. Қыстаудағы адамдардан дене, моральдық және саналы күш талап етілді. Экспедия басшысы сасқалақтап қалды, міне сол сәтте көшбасшы - бұрғылау бригадасының шебері пайда болды. Ол басшының барлық жауапкершілігін өз мойнына алды. Осы кезге дейін ол қарапайым жұмысшы болды, ешқандай көзге түскен жоқ. Тек төтенше жағдай кезінде ол өзін қайратты, нық сенімді адам ретінде көрсетіп, ұжымды басқара білді.

ТЖ кезіндегі адамдардың топтық мінез-құлқы
ТЖ адамдардың топтық мінез-құлқы дегеніміз кенеттен болған және қауіпті оқиғаға тап болған немесе адамдардың барлығының мүдделеріне қатысты осындай оқиға қауіп төндірген кездегі топтың құрамындағы адамдардың басым бөлігінің мінез-құлқы болып табылады. Бұл шынайы немесе әлеуетті материалдық шығынмен, адам өлімімен байланысты және қоғамдық тәртіпті айтарлықтай бұзуымен сипатталады.
Адамдардың топтық мінез-құлқы ортақ сыртқы оқиғамен байланысты және адамның жеке психикалық ерекшеліктерімен емес, топтық саналы әрекеттермен байланысты эмоционалдық факторларға тәуелді болады. Бұл апаттардың статистикасынан, зардап шеккендердің тағдырынан, құтқарушылардың іс-әрекеттерінен және жеке алғанда төтенше жағдайдың әрекетінен жапа шекпеген айналадағы халықтың мінез-құлқынан көрінеді.
Қысылтаяң жағдайдағы адамдардың мінез-құлқы екі категорияға топтастырылады.
Адамның психикалық бақылаумен және мінез-құлықты эмоционалдық жағдайда басқарумен бірге болатын орынды, бейімделген мінез-құлық жағдайы. Көптеген қысылтаяң жағдайларда біз адамдардың патологиялық мінез-құлықтарын және адамдардың жағдайға бейімделуін, тыныштық сақталғанын және қорғану, өзара көмек көрсету шаралары қабылданғанын, тіршіліктің бұзылған тәртібін қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар жүргізілгенін байқаймыз. Мұндай мінез-құлық ТЖ кезінде нұсқаулықтың және басшылықтың тапсырмаларының нақты орындалғанының куәсі болып табылады. Тапсырмаларды және нұсқаулықтарды орындау қорқыныш пен абыржудың көпшілікке таралуының алдын алатындығын және сонымен бірге өзін қорғау саласында жеке бастамалардың туындауына кедергі келтіретіндігін ескеру қажет.
Кері, патологиялық сипаттағы жағдайлар орын алған оқиғаға бейімделмеуімен ерекшеленеді, бұл жағдайда адамдар өздерінің орынсыз мінез-құлықтарымен және айналадағыларға қауіпті іс-әрекеттерімен құрбандардың санын арттырады және қоғамдық тәртіпті бұзады. Мұндай жағдайда адамдардың көпшілігі абыржуға түсіп және босаңсып, тіпті кейде ақылдан адасып, естен тану жағдайы орын алады. Көбінесе естен тану жағдайының себепкері дүрбелең болып табылады, бұл кезде адамдардың көбісін қауіп-қатерге қарсы келген үрей билейді. Негізінде үрей адамдарды қалыпты деңгейден артық сана билеген кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спортшы тұлғасының психологиялық ерекшеліктері
Спортшының психологиялық дайындық принциптері
Спорттық жаттығу әдістері
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Жастардың отбасылық өмірге дайындық мәселесін зерттеу
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Мамандық таңдауға дайындығы және кәсіби ниеті
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Спорттық жаттықтыру әдістері
Психологиялық дайындық сипаттамасы
Пәндер