Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. 1 Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі

1. 2 Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы.

1. 3 Төлем карточкалары арқылы жұмыс жасаудың экономикалық аспектілері

2 ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН МЕХАНИЗМДЕРІ

2. 1 Қазіргі таңдағы Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы

2. 2 Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі

2. 3 Төлем карточкалары нарығының аймақтық бөлігі

Қорытынды

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕр

3

6

6

7

19

25

25

30

31

35

37

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Зерттеу қазіргі кездегі Қазақстан экономикасының дамуындағы ең өзекті тақырыптардың біріне арналған. Өйткені, экономиканың тиімділігі толассыз ақша айналымын ұйымдастыруда айналыс шығындарын азайта түсудің жаңа ғылыми технологиялық әдістерін іске қосқан сайын арта түспек. Әсіресе, жаңа төлем инструменттерін ақша айналымында қолданудың және банк секторында осыған байланысты озық электрондық технологияны ақшаның белсенді қызметтерін атқаруды жеделдету үшін тәжірибеге енгізудің келешегі зор. Әрине, бұл экономикасын жаңа инновациялық негізде дамытуға бет алған Қазақстанның қаржы нарығының инфрақұрылымын әлемдік стандартқа сай қалыптастыруда өзекті мәселе.

Төлем карточкаларының М 0 агрегатын реттеуде айналыс шығындарын азайта түсу үшін атқаратын ролін ғылыми тұрғыда дәлелдеу қажет және олардың атқаратын қызметтері макро- және микроэкономикалық деңгейде қарастыруды қажет етеді.

Сондықтан, төлем жүйесінің институционалдық даму эволюциясы және қазіргі таңда электрондық технологияның төлем жүйесінде және Қазақстанның әр өңірі төңірегінде ақша айналымын ұйымдастыруда қандай маңызы бар екендігі нақты мәліметтермен көрсету мақсатқа алынды. Ол үшін төлем жүйесінде орын алатын тәуекелдердің түрлерін және олардың пайда болуының негізгі себептерін талдау қажет. Экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания) монетизация коэффициентін қалыптастыруда әрбір ақша агрегаттарын құрауда төлем карточкаларын қолдану аясын кеңейтудің маңызы зор.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 8, 2 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 7, 7 млн. адам болды. (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 14, 5% және 14, 1%-ға артқан) . Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97, 9%, ал, жергілікті жүйе карточкаларының үлесі - 2, 1%. 2009 жылы 1-ші қыркүйекте бұл арақатынас 97, 9% және 2, 1% құраған болатын.

Экономиканың қарқынды дамуы, коммерциялық банктерде көрсетілетін қызметтердің көбеюі, алдыңғы қатарлы банктік технологияларға сұраныстың артуы, төлем карточкалар нарығының толықтырылмауы және тағы басқа бірқатар факторлар ақша айналымындағы төлем каточкаларының аясын ұлғайтады деп болжауға мүмкіндік береді. Бірақ, төлем карточкаларының дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: төлем карточкалар нарығына қатысушылар, ондағы көрсетілетін қызметтер мен төлем карточкаларының түрлері, олардың артықшылықтары мен тиімділігі туралы ақпараттың аздығы, көрсетілген қызметке алынатын комиссиондық ақылардың тым жоғарылығы және тағы басқалар.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Ақша айналымын ұйымдастыруда төлем карточкаларын қолданудың тиімділігін арттыру жолдарын зерттеу экономика, қаржы ғылымдарының маңызды міндеті екендігі мәлім. Төлем карточкаларын қолдануды жетілдіру, оларды теориялық, әдістемелік тұрғыда негіздеу, ғылыми талдау ғалымдардың, қаржыгерлер мен ізденушілердің зерттеу объектісіне айналды.

Экономикалық әдебиеттерде аталған мәселенің пайда болу кезеңі туралы және шетелдік аспектілері бойынша теориялық, әдістемелік және қолданбалы ұсыныстар ғана бар. Зерттеу объектісінің экономикалық негізін Дж. М. Кейнс, А. Маршал, П. Самуэльсон сияқты ірі экономисттер қалаған, бұл сала осы авторлардың еңбектерінен бастау алды.

Төлем карталары А. И. Гинзбург, О. И. Лаврушин, М. Борисов, И. И. Ильин, В. С. Геращенко, О. Л. Рогова, О. Ю. Свиридов, Е. Ф. Жуков, Н. Е. Егоровтар бар бір топ ТМД елдерінің ғалым-экономисттер еңбектерінде өз жалғасын тапқан.

Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты төлем карточкалар нарығының қалыптасуы және қызмет ету үрдісін кешенді талдау болып табылады.

Осы мақсатқа жету жолында зерттеудің логикалық тұтастығын қамтамасыз ететін міндеттерді орындау алға қойылды:

- төлем карточкаларын қолдануды ғылыми негіздеу;

- төлем карточкаларының түрлеріне, олардың қалыптасу барысына және қызмет ету қағидаларына талдау жасау;

- тақырыптың жан-жақты зерттелуін тәжірибелік жағынан қамтамасыз ететін фактологиялық және статистикалық материалдарды жинақтап, жүйелік сараптама жүргізу арқылы, келелі түйіндер жасау;

- төлем карточкаларын қолданудың шетелдік тәжірибесін зерделей келе, отандық қызмет ету механизміне салыстырмалы сипаттама беру;

- коммерциялық банктерде төлем карточкаларын пайдалану барысына талдау жүргізіп, оның даму тенденциялары мен төлем жүйесіне әсерін анықтау;

- ақша айналымын жеделдетуде төлем карточкаларының рөлін, тиімділігін және оларды пайдалану тәуекелдерін бағалау;

- төлем карточкаларын қолданудың негізгі бағыттарын кешенді айқындап және олардың тиімділігін көтерудің жолдарын ұсыну.

Ақша айналымы мен төлем жүйесінде төлем карточкаларын қолдануды ұйымдастыру барысында қалыптасатын қаржылық қатынастар жиынтығы зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердегі төлем карточкаларының айналысы алынды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі танымал экономист ғалымдардың еңбектерінде баяндалған ақша айналымына, төлем карточкаларына қатысты теориялық және тәжірибелік аспектілері жөніндегі зерттеулерге және монографиялық жұмыстарға сүйенеді. Зерттеу жұмысына тақырыпқа байланысты Қазақтан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Президент Жарлықтары, Ұлттық Банктің есептік материалдары, Қаулылары мен шешімдері, екінші деңгейлі банктердің мәліметтері мен есептік материалдары және басқа мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, отандық және шетелдік әдістемелік-анықтамалық мәліметтер тартылды.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсатымен, міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген. Жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

1. 1 Төлем карточкаларының пайда болуы мен нарыққа енуі

Ақша қоғамдық қарым-қатынаста өзіне тиесілі қызметтерді ғана атқарады. Жинақтау құралы ретінде ақшалар банктік және басқа да шоттарда заңды және жеке тұлғалардың салымдары ретінде сақталады. Ақша айналымының ерекшелігі болып оның ағымдылығы және үздіксіздігі табылады. Ақша айналымын жалпы алғанда негізгі орынды қолма-қолсыз айналым алады.

Дамыған елдерде тауарлар мен қызмет көрсетулерге қолма-қолсыз есеп айырысу барлық ақшалай операцияларының құрылымында 90%-ға жетеді. Қазақстанда жылдан-жылға тұрғындардың көп бөлігі - студенттен зейнеткерге дейін - карточканы пайдаланады. Бірақ та бұл әлі жетістік емес және де 2003 жылы 14 ақпанда өткен III Қаржыгерлер конгресінде ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев қолма-қол ақша айналымын қысқарту процесін жеделдетудің қажеттілігін және Қазақстандықтардың күнделікті өмірінде төлем карточкалардың қолданылу сферасын ұлғайту жөнінде айтқан болатын.

Қазақстанда төлем карточкаларымен бірінші банктік бағдарлама 1994 жылы Қазақстан Халық банкімен жасалған болса, онда Солтүстік Америка, Европа және Жапонияда карточка 100 жылға жуық айналымда жүр. Карточканың төлем құралы ретінде пайдалануы туралы бірінші ақпараттар Англияда XIX ғасырдың аяғына таман пайда болды. Несие карталар туралы 1888 жылы Эдуард Белламидің «Взгляд в прошлое: 2000-1887» атты кітабында айтылған болатын.

Бірінші несие картасы АҚШ-та 1914 жылы General Petroleum Corporation of California (қазір Mobil Oil) фирмасымен шығарылған. Карточкалар мұнай өнімдері саудасында пайдаланылды.

1928 жылы Farrington Manufacturing Бостон компаниясы бірінші болып металл пластинкалар шығарды, онда мекен-жай эмбоссирленіп, несиеге қабілетті клиенттерге берілді. Саудагер бұндай пластинканы арнайы құрылғы-импринттерге салып, ондағы ақпараттар сауда чегіне шығатын.

Бірінші кең ауқымды банктік төлем карточка жүйесі болып 1949 жылы пайда болған «Dinners Club» компаниясы болды. Бұның негізгі ерекшелігі клиент пен коммерциялық компания арасында делдал компания жұмыс істеді. 1952-1953 жылдары Dinners Club карточкалары Ұлыбританияда, Канадада, Мексикада, Кубада пайда болды. 1961жылы Dinners Club картон карточкаларын пластикалық карточкаларға ауыстырады.

Пластикалық карточкаларды магнитті сызықпен бірге қолдану 1969 жылмен белгіленген. Пластикалық карточкалардың даму тарихының келесі кезеңі француз журналисі Ролан Мореномен байланысты, ол 1974 жылы электронды микросхемасы бар карточкаларды пайдалануды ұсынды. Микросхема орналастырылған пластикалық карточкалар «интеллектуалды», чип (chip) немесе смарт (smart) -карточкалар деп те аталады.

Карточкаларға қызмет көрсету мен оларды дайындау технологиясының даму тарихы.

Жылдар
Мағынасы
Жылдар: 1914
Мағынасы: АҚШ бөлшек сауда кәсіпорындарымен және мұнай компанияларымен картонды несие карточкаларының шығуы.
Жылдар: 1928
Мағынасы: Карточкалардағы ақпараттарды қысу технологиясының пайда болуы. Farrington Manufacturing компаниясы өзінің клиенттеріне ақпараттары қысылған металды карточкаларды шығарады.
Жылдар: 1940 жылдар
Мағынасы: Карточкалар пластмассадан дайындалатын болады, бұл оларды өндіруді арзандата түседі.
Жылдар: 1960 жылдар
Мағынасы: Магнитті сызықтың пайда болуы, бұнда сәйкестендірме ақпараттарды кодталған түрде енгізу мүмкіндігі туды. PIN-код транзакцияны жүргізуді қауіпсіздендіреді.
Жылдар: 1974
Мағынасы: Roland Moreno француз азаматымен микросхемасы бар карточкалардың пайда болуы.

Алғаш рет төлем карточкалары Америкада 50 жылдардың басында пайда болды. «Dinners Club International» компаниясы ең алғаш болып хаалықаралық пластикалық карточкаларын шығарды. Одан кейін «DCI» және «American Express» компаниясы мен «Интурист» акционерлік қоғамы арасында бұрынғы СССР территориясында карточкаларға қызмет көрсету үшін келісімшартқа қол қойылды. Артынан «Visa» және «Eurocard-Mastercard» компанияларымен келісімшартқа қол қойылды, тағы он жылдан кейін «JCB International» компаниясымен келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі таңда әлемде үш ірі төлем жүйесі белгілі: «Visa International», «Europay-Mastercard International», «Dinners Club International».

«Visa International»-карточкаларының саны мен айналымы бойынша ең ірі халықаралық төлем жүйесі болып табылады. 1972 жылы Bank of America базасында негізі қаланған. Компанияның иелері - бүкіл әлем бойынша 21 мыңнан астам қаржы мекемелері. Басқару органы - Директорлар кеңесі, ол ең белсенді мүшелердің арасынан таңдалады (шығарылған карточкалар саны мен орындалатын операцияларының көлеміне байланысты) . Директорлар кеңесі президентті тағайындайды. Қазіргі кезде ол Эдмонд Дженсен (Edmond Jansen) болып табылады. Штаб-пәтері Сан-Матеода орналасқан. Мүшелермен аймақтық Директорлар кеңесі арқылы байланысады. Әлемдік нарықтығы үлесі - 50 % шамасында.

Eurocard-Mastercard International- америкалық Mastercard және европалық Europay (Europay Eurocard және Eurocheck компанияларының бірігуі нәтижесінде пайда болды) компанияларынан тұратын 1992жылы негізі қаланған консорциум. Әлемдік нарықтығы үлесі - 20 % шамасында. Visa сияқты, компанияларының иелері 15 мыңнан астам мүшелер.

American Express - пластикалық карточкалар нарығында карточкалар көлемі жағынан үшінші компания болып табылады, карточкаларының жалпы көлемі 18 % шамасында. Штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында орналасқан. American Express корпоративтік қаржылары автоматты түрде өз иелерін еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанына байланысты 50 000 долларға сақтандыру сомасымен, жалға алынған автокөліктің жоғалуы немесе зақымдалуына байланысты сақтандырумен, American Express жүйесіне қатысатын қонақ үйлерде шегерімдер (40%-ке дейін) алумен қамтамасыз етеді.

Dinners Club International (DCI) - бірінші болып пластикалық карточканы 1949 жылы шығарған американдық компания, карточкалар алғашында Нью-Йорк ресторандарына арналған болатын. Кейіннен Dinners Club карточкалары бүкіл әлемге тарап, American Express сияқты саяхатшыларға қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде DCI Citycorp америкалық қаржылық тобына 100 % тиесілі және штаб-пәтері Чикагода орналасқан. Dinners Club-тың әлемдік нарықта алатын орны көп емес, шамамен 2 %.

JCB International 1961 жылы пайда болды, бірнеше ірі Жапон банктерімен шығарылатын карточка. Жапониядан басқа тек қана АҚШ-та және Ұлыбританияда негізінен сол елдерде тұратын жапондықтарға арналып шығарылады. Әлемдік нарықта алатын орны 1 % шамасында.

Қазіргі нарықтағы пластикалық карточканың жалпы көлемінің үлесі бойынша рөлдерінің бөлінуін төмендегі суреттен көруге болады:

49%

2%

20%

18%

1%

Мұндағы:

Сурет1. Шығарылған карточкалардың жалпы көлемі бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы компанияларының үлесі.

Банктік пластикалық карточкаларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, олар Стандартизация бойынша халықаралыққ ұйыммен (ISO-International Standarts of Organization) бекітіледі. Бүгінгі таңда бұл стандарттар төмендегідей:

  • ұзындығы - 85, 6 мм;
  • ені - 54 мм;
  • қалыңдығы - 0, 76 мм;
  • карточкаларда логотип пен эмитенттің аты, карточканың нөмірі мен қызмет көрсету мерзімі, иесі туралы мәліметтер, қол үлгісі, магнитті сызық болуы керек.

Соңғы 10 жылда біздің елімізде қолма-қолсыз ақша айналымын ұйымдастыруда және оның технологиясында түбегейлі және елеулі өзгерістер болды. Есімізге түсірсек, 1980-жылдары төлемдер кем дегенде бір апта бойы жасалды және міндетті түрде қағаздық технология қолданылды. Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді.

Қазіргі таңда қолма-қолсыз төлемдер негізінен қағаз түріндегі құжаттар айнылымын және қол еңбегін ығыстыра отырып, электронды технологияда бірнеше сағаттарда жүргізіледі. Төлем жүйелері кәсіпорындар аралығындағы және басқа төлемдерді өте тиімді жүргізе бастағаны сондай, төленбеген төлемдер, бартер, квази-ақшалармен есеп айырысулар сияқты ақша айналымының жағымсыз құбылыстарын жоя отырып, ыңғайландыра бастады. Тұрғындар үшін төлем қызметтер нарығы (пластикалық карталар, жедел аударымдар нарығы) құрылу сатыларынан өтіп, өз жетістіктеріне жете бастады.

Экономикадағы институционалды өзгерістер банктік сфера мен төлем жүйесіне де әсер етті. 1980-жылдардың аяғында біздің елімізде КСРО Мемлекеттік Банкінің монобанктік жүйесі мен оған бағынышты арнайы банктер жүйесі қызмет етті. Барлық қолма-қолсыз есеп айырысулар міндетті түрде КСРО Мемлекеттік Банкінің төлем жүйесі арқылы жүргізілді. 1990-жылдардың басындағы реформа мемлекеттік емес коммерциялық банктер массасын құруға, мемлекеттік емес төлемдер жүйесін және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Қазіргі таңда төлем қызметтері нарығында әр түрлі технологиялармен, әр түрлі клиенттерге бағдарланған бірнеше ондаған төлем жүйелері қызмет етуде. Кеңестік дәуірінде отандық төлем жүйесі өз технологиясы бойынша шетелдіктерден елеулі түрде артта болды. Кеңестік Внешторгбанк, кеңестік шетелдік банктер белсенді түрде халықаралық есеп айырысуларды жүргізді және ол үшін батыстық төлем жүйелерінің технологиясын қолданды. 1980-жылдардың аяғында олар SWIFT банкаралық коммуникация жүйесінің мүшелері болып саналды және VISA пластикалық карталарына қызмет көрсетуде делдалдық рөл атқарды. Ең алғашқы рет 1958 жылы Мәскеуде American Express жүйесінің өкілеттілігі ашылды. 1969 жылы Dinners Club компаниясымен келісім-шарт жасалды. Содан кейін біздің нарықта (1974 жылы) VISA (ол кезде Americard) және (1975 жылы) Eurocard, (1976 жылы) JSB International жапон компаниялары пайда болды.

1990 жылдардың ортасынан бастап пластикалық карталар немесе экспресс-аударулар сияқты жүйелерді жаппай енгізу қолға алынып, сол кезде отандық компаниялар бағдарламалық қамту өндірісі бойынша бәсекеге қабілеттілігі жоғары шешімдер қабылдай бастады.

Батыс елдерінен отандық төлем жүйелері және банктер тек қана технологиялар емес, сонымен қатар, құрал-жабдықтарды да тарта бастады. Біздің елімізде іс жүзінде компьютерлер, модемдер және басқа байланыс құралдары, банкоматтар мен POS-терминалдар өндіріліп шығарылмайды. Пластикалық карталар батыста ХХ-ғасырдың ортасында пайда болғанымен, 1980-жылдарға дейін ол біздің елімізде қолданбағаны белгілі. Отандық карталық төлем жүйелерінің дамуы 1990-жылдардың басында басталып, тек қана 90-жылдардың ортасында олар өз өнімдерін жаппай ұсынысқа шығара бастады. Қазіргі таңда Altyn Card Smart, Alem Card, Дуэт жүйелерінің карточкалары - микропроцессорды карталар, яғни электронды әмиян қызметтері мен әр түрлі қызмет көрсету түрлерін қамтыған.

Жалпы, электронды ақшалар компьютер торабының, ақпаратты автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т. б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. («Ақша аударымдары мен төлемдер» ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша) .

Несиелік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы қасиеттері.

Көрсеткіштер
Несиелік карточкалар
Төлем карточкалары
Көрсеткіштер: 1. Клиент шоты
Несиелік карточкалар: Ссудалық шот
Төлем карточкалары: Ағымдағы шот
Көрсеткіштер: 2. Несиелендіру лимиті
Несиелік карточкалар: Клиенттің несиеге қабілет-тілігіне байланысты пайдаланылады.
Төлем карточкалары: Клиенттің несиеге қабілеттілігіне байланыс-ты пайдаланылады.
Көрсеткіштер: 3. Төлем
Несиелік карточкалар: Артқа қалдырылуы мүмкін
Төлем карточкалары: Әп сәтте жүзеге асырылады.
Көрсеткіштер: 4. Жылдық төлем
Несиелік карточкалар: Жылдық төлем немесе комиссиялық төлем несие карточкасын пайдаланғаны-на байланысты алынып отырады.
Төлем карточкалары: Жылдық төлем алынады

Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы есептеулерінің электронды жүйесін т. б. кіргізеді.

Пластикалық карточка - карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.

Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.

Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.

Қазіргі кезде әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық карточкалар төлем айналымында қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатын маңызды элемент болып табылатынын көрсетеді. Осы пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды банктік жүйенің кілттік элементі рөлін атқарады. Олар чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы орындарға шықты.

Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:

  • Бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
  • Валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
  • Карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
  • Бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
  • Жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
  • Internet жүйесі арқылы сауда жасау т. б.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «VISA», «Altyn», «Maestro» және т. б. жатады.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

1. 2 Төлем карточкаларының түрлері мен құрылымы.

Пайдаланушылар мен банк жұмысшылары карточкалар туралы айтқанда, түсініктер шатасып кетеді. Біреулер несие карточкалары туралы айтып, оларды банктік дейді, ал басқасы есеп айырысу карточкалары туралы айтып, оларды пластикалық деп атайды. Бұл түсініктер ұқсас болғанымен, мағынасы әр түрлі. Несие карточкаларын банктік деп, біз оларды кім шығаратынын айтамыз, пластикалық карточкалар туралы айтып, олардың қандай материалдан жасалатынын айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем карточкаларының есебі
Қазақстан Халық Банкінің экономикалық сипаттамасы
КСРО Агроөнеркәсіп банкі
Пластикалық карточкамен есеп айырысудың жалпы түсінігі
Электрондық ақшалар және олардың Қазақстан аумағында қолданылуы
ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі
Немесе клиенттің несиелік
Кассалық операцияларды есепке алу
Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың түрлері
Банктің несие операцяларын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz