Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысындағы проблемалары және қиындықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1. Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының дамуының негізгі бағыттары, қиындықтары, ұлттық валютаны енгізу
2. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы жаңа өзгерістер
3. Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысындағы проблемалары және қиындықтары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Экономикалық реформаларды жүзеге асыруда Қазақстан үлкен қиыншылықтарға кездесті. Экономиканы күштеп басқарудан нарықтық жүйеге көшу аса қиын әрі күрделі болып шықты. Бұрыннан қалыптасқан шаруашылық, байланыстарының үзілуі, келісім тәртібінің нашарлауы салдарынан көптеген кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалды. Жағдайды Қазақстанның 1992 жылға дейін Ресеймен бір экономикалық кеңістікте болғаны қиындата түсті.
Тұтынушылық рынок мәселесі барынша шиеленісті, азық-түлік, киім жетіспеді, алыпсатарлық пен жемқорлық өрістеді. Ұ. Қарамановтың орнына сайланған республиканың жаңа Премьер-Министрі С.А. Терещенко Жоғарғы Кеңес сессиясында: Тапшылық тұрғындардың барлық топтарын дерлік жайлады деп мойындауға мәжбүр болды.
Қағаз ақша шамадан тыс шығарылып, 1990 жылмен салыстырғанда 1991 жылы 8,7 млрд сомға жетті, ақшаның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында тауармен қамтамасыз етілмеген 13 миллиард сомға жуық ақша шоғырланды. Дүкен сөрелері бос қалды. Сонымен бірге өнім өндірудің барлық түрі азайды, ол өндіріс саласында да, аграрлық салада да орын алды.
Өндірістік қуаттарды, құрылыс обьектілерін іске қосу күрт азайды. Тұрғын үйлер, мектептер, басқа да әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандары пайдалануға аз берілетін болды. Әсіресе құрылыс материалдары өндірісінің қыскаруы мен олардың өнімі құнының қымбаттауы, құрылыс мекемелерінен маманданған жұмысшылардың кетуі қатты байқалды. Темір жол көлігімен тасымал көлемі азайды.
1992 жылдың басында Егор Гайдар үкіметінің Ресейде бағаны босатуы жағдайды қиындата түсті. Ресей әрекетін Қазақстан да қайталауға мәжбүр болды. Қалыптасқан жағдайда Республика Президенті Жоғарғы Кеңес Президиумымен келісе отырып, республика аумағында 1992 жылғы 6 қаңтардан бастап бағаны босату туралы Жарлық қабылдады. Еркін баға енгізілуімен тауарлардың барлық түрі бірден қымбаттады. Қабылданған нарыққа өту бағдарламасын кәсіпорындардың, сауда орындарының бірқатар жетекшілері өнім бағасын шектен тыс қымбаттату деп түсінді. Тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің жаппай қысқаруы, кей реттерде мемлекеттік кәсіпорындардың толық тоқтатылуы сұраным секторлары бағасының күрт жоғарылауына әкеп соқты. Тек бағаны босатудың алғашқы кезеңінде (1992 жылғы каңтар) ол 186,4 есе, ал сөуірдегі (1991) реформадан кейін - 554,6 есе өсті.
Азық-түлік және өндірістік тауарлар бағасынын, өсуіне ықпал еткен факторлар - энергия ресурстары бағасына бақылаудың алынуы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алу құнының өсуі, сонымен бірге көтерме бағаның алты есе өсуі болып табылады. Жұрттың жалақысы түгелдей азық-түлік алуға кетті. Күрделі тұрмыстық, мәдени және шаруашылық техникалары бағасы қымбат болғаны соншалықты, көпшілік оларды сатып ала алмады. Қаңтар мен тамыз аралығында азық-түлік бағасы бірнеше есе өсті.
Мемлекеттің көмектесу, қарайласу саясатына қарамастан, нан өнімдері бағасы едәуір өсті.
Енді түсірген пайдасына, табысына қарай адамдар бөліне бастады. Нарыққа көшу саясатының бұрмалануынан өз жағдайын алып-сатарлық, делдалдық, пара алумен түзеп алған адамдар тобы пайда болды. Жемқорлық, әсіресе шенеуніктер арасында күшейді. Байлықты негізгі өндіретін халықтың жалақысы - бір айлықтан екіншісіне дейін зорға жетті. Әсіресе, көп балалы отбасылар мен зейнеткерлер қиын жағдайда қалды. Тұрмыс жағдайының одан әрі нашарлауы тұрғындардың жаппай наразылығын тудырды. Мұғалімдер, зейнеткерлер мен дәрігерлер жалақысын көбейтуді талап етіп, ереуіл өткізді.
1992 жыл өте күрделі жағдайда өтті. Еңбекшілердің әлеуметтік жағдайының нашарлауына Ресейде жасалған реформаны сол қалпында қайталау да біршама әсер етті. Саудада, қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету саласында меншікті жекешелендіру баяу жүрді. Еңбек өнімділігі төмендеп, тәртіп едәуір нашарлады.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа экономиканы басқару құрылымын, мемлекеттік органдардың қызметі мен рөлін түбірлі өзгертуді қарастырды. Жаңа нарықтық қатынас жағдайында министрліктер қызметі түбірімен өзгерді. Ендігі олардың міндеті кәсіпорындарды басқару емес, саланың дамуын үйлестіру, техникалық прогрестің маңызды бағытын таңдауды және өндірісті дамытуды негіздеу болды. Өзара пайдалы ынтымақтастық, икемді өндірістік құрылым жасау мақсатымен терең экономикалық реформа жағдайында 1992 жылға қарай 35 тұрақты қоғам, 75 салааралық және сыртқы экономикалық қауымдастықтар, 30 концерн мен консорциум, 30-дан аса коммерциялық банк құрылды.
Нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру жоспары жасалды.

1. Тәуелсіз Қазақстанның экономикасының дамуының негізгі бағыттары, қиындықтары, ұлттық валютаны енгізу

Тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған кез келген мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды мәселе - меншік түрлеріне қатысты мәселені дұрыс шешу болып табылады. Сондықтан Қазақстанда нарықтық құрылымның дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды. Экономика саласын реформалаудың алғашқы жылдарында республикадағы негізгі қордың 80%-ы мемлекеттік меншік үлесіне тиісті болды. Жекешелендіру экономикалық дағдарыстың тереңдеуімен қатар келді. Республикада ірі кәсіпорындардың үлестік салмағы жоғары болатын. Шикізат шығаратын және өңдеуші өнеркәсіп саласы басым еді. Сондықтан жекешелендіруге өтуде республиканың экономикалық даму ерекшелігін ескеру қажет болды. Ең бірінші кезекте өзін-өзі ақтамаған мемлекеттік секторларды жекешелендіру міндеті қойылды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы Заң мемлекеттік меншік түрлерін төмендегідей өзгертуді қарастырды: мүлікті жалға беру; жалға берілген мүлікті сатып алу; мүлікті еңбек ұжымдары мүшелерінің сатып алуы; мүлікті конкурс немесе аукцион арқылы сатып алу; мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға айналдырып қайта құру.
Меншік құрылымдары түрлерінің артықшылығымен қатар кемшіліктері де болғанын айтып өту керек. Орта және ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруде акционерлік қоғам құру (АҚ) басым болды. Ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіруде сауда, қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері тікелей сатуға шығарылды.
Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде (1991-1992 жылдар) жекешелендіру белсенділік байқату сипатында жүзеге асырылды. Мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион, конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді. Осы тәртіппен 4,5 мыңнан астам мекеме жекешелендірілді, оның ішінде 0,5 мың совхоз ұжымдық меншікке берілді.
Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995 жылдар) Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің; ұлттық бағдарламасын бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама - бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыруды мақсат етіп қойды. Қазақстан экономикасының базалық саласын қамтитын: өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылыс мекемелерін, банк ісін, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығарушы салаларды, ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемді жекешелендіру қарастырылды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі - мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.
Кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға айналдыру жұмысы қатар жүргізілді. Алғаш рет жеке жоба бойынша Алматы темекі комбинаты мен Шымкент кондитер фабрикасы сатылды. Осы кезеңде айтарлықтай қиын жағдайда тұрған Қарметкомбинатты тек ірі көлемді инвестиция құтқара алатын еді. Комбинат сатылып, оның жаңа меншік иелері еңбекақы бойынша қарыздарды бірден жапты. Домна пештеріне жөндеу жұмыстарын жүргізді, маңызды технологиялық жобаларды қайта жаңғыртып, цех құрылысына ыстық мырыштау мен алюминдеу процесін енгізді.
1995 жылы Жезқазғантүстіметалл комбинаты банкротқа ұшыраудың алдында тұрды. Кәсіпорынның 170 миллион доллар қарызы болды, оның 10 миллионы еңбекақы үшін қарыз еді. 1996 жылы Жезқазғантүстіметалл комбинаты акциясын сатып алу бойынша өткен тендерде Самсунг компаниясы жеңіске жетті, комбинатқа жүздеген миллион доллар инвестиция салды.
Жекешелендірудің үшінші кезеңі (1996-1998 жылдар) - электр қуаты мен мұнай-газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.
1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдістерімен сипатталады.
Нарықтық экономикаға көшудің құқықтық, негізін құру мақсатында Республика Парламенті көптеген заңдар мен нормативтік актілерді қабылдады, олардың ішінде мынадай: Қазақстан Республикасындағы меншік туралы, Қазакстан Республикасындағы шетел инвесторлары, Қазакстан Республикасындағы кәсіпкершілікті дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы, Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы т. б. маңызды заңдар болды.
Меншік туралы заңға сәйкес меншік нысандары мен түрлері белгіленді. Кемелденген социализм дәуірінен ерекшелігі - Қазақстандағы меншік азаматтар меншігі, ұжымдық және мемлекеттік меншік түрінде болды. Республикадағы шаруашылық қызмет бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы Заң негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді анықтады.
Реформа үшін монополия қызметін шектеу туралы Заңды іс жүзіне асырудың маңызы зор болды. Онда нарықты басқару тетіктерін іске қосу, ерікті бәсеке кәсіпкерлікті, республикадағы сұранымдылықты қорғауды қамтамасыз ету карастырылды. Басқарудың монополиялық құрылымдарын тарату, олардың пайда болуына жол бермеу, тауар нарқында сапасыз бәсекені жою шаралары белгіленген.
Дегенмен, мемлекеттік монополия электр энергиясы, темір жол салу мен пайдалану, қорғаныс қажетін қамтамасыз ететін салаларда, ғарыштық жұмыс пен зерттеуде, сонымен бірге магистральдің құбыр жүйелерінде, коммуникациялар мен байланыс желілерінде уақытша сақталды. Әр түрлі банктерді біріктіретін банктік құрылым жүйесі жасалды. Бірақ жасалған құрылымдық өзгерістер республиканың материалдық қиын жағдайын тез арада жақсарта алмады. 1993 жылдың өн бойында Н. Ә. Назарбаев Парламент пен үкіметтің бар күшін ТМД елдері экономикасын интеграциялауға бағыттады, ол өзара пайдалы ынтымактастықтың артықшылығын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін еді. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Қазақстан жаңа типтегі сом аймағын құруды ұсынды. Қазақстан Ресей басшылығының тең құқықты негіздегі жаңа сом аймағы құрылатыны туралы мәлімдемесін бірнеше рет алды.
Қарашаның басында республика Премьер-Министрі С. Терещенко бастаған Қазақстан делегациясы Қазақстанның бірыңғай сом аймағына енуі туралы шартқа қол қою мақсатымен Мәскеуге барды. Алайда келіссөздер барысында Ресейдің жаңа талаптары көбейе берді, түптеп келгенде олар Қазақстанды экономикалық егемендігінен айыруға дейін жеткізетін талапқа тірелді. Сонымен бірге көрші мемлекеттерден Қазақстанға ескі үлгідегі сомдардың көптеп төгілуі 1993 жылғы қарашаның соңына қарай республиканың ақша жүйесін тұралатты, инфляцияны өршітті. Осы жағдайлардың бәрі тұрғындардың тіршілік деңгейіне мүлде кері әсер етті.

1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге шақалар

Қалыптасқан жағдайды жан-жақты талқылап, Қазақстан Республикасының басшылығы өз валютасын енгізу керек деген шешім қабылдауға тоқталды. Республика Президенті Қазақстан Республикасы тұрғындарына үндеу жариялады. Қазақстан Ресейді, басқа да ТМД мемлекеттерін осындай қадамы туралы уақытында хабардар етті. Өз валютасын енгізерде Қазақстан өзге мемлекеттердегі ақша реформасы мен ұлттық валютаны енгізу тәжірибесін есепке алды. Ұлттық валюта енгізудің сынағы мен болжамы анықталып, жаңа ақша белгісінің үлгілері жасалды. Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк ұлттық валюта банкноттарын дайындауға кірісті. Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта - теңге 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді.
Теңге құнының тұрақтылығы мен жоғары сатып алушылық қабілетін сақтау, реформаны дұрыс өткізу және мүмкін болатын әлеуметтік қиындықтарды барынша азайту жағдайлары қарастырылды. Осы мақсатта жергілікті жерлерде ұлттық валютаны енгізудің өкілетті өкілдерінің Мемлекеттік комиссиясы құрылды, оған қысқа мерзімде барлық қажетті нормативтік базаны дайындау тапсырылды, валюта рыногының жұмыс істеу тетіктерін ұйымдастыруға, тұрғындар үшін ақша айырбастау жағдайын жеңілдетуге құқық берілді. Қазақстан үшін өзінің ұлттық валютасын енгізудің экономикалық қана емес, үлкен саяси да мәні бар еді. Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытын жалғастыруға мүмкіндік берді, ол енді тәуелсіз әрі егемен мемлекет есебінде жүргізілді. Осы бір күрделі кезеңде ірі халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстанның өз ұлттық валютасын енгізу жөніндегі шешімін қолдады.
Ұлттық валютаны одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы Жарлығы шықты. Онда тұрғындар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау жөнінде іс-шаралар белгіленді. Бірақ инфляцияға қарсы күрес бағыты өндірістің құлдырауы мен жұмыссыздықтың кебеюіне әкеліп соқты. 1995 жылы өнімдер мен тұтыну тауарлары өндірісі нашарлай берді. Машина жасау мен жеңіл өнеркәсіпте едәуір артта қалу жалғасты. Өндірістік кәсіпорындарда өзіндік қаржы айналымы жетіспеушілігі қатты сезілді, инвестициялық белсенділік төмендеді. Түскен табыс мемлекет алдындағы салық міндеткерлігін, сабақтас кәсіпорындар арасындағы өзара төлемге және қызметкерлерге жалақы төлеу бойынша қарызды жабуға да жетпеді. 1995 жылғы 1 қазанда жалақы бойынша қарыз 25 100,8 млн теңгеге, ішкі жалпы өнім көлемінің 23,97%-ына жетті.
Бұл процестер жұмыссыздықтың көбеюімен қоса жүрді. 1995 жылдың ішінде жұмыспен қамту қызметтері 153 мың жұмыссызды ресми түрде тіркеді, бұл 1994 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп еді.
Жұмыссыздықтың жалпы көлемі 643 мың адамды құрады. Өндірістің толық тоқтауынан 192 мың адам еріксіз еңбек демалысында жүрді, өндірістің жартылай жұмыс істеуі салдарынан 451 мың адам толық емес жұмыс күнінде еңбек етті.

2. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы жаңа өзгерістер

Ауыл шаруашылық рыногы жағдайы бірқатар факторлармен - елдегі жалпы әлеуметтік-экономикалық саясатпен де, жеке проблемалармен де байланысты айқындалады. Нарықтық экономиканың қалыптасуы меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түрлі тәсілдеріне негізделген көпқырлы экономиканы орнықтырумен тікелей байланысты екені белгілі. Осыған байланысты республикада колхоздар мен совхоздарды қайта құру, меншік түрі мен агрокәсіпорындар статусын өзгерту, жаңа типті меншік иесі - жұмыскерді қалыптастыру, оған өндіріс құралдарын, өнімі мен табысын еркін пайдалану құқығын беру кең келемде жүргізілді. 1995 жылдың басында 30168 әр түрлі агроқұрылымдар, соның ішінде 2946 совхоздар мен басқа да мемлекеттік кәсіпорындар, 1082 ұжымдық кәсіпорын, 295 акционерлік қоғам, 434 колхоз, 487 ауыл шаруашылық кооперативтері, 22401 шаруа қожалығы, 150 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 592 ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін көсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеді. 1995 жылдың бірінші жарты жылдығында 1671 совхоз шаруашылық жүргізудің мемлекеттік емес нысанына айналдырылды, бұл 1992 жылдың 1 каңтарындағы барлық шаруашылықтың 78,8%-ын құрады.
Ауыл шаруашылық өнімін өндірушілердің тұрақсыз экономикалық жағдайы - қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуіне, ауыл шаруашылығы мен өндіріс арасындағы тауар алмасудағы теңсіздікке, инфляцияға, бюджет жетіспеушілігіне, мемлекеттік қаржыландырудың қысқаруына, ресурстардың қымбаттауына байланысты туындады. Нәтижесінде елдің ауыл шаруашылығында өте қиын жағдай қалыптасты. Мұның басты себептерінің бірі -- экономикалық реформаны жүргізудің кешенді болмауы еді. Көпқырлы экономиканы қалыптастыру негізіне мемлекеттік меншікті жекешелендіру алынды. Ол аграрлық саладағы барлық проблеманы шешудің негізгі құралы ретінде қаралатын болды. Жаңа типті меншік иесі - еңбекшіні қалыптастыру - совхоздарды жекешелендіру, шаруашылық тетігін түгел есепке алмай жер мен мүлікті бөлісу (баға қалыптастыру, қаржыландыру, несие беру) тұрғысынан қарастырылды. Мысалы, егер өндірістік тауарлардың бағасы 1992 жылы қаңтарда түгелдей дерлік босатылған болса, ауыл шаруашылық өнімдерінің көп түріне мемлекет кесімді сатып алу бағасын белгіледі және жекешеленген кәсіпорындарға да мемлекеттік тапсырыс берілді. Нәтижесінде ендіріс тауарларының бағасы ауыл шаруашылығы өнімдері бағасынан 11 есеге өсті. 1995 жылы ғана барлық түрдегі меншік иелерінен астық өткізуге мемлекеттік тапсырыс алынып тасталды.
Осылайша ауыл шаруашылығын дамытудың кез келген әрекеті баға қайшылығынан жүзеге аспады. Осы және өзге де себептерден ауыл шаруашылық өндірісі тиімсіз болған шаруашылықтар саны жылдам артты. 1993 жылы агроқұрылымдардың жалпы есебіндегі пайдасыз мемлекеттік ауыл шаруашылық көсіпорындары 54,7%-ды құрады, бұл процесс алда да күшейе түсті.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары мал, астық, және басқа өнімдерін жанар-жағармайға, қосалқы бөлшекке, еңбекшілердің жалақысын төлеуге т. б. өткізе бастады. Айырбас операциялары жабдықтаушылардың талабымен орындалды. Реформа саясаты нәтижесінде республика ауыл шаруашылығы алдында тағы да онға тарта проблема туындады: нарықтық инфрақұрылымның қалыптаспаған кезіндегі өнім еткізудің қиындығы, салықтың жоғарылығы, өтем қабілетінің төмендігі, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың болмауы және т. б. ауыл шаруашылығының жедел дамуына кедергі келтірді. Алайда жүргізілген реформалар өз жемісін де бере бастады. Ол, әсіресе, 90-жылдардың соңында айқынырақ байқалды, ал XXI ғасырдың басында түбегейлі өзгеріс орнады. Тауар рыногы молайып, кезекке тұру жоғалды, жәрдемақы, еңбекақы уақытында берілетін болды. Теңге едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар меншігі келмеске кетті. Жекешеге берілген мыңдаған орташа және ірі кәсіпорындар жұмыс істей бастады. Қарапайым азаматтардың тіршілігі едәуір жақсарды. Қаңырап бос қалған көптеген ауыл мен селолар жандана бастады.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанына куә болып отырмыз. Дағдарыс біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Алайда тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет орнату оңайға түспегені белгілі. Қазақстанның тоталитарлық жүйенің күйреуінен кейінгі экономикалық саланы қайта құру тәжірибесі бұл қиындықтарды да жеңіп шығады деген сенім ұялатады [1].

3. Қазақстанның нарықтық экономикаға өту барысындағы проблемалары және қиындықтары

Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып - дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заңның үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған.
Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1. Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2. Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3. Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5. Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6. Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес.
Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Қазақстан -2030 даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады.
Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды "сонан кейін" деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, "голландық ауруға" немесе семіздік ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.
Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында - Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру.
Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек.
Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті.
Қоғамдағы келісім - шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет.
Келісім - шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс.
Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара-бар заңнаманың болуы өте-мөте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет.
Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді делінген.
Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.
Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.
1993 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімбеков Экономикалық теория
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Лизинг шартының орындалу тәртібі
Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары
Экологиялық мәселенің мәні
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі
Пәндер