Терроризмнің психологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Террористік қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

М А 3 М Ұ Н Ы
Кіріспe3

1 Қазіргі заманғы терроризімнің шығуы және оның мәні
1.1 Терроризм түсінігі және оның пайда болу себептері
1.2 Терроризмнің психологиясы
1.3 Экетремизм және терроризм: түрлері, айырмашылығы
1.4 Орталық Азия және Қазақстанда экстремизм мен терроризмнің
таралуы

2 Терроризм қылмысымен күресудің жолдары мен әдістері
2.1 Терроризммен күрестің әлемдік тәжірибесі
Терроризм тенденциясы және онымен күресу әдістері
Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қарсы іс-әрекеттің механизмі
және қүқықтық реттеу

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

ТЕРРОРИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ЖƏНЕ ОНЫМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ

Соңғы уақыттарда əлемнің түрлі елдерінде болып жатқан жан түршігерлік сан-қилы оқиғалар көп мемлекеттер үшін терроризмнің аса күрделі проблемаға айналып отырғандығын көрсетсе керек. Замана дерті саналатын осынау қоғамдық қауіпті көріністің кең етек алып, өрттей қаулап бара жатқаны мемлекетаралық жəне ішкі саяси, əлеуметтік - экономикалык, тарихи, ұлттық, діни, тағы басқа факторлардың үлкен қайшылықтарға ұрынуымен түсіндірілмек.
Осынау жағдайды ескере отырып, соңғы кездері əлемдік қауымдастықтар терроризмге қарсы күрес шараларын белсенді түрде ұйымдастырып жүзеге асыруда.
Қазақстан тəуелсіздік алғалы бері терроризмге тікелей душар болмағанын атап өткеніміз жөн. Бұл сөз жоқ, республика басшылығының реформа барысындағы салауатты саясатының жемісі болса керек. Алайда, егеменді Қазақстанның əлемдік қауымдастық елдер қатарына енуімен қатар террористік топтардың оған деген қызығушылығының пайда бола бастағаны да жасырын емес. Сонымен қатар дипломатиялық, коммерциялык, ғылыми-техникалық жəне гуманитарлық байланыстар да күн санап артып келеді. Көптеген мемлекеттер Қазақстанда өздерінің дипломатиялық, сауда, тағы басқа өкілеттерін ашуда. Олардың арасында террористік жəне экстремистік əрекеттерге ұшыраған ұйымдар да, азаматтар да бар (АҚШ, Израиль, Иран т.б.).
Ресей, Тəжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріндегі қанды оқиғалар экстремистік топтардың өз мұраттарына жету үшін ештеңеден тайынбайтындығын тағы да дəлелдеп бергендей. Демек, тап осындай ахуал кез келген уақытта біздің елімізде де орын алуы мүмкін.
ХХ ғасырдағы терроризм адамзат тарихында алғаш рет геосаяси, ішкісаяси, ұлттық жəне идеологиялық мүдделерді қорғау мен оны ілгері бастыруда күшті қарулардың біріне айналып отыр.
Терроризм - қазіргі заманда əр түрлі нысанда кеңінен таралған, алдын ала болжануы қиын аса қауіпті құбылыс. Сондықтан терроризмді құбылыс ретінде зерттеу өте қиын. Ең алдымен, бұл терроризм ұғымының жан-жақты қабылданған ортақ түсінігі болмағандығымен тікелей байланысты. Терроризмде сірə, барлығына келеңсіздік туғызатыи жалғыз аспект бар, ол - күш көрсету. Тіпті террордың идеологтары мен орындаушыларының өздері террордың күш көрсету екендігімен келіседі. Бүкіл əлемдік адамзат тарихында адамдар күш көрсетуді жиі пайдаланды жəне қазір де одан бас тартып отырған жоқ. Сонымен, "күш көрсету" дегеніміз қоғамдық қатынастардың жаңа формасы да, өзіндік ерекшелігі бар "жаңа əлемдік тəртіптің" де, қазіргі заманғы мəселелерді шешудің де ерекше түрі емес. Күш көрсетуге сүйенетін террор негізінде ешқандай жаңалык əкелмейді. Оның террор ішіндегі басқа элементтерден өзгешелігі, террордың күш көрсетуді мақсатқа жетудің жалғыз жолы ретінде таңдап алуы болып табылады.
Терроризмнің ең қысқа жəне айқын анықтамасының бірі: "терроризм дегеніміз саяси мақсаттағы дəлелді күш көрсету" -дей отырып, күш көрсету терроризмдегі басты орындардың біріне қойылады. [1, 7б]. XIX ғ өзінде - ақ террор идеологтары (Бланки, Мост, Гейнцен, Бакунин) күш көрсетуді адамзаттың неғұрлым əділетті əлеуметтік құрылымға "жылжуының" қажетті нысаны- деп саналады. Сонымен, жер бетінде неліктен əділеттілік орнату ісінде күш көрсетудің айтарлықтай маңызы бар деген пікір орын алып келеді. Дегенмен, бұл идеяның түп тамыры тереңде жатқан болуы керек. Сондықтан бар мəселе заңды қоғамның да, терроризмнің де əділеттілікті қалай түсінуінде жатқан сияқты. Егер жалғыз адам немесе адамдар тобы қоғамды өзгертуге бағытталған белсенді əрекеттерін əділетті деуге құқықты болса, онда олардың пікірі бойынша жүзеге асырылатын террор өзін-өзі ақтайды. Бұл терроризмнің аса маңызды шегі болып табылады.
Соғыс саясаттың жалғасы болып табылса, сондай-ақ террор да қоғамды экстремалды, бірақ заңды құралдар арқылы, қайта құрудың формасы болып табылады.
Қазіргі кездегі терроризмнің негізгі қозғаушы күші осы заманның əралуан шешілмеген мəселелері болып табылады. Əр түрлі елдердің дамуы арасындағы айырмашылық, дамушы елдердің дамыған елдерге қарағанда тұрмыс жағдайларының нашарлығы, кедейлік, жұмыссыздык, сыбайлас жемкорлық, сауатсыздык, дамушы елдердің жоғарғы билік өкілдерінің кез-келген жолмен билікті сақтап қалуға ұмтылуы - осының барлығы ақырында терроризмнің туындауы үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл туралы "Орталық Еуразия" жобасының директоры Э.Рихтер "терроризм теңсіздік, əділетсіздік пен қуғындау орын алған жабық қоғамдарда өркендейді" деп көрсетеді. [2, 14 б] Алайда, терроризмді əлеуметтік-экономикалық факторлармен ақтауға болмайды.
"Көбінесе террористер экономикалық сəтсіздіктерге, саяси қуғын мен əлеуметгік теңсіздікке өздерінің қанды акцияларын ақтайтын жағдай ретінде оларға сілтеме жасайды. Əрине бұл жағдайлар барлығына белгілі. Алайда олар бейбіт адамдарға қатысты жасалатын тікелей жəне психологиялық күш көрсету актілерін ақтай алмайды".[3, 42 б].
Əлемнің түрлі елдеріндегі террористік əрекеттерге жасалған талдау оның көп түрлі жəне көп қырлы құбылыс екендігін дəлелдейді. Халықаралық құқықта да, терроризм ұғымының нақты жəне ортақ анықтамасының болмауы да осыған байланысты. Сондықтан терроризмнің мəнін түсіну үшін оған түсініктемелік жұмыс жүргізейік. Терроризм ұғымы "террор", "террористік акт" түсініктерімен тығыз байланысты. "Террор"- (terror)- латын
тілінен аударғанда, "қорқыныш, үрей" деген мағынаны білдіреді. Құқықтық ортада "терроризм" ұғымының кеңінен таралған немесе дəлме - дəл анықтамасы жоқ. Сондыктан бұл ұғымды түсіну үшін анықтамалық əдебиетке жүгінейік. Мысалы, С.И.Ожеговтың орыс тілі сөздігінде: "террор-саяси қарсыластарды күш жұмсау арқылы жою, тіпті өлімге бұйыруға дейін бару" деп көрсете отырып, "террорлауды - террормен, күш көрсетумен қорқыту", "террорист" -жеке террорлық актіге қатысушы немесе қолдаушы " деп анықтайды. [4, 691 б].
Бұл жерде терроризм жеке түрде көрсетіліп отыр, бірақ террор бұқаралық сипатта да болады. Сондықтан бұл анықтама терроризмге тұтастай түсінік бере алмайды. Бұл жағдайда біз тағы бір - шетел сөздерінің сөздігін алып қарастырамыз. Онда: "террор- күш көрсету шаралары арқылы саяси қарсыластарды басу, қорқыту саясаты" - делінген. Бүл жердегі "қарсыластарды" деген сөз террордың бұқаралық сипат алғанын көрсетеді. [5, 505 б].
Ал, террор туралы анықтаманы "əскери энциклопедиялық сөздікте" өте қатаң түрде келтіреді. Онда былай делінген: "террор-саяси немесс таптық қарсыластарды күш көрсетудің барлык құралдарымен қорқыту тіпті адамдарды жоюға дейінгі əрекетке бару". [6, 736 б].Бірақ мұның барлығы локальды түрде көрінеді, себебі саяси қарсыластар барлық уақытта белгілі бір шеңберде өмір сүреді. Мысалы, мемлекеттік, биліктік, парламенттік ресми құрылымдар мен институттік шеңберлерде. Сондыктан XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындағы бұқаралық сипат алып отырған террорға бұл анықтама əлі де болса сəйкес келмейді.
Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Орталық Азия аймағында пайда болған жаңа тəуелсіз мемлекеттер тек əлеуметтік-экономикалық ғана емес, сонымен қатар əлеуметтік-мəдени жəне идеологиялық мəндегі күрделі мəселелерге тап болды. Іс жүзінде барлық Орталық Азиялық елдер исламның саясаттануының өткір мəселесімен бетпе-бет келіп, сол кеңес дəуірінен кейінгі кезеңдегі аймақтарда діни экстремизм мен терроризмнің таралу мүмкіндігінің басты алғышарты болды. [7, 137 б]. Осы жағдай туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев өзінің "Сындарлы он жыл" деген еңбегінде былай деді: "Ғаламдық қарама-қарсылық сейілгеннен кейінгі "идеологиялық ваккум" ахуалында, көптеген мұсылман елдерінде (соның ішінде, бұрынғы КСРО республикаларында) исламды қауырт саясиландыру байқалды. Индустриялы елдердің экономикалық дамуы мен басқа мемлекеттер арасындағы бел алған пропорциялық сəйкессіздік батыстық либерализмнің кердең қадамына жел беріп, бұқара көпшіліктің санасына бүгінгі дүние тіршіліктің əділетсіздігі туралы ұғым ұялатты." [8, 91 б].
Сонымен исламды саясиландыру ықпалында жоғарыда айтылған елдерде діни экстремизмнің əртүрлі формада таралуы көп жағдайда біркелкі белгілер мен ұқсас факторлардың нəтижесінде болып отыр. Орталық Азиялық елдермен бір экономикалық, саяси, əлеуметтік-мəдени кеңістікте тұрған Қазақстанда діни экстремизмнің шығуы мен таралуының кейбір жақтары орын алуы мүмкін. Н.Ə. Назарбаевтың еңбегінде бұл туралы былай көрсетілген: "Қазірдің өзінде Орталық Азиялық аймаққа халықаралық экстремистік жəне террористік топтар ықпалының тарай бастауы біздің аймақ үшін де айқын қауіп-қатер болып отыр. Соңғы кездері Орталық Азия республикаларында, осы елдердің саяси тұрақтылығын бұзуға қауіп төндіретін үгіт-насихат тактикасы халықаралық террористік ұйымдар тарапынан мейлінше қарқын алып отырғанын байқамауға болмайды. [8, 92 б].
Исламды саяси мақсатта қолдану ТМД елдерінің біразында əртүрлі формада көрінеді. Мысалы, ислам жалауын автономия құру мақсатында қолдануы - Грузияда Аджария, Молдовада Гагаузия, Ресейде Татарстан, Башқұртстан, Ингушетия, Дағыстан жəне Шешенстан.
Діни экстремизм мен терроризмнің исламдық бағыттағы Орталық Азия кеңістігінде таралуы мынадай обьективті себептерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Терроризм: қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Қазақстанның әскери - саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Діни экстремизммен күрес
Қылмыскер тұлғасының негізгі типтерінің криминологиялық сипаттамасы
Пәндер