Тау туризмінде жорықтарды ұйымдастыру мен жүргізу тактикасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
жоспар:
1 таулы жерлерде белсенді жорықтарды ұйымдастыру үрдісі
1.1 Жоспарлаудың жалпы негіздері
1.2 Жаттығуларды кезеңге бөлу
1.3 Жоспарларды құрастыру
1.4 Спорттық жетілдіру кезеңдері

2 ТАУЛЫ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАСТАРЫ
2.1 Таулы жерлерде белсенді жорықтарды ұйымдастырудың тактикалық дайындығы
2.2 Таулы жерлерде белсенді жорықтарды ұйымдастырудың техникасы

Пайдаланылған әдебиеттер
3
3
4
6
6
8
8
12
17
1 таулы жерлерде белсенді жорықтарды ұйымдастыру үрдісі
1.1 Жоспарлаудың жалпы негіздері

Жоспарды дұрыс құрастыру үшін, сондай-ақ жаттығу сұрақтарын білу керек (жаттығушылық, жаттығушылық деңгейі мен көрсеткіштері, жаттығушылықты арттыру, артық жаттығу).
Жаттығушылық - ағзаның аса жоғары жұмыс қабілеттілігімен сипатталатын, спортшының күйі. Альпинистің жыл бойғы жаттығуы барысында жаттығушылықтың үш деңгейін ажыратады - әдеттегі, жоғары және ең жоғары.
Әдеттегі жаттығушылық деңгейі - таудан келгеннен кейін, күзде, белсенді демалыс кезінде болатын, жұмыс қабілеттілікті сәл көтерілген күйі. Жоғары жаттығушылық деңгейі - спортшының денсаулығына зиян келтірмей, ағзаға жоғары талаптар қоюға болатын кездегі спортшының күйі, көктемде, дайындық кезеңінің соңына таман, ал кейде, егер альпинист шаңғы спортымен белсенді айналысқан болса, қыста да байқалады. Жоғары жаттығушылық деңгейі кезінде альпинист, әдетте, басқа спорт түрлері бойынша әр түрлі жарыстарға және бақылау дайындықтарға қатысады. Ең жоғары жаттығушылық деңгейі - белгілі бір ерекше жұмыс кезінде ағзада өтетін барлық процестердің ең жақсы дайындығы мен келісілгендігі нәтижесінде ең үлкен жұмыс қабілеттілік күйі. Бұнымен қоса ағзаның күйі шыныққан, шыңға шығу аудандарының әр түрлі микроклиматтарына және ауа-райының барлық мүмкін өзгерістеріне үйренген, жүйке жүйесі спорттық күреске дайындалған. Альпинист көп түрлі альпинистік техниканы жетік игереді, биік тауға шығулар кезінде туындайтын, тактикалық тапсырмаларды шешеді. Мұндай күйді бірқатар жағдайлардың кездейсоқ немесе сәтті үйлесуі ретінде қарастыруға болмайды: бұл маңызды жаттығу жұмысының заңды қорытындысы.
Қозғалыстардың одан арғы өсуін жалғастыра беріп, біршама үлкен уақыт аралығында ағзаны ең жоғары жаттығушылық деңгейінде ұстауға болады, бірақ тек жақсы жоспарланған жүйелі жаттығу нәтижесінде ғана.
Бір жаттығушылық деңгейінен екіншісіне көшу жүктеменің өзгерістерімен байланысты. Бұл өзгерістер заңды өтуге тиіс, және жұмыс қабілеттілік жауапты шыңдаулар кезінде ең жоғары болуы керек.
Жаттығушылықты арттырудың мұндай процесі бірқатар спорттық жаттығу жылдары бойында өтуі керек.
Жаттығушылық көрсеткіштері. Жаттығушылықтың негізгі көрсеткіші - спорт нәтижелерінің өсуі. Бұл өсу альпинизмнің таңдаулы түрінде ғана емес, сонымен қатар басқа да физикалық жаттығуларда байқалуы керек.
Спортшының дайындалғандығы оның жекелеген сапалардың даму деңгейін көрсететін, бақылау жаттығуларын орындауы арқылы жүргізілуі мүмкін.
Жаттығушылықты арттыру. Жаттығушылықты арттыру моральдық, еріктік және физикалық сапаларды тәрбиелеу, тауларда қозғалу техникасын және жалпы физикалық дайындық негізінде сақтандыру тәсілдерін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.
Тауларда қозғалу техникасын және сақтандыру тәсілдерін жетілдіру разрядшыларға ғана емес, сонымен қатар спорт шеберлеріне де қажет.
Жетілдіру жаттығу барысында тауға шығу сапалары үшін қажетті одан арғы дамыту, тыныс алу органдарын және қан айналымын күшейту, бүкіл ағзаны аса жоғары жүктемелерге бейімдеу негізінде жүреді.
Жұмыс қабілеттілігін арттыру үздіксіз бір жаттығудан екіншісіне жүрмейді. Тек бұл жетілген жұмыс қабілеттілікті қолдау қажет болатын кезеңдері болады.
Аса жоғары жүктемелі жаттығуларды қол жетілген жұмыс қабілеттілік бекітіліп қолданылатын жаттығулармен кезектестіріп отырған.
Шамадан артық жаттығу.
Альпинистерді дайындау тәжірибесінде шамадан артық жаттығу жағдайлары сирек кездеседі. Бұл күштің үлкен көлемімен жоспарлық, мақсатқа сай жаттығулардың сирек оның үстіне соңғы жылдары ғана жүргізілетіндігімен түсіндіріледі.
Шамадан артық жаттығуға әкелуі мүмкін:
дайындалу кезеңінде:
- оның жеткіліксіз ұзақтылығы;
- шыдамдылықты дамытудағы аз көңіл бөлу;
- ағзаны жылдамдық жаттығулармен артық жүктеу.
негізгі кезеңде:
- акклиматизация кезеңінде үлкен күшпен жаттығу жұмысын арттыру немесе жалғастыру;
- үлкен күшпен жаттығуларды бір қалыпты өткізу, бұл ағзаның әржақты физикалық күштерге бейімделуін қамтамасыз етпейді;
- жақсы спорт формасы кезінде демалысты дұрыс кезектестірмеу, әсіресе шыңға шығулардан кейін жаттығу әдістемесіндегі қателер;
- альпинистің жеткіліксіз дайындықпен, ауру күйінде немесе енді ғана ауырып тұрып жарыстарға және шыңға шығуларға қатысуы,
- жаттығулардағы ұзақ уақыттық үзілістер.
Өзін-өзі бақылау күнделігі альпинист пен жаттықтырушыға шамадан артық жаттығу белгілерін байқауға және жаттығу режимін дереу өзгертуге мүмкіндік береді. Шамадан артық жаттығу кезінде жаттығуды бірден тоқтатуға болмайды: қарқынды жұмыстан тыныштыққа бірден көшу денсаулық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жүктемені біртіндеп азайту керек.

1.2 Жаттығуларды кезеңге бөлу

Жаттығулардың жыл бойғы циклі жұмыс қабілеттілікті жалпы арттыруды және жауапты жарыстардың; туризм бойынша чемпионаттардың, туристік техника бойынша біріншіліктің алдында туристердің жоғары спорттық қалпын қамтамасыз етуі керек. Жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бүкіл жаттығу кезеңі үш кезеңге бөлінеді: дайындық, негізгі, көшпелі, ауыспалы. Жылдық жаттығулар циклінде мұндай кезеңдердің саны мен ұзақтылығы жарыстардың күнтізбесіне және туристердің спорттың біліктілігіне байланысты. Тау туризміне қатысты негізгі кезеңді мамырдан қазанға дейін жоспарлау ұсынылады. Бұл уақытта таулы туризмнің техникасы бойынша жарыстар жүргізіледі.
Негізгі кезең жарыстар мен жарысалды жаттығулар сатыларына бөлінеді. Оның міндеттері: туризмнің техникасы мен тактикасын жетілдіру, физикалық және моралдық еріктік дайындықты қолдау, туризм бойынша спорттық жіктеулерінің нормативтік талаптарын орындау.
Негізгі кезеңде жаттығу және жарыстық күштер тұрақты болмауы керек. Ең жоғары жарыстық күштер демалысқа қатысты күндермен кезектеседі.
Дайындық кезеңінде туристер жалпы физикалық дайындалған дағдыларына ие болады, арнайы физикалық сапаларды одан әрі дамытады, моралдық- еріктік сапаларды күшейтеді, теориялық және тәжірибелік білімдер деңгейін арттырады.
Дайындық кезеңі жарыс және негізгі кезеңдердің алдында болады, және үш сатыдан тұрады.
Бірінші сатыда жалпы физикалық дайындық құралдарымен ағзаның функционалдық мүмкіндіктерінің жалпы деңгейі артады. Сатының ұзақтылығы туристердің біліктілігіне байланысты.
Екінші сатыда техникалық тәсілдер меңгеріледі, арнайы физикалық дайындық арқылы туристердің спорттық формасы жетілдіріледі.
Үшінші сатыда моралдық-еріктік сапалар мен тактикалық білімдерді дамытуды ескерумен спорттың форманың қалыптасуы аяқталады. Дайындық кезеңінің үшінші сатысынан кейін турист негізгі кезеңнің жарыстарының бірінші старттарына дайын болуы керек.
Дайындық кезеңінің барлық сатылары әртүрлі жарыстарды қамтуы мүмкін, олардың ролі негізгі кезеңнің спорттық жарыстарына қарағанда бақылау және оқытатын болуы керек.
Ауыспалы кезеңде (қараша) біртіндеп жаяу жарыстың ақырғы этаптың шеткі жүктемесінен дайындық кезеңінің бірінші этаптың бірыңғай жүктемеге дейін істелінеді. Ауыспалы кезең қажығандықтан түсу жарыстың толық қатарынан және ағзаның қалыпты қызмет етуін қалпына келтіруін сипаттайды. Келесі жыл айналым циклінің спорттық жаттығулардың басында турист демалу керек, бірақ соның кезінде толық спорттық пішінді жоғалтпау керек. Сондықтан демалу бұл кезеңде белсенді болу керек. Таңғы жаттығу, спорттық ойындар және жаттығулар, жеңілденген арқа қоржынмен туристік жорықтар - бұлар ауыспалы кезеңнің жаттықтырылған процессінің элементі болып табылады. Ауыспалы кезеңде қалпына келтірудің барлық амалдарын қолдану керек: педагогикалық, гигиеналық, физиотерапиялық және фармокологиялық.
Педагогикалық құралдар жаттықтыру сабақтарын дұрыс құрастырудан тұрады.
Гигиеналық құралдар тамақтанудың, еңбектің, демалыстың, шынығудың, жаттығулардың кезектесуінің нақты режимінен тұрады.
Физиотерапиялық құралдар массаждың әр алуан түрлерінен тұрады; күн, ауа, судың әсер етуі; моншаны және т.б. қолдану.
Фармакологиялық құралдар әр түрлі медициналық дәрілер, сусындар, таблетка және дәрігер ұсынған тамақтану азық-түлігі және күшті қалпына келтіруге арналғандарды ұсынады.

1.3 Жоспарларды құрастыру

Жаттығу процесі көпжылдық және жылдық жоспарлау негізінде құрылады. Жоспарлау құжаттары болып табылады: бағдарлама, оқу жоспары, жылдың оқу кестесі, жаттығу жоспары, сабақтар жинағы, сабақтар кестесі мен есеп журналы.
Туристік кадрларды дайындау қазіргі таңда мысалдық бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Көрсетілген бағдарламалар оқыту процесіне көңіл бөледі.
Көпжылдық дайындықтың оқу жоспары келешекті жоспарлаудың элементі болып табылады. Ол оқу- жаттығу процесінің жылдарды бойынша құрастырылады және негізгі бөлімдер бойынша сағат санының бөлінуін анықтайды. Оқу жоспарын келесідей құрастыруға болады:
Келешекті жоспар негізінде жаттығулардың жылдық күнтізбелік жоспары құрылып, онда ағымдағы жылға дайындық түрлері, көлемдері, құралдары бойынша жаттығу процесінің мазмұны толық ашылады. Нақтылау жоспарларының туризм бойынша Қазақстан чемпионатына қатысуға құрама командаларды дайындау үшін үлкен маңызы зор.
Жеке жаттығу жүктемелерін әзірлей отырып, ескеру керек: туристің жаттыққандық деңгейі, оның физикалық дайындығы және ағзаның белгілі бір жүктеме түрлеріне бейімделуі, жаттығулар қиындықтары мен оларды орындау кезінде психологиялық күш деңгейі.

1.4 Спорттық жетілдіру кезеңдері

Спорт түрі ретінде туризмнің ерекшеліктерінің бірі белгілі қиындықтағы және туризмнің түріне қатысты спорттық жорықтарды жетілдіруде жеткілікті қатаң реттелген жүйелілік болып табылады. Бұл қарапайымнан қиынға жүйелілік ережелермен анықталады және спорттық туристік жорықтардың белгілі бір қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Оның үстіне, спорт жорықтарының қатысушылары мен жетекшілердің жасы реттеледі.
Көпжылдық спорттық-туристік дайындықта бірнеше кезеңді бөлуге болады:
Дайындықтың таныстыру кезеңін спорттық туризмнің түрлерін кең қамтумен, айналысатындардың ой өрісі кеңейту үшін тәрбиелеу-сауықтыру мақсаттарымен мектеп туризмінің шегінде жоспарлаған жөн.
Дайындықтың таныстыру және бастапқы кезеңдерін спорттық-туристік дайындықтың бастапқы деңгейі құрайды, бұнда спорттық жетістіктер І және II к.к. жорықтары деңгейінде болады. Бұл деңгейде сәйкес бағдарламалар бойынша мектеп оқушыларын 3-жылдық дайындықты жоспарлауға болады. Нәтижесінде туризм бойынша спорттық разрядтың орындалуы қамтамасыз етіледі.
Дайындықтың бастапқы сатысы ІІІ к.к. спорттық жорықтарға қатысуды және І және ІІ к.к. жорықтарға жетекшілік етуді қарастырады. Нәтижесінде спорттық жорықтар бойынша жарыстарға туризм бойынша екінші разрядтың орындалуы қамтамасыз етіледі. Дайындықтың бастапқы сатысы қоғамдық туристік кадрлардың бастапқы дайындық деңгейіне сәйкес келуі мүмкін. Бұл дайындықтың жылдамдатылған мерзімі бір жылдан кем емес.
Дайындықтың мамандандырылған сатысы екі спорттық туристік жорықтарға қатысу мен жетекшілік етуді қарастырады: ІІІ (жетекшілік ету) және ІV (қатысу) к.к. Бұл дайындықтың нәтижесінде спорттық жорықтар бойынша жарыстарда бірінші спорттық разрядтың орындалуы қамтамасыз етіледі. Дайындықтың мамандандырылған сатысы қоғамдық туристік кадрлардың мамандандырылған дайындық деңгейіне сәйкес келуі мүмкін. Бұл дайындықтың жылдамдатылған мерзімі - бір жылдан кем емес.
Спорттық жетілдіру сатысы спорттық туристік жорықтарға ІV жәнеV к.к. қатысу мен жетекшілік етуді қарастырады. Бұл дайындықтың нәтижесінде спорттық жорықтар бойынша жарыстарда туризм бойынша спорт шебері кандидатының спорттық нормативтерінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Бұл дайындықтың жылдамдатылған мерзімі бір жылдан кем емес.
Спорттық шеберлік сатысын екі жылдан кем емес мерзімге жоспарлаған дұрыс. Бұл дайындықтың нәтижесінде спорттық жорықтар бойынша жарыстарда спорт шебері кандидатының спорттық нормативтерінің орындалуы қамтамасыз етіледі, жоғары спорт жетістіктерінің алғышарттары құралады. Спорттық шеберлік сатысы қоғамдық туристік кадрлардың жоғары дайындық деңгейіне сәйкес келуі мүмкін.

2 ТАУЛЫ ЖОРЫҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАМДАСТАРЫ
2.1 Таулы жерлерде белсенді жорықтарды ұйымдастырудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау туризмінің бағыттары
Туризм түрлері
Зеренді өлкесі
Әнші Бархан, Іле өзені бойымен сплав, Ақ тас туристік-экскурсиялық маршрутын өңдеу
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
Туризмнің белсенді түрлері
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі ұғымдары. Жорықтың мақсаты мен міндеттері тактикалық өңдеудің мазмұны мен әдістемесі
Спорттық-сауықтыру туризмі туралы
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Экскурсияның белгілері мен функциялары
Пәндер