Ақшаның айналыс құралы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ АЙНАЛЫСЫ
1. 1 Тауар-ақша қатынастарының экономикалық мәні және ақшаның қызметтері
1. 2 Қаржылық тауар - ақша қатынасындағы рөлі
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖШС «FIAL» МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
2. 1 ЖШС экономикалық құрылымын талдау
2. 2 Тауардың өтімділігі пен активтердің айналым коэфиценттерін бағалау
2. 3 Қаржылық рентабельділікті бағалау және капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау
3 ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
9
12
12
14
22
28
31
33
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сан алуан өзара байланыстар ақша арқылы қауышып, жүзеге асып жатады. Сонымен бірге ақша тауарлар айналысынан бөлектеніп, біршама өз алдына қозғалыс жасайды. Осы қозғалыстың нәтижесінде, біріншіден, мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың және халықтың ақша қорлары құрылады, екіншіден, ақша айналысының өзі түзіледі. Экономикалық қатынастардың айрықша нысаны ретіндегі қаржы ұғымы осы ақша қорларының қозғалысымен тікелей байланысты және ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастардың кең көлемін қамтиды. Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категориясының жүйесінде (ақша, баға, несие, пайда, жалақы т. б. ) тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен сипатталады.
Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелу кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар- ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды.
Қаржы аталымы тұңғыш рет «ақшалай төлем» мағынасымен ХІІ-XV ғасырларда Италияда кең қолданылды. Кейін ол халықаралық дәрежеде таралып кетті және ақша қатынастары жүйесімен, мемлекет өзінің әлеуметтік-экономикалық функцияларын орындауға жұмылдырылатын ақша ресурстарын жасаумен байланысты ұғым ретінде қолданыла бастады. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын ақша тасқынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Экономикалық өмірде қоғамның сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушының қаражаттарының қозғалысы түрінде бейнеленеді. Құбылыстарда бұл құбылыстар нақты ақшамен немесе нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде көрінеді. Алайда ақшаның кез-келген қозғалысы қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі экономикалық категориялардың-бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын қауыштырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: кәсіпорынның, фирманың бір-бірімен нақты ақшасыз жасасатын есеп айырулары; негізгі капиталға жұмсалатын амартизациялық соманы есептеу; пайданы бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің, кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражаттар төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар.
Қаржының қажеттігі тауар-ақша қатынастарының болуымен байланысты. Тауар өндірісі иен дамыған нарықтық айырбас кезінде өндіріп, оны бөлу екі нысанда натуралды-заттық және құндық нысанда жүргізіледі. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық нысандағы өнім қозғалысын жүзеге асыратын белгілі ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Ақша қорлары қозғалысының процесінде пайда болатын ақша қатынастары, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрайды. Бұдан қаржыны өндірістің объективті түрдегі қажеттілігі категориясы деп айтуға болады.
Алайда, қаржы ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең қаржы тек, ақша қорларының қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен оларға бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналасын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарында да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі теп - теңдік) бұл әдіске тең өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасқан ақша қатынасының қаржылық емес, өзіндік өзгешелігі болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: тауар-ақша қатынастары және қаржы жүйесін, оның түсінігін талдау болып табылады. Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
- тауар-ақша қатынастарының экономикалық мәні және ақшаның қызметтерін талдау;
- қаржылық тауар - ақша қатынасындағы рөлін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС «FIAL» мысалында талдау
- тауардың өтімділігі пен активтердің айналым коэфиценттерін қарастыру;
- қаржылық рентабельділікті бағалау және капитал құрылымының көрсеткіштерін бағалау;
- тауар-ақша қатынастарында кездесетін мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, мазмұннан, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАУАР-АҚША ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ АЙНАЛЫСЫ
1. 1 Тауар-ақша қатынастарының экономикалық мәні және ақшаның қызметтері
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Оларға:
- жалпыға тiкелей айырбастау ;
- айырбас құнының дербес формасы ;
- еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi, яғни оның өтiмдiлiк қасиетi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ақша экономикадағы мәнiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес түрлi қызметi бар:
- Құн өлшемi және баға масштабы;
- Айналыс (айырбас) құралы;
- Төлем құралы;
- Қор және қазына жинау құралы;
- Дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi - мемлкетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Ақшаның айналыс құралы . Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады. Ақшаның айналыс құралын негiзiнен әйгiлi экономис А. Смит құптаған болатын.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз айналыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:
- тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
- банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мiндеттеме;
- сақтандыру мiндеттемелерi;
- әкiмшiлiк - сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары .
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелгенкезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланысты екенi анық. Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т - А - Т айналымының екi актiлерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:
- кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
- банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.
Дүниежүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады. Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.
Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.
Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.
Бреттон - Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.
1. 2 Қаржылық тауар - ақша қатынасындағы рөлі
Тауар айналымы белгілі бір уақыт кезеңінде ақшалай түрде сатылған және сатып алынған тауар көлемі, яғни өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын өткізудің (сатудың) жиынтық қүнын бейнелейтін экономикалық көрсеткіш.
Айналыс аясындағы тауар қозғалысы, тауардың өндірушіден түтынушыға ауысу үдерісі, яғни тауардың ақшаға айырбасталуымен жөне өндірістен тұтынуға етуімен байланысты үдеріс. Ол көтерме сауда және белшек сауда айналымы түрінде болуы мүмкін. Тауар айналымытранзиттік және қоймалық түрлеріне ажыратылады. Транзиттік тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды жеткізушіден (өндірушден) өз қоймасына апармай, тауар алушыға тікелей жөнелтіп, сатады. Қоймалық тауар айналымында кетерме сауда фирмасы тауарды өз қоймасына қабылдап, қоймалық өңдеуден өткізеді, кажет болған жағдайда тауарларды жиынтықгайды, со-нан соң белшек саудаға жөнелтеді немесе өңдірістік үдерістің кезекті сатысына жібереді.
Тауар-ақша қатынастары - маркстік саяси экономияның нарықтық қатынастар деген ұғымды білдіретін термині. Мұнда оқшауланған тауар өндірушілер бір-бірімен қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы байланысқа түседі. Бұл қатынастар нарық, тауарларды сатып алу-сату, айырбастау арқылы көрініс табады. Нарықтық қатынастардың тауар белгісі - бір заңды немесе жеке түлғаның тауар-ларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір заңды не-месе жеке тұлғалардың осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба.
Тауар белгісі өнімді дараландыру тәсілі болып табылады, бұл тәсілді меншіктену құқығы заң бойынша зияткерлік меншікке жатқызылады. Тіркелген Тауар белгісіне куәлік беріледі. Тауар белгісі ретінде сөз, бейне, келем және басқа таңбалар немесе олар-дың күрамдастырылған түрлері тіркелуі мүмкін. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қыскэртылған немесе толық атауларын; ресми бақьшау таңбаларын, кепілдікті жөне сынамалық таңбаларды, мөрлерді, наградалар мен басқа да. айырым белгілерін білдіретін таңбалар тауар белгісі ретінде тіркеуге алынбайды. Дегенмен, осы құзырлы органдардың немесе иелерінің келісімі болса, олардың тауар белгісіне қорғалмайтын нышандар ретінде енгізілуі мүмкін. Тауар белгісі заңмен корғалады және оны тауар үшін тауар белгісі ретінде тіркелген бүкіл тауарға немесе оның бір белігіне қатысты жасалған шарт бойынша басқа бір заңды және жеке тұлғаларға беруге болады. Сонымен бірге тауар белгісінің иесі (ли-цензиар) Тауар белгісін пайдалану құқығын лиценз. келісім бо-йынша басқа тұлғаға (лицен-зиатқа) беруі мүмкін. Тауар белгісімен қатар белгілі бір фирманың бір тауарын емес, барлық тауарларын таңбалау үшін символ-белгі түріндегі сауда таңбасы (кейде оны фирмалық белгі деп те атайды) мен шығарылатын онімге смсс, шыгаруіпы фирмаға тиесілі сауда атауы да пайдаланылады. Заң жүзінде қорғалған тауар белгісі, әдетте дөңгелек сызықпен қоршалған ла-тынша К. әрпімен - ® таңбаланады. Тауар таңбасың иеленушінің оны пайдалануға заңмен қорғалған айрықша құқығы болады. Тауар белгісі (сауда таң-балары) фирмалық тауарларға, орамаларға (тоғанақтарға), сызбаларға, анықтамалықтарға, шоттарға, бланкілерге, зат-белгілерге және тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен қоса жүретін басқа да құжаттамаларға соғылады. Тауар белгісі зияткерлік белгілерге жатады және негізгі құрал-жабдықты ақыға сатып алған жагдайда айналым-нан тыс активтердің күрамында есептеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz