Тіршілік ету ортасы
Тақырыбы: Сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне әсері
Жоспар
Кіріспе
1 СЫРТҚЫ ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ АҒЗАНЫҢ ТЫНЫС АЛУ МҮШЕСІНЕ ӘСЕРІ
1.1 Сыртқы орта факторлары туралы жалпы түсінік
1.2 Сыртқы орта факторларының организмге әсер етуінің жалпы заңдылықтары
2 СЫРТҚЫ ОРТА ФАКТОРЛАРЫНЫҢ АҒЗАНЫҢ ТЫНЫС АЛУ МҮШЕСІНЕ ТИГІЗЕТІН ЗАРДАБЫ
2.1 Тыныс алу мүшелерінің аурулары
2.2 Ағзаның тыныс алу мүшесіне өнеркәсіптердің зиянды әсері (Ақтөбе қаласының мысалында)
3 ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІН ЖАТТЫҚТЫРУ, ШЫНЫҚТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
5
9
12
12
14
21
26
28
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.
Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
Осы зерттеуде алға қойылған сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне әсері н айқындау міндеті жергілікті және аймақтық көлемде экологиялық деңгейді айқындап жүйелеуде, олардың тек адам денсаулығы жағдайына ғана емес, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздік тұрақтылығына да аса қатты қатер туғызып отырғандығы, оларды шешудің негіздерін белгілеуді қажет етеді, бұның өзі зерттеу тақырыбын Сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне әсері деп анықтаудың өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: Сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне әсері айқындау және оның жиілігін болжаудың және алдын алу әдістерін қарастыру.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
- сыртқы орта факторлары туралы жалпы түсінік беру;
- сыртқы орта факторларының организмге әсер етуінің жалпы заңдылықтарын түсіндіру;
- сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне тигізетін зардабына кеңінен тоқталу;
- тыныс алу мүшелерінің ауруларын сараптау;
- ағзаның тыныс алу мүшесіне өнеркәсіптердің зиянды әсері (Ақтөбе қаласының мысалында) туралы мағлұматтар жинастыру;
- тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың объектісі - сыртқы орта факторлары.
Курстық жұмыстың пәні - экология ғылымы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 Сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне әсері

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары - тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бөлшектелмейтін элементі. Бұл анықтамада экологиялық факторлардың мынандай критерийлеін ерекше атап өту қажет.
1. Ортаның қарастырып отырған элементінің одан әрі бөлшектенбеуі. Мысалы, су қоймасының тереңдігін немесе тіршілік ету орнының теңіз деңгейінен биіктігін экологиялық фактор ретінде қарастыруға болмайды, себебі тереңдік суды мекендеуші организмдерге тікелей емес, қысымның артуы, жарықталудың кемуі, температураның төмендеуі, еріген оттегінің азаюы, су тұздылығының жоғарлауы, т.б. арқылы әсер етеді; биіктіктің әсері температураның, атмосфералық қысымның төмендеуі арқылы жүзеге асырылады.Шын мәнінде температура, жарықталу, тұздылық және т.т. тірі организмдерге тікелей әсер етуші сыртқы ортаның экологиялық факторлары ретінде білінеді.
2. Экологиялық фактордың әсері тікелей емес, аралық буындар арқылы берілуі мүмкін, яғни бұндай жағдайда ол көптеген себеп-салдарлық байланыстар арқылы ықпал көрсетеді. Экологиялық факторлардың аралық буындар арқылы ықпал етуінің мысалын құс базарынан көруге болады.
Құс базарларында құстар орасан көп шоғырланады. Бұнда басты рольді биогендік заттар атқарады; құстардың саңғырығы суға түседі; судағы органиканы бактериялар минералдандырады, соған байланысты осы жерлерде балдырлар шоғырланады.Бұл өз кезегінде планктондық организмдердің, негізінен шаян тәрізділердің концентрациясының артуына әкеліп соғады. Соңғылармен балықтар қоректенеді, ал олармен базарды мекендеуші құстар қоректенеді. Демек бұл жерде құс саңғырығы экологиялық фактор ретінде көрінеді.
Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалық әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері экологиялық тұрғыдан салыстыруға келеді, өйткені әрқашанда организмдердің тіршілік әрекетінің өзгерісі арқылы білінеді, ал бұл, ақырында, популяция санының өзгеруіне әкеліп соғады.Осы тәуелділікті талдау, оның төмендегідей заңдылықтарын атап көрсетуге мүмкіндік береді;
1. фактордың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік ету үшін ең қолайлы жағдай туады: бұл жағдайлар оптималды жағдайлар деп аталады.
2. фактордың мөлшері оптималдық жағдайдан неғұрлым көбірек ауытқыса, дара организмдердің тіршілік әрекеті де солғұрлым нашарлай түседі; осыған байланысты қалыпты тіршілік ету аймағы айқындалады.
3. фактор мөлшерінің дара организмдер қалыпты тіршілік ете алатын аралығы төзімділік шектері деп аталады; төзімділіктің төменгі және жоғарғы шектері ажыратылады.
Сонымен, қоршаған орта факторлары 3 топқа бөлінеді:
1.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б.
2.) Биотикалық факторлар - тірі организмдердің әсері.
3.)Антропогенді факторлар - адамның әртүрлі іс-әрекетінің әсерлері.
1.Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 - сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы);
Топырақтың әсері (химилялық құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері); гидрологиялық факторлар(судың тұнықтылығы, күн сәулесінің түсуі, құрамы, қысымы, ластануы т.б.); жер бедерінің әсері.
2.Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері жатады.
3.Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.
Антропикалық фокторлар дегеніміз - айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әректінің тікелей немесе жанама әсері.Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бұкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады.Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.
2. Ортаның факторлары және ағзалардың оған адаптациясы.
1) Орта және орта факторлары, оларды топтау.
2) Ағзаға орта факторларының әсері етуінің кейбір жалпы заңдылықтары.
3) Адаптация биологиялық құбылыс ретінде.
4) Тіршілік ету ортасы.
Мекен ету ортасы деп, әдетте ағзалардың табиғи денелермен және құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз.
Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы бойынша 3 топқа бөлінеді.
1. Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.)
2. Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар - кейбір уақыттарда қайталанады-ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.
3. Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, тар. бетпақталада т. б.).
Белгісіз әсер етуші факторлар-бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті үшін өте қауіпті.
Жарық және мінез-құлық бағдарлануы. Жануарлардың мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық әсері өте маңызды.
Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз. Күн сәулесі осы жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және олардың тіршілік салтын, мінез құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану тәсілдері, жыныстық белсенділіктері т. б.
Ағымдар және оттегі. Көптеген тіршілік орталарында жануарлар ағымының әсер етуін сезінеді. Ауа және су ағымдар болып бөлінеді және жануарлардың таралуында қоршаған ортаның реттеуші факторы болып табылады. Олардың әсері екі жақты: біріншіден, ағымдар жануарларға әртүрлі заттар және жылу әкелсе, екіншіден, олар жануарлардың өзін басқа жаққа орнын ауыстыртады.
Ауа ағымдары горизантальды түрде тұратын жел сипатта және жер бетінен шығатын термальды түрде болып бөлінеді.
Суда да ағымдар бар. Су ағымының жылдамдығы ауа ағымына қарағанда аз болып келеді. Ол сарқырамаларды үлкен шамада-6 м. секундқа дейін. Ең қуатты су ағымы мұхитта болады, жылы Гольфстрим ағымдарында немесе суық компенсациялық ағымдарында.
Зат алмасу процесінде көпшілік жануарлар үшін оттегінің ролі өте зор. Ол тыныс алуға қатысады.
Ересек адамдардың қанында гемоглабиндік байланысқан оттегінің мөлшері 1 метрге дейін болады. Гемоглобин көмегімен О2-ткандерге таралады және сіңіреді.
Жануарлар үшін О2 негізгі зат тіршілік үшін қажетті. Жер бетіндегі оның таралуы түрлердің таралу шекарасын анықтайды. Оттегінің болуы шешуші фактор болып табылады, одан жануарлардыңәртүрлі мекен ету орталарына таралуы тәуелді. О2 таралуы: Ауадағы оттегі, топырақтағы О2, таяз судағы О2, теңіз О2-сі, паразиттердегі О2.
Ортаның абиотикалық факторларына бейімделу.
Температура мен ылғалдылықтың әсер етуі. Антрактиканың шөлді мұзында t0-ра -880С дейін төмендесе, Жердің сусыз шөлдерінде көлеңкеде +580С дейін көтеріледі. Орталық Европаның ормандарында оңтүстік жағында ыстық жазда 400С дейін жетсе, солтүстік жағында 200С дейін барады. Жердің барлық жерінде тіршілік таралған. Бірақ бір тіршілік иесі әлемде бүкіл жердегі t0-ра диапазонын көтеруі мүмкін емес. Сондықтан кез - келген жануарлардың таралуы мекен еткен жерімен шектеледі, сол температурамен бейімделеді.
Көптеген жануарлардың дене температурасы қоршаған ортаның температурасына байланысты өзгеріп отырады. Мұндай жануарлар өзгеруінің дене температурасын реттей алмайды, және пойкилотермдік жануарлар деп аталады.
Жануарлардың аздаған түрлері дене температураларын белсенді реттей алады, мұндай жануарлардың дене температурасы тұрақты және оларды гомойотермдік деп атайды.
Қоршаған ортаның температурасының өзгеруіне өте төзімді жануарлар эвритермдік, ал тек белгілші температураның өзгеруіне ғана аз төзетін жануарлар стенотермдік деп аталады.
Ылғалдылықтың жеткілікті мөлшері- Жердегі барлық организмдердің өмір сүруінің негізгі шарты. Организмдегі болатын барлық тіршілік процестері су ерітіндісінде жүреді.
Әдетте жануарлар денесінің 50% астамы судан тұрады. Мысалы : үй жануарларының 59%, адам денесі 64%, ұлу 70%, балықтарда 75% және жоғары, медузаларда 99% т. б.
Көптеген жануарларда ылғалдылықың көп немесе аз болуына байланысты организімдерінде тірішілік ету орталары арасында өзара байланыстар (бейімделу механизмдері) қалыптасқан.
Август Тинеманн деген биологтың айтуынша космостық шырмалымға барлық тірілер кіреді және соған бағынышты. Тіршілік көзі- күн сәулесі.
Биотикалық факторларға адаптация.
Тамақтану және түр аралық байланыстар. Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.
Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорилер суды жұта отырып, оны сүзедіде өз қорегін аулайды. Молюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.
Гүлдер мен өсімдіктер. Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар Екі өзендік мемлекетінде құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік).
Х.К.Шпренгель Табиғаттың ашылған сыры еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің балауыз қасиеттері сол өсімдікті тозаңдыратын насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасы кектар соратын мүшесі ұзын болып келеді. Оңтүстік америка көбелегі- тұмсықтар өте ұзын гүл формасына байланысты. Шмель - аконит
Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
1) Қоректену немесе трофикалық байланыс.
2) Топикалық байланыс - (грекше топос - орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.
3) Форикалық (латынша форас - сыртта)- бұл байланыс бір ағзаныцң басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды.
Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.
Ю.Либихтың Минимум заңы немесе шектеуші факторлар ережесі. Бұл ереженің мәні келесіде: шектен тыс аз немесе шектен тыс көп фактор (қауіпті нүктенің қасындағы) организмнің күйіне ықпал етеді, сонымен бірге, басқа факторлардың әсерлерін шектейді. Бұл заңның өмірде практикалық маңызы зор. Организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып, мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.
Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.
Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін.
Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады. Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі организмдерді күн сәулесінен қорғайды. Заттардың биологиялық жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртегі оксиді мен диоксидінің және т.б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.
Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энергетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өpic, жарық , ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының және өндірісте қолданылатын шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияға байланысты болады. Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90%-ын көмір қышқыл газы мен су буы құрайды (бұлар әдетте ластағыштар қатарына кіргізілмейді). Техногенді шығарындылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақ олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни, тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммиак, хлор, фторлы сутек жатады.
Осы себептерге байланысты қазіргі таңда адам денсаулығының нашарлауына байланысты, таза табиғи орта - Қазақстан 2030 стратегиясын іске асырудың негізі болып қабылданғандықтан жобаның негізгі мақсаты Ақтөбе қаласының ауа бассейні қандай себептерге байланысты ластанғандығын ашып көрсету.
Жобаның негізгі мақсатына сүйене отырып, төмендегідей міндеттер қойылды:
:: Өнеркәсіптен шыққан улы газдардың шамадан тыс көптігін дәлелдеу;
:: ЖЭО тастамаларындағы ластандырғыш заттарға тоқталу;
:: Тиісті шаралардың уақытылы жүзеге аспайтындығын көрсету;
Ғалымдар, экологтар ғана емес, жұмысы мұнай кен орындарымен байланысты көптеген адамдар - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Үкімет теория жүзінде бұл бағыттың маңызды екенін көптен бері айтуда. Тіпті алғашқы жобалардың бірін бекітіп, мүмкіндігінше жақын арада іс жүзінде қолға алынатынын да айтты. Алауларда газдарды жағу арқылы Қазақстан бағалы энергетикалық ресурстардан қағылып отыр. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеруіне әсер ететін қуатты көздердің бірі. Соңғы уақытқа дейін республикада атмосфералық ауаны ең қатты ластайтын көздерге, әсіресе, күлі көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендерді де жатқызып келді. Экономикалық дағдарыс кезінде қалада амалсыздан көптеген өнеркәсіп орындары тоқтап қалды. Алайда қала атмосферасындағы көміртекті оксиді мен азот оксидінің мөлшерінің артуы саны күннен-күнге көбейе түскен автокөліктер есебінен болды. Қазақстанның үлкен қалаларында көп тараған химиялық ластаушы - күкіртті газ (күкіртті ангидрид). Зерттеулер өкпе паталогиясы мен атмосфералық ауаның ластануының арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетеді. Күкіртті ангидридтің мөлшерінің көбеюі бронхиалды астма мен созылмалы бронхит ауруының асқынуына алып келеді.
Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер - автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Зерттеу мәліметтері бойынша антропогендік әсерден атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна көміртегі оксиді, 190 млн тонна күкірт оксиді, 65 млн тонна азот оксиді, 1,4 млн тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), көмірсутектің, қорғасынның органикалық қосылыстары, сондай-ақ қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді заттар бөлінеді. Ең таза ауа мұхит бетінде. Ауылдық жерлерде ауа құрамындағы шаңды қоспалар мұхит бетімен салыстырғанда 10 есе, кішігірім қалаларда 35 есе көп. Ал үлкен қалалар үстінен қара тұманды байқауға болады. Мұнда шаңды қоспалар мұхитпен салыстырғанда 200 еседен аса көп. Лас ауа ірі қалаларда 1,5-2 км биіктікке дейін созылады. Бұл лас тұман жазда күн сәулесінің 20%, ал қыстың күні онсыз да күн сәулесі аз болғандықтан жартысын Автокөліктерден бөлінетін заттар. Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі.
Автокөліктерден бөлінетін газдар - 200-дей заттардың қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көмірсутектер болады. Транспорт моторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді.
Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді. Қалыпты жағдайда қозғалтқыштан бөлінетін газдың құрамында СО2 - 2,7% болса, жылдамдықты түсірген жағдайда - СО2 3,9%-ға, ал жай қозғалған кезде - 6,9% дейін көбейеді. II валентті, IV валентті СО2 ауаға қарағанда салмағы ауыр, жердің бетіне жақын жиналады. Сондықтан тротуарда, бесік- арбада отырған нәресте СО2-ын анасынан көп жұтады. Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі - көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары. Ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі. Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.
2 Сыртқы орта факторларының ағзаның тыныс алу мүшесіне тигізетін зардабы
2.1 Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан басқа -- ауатамыр мен өкпенің қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады.
Аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе кабынады. Өкпе кабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды. Адам жөтелгенде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мұндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.
Ауатамырдың қабынуы. Баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Науқас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзаққа созылуы да мүмкін.
Тыныс демікпесі. Ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл -- булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және т.б. иісі және көңіл-күйдің езгеруі де әсер етеді. Негізінен, тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бертпе шығады. Ауру ұстағанда -- өкпенін шырышты қабықшасы ісініп, ауатамырлардың түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді.. Демікпеден сақтану үшін организмді шынықтырып, ты-ныс тынысы тарылады, наукас булығып, сырылдап дем алады, беті көгеріп, күре алу жаттығуларымен шұғылданып, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру құжет.
Туберкулез ауруы. Туберкулез ауруын туғызатын кох таяқшасы бактериясы. Ол түшкіргенде, сөйлегенде 1 -- 2 метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37 -- 37,5 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы наукастың ас ішетін ыдысынан, сүлгісінен, тесек орнынан да жүғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның организміне байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни имму-нитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бүзылмайды. Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтын ауаға таралуына жол бермеуі кажет. Ауруды дәрігер ғана емдей алады.
Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Мұрын қуыс-ында толып жатқан қалташықтар бар. Олар ауаны жылытады. Суық күндері салқын тиіп ауырудан сақтайды. Мұрынмен ты-ныс алу -- - тісті бүзылудан сақтайды. Өндірістерде лас ауаны тазарту үшін желдеткіштер, шаң-тозаң ұстағыштар орнатылса, ал үйдегі шаң-тозанды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек.
Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері. Темекінін түтінінде ете улы зат -- никотин бар. Темекі түтшнің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне 20 тал темекі тартатын адам 90 миллиграмм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартканда -- адам уланады: басы айналады, жүрегі кағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінін бәріне зиянды өсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркенді, қабындырады , қорғаныш қабілеті нашарлаған шырышты қабық аркылы ауру туғызатын микробтар еркін өтеді. Сондықтан темекі тартатын адамдар суық тию және т.б. аурулармен жиі ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе обырымен ауырғандардың 97 %-ы темекі тартушылар. Себебі, темекіні ұзақ уакыт тарткандыктан, жара пайда болады.
Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады. Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы ты-ныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің механорецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс -- өздігінен реттеле алатын құбылыс.
Мұрын қуысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі -- түшкіру пайда болады. Көмей, кеңірдек және ауа-тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі -- жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс шығару кызметтері гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2 көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2 тыныс сыртқа шығарылады.

Экологиялық ахуал бойынша республикалық рейтинг бойынша Қарағанды және Павлодар облысынан кейін Ақтөбе облысы 3-ші орын алып отыр. Соған қарап-ақ, облыстың экологиялық жағдайын аса жақсы деуге болмайды. Ақтөбе қаласы және Мұғалжар ауданының экологиялық ахуалы қиын деп бағаланса, ал Хромтау ауданының ахуалы қауіпті саналады. Бұл - Ақтөбе жұртшылығын қатты алаңдатып отырған өзекті мәселе.
Автотранспорт санының өсуіне байланысты Ақтөбе қаласы ауасының ластануы күрт жоғарылап бара жатыр. Алматыдан кейінгі ауасы ең лас қалалардың бірі- Ақтөбе дегенді естігенде, еріксіз ойға қаласың. Таудың ортасында, ойпатты ойықтай жерде жатқан Алматыдағы жағдай түсінікті. Бұл шаһардың тұрғындары үп етіп соғатын самал желдің өзіне зәру. Содан барлық түтін төбелеріне қайтып қонады. Амал жоқ сол түтінмен демалады. Ал жап-жазық даладағы, бір тынық күні болмайтын Ақтөбенің көк түтінге оранғанға қалай? Ауасы неге таза емес? Өндіріс ошақтарынан шығатын түтінге ғана емес, көлік түтініне тұншығып жатыр екен. Облыстағы ауаны ластаудан алғашқы орында Ақтөбе қаласы тұр. Облыс орталығындағы автокөліктер 70 481 тонна қалдықты ауаға шығарса, аудандардың үлесінде 7 мыңнан астам зиянды зат бар. Бұл есепті 3 539 көрсеткіші бойынша Хромтау ауданы бастап келеді. Көліктерден бөлінетін зиянды заттар - сажа, формальдигид, сутегі қышқылы, екі қышқылды азот, екі қышқылды күкірт және альдегид, т.б. Әрі жолдарымыз нашар және тар. Көлікті жиі тоқтатып-жүргізген сайын зиянды қалдық ауаға көбірек бөлінеді. Сөйтіп, бөлінген қалдық зардабын ең бірінші тұрғындар тартады. Неге? Себеп - түтіннің төменнен жоғарыға көтерілетіндігінде. Мәселен, үлкен зауыттардың мұржасы ұзын болғандықтан зиянды зат адам тыныс алатын 5-10 метрде емес, жоғары ауа қабатында тарайды. Ал, автокөлік шығаратын қалдық адамның дәл мұрнының астынан өтетіндіктен, тыныс алу жолдарын улай отырып, өкпеге сіңеді. Осының себебінен адам әртүрлі ауруға шалдығады.
Бұл айналып келгенде адам ағзасын улайды. Тек өткен жылмен салыстырғанда Ақтөбеде көлік саны 10 мыңға өсіпті. Ақтөбе облысында 170 мыңнан астам көлік болса, былтыр бұл көрсеткіш 160 мың еді. Соның 85 пайызы Ақтөбеде жүр. Көбі және шетелдік көліктер. 2010 жылы Қазақстанға 200 мыңға жуық көлік әкелініпті. Соның 5-6 мыңы Ақтөбе облысына тиесілі. Сол 200 мың көліктің 37 мыңы ғана жаңа, қалғаны пайдаланылған, ескі машиналар. Оның ішінде 60 мың көліктің зауыттан шыққанына 3 жылдан асса, 140 мың көлік 7 жылдан астам айдалған. Мәселе көліктің ескілігінде емес, көлік-құралдарының зияндылығында болып отыр. Себебі, ескі көліктер ауаға зиянды қалдықтар таратады. Ескінің аты ескі . ескі болған түрлі техникалық ақаулары болады. Сөйтіп, шетелдік машиналар елімізге келіп, дайын қоқысқа айналуда. Бірақ, соған қарамастан еліміздің ішкі базарларында ескі көліктер сұранысқа ие. Өйткені, халықтың қалтасы су жаңа иномаркалардың құнын көтере алмайды. Сондықтан, жұрт ескі болса да, шетелдік көліктерді амалсыз сатып алады. Әрине сапасы нашар ресейлік көліктен жақсы деген уәж айтатындар көп. Алайда сапасыз жанар-жағармай құйылатындықтан, ол көліктер шыдамай, тез істен шығып жататынын мойындамай болмайды. Сондықтан көшеде ағылған көліктердің көбінің көк түтінді будақтатып кетіп бара жататындығына өзіміз күнде куә боламыз. Сондықтан да, Қазақстанда зиянды қалдықтардың 80 пайызы көліктен шығады. Елімізде сол автокөлік газынан ауасы ластан-ған 4 қала бар екен. Олар - Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент. Бір жылдың ішінде тек ақтөбелік көліктердің өзі ауаға 55 500-ге жуық тонна қалдық шығарған. Осы неше түрлі улы қалдықтары бар көлік түтінімен ластанған ауамен демалған қала тұрғындары арасында тыныс жолдары ауруымен ауыратындар қалай көбеймесін. Қала ішінде ойқастаған саны көп көліктер кептелісте тұрып түтіндерін будақтатқанда, қайда барарыңды білмейсің . Көлік саны көбейсе көбейсін. Бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсарғандығының белгісі болар. Тек, техникалық жағдайы нашар көліктің иелері түтіндетіп, ауаны ластап жатқандарын бір сәтте болса ойланса ғой дейміз. Рас, қазір көлік бағасы аспандады. Енді асқан қалталылар болмаса, қатардағыларға жаңасын алу жағы неғайбіл. Сондықтан, мініп жүрген көлігіңе бір сәт те болса қарап, бұзылған жерін жөндеп, түтіндетпеу жағын ойланса екен. Сонда ғана ондай жүргізушілер тек өзінің қалтасындағы қаржыңы үнемдеп қана қоймайды, қоршаған ортаны қорғауға да үлес қосады.
Ақтөбе - Қазақстандағы ауасы ең лас бес қаланың ішінен ойып орын алады дейді жергілікті экологтар. Ауада формальдегид, азот, күкірт қышқылы жылма-жыл көбейіп келе жатқандығы соншалық, осы қауіпті газдардың жиынтығы қалыптағыдан 4 есеге ұлғайып кеткен.
Сондықтан да экологиялық қалыпсыз жағдай ауру түрлерінің көбеюіне тікелей себепші болып отыр. Қазақстандағы адам өлімінің 20 пайызы осы экологияның нашарлығынан деді экологиялық жағдайды талқылауға бас қосқан жиында биология ғылымдарының докторы, академик Андрей Корчевский.
Биыл ғана Тобыл-Торғай экология департаменті болып атауын өзгерткен мекеме жыл сайын осы уақытта облыстағы экологиялық жағдайды сараптайтын жиын өткізеді. Қоршаған ортаның ластануы жөнінде талай мәселе қозғалады да, артынша құр әңгіме күйінде қалып қояды. Айналаға зиян тигізген қандай да бір алып кәсіпорын осыған дейін жұмысын тоқтатқан емес.
Ақтөбе облысы экологиясын ең бірінші бүлдіруші кәсіпорын - СНПС-Ақтөбемұнайгаз акционерлік қоғамы дейді жергілікті табиғат қорғаушылар. Мұнай кәсіпорыны жиырма жылдан бері ауаға зиянды қалдықтар шығарып, Мұғалжар ауданының экологиясын құртып бітті. Бұл жақта мұнай шығаратын кеніштер және ең бастысы газ өңдейтін зауыттары орналасқан. Ауаға таралатын зиянды қалдықтардың 60% СНПС-Ақтөбемұнайгаз лақтырады дейді жергілікті экологтар.
Экология министрлігі 2010 жылдан бастап елдегі барлық мұнай кәсіпорындарына мұнаймен бірге шығатын ілеспе газды босқа жағуға тыйым салатындығын мәлімдеді. Оның орнына төңіректегі елдімекендерге газ жүргізіп, газ өңдеуші зауыттар салуды міндеттеді.
Экология министрлігінің экологиялық тұрақтандыру және бақылау комитетінің төрағасы Мұрат Рахымбергенов қоршаған ортаға өрескел зиян келтірушімен қатаң сөйлесетіндігін тағы бір мәрте еске салғанымен, іс жүзінде жағдай басқаша қалыптасуда. Экологтардың қара тізімінде тұрған СНПС-Ақтөбемұнайгаз кәсіпорыны 2009 жылы ауаға шығаратын қалдықтар мөлшерін 50% одан әрі ұлғайтуға дәл сол Астанадағы министрліктің рұқсатын алып келді.
Осыған дейін қытайлықтар үлесіндегі әлгі кәсіпорын ауаға рұқсат етілген мөлшерден 30% артық қалдық шығаратын. Экология министрлігінің сөзі бір бөлек те, ісі бір бөлек. Биыл мұнай өндіру көлемі былтырғыдан артық емес. Ендеше, қытайлық кәсіпорын қалдық шығаруды қандай негізге сүйеніп арттыратындығы тағы белгісіз.
Мәселенің екінші жағы бар. СНПС-Ақтөбемұнайгаз Жаңажолдағы мұнай өңдеуші зауытты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz