Ұсыныс қисық сызығының пішіні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І бөлім. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МОДЕЛІ
1.1 Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы
1.2 Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
1.3 Нарықтың тепе-теңдік моделі

ІІ бөлім. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ
2.1 Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі
2.2 Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі

ІІІ бөлім. РЫНОКТЫҚ МЕХАНИЗМДЕГІ СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС
3.1 Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі
3.2 Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

5
5
6
9

12

12

17

18

18

19

24
25

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан -- 2030 Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл -- ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. [3]
Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б. кіреді.
Сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатынг ақша солмасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербеулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың теп - теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады.
Рыноктағы тепе - теңдікті орнататын экономикалық құралдар болады. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала анықтайды.
Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсыныс сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір - бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады.
Тақырыптың өзектілігі. Сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәнін аша отырып,оларға әсер ететін факторларды талдау. Нарық моделінің көмегімен, экономикалық ортаның өзгерістері баға мен сатып алатын тауар санына әсер етеді деген болжауды әрі қарай дамыту. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізінде нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептерін түсіндіру.
Курстық жұмыстың мақсаты- бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатын нарықтың қызмет істеу механизмін талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:
- Сұраныс пен ұсыныс ұғымдарына теориялық сипаттама беру;
- Нарықтық тепе-теңдікті, сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетін анықтау;
- Ұсыныс пен сұраныстың нарықтық экономикадағы рөлін талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні-сұраныс пен ұсыныстың белгілі бір факторлардың әсерінен өзгерісін,икемділігін анықтау,нарықтық тепе-теңдікке жету жолдарын талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде микроэкономикалық теориядағы сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыздылығы алынған.
Мен Нарықтық жүйе:сұраныс пен ұсыныс атты курстық жұмысымда еліміздің экономикалық өсу барысындағы сұраныс пен ұсыныстың қажеттілігін, байланысын және пайдалылығын қарастырамын.

І - бөлім. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МОДЕЛІ
1.1 Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы

Сұраныс - нарықтың ұсынатын бағасының әрбір шамасымен тұтынушылардың сатып ала алатын немесе сатып алуға дайый тауарларының санын көрсетеді.
Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді:
1. Зерттеп отырған тауардың бағасы (Р).
2. Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs, Рc).
3. Тұтынушылардың ағымдағы табыстары (I).
4. Тұтынушылардың талғамы мен қалаулары (Z).
5. Тұтынудың объективті (сыртқы) жағдайлары (N).
6. Тұтынушылардың күтуі (Е).
Сұраныстың осы көрсетілген факторларға тәуелділігі - сұраныс функциясы деп аталады:

Мұндағы Qd -- сұраныс көлемі.
Сұраныстың бағалық функциясы: Qd = f(Р).
Тауардың бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті график арқылы көрсетуге де болады:

1-сурет. Сұраныс қисығы

Сұраныс қисығы - қарастырып отырған тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс қисығының бойымен жылжу баға өзгергендегі сұраныс көлемінің өзгерісін білдіреді.
Сұраныс заңы - сұраныс шамасының баға деңгейіне тәуелділігінің заңы: тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, оны сатып алу көлемі соғұрлым көп болады және керісінше.
Сұраныс өзгерісінің баға деңгейіне кері тәуелділігі үш себеппен анықталады: бағаның төмендеуі сатып алушылардың санын көбейтеді, олардың сатып алу қабілетін жоғарылатады, арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алуды тиімді қылады.
Сұраныс қисығының бойымен қозғалу - сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Ол бағаның өзгеруіне байланысты сатып алынатын тауар көлемінің өзгеруін анықтайды.
Бағалық емес факторлар өзгергенде қарастырып отырған затқа сұраныс қисығы түгелімен не оңға, не солға жылжиды, оны сұраныстың өзгеруі деп атаймыз.
Р мен В-ның өзара әрекеттесуін кері бағытта қарастыруға да болады: Р = f(Р) - бұл сұраныстың кері функциясы. Сұраныстың кері функциясының экономикалық мағынасы: тауардың көп мөлшерін тек қана төменгі бағамен сатуға болады.

1.2 Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

Ұсыныс - сатушылардың берілген уақытта белгілі бір бағамен сатқысы келетін немесе сатуға дайын тауарларының саны.
Ұсыныс көлемінің қалыптасуы кезіндегі жағдайларды ұсыныс факторлары деп атайды.
Ұсыныс факторлары:
1. Қарастырып отырған тауардың бағасы (Р).
2. Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (Рs, Рс).
3. Өндіріс шығындары мен технология деңгейі (С).
4. Салықтар мен субсидиялар (Т).
5. Өндірістің объективті (сыртқы) жағдайлары (N).
6. Өндірушілердің күтуі (Е).
Ұсыныс функциясы - S шамасының оны анықтайтын факторларға тәуелділігін көрсетеді:

мұндағы Qs-ұсыныс көлемі.
Ұсыныстың бағалық функциясы:

Qs= f(Р)

Ұсыныс қисығы -- тауардың бағасы мен оның нарықтағы ұсыныс көлемінің арасындағы тәуелділіктің график түріндегі көрінісі.

2-сурет. Ұсыныс қисығы

Ұсыныс қисығының бойымен жылжу - баға өзгергендегі ұсыныс көлемінің өзгерісін білдіреді.
Ұсыныс заңы - тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын, оны ұсыну көлемі де соғұрлым көп болады.
Ұсыныстың баға өзгеруіне реакциясы төмендегілермен түсіндіріледі:
1) өндіріс саласындағы фирмалар баға жоғарылаған кез-де резервтегі және тез іске қосылатын жаңа өндіріс қуаттарын пайдаланады, ал бұл өз кезегінде ұсынысты жоғарылатады;
2) бағаның тұрақты түрде жоғарылауы байқалса, онда басқа өндірушілер осы өндіріс саласына кіруге ұмтылады, ал бұл жағдай тауар өндірісін және оның ұсынысын одан сайын жоғарылатады.
Ұсыныстың өзгеруі - бағалық емес фактордың әсерінен ұсыныс қисығының не жоғары солға, не төмен оңға жылжуын білдіреді.
Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады да графикалық - ұсыныстың қисық сызығы түрінде бейнеленеді. Ұсыныс қисық сызығының оңды ылдиі, еңкіштігі бар. (3 сурет)
P S

Q
3-сурет. Ұсыныс қисық сызығы

Ұсыныс көлемінің өзгеруі ұсыныстың бағалық емес детерминаттары ықпалымен болып жатады - өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны, бұл графикта ұсыныс қисық сызығының жылжуымен бейнеленеді. (4 сурет).
Ұсыныстың бағалық емес факторларының кез келген өзгерістері (соңғыны санамағанда), экономикалық мағынада өндіріс шығындарының өзгеруінін білдіреді, яғни тауар өндірісінің арзандауын немесе қымбаттауын. Сонымен, нарықтық ұсынысының қисық сызығы ұсыныс бағасының қисық сызығы болып келеді - сатушылар тауардың осы санын сатуға дайын ең төмен бағасы. Ұсыныс бағасы тауарды өндіру шығындарын жабуға тиісті, сондықтан, неғұрлым ол төмен болса, нарықта тауардың соғұрлым аз саны сатылады және керісінше.
S2
P S
S1

Q
4 сурет. Ұсыныс қисық сызығының жылжуы.

Ұсыныс қисық сызығы нарық сұранысының сипатына байланысты өз кескінін, пішінін өзгертеді. Қисық сызықтың ең көп таралған түрі 5 суретте көрсетілген: алдында ұсыныс шамасы өседі, бірақ белгіленген шектен кейін ұсыныс қисық сызығы тік болып кетеді. Бұл өндірістік ресурстар (қорлар) таусылып, өндірістің өсуіне мүмкіндіктің жоқ екендігін білдіреді.
P S

Q
5 сурет. Ұсыныс қисық сызығының кескіні (пішіні) - (конфигурация).

Кей жағдайларда ұсыныс қисық сызығы кері еңкішті болуы мүмкін: бағаның өсуіне қарай ұсыныс белгіленген деңгейге дейін өседі, ал оған жеткенде - қысқарады. (6 сурет). Қисық сызықтың мұндай пішіні ауысу әсерімен (А1 нүктесінен В нүктесіне дейінгі аралықтағы) және де табыс әсерінің кейінгі әрекетімен (А1 нүктесіне дейінгі аралықтағы) түсіндіріледі.
P
А1
В 6 сурет. Ұсыныс қисық
сызығының пішіні
А
S
Q
Мысал ретінде еңбек нарығындағы ахуалды (жағдайды) келтіруге болады: күнделікті қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткілікті еңбекақының деңгейіне жеткеннен кейін, жалдамалы жұмысшы жалақының өсіруін талап етеді. Ауысу әсерінің әрекеті бос уақыттың баламалы құны - жалақының өсу жағдайында бос уақытты жұмыспен ауыстыруда тұрады. Табыс әсерінің әрекеті табыс өскен сайын жұмысшы көбірек бос уақытқа ие болуға тырысады. Бұл ахуалды біз келесі тақырыптарда толық және тыңғылықты қарастырамыз. 6 сурет. - ұсыныс қисық сызығының кері еңкіштігі (ылдиі). Ұсыныс қисық сызығы сонымен бірге уақытша аралықпен де себептелуі мүмкін. Ағымдағы кезеңде (IR - immediate run) өндіріс факторларының бәрі тұрақты, өзгеріссіз тұрғанда, ұсыныс қисық сызығы тік болады.
Қысқа мерзімді кезеңде (SR - short run), кейбір факторлардың өзгермелі (құбылмалы) жағдайында сұраныстың қисық сызығы жайпақтау болып келеді. Ұзақ мерзімді кезеңде (LR - long run) өндіріс факторлары құбылмалы, айнымалы жағдайында ұсыныс қисық сызығы одан сайын жайпақ болады. (7 сурет)
P S P S P

S

Q Q Q
7 сурет. Ағымдағы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдердегі ұсыныстың қисық сызығы.

1.3 Нарықтың тепе-теңдік моделі

Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі және олардың үйлесімі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асады. Бұлар нарықтағы тепе-теңдік пен теңдестік бағаның құрылуына зор ықпалын тигізеді.
Нарықтық тепе-теңдік - бұл нарықтағы тауарларға сұраныс пен олардың ұсынысы тең болатын жағдай.
Тепе-теңдік баға (Р) - бәсекелестік күштердің әсер етуі нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіретін баға.

8-сурет. Нарықтық тепе-теңдік

Нарықтағы тепе-теңдік жағдай сұраныс пен ұсыныстың көмегімен орнатылады.
Тепе-теңдік бағаның орнатылуын талдау екі тұрғыдан қарастырылады: Леон Вальрас және Альфред Маршалл көзқарастары.
1. Л. Вальрас әдістемесінде ең бастысы - сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің арасындағы айырма болып есептеледі.

9-сурет. Л. Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік

Егер нарықта ұсыныс артықшылығы (Р1 бағасында) болса, онда сатушылар арасындағы бәсеке нәтижесінде баға төмендеуі (Р-ге дейін) болады да, соның салдарынан артықшылық жойылады.
Егер нарықта сұраныс артықшылығы немесе тапшылық (Р2 бағасына сәйкес) болса, онда сатып алушылар арасындағы өзара бәсеке бағаны жоғарылатып, тапшылықты жоюға алып келеді.

10-сурет. А. Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік

А. Маршалл әдістемесінде ең бастысы - бағалар (Р1 мен Р2 ) арасындағы айырма болып табылады. А. Маршалл сатушылар бәрінен бұрын сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының арасындағы айырмаға көңіл аударады деп тұжырымдаған. Осы алшақтық неғұрлым көп болған сайын, ол соғұрлым ұсыныстың жоғарылауына (немесе төмендеуіне) себепші болады.
Ұсыныс көлемінің жоғарылауы (немесе төмендеуі) осы айырманы азайтады және соның арқасында тепе-теңдік бағаның орнауына себепші болады.
Л. Вальрас болжамы бойынша тапшылық жағдайында сатып алушылар, ал тауарлар артықшылығы жағдайында сатушылар бел-сенді іс-әрекет жасайды. А. Маршалл болжамы бойынша барлық уақьггта нарықтық конъюнктураның қалыптасуындағы басым күш - кәсіпкерлер болады.

ІІ - бөлім. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ

2.1 Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі

Нарықтағы жағдайларды зерттеген уақытта сұраныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициенті пайдаланылады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициенті.
Сұраныстың икемділік коэффициенті - зерттелгелі отырған сұраныс функциясының факторы 1%-ға өзгергенде сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пай-даланылады. Олар мыналар:
- бағалық икемділік коэффициенті;
- табыстық икемділік коэффициенті;
- қиылысқан икемділік коэффициенті.
1. Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ға өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың бағалық икемділігін Ер(D) анықтағанда төмендегідей икемділік коэффициенттерін қолданамыз:
Еd = - нүктелік икемділік.
Е=-доғалық немесе сызықтық икемділік.
- 1 және 2-кезеңдегі сұраныс көлемі;
Р1, Р2 - 1,2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Сұраныстың бағалық икемділігінің (СБИ) шамасы теріс сан болады Еd (D) 0, себебі тауар бағасы төмендегенде сұраныс көлемі жоғарылайды және керісінше, тауар бағасы жоғарылағанда сұраныс көлемі төмендейді. Бірақ икемділікті бағалаған кезде көбінесе бұл көрсеткіштің абсолюттік мәні қолданылады (минус таңбасы ескерілмейді).
Егер Еd 1 болса, онда тауарға сұраныс икемді болады.
Егер Е 1 болса, онда тауарға сұраныс икемсіз болады.
Егер Е = 1 болса, онда тауарға сұраныс икемділігі 1-ге тең болады.
Егер Еd = 0 болса, онда тауарға сұраныс өте икемсіз болады.
Егер Е -- оо болса, онда тауарға сұраныс өте икемді болады.

11-cурет.

Егер Еd 0 болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары болады.

12-сурет. Икемділігі бірге тең сұраныс

Бұл аталғандардан басқа екі ерекше жағдай бар екенін айта кету керек:
1. Қарастырып отырған тауарды тұтынушылар сатып алатын тек бір ғана баға болады. Бағаның кез келген өзгерісі тауардан толық бас тартуға (егер баға жоғарыласа) немесе сұраныстың (D1) шектен тыс көбеюіне (егер баға төмендесе) әкеледі. Бұл жағдайда сұраныс абсолютті икемді болады, икемділік керсеткіші шексіздікті көрсетеді.
2. Тауар бағасының өзгеруі сұраныс көлемін (D2) ешқандай өзгерте алмайды, мұндай сұранысты абсолютті икемсіз немесе өте икемсіз дейміз. 13-суреттен көретініміз сұраныс қисығы вертикаль түзу болады және баға қалай өзгерсе де сұраныс өзгермейді.
Сұраныс икемділігіне әсер ететін негізгі факторларды қарастырайық:

13-сурет. Ерекше жағдайлар

1. Қарастырып отырған тауарды ауыстыратын тауарлар (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым сұраныс икемді болады.
2. Қарастырып отырған тауардың тұтынушы бюджетіндегі үлесі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым икемділік жоғары болады.
3. Қажетті тауарларға (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) сұраныс икемділігі төмен болады.
4. Қарастырып отырған тауарды пайдаланудағы мүмкіндіктердің (бағыттардың) алуан түрлі болуы да икемділікке әсер етеді. Бұл мүмкіндіктер алуан түрлі болған сайын икемділік жоғары болады.
5. Бағалық икемділікке әсер ететін басты көрсеткіштің бірі - уақыт факторы.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы - тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы - бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.
- Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
- Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
Нарық тепе-теңдігі тұтынушыға да, өндірушіге де пайдалы (олжалы). Микроэкономикада мұндай пайдалар тұтынушылар мен өндірушілердің артықтары деп аталады. Тұтынушы мен өндіруші артықтарының сомасы қоғамдық пайданы құрайды. Тұтынушының артығы - нақты тұтынушының тауарға сұраныс бағасы мен тауар үшін төлеген баға арасындағы айырма. Мысалда түсіндіріп көрейік. 14-ші суретте белгіленген тауарға нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) көрсетілген, тепе-теңдік бағасы - 100 доллар, ал сұраныстың тепе-теңдік мөлшері - тауардың 5 данасы. 180 доллар тұратын тауарға сұраныс 1 құрайды (график бойынша), яғни бір тұтынушы осы тауарды 180 долларға алуға дайын, бірақ, іс жүзінде ол тауарды тепе-теңдік бағамен (100$) сатып алады. 180$ - сұраныс сомасы, ал сұраныс бағасы мен тепе-теңдік баға араларындағы айырым тұтынушының артығын (немесе оның ұтымын) құрайды.
Осы тәсілмен басқа тұтынушылардың артықтары анықталады, ал сомалық артық (180 - 100) + (160 - 100) + (140 - 100) + (120 - 100) = 200 құрайды. Артық шамасы АРЕ Е үшбұрыш көлемімен бірдей, (дәл келеді).

200 A S
180
160
140
120
100 PE E
D
1 2 3 4 5
14 сурет. Тұтынушы артығы

Өндірушінің сомалық артығы - оның тауар үшін алынған нарық бағасы мен ұсыныс бағалары, яғни тауар сатуға дайын бағалар араларындағы айырма. Оны сәйкес мысалмен көрсетуге болады. (15 сурет); өндірушінің сомалық артығы құрайды (100 - 20 + (100 - 40) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс және ұсыныс моделі
Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс және сұраныс заңы
Өнімнің өзіндік құнын талдау
Микроэкономика пәнін зерделеу
Олигополия жағдайындағы бағаның құрылуы
Бүйірлік сызықтардың құрылысы
«Инженерлік графика I» пәнінен оқу әдістемелік кешені
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Сұраныс пен ұсыныстың теңдігі
Пәндер