Сот отырысын ашу


М а з м ұ н ы
К і р і с п е . . . 6
1-тарау. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қозғау тәртіптері
- Талап арыз бойынша азаматтық істі қозғау тәртібі . . . 8
1. 2 Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу . . . 17
1. 3 Азаматтық істерді түп нұсқасында қарау . . . 20
1. 4 Бірінші сатыдғы сот актілері мен шешімдері . . . 37
2-тарау. Азаматтық істі қарауда іс жүргізуді кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру тәртіптері
2. 1 Істі қарауды кейінге қалдыру түсінігі . . . 43
2. 2 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтау немесе тоқтата тұру . . . 45
3-тарау. Азаматтық сотта іс жүргізу түрлері
3. 1 Бұйрық арқылы іс жүргізу түсінігі . . . 53
3. 2 Ерекше талап қоюмен іс жургізу - азаматтық істі сотта
жүргізу түрі . . . 57
3. 3 Ерекше іс жүргізу түсінігі . . . 66
Қ о р ы т ы н д ы . . . 69
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 71
К І Р І С П Е
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бап 2-тармағына сәйкес, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы [1. 7 б. ] .
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды орган болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Соттардың тәжірибесінде азаматтық істер көпшілігінде берілген талап арыздар негізінде қозғалады, яғни материалдық (мүліктік немесе мүліктік емес) даулы ұмтылыстардың сотта қаралуының кең таралған әмбебап түрі - талап қою бойынша іс жүргізу (талап қою өндірісі) деуге болады.
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жыл тамыз айының 17-ші жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық қорғау органдарын жетілдіру қажеттігі айтылып, соның ішінде сот органдарының алатын орны ерекшелігіне аса көңіл бөлінген.
ҚР сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік орган болып табылады, азаматтық істер бойынша да шешім шығарып, әділдікке апаратын ең басты органның бірі. Қылмыстық іс бойынша шығарылатын үкімдер де, азаматтық іс бойынша шешімдер де заң негізінде барлық талаптарды қамтамасыз етіп, әділ төрелігін жүргізеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге құқық салаларының арасында маңызды орынды иелейді. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптері, АІЖК-нің құқықтық негізі Конституцияда белгіленеді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, онда азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйе құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау қажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Сонымен, азаматтық іс жүргізудің мәні болып, оларда құқықтың және оның ең маңызды институттарының демократиялық белгілері мен жалпы бағытының айнасы көрінетіндігі, осыған байланысты олар осы құқық саласының түбірін, жалпы түрде оның және дербес институттарының қоғамдық сипатын түсінуге мүмкіндік беретіндігінде.
Азаматтық іс жүргізу сатыларында соттың қатысуы міндетті, өйткені сот іс жүргізуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда өзінің қызметін жұмылдырады. Азаматтық іс жүргізуге соттың қатысуы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын ашып көрсетеді. Соттың азаматтық іске қатысуы халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді.
Соттың азаматтық іске қатысуының мазмұны демократиялық бағытта болады және заң нормаларымен бекітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, сот төрелігінің жүзеге асуын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қарауын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу түсінігін дұрыс т алқылау қажет.
Дипломдық жұмыстың объектісі - сотта азаматтық істі қозғау және олардың конституциялық негіздері.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - азаматтық іс жүргізудің заңи нормалары, ҚР-ның Конституциясы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - сотта азаматтық істі қозғау түсінігін талқылау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 72 бетті құрайды.
1-тарау. Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қозғау тәртіптері
- Талап арыз бойынша азаматтық істі қозғау тәртібі
Мемлекетте азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Азаматтық және шаруашылық істерді сотқа дейін әзірлеу жүргізу сот төрелігін жүзеге асыру болып табылмайды. Сондықтан Республиканың Конституциясында сот төрелігін жүргізетін органдардың арасында алдын ала тергеу жүргізетін органдар және прокуратура аталмайды.
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін, барынша ықпалды орган болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіруге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы [1. 7 б. ] .
Алайда іс жүзінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылық және оларды шектеу әлі де орын алады. Бұл жағдайда жеке, мүліктік, отбасы, еңбек және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудың ең тиімді тәсілі - азаматтардың сотқа жүгінуі.
Сотта азаматтық іс:
- өзінің құқығын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін өтініш жасаған адамның арызы бойынша;
- прокурордың арызы бойынша;
- заң бойынша басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіне алатын болған жағдайда мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіподақтың, мекемелердің, ұйымдардың және азаматтардың мәлімдеуі бойынша қозғалады [2. 17 б. ] .
Азаматтық іс қозғау - процестің бірінші және өте маңызды сатысы.
ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің 152-бабына сәйкес азаматтық іс бойынша арызды қабылдау туралы мәселені судья жеке-дара шешеді. Арыз сотқа түскеннен бастап бес күннің ішінде судья істі қозғау жөнінде ұйғарым шығарады. Мүдделі адамның құқығын соттың қорғауының іске асырылатыны немесе бұдан бас тартылатыны, соттың бұл мәселені дұрыс шешуіне байланысты болады [2. 46 б. ] .
Азаматтық істі қозғаудың алдында мүдделі адам талап арыз, шағым (арыз) береді.
Талап арыздың берілуімен талап қою бойынша іс жүргізу қозғалады. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және ерекше іс жүргізу - арыз, шағым берумен қозғалады.
Талап қою бойынша іс жүргізу азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй және басқа да құқықтық қатынастарынан туындайтын субъективтік құқық немесе заңмен қорғалатын мүдде туралы дауларды қарау мен шешу жөніндегі соттың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі.
Сотта азаматтық істердің көпшілігі ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабында аталған талаптар сақтала отырып, жазбаша түрде талап қойылған, яғни азаматтық іс туралы қажет мәліметтер бар талап арыз беру арқылы қозғалады. Егер талап арызды өкіл берсе, оған заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге құжат қоса табыс етілуі қажет [2. 45 б. ] .
Талап арызға талап қоюшы қол қойып, сотқа жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай көшірмелері мен қоса беріледі. Судья істің қиындығы мен сипатына қарай талап қоюшының талап арызға қоса тіркелетін құжаттардың көшірмелерін табыс етуге міндеттеуі мүмкін [2. 46 б. ] .
Талап арыз бен қоса құжаттардың көшірмесі жауапкерге табыс етіледі, мұның өзі оның істі сотта қарауға дайындалуына мүмкіндік береді.
Сотқа берілетін талап арызға баж төленуге тиіс (ҚР АІЖК-нің 101-бабы, “Мемлекеттік баж туралы” заңының нормасына сәйкес) .
Азаматтық істі қозғай отырып, бес күннің ішінде судья ұйғарым шығарады да, сонымен бірге істі өзінің жүргізуіне қабылдайды және сол кезден бастап нақты іс бойынша процесс пайда болады.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья ұйғарым шығару ретінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
- талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу;
- талап арызды (арыз, шағым) қабылдаудан бас тарту;
- талап арызды (арыз, шағым) қайтару;
- талап арызды қозғалыссыз қалдыру.
Азаматтық іс бойынша талап арызды (арыз, шағым) қабылдау және өз қарауына алу мәселесін судья жеке-дара шешеді. Талап арызды қабылдау туралы судья ұйғарым шығарады. Сот ұйғарымды қабылдағаннан кейін азаматтық іс процестің келесі сатысына өтеді.
Кейде азаматтық іс қозғау сатысында арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпайтыны анықталса, сондай-ақ тараптардың арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған соттың заңды күшіне енген шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша сот ісін жүргізуді тоқтату туралы немесе тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы сот ұйғарымы болса судья талап арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым ол сотқа түскен кезден бастап бес күн мерзімде шығарылуы және арыз берушіге арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге табыс етілуге немесе жіберілуге тиіс. Арызды қабылдаудан бас тарту өтініш берушінің сол жауапкерге сол нысана және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуге заң бойынша болмайды.
Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судьяның шығарған ұйғарымына іске қатысушылармен жеке шағым берілуі, ал прокурормен - жеке наразылық келтірілуі мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арызды қайтаруға құқылы. Талап арызды қайтару туралы судья ұйғарым шығарады, егер:
- талап қоюшы істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешу заңдармен белгіленген тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
- іс осы соттың соттауына жатпаса;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойса;
- осы немесе басқа бір соттың іс жүргізуінде сол тараптар арасында, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша дау жөнінде іс бар болса;
- коммуналдық мүлікті басқаруға құқылы орган жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органның осы затты қабылдаған күнінен бастап бір жыл өткенге дейін жылжымайтын затқа коммуналдық меншікті тану туралы өтінішпен сотқа жүгінсе;
- бұл туралы талап қоюшы мәлімдесе.
Талап арызды қайтару туралы ұйғарым ол сотқа түскен күннен бастап бес күн мерзімде шығарылуға және арызға қоса тіркелген барлық құжаттармен арыз берушіге тапсырылуға және жіберілуге тиіс, сонымен қатар осы сот ұйғарымына жеке шағым және жеке наразылық берілуі мүмкін.
Егер талап қоюшы жол берілген кемшіліктерді жоятын болса, арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.
Азаматтық іс қозғау сатысында судья талап арыз ҚР АІЖК-нің 150-бабының талаптарына және 151-бабының 1), 3) -тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда арызды қозғалыссыз қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарымда талап қоюшымен талап арызында келтірілген кемшіліктер көрсетіледі және оларды түзетуге мерзім береді. Талап қоюшы судьяның нұсқауына сәйкес және ол белгілеген мерзімде ұйғарымда аталған талаптарды орындаса, талап арыз оны сотқа алғашқы тапсырылған күні берілген болып есептеледі және судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарымын шығарып іс келесі сатыда қаралуына мүмкіндік етеді. Егер кемшіліктер белгіленген мерзімде түзетілмесе арыз берілмеген болып есептеледі және судьяның ұйғарымымен оған қоса тіркелген барлық құжаттармен бірге талап қоюшыға қайтарылады, бірақ талап қоюшы арызды қайтару туралы судьяның ұйғарымына жеке шағым, наразылық беруі мүмкін.
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексінің 249-бабына сәйкес сот арызды қараусыз қалдыруы мүмкін, егер:
- талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмаса;
- арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
- арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болса;
- осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болса;
- тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілсе;
- өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмесе;
- өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
- өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса;
- талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпесе;
- көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы істер жөніндегі өтініш жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілсе.
Аталған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.
Арызды қараусыз қалдыру туралы сот ұйғарым шығарады, бірақ іске қатысушы адамдар оған жеке шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы [2. 5 б. ] .
Талап - құқық туралы дауды шешу үшін бұзылған немесе даулы субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау туралы талап қою арқылы тұлғаның сотқа жүгінуі.
Талап - субъективтік құқықты немесе заңмен қорғалатын мүддені сот арқылы қорғау тәсілі.
Талап - азаматтық іс қозғау тәсілі.
Талап элементтері - бұл талаптың құрамалы бөлшектері. Оларға (элементтеріне) :
- мазмұны;
-нысанасы;
-негіздемесі жатқызылады.
Талаптың мазмұны - талап қоюшымен көрсетілген сот арқылы қорғану түрі, яғни сотқа жүгіну арқылы талап қоюшының өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін сұрайтын соттың қызметі.
Талаптың мазмұны талап қоюшының сотқа қойылатын талабын бейнелейді және талап арыздың сұрау бөлігінде көзделеді.
Талаптың нысанасы - бұл талап қоюшының соттан шешуді сұрайтын материалдық-құқықтық дау.
Талаптың нысанасына:
Талап қоюшы мен жауапкер араларында материалдық-құқықтық қатынастың бар немесе жоқтығы туралы дау (мысалы, некені заңсыз деп тану) ;
Талап қоюшымен материалдық-құқықтық қатынасынан туындайтын жауапкердің міндеттері туралы дау (мысалы: мүлік иесі өз мүлкін қайтаруын талап ету, несие беруші - қарызды қайтаруын) ;
Тараптар араларындағы құқұқ қатынасты өзгерту немесе тоқтату туралы дау (мысалы: туылған сәбидің әкесін анықтау, талап қоюшы мен жауапкер арасындағы некені бұзу) .
Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде - өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы [37. 149 б. ] .
Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:
- материалдық-құқықтық белгілер;
- процессуалдық-құқықтық белгілер.
Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.
Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:
1-ұйғару туралы талаптар;
2-мойындау туралы талаптар;
3-өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.
Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талап деп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу) . Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптары деп аталады.
Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы) .
Өзгертетін талаптар материалдық-құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.
Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т. б.
Талап термині екі мағынада қолданылады:
- материалдық;
- процессуалдық.
Материалдық мағынады талап қою құқығы дегеніміз сотқа үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап қоюға (материалдық мағынада) құқығы бар не жоқтығын анықтайды.
Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz