Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Мазмұны
Кіріспе
1 Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі және оның принпицтері
2 Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
3 Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесі
4 Қазіргі Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі Сот билігінің жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
6
8
11
14
18
19
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 23 жыл болады. Осы егемендік алған аздаған уақыттың өзінде біздің еліміз құқықтық реформа саласында басқа ТМД елдерінен көш ілгері кетті. Соның ішінде сот төрелігі мен билігі, сот жүйесі, судьялардың мәртебесін анықтауда қыруар іс тындырылды. Осы үрдісте 2000 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы конституциялық заң қабылданды.
Сот билігі дербестігінің, маңыздылығы мен салмақты болуының негізі ретінде оның конституциялық заңдармен бекітілген және анықталған қағидалар негізінде қызмет етуі мен ұйымдастырылуы қарастырылады, яғни мемлекеттік биліктің бұл түрінің елеулі тұстарын анықтайтын басшылық етуіш жетекші ережелер негізінде қызмет етеді. Бұл қағидалар еліміздегі сот билігінің жетілдірілуі мен даму тәжірибесінен туындаған [1].
Сот билігінің қағидалары бастапқы, жетекші негіз ретінде Қазақстан Республикасындағы сот билігінің дамуы мен дұрыс қалыптасуының негізгі бағыттарын анықтайды. Демек, сот билігі қызметінің қағидаларына сот билігінің табиғатын көрсететін, оның қызмет етуі мен ұйымдастырылуының бастамалық негіздерін көрсететін негізгі бастамалар жатқызылады. Өзінің негізгі мақсаты бойынша қағидалар сот билігінің қалыптасуының мәнің және оның негізгі қызметін ашатын ережелерден тұрады, оның ерекше әлеуметтік сапасын көрсетеді. Бұл ерекшеліктер сот билігін мемлекеттік биліктің басқа тармақтарынан ажыратады.
Осы қағидалар өздері көрініс тапқан нормативтік қайнар көздерге байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Тікелей Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қағидалар;
2) Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында бекітілген қағидалар;
3) Іс жүргізу заңнамасында бекітілген қағидалар (Азаматтық іс жүргізу кодексі және қылмыстық іс жүргізу кодексі).
Әрине бұл жіктеу шартты сипатта болып келеді, себебі конституциялық қағидалардың басым бөлігі конституциялық заң мен іс жүргізу заңнамаларында көрініс тапқан. Сонымен бірге конституциялық заңмен сот жүйесіне қатысты бекітілген бірқатар қағидалар Конституцияда барлық мемлекеттік органдарға қатысты бекітілген. Онымен бірге жекелеген қағидалар бір ғана бапта көрініс таппай барлық Конституция мен конституциялақ заң ережелерін қамтиды.
Сот билігінің ұйымдастырылуы мен қызмет етуіне қатысты қағидалардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан, оның ережелерінде сот билігінің негізгі мақсаттары мен сот төрелігі қағидалары көрсетіледі. Бұл ережелерді соттар заң нормаларын қолдану кезінде басшылыққа алуы тиіс. Сот билігі қағидаларының негізгі мақсаты - адам және азаматтарды қорғау үшін, халықты қорғау үшін, сонымен қатар құқықтық қорғауды қажет ететін өзге де субъектілердің құқықтарын қорғау мақсатында соттың қарауындағы істерді заңды және әділ шешу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығында сот төрелігінің негізгі қағидалары өзінің құқықтық тұрғыдан бекітілуін ең жоғарғы деңгейде тапқан - ол Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында. Бұл дегеніміз Конституция нормаларының жоғары деңгейде екендігін және оның тікелей қолданыста болатындығын, сонымен қатар, бұл заң актісінің жоғары заңды күші бар екендігін көрсетеді. Оның ережелерін Қазақстан Республикасының барлық субъектілері, атап айтқанда мемлекет пен оның органдары, сот процесін қатысушылар, сонымен қатар соттардың өзі мүлтіксіз орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясында және өзге де заңдарда қарастырылған қағидаларды екі топқа бөліп қарастыруға болады:
1) Әділсотты қамтамасыз ететін қағидалар;
2) Сот билігінің мазмұны мен сипатын алдын ала анықтайтын қағидалар.
Бірінші топқа төмендегі қағидаларды жатқызуға болады: сот төрелігін тек соттармен жүзеге асырылуы; сот билігінің тәуелсіздігі және дербестігі; соттардың тәуелсіздігі, олардың ауыспайтындығы және т.б. қағидалар.
Екінші топты төмендегі қағидалар қалыптастырады: Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары деңгейде болуы мен оның тікелей қолданылуы; заңдылық қағидасы; сот қызметінің ашық болуы; барлықтардың сот пен заң алдында тең болуы; тараптардың теңдігі; сот өндірісінің мемлекеттік тілде жүргізілуі; әділсотты жүзеге асыруда азаматтардың қатысуы.
Маңызды қағидалардың бірі ретінде сот төрелігін тек соттармен жүзеге асыру қағидасы қарастырылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабы). Бұл қағидаға сәйкес сот төрелігін тек соттар ғана Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасындағы соттар жүйесі және соттар мәртебесі туралы заңның және тағы басқа заңдарды басшылыққа ала отырып жүзеге асыра алады. Конституция мен басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаған соттарды құруға жол берілмейді.
Соған сәйкес сот төрелігін тек соттармен жүзеге асыру қағидасын бекітудің ерекше тарихи маңыздылығы бар және олар Қазақстан Республикасының демоктариялық, құқықтық мемлекет ретінде қызмет ету кепілдігін қалыптастыруға бағытталған. Сот билігі және сот өндірісі ажырамайтын ұғымдар деп К.Х.Халиков дұрыс көрсетеді. Сот өндірісін формалды түрде сот билігінің сыртқы процессуалдық нысаны ретінде қарастыруға болмайды. Сот төрелігін ұйымдастырудың демократиялық қағидасы дербес мазмұн ретінде жүзеге асырылатын заңмен бекітілген ережелерді қамтиды.
Реферат жұмысының мақсаты - сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруын зерделеу.
Осы қойылған мақсатқа орай мынадай міндеттерді таңдап алдым:
- Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі және оның принпицтерін талдау;
- сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы приниціне кеңінен тоқталу;
- Қазақстан Республикасындағы судьяның құқықтық мәртебесін қарастыру;
- Қазіргі Қазақстан Республикасындағы және шетелдегі Сот билігінің жүйесіне толықтай анықтама беру.
Жұмыстың методологиялық негізін философ, заңгер ғалымдардың биліктің бөлінуі, сот жүйесі туралы айтқан нақты логикалық салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми тұжырымдамалары мен ұсыныстары, сонымен қатар нормативтік құқықтық деректермен тәжірибелік мәні бар ғылыми еңбектері құрайды.
Сот билігінің мемлекеттік биліктің бір тармағы ретіндегі маңызы мен мәнін ашу, әуелі оның түсінігін және оның маңызын зерттеумен ұштастырылды.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы сот жүйесіндегі сот билігінің функциялары ретінде сот әділдігі, конституциялық бақылау, тәрбиелеу және заңдар, нормативтік құқықтық актілер түсіндірумен мемлекеттік тұрғыдан талдау жасау.
Теориялық және практикалық маңыздылығы. Реферат жұмыстың теориялық негізін заңгер ғалымдардың сот билігі, жүйесі және судьяның тәуелсіздігі мен сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар туралы тұжырымдамалыры мен ұсыныстарын құрайды.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы сонда жұмыстағы тұжырымдар қорытынды мен ұсыныстар сот жүйесінің жұмысын ұйымдастырудың құқықтық негіздерін одан әрі ғылыми зерттеуге негіз болады, оның теориялық қорын кеңейтеді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет кұруда тек сот қана емес, сонымен бірге мемлекеттік биліктің басқа да құқық қорғау институттары кіретін барлық құқық қорғау жүйесін түбегейлі реформалауды талап ететіні даусыз.
Сот төрелігі ұғымы сот билігі ұғымына жақын, бірақ олар өзара бір мағынаны бермейді. Сот билігі соттың көптеген әрекеттерінде көрініс табады, сондықтан ол сот төрелігіне қарағанда кең мағыналы болып табылады. Мысал келтіретін болсақ, облыстық соттар сот статистикасын жүргізеді, сот практикасын зерделейді, оны жинақтап қорытып облыс соттарының сот төрелігін жүргізу кезінде заңдылықты сақтауын қарайды.
Сот билігі сот төрелігінде жүзеге асырылады, соттың тиісті шешім қабылдауын көздейді. Сонымен Сот төрелігі терминін соттың құзырына жататын істерді сот отырысында талқылауды іс жүргізушілік тәртібінде жүзеге асыру және сот үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын және т.б. орындаудан туындайтын мәселелерді шешу деп айтуымызға болады.
Сот төрелігі - мемлекеттік қызметтің сот билігінің мазмұнын құрайтын айрықша функциясы және соттардың азаматтық және қылмыстық істерді заңда белгіленген тәртіпте сот отырысында қарап шешу арқылы жүзеге асырылатын қызметі болып табылады.Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны болады, сондықтан да сот отырыстарында судьялардың (соттардың)заңда белгіленген тәртіппен кылмыстық, азаматтық және өзге істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауын және шешуін білдіреді.
Жалпы сот төрелігіне түсінік беретін болсақ, сот төрелігі - бұл сот отырыстарында заңда белгіленген тәртіппен азаматтық, қылмыстық және өзге істерді заңдылық пен құқық тәртібін жан-жақты нығайту мақсатында қарау және шешу арқылы жүзеге асырылатын соттардың қызметі болып табылады. Бұл қағидат мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, оның бірі сот билігі болып табылатыны туралы конституциялық ережеден бастау алады.
Сот төрелігі белгілі бір қағидаттарға негізделеді. Олар Конституцияда, сот жүйесі туралы Конституциялық заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген негізгі ережелерді, идеяларды басшылыққа алатын, мәні айкындалатын және сот төрелігі мен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде сот қызметін ұйымдастыру мен тәртібінің мазмұнын білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы әділсоттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін келесі жетекші қағидалардың бірі - сот билігінің дербестігі мен тәуелсіздігі. Бұл маңызды қағида еліміздің мемлекеттік және құқықтық жүйесіндегі сот билігінің ролін көрсетеді, сонымен қатар бірыңғай мемлекеттік билікті бөлу жүйесінде сот билігінің ережелерін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабына сәйкес еліміздегі мемлекеттік билік бір бірімен өзара байланыста болатын заң шығарушы, атқарушы және өкілетті мемлекеттік билік тармақтары негізінде жүзеге асырылады. Бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және өкілетті тармақ органдары өздерінің контитуциялық құзыреттілігі шегінде дербес болып келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және соттар мәртебесі туралы конституциялық заңның талаптары бойынша Қазақстан Республикасында сот билігі дербес болып келеді және заң шығарушы және атқарушы органдардан тыс әрекет етеді: соттар әділсотты жүзеге асыруда тәуелсіз болып келеді және асыруда тәуелсіз болып келеді және Конституция мен заңдарға ғана бағынуы тиіс. Қандайда болсын мемлекеттік органдар тарапынан соттардың әділсотты жүзеге асыру бойынша қызметіне араласуына жол берілмейді және ол заңмен қудаланады. Нақты қарауындағы істер бойынша соттар ешқандай органдарға есеп бермейді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы сот билігі толық мағынада мемлекеттік биліктің дербес тармағы болды: соттар басқа да мемлекеттік органдардың құрамдас бөлігі болып табылмайды. Сөйте тұра сот билігінің табиғаты да түбегейлі өзгерді.
Соттардың тәуелсіздігі қағидасы жаңа мемлекеттегі соттардың мәртебесін көрсететін қағида болып табылады. Бұл қағида Біріккен Ұлттар Ұйымының жетінші конгресінің материалдарында толығымен қарастырылған. Бұл конгресс қылмыстылықтың алдын алу бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясымен келісілген және 13 желтоқсан 1985 жылы Сот органдарының тәуелсіздігіне қатысты негізгі қағидалар мен Оларды жүзеге асырудың тиімді жолдары атауымен өткізілді. Конгреске қатысушылар мен Бас Ассамблея соттардың басқа мемлекеттік және қоғамдық органдарға қатысты соттардың институционалды және ұйымдастырушылықтарының тұтастығын ажырамау қажеттігін айтқан. Бұл қағиданың мазмұны өзін өзі басқаратын дербес мемлекеттік органның қалыптасуында болатын, бұл органның атқаратын қызметін басқа ешқандай мемлекеттік немесе қоғамдық органдарға атқаруға жол бермеу, басқа органдарды сот органдарының қызметіне араластырмау. Олар, яғни сот органдары әділсотты жүзеге асыруда тек заңға тәуелді болуы тиіс және барлық мәселелерді тек заң нормалары негізінде шешуі қажет.
Сот билігінің дербестігі қағидасының түбегейлі түсінігі бойынша оның билігі конституциямен бекітілген қайнар көзі - халықтың еркімен шектелетіндігін білдіреді, олар конституциялық нормалар мен заңдарда көрініс тапқан. Сонымен қатар сот билігі БҰҰ Халықаралық пактілерімен бекітілген адам құқықтары туралы халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормалар мен қағидаларымен, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім шарттармен шектеледі.
Сот билігі әділсотты жүзеге асыру бойынша өз қызметін басқа мемлекеттік органдардан тәуелсіз және дербес түрде ұйымдастырады. Нақты істерді қарау процедурасына судьялардың өкілеттілігі жоқ ешбір субъект тартылмайды. Бұл жағдайда судья мемлекеттік билік өкілі ретінде қатысады. Өзіне жүктелген билік бойынша ол нақты іс бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерінің ауқымын анықтайды және сол іс бойынша мемлекеттің атынан шешім қабылдайды. Сөйтіп, сот дербестігі оның құзыреттілігімен ғана шектеледі, ол құзыреттілік Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарымен алдын ала бекітілген. Сонымен қатар сот істі шешу кезінде заңдарды қолдану, дәлелдемелерді зерттеу, шешім қабылдау кезінде де басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан тәуелсіз болып келеді. Бұл жерде билік органы ретінде соттардың дербестігі басқа мемлекеттік билік тармақтарының қызметтерінің нәтижелеріне құқықтық бағалау бойынша әрекет етуінде байқалады, нақтырақ айтсақ олар қабылдаған заңға тәуелді актілерге құқықтық баға беру бойынша. Соттардың бұл актілердің күшін тоқтату бойынша өкілеттіліктері болады, демек егер заңға тәуелді актілер Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген реттерде сот оларды жарамсыз деп тануға құқылы. Бұл жерде нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік органдардың әрекеттерін даулау бойынша істерді қарау соттар қызметінің дербес бағытын құрамайды, бұл әрекеттер әділсотты жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылады және талап арыз өндірісі бойынша өтеді [2].
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мәртебесі туралы Конституциялық заңының 26 бабымен судьялардың тәуелсіздігінің негізгі кепілдіктерінің тізімі бекітілген. Бұл ережеге сәйкес судьялардың тәуелсіздігі заңмен белгіленген әділсотты жүзеге асыру процедурасы арқылы, әділсотты жүзеге асыруға байланысты соттардың қызметіне араласқаны үшін жауапкершілікке тарту арқылы, сотттар мен судьяларды сыйламағандығы үшін жауапкершіліктің қарастырылуы, Конституция және Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттардың мәртебесі туралы Конституциялық заңымен судья қызметіне тағайындау, сайлау және судья қызметін тоқтату тәртібінің еңгізумен, судьяларға мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетуі, оларды мемлекет тарапынан әлеуметтік қамтамасыз ету мәртебе жағдайының едәуір нашарлауына жол бермеуге байланысты нормаларды бекіту арқылы байқалады.

Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыру қағидатының саяси-құқыктық зор маңызы бар. Ешқандай басқа органдар мен лауазымды адамдардың соттың құзырына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарауға, шешуге немесе бақылауға алуға құқығы жоқ. Осыған сәйкес заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше соттар кұруға жол берілмейтіндігі көзделген.Тек сот қана сот отырысында адамды қылмыс жасауға кінәлі немесе кінәлі емес деп тануға және осыған байланысты тиісті айыптау немесе ақтау үкімін шығаруға, қаралған талап бойынша шешім қабылдауға құқылы. Тек соттың сот істері бойынша жаза және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге шарасын тағайындауға айрықша құқығы бар.
Сот төрелігінің қағидаттарына анықтама беретін болсақ, олар мемлекеттік қызметтің елеулі жақтарын айқындайтын жалпы, басшылыққа алынатын, негізгі ережелер. Бұл ережелер сот төрелігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың барлық мәселелерін шешу, қоғамның мемлекеттік тетігі мен саяси жүйесінде оның рөлі мен орнын айқындауда негізі болып табылады.Қағидаттардың жиынтығынан соттардың қызметін реттейтін барлық құқықтық алғышарттардың негізі құралады. Бұл алғышарттар қағидаттарға қайшы келе алмайды, жоғары заңгерлік күші бар заңдар мен нормативтік құқықтық актілері ҚР Конституциясында, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде, конвенцияларда және басқа да халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген.
Негізгі кағидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, сондықтан да қылмыстық, азаматтық және өзге де істер бойынша сот төрелігін атқару саласындағы мәселелерді реттейтін салалық заңнаманы қабылдау кезінде негізгі бола отырып, олардың жоғары заңдық күші бар, сондай-ақ соттардың (судьялардың) ғана емес, сонымен бірге барлық азаматтардың, лауазымды және заңды тұлғалардың сақтауы әрі орындауы үшін де міндетті болып табылады.
Нақты заңнамалық алғышарттардан айырмашылығы қағидаттар онда қамтылатын ережелер заңдылықтың сақталуын қорғауда азаматтар, лауазымды адамдар мен органдар үшін ғана міндетті болып табылмайды, сонымен бірге заң органдары заңдарды жасай және оны түзете отырып, сол немесе өзге саладағы, атап айтқанда соттарды ұйымдастыру және оның қызметі саласындағы қолданылатын қағидаттармен немесе дәстүрлермен санасуы тиіс.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүргізу тәртібі, сондай-ақ сот құрылымы мен судьялар мәртебесі Конституцияда, 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде анықталған.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабында және сот жүйесі туралы Конституциялық заңның 1-бабында Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратыны көзделген.
Азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында адамзат ғасырлар бойы сот төрелігін іске асыру үшін белгілі бір ережелер құрастырған болатын. Бұл әділеттілік бағытына негізделген ережелер - сот төрелегінің принциптері деп аталған. Принциптер қоғамдағы сот төрелігін жүзеге асырудың тиімді және әділді ұғымдарына сәйкес келеді. Сонымен сот төрелігінің принциптері дегеніміз - ол заңда тұрақтылығын тапқан, негізге алынатын құқықтық идеялар, ал сот ісін жүргізудің мазмұнын анықтайды.Қағидаттардың елеулі ерекшелігі олардың тұрақтылығына қатысты болып табылады. Негізгі заңдарында қалыптасатындығымен түсіндіріледі. Ал осы санаттағы актілерді соттардың қызметін реттейтін, соның ішінде конституциялық заңдарға қарағанда өзгерту, толықтыру немесе басқаша түзету күрделірек болып табылады.
Сот төрелігі қағидаттарының өздерінің мағынасы болады, яғни қағидаттар - сот төрелігінің негізгі қырларын айқындайды, сондықтан барлық басқа да сот төрелігі туралы нормалар оларға сай келуге тиіс;оны жүзеге асыруға қатысатын органдар мен адамдар үшін ғана емес, сондай-ақ сот төрелігі саласында нормативтік құқықтық актілерді қалыпастыруда және шығаруда заң шығарушылар үшін де міндетті;нақты нормаларға қарағанда тұрақты және өзгерістерге анағұрлым жиі ұшырайды, сондықтан олар сот төрелігі саласындағы тұрақтылық пен сабақтастықты айқындайды;нақты құқықтық актінің мақсаттары мен нағыз бағыттары туралы ақпаратты қамтитындықтан, сот төрелігі туралы басқа да нормаларды дұрыс түсіндіру үшін зор маңызға ие.
Сот төрелігін жүзеге асырғанда қағидаттардың маңыздылығы олардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекімін тапқандығымен анықталады. Конституцияның 77-бабының 3-тармағына сәйкес судья заңды қолданғанда бірнеше қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс. Мысалы, бір принципті алып, талқылайтын болсақ: Сотта әркім өз сөзінің тыңдалуына құқылы. Бұл демократиялық сот төрелігінің жалпы танылған қағидаты. Сот - жазалаушы орган емес, кінәсін анықтап, мәселені әділ шешуге арналған орган. Ал бұл, егер сот процесіне әрбір қатысушының толық көлемде айтуға мүмкіндігі болса, мүмкін болады. Бұл сот процесінеқатысушының конституциялық құқығы болып табылады. Осындай және т.б. принциптерді судья өзінің басшылығына алады. Бұл принциптер Қазақстанның барлық соттары мен судьялары үшін Конституциялық және бірыңғай болады. Барлық принциптер бір-бірімен тығыз байланыста болады және олардың әрқайсысы басқасын іске асырудың кепілі болып саналады.
Сот төрелігінің принциптері заңдардың үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын қорғау сияқты жалпы құқықтық принциптермен байланысты болады.
Сот төрелігінің жалпы принциптеріне тоқталатын болсақ, олар:
- Заңдылық;
- Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы;
- Судьялардың тәуелсіздігі;
- Сот төрелігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz