Сот шешімінің заңды күшіне енуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

К і р і с п е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізудің жалпы ережелері
1.1 Сот актілерін қайта қараудың тәртібі мен негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..8
1.2 Істерді талап ету және сотқа жүгіну мерзімдері ... ... ... ... ... ... . ... ...10
1.3 Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде соттың өкілеттігі ... ... ... ... ... ... . ... .16

2-тарау. Бірінші сатыдағы сот актілері және заңды күшіне енбеген сот актілерін апелляциялық сатыда қарау тәртіптері
0.1 Бірінші сатыдағы сот актілері түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Заңды күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Істі қарауды кейінге қалдыру түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

3-тарау. Азаматтық іс жүргізу түрлері
3.1 Бұйрық арқылы іс жүргізу түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.2 Ерекше талап қоюмен іс жургізу - азаматтық істі сотта
жүргізу түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
0.3 Ерекше іс жүргізу түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
0.4 Сырттай іс жүргізу тәртібі мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .59

Қ о р ы т ы н д ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .67
К і р і с п е

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бап 2-тармағына сәйкес, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы [1.7 б.].
Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін ықпалды орган болып табылады.
Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.
Қадағалау тәртібімен өндіріс жүргізу жөнінде іс жүргізу заңымен ерекше ережелер белгіленген болып, бұл іс жүргізу түрінің басты ерекшелігі - қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралады. Азаматтық іс жүргізудің бұл кезеңі процедураларының күрделілігі мен көпсатылығы дәл осы мән-жаймен түсіндіріледі.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жыл тамыз айының 17-ші жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық қорғау органдарын жетілдіру қажеттігі айтылып, соның ішінде сот органдарының алатын орны ерекшелігіне аса көңіл бөлінген.
ҚР сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік орган болып табылады, азаматтық істер бойынша да шешім шығарып, әділдікке апаратын ең басты органның бірі. Қылмыстық іс бойынша шығарылатын үкімдер де, азаматтық іс бойынша шешімдер де заң негізінде барлық талаптарды қамтамасыз етіп, әділ төрелігін жүргізеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге құқық салаларының арасында маңызды орынды иелейді. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптері, АІЖК-нің құқықтық негізі Конституцияда белгіленеді.
ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, онда азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Құқықтық жүйе құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау қажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Сонымен, азаматтық іс жүргізудің мәні болып, оларда құқықтың және оның ең маңызды институттарының демократиялық белгілері мен жалпы бағытының айнасы көрінетіндігі, осыған байланысты олар осы құқық саласының түбірін, жалпы түрде оның және дербес институттарының қоғамдық сипатын түсінуге мүмкіндік беретіндігінде.
Сот актісінің заңды күшіне енгендігі, бұл фактінің орын алуымен шешімге әрі қарай шағымданудың жалпы қол жетерлік тәсілдері аяқталды деп саналады. Шешімнің занды күшіне енгендігі туралы құжаттық растау алған соң өндіріп алушы (сотта талапкер болған тұлға) оның орындалуынан үміттенуге құқылы, себебі сотқа талап арыз берудегі бастапқы мақсаты және өзге де іс жүргізу әрекеттерінің соңғы нәтижесі ретінде ол сот актісінің орындалуын көздеген болатын.
Осылайша, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауды азаматтық процестің айрықша кезеңі деп атайды, себебі:
бұл өндірісте орындалатын процедуралар мен шарттардың күрделілігімен сипатталады;
сот актілерін кайта қараудың бұл кезеңінде (стадиясында) арнайы мерзімдер сақталуы керек;
заңды күшіне енген сот шешімі орындалу белгісінен (қасиетінен) айырлады (іс жүргізу заңында атап айтылған жағдайларда);
шешімді қайта қарау туралы өтінімнің берілгендігі сот талқылауының өткізілетініне кепілдік бермейді;
сот актілерін қайта қарау өкілеттігіне тек жоғарғы соттық орган ие.
Дипломдық жұмыстың объектісі - заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібінде қайта қарау.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - азаматтық іс жүргізудің заңи нормалары, ҚР-ның Конституциясы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - сотта қадағалау тәртібінде істі қарауды ұғыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 68 бетті құрайды.

1-тарау. Қадағалау тәртібімен іс жүргізудің жалпы ережелері

1.1 Сот актілерін қайта қараудың тәртібі мен негіздері

Қадағалау тәртібімен өндіріс жүргізу жөнінде іс жүргізу заңымен ерекше ережелер белгіленген болып, бұл іс жүргізу түрінің басты ерекшелігі - қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралады. Азаматтық іс жүргізудің бұл кезеңі процедураларының күрделілігі мен көпсатылығы дәл осы мән-жаймен түсіндіріледі.
Сот актілерінің міндеттілігі принципіне сәйкес, заңды күшіне енуі олардың орындалу қажеттілігін білдіреді. Заңды күшіне енген актілердің қайта қаралу және бұзылу мүмкіндігін ескеріп, заң шығарушы жалпы ережеден айрықша ескерту жасайды, яғни бұл тәртіптің айрықшалығын білдіреді. Заңи әдебиетте ол айрықша тәртіп немесе айрықша процедура деп аталады, себебі қайта қарауға негіз болатын маңызды, көңіл бөлуді қажет ететін мән-жайлардың болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
Сот актілерін қайта қараудың бұл тәсілінің тағы бір ерекшелігі, оның жалпыға бірдей қол жетерлік еместігінде.
Қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау үшін сотпен және мүдделі тараптармен сақталуы тиіс көптеген шарттар мен шектеулер орындалуы қажет.
Іс жүргізу әдебиеттерінде сот шешімдері заңды күшіне енген соң дауланбайтын, яғни бұзылмайтын сипатқа ие болады деген ойға ерекше мән беріледі. Бұл ол шешімнің дұрыс немесе дұрыс еместігімен мүдделі тұлғалардың келісу-келіспеуіне қарамастан, заңды шешім ретінде (заңдылығына талас келтірілмейтін сот актісі ретінде) қабылданады [2.326 б.].
Сот актісінің заңды күшіне енгендігі, бұл фактінің орын алуымен шешімге әрі қарай шағымданудың жалпы қол жетерлік тәсілдері аяқталды деп саналады. Шешімнің занды күшіне енгендігі туралы құжаттық растау алған соң өндіріп алушы (сотта талапкер болған тұлға) оның орындалуынан үміттенуге құқылы, себебі сотқа талап арыз берудегі бастапқы мақсаты және өзге де іс жүргізу әрекеттерінің соңғы нәтижесі ретінде ол сот актісінің орындалуын көздеген болатын.
Осылайша, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауды азаматтық процестің айрықша кезеңі деп атайды, себебі:
бұл өндірісте орындалатын процедуралар мен шарттардың күрделілігімен сипатталады;
сот актілерін кайта қараудың бұл кезеңінде (стадиясында) арнайы мерзімдер сақталуы керек;
заңды күшіне енген сот шешімі орындалу белгісінен (қасиетінен) айырлады (іс жүргізу заңында атап айтылған жағдайларда);
шешімді қайта қарау туралы өтінімнің берілгендігі сот талқылауының өткізілетініне кепілдік бермейді;
сот актілерін қайта қарау өкілеттігіне тек жоғарғы соттық орган ие.
Егер заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларын шығару барысында материалдық немесе іс жүргізу құқығының нормалары өрескел бұзылса, ол актілер қайта қаралуға жатады. Осы актілер шығарылғанда басшылыққа алынған нормативтік актілерді Конституциялық Кеңес оларды заңсыз деп тануы сот актілерін қайта қараудың тағы бір негіздемесі ретінде қабылданады.
ҚР АІЖК-нің 384-ші бабының бірінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергілікті және басқа соттардың заңды күшіне енген сот актілерін іске қатысушы тұлғалардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарауы мүмкін [3.110 б.].
Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдарын қоспағанда, көрсетілген соттардың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылары жөнінде ҚР азаматтық іс жүргізу кодексінде ерекше нормалар көзделген. Қабылданған қаулының
адамдардың өмірі, денсаулығы,
Қазақстан Республикасының экономикасы,
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі
үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ол айрықша жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.
Бұл жағдайда азаматтық іс ҚР Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе ҚР Бас Прокурорының наразылығы бойынша ҚР Жоғарғы Сотының жалпы отырысында қаралады.
Занды күшіне енген сот актілері бойынша өтініш беруге, наразылық келтіруге құқығы бар тұлғалар тізімі ҚР АІЖК-нің 385-ші бабында көрсетілген [3.111б.].
Бұл баптың бірінші бөлігіне сәйкес, жергілікті және басқа соттардың занды күшіне енген сот актілеріне тараптар және апелляциялық, кассациялық шағымдарды беруге құқығы бар, іске қатысқан басқа да тұлғалар дау айта алады. Олардың қадағалау тәртібінде шешілетін өтініштерін тікелей Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бере алатын құқығы Кодексте көзделген.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры занды күшіне енген сот актісіне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына наразылық келтіруге құқылы. Наразылық Прокурордың өз бастамасымен және Кодекстің 385-ші бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың өтініші бойынша да келтірілуі мүмкін. Өтініш наразылыққа қоса тіркеледі.
Өтінішті, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін жүгінген тұлға сотқа тиісінше арыз беру жолымен кері қайтарып алуы мүмкін. Сот іске қатысушы тұлғаларға наразылықтың кері қайтарып алынғаны туралы хабарлайды. Өтініш пен наразылықты кері қайтарып алу қадағалау сатысында іс жүргізудің қысқартылуына әкеліп соғады.
Берілген өтініштерге қатысты іс жүргізу заңында олар қаралғанға дейін жүзеге асырылуы тиіс процедуралар белгіленген. Олардың қатарында мыналар бар:
өтінішті алдын-ала қарастыру;
алдын-ала қарастыру нәтижелері бойынша шешім қабылдау;
қадағалау сатысындағы сот отырысын тағайындау.
Бұл алдын-ала процедуралар Бас Прокурормен берілген наразылықтарға қолданылмайды [3.114 б.].
Олар қадағалау сатысында тікелей (алдын ала процессуалдық әрекеттер жасамай) қаралады. Сот кеңесу бөлмесінде істі қадағалау тәртібімен қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурордың наразылығы мәні бойынша қаралады. Заңда аталған негіздер болмаған кезде сот істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
ҚР АІЖК-нің 386-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жергілікті және басқа да соттардың заңды күшіне енген сот актілеріне өтініштер, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылықтары бойынша істерді кемінде бес судья құрамында қарайды.

1.2 Істерді талап ету және сотқа жүгіну мерзімдері

Шешімдері занды күшіне енген істерді талап ету үшін ҚР АІЖК-нің 387-ші бабында көзделген себептер мен негіздер қажет. Осы баптың бірінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары азаматтық істі қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
ҚР АІЖК 385-ші бабының 1-ші бөлігінде аталған адамдардың өтініштері, сол сияқты Кодекстің осы бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге себеп болып табылады. ҚР АІЖК 396-шы бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы [3.114 б.].
Мерзімдер. ҚР АІЖК-нің алғашқы редакциясында (1999 ж.) қадағалау тәртібімен шағым беру мерзімі үш жылмен шектелген болатын. Қолданыстағы АІЖК 388-ші бабының бірінші бөлігіне сәйкес, соттың шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш, наразылық беруге болады. Бұл жерде көрсетілген бір жылдық мерзім қолданылмайды, егер сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірген болса. Бұл арнайы ереже ҚР АІЖК 387-ші бабының төртінші бөлігінде көзделген негіз бойынша азаматтық істердің қайта қаралуына таралады [3.111 б.].
Егер қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш прокурорға белгіленген бір жылдық мерзімде берілсе, бірақ ол бойынша наразылық келтіру туралы шешім қабылданбаса, сот наразылық келтіру мерзімін ұзартады. Наразылықта бұл туралы мәлімет көрсетілуге тиіс.
ҚР АІЖК 389-шы бабының бірінші бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры себебі мен негіздері болған ретте наразылық келтіріп, оны азаматтық іспен және өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жолдайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысушы тұлғаларға жібереді.
Наразылықтар мен өтініштердің мазмұны:
Наразылық мазмұнына қойылатын талаптар. ҚР АІЖК 390-шы бабына сәйкес прокурор наразылығының мазмұнында мына мән-жайлар көрсетілуі керек:
наразылық келтіріп отырған соттың атауы;
наразылық келтіріп отырған сот актілері; :
сот актілерінде шығарылған істің мәні;
4) заңсыз сот актісінің шығарылуына әкеп соққан, материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі бұзылуы неде; сот актісі шығарылғанда негізге алынған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп танығандығы;
5) наразылық келтірген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы.
Өтініштердің мазмұнына қойылатын талаптар. Қадағалау наразылығын келтіру туралы өтініш сот актісін қайта қарату мақсатын көздеген тұлғаның алғашқы іс-әрекеті болып табылады. ҚР АІЖК 391-ші бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы және сот актісіне дау айту (шағымдану) туралы өтініштер:
1) өтініш жолданатын соттың атауын, өтіпіш жолданатын лауазымды адамның аты-жөнін;
өтініш беруші тұлганың атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрган жерін және істегі іс жургізу жагдайын;
сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының мазмұнын көрсетуді, сондай-ақ іске қатысушы тұлгалардың тұргылықты жерін немесе тұрган жерін көрсете отырып атап тізбеленуін;

істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қараган соттардың көрсетілуін және олар қабылдаган шешімдердің мазмұнын;
соттың дау айтылатын, наразылық беру ұсынылатын шешімінің, ұйғарымының, қаулысының көрсетілуін;

6) материалдық не іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бүзылуы неде екенінің және өтініш берген тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
Егер өтінішті іске қатыспаған тұлға берсе, дау айтылатын шешім, ұйғарым, қаулы арқылы осы тұлғаның қандай құқықтарының бұзылғаны көрсетілуге тиіс. Егер дау айтылған сот актісіне тиісті сот сатысына шағым жасалмаған болса, өтініш беруші апелляциялық, не кассациялық шағым бермеу себептерін көрсетуге міндетті.
Егер өтініш бұрын қадағалау сатысына берілген болса, онда өтініште бұл туралы және шағым бойынша қабылданған сот шешімі туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс.
Өтінішке оны берген тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл берген өтінішке сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса тіркеледі. Өтінішке іс бойынша шығарылған шешімнің, ұйғарымның, қаулының сот растаған көшірмелері қоса тіркелуге тиіс.
Өтініш немесе прокурор наразылығын қайтару:
Сотқа келіп түскен өтініш немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша оны берген тұлғаларға кері қайтарылады:
- өтініш немесе прокурор наразылығы ҚР АІЖК-нің 390, 391-ші баптарының талаптарына сай келмесе (өтініштің мазмұнына қойылатын талаптардың орындалмауы);
- өтініш немесе прокурор наразылығы заңды күшіне енген сот актісіне Кодекстің 385-ші бабына сәйкес шағым жасауға, наразылық білдіруге құқығы жоқ адамдар тарапынан берілсе;
- өтініш немесе прокурор наразылығы ҚР АІЖК 388-ші бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе және оны қалпына келтірудің дәлелді себептері болмаса;
Өтініш немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
Өтініш немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына соттық ережесін бұза отырып берілсе.
Процестің осы қатысушының арызы бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған болса;
Өтінішті немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы тәртіппен қайтадан беруге болады.
Өтінішті алдын ала қарау:
Іс жүргізу заңнамасында сот актісін қадағалау тәртібі мен қайта қарау туралы өтінішті алдын ала қарайтын судьялардың құрамы белгіленген. Сот актісін қадағалау тәртібінен қайта қарау туралы өтінішті үш судья алдын ала зерделейді және қарайды. Олардың біреуі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы тағайындаған баяндамашы болып табылады. Қажет болған жағдайда азаматтық іс талап етіліп алынуы мүмкін.
Өтініш келіп түскен күннен бастап 1 айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап 1айдың ішінде қаралады. Өтініш алдын ала қаралатын күн туралы прокурорға, сондай-ақ өтініш берген адамға хабарланады, алайда олардың келмеуі іс бойынша сот қадағалау өндірісін қозғауға негіз бар немесе жоқ екені туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша:
Дау айтылған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау өндірісін қозғау және өтінішті азаматтық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
Дау айтылған сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау өндірісін қозғаудан бас тарту туралы;
Өтінішті қайтару туралы судьялар қаулы шығарады.
Соттың өтінішті алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығраған қаулысында:
Қаулының шығарылған күні мен орны;
Өтінішті қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
Дау туғызған сот актісін көрсете отырып, қаулы шығарылған іс;
Өтініш жасаған тұлғаның атауы;
Өтініште келтірілген дәлелдер;
Қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не өтінішті олардың берген адамдарға қайтарудың негіздері.
Қаулының қарар бөлігінде Кодекстің 394-ші бабының бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі жазылады.
Өтінішті алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығраылған қаулының көшірмесі өтінішті берген адамға жіберіледі.
Қадағалау сатысында іс қозғаудың іс жүргізушілік салдары:
Қадағалау сатысы кадағалау өндірісті қозғау туралы сот қаулысын алғаннан кейін тараптарға өтініштің көшірмесін, қадағалау өндірісін қозғау туралы қаулының көшірмесін, сот отырысы өткізілетін күнді, уақытын, орнын көрсете отырып істің қадағалау сатысында қаралатыны туралы хабарлама жібереді.
Қадағалау сатысында азаматтық іс бір айдың ішінде қаралуға тиіс. Бір айлық мерзім іс қадағалау өндірісті қозғау туралы қаулымен бірге, не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап есептелінеді [2.336 б.].
Іске қатысушы тұлға қайта қарауға қатысты қарсылығын растайтын құжаттарды қоса тіркеп, сот актісін қайта қарау туралы өтінішке немесе наразылыққа пікірді басқа іске қатысушыларға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жібереді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына жіберілетін пікірге іске қатысушы басқа тұлғаларға пікірдің көшірмесі жолданғанын растайтын құжат қоса тіркеледі.
Пікір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын өтінішті немесе наразылықты қарауды бастағанға дейін пікірмен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сот белгілеген мерзімде жіберіледі. Пікірге іске қатысушы тұлға немесе оның өкілі қол қояды. Өкілдің қолы қойылған пікірге оның тиісті өкілеттігін растайтын сенімхат немесе өзге кұжат қоса тіркеледі.
Істі қарау шектері:
Істі қадағалау тәртібімен қарағанда сот істе бар материалдар бойынша өтініштің, наразылықтың дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Осыдан басқа, зандылықты сақтау мақсатында қадағалау сатысындағы сотқа берілген өтініштің (келтірілген наразылықтың) шегінен шығып, шағым берілген, наразылық келтірілген шешімнің зандылығын толық көлемде тексеру құқығы берілген.
Сот АІЖК-нің 25-29-шы тарауларында көзделген істер бойынша бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар шығарған қаулылардың заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді.
Қадағалау сатысындағы сот отырысын төрағалық етуші судья ашады. Отырыс ашылуымен төрағалық етуші қандай сот шешімі және кімнің өтініші (наразылығы) бойынша қайта қаралатыны; сот құрамы; сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғаны жөнінде мәліметтерді жариялайды. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, өтініш (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қадағалау сатысында істі қарауға прокурордың қатысуы міндетті.
Мәлімделген өтініштер шешілгеннен кейін сот істі қарауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған жағдайда төрағалық етуші өтінішті (наразылықты) берген адамға сөз береді. Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар өздері ұсынатын сөз сөйлеу кезегін сот назарына жеткізеді. Егер олар келісімге келе алмаса, сөз сөйлеу кезегін сот белгілейді [2.338 б.].
Өтініш (наразылық) беруші адам шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынын нақтылайтын себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді. Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді.
Қадағалау сатысындағы сот қаулысының мазмұны:
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы ҚР АІЖК-нде апелляциялық сатыдағы актілер үшін белгіленген жалпы талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот кеңесу бөлмесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы шешімді өзгеріссіз, ал өтінішті, наразылықты қанағаттандырусыз қалдырады;
ҚР АІЖК-нің 387-ші бабында негіздердің болмауына байланысты істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тартады;
- бірінші, апелляциялық және кассациядық сатылардағы сот шешімінің күшін толық немесе бөлігінде жойып, істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жібереді. Қадағалау сатысындағы сот қаулыда көрсетілмеген, не онда жоққа шығарылған мән-жайларды белгілеуге немесе дәлелденген деп есептеуге, қандай да бір дәлелдемелердің дұрыстығы немесе дұрыс еместігі туралы, дәлелдемелердің басқаларынан артықшылығы туралы мәселелерді, істі жаңадан қарау кезінде материалдық құқықтың қай нормасы қолданылуға тиіс екенін және қандай қаулының қабылдануға тиіс екенін алдын ала шешуге құқылы емес;
- бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот шешімінің толық не бөлігінде күшін жойып талап арызды қараусыз қалдырады, не іс бойынша өндірісті қысқартады;
- іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
- бірінші, апелляциялық немесе кассациялық сатылардағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсінуде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады.
Қадағалау сатысындағы сот ҚР АІЖК 230-232-ші баптарында көзделген жағдайларда осы баптарда көрсетілген тәртіппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателерді түзету туралы мәселені қарауға, қосымша қаулы шығаруға немесе бұдан бұрын қадағалау сатысы шығарған қаулыны түсіндіруге құқылы [2.339 б.].
Қадағалау сатысындағы сот қаулысының заңды күшіне енуі ҚР АІЖК 400-ші бабымен реттелген. Қадағалау сатысындағы сот қаулылары олар қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді, себебі ол барлық соттық процедураларының соңғы сатысы болып табылады.
Қадағалау тәртібімен сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен жаңадан қаралуға тиіс. Алдындағы апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылуына байланысты шығарылған соттың қайталама шешіміне, ұйғарымына, қаулысына өтініш, наразылық, бірінші сот актісінің күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысын тағайындау ҚР АІЖК-нің 403-1- бабының ережелерімен көзделген [3.116 б.].
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нарызылығы келіп түскеннен кейін Жоғарғы соттың төрағасы жалпы отырысты шақырады. Жалпы отырыстың хатшысы отырыстың мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорына жалпы отырыстың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ұсынуды немесе наразылықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьяларының жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде қарайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры ұсынуды немесе наразылықты берудің ҚР АІЖК-нің 384-ші бабының 3-ші бөлігінде көзделген негіздері туралы баяндайды (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қадағалау тәртібімен шығарылған қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасы экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін).
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы көрсетілген негіздер болмаған кезде істі қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ал негіздер болған кезде істі мәні бойынша қарау үшін сот отырысын тағайындайды [2.341 б.].
Істі мәні бойынша қарау
-судьяның ұсынудың мән жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен,
-не прокурордың наразылықтың мән жайлары мен негіздері туралы баяндамасымен басталады. Істі одан әрі қарау ҚР АІЖК-нің 398-ші бабында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі [3.115 б.].

1.3 Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде соттың өкілеттігі

Қадағалау сатысындағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып отырғанын, сот құрамына кімдердің кіретінін және сот отырысы залында іске қатысушы адамдардан кім келіп отырғанын жариялауымен ашылады. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген, шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелдері шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Бас Прокуроры істі сұратып алумен бір мезгілде қадағалау тәртібімен тексеру үшін сот актісінің орындалуын үш айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы (ҚР АІЖК 396-бабы).
Шағым (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасалып отырған шешімнің заңсыз, негізсіз болып табылатынына себептер мен дәлелдерді айтып береді. Содан кейін төрағалық етуші сот белгілеген тәртіппен іске қатысушы басқа адамдарға сөз береді. Сотқа қатысушы адамдар сөз сөйлегеннен кейін прокурор іс бойынша қорытынды жасайды.
Қадағалау тәртібі бойынша қадағалау шағымды немесе наразылықты қарайтын сот алқасы кеңесу бөлмесінде келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
oo бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды (наразылықты) қанағаттандырмай тастайды;
oo ҚР АІЖК 387-бабында көзделген негiздердiң болмауына байланысты iстi сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қараудан бас тарту туралы;
oo бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірінші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді;
oo бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап арызды қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады;
oo іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады;
oo бірінші, апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады (398-б. 3-б.).
Қадағалау тәртібімен сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін іс жалпы тәртіппен қаралуға тиіс. Алдындағы апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен күші жойылуына байланысты шығарылған соттың қайталама шешіміне, ұйғарымына, қаулысына шағым, наразылық, бірінші сот актісінің күшін жойған себептерге қарамастан, жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі) мүмкін (ҚР АІЖК 403-бабы).
Қадағалау сатысындағы сот қаулы шығарады және ол шығарған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы ҚР АІЖК-тің 360-бабында апелляциялық сатыдағы актілер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды (ҚР АІЖК 399-б. 1-б.).
Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу.
ҚР АІЖК-нің 404-409-баптары заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібін реттейді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы істі сотта қадағалау тәртібімен қатар заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қайта қараудың екінші нысаны болып табылатын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істерді қайта қарау ерекше тәртібін көздейді. Осы екі нысанның өз ара айырмашылығын процессуалистер ең бастысы істерді қайта қараудың негіздері мен әдістері бойынша жүргізеді.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау - азаматтық процестің дербес сатысы.
ҚР АІЖК-сі бойынша заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау негіздері болып мыналар табылады:
1) арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар;
2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері;
4) белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң соттың сот актiсiн шығаруы кезiнде қолданған заңын немесе өзге нормативтiк құқықтық актiсiн конституциялық емес деп тануы (ҚР АІЖК 404-бап).
Сондықтан мұнда жаңа емес, ал жаңадан анықталған мән-жайлар туралы айтылады, яғни сотта іс қарау кезінде болған іс үшін елеулі мән-жайлар туралы, бірақ арыз берушіге және сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған.
Жаңадан анықталған мән-жайлар - бұл сотта істі қарау кезінде болған және оны шешу үшін елеулі маңызы бар, арыз беруші не сотқа белгілі болмаған және белгілі бола алмаған, сондай-ақ осы іске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне немесе қысқартылуына әсер ететін заңды фактілер.
Мысалы, заңды мұрагерлік тәртіп бойынша сот мүлікті бөлген соң қайтыс болған адамның өсиеті анықталуы.
Егер де жаңадан анықталған мән-жайлар сотқа шешім шығару кезінде белгілі болған да, онда ол сол іс бойынша соттың қорытынды шешіміне әсерін тигізуші еді.
Егер де соттың шығарған шешімінің негізділігіне әсер тигізетін жаңа дәлелдемелер анықталса, онда ол істі қадағалау тәртібі бойынша қайта қарауға негіз болып табылады.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға негіз болған мән-жайлар дәлелдену қажет, себебі осы сот актілерін қайта қарау туралы арызды шешетін сот қайта қарау үшін негіз бар - жоғын анықтау тиіс.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың және қадағалау тәртібі бойынша қайта қараудың бір-бірінен мынандай айырмашылығы бар:
oo қайта қарау негіздері бойынша (ҚР АІЖК 387 және 404-баптар);
oo қайта қарау объектісі бойынша;
oo істі қайта қарау туралы сұрақты тудыруға құқығы бар тұлғалар бойынша;
oo істі қайта қарайтын сот өкілеттігі бойынша;
oo істі қайта қараудың процессуалдық тәртібі бойынша.
Сот шешімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы сот актілерін шығарған сот қайта қарайды, ал қадағалау тәртібі бойынша шығарған сот актісін қайта қарауды әр кезде жоғары тұрған сот жүзеге асырады.
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау пәні ретінде, әдетте, бірінші сатыдағы сот шешімі, істі қысқарту туралы (яғни іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) ұйғарым, сондай-ақ қайта қарау сатыдағы соттың қаулылары табылады. Сонымен соттың бұйрығы мен жеке ұйғарымы жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау пәніне жатпайды, себебі мұндай сот актілерін ҚР АІЖК-нің 44-тарауында заңшығарушы көздемеген.
Істі жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі ҚР АІЖК-тің 406-409-баптарында көзделген ережелермен реттеледі.
Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау жөнінде іс жүргізуді қозғау құқығы іске қатысқан (тараптар, үшінші тұлғалар және т.б.) адамдарға, сондай-ақ прокурорға берілген.
Іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде сотқа арыз бере алады.
Осы арызды беруге арналған мерзім ҚР АІЖК-нің 407-бабына сәйкес:
1) АІЖК-тің 404-бабының 1-тармақшасында көзделген жағдайларда - іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар анықталған күннен бастап;
2) АІЖК-тің 404-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қылмыстық іс жөніндегі үкім заңды күшіне енген күннен бастап;
3) АІЖК-тің 404-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы заңды күшіне енген немесе мемлекеттік немесе өзге де орган қайта қаралатын шешім, ұйғарым немесе қаулы негізге алынған үкімге, шешімге, ұйғарымға немесе қаулыға өз мазмұны бойынша қайшы келетін қаулы шығарған күннен бастап есептеледі.
Дәлелді себептер бойынша өткізіліп алынған мерзім жалпы тәртіп бойынша сотпен қалпына келтірілуі мүмкін.
Прокурор үшін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қозғау мерзіммен шектелмейді.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан адамдар немесе прокурор шешім, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа береді (ҚР АІЖК 406-б. 1-б.).
Осындай арызды қайта қарайтын соттар:
* бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот қайта қарайды.
* бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған апелляциялық немесе қадағалау сатыларындағы ұйғарымдарды, шешімдерді, қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді (ҚР АІЖК 405-бап).
Жоғарыда аталған соттар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қарайды. Арыз берушіге және іске қатысушы адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген жалпы ережелер бойынша хабарланады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болмайды. Істі жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараған сот заң талаптарын сақтай отырып сот ұйғарымын шығарады.
Сот жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қараған соң келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
* арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы;
* арызды қайта қараудан бас тарту туралы.
Егер сот арызды қанағаттандыру және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жою туралы ұйғарым шығарса сот істі ҚР АІЖК-те белгіленген ережелер бойынша қарайды, ал арызды қанағаттандыру туралы сот ұйғарымы шағымдануға немесе наразылық келтірілуге жатпайды.
Егер сот арызды қайта қараудан бас тарту туралы ұйғарым шығарса, онда ол жоғары тұрған сотқа шағымдануға немесе наразылық келтіруге құқылы.

2-тарау. Бірінші сатыдағы сот актілері және заңды күшіне енбеген сот актілерін апелляциялық сатыда қарау тәртіптері

2.1 Бірінші сатыдағы сот актілері түсінігі

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот шешім, қаулы, ұйғарым және бұйрық ретінде сот актілерін шығарады [3.8 б.].
Бірінші сатыдағы сот актідері - жазба нысанында жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер1.
Сот актісі - бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге дауды мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.
Сот актілеріне тән белгілер:
-қүқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасалады;
-нақты бір жағдайда қолданылады;
-ресми акт болып танылатын - құжат.
Сот актілердің басқа құқықтық қолдану актілерінен ерекшедігі сот қызметімен, сот төрелігін жүзеге асырумен сипатталады. Яғни сот актісі:
-сот органның ерікті (жігерлі) актісі;
-тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;
-істі дұрыс шешуді және оны шығару талаптарын сақталуын кепілдік ететін белгіленген процессуалдық тәртіпте шығарылады;
-белгіленген дәйектілікте қабылданады (өз қүрылымы бар);
-ҚР-сы аумағында тұратын немесе орналасқан барлық жеке және занды тұлғалар үшін міндетті болады.
ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар:
1) сот қаулысы;
2) сот шешімі;
3) сот ұйғарымы;
4) сот бұйрығы.
1.Сот қаулысы - бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара, алқа құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін ресімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Бірінші сатыдағы соттың барлық іс жүргізу қызметінің нысаны бойынша ҚР АІЖК кейбір нормаларында "қаулы" ұғымы қолданады. Мысалы, Г.В. Воронков "азаматтық процесте сот актілері" ұғымын қолдануды ұсынады. ҚР АІЖК
2.Сот шешімі - істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217-6.1-6.). Соттар қайсыбіреулердің еркіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот шешімінің үлгісі
Сырттай iс жүргiзу тәртiбi
Апелляциялық сатыдағы сот
Сот бұйрығын шығару
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Заңды күшіне еңбеген сот үкімдері және қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері
Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДАҒЫ СОТТЫҢ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ
Сот шешімі – сот әділдігі актісі, мәні және маңызы
Пәндер