Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі


Соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесі (1919-1939 жж. ) : эволюция мен дағдарыс.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңi 1918-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең ХХ ғасырдың бас кезiндегi капиталистiк қоғамның негiзгi мәселелерiн қарастырады. Соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесінің қазiргi заман кезеңiндегi iргелi өзгерiстердiң мазмұнына, оның iшiнде экономикалық-әлеуметтiк және саяси дамуға тигізген салдарын зерттеу - өзекті мәселелердің бірі.
1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерiнiң талабымен Германия жеңiлгендiгiн мойындап, бiтiмге қол қоюға келiстi. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды.
1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келiсiмге келу үшiн Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрi Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрi Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президентi Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады [1, 65] .
Париж конференциясының алдында соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастағы, әлемдегi өзгерiстердi ескере отырып, дүниенi қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерiстердi ескере отырып, жаңа принциптердi қалыптастыру;
- iрi капиталистiк елдер арасындағы дүниежүзiлiк ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Дипломдық жұмыста сондай-ақ Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi халықаралық қатынастардың, Германиядағы қараша революциясы мен Ресейдегi 1917 жылғы қазан төңкерiсiнiң дүниежүзiлiк әлемге тигiзген әсерi және жаңа қоғамдық-саяси дамулары қарастырылады. 1918 жылғы капитализмнiң тұрақтануы, экономикалық дағдарыс жылдарындағы iрi капиталистiк елдердегi экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер анықталады. Қазiргi заман кезеңiндегi басты оқиғалар - капитализмнiң мемлекеттiк реттеу механизмi, АҚШ-тағы «жаңа бағыт» саясаты, Италиядағы корпоративтiк-мемлекеттiк жүйе дәрiс барысында кең қамтылады. Франция мен Испания тарихындағы халық майдан кезеңi, Орталық және Оңтүстiк Шығыс Еуропа елдерiндегi жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң құрылуы, буржуазиялық саяси партиялардың саясаты көрсетiледi.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - соғысаралық кезеңіндегі халықаралық қатынастар жүйесін зерделеу, оның ішінде эволюция мен дағдарыс кезеңдеріне тереңірек тоқталу.
Қойылған мақсатқа орай, мынадай міндеттер белгіленді:
- ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында болған тарихи процестердегi экономикалық-әлеуметтiк және саяси өзгерiстерге шолу жасау;
- 1918-1945 жылдар аралығындағы революциялық өрлеу кезеңiне тоқталу;
- 1918 жылғы Германиядағы қараша революциясы, оның сипаты, екi соғыс аралығындағы халықаралық қатынастарға сипаттама беру;
- КСРО-ның сыртқы саясатының принциптерi, халықаралық қатынастардың жаңа стратегиясы мен тактикасындағы өзгерiстерге назар аудару;
- ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы капиталистiк қоғамдағы дағдарыс, оның шығу себептерi, буржуазиялық реформа, мемлекеттiк реттеу, жаңа даму моделiн белгілеу;
- мемлекеттiк-монополиялық капитализмнiң жаңа даму үлгiсi фашистiк Италия мен Германиядағы корпоративтiк-монополияның дамуын зерделеу;
- АҚШ-тағы Ф. Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясатын қарастыру;
Еуропа және Америка елдерiнiң қазiргi заман тарихының бiрiншi кезеңiндегi iрi оқиғалардың бiрi - 1917 жылғы Ресейдегi Қазан төңкерiсiнен кейiнгi Кеңестiк Ресейдiң тарихы тұңғыш рет енгiзiлiп отыр.
Теориялық және әдістемелік негізі ретінде аталмыш зерттеу тақырыбы бойынша қазақстандық және шет елдік ғылыми еңбектердің кешенді талдамасы, сондай-ақ, дәйекті және статистикалық материалдардың жинағын жатқызуға болады. Жұмыстың тарихнамалық сараптамасы қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің жұмыстарының кең ауқымын қарастыру негізінде жасалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 БIРIНШI ДҮНИЕЖҮЗIЛIК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖӘНЕ ӘЛЕМДІ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Әлемді қалпына келтірудегі Версаль-Вашингтон жүйесі
Ірi державалық елдер Париж конференциясында өз мүдделерiне ыңғайлы шешім қабылдау үшiн күрес жүргiздi. АҚШ-тың конференциядағы негiзгi мақсаты дүниежүзiлiк әлемде өзiнiң үстемдiгiн қалыптастыру болды. Бiрақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргiзуiне оның бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi экономикалық дамуы негiз болды. Соғыстан кейiн Франция мен Англияның экономикасы күйзелiске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтердi. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кiрiстi. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өлiп, 230 мың адам жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсiбi 335 млрд. доллар таза пайда келтiрдi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн АҚШ дүниежүзiнде қаржы саласында толық үстемдiк алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерiнде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерiнде 18 млрд. долларға жеттi. АҚШ президентi В. Вильсон: «Дүниежүзiне кiм көп ақша берсе, сол ел әлемде билiк жүргiзуi қажет» - деген болатын [2, 121] . Сөйтiп, АҚШ дүниежүзiлiк үстемдiк жасау үшiн күрес жүргiздi. Бұл саясатты iс жүзiне асыру үшiн АҚШ президентi Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелдi. Бағдарламаның мазмұны төмендегiдей болды:
- Антанта елдерiнiң арасындағы жасырын келiсiмдерден бас тарту;
- дүниежүзiлiк мұхиттар мен теңiздерде еркiн жүзу;
- барлық кедендiк кедергiлердi жойып, халықаралық «ашық есiк» және «ашық қол» принципiн сақтау;
- отар елдердiң мәселесiн әдiлеттi шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әдiлеттi келiсiмдер жүргiзу;
- дүниежүзiлiк дау-жанжал мәселелердi бейбiт жолмен шешу үшiн халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президентi В. Вильсонның бейбiтшілік сүйгiш саясатын бiлдiрген «14 пункттен» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
«14 пункттен» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспанциялық саясаты анық көрiндi. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәнi дүниежүзiлiк әлемде үстемдiк жүргiзу екенін түсiнiп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Бiрақ оның Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелердi шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келiстi.
Соғыстың қорытындысын баянды ету үшiн жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келiссөздер жүргiзуге кiрiстi. Париж қаласындағы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келiссөздер басталды.
Бұл келiссөздер барысында Германияның жер мәселесi қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берiлген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берiлдi. Польшаның батыс жерi Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерiктi қала ретiнде Ұлттар Лигасына басқаруға берiлдi. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бiтiмi бойынша Германия жерінің 81 бөлiгiнен айырылды.
Екiншiден, Рейн өзенiнiң сол жақ жағалауы түгелдей 15 жылға одақтастар әскерлерiнiң бақылауына өттi. Германия Рейн өзенi бойынан өз әскерлерiн әкетуге келiстi. Германияға 100 мың әскер ұстауға рұқсат берiлдi. Германия өзiнiң соғыс-теңiз флотынан айырылды.
Үшiншiден, Версаль келiсiмінде Германияның соғыс шығындарын өтеу (репарация) мәселесi қаралды. Бұл мәселенi шешу үшiн репарациялық комиссия құрылып, 1921 жылы аталмыш комиссияның шешiмiмен Германия 226 млрд. марка төлеу керек болды. 1921 жылы мамыр айында Германия 132 млрд. марка төлейтiн болып келiстi. Репарациялық төлемнiң 52%-ын Франция, 22%-ын Англия, Италия - 10%, Бельгия - 8%-ын алатын болды.
Төртiншiден, Германияның отарлары туралы мәселе қаралды. Африкадағы Германияның отарлары Танганьика, Тогоның батысы және Камерунның бiр бөлiгi Англияға берiлдi. Намибия - Британияның доминионы Оңтүстiк Африка Одағына өттi. Тогоның шығыс бөлiгi, Камерунның көп бөлiгi және Руанди, Берунди Францияға берiлдi. Германияның Тынық мұхиттағы отарлары Жапония мен Англияға өттi. Мариан, Каролин және Маршалл аралдары Жапонияға берiлдi. Қытайдағы Шаньдун түбегi Жапонияға қайырылды. Австралия мен Жаңа Зеландияға Жаңа Гвинейдiң шығыс бөлiгi, архипелаг Самоа берiлдi.
1919-1920 жылдардағы Германия және оның одақтастарымен болған келiссөздер Еуропа мен Азия картасына көптеген өзгерiстер әкелдi.
Бiрiншiден, Еуропадағы Австро-Венгрия империясы құлады. Париж конференциясында Антанта елдерi тәуелсiздiк алған Чехословакия, Польша, СХС (Серб, Хорват және Словен) корольдiгiн мойындады. Жер өзгерiстерiн бекiттi. Истрия түбегінде Триест қаласы, Оңтүстiк Тироль Италияға берiлдi. Батыс Белоруссия мен Батыс Украина Польшаға, Трансильвания және Буковина Румынияға тиiстi болды.
Екiншiден, 1919 жылы қарашаның 27 күнi Болгария мен жеңген елдер арасында Нейя келiсiмi болды. Батыс Франция Грецияға берiлiп, Эгей теңiзiне Болгария шыға алмайтын болды. 2566 кв. км жер Югославия (СХС) корольдiгiне қайтарылды. Болгария 2 млрд. 250 млн. марка репарация төлейтiн болды. 1919 жылы 10 қыркүйекте Сен-Жерменде Австриямен келiсiмге қол қойылды. 84 мың км 2 жерi 6, 7 млн халқымен Австрия Республикасы құрылды. Келiсiм бойынша Австрияның Германияға және басқа елге бiрiгуіне тыйым салынды. 1919 жылы наурыз айында Венгрия мен Трианон келiсiмi жасалды. Бұл келiсiм бойынша Венгрия Австрияны мойындады. Румынияға Трансильвания мен Баната берiлдi. Хорватия - Югославияға, Словакия және Закарпат Украинасы - Чехословакияға берiлдi. 1920 жылы 10 тамызда Севр қаласында Түрiк мемлекетiмен келiсiмге қол қойылды. Түрiк Республикасының жерi Кiшi Азия бөлiгi мен Стамбул қаласы және Фосфор бұғазымен шектелдi. Измир қаласы Грецияға өттi. Шығыс Араб елдерiндегi Палестина, Трансиордания және Ирак Англияға, Сирия мен Ливан Францияға берiлдi. Батыс Армения жерi түрiктердiң мандаттық билiгiнде қалды. Күрдістан - түрiктерге берiлдi. Фосфор мен Дарданелл ұлы державалардың халықаралық комиссиясының бақылауында қалды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi Версаль және басқа бiтiмдер жүйесi халықаралық қатынастағы жаңа саясат империалистiк елдер арасындағы қатынастардың жаңа бағытта дамуына әкелдi. Жаңа халықаралық жүйенiң ерекшелiктерi:
1. Империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды келiссөздер арқылы шешуге келiстi;
2. Қару-жарақты қысқарту;
3. Халықаралық ұйым Ұлттар Лигасы құрылды;
4. Версаль бiтiмi империалистiк елдердiң агрессиялық саясатын тежедi;
5. Кеңестiк Ресейге қарсы «Санитарлық кардон» саясатын ұстады.
6. Батыс Еуропа елдерi ХХ ғасырдың 20-жылдарында Кеңес Одағын елшiлiк негiзде мойындауға мәжбүр болды;
7. Халықаралық қатынаста жаңа Кеңес Одағының сыртқы саясаты қалыптасып, жаңа халықаралық қатынасқа өзгерiстер әкелдi.
Версаль келiсiмiнiң барысында АҚШ үкiметiнiң саясаты жеңiлiс тапты, бiрақ АҚШ өзiнiң дүниежүзiн билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.
ХХ ғасырдың 20-жылдарында АҚШ Версаль бiтiмiнiң қайта қаралуын талап ете бастады. АҚШ-тың ойы Париж конференциясында сыртқы саясаттың жеңiлiс табуы, жаңадан Батыс Еуропа елдерiн өзiнiң билеу саясатын жүзеге асыруға көндiру болды.
АҚШ үкiметiнiң тiкелей ұсынысымен 1921 жылы 12 қарашада бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуының үш жылдығына орай Вашингтон конференциясы ашылды. Конференция жұмысына тоғыз ел - АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Голландия (Нидерланды), Португалия және Қытай қатысты. Конференцияны ашуда сөз сөйлеген АҚШ президентi Гардинг салтанатты түрде: «Бiз дүниежүзiнде бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты орнату үшiн бас қосып отырмыз» - дедi [3, 87] . Америка Құрама Штаттарының конференциядағы ұсыныстары мен мақсаты қандай болды?
Бiрiншiден, Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету; екiншiден, Англияның әлемдiк мұхиттар мен теңiздердегi үстемдiгiн әлсiрету; үшiншiден, Тынық мұхит аралдарында мандаттық статускво құқықтарының сақталуын бақылау. Вашингтон конференциясы 1922 жылы 6 ақпанда аяқталды. Вашингтон конференциясының барысында АҚШ өзiнiң дүние жүзiндегі қаржылық үстемдiгiн пайдаланып, өзiнiң негiзгi қарсыластарын көндiрді де, дүниежүзiлiк билеу саясатын жүргiзуге жол ашты.
1922 жылдың 6 ақпанында «тоғыз держава келiсiмiне» қол қойылды. Мұнда Қытай елiнiң егемендiгi мен жер тұтастығы екі жүзділікпен жарияланып, «ашық есiк» және «тепе-тең қатынас» принципi ұсынылды.
АҚШ-тың «ашық есiк» саясаты 1899 жылы жарияланған болатын, ол Вашингтон конференциясында 1922 жылы жүзеге асты. Бұл саясаттың негiзгi мақсаты Қытайдағы Жапонияның ықпалын әлсiрету едi. Сөйтiп, «тоғыздық келiсiм» барысында Жапония Қытай экономикасына салып отырған заем және несиеден, сондай-ақ Маньжуриядағы салып жатқан темiр жол құрылысынан бас тартты. Қытайдағы кеңесшiлерiн кейiн шақырып алды. Сонымен қатар, Шаньдун түбегiн де Қытайға қайтарды. Сөйтiп, Жапония Қытайдағы беделiнен айырылды.
Екiншiден, конференцияда «бес ел келiсiмiне» қол қойылды. Соғыс-теңiз қару-жарақтарын қысқарту туралы мәселе бойынша сөз сөйлеген АҚШ-тың мемлекеттiк хатшысы Чарльз Эванс Хьюз мынадай ұсыныстар жасады: жоғары тоннаждағы линкор соғыс кемелерiн жасауды тоқтата тұру; ескi соғыс кемелерiн жою; ұлы держава елдері арасындағы соғыс-теңiз кемелерiнiң арақатынасын реттеу. АҚШ-тың негiзгi ойы жаңадан соғыс-теңiз кемелерiн жасап, Англияның әлемдiк сулардағы үстемдiгiн әлсiрету болатын. Конференциядағы «бес ел келiсiмiне» сәйкес елдер 35 мың тонналық кеме жасаудан бас тартты. Бұл келiсiмге - АҚШ, Англия, Жапония, Франция және Италия қол қойды. Кеме жасаудағы үлес салмағы АҚШ - 5, Англия - 5, Жапония - 3, Франция - 1, 75, Италия - 1, 75 болып пропорциялық түрде белгiлендi. 575 мың т. линкор жасау - АҚШ және Англия үлесіне, 315 мың т. линкор жасау Жапонияға және 175 мың тоннадан Франция мен Италияның үлесіне тиді.
Үшiншiден, Вашингтон конференциясында АҚШ, Англия, Жапония және Франция «төрт елдiк келiсiмге» қол қойды. Бұл келiсiмде «Тынық мұхит аралдарын пайдалану құқықтарын реттеу» сөз болды. АҚШ-тың мақсаты Тынық мұхит аралдарындағы Жапонияның беделiн әлсiрету және 1902 жылғы ағылшын-жапон келiсiмiнiң күшiн жою болды. Жапония делегациясы бұл келiсiмнiң жойылуына қарсы тұрды. Ағылшын уәкiлi: «Сiздер қорықпаңыздар, бір келiсiмнiң орнына төрт келiсiм қабылданды» деп жапондықтарды тыныштандыруға тырысты. Жапон делегациясының уәкiлi: «Сiздер бәрiбiр бiздiң келiсiмдi жерге көмдiңіздер» деген жауап қайтарды [3, 104] .
Сонымен, 1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы Америка Құрама Штаттарының ең iрi жеңiсi болды. Олар Париж конференциясындағы жеңiлiстiң есесiн қайтарды. АҚШ-тың дүниежүзiн билеу және ұлы державалық саясаты асықпай iс жүзiне аса бастады. Бiрақ, Версаль-Вашингтон келiсiмдер жүйесi империалистiк елдер арасындағы қайшылықтарды жоя алмады. КСРО үкiметiнiң сыртқы саясатының қалыптасып, нығая түсуіне байланысты АҚШ көп жылдар бойына өзiнiң билеу саясатын еркiн жүргiзе алған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесi, ұлы держава елдерінiң арасындағы қайшылықтар, фашизм және агрессиялық елдер саясаты екiншi дүниежүзiлiк соғысқа әкелдi.
1. 2 Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
Бірінші дүниежүзілік соғыстың қорытындысын жеңілген елдермен бейбіт келісімдермен бекіту және соғыстан кейінгі дүниежүзінің құрылым мәселесін шешу үшін жеңген державалар конференция шақырды. Францияның талабымен конференция Парижде өткізілетін болды. Бейбіт конференция Парижде 18 қаңтар 1919 жылы-дәл сол 1871 жылы Германия империясының құрылғаны жарияланған күні өз жұмысын бастады. Конференцияны ашқан француз президенті Пуанкаре салтанатты түрде Германия жөнінде былай деді; «Рожденная в несправедливости, она закончила свое существование в бесчестии» [2, 11] .
Конференцияға 27 елдің өкілдері қатысты. Оның жұмысы «ашық дипломатия» үлгісі ретінде кең түрде хабарланды. Француз астанасына мыңдаған делегаттар келді. Алайда оның ішінде тағдыры шешілетін Германия өкілдері болған жоқ. Кеңестік Ресей де шақырылмады, қатыспады. Конференция антикеңестік соғыс интервенциясын дайындау жағдайында өтті. Конференция ашылған күні одақтастар «Ресейге одақдастардық интервенциясының қажеттілігі жөнінде» құжат қабылдады. Конференцияда «Орыс мәселесі» негізгі мәселенің біріне айналды. Конференцияға 27 мемлекеттің өкілдері қатысқанымен барлық мәселені шешуде жетекші рольді АҚШ призиденті Вудро Вильсон, Англия премьер-министрі Гарольд Ллойд Джордж, Франция премьер-министрі Жорж Клемансо атқарды.
АҚШ Бельгияны қалпына келтіру үшін, Францияға Эльзас пен Лотарингияны қайтару, бейбітшілікті қолдау үшін халықаралық ұйым қажет деп есептеді. Бұл дүниежүзілік қырғынды болдырмауды жақтайтындарға Вильсонның ұсынысы барынша әділ және демократиялық болып көрінді. Шынында да, бұл дүниежүзілік саясатта жаңа ой еді. Алайда, большевиктер Антанта елдерінің құпия келісімдерін жарияланған соң, Вильсон ол туралы білмесе де, оның беделі елдің ішінде түскен болатын. Американдықтардың түсінігінше, олардың солдаттары Европа державаларының құпия мүдделері үшін соғысқандай болып көрінді. Елдің ішінде АҚШ-тың Европа істеріне араласпау, дәстүрлі оқшаулану саясатын қолдағандар көбейді. 1918 жылғы конгресске сайлау кезінде В. Вильсонның оппонеттері - республикандықтар сенатта көп дауысқа ие болды. Президент жасаған халықаралық келісім сенатта бекітілетін болғандықтан, бұл жағдайдың едәуір мәні болды. Дегенмен, АҚШ дүниежүзілік гегемондыққа ұмтылды. Соғыс Құрама Штаттарды орасан байлыққа кеңелтті. Соғыс жылдарында АҚШ Антантаның соғыс арсеналына, азық-түлік пен оқ-дәрінің маңызды көзіне айналды. АҚШ Европа елдеріне 10 млрд. долларға жуық несие берді. Американ капиталистерінің инвестициясы 6, 5 млдр. долларды құрады. АҚШ-тың басқарушы топтары дүниежүзілік кредиторлық жағдайын дүниежүзілік үстемдікке жетуге пайдалануға тырысты. АҚШ европалық рынок үшін аянбай күресті. Осы мақсатта АҚШ-тың болашақ президенті Г. Гувер басқарған «АҚШ азық-түлік әкімшілігі», кейінірек «Американ әкімшілік көмегі» құрылды. Осылайша американ капиталы ашыққан халықтар мен елдерге көмек ұранымен соғыстан кейінгі дүниежүзінде өз позициясын нығайтуға ұмтылды [3, 147] .
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияны Америка Құрама Штаттары екінші орынға ығыстырғанымен, ол Ұлы державалық статусын сақтап қалды. Бейбіт конференция басталғанға дейін Ұлыбритания соғыста көздеген мақсатының бәріне жетті. Ең бастысы, Германия теңізде және дүниежүзілік рынокта бәсекелесі болудан қалды. Герман флоты өмір сүруін тоқтатты. Британ доминиондары Герман отарларының біраз бөлігін иемденді, ал Англияның өзі Таяу Шығыста Түрік империясының «мұрасына» бақылау орнатты. Ағылшын дипломатиясы бейбіт конференцияда өз алдына мынадай міндеттерді қойды: қолы жеткен жетістіктерді нығайтып; айырылып қалмау; Кеңестік Ресейді тұншықтыруға қол жеткізу; Францияның Европада, АҚШ-тың дүниежүзінде гегемондығына жол бермеу. Осындай міндеттерді қоя отырып Англия Францияға Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуын қолдады. Европада соғыстан кейінгі құрылымдағы басты талабы - қарусыздану арқылы бейбітшілікті қамтамасыз ету және бейбітшілік гаранты ретінде Ұлттар Лигасын құру болды. Конференцияда ағылшын дипломатиясы тәжірибелі саясаткер Ллойд Джордж басқарды.
Л. Джордждың Вильсоннан өзгешелігі оны парламент толық қолдады, 1918 жылғы сайлау ол басқарған коалиция кіретін партия үлкен басымдылықпен жеңіске жетті. Дегенмен Англияның жағдайы мәз емес еді. Британ империясы бұрынғы зор қуатынан айырылды: доминиондары дербестікке ұмтылды, ал Үндістан мен Ирландияға өзін-өзі басқару құқын беруге уәде берілді. Англия дүниежүзілік кредитордан қарыз алушы елге айналды. Экономика әлсіреді, финанс пен сауда құлдырады. Германия тарапынан өзінің әскери-теңіз қуатына қауіпті жойғанмен, Англия тез қарқынмен күш алып келе жатқан Американ флотының күшеюінен сескенді. Ұлыбритания Франция мен Жапонияның қолдауына сүйеніп американдық әскери-теңіз флоты құрылысын тоқтатуды талап етті. Англия премьер-министрі Ллойд Джордж: «Великобритания истратит все до последней гинеи, чтобы сохранить превосходство своего флота над флотом Соединенных Штатов или любой другой державы», - деп мәлімдеді [4, 352] .
Басқа ұлы державаларға қарағанда бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Франция көп зақымданды. Оның басты себебі Франция территориясында соғыс қимылдарының жүруі болып табылады. Франция кредит беруші елден қарыз алушы елге айналды. Францияның ең негізгі қарыз алушы мемлекеті - Ресей өзінің міндеткерліктерінің бәрін жойды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz