Саяси режим сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Саяси режим және оның түрлері
Нұрберген Еламан

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ӨМІРІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕГІ САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ
1.1 Саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы
1.2 Саяси режим сипаттамасы

2 САЯСИ РЕЖИМНІҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
2.1 Тоталитаризм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам
2.2 Демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам

Қорытынды
Қолданған әдебиеттер

3

5
5
7

10

10

15

24
27

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңдағы жаһандану дәуірінде мемлекеттің саяси жүйесінің жетілдірілуінде құқықтық дамуының ен негізгі алғышарттарының бірі ресми биліктің мемлекеттің мәселелерін шешуде қандай әдістер мен тәсілдер қолдануымен тығыз байланысты.Бұл мәселеге қатысты мысалдарды көршілес ТМД елдеріндегі және Еуропаның ішкі қақтығыстарды шешудегі билік ұйымдарының іс-әрекеттерінен көре аламыз. Саяси режим-әр мемлекеттегі белгілі тарихи кезеңде өмір сүрген,саяси райды сипаттайды.Саяси режимнің мән-мағынасын толық айқындау үшін,оның белгілеріне тоқталып өтейік:-саяси өкіметті ұйымдастыру тетігіндегі халықтың қатынасу деңгейі және сондай ұйымдасудың жолдары;
-мемлекеттің құқығы мен адам бостандығының және азаматтық құқықтардың арақатынасы;
-жеке адамның бостандығының кепілі;
-қоғамдағы билікті іске асыру тетігінің шынайы сипаты;
-халықтың саяси билікті іске асыру деңгейі;
-ақпарат құралдарының жағдайы, қоғамдағы ашықтық деңгейі мен мемлекеттік аппараттың ашықтығы,
-мемлекеттік емес құрылымдардың қоғамының саяси жүйесіндегі орны және ролі;
-заң шығару мен атқару биліктерінің арақатынастары.
Саяси режим - мемлекетте билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Қазақстандағы саяси режимнің қалыптасуы мәселесінің өзекті екендігін ескеріп,біз мақалада саяси режимнің қалыптасуына өте терең ықпал жасайтын саяси факторларының дамуының тарихи-құқықтық қырларын зерделедік.
Елімізде құқықтық мемлекеттің қағидаттарын одан әрі бекіту үрдісінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғарғы ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.
Қазіргі таңда қоғамды саяси режим мәселесі одан әрі зерттеуді қажет етіп, нағыз көкейкесті сипат алып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде бұған үлкен мән беріліп, оның бағыт-бағдары атап көрсетілген [2]. Оның тікелей бастамашылығымен Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту атты баяндамасы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сөйтіп президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшу мәселелері Парламентте шешімін тапты.
Қазақстан Республикасының билік жүйесі мәселелеріне байланысты С.И.Абдулпаттаевтың, Б.Т.Аяғановтың, Р.Б.Әбсаттаровтың, Л.А.Байдельди-новтың, Н.Ж.Байтенованың, А.С.Балгимбаевтың, Ә.Бәкірдің, М.А. Биекеновтың, А.Х.Бижановтың, С.М.Борбасовтың, К.Н.Бурхановтың, А.М.Джунусовтың, А.Дьяченконың, Е.Ертісбаевтің, Ғ.Есімнің, Ж.Жунусованың, С.Зимановтың, Г.Ибраеваның, Л.М.Иватованың, Г.Н.Иреновтың, А.Ш.Ишмухамедовтың, Р.К.Қадыржановтың, Н.Қалиевтың, А.С.Қалмырзаевтың, Д.Кішібековтың, М.Б.Қасымбековтың, С.Қ.Қозы-баевтың, Е.А.Кузнецовтың, А.И.Лұқпановтың, Б.А.Майлыбаевтың, Т.А.Ман-суровтың, Д.Медеуованың, Ж.Ж.Молдабековтың, Д.Н.Назарбаеваның, Б.Нарбаевтың, С.З.Нарматовтың, М.С.Нәрікбаевтың, К.Ж.Нугманованың, А.Н.Нукеновтың, Г.Р.Нұрымбетованың, Ә.Нысанбаевтың, В.Ф.Петрованың, Н.В.Романованың, Т.С.Садықовтың, Г.Сапаргалиевтің, Т.Сәрсенбаевтың, С.Т.Сейдумановтың, Ж.Қ.Симтиковтың, К.Л.Сыроежкиннің, И.Н.Тасмагам-бетовтың, М.Б.Татимовтың [3] және т.б. еңбектерін атауға болады.
Бұл еңбектердің осы жұмыс тақырыбын тереңірек ашып көрсетуге жәрдемі үлкен.
Саяси режим комплексті проблема. Оның тармақтары мен жақтарын жеке бөліп алып ғана зерттеумен шектелу, қаншалықты дұрыс болғанымен, жеткіліксіз. Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы кең ауқымда Сасяи режим, онңы түрлері деп алынып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты - саяси режим туралы түсінікті қалыптастыру және оның түрлері туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Демократия мәселелерін зерттеу үшін тарихи жүйелеу, диалектикалық, компаративтік, функциональдық әдістемелемік принциптерге сүйендік.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері, әсіресе халыққа Жолдаулары, Қазақстан-2030 бағдарламасы, Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту басшылыққа алынды. Сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары мен нормативті-құқықтық актілері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Ғылыми еңбектің мақсаты мен міндеттеріне және қисынына сай курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ӨМІРІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕГІ САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ
1.1 Саяси режимнің қоғамның саяси жүйесімен өзара байланысы

Мемлекетімізде қалыптасқан саяси режимді дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізіліп,саяси шешімдер қабылданып отырады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы Жарлығының шығуы еліміздегі саяси жүйеге қатысты реформалардың қажеттілігін және өзектілігін көрсетеді [1].
Сонымен қатар мемлекетіміздің саяси оқиғаларына мемлекет басшысының жүйелі түрде талдау жасап, баға беріп отыруының нақты көрінісі.
Ендеше еліміздің зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан жиында Елбасының мемлекеттілікке қатысты: Бұл - Қазақ елінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп: Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз? - деген төңіректе ойлансын деген сөз. Бұл әрбір азамат туған елінің, туған халқының тағдыры ешкімдікінен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл - әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз - деп саяси тұрғыда тереңінен толғауы жалпы жұртшылыққа ой салумен қатар, қоғамдық ғылым салаларына, әсіресе мемлекет және құқық тарихын зерттеушілерге зор міндеттердің жүктеліп отырғандығын көрсетті.
Бүгінгі Қазақстан халқы азат, тәуелсіз елге айналды. Ол -- қазақ жұртының ғасырлар бойғы арманы еді. Егемендік алғаннан бергі 19 жыл ішінде Қазақстан Республикасы ғасырларға тән сан-салалы саяси өзгерістерді басынан кешірді. Дүние жүзіне өзімізді бейбітшілік сүйгіш халық, өркениетті саясаты бар,құқықтық мемлекет ретінде танытып үлгердік. Алайда өзгеге таныту үшін өзімізді тану қажеттігін билігімізді нығайтып, құқықтық мемлекетті құруды қолға алғанда барып түсіндік. Тәуелсіздік ұзақ жылдардағы ұлтты азат ету,мемлекеттіліктің саяси жүйесін қалыптастыру жолындағы саяси күресінің заңды нәтижесі болғандығын өскелең ұрпақтың мықтап есінде ұстағаны жөн деп ойлаймыз. Қазақ елінің өткен ғасырдың басындағы маңызды оқиғаларының саяси сабақтарына көңіл қойып, зерделеу бүгінгі таңдағы құқықтық мемлекет дамуының мақсаттарынан туындап отыр.
Осынау кезеңдегі саяси режимнің қалыптасу жолындағы күрестің көшбасында халқының ақыл-айнасы, жанашыры болған ұлтымыздың таңдаулы қайраткерлері тұрды. Егер төңкеріске дейін-ақ қазақ жұртының санасына саяси ойдың сәулесін түсіріп, оятқан, азаттық жайлы идеяның негізін қалап бағыттаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатовтардай көсемдері ұйытқы болған Алаш зиялыларының саяси қызметі деп білсек, ізінше 1916-17 жылдардың ұлт-азаттық күресі мен саяси режим төңкерістерінің аласапыранында қалыптасып, шынығып, айқындалып, саяси билікке көтерілген Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, Н.Нұрмақов, Ж.Досмұхамедов т.б. зиялы қауымды көреміз. Алдыңғылар негізінен ағартушылық, саяси қызметімен еліміздің болашақ даму жолын саралап берген болса, кейінгілер кеңес билігі шеңберінде ұлттық мұраттарды жүзеге асыруда бар күш-жігерімен саяси стратегия жасады. Олар жоғалтып алған мемлекеттік белгілерімізді қалпына келтіріп, Қазақстанның шынайы саяси тәуелсіздігінің негізін қалауға орасан зор күш жұмсады. Бөлшектелінген қазақ жерін біріктірді, экономикасының түзеліп, оңтайлы саяси режимнің дамуына жағдай жасады.
Өкінішке орай, ұлтымыздың зиялылары түгелдей дерлік тоталитарлық режимнің қысымын көрді, абақтыға қамалды, елден қуылды, кейінгі қуғын сүргін науқанында репрессия құрбанына айналып, жазықсыз мерт болды.
Алайда, олардың саяси идеялары мен есімдері тарихтан күштеп өшірілгенімен де, озбыр режим олардың өз халқына деген жанпида қызметімен ерекшеленген азаматтық бейнелерін санамыздан өшіре алған жоқ. Тіпті, қатал саяси режим әлсіреген тұста көпшілігінің ақталғанымен де, олар туралы толық шындықты айтып, ақ-қарасын тануға идеологиялық құрсау мүмкіншілік бермеді. Осылайша, халықтың тарихи жадында сақталып келген сол ұлтжанды заңгерлеріміздің есімдері мен мол мұралары тәуелсіздік тұсында қайта жаңғырды. Бірқатар ғылыми жұмыстың арқауына айналып, жүйеленген саяси тақырыпта немесе жеке саяси тұлға ретінде зерттелді.
Құқықтық мемлекетті модернизациялауда ұлттық заңгерлердің мұрасы өткен мен болашақтың рухани көпірі. Олардың тұлғалық мұратын ақиқаттын бағалаудың өзі, саяси болжам жасауға жарайтын білімі мол үрдіс. Әсіресе елдің әр түрлі саяси режимдер аясындағы қажеттіліктеріне бағыт бағдар жеткізіп отыратын саяси зиялылардың ұлағаты.
Демек, біздің де бұл мақаламыздағы мәселелер Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси режимінің қалыптасуына ықпал еткен ұлт зиялыларының қызметі, демократиялық бағыттағы модернизациялық саяси ойлар мен құқықтық көзқарастардың қалыптасып дамуы, мәні, қоғамымызды ілгерлетудің рөлі мен ерекшеліктері, яғни, оған ат салысқан саяси күштер мен ағымдар, көрнекті саяси қайраткерлерінің жанкешті қызметінің айтылмай, зерттелмей келген олқылығын , саяси талдай отырып толтыру қажеттігінен туындап отыр.
Осы орайда біз курстық жұмысымызда Қазақстандағы саяси режимнің қалыптасуына ықпал ететін үрдістерді зерделеп, талдауға ұмтылыс жасадық.Қазақстан мемлекетінің жүйелік басқаруын модернизациялау билік органдары мен басқаруды халыққа жақындатудың қамтамасыз етілуіне негізделген. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген биліктің бірден-бір қайнар көзі -- халық[2,4] туралы ережесін толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазақстан азаматтарына тікелей немесе билік органдары арқылы өз еркін білдіру құқығы берілген. Сондықтан Қазақстан Республикасының саяси жүйесін реформа жасау арқылы модернизациялау басты бағыты болып табылады.
Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына,оның саяси қырларының негізделуінде көп еңбек еткен, өткен ғасырдың басында шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар бүгінгі құқықтық саясатпен сабақтас, жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Бұл сол кезеңдегі саяси режимінің талаптарына балама ұсыныстар жасаған , қазақтың жаңадан қалыптаса бастаған аз ғана тұңғыш заңгерлерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Модернизация мақсаты modernity, немесе қазіргі уақыт жағдайы ретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байланыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі тек модернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы деп дәлелдесе, екіншілері оны өзара қарым қатынас жүйесі деп есептейді.
Қазақстандағы саяси режимді оңтайлы түрде жетілдіруге қатысты принциптердің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының 2010 жылыдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да атап көрсетілген: Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға жаңа басқару технологияларын енгізуге,әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Ал бұл-құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті-биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамас

1.2 Саяси режим сипаттамасы

Қоғамның саяси жүйесін модернизациялау дегеніміз - жалпы алғанда белгілі бір әлеуметтік топтардың, ұлттардың әрқайсысына және бәріне тең мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді. Қоғамның саяси жүйесі барлық елде бірдей емес. Ол әрбір қоғамның өзіндік ерекшеліктеріне қарай құрылады, өзгерістерге түсіп дамиды.
С.Хантингтонның саяси көзқарасына сәйкес саяси модернизацияның құқықтық тетіктері мен қозғалысын қарастырсақ, модернизацияның бастамасы үшін саяси элитада реформаны бастауды оятатындай ішкі және сыртқы факторлардың кейбір жиынтығы қызмет етеді. Қайта құрулар экономикалық және әлеуметтік институттарды қозғай алады, бірақ дәстүрлі саяси жүйеге қатысы болмайды. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық модернизацияны жоғарыдан әлеуметтік-экономикалық жағынан ескі саяси институттар шеңберінде және дәстүрлі элита жетекшілігімен жүзеге асырудың принципі мүмкіндігіне жол беріледі. Алайда, дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өту үрдісі ойдағыдай аяқталуы үшін бірқатар шартты қадағалау қажет, ең алдымен, қоғамның түрлі саласында болатын өзгерістер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету керек. Бұдан басқа билеуші элитаның тек қана техникалық -- экономикалық жағын ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі институттардың өзгеріс жағдайларына ыңғайлану үрдісімен қатар жаңасын да құрайтын саяси өзгерістерді жүзеге асыруға дайын болғаны жөн.
Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың қоғамды саяси модернизациялау іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпыұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрып, қазақ қауымына тән қоғамдық - саяси қозғалыстың бастауында тұрды. Қазақстандағы саяси режимнің даму эволюциясында әр түрлі саясат, айла-тәсілдер қолданылды.Бірақ өз заманындағы саяси режимнің қатал талаптарына қарамастан қазақ заңгерлері Ресей Федерациясының Мемлекеттік Дума мінбесінен де тәуелсіз, егемен мемлекеттің күн тәртібіне қойылатын мәселелерді көтерді.
Ахмет Байтұрсыновтың Қазақтың өкпесі атты мақаласында мынадай жолдар бар: ...Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айырылатын емес. Надандықтың кесепаты әр жерден-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай келеміз...Жоқты барға теңгерген ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз.... Осы ғылым мен өнерді керек қылатын қазақтардың көбеюі Ахмет Байтұрсынұлының ойынша, халықты тығырықтан шығаратын сара жол болып табылады. А.Байтұрсынұлы РКП(б) қатарына өтерінде: ...азат етілген қазақ халқы қаналған адамзаттың бүкіл басқа бөлігімен бірге ғана, яғни дүниежүзілік революция, дүниежүзілік федерация арқасында ғана бақытқа жете алады деп жазды[4,2].
А. Байтұрсынұлының көрегендікпен айтқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру арқылы ғана бақытқа жететіндігі туралы саяси идеясы бүгінгі таңда шындыққа айналып отыр. Өздерінің өмірі мен іс әрекеттерін халқына арнаған осындай ұлтжанды азаматтарды ешқандай да саяси режимнің тетіктері тоқтата алмады. 1924 жылдың 5-10 қаңтар аралығында өткен Кеңестердің Бүкілқазақтық IV съезінде Н.Нұрмақов ҚАКСР Конституциясының жобасы жайлы баяндама жасады.
Қазақстанда соңғы жылдары экономист ғалымдармен қатар ірі мемлекет қайраткерлері,заңгерлер де дағдарыстан шығудың жолдарын басты назарда ұстап келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дағдарыстың болу себебі мен дағдарыстан шығудың жолдарын теориялық және практикалық тұрғыдан зерттей келе, тұжырымдап айтқан пікірлері біздің елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде қызу талқылануы, саяси ойлары әлемдік модернизацияға негізделгені байқалады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев саяси жүйені модернизациялауда реформалардың тиімділігінің, харизматикалық типке негізін қалаушы ұлы ойшылдардың - Н. Макиавелли, Ж. Руссо, М. Вебердің саяси ойлары негізінде, мемлекеттің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілді. Президенттің биылғы Жолдауында 2020 жылға дейін атқарылатын нақты саяси шешімдер, әлеуметтік мәселелер, тұрақты экономикалық даму және Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан негізінде Еуразиялық Одақ құру идеясын жүзеге асыру айқындалған.
Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруы тиіс.
Қазақстанда қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық тетіктерді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына,құқықтық мемлекеттің одан әрі жетілуіне халықты саяси үрдістерге кеңінен таратуға жағдай жасайтын болады.
Модернизация мемлекетті әкімшілік реформа саяси және құқықтық реформалар бағдарламасындағы әкімшілік басымдылық ретінде қаралатын жоғарғы дәрежедегі бағалы үрдіс болып табылады. Тіпті Батыстың тұрақты демократиялық елдерінде де күрделі институционалдық проблемалар қалыптасуы мүмкін. Бұл басқа елдерден жай ғана көшіріп алатын мемлекеттік басқарудың ізгі жүйесі болмайтынын дәлелдейді.
Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметінде қоғамдағы мәселелер мен қарама-қайшылықтарды ажырататын қоғамдық пікірдің барометрі ретінде шығады. Азаматтық институттар азаматтардың мұқтаждықтары, мүдделері мен үміттерінің бейнесі мен артикуляцияларының формасы ғана емес, сондай-ақ оңай шешімді жасау тетігі. Өз қызметінің секторальдық сипатының арқасында, саяси партиялардан, нарықтық құрылымдардан немесе мемлекеттік биліктен гөрі үкіметтік емес ұйымдар қарапайым азаматтардың шынайы мүдделерінің жедел және дәл рефлексиясы болып табылады. Үкіметтік емес сектордың құрылуы қазақстандық мемлекеттіліктің құрылуымен, әлеуметтік демократиялық, құқықтық мемлекеттің даму кезеңімен сәйкес келеді.

2 САЯСИ РЕЖИМНІҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ

2.1 Тоталитаризм, авториторизм демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам

Мемлекеттік нысанның соңғы элементі -- саяси режим. Бұл режим деген сөзді екі мағынада қолданады. Бірінші - саяси режимді мемлекеттің бүкіл саяси жүйесіне таратады, ал оның екінші жағынан саяси режимді тек мемлекеттің қолданатын әдістері деп түсінуге болады. Сонымен, саяси режимді мемлекеттің қолданатын әдістері, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарының дамуы және кепілдіктері, демократиялық институттарды қолдану.
Саяси режим демократиялық және демократияға қарсы режимдерге бөлінеді. Саяси режимнің мынандай түрлері болады: деспотиялық, аристократиялық, шектелген демократиялық, теократиялық, әскери-полицейлік, формалды-демократиялық, либералды-демократиялық, патерналистік, бонапаристік, авторитарлық, тоталитарлық, фашистік, расистік, отарлық, социалистік, пролетарлық және басқа түрлері. Саяси режимдердің негізгі бөлінуі: демократиялық және демократияға қарсы режимдер.
Демократияға қарсы режимдер. Халық басқару процесіне қатыспайтын және оның еркімен санаспайтын режим осы түрлерге жатады. Фашистік режим (Болгария, Германия, Жапония, Италия). Халықтың саяси құқықтары шектеледі, жалғыз партия мемлекеттік аппаратты басқарады және онымен біртұтас болады, әскер басқа құқық қорғау органдары күшейеді, мемлекеттің экономикасы және сыртқы саясаты соғыспен байланысты болады. Әскери режим (Чили, Португалия) мемлекеттік төңкеріс өткізгеннен кейін өкілеттік органдардың рөлі төмендеп әскер мемлекеттің негізгі функциясын басып алады. Расистік режим осы әдістердің бәрін тек қана бір ұлтқа немесе бірнеше ұлттарға қарсы қолданады. Феодалдық мемлекеттерінің көбінде шіркеудің күшті режимі құрылады. Шіркеу мемлекетпен қатар күшті рөл атқарады, ол монархтың таққа отырғанына қатысады, мемлекеттік Кеңесте өзінің жеке орындарына ие болады, оған қарсы істелген қылмыстарды өзі өте қатты жазалайды. Бұл араб халифатының, Европа феодалдық мемлекеттерінің саяси режимдері. Авторитарлық режимдер бір адамның билігімен байланысты болады (Тито, Сталин, Чаушеску, Кастро, Людовик XIV, Наполеон).
Авторитарлық азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы -- авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.
Қолында билігі бар, өзінің мәртебесін сақтап қалуға немесе қолбасшылық жағдайын одан әрі нығайтуға тырысқан орган немесе лауазымды тұлға халық жағынан және оппозиция жағынан бақылауды шектей немесе болғызбай отырып қатаң саяси бағыт ұстанады. Бұл кезде қанаты қырқылған демократия біржола жойылып кетпейді, қаралып отырған режимнің демократияны толығымен жоққа шығаратын тоталитаризмнен ерекшеленетін өзінің қарама-қарсы жағына айналып та кетпейді. Аталған белгілерден басқа авторитаризмге мына төмендегі белгілер де тән:
:: жоғары және жергілікті биліктің (сыртқы атрибуттарын сақтай отырып) қалыптасып және қызмет істеуіне халықтың қатысуының айтарлықтай кемуі;
:: жергілікті органдарды орталыққа берілетін бірқатар дәстүрлі өкілеттіктерінен айыра отырып басқаруды орталықтандыруды күшейту;
:: сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген басқарудың әкімшілдік-әміршілдік стиліне әуестену;
:: статистік құндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтық құндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс жүзінде төмендеуі;
:: оппозициялық қызметтің жария мүмкіндіктерінің біртіндеп тарылып, минимумға дейін жетуі.
Авторитарлық мемлекеттік-саяси режим, әдетте, тұрақсыз болады. Ол қоғамдағы саяси күштердің нақты ара салмағына байланысты тоталитаризм жағына, болмаса демократияландыру бағытына қарай да дамуы мүмкін.
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады [5].
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел -- билік пен билік құрудың қажетті құры- лымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жа- сап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағыну- шының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай- тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассоциативтік бірлестігінің бастапқы кезендерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, мораль- дық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авторитаризм, авторитарлық -- тек бір түбірлі сөздер ғана емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим -- билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым- дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті автори- тарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағ- дайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық- талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.[6]
Тоталитарлық мемлекеттер тобы әр тектес. Бұл топқа ең алдымен әскери-полицейлік табиғаты ашық та айқын көрінетін фашистік мемлекеттер жатады. Фашизм -- басқарушы элитаның неғұрлым реакциялық бөлігінің халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығының, заңсыздығының және тіпті террорының айқын бейнесі Ол қарапайым демократиялық құқықтар мен бостандықтарды жойып, іс жүзінде жоққа шығарады, оппозицияны сотсыз жазалауды әдетке айналдырған, халықтың бостандық сүйгіш күштерін басып-жаншып, қудалайды. XX ғасырдың бірінші жартысында Германияның, Италияның, Жапонияның, Испанияның, Португалияның мемлекеттік-құқықтық практикасында фашизм толық көрініс тапса, қазіргі күні сыртқы демократиялық және либералдық мемлекеттік нысандар арасынан фашистік тенденциялар түрінде ғана көрініп қалады. Социалистік елдердегі мемлекеттік-саяси режим тоталитаризмнің басқа бір түріне жатады: Оларды пролетариат диктатурасы жекелеген сыртқы демократиялық институттардың көлеңкесінде қалса да, алайда соңғысынан мемлекеттің зорлау-мәжбүрлеу табиғаты көрініп қалатын еді. Қанаушы таптар мен оның қалдықтарын жою функциясыи жариялау жаппай қуғын-сүргінді, зорлық пен мәжбүрлеуді кеңінен қолдануға бағыт берді. Жеке адамның мүддесі мемлекет мүддесімен салыстырғанда кейінге ысырылып қалды. Оппозицияға жол берілмеді, пікір алуандығын (плюрализм) жокқа шығарылды, әкімшілік-әміршілдік жүйе билік құрды. Мемлекеттік-саяси режимнің алуан түрлілігі ретінде тоталитаризмнің мынандай да ерекшеліктерін атауға болады;
қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналдыру;
барлық қоғамдық бірлестіктерді бүкіл дербестіктен айыру, оларға қазыналық қызмет бағытын тану;
Тоталитарлық -- (латын сөзінен -- барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолывда шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:
1. Тек бір партия билік жүргізеді.
2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.
3. Бір идеология ғана жарияланады.
4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.
5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады. Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді бұқаралық қозғалыстың диктатурасы деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда.
Тоталитарлы саяси жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке адамға толықтай, тұтас бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Оған тән ерекше белгілер: азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының барынша бұзылуы; барлық деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің жойылуы, яғни, биліктің барлық - атқарушы, заңшығарушы, сот тармақтарының тұтасып кетуі; басында көсемі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен тұтасып кетуі; басқа партиялардың және ұйымдардың қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; қоғамның барлық мүшелеріне бір ресми идеологиялық доктринаның таңылуы; тек қана мемлекеттік нысандағы бұқаралық ақпарат құралдарының болуы, қандай да болмасын ақпараттың қатаң "сүзгіден" өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік.[
Аристократиялық -- қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.
Фашистік -- (италия сөзі -- бірлестік, байлау) -- бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.
Либералдық -- (латын сөзі -- ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

2.2 Демократиялық саяси режимдердегі мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам

Демократиялық режим. Бұл халықтың құқықтарына кепілдік берген, демократиялық әдістердің көбін мемлекет басқару процесінде қолданған режим. Бірақ демократияның даму жолы өте үзын, сондықтан демократиялық режимдері күшті дамыған мемлекеттер бар (Англия, Бельгия, Исландия), демократия әдістері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттер (Қазақстан, Оңтүстік Корея), демократия формалдық түрінде енгізілген (СССР, ГДР). Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элементтеріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан президенттік тұтас республика, демократиялық режимі қалыптасып жатқан дәрежеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік режим. Англия - тұтас парламенттік монархия, либералдық-демократиялық режим. АҚШ - федеративтік президенттік республика, демократиялық режим. Араб халифаты - теократиялық құрама монархия, діни саяси режим.
Демократия - сөзі (гр. демос - халық және гр. кратос - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Саяси режимдердің жіктелуі
Саяси режимдегі саяси партиялар
Саяси режим түрлері
Қазақ басылымдарындағы саяси дискурс
Саяси жүйенің түрлері
Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру
Көшбасшылықтың ерте теориялары
Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары
Пәндер