Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1 САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
1.1 Сапа жүйесін сертификаттау жұмыстарын жүргізудің тәртібі
1.2 Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы
1.3 Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау

2 ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДА СТАНДАРТТАУ МЕН СЕРТИФИКАТТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Пайдаланған әдебиеттер

1 САПА ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ
1.1 Сапа жүйесін сертификаттау жұмыстарын жүргізудің тәртібі

Сертификаттау қазіргі заманда көп елдерде нарық және сапа мемлекеттік менеджменттің маңызды элементтерінің бірі - ішкі және сыртқы нарық біздің өнімдер мен қызметтердің міндетті түрде бәсекеге түсу жағдайына байланысты.
1991 ж. Қазақстан Республикасында Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заң қабылданды. Сондықтан біздің елде 1993 жылы өнім мен қызмет сапасын бағалау жүйесі қабылданды.
Қазақстанда мемлекеттік сертификаттаудың дамуы 1993 жылы 18 қаңтарда стандарттау және сертификаттау заңын қабылдаудан басталды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 411, 1993 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасында міндетті түрде өнімдерді сертификаттауды кезең кезеңмен енгізу қаулысымен міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер тізімдері анықталды. Бұл қаулы бойынша бақылау отандық және шет мемлекеттік өнімдерді сертификатсыз ішкі нарыққа рыноққа сатуға болмайды. Бұл қаулы орнына 1997 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы үкіметінің Стандартар немесе нормативті құжаттардың міндетті талаптарын, оның өмірге, адамдар денсаулығына, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сәйкестілікке міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдер тізімін бекіту туралы № 1112 қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Республикада Мемлекеттік Сертификаттау жүйесінің дамуына жақсы жағдай жасалған.
Сертификаттау жүйесі - жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі деп - сертификаттау саласында өзіне тән компетенциясы жаңа нормативті құжаттар бойынша Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредитация бойынша жұмыстарын жүргізу тәртібін бекітуге арналған мемлекеттік басқару, сенімді және заңды адамдар бас қосуын айтады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында біртұтас саясатты жүргізуді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен сынау зертханасына қойылатын талаптарды және оларды аккредитациялау процедураларын сертификация бойынша эксперт-аудиторларды дайындау мен аттестациялауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін мемлекеттік реестрлеу, аудит пен инспекциялық бақылау, сертификаттау мақсаттарын іске асыруға арналған басқа да талаптарды бекітуге арналған.
Сертификаттау заңдары Қазақстан Республикасының сертификаттау және басқа да нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдарынан тұрады. Қазақстан Республикасы экономикасындағы өзгерістерді есепке алу негізінде 1999 жылы ҚР Стандарттау және сертификаттау заңының орнына Халықаралық заңдарға негізделген 2003 ж. 10 маусымда жаңарған және қосымша енгізілген ҚР Сертификаттау туралы заңы қабылданды. Заңда сертификаттау мақсаты, сертификаттау ұлттық органы анықталған және оның әрекеттерінің негізгі бағыты берілген. Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезде жалпы қолдану бар 100-ден астам нормативті құжаттар жұмыс істейді.
Өнім, қызмет, сапа жүйесін және өндірісте сертификаттауды өткізу ережесі келесі стандартта жазылған: 3.4. ҚРСТ; 3.5. ҚРСТ; 3.7. ҚРСТ; 3.9. ҚРСТ; 3.13. ҚРСТ; 3.15. ҚРСТ; 3.15.3. ҚРСТ; 3.17. ҚРСТ; 3.21.ҚРСТ; 3.23. ҚРСТ; 3.24. ҚРСТ; 3.26. ҚРСТ; 7.2.ҚРСТ да сертификация бойынша органдарға қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі берілген; 7.3. ҚРСТ лабораторияларға қойылатын талаптар және оларды аккредиттеу тәртібі берілген. Міндетті түрде сертификат алатын өнімге нормативті құжаттар ішінде міндетті сертификаттау іске асырылатын талаптар болуы қажет, яғни бұл талаптарға сәйкес бақылау әдістері, өнімді белгілеу ережелері, сертификаттау туралы мағлұматтар болуы қажет.
Менің жұмысымның тақырыбы : Сапа жүйесін сертификаттау болып табылады. Курстық жұмысымның мақсаты - кәсіпорындарда сапа жүйесін сертификаттау жұмыстарын жүргізудің тәртібін анықтау, сапа жүйесін сертификаттау кәсіпорынға өте зор пайда әкелетінін көрсету, кәсіпорында сапа жүйесін дамытуға қатысты ұсыныстарды ұсыну.
Соңғы жылдары әлемнің барлық елдерінде өздерінің сапа жүйелерінің ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкестігін сертификаттаған мекемелер саны қарқынды өсіп келеді. Бүгінгі күнде бұл стандарттар 80-нен астам елдерде қолданылады. Мұның себебі, шетелдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, сапа жүйесін сертификаттаған мекемелерде басқалармен салыстырғанда тиімділік деңгейінің 2-3 есе жоғары болуында, өйткені бұл жағдайда өнімді сату бағасы 1,5-2,0 есе өседі.

1.2 Сапа жүйесін сертификаттаудың маңызы

Сертификация термині алғашқы рет 1982 жылы сертификат жөнінде сұрақтар бойынша комитетпен (СЕРТИКО) анықталған және стандартизация бойынша халықаралық ұйым (ИСО) арқылы салаландырылған Сертифи-кация сөзін латын тілінен аударғанда дұрыс жасалған деген мағынаны білдіреді. Өнім дұрыс жасалғанына толық көз жеткізу үшін, өнімнің қандай талаптарға сәйкес екендігін және осы сәйкестіктерді растайтын құжаттарды қалай алу керектігін білу қажет.
Сертификация іс арқылы негізделеді, сонымен қатар, сертификат және белгінің сәйкестігін құжаттайды, берілген бұйым немесе қызмет көрсетуі стандарттарға немесе басқа да нормативті құжаттарды анықтауы сәйкес болуы керек. Сертификация үшінші жақпен іс жүзінде түсіндіріледі, ол қажетті сенімділіктің қамтамасыздандырылуын, өнімді міндетті түрде сәйкестендіруді, процесс немесе басқа нормативті құжатқа сәйкес болып келуін дәлелдейді.
Сынау нәтижелерінің ең ақиқаттысы болып, III-ші жақта өңделген және өндіруші, тауар тұтынушысы немесе қызмет көрсетулер тәуелсіз болып келетін сынаулар жатады. Осыған орай, сертификация - бұл процедура, өнім, процесс, қызмет көрсетулер болып табылады, оларға III-ші жақ хат түрінде берілген талаптарға сәйкес екендігіне кепілдеме береді.
Процедура, ережелер, сынаулар және басқа іс әрекеттер сертификат-таудың өзін процес түрінде қарастыруға болады, олар бірқатар айырмашы-лықтары бар факторларға тәуелді болуы мүмкін. Олардың ішіне- заңдылық, сертификаттау объектісінің ерекшеліктері, сынауларды жүргізілетін әдістер жатады. Бір сөзбен атқанда, сәйкестіктің заңдылығы сол немесе басқа сертификаттау жүйесінің ережелері арқылы өндіріледі.
Сапа жүйелерінің қарқынды дамуының сыртқы (тапсырма берушілердің талаптары, бәсекелестіктің артуы) және ішкі себептері бар. Маңызды сыртқы себептердің бірі - көптеген шетелдік органдар мен сертификаттау жүйелерінің сапа жүйесін өнімді сертификаттау процедурасына енгізуі. Мысалы, Еуропалық Одақта өнімді міндетті түрде сертификаттауға қатысты 11 директиваның жетеуінде сапа жүйесін сертификаттау сапа белгісін берудің шарты ретінде көрсетілген. Сапа жүйесі бар кәсіпорындарға несие алу және сақтандыру жақтарынан жеңілдіктер берілуі мүмкін. Сонымен қатар, сапа жүйесі бар кәсіпорындардың халықаралық тендерлерді ұтып алу мүмкіндігі ұлғаяды. Егер өнім сапасының төмендігі туралы сотқа арыз түскен болса, онда сапа жүйесінің сертификаты кәсіпорынның кінәлі еместігінің дәлелі ретінде бағаланады. Көптеген елдердің Үкіметтері мемлекеттік тапсырма жөнінде мәселе қарастырылғанда алғашқы орындарды сапа жүйелері бар кәсіпорындарға береді. Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты: тұтынушылардың талабын толығымен орындау, өндіру шығынын азайту, тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту, өндірістің мәдениетін жақсарту, сапаға деген жауапкершілікті арттыру. Қазіргі кезде ТМД елдерінің басқалары сияқты Қазақстан Республикасында сапа жүйесі сертификатталған мекемелер саны жағынан шет елдерден көп кейін қалған. Мысалы, Ұлыбританияда мұндай мекемелер саны шамамен 66,7 мың, АҚШ-та 37,0 мың болса, Ресейде бар болғаны 1500 шамасында, Қазақстанда бұл жұмыс соңғы жылдары ғана қолға алынып отыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан экономиканы дамытуға, отандық өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету бағытында нақты шаралар қолданыла бастады. 2001 жылғы мамырда Үкіметтің № 590 қаулысы бойынша 2001-2005 жылдарға арналған Республикалық Сапа бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада кәсіпорындардың өнімді сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға ауысуы көзделген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде көптеген кәсіпорындар сапа жүйесі мен өндірістерге сертификат алды.
1.3 Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау

Қазақстан Республикасында сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібіне жалпы талаптар және оларды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;
сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.
Сапа жүйелері мен өндірістерінің сертификатталуын ҚР СТ 3.2-мен белгіленген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі органдар жүргізеді. Сапа жүйелері мен өндірістерді сертифиқаттау жөніндегі жұмыстарды бас сарапшы-аудитор басқаратын сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады. Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:
еріктілікке;
құқықтылыққа өтуіне;
бағалаудың әділдігіне;
бағалау нәтижелерінің үдемелілігіне;
Сапа жүйесінің нормативтік құжаттарға сәйкестігі белгіленген нысандағы сәйкестік сертификаттарымен расталады. ҚР СТ 3.11-дің талабына сәйкес олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мемлекеттік тізімінде тіркеуге жатады. Сапа жүйелерін сертификаттау жөнінде талас мәселелер болған жағдайда өтініш беруші ҚР СТ 3.10-ға сәйкес шағым-арыз беруіне болады. Сапа жүйесін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
Сапа жүйесін алдын ала бағалау;
Сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау;
Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бағалау.
Бірінші ретте өтініш берушінің сапа жүйесін сертификаттауға дайындығын алдын ала бағалау үшін комиссия ұсынылған құжаттарды талдайды. Бұл рет екінші реттегі жұмысты өткізуге болатыны туралы жазбаша қорытынды шығарумен аяқталады. Тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктер елеулі және елеусіз болып екіге бөлінеді. Елеулі сәйкессіздік - сапа жүйесінің кейбір элементінің немесе элемент бөлігінің болмауы, қолданбауы немесе толық бұзылуы, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптардан ауытқуы, мұндай кезде бұл ауытқуды жою мәселесі кәсіпорынның ұйымдың құрылымын өзгертеді, көптеген материалдық шығындарды, ұзақ уақытты қажет етеді және ол өнімнің сапасына елеулі әсер етеді. Елеусіз сәйкессіздік - кәсіпорынның ұйымдың құрылымымен, көптеген материалдық шығындармен байланысы жоқ, тек белгіленген талаптарды орындауда байқалатын бірен-саран кемістіктер, не сапа жүйесіне қойылған нормативтік талаптар бойынша басқадай ауытқулар және олар сапа жүйесін бағалау жөніндегі комиссия жұмысының барысында, не олардың анықталған кезінен бастап бір айдың ішінде жойылады. Сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:
сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес;
сапа жүйесі негізінен стандарттарға сәйкес, бірақ та жүйе элементтерінен елеусіз сәйкессіздіктер анықталған;
сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған.
Егер елеулі сәйкессіздіктер болмаса немесе 10 не одан аз елеусіз сәйкессіздіктер анықталса, сапа жүйесі стандарттарға сәйкес табылады. Бір елеулі сәйкессіздік болса немесе 10-нан астам елеусіз сәйкессіздіктер анықталған болса, онда сапа жүйесі стандарттарға сәйкес емес деп табылады. Сапа жүйесін сертификаттауға ұсыну туралы шешімді тексеру және бағалау нәтижелері бойынша жасалған актілер негізінде бас сарапшы қабылдайды. Егер сертификаттау мүмкін деп табылса, онда сертификаттау органы сәйкестік сертификатының жобасын және сәйкестік белгісін қолдануға берілетін лицензияның жобасын жасайды. Осы құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген тәртіппен тіркеуден өткізіледі. Осымен қатар сертификаттау органы инспекциялық тексеру жүргізу жөнінде мекемемен келісім жасайды. Инспекциялық тексеру (3-ші ретке сәйкес) сапа жүйесінің сәйкестік сертификатының күшінде болу мерзімінің ішінде жүргізіледі. Сертификаттың күшінде болу мерзімінің ішінде сапа жүйесінің барлық элементтері кем дегенде бір рет тексерілуі керек. Сертификатталған сапа жүйелеріне бақылау жүргізу жоспарлың және жоспарсыз болуы мүмкін. Жоспарлық инспекциялық тексерудің кезеңділігін сертификаттау жөніндегі орган анықтайды, бірақ ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа жүйесін (СЖ) сертификаттаудың негізгі этаптары
Сапа жүйесін енгізу және сертификаттау
Сапа жүйесін (сж) сертификаттаудың негізгі этаптары: C; құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы C; элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру, сертификаттау туралы шешім қабылдау
Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Қызмет етуді сертификаттау
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Сапа жүйесін сертификаттау
Сертификаттаудың заңнамалық базасы туралы
Сертификаттау туралы жалпы мағлұмат
Пәндер