Сайлау жүйелері ұғымы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы
1. 2 Сайлау құқығы принциптері
1. 3 Сайлау жүйелері ұғымы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ИНСТИТУТЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының қолданылуы мен дамуының өзекті мәселелері
2. 2 Қазақстандық сайлау заңнамасы және «Еуропаға жол»
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
6
8
10
10
13
19
25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Сайлау құқығының теңдігі принципі сайлаушылар кез келген сайлауға тең негіздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиісінше бір дауысқа ие болады дегенді білдіреді (Сайлау туралы Конституциялық заңның 5-бабы) . Тең сайлау құқығы сондай-ақ Парламент, Мәслихат депутаттығына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына кандидаттардың да сайлауға тең негіздерде қатыса алатындықтарынан көрінеді. Әрбір сайлаушы тек бір тізімге ғана енгізіледі және ол өзі дауыс беруге міндетті.
Қазақстан Республикасында өткізілетін сайлаулардың барлығында дерлік дауыс беру нәтижесін анықтаған кезде көпшілік принципі қолданылады. Бұл жүйе халықаралық тілмен айтқанда можаритарлық сайлау жүйесі аталады. Мажоритарлық жүйеден басқа Қазақстан Республикасында кейінгі уақытта, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаған кезде пропор-ционалды (тепе-теңдік) сайлау жүйесі қолданылады.
Сайлау бостандығы сайлау процесі барысында әрбір азаматтың еркін дауыс беруін тиісті дәрежеде ұйымдастыруға жауапты сайлау органдары лауазымды тұлғаларының қызметімен қамтамасыз етіледі.
Сайлау құқығы, демократия мен оның механизмдері, саяси процестер жөніндегі мәселелерді қозғаған, зерттеген шетелдердің ғалымдары, ойшылдары, зерттеушілері Р Арон, С Верба, А Токвилл, М Крозье, Ф Фукуямо, Г Алмонд, ш Монтесье, С Хантингтон, М Липит, Дж Колеман, Б Пауэлл, И Шумпетер, Р Даль, Дж Локк, Ж. Ж Руссо, Г Ласки, Д Трумэн, Е Фраэнкель, Б Констан, Н Лумканн, К Дойч, Э Лейкман, О Доннель, М Оукешоут, Р Нойштадт, Ж Сегал, Р Мерфин, тағы басқа болып келеді. Ал партиялар мен оның қалыптасуы тағы басқа мәселерді зерттеген, көңіл аударған Дж Паломбары, М Вейнера, М Дюверже, К Бейме, Ж Шарло, Дж Сартори, Р. Ж. Шварценберг, Холкомбам, Энштейн, Н Макиавели, Дж Ламбард және тағы басқа саналады.
Курстық жұмысының негізгі мақсаты. Қоғамдағы сайлау институты мен оның технологиялары жөніндегі әдебиеттерге, оқулықтарға, еңбектерге, ғылыми зерттеу жұмыстарына шолулар жасай отырып және халықаралық деңгейде өз орнын тауып басқа аймақтарға, тараптарға үлгі болып табылған саяси жүйелердің тәжірбиелеріне көңіл аударуды жөн көрдік. Сайлау институты мен сайлау технологияларының анықтамаларына, ұғымдарына, мағыналарына тоқтала отырып өз тарапымыздан жаңа тұжырымдама жасау мақсаты қойылды. Қазақстанның жас дербес мемлекет ретіндегі қалыптасып жатқан орнын негізге ала отырып, зерттеу жұмысының негізін, мәселесін кең түрде ашу мақсатында халықаралық қауымдастыққа танымал болған сайлау институты мен сайлау технологияларының негізгі орталықтарына және оның Қазақстанның сайлау жүйесімен салыстыра отырып саралауды жөн көрдік. Халықаралық қауымдастыққа танымал сайлау жүйесінің Қазақстандағы бейнесін алу мақсаты қойылды.
Курстық жұмысының негізгі міндеттері. Зерттеу жұмысының міндетін кеңірек ашу мақсатында мәселелердің рет-ретімен қойылуын жөн деп таптық. Мәселелер тізімдеме бойынша мынадай болып құрылады:
1. Сайлау құқығының дамуы мен қалыптасуының алғышарттары;
2. Сайлау құқығы мен сайлау технологиялары ұғымы, мәні, мағыналарына шолу жасай отырып оларды жаңадан жүйелеу;
3. Сайлау институты мен сайлау технологияларының атқаратын қызметтері; (функциялары)
4. Сайлау институты мен сайлау технологиялары жүйесінің дамыған орталықтары болып есептелінетін шетелдің демократиялық саяси жүйелеріне тоқталу;
5. Қазақстандағы сайлау институты мен технологияларының даму ерешіліктерін көрсету; Сайлау институты мен технологияларының электораттың мінез құлқы мен жүріс тұрысына әсер етуі мен ықпалын зерттеу;
Курстық жұмысының негізгі деректемелік көзі болып саяси процестерді, демократиялық жүйелерді, әлемдегі қалыптасқан сайлау жүйелері мен сайлау технологиялары, демократия мен сайлаулардың өзара қарым қатынасына тоқталған, зерттеу жүргізген алыс, жақын шетелдік және отандық зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектері, монографиялары, зерттеу еңбектері, теориялар және БАҚ беттерінен, ғылыми журнал беттерінен жарық көрген ғылыми мақалалар, ой-пікірлер, көзқарастар, ұстанымдар болып табылады. Және интернет беттерінде көрініс тапқанғылыми зерттеу, статистиалық мәліметтер, деректемелік материалдар тізбегі құрайды. Сондай ақ дамыған демократиялық саяси жүйелердің сайлау институттары мен технологиялары, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің сайлау мәселесін қамтитын заңдары, нормалары, ережелері, Қазақстан Республиасының сайлау заңдары мен нормалары, мемлекет басшысының еңбектері, Орталық сайлау комиссиясының мәліметтері, бақылаушы топтардың, ұйымдардың сайлау науқаны жөніндегі талдау материалдары құрайды
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негіздеріне саяси жүйелерді және саяси институттарды, сайлау жүйелерін ретроспективті негізде және салыстырмалы тұрғыдан талдау жасайтын әртүрлі тұжырымдар, пікірлер, ойлар жиынтығы және жүйелі, тарихи, әлеуметтік мәселерін қамтитын тұжырымдар қамтиды. Сондай ақ әртүрлі сайлау тақырыбына байланысты ойлар, пікірлер, тұжырымдар, ұстанымдар т. б. жатады.
Курстық жұмысының құрылымы мен көлемі мазмұнынан, кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы ұғымы
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы, ал, мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық екендігін анықтады.
Демократиялық таңдау - негізгі саяси-құқықтық институт. Демократия саяси сайлау іс жүргізуден тыс жүзеге асуы мүмкін емес, ол дегеніміз іс жүргізудің азаматтар үшін жол беретін және қамтамасыз ететін, заңда көрсетілген тиісті мерзім ішінде олардың мүдделерін ғана айтып қоймай, сайлаушы азаматтармен бекітілген, дамытудың өз саясатын жүргізуге үміттенетін әр түрлі тұлғалар, партиялар арасынан заңды негізде таңдауға мүмкіндік беру.
Заң шығару мемлекеттік билік органдарының сайлауы кезінде қолданатын екі негізгі сайлау жүйесі бар екендігін білеміз. Бұл тең жәнe мажоритарлы сайлау құқығы нeгізіндe дауыс бeреді. Олардың осы немесе басқа да тіркестері дауыс берудің аралас жүйесін береді. Қазақстан аралас сайлау жүйесі жолында.
Мажоритарлы саулау кезінде сайлаушылар сайлау округтары бойынша белгілі бір кандидаттар үшін дауыс береді. Мажоритарлық жүйеде дауыс санының ең көбі болу тиіс, кандидатқа жеңіс үшін сайлаушылардың 2/3 дауысын жинау қажет, дауыс санының көпшілігін (50% + 1 дауыс) немесе айтарлықтай көп дауыс жинау міндетті.
Тең жүйесі бойынша сайлау дегеніміз партиялық тізімдер үшін дауыс беруді. Тең сайлау жүйесінің негізгі мақсатты бағыты, көппартиялық жағдайда партия артықшылығының тең мүшелігін қамтамасыз ету. Сайлау партиялық тізім бойынша көпмандатты (бір мандатты) округ бойынша жүзеге асады, бұл жағдайда партия сайлаушы дауыстарының белгілі пайызын міндетті түрде алу түрінде заңды шектеу қолданылады, (ереже бойынша үш және одан да көп. Қазақстанда - 5% бір мандатты аймақтан сайланушы кандидаттар үшін, және 7% партиялық тізімдер үшін) .
Кемшіліксіз сайлау жүйесі жоқ. Кез келген жүйенің өз кемшіліктері мен артықшылықтары болады. Халықаралық сайлау стандарттары, осы немесе басқа да сайлау жүйесін таңдаған кезде мемлекет қандайда бір ұйғарымды бекітпейді.
Қазақстандағы сайлауды және референдумды өткізудің негізгі принциптері мен іс жүргізу ережелері алдымен Қазақстан Республикасының, Конститутциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңы, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конститутциялық Заңы, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.
Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Конститутциясының 33 бабы Қазақстан Республикасы азаматтарының тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей өзi жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға және мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы барлығын анықтайды. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Рeспубликадағы сайлау Рeспублика азаматының сайлау жәнe сайлану құқығын eркін жүзeгe асыруына нeгіздeлeді. Бұл жағдайда Рeспублика Прeзидeнтін, Парламeнті Мәжілісінің жәнe мәслихаттарының дeпутаттарын, жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін сайлау жалпыға бірдeй, тeң жәнe төтe сайлау құқығы нeгізіндe жасырын дауыс бeру жағдайында өткізілeді. Рeспублика Парламeнті Сeнатының дeпутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы нeгізіндe жасырын дауыс бeру жағдайында өткізілeді.
Рeспублика азаматтарының сайлауға қатысуы eрікті бoлып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға нeмeсe қатыспауға мәжбүрлeугe, сoндай-ақ oның eркін білдіруді шeктeугe eшкімнің дe құқығы жoқ.
1. 2 Сайлау құқығы принциптері
Қазақстан Республикасы сайлау құқығының қағидаттары дегеніміз сайлау құқығы нормалары мен институттары негізінде алынган жетекші ережелер мен талаптар. Бұл қағидаттарды сайлау процесінің барлық қатысушылары (сайлаушылар, сайлау комиссиясы, кандидаттар, т. б. ) басшылыққа алуга тиіс. Бұл жетекші идеялар ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Оларға: • жалпыға бірдей сайлау құқығы; • тең сайлау құқығы; • төте сайлау құкығы; • жанама сайлау құкығы; • жасырын дауыс беру кағидаттары жатады. Аталған кағидаттарды толығырақ қарастырайық.
Жалпыга бірдей сайлау құқығы - республиканың он сегіз жасқа толған азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымының және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатысуға, Президент, Парламент немесе мәслихат депутаты, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі ретінде сайлануға құқылы дегенді білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының екі түрі ерекшеленген: • белсенді сайлау құқығы - бұл он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы; • бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР-ның Президенті, Парламенті, мәслихат депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құкығы. Бәсең сайлау кұқығы белгілі бір құқықтық шектеулермен байланысты туындайды. ҚР-ның Президентігіне кандидат тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы болуы тиіс. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаты Конституцияда көрсетілгендей 30 және 25 жасқа толуы тиіс. Дегенмен Конституцияда бірқатар шектеулер де қарастырылған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес: сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Бұл өзінің жүйке ауруы мен акыл-есінің кемдігіне байланысты, өзінің азаматтық кұкықтарын толық жүзеге асыра алмайтын немесе азаматтық міндеттерін атқара алмайтын азаматтардың сайлау құқығы шектеледі дегенді білдіреді. Сонымен қатар сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға кұкығы жок. Тұтқындау орындарында отырған тұлғаларға, егер соттың айыптау үкімі шығарылмаса сайлау құкығында шектеуге жол берілмейді. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңда тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында сайлау учаскелерін құру, аталған орындарда отырған адамдардың тізімін жасау тәртібі бекітілген. Теңсайлау құқығы - сайлаушылар сайлауға тең негізде қатысады дегенді білдіреді. Өрі олардың өркайсысының бір сайлау бюллетеніне сай дауысы болады. Сайлау бюллетені тұлғаның жеке басын куәландыратын кұжаттары, төл құжаты арқылы беріледі. Кандидаттар өзінің сайлау құкығын жүзеге асыруда тең күкыктар иеленеді.
Тең сайлау құқығы: • Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына олардың тұратын мекен-жайы орнына қатыссыз, соның ішінде елімізден тысқары жердегілерге; • сайлаушылардың саны, шамамен бірдей сайлау округтерін құру арқылы; • сайлауімимы сайлау учаскесіндегі бір гшш сайлаушылар тізіміне қосу арқылы; • тең сайлау құқығы талаптарын екі немесе одан да коп рет, тіпті басқа сайлаушы үшін де дауыс беру арқылы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тағайындау арқылы қамтамасыз етіледі.
Жанама сайлау құқығы-Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихат депутаты болып табылатын республика азаматы қатысады дегенді білдіреді. Аталған сайлауда халықтың еркіндігі жанама жолмен тікелей сайлау құқығы арқылы сайланған мәслихат депутаттарының, яғни таңдаушылардың дауыс беруі арқылы көрініс табады. Әрбір таңдаушы бір дауысқа ие болады.
Жасырын дауыс беру - сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру:
• әрбір сайлаушының жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы; • басқа тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу; • дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша; • сайлау бюллетені сайлаушының жасырын дауыс беру кабинасында жеке толтырылуы арқылы жүзеге асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген. [1]
1. 3 Сайлау жүйелері ұғымы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конститутциялық заңының, «Сайлау жүйелері» деп аталатын 9 бабына сәйкес, Прeзидeнтті жәнe Парламeнт дeпутаттарын, Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерін сайлау кeзіндe дауыс санаудың мынадай жүйeсі қoлданылады:
- дауыс бeругe қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) eлу прoцeнтінeн астамының дауысын алған;
- қайта дауыс бeру кeзіндe басқа кандидатқа қарағанда дауыс бeругe қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.
Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.
Жeргілікті өзін-өзі басқару oргандарының мүшeлeрін сайлау кeзіндe дауыс санаудың мынадай жүйeсі қoлданылады.
Зорлық-зомбылық, алдау, қоқан-лоқы, пара беру немесе басқа да жолдармен Республика азаматының сайлау құқығының ерікті жүзеге асыруына кедергі жасаған тұлғалар заңда бекітілген тәртіп бойынша жауап береді.
Сайлауда әркімнің даусы ерекше маңызды. Кез келген адам өзінің бүгінгі күнгі нақты өмірі арқылы болашаққа ыкпал етеді. Болашақ кез келген адамның бүгінгі жасаган таңдауы арқылы айқындалады. Адамдардың дауыстары жинақталады, ал басым көпшіліктің дауысын иеленген кандидат немесе саяси партия елдің болашақтағы дамуын айқындайды. Сайлаудың маңыздылығы және сайлаудағы әрбір дауыстың маңыздылығы да, міне, осында. Демократиялық қоғамның кез келген саналы азаматы өзінің белсенді сайлау құқығын тек қана құқығы ретінде емес, міндетім деп қабылдауы қажет. Кімді сайлау керектігін айқындау үшін саяси сауатты болуы керек, айналамызда болып жатқан оқиғалардан, саяси партиялардың және олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерінен, көзқарастарынан хабардар болу керек.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, көсіпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы зандарды бұзатын шешімдері мен іс-әрекетеріне сотқа шағымдануға болады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеу заңсыз әрекет болып табылады. Азаматтардың сайлауда өз еркін білдіруі ықтиярлы түрде жүзеге асады. Сайлаушы өзінің ішкі сенімі мен таңдауына сүйене отырып, дауыс береді. Егер сайлауды өткізу барысында заңды бұзушылық байқалса, сайлау жарамсыз болып танылуы мүмкін.
Президенттікке, Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап, сайлау корытындысы жарияланғанға дейін жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заң кандидатқа сайлау уақытында еңбек қызметін орындамауды міндеттемейді. Заң кандидатқа уақытын қалай пайдаланатындығын өзі айқындауына мүмкіндік береді. Заңның демократиялылығының мәні де осында. Кандидаттардың сайлауға қатыскан уақыты тіркелген күнге дейін оның жұмыс істеген мамандығы бойынша еңбек өтіліне есептеледі. Кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейін өздерінің келісімінсіз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ іссапарға жіберуге немесе әскери жиындарға шакыруға болмайды. Президенттікке, Парламент депутатығына кандидаттарды олар тіркелген күннен бастап және сайлау корытындылары жарияланғанға дейін, сондай-ақ оларды Президент, Парламент депутаттары ретінде тіркелгенге дейін:
*түтқынға алуға;
- еріксіз әкетуге;
- оларға сот тәртібімен өкіметтілік жазаларын колдануға;
- қылмыстық жауапкершілікке тартуға;
- Орталық сайлау комиссиясының келісімінсіз (тікелей қылмыс үстінде ұсталуы немесе ауыр қылмыс жасауы сәтіндегі тұткындаулардан басқа реттерде) ұстауға жол берілмейді.
Соттар, прокуратура, ішкі істер органдары, сондай-ақ сайлау комиссиясы дауыс беру күні, оның ішінде демалыс күндері де өз жұмыстарын ұйымдастырады. Олар азаматтардың шағымдарын қабылдау мен қарауды қамтамасыз етеді. Азаматтардың және ұйымдардың сайлау заңнамаларын бұзу туралы шағымдары сайлау комиссияларында шағым келіп түскен күннен бастап бес күн аралығында қарастырылады. Сайлау комиссиясы мен оның мүшелерінің шешімдеріне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жоғары тұрған комиссияда шағым келіп түскен күннен бастап үш күн аралығында қаралады.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ИНСТИТУТЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының қолданылуының өзекті мәселелері
Демократиялық өзгерістерді бастан кеше бастаған Қазақстанда жаңа демократиялық институттар құрыла бастады. Қоғамға жаңа ұғымдар мен терминдерді алып келді. Солардың бірі “сайлау технологиясы’ ұғымы болып табылады. “Сайлау технологиясы” ұғымына жоғарыда атап өткендіктен тоқталуды жөн көрмедік. “Сайлау технологиясы’ Қазақстан саяси жүйесіне қашан енді? деген сұраққа жауап беретін болсақ, жоғарыда атап өткендігіміздей сайлау институтының қалыптасуымен оның негізі қаланды. Сайлау технологиялары сайлау институтымен өзара әрекеттеседі. Сайлаудың негізін айқындаушы функциясын атқарады. Сайлаулардың қандай деңгейде ұйымдастырылғандығын және оның өтуінің деңгейін сайлау технологиялары көрсетіп береді. Сайлау технологияларының тиімді жұмыс істеуі не қолданылуы тек қана демократиялық қоғамдардың үлесіне келеді.
Адамдардың күрделі жиынтығы болып табылатын халық белгілі бір құрылымдарға және нақты тұлғаларға, топтарға, таптарға тағы басқа ие болып келеді. Халық ерікті адамдардың жиынтығы ретінде, өз мақсаттары мен мүдделеріне жету жолындағы әртүрлі мүдделі топтарға, тұлғаларға және алуан түрлі пікірлер мен ойларға, көзқарастарға т. б. ие. Сондықтан аталған алуан түрлі күрделі жиынтық болып саналатын мүдделер, пікірлер, көзқарастар, ойлар, ұстанымдар, бағыттар, идеялар және тағы басқалардың белгілі бір ортада көрініс табуы табиғи құбылыс болып табылады. Аталған мәселелердің көрініс табуында сайлаулардың атқаратын қызметі орасан зор. Оның ішінде демократиялық тұрақты сайлауларда көрініс табады. Сайлаулардың аталған заңдылыққа сай болуы үшін оның механизмдерінің тиімді деңгейде болулары қажет. Сайлаулардың механизмдерінің бірі және оны жүзеге асыруының механизмдерінің бірі және қажеттісі болып сайлау технологиялары саналады. Халықтың құрамынан шыққан алуан түрлілік сайлау технологияларын қолдануы барысында билік жүйесіне орнығуына тырысады. Өйткені бұл олардың алға қойған мақсаттары мен мүдделерінің бір бөлшегі болып табылады. Сайлау технологиялары демократиялық талаптар деңгейінен көріне алмаса қоғамның аталған алуан түрлі мүдделерінің, мақсаттарының жарылуы қаупін тудырады. Яғни сайлау технологиялары мақсаттар мен мүдделерге жету жолындағы әдіс- тәсілдер жиынтығы болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz