Роман - герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері


Жоспар:
Кіріспе
1 Роман-германдық құқықтық жүйе түсінігі
2 Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
3 Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын елдердің Конституциясы
4 Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын елдердің сот практикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
4
4
5
8
9
10
Кіріспе
Құқықтық жүйе - бұл құқықтың құқықтық идеологиямен жəне сот тəжірибесімен біртұтастықта қарастырылуы. Осы үш элемент: заңдар мен басқа да мемлекетпен танылған қайнар көздерден көрініс тапқан жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретіндегі құқық, құқықтық сананың белсенді жағы - құқықтық идеология жəне сот тəжірибесі құқықтық жүйені құрайды.
«Құқықтық жүйе» түсінігінің белгілі бір мемлекеттегі құқыққа сипаттама берудегі маңызы зор. Бұл жағдайда ұлттық құқықтық жүйе жөнінде сөз болып отыр. Құқықтық жүйенің құқықпен қатар қай элементінің - не сот тəжірибесінің, не құқықтық идеология-ның - ерекше рөлге ие болуына сол мемлекеттегі барлық құқық-тық құбылыстар тəуелді болып келеді. Осы белгі бойынша құқық-тық жүйенің келесі жанұяларын (құқықтың қайнар көздерінің ортақтығы негізінде бөлінген құқықтық жүйелердің жиынтығы) бөліп қарастырады:
1. Континенталдық Еуропаның нормативтік-заңнамалық жүйе-лер отбасы - бұл романдық-германдық құқық. Бұл құқықтық жүйелерде бірінші орынға заң қойылған (Италия, Франция, Гер-мания, Португалия жəне т. б. ) .
2. Нормативтік-соттық, ағылшын-саксондық құқықтық жүйе-лер жанұясы - бұл Ұлыбританияның, АҚШ-тың, Канаданың, Австралияның жəне т. б. елдердің прецеденттік құқығы. Бұл құ-қықтық жүйелерде басты орынды сот тəжірибесі, заңды прецедент иеленген.
3. Діни-дəстүрлі, идеологиялық құқықтық жүйелер жанұясы - бұл мұсылман құқығы (Иран, Ирак, Пəкістан, Судан жəне т. б. ) жəне кеңестік құқық. Бұл құқықтық жүйелерде ерекше рөлді дін мен партиялық идеология иеленеді.
Аталған жұмыста мен роман-германдық құқықтық жүйені қарастырдым. Мемлекеттердің құқықтары мен сот жүйесіне тоқталып, салыстырмалы анализ жасадым.
1 Роман-германдық құқықтық жүйе түсінігі
Ромая-германдық құқықтық жүйе дегеніміз тарихи даму барысында рим кұқығы және оның рецепциясын жасау негізінде нормативтік құқықтық кесімдердің қабылдануы. Бұл құқықтық жүйенің қалыптасып және дамуына VI ғасырда дүниеге келген Византияның императоры Юстинианың «Соiuris civilis» деп аталатын құқықтык құжаты ерекше рөл атқарады. XVIII-XIX ғасырдың бас кезеңінде континенталдық Европа мен АҚШ-та Конституциялар мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың 1789 жылы, Францияның 1791 жылғы Конституциялары 1804 жылы Францияда қабылданған Наполеонның азаматтық кодексі. Роман-германдық құқықтық жүйенің өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:
1. Мемлекетте міндетті түрде ең жоғарғы күші бар Конституцияның болуы.
2. Құқықтық жүйенің жариялылық (мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық) және жеке болып бөлінуі (азаматтық, неке, сауда) .
3. Мемлекетте парламент қабылдаған зандарды іс жүзіне асыру үшін заңға сәйкес нормативтік кесімдердің қабылдануы (жарлық, қаулы, ереже, шешім және т. б. ), заңнаманың делегациялануы.
4. Қоғамдық қатынастардың құқықпен реттелінетін негізгі салаларды кодекспен реттеледі.
5. Құқықтың қайнар көздері ретінде нормативтік құқықтық кесім болып саналады, құқықтық әдет ғұрыпты пайдалану жоққа тән немесе мүлдем қолданылмайды.
6. Судьялар мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық кесім негізінде ғана шешім, үкім шығарады.
7. Сот прецеденті құқықтық қайнар көзі бола алмайды және сот тәжірибесінде қодданылмайды.
2 Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздері
Әлемде кең таралған және ежелгі құқықтық жүйе-роман-герман құқықтық жүйесі. Р. Давид 1-ші құқықтық жүйе деп есептейді, өйткені рим құқығының жалғасы іспетті [1, 30] . Роман-герман құқықтық жүйесі бастауын ежелгі Рим, рим құқығынан алады. Бұл англо-саксондық әне басқа да құқықтық жүйелерден ерекшелйтін бірден-бір белгі. Италия, Франция, германия университеттерінде ХІІ-ХVІІ ғғ. Юстинианның заңдар жинағын оқып үйрену нәтижесінде қалыптасады. Соған қарамастан рим құқығының көшірмесі емес.
Роман-герман құқықтық жүйесі дегеніміз - рим құқығы негізінде құрылған құқықтық жүйе. Бұл топты біріктірген құқықтың құрылымы, құқықтың қайнар көздер жүйесі және құқықтық аппаратының ұқсастығы.
Роман-герман құқықтық жүйесіне Европа, Африка, Латын Америкасы, Қиыр Шығыс, Азия елдерінің және постсоциалистік мемлекеттердің құқықтық жүйесі енеді.
Роман тобын рим құқығының элементтерінің басымдылығы ерекшелейді. Бұл топқа енетін мемлекеттер: Франция, Италия, Испания, Бельгия, Люксембург, Голландия. Герамн тобына жататын елдер: Германия, Австория, Швейцария, Қазақстан және т. б. Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының қайнар көздер жүйесі батыстың заңи әдебиеттерінде екіге-негізгі және қосымша болып бөлінеді. Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын барлық елдерде құқықтың негізгі қайнар көзі нормативтік-құқықтық актілер болып табылады. Кейде құқықтың жалпы принципін де негізгі қайнар көздер жүйесіне жатқызады.
Роман-герман құқықтық жүйесі құқығының негізгі қайнар көзі болып заң танылады. Заң роман-герман құқықтық жүйесі құқығының скелеті. Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын елдердің құқықтық жүйесін біріктіретін бірден-бір басты белгі осы. Заң-барлық заңи құқықтық жазбаша актілер. Заң деп аталатын актіні тек Конституция негізінде құрылған заң шығарушы орган қабылдайды. Заңға қойылатын тағы бір талап-ол Конституцияда қарастырылған формада ғана қабылдануы керек. Конституцияда құқықтық актілердің аты, олардың заңды күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді.
Солай бола тұра кейбір мемлекеттерде, мысалы, Францияда заң өзінің толыққанды мағынасында тек заң шығарушы орган - Парламент қабылдаған акт болып табылмайды. Қолданыстағы Конституция басқа да органдарға - Министрлер Кеңесі мен Мемлекеттік кеңеске құқықтық шығармашылықта кең өкілеттілік берген. Заң роман-герман құқықтық жүйесі құқығының негізгі қайнар көзіне айналады. Заң-ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыруда басты рөл атқарады. ХVІІІ-ХІХ ғасырдың бас кезінде континентальдық Европа мен АҚШ-та Конституциялар мен салық қатынастарын реттейтін кодекстер пайда болады. Буржуазиялық кодекстерге рим құқығының нормалары еніп, «жеке меншік құқығы қасиетті, оған ешкімнің қол сұғуға құқығы жоқ» деген қағида бекітіледі.
3 Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын елдердің Конституциясы
Роман-герман құқықтық жүйесіне жататын барлық елдерде жазылған Конституция бар. Конституция - мемлекеттің, қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Көптеген елдерде жай заңдардың Конституцияға сәйкестігін соттық бақылауға алуы Конституцияның беделін арттырады. Заңдардың Конституцияға сәйкестігін қатаң қадағалау институтына мысал ретінде Германияны келтірсек болады. Соттық бақылау институты 1949 жылы қабылданған, қазіргі қолданыстағы Конституцияда бекітіленген. Федералдық Конституциялық сот федералдық немесе земельдердің (федерация субъектілері) заңнамасы Негізгі заң қағидаларына сай-сай еместігін Федералдық үкіметтің, земельдердің үкіметінің немесе Бундестаг мүшелерінің 3/1 дауысымен берілген өтініштерін қарайды.
Заңдардың Конституцияға сәйкестігін қадағалау институты Италия Конституциясында да бекітілген. Конституциялық сот заңдар мен заңды күшіне енген мемлекет пен областардың актілерінің Конституцияға сәйкестігі туралы шешім қабылдайды [2, 446] .
Заңдардың, басқа да құқықтық-нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігін соттық бақылау институты барлық елдерде біркелкі емес. Жалпы бұл институт АҚШ-та жақсы дамыған болып есептеледі. Ал Голландия мен Францияда керісінше мұндай институттан бас тартқан.
Қазақстан Республикасында заңдардың Конституцияға сәйкестігін қадағалайтын орган - Конституциялық кеңес болып табылады. Конституциялық кеңестің алдына ала және репрессивтік конституциялық бақылау нысаны бар. Алдына ала бақылау нысаны дегеніміз - нормативтік-құқықтық актілерді Президент қол қойғанға Конституцияға сәйкестігін тексеру болып табылады. Ал репрессивтік нысан дегеніміз-әрекет ететін нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін және сайлау мен референдумның Конституцияға сәйкестігін бақылайды. 1993 жылғы Конституцияға сәйкес Конституцияны қорғайтын орган - Конституциялық сот болатын. Конституциялық сот әділ соттың бір бөлігі болғандықтан оның сақталғаны дұрыс болар еді. Роман-герман құқықтық жүйесіне тән нәрсе: жай заңдардың үшке бөлінуі: кодекстер, ағымдағы заңнама және нормалар тексінің жинағы [3, 162] . Бұл құқықтық жүйеге жататын барлық мемлекеттерде классикалық кодекстер бар. Кодекстердің моделі 1804 жылғы Франция азаматтық кодексі және 1900 жылы заңды күшіне енгізілген Германияның азаматтық кодексі болып табылады. Аталған екі кодекс те бүгінгі күнге дейін қолданыста, әрине, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Роман-герман құқықтық жүйесіне жүйесіне жататын кейбір елдерде мысалы, Франция, Греция және Швецияда құқықтың қайнар көзіне құқықтық доктрина мен құқықтың жалпы принципі жатады. Әсіресе, Францияда құқықтың жалпы принципіне ерекше мән беріледі. 1789 ж. қабылданған «Адам және азамат құқығы туралы декларация» және одан кейін қабылданған Конституциялар құқықтың жалпы принципіне негізделген. «Адамның құқыққа мойынсынуы», «ұлт егемендігі принципі», заңнамада адамның жалпы еркін білдіруі тұжырымдамасы, қоғамға қауіп тудыратын әрекеттерге тыйым салу, «басқаға зиян тигізбейтін әрекеттердің бәріне рұқсат» т. т. принциптер туралы айтып отырмыз.
«Жалпы құқықтық принциптерді» заңды түрде бекіту Испанияның Конституциясында да көрініс тапқан. Конституцияда заңдылық тұжырымдамасын, нормативтік актілердің иерархиясын бекіту тұжырымдамасы, санкция беретін нормалардың кері күші жоқ деген тұжырымдама т. т. бекітілген [4] .
Сонымен, роман-герман құқығының қайнар көздер жүйесі біркелкі деуге де болады. Әрине, бір актінің әр түрлі мемлекеттерде әр түрлі аталуы мүмкін. Францияда регламенттік актілер де нормативтік-құқықтық актілер қатарына жатады. Францияның қолданыстағы Конституциясының 38-бабына сәйкес Министрлер кеңесі Парламенттің рұқсаты және Мемлекеттік кеңестің қорытындысымен белгілі бір мерзімде ордонанс қабылдай алады. Ордонанс-үкімет қабылдайтын нормативтік-құқықтық акт. Ордонанс белгіленген мерзімде Парламентте бекітілуге тиіс.
Содан кейін барып қана заңды күшіне ие бола алады және Конституцияға сәйкес тек заң ғана оның күшін жоя алады. Ал егер ордонанс заңмен бекітілген мерзімде Парламенте оны бекіту туралы шешім қабылдамаса, ордонанс заңды күшіне енгізілмейді.
Ордонанстар заңға сәйкес қабылданатын актілер, яғни заңнаманың делегациялануы (делегирование закондательства) . Заңнаманың делегациялануы роман-герман құқықтық жүйесіне жататын барлық елдерде қолданылады деуге де болады.
Сонымен қатар Францияда нормативтік-құқықтық актілердің қатарына үкіметтің және президенттің декреттері де жатады. Үкімет пен президенттің декреттерін қабылдау туралы Конституциялық кеңес шешім шығарады.
Францияда Министрлер кеңесі мен Мемлекеттік кеңеске заң шығаруда кең өкілеттілік берілген. Заң шығаруға негіз қалайтын тұжырымдамаларды қабылдайды. Жалпы бұл принцип Конституцияның беделін төмендетеді.
Италияда нормативтік-құқықтық актілер қатарына «заңнамалық декреттер» жатады.
Заңнамалық декрет - үкіметтің өз заң шығару функциясын жүзеге асыру барысында қабылдайтын актісі. Ерекше қажет болғанда немесе актіні тез арада қабылдау қажет болғанда үкімет Конституцияның 77-бабына сәйкес жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, заң күші бар уақытша өкім қабылдай алады [2, 435] . Өкім сол күні бекіту үшін Парламентке ұсынылуға тиісті. Егер Парламент таратылған жағдай болса, ол бес күннің ішінде шақырылуға тиіс.
Италияда делегацияланған заңнама қатарына заң күші бар Президенттің жарлықтары мен регламенттер жатады. Контрассигнатура принципі сақталынбаса, президент актілерінің күші жойылады. Сонымен бірге Министрлер кеңесінің төрағасы қол қоймаған актілер де заңсыз болып табылады [1, 435] .
Федеративтік мемлекеттер - Бельгия, Германия, Швейцарияда жергілікті басқару органдары қабылдаған актілері де құқықтың қайнар көзі болып табылуы мүмкін. Сонымен қатар федерация субъектілер қабылдаған актілер де құқықтың қайнар көзі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz