Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

КІРІСПЕ

1 ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ

1. 1 Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы

1. 2 «Психология» ғылымындағы кеңес берудің теориялық аспектілері

1. 3 Кеңес беру қызметі және оның мақсаты

2 ҚАЗІРГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ

2. 1 Қазіргі психологиялық бағыттардың мақсат-міндеттері

2. 2 Кеңес беру процесінің құрылымы

2. 3 Психологиядағы негізгі әдістер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

3

6

6

7

14

21

21

23

25

28

30

КІРІСПЕ

Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының») пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибиемізды жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сиақтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми түрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жаткан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция.

«Психология» термині гректіқ екі сөзінен тұрады: оның біріншісі - «псюхе» (жан), екіншісі - «логос» (сез, ілім) . Сөйтіп, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Бірақ психологияны «жан туралы ілім» демей, психика туралы ғылым деп түсінген дұрыс. Психология ерте уақыттан келе жатқан ғылымдардың бірі болғанмен, адамның күнделікті қажетін өтеуге оның пайдасы өте аз тиіп келді. Өйткені, сол кездегі көпшілік зерттеулердің философиялық негізі ғылыми жағынан дәйексіз болды да өмірден алшақ мәселелерді сөз етті. Психологияда шын мәнісіндегі ғылыми-зерттеулер тек үстіміздегі ғасырда ғана көріне бастады.

Кез келген ғылымның негізі фактыларды зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды. Әр ғылымның әдісі оның өзі зерттейтін пәніне, нені зерттейтініне байланысты. Балалар психологиясының әдістері - баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.

Былай қарағанда, осы фактылар бізді барлық жағымыздан қоршап тұрғандай. Әрбір ана, әрбір тәрбиеші баланың дамуын қадағалап отырады және бұл дамудың барысына көптеген мысалдар келтіре алады. Бірақ әдеттегі әсер кезінде басты маселе екінші кезектегі ұсақ-түйекпен, болжаммен жорамал нақты фактылармен араласып кетеді. Ал ғылым бакылаушының жеке басының әсеріне байланыссыз жасалған және тексеруге болатын кез келген басқа зерттеуші қайта ала алатын сенімді де объективті фактілерді кажет етеді.

Балалар психологиясы балалардың псиикалық дамуын зерттейді. Дамуға қтысты фактыларды әр жастағы балалардын ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. МұныҢекі жолмен бір баланы ұзақ уақыт -бойы зерттеп, байкалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістері болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін.

Психологияның ғылым ретінде құрылуы негізінен қажеттіліктің туындауынан болып табылады. Мұндағы рухани қажеттілік қазіргі кезде әрбір жеке тұлғаға қажет.

Адамның жеке басының күрделі мәселелерін шешудің түрлі жолдары бар.

Психология өзінің алғаш құрылуынан бастап атқаратын функционалдық қызметін түрлі салаларға беріп арнайы ғылыми негіздерге сүйене отырып өзінің теориясымен практикасының негізін қалыптастырады. Ғалымдардың айтқан болжамдары қазіргі кезде нақты күшіне еніп отыр. Өткен ғасырдың ойшылдары: «Психология болашақты өте маңызды ерекше қызметті атқарады»-деген болатын. Себебі ол адамның ішкі жан дүниесінің оның рухани дамуын зерттейтін ғылым болып табылады.

Біздің қазіргі өміріміздің өте күрделі және көп қырлы сондықтанда адам алдында үнемі кәсіби немесе жеке бас мәселесі туындап отырады. Бұл мәселелер бір-бірімен шиеленісіп отырады, адам мұндай жағдайда өзінің рухани қажеттілігін толық шешу мақсатында болған жағдайда толық түсіну үшін әр түрлі іс-әрекеттерге барады. Мәселен түрлі қателіктерді жіберу арқылы адам тәжірбие жинақтауы мүмкін бірақ жүйке-жүйенің жұтаңдауына алып келеді. Ең тиімдісі өзіндік мінез-құлық әрекетттеріне немесе өзгелердің іс-әрекеттеріне анализдік талдау жүргізіп отыру қажет, жасалынатын іс-әрекеттердің соңғы нәтижесін көре білу, өзгелермен қарым-қатынасты қалыптастыру жолдарын қарастыру қажет, индивид мінез-құлық іс-әрекеттерді, эмоциялық сезімдерді, өзгелермен қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыра білуге жаттығуы тиіс. Мұндай мәселелерді шешуде психологиялық дайындықтың маңызы зор.

Осы орайда жалпы психологиялық білім не үшін қажет болып отыр? деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабы мынадай әрбір жаңа заман ағымына сәйкес жаңа ғылым пайда болып өзінің нақты қасиеттілігімен тұрақталады. Сол сияқты психологияның қажеттілігін ерте кезден бастап ойшылдар түсіне білген, ал қазіргі таңда заманның талабымен адамның қажеттіліктеріне сәйкес. Психология ғылымы өзінің функционалдық қызметін кезінен атқаруда. Психологияның маңызды белгісі, адамның рухани жан дүниесінің маңызды мәселелерін шешіп отырады. Психологиялық білімді көрсететін негізгі мынадай 3 компонентті атап көрсетуге болады.

1. Психологиялық мәдениет - бұл адамның психикалық, денсаулығы жөніндегі қамқорлығы, яғни психикалық денсаулықтың негізі мұнда: өзін-өзі тану, өзге адамды тану, адамдар мен қарым-қатынас жасау процесіндегі өзінің мінез-құлық әрекеттерін дұрыс қалыптастыра білу мәдениеті болып табылады.

2. Психологиялық компетенттілік - психология жөніндегі білім мен дағдалардың жиынтығы. Мұндай компонент әр түрлі салада орын алып отырған мәселелерді шешуге қажет болып табылады. Әр бір маманның өзіндік психологиялық құрылымы болады, сондықтанда мұнда сол білімдерді меңгеру қажет. Әсіресе қазіргі таңдағы: менеджмент, маркетинг, гуманитарлық медициналық технологиялық мамандық бойынша мамандарды дайындаудың қажеттілігін қанағаттандыру мәселесін шешу қажет.

3. Адамның өзін көрсете білуі - қазіргі қоғамның өмір сүру жағдайында өте қажетті немесе үлкен маңызға ие.

Курстық жұмыстың мақсаты - психологияның мақсат-міндеттері және зерттеу әдістерін зерделеу.

Курстық жұмыстың міндеттері: психология ғылымының мəн-мағынасын және зерттеу саласымән және түрлерін анықтау, психология ғылымының даму кезендерің анықтау.

Зерттеудiң пәнi: Психология ғылымы.

Зерттеу көздерi: Қазақстанда өмiр сүрген қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары жарияланған еңбектерi, тақырып төңiрегiндегi зерттеулер мен мақалалар және т. б.

Зерттеу әдiстерi: теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу, топтау, және т. б.

Курстық жұмысының құрылымы: Курстық жұмысы кiрiспеден, негiзгi екi тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кiрiспе бөлiмде курстық жұмысының көкейкестiлiгi, оның зерттелу жағдайы және ғылыми аппараты қарастырылды. Онда зерттеудiң мақсат-мiндеттерi, зерттеу көздерi мен әдiстерi айқындалды.

Қорытынды бөлiмде курстық жұмысын орындау барысында қол жеткiзген нәтижелерiмiз қорытындыланып, тұжырымдалады.

1 ПСИХОЛОГИЯНЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ

1. 1 Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы

Жас ұрпақ өзінің индивидуалды қабілет пен мүмкіндіктеріне сәйкес өз қалауындағы кәсіпті таңдауға мүмкіндік алып қана қоймай еркін іс-әрекетте жүзеге асыруына мүмкіндігі мол. Мұнда психология ғылымы маңызды рольді атқарады, себебі ол адамдардың индивидуалды дамуына қолайлы жағдайды ұйымдастырады. Онымен қатар шығармашылық потенциалды ашуға мүмкіндіктерді беріп отырады. Психология ғылымы көптеген мәселелерді тереңінен қарастыруды көздейді. Заман талаптарына сәйкес түрлі мәселелер барлық салаларда туындап отыр, ең алдымен психологияның функциональдық қызметінің негізгі мазмұнына кіру үшін біз жалпы «психология» ғылымының қалыптасуының, құрылуының негізгі себебін ашып алуымыз қажет.

Психология - адам жанын зерттейтін ғылым оның негізгі тарихи қалыптасу сатысы ерте кездегі философияның, медицинаның өзін - өзі бақылау іс-әрекеттерінің нәтижесінде жалпы адамның өзінің рухани әлемін танудан бастау алады. Психология ғылым ретінде тек өткен жылдың жүз жылдығында эксперименттік базамен табиғи - ғылыми, физиологиялық негізінің қалыптасуының нәтижесінде қалыптасты.

Ғылыми психологияның құрылуы жеңіл болған жоқ, алғаш кезде теориялық тұлғада құрылған дәлелдемелер, практика жүзінде нақты айқындалған жоқ, тек өндіріспен техниканың дамуының нәтижесінде практикалық мәселелер туындай бастады мұның шешімін психология тек тәжірибе арқылы ғана шешуі қажет болатын, сондықтанда теорияны практика жүзінде тексеріп дәл нақты дәлелдемелерде алудың нәтижесінде ғана психология өзінің ғылым ретіндегі жүйесін қалыптастырып құрды.

20-ғасырдың орта шегінде психология ғылымының түрлі салаларға белсенді түрде дифференциациялау процесс байқалды.

Психология ғылымы өзінің қажеттілігіне байланысты түрлі салаларға бөліне бастады: жас ерекшелік, ψ, медициналық ψ, инженерлік ψ, әлеуметтік ψ, педагогикалық ψ, космостық ψ, спорт ψ, шығармашылық ψ, заң психологиясы немесе т. с. с.

Теориялық негізде бастау алып дамыған психология қазіргі кезде практикалық тұрғыда қарқынды дамуда. Тәжирбелі психологияның методологиялық негізі ғылыми қажеттіліктің салдарынан жинақталып отырады. Адамның жеке басына қатысты өмірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін түсті салалар бойынша білім қорын жинақтаудың нәтижесінде психология ғылымынан жаңа сапа бөлініп шықты. Ол практикалық психология деп аталады.

Практикалық психологияның еркі неде немесе оның мәні қандай? деген сұрақ туындауы мүмкін. Атақты психологтар Ю. М. Забродин және В. В. Новиков: теориялық ғылыми - зерттеушілік немесе ғылыми практикалық психологияның айырмашылығын зерттеу объектісіне байланысты. Ғылыми-практикалық психология әр қашан шынайы объектімен тікелей байланысты іс-әрекетті атқарады. Себебі оның зерттеп отырған объектісінің жеке құрылымы, өзіндік динамикасы және функционалды, психикалық жүйесі бар. /1/

Ғылыми практикалық психология сапасы тікелей нақты объектімен жұмыс жасайды, мұндағы объект «жеке тұлға» болып табылады. Жеке тұлға әрқашан өмірлік іс-әрекеттерді құрушы белсенді қызметті атқарып, өзіндік ерекшеліктері немесе өзіндік мекемелері бар тіршілік иесі болып табылады. Мұнда тәжірбиелі психология мен психологтың атқаратын қызметі жеке тұлға мәселесінің шешімін табуға көмек көрсету, бағыт беру, шиеленіскен жағдайдың рационалды бағытын қарастыру немесе жүйке - жүйесінің зардап шегуіне жол бермеу.

Осылайша практикалық психология түрлі сала бойынша білімдерді жинақтай отырып өмірде орын алған мәселелерді шешудің жолын көрсетіп, себебін айқындайды.

Тәжірбиелі психология негізінен 4 бөлімнен тұрады.

  1. Индивидуалдық психология
  2. Топ арасындағы және топ ішіндегі өзара бірлескен іс-әрекеттермен қарым-қатынастар психологиясы
  3. Кәсіби іс-әрекет психологисы
  4. 4. Жеке немесе тұрмыстың өмір психологиясы

Тәжірбиелік ψ, мұндай бөлімдерге бөлінуінің себебі: индивид өзінің ерекшеліктерімен қалыптасады, өзін өзі өзгелерді тани білуі қажет. Адам әр қашан көпшілік ортасында өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Қарым-қатынас жөнінде бірқатар заңдылықтар бар, сол заңдылықтарға сәйкес адам өзінің мінез-құлық әрекеттерін дұрыс бағытта қалыптастыруы мүмкін.

Практикалық психология саласы негізінен маңызды таңда барлық бағыттағы мәселелерді қарастырып рационалды іс-әрекеттерді ұйымдастыруы қажетті барлық теорияның, тәжірбиелік методологиялық базаны қалаған. Тәжірибелік психология XXI-ғасыр ағымына өте қажетті сала б. т. және де оның атқаратын функционалды қызметі күн сайын артып келеді.

1. 2 «Психология» ғылымындағы кеңес берудің теориялық аспектілері

XX-ғасырдың аяғында психология ғылымында екі өте маңызды тенденциялық пайда болды. Алғашқы бағыт зерттеу объектісіне байланысты дефференцация ал екінші зерттеу объектісінің дифференцация жеке бөліктерінің интеграциясы ретінде қарастырылады. Екінші тенденцияға деген қызығушылықтың арту себебі, бұл бағыт адамның өмірінің индивидуалды ақиқатын ғылыми білім тұрысында қарастырып отырды.

Интегралды ғылым: интегралды медицина, экология, өмір сүру психологиясының пайда болуымен гуманизациялық ғылыми зерттеудің ғылыми келбетін айқындады.

Психология ғылымының жан-жақты салаға бөліне бастауы заман талабына сәйкес интенсивті жетіліп келді. Психотерапияның негізінді қазіргі таңда бір қатар мәселелерді шешуге болады ол ең алдымен тәжірбиелік психологияның мәселелерін шешеді. Олар:

  1. Жеке
  2. Тұрмыстық
  3. Кәсіби
  4. Қарым-қатынас мәселелерді бойынша түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастырып, адекватты шешімдерді шығаруға мүмкіндік береді.

«Психотерапия» - грек тілінен аударғанда «жанды емдеу» деген ұғымды білдіреді. Ол ауырған адамға қайырымдылық мәселелері мен шараларын қарастырады.

Психотеропияның негізі - логопедия (сөзбен әсер ету) К. С. Станиславскийдің «Театр киім ілгіштен басталады» деген сөзі ауруды емдеу тіркеуден, қабылдау бөлімінен, дәрігерді күтуден басталады деген пікірмен аталып жатыр. /2/

Ю. В. Коннабах: «Психотерапия дегеніміз - ауруларды емдеуге психикалық әдістерді жоспарлы түрде қолдану» дейді. Психотерапияда ауруға себепші болатын психиканың әсерлері аурудың түріне, адамның ерекшелігіне қарай жоспарлы жүйелі немесе біртіндеп жүргізілуі керек. Дәрігердің ауырған адаммен күнделікті жұмысы психотерапия. Психитерапия ерте заманнан белгілі ерте кезде бір адамның келесі адамға көрсететін ықпалы ерекше сөздер арқылы құдіретті күшті Алла тағаланың қатысуымен деп есептеледі. Психотерапиялық әсерлер жалбарыну, үшкіру, денені ұйыту, сендіру арқылы беріледі. Бағзы заманан-ақ адам психикасына әсер еткен ықпалдарының бейнесі өнер туындыларында да жақсы сақталған. Орта ғасырда адамдардың бір-біріне ықпалы сиқыршылық немесе көз байлау деп бағаланады. Философтар, діндарлар, емшілер мен дәрігерлер темірдің магнитке тартылуы - магнетизмге тән деп, табиғаттың ерекше құрлысы ретінде қарады. /3/ Магнетизм туралы трактаттар жазылды, осы құбылысты ұғындыру үшін көптеген зерттеулерде түсініксіз табиғаттан тыс күштер туралы айтылады. Магнетизм құбылысына XVI ғасырдың белгілі дәрігері және табиғат зерттеушісі швецариялық Парацельс (1493-1541) көңіл аударды. Оның ойынша магниттің құпия күшін, емдеу ісіне пайдалануға болады. Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай ауруды өзіне ауруды өзіне тартып, организмді аурудан босатады. Парацельс дифтериядан тыныс тарылған, миына қан құйылған, өлім халінде жатқан жандарды емдеуге магнитті қолданған. Парацельстің тәжірбиесінде магнитті қолдану арқылы сіңірдің түйілуі мен құрысып қалуды тоқтатты, сөйлеу қабілетін жоғалтқан, сал болып жүрген адамға көмектесті. Мұндай өзгерістер истериялық сал аурумен истериялық тіл байлану кезінді болатыны қазір белгілі. Нәтижелі зерттеу аз болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Әсіресе бұл мәліметтер жын-шайтан мен құдайға сенетін адамдарға ерекше әсер етті.

Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Тек ғалымның мерзімсіз өлімі бұл салтанатты тоқтатты. Парацельс өлген соң магнетизм қайтадан астрологтар мен философшылардың қолына ауысты.

Екі ғасырдан соң 1765 ж Веналық дәрігер Франц Месмер «Планеталардың адамға әсері» деген тақырыпта медицина ғылымының докторлық, дәрежесін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға әсер етуі туралы жазады.

Месмер медицинада ғана емес заң мен философия саласында да, танымал, әмбебап ғалым. Ол Венаның бай адамдарының бірі, әуезшілердің макценаты Леапольд Моцартпен немесе оның шыны гармоникада жақсы ойынымен таңдандырған данышпан. Баласы Вольфганг Амадеймен бірге әуезбесі шұғылданады. Ғылымнан, концерттерден қолы бос уақытта ол дәрігерлік қызметті атқарды. Месмер де магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім қабылдады. 15-20 адамның 2-3 -уі жеңілденіп, 1-2-уі жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы, елге жайылып, жан-жақтан адамдар ағыл-тегіл келе бастады.

Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің еліне байланысты түсініксіз, ғажап күші бар магниттік флюид ілімі тарады. Месмердің түсінігі бойынша біздің айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге, сезінуге болмайды, әлем осы сұйыққа толы, он планеталарға немесе жердегі адамдар тағдырына ғана әсер етеді, сезілместен сәуле ретінде де тарайды, адамдардың қарым-қатынасын осы сәуле билейді деп тұжырымдады.

Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын құбылысты байқады. Кейбір ауру адамдардың айығуы, айықпауы магниттің жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екендігін айқындаған. Емшіні көргеннің өзі сырқаттан жеңілдегендей әсер еткен. Месмердің қолындағы магнитпен кебісіндегі алтынға қол тигізіп, жанасуды ғана ойлайды. Месмер әбден абыржыған болатын.

Парацельстің магниттің қандай ауруларға немесе қалай қолдану керектігі жайында айтқандарын ойына түсірді. Онда әр мүшеге магниттің қалай әсер ететіндігі туралы ашық жазылғанды. Алайда ол магнитсіз де жердің болатына көз жеткізді.

Месмер емдеуге шөпшекті бақты пайдаланады, оларға «өзінің флюидін беріп», «әлемнен қайтадан флюидті жинайды». Барлық емдеу жағдайы құпия сақталды. Магниттік бөлімнің төріне құрылған шымылдықтың ар жағынан ұнамды әуез естілісімен, үстіне алтынмен апталып, күміспен қапталған камзолы бар, қолы гауһар сақинаға толы Месмер бір топ шәкірттерімен сахнаға шығады. Осы кезде бірнеше әйелдерде истерикалық дерт қозады. Олардың бұл күйі, «аурудың дағдарыс кезеңі» деп саналып, осыдан кейін аурудан айықты деп есептелген. Айтарлықтай нәтиже бармеген мен, ел арасында Месмердің даңқы арта бастайды. Ол белгілі дворян отбасыларының құрметті қонақтардың біріне айналады. Венадан Парижге келіп Людовик XVI - Копольдің сарайында құрметті қонақтардың бірі ретінде қабылданады. Сыры беймәлім осы түсініксіз құбылыстарды әуес көретін аристократтар сарайлары мен салондарында Месмердің есімі ғана айтылып жүреді. /4/

Ол кезде итальяндық Калистро сияқты адамдардың тағдырын болжап дұға оқып, есіртке беретін. Месмерден кейін оның жолын қуушы, әуесқой магнатезер Пюисегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм (ұйқы ауруы) құбылысын ашты. Ол дененің қатты дірілі, истериялық булығу кезінде магнитті қолдаған. Бұл орайда ауырған адамның ерекше ұйқыға кеткені байқалады.

Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол адам берілген, нұсқауларды орындайды. Лунатиктер сияқты орнына тұрады, есітпейді.

XIX-ғасырдың 40-жылдары Манчестердегі француз магнатезері Шфель Лафоитен келді, оның Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің ғылымға қайшы екенін әшкерледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау осы кезден байқалған еді. Гипноз (грекше - ұйқы) терминін тапқан - Брэд өзінің «нейрогипнология» деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық құбылыс деп қарады.

Жылтырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан көру мүшесі нашарлап, гипноз пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды анестезияның (жайсыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданады.

XIX ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры, француз невропотологы М. Ж. Шарконың (1825-1893) тексерулері гипноздың психофизиологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды - жасанды, неврозды (гипноз кезіндегі истериялық булығу), нерв жүйесінің зақымдану деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді. /4/

Франциядағы Нанси мектебінің бастығы Беренгейн жоғарыда айталғандарға қарсы шықты. Беренгейіннің айтуы бойынша, гипноз - үйретуден, болған ұйқы. Алайда осыған дейін француз дәрігері Льебо да осылай айтқан.

А. Льебо Нанси мектебінің гипноз туралы теорияның негізін қалаушы тұлғалардың бірі, жиырма жыл өткеннен соң ғана Льебоның еңбегінің жемісі ақталды. Атақты дәрігер Д. Дюман А. Льебоның консультацияларына қатыса отырып, оның қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігіне көз жеткізуге тырысатын болатын.

1881 ж Д. Дюман гипноз арқылы үш жыл көлемінде аяғын судорга ұстап қалып отыратын ауру қызды емдейді. Сонымен қатар гипноз арқылы ол истериялық талма ауруы бар әйел адамын емдеген болатын.

Н. Дюман өзінің бақылау, зерттеу жұмыстарының нәтижесін Нансидегі клиникалық факультетінің профессоры И. Беригеймерге хабарлайды. М. Дюманың мұндай жұмыс бағыына қызығушылығын танытып тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп беруін өтінеді. Медицина қызметкерлерінің қауымдасқан жиынында Н. Дюман 4 адамға гипноз жасап көрсетіп береді. Жақсы көрсеткен тәжірбиеге қауымдастықтың қызығушылық таныта бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Саяси психологияның дамуы
Психология ғылымының Ресейде дамуы
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым ретінде
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары
Психологияның жеке ғылым болып қалыптасуы және даму бағыттары жайлы
Психологияның қоғамдық және гуманитар ғылымдар жүйесіндегі орны
Психологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz