Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Пайда мен залал туралы есептерді ашып көрсетулер

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 Қаржылық есептілікті экономикалық мазмұны мен ХҚЕС -ке сәйкес ұсынылуы

1. 1 Қаржылық есептілік бухгалтерлік есептің қорытынды есебі ретінде

1. 2 Қаржылық есептіліктің нысандары және олардың сипаттамасы

1. 3 Қаржылық есептің нормативтік-құқықтық реттелуі

2 Пайда және залал туралы есепті ашып көрсетулер және оны ұсыну тәртібі

2. 1 Пайда мен залалдарды есепке алудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері

2. 2 Пайда мен залалдар туралы есептер үлгісі және оларды құрудың әдістемелік негіздері

2. 3 Пайда мен залал туралы есеп беруді талдау мен оны жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

8

16

19

19

21

28

33

35

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты қаржылық есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.

Қаржылық есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі қаржылық қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақтілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді [1, 62] .

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше ісәрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен ісәрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жайкүйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді1.

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - өндірістегі пайда мен залал есебін талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жұмыстың теориялық базасы болып К. Ш. Дүйсенбаевтің, Э. Т. Төлегеновтың, Ж. Г. Жұмағалиеваның, В. В. Ковалевтің, А. Д. Шереметтің, Г. В. Савицкаяның еңбектері болып табылады.

1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ХҚЕС -КЕ СӘЙКЕС ҰСЫНЫЛУЫ

1. 1 Қаржылық есептілік бухгалтерлік есептің қорытынды есебі ретінде

Биржаларда акциялары бағаланатын Еуропалық Одақтың барлық компаниялары 2005 жылдан бастап Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есеп жасауға міндетті. Тек АҚШ-тың бухгалтерлік есепке алудың жалпыға бірдей принциптерін (бұдан әрі - GAAP) пайдаланатын кәсіпорындары, сондай-ақ биржаларда борыштық міндеттемелері (облигациялары) ғана бағаланатын фирмалар оған кірмейді. Мұндай кәсіпорындар Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына 2007 жылдан бастап көшуі тиіс. Еуроодақтың пікірінше, Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын енгізу ЕО елдеріндегі қаржылық есептің біркелкілігін, дұрыстығын, айқындылығын және салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, бағалы қағаздарды халықаралық саудаға шығарған кезде тосқауылдарды жоюға мүмкіндік береді. Еуропа Одағының жоспарлары еуропа биржаларында тіркелген 8700-ге тарта компанияға қатысты, мұның өзі әлемдік нарықтық капиталдандырудың 25 %-ын құрайды.

Халықаралық қаржылық есеп стандарттары әлемдегі аса дамыған және алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары болып табылады деп есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда, Германияда, Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің есептілігін осы елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық стандарттарға сәйкес ұсына алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада, Жапония мен АҚШ-та бұған да жол беріледі, алайда Халықаралық қаржылық есептің стандарттары бойынша есептілік дайындайтын компаниялар оның осы елдердің ұлттық стандарттарына сәйкес дайындалатын есептіліктен айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы тиіс. Кейбір елдерде (мысалы Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті Халықаралық қаржылық есептің стандарттары бойынша барлық ірі кәсіпорындар жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары, 2005 жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан бастап өзге де ұйымдар (мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті Халықаралық қаржылық есептің стандарттары бойынша дайындауы тиіс.

Жақын болашақта Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын меңгеру проблемасы еуропа компанияларынан басқа да компанияларға қатысты болуы әбден мүмкін. Жуырда ғана АҚШ-тың Қаржылық есеп стандарттары жөніндегі кеңесі (Financial Accounting Standards Board - FASB) және Халықаралық қаржылық есеп стандарттары комитетінің қоры (бұдан әрі - Халықаралық қаржылық есептің стандарттары КҚ) АҚШ-тың GAAP-ын және Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын үндестіру жүргізетіні туралы мәлімдеді.

Үндестіру бағдарламасына сәйкес АҚШ-тың GAAP-ы мен Халықаралық қаржылық есептің стандарттарына екі стандарт жүйесінің арасындағы белгілі бір алшақтықтарды болдырмайтын өзгерістер енгізілетін болады. Уақыт өткеннен соң олардың арасында бар айырмашылықтарды толығымен жою жоспарланып отыр. Әлемдік нарықтық капиталдандырудың 52 %-ы АҚШ-тың үлесіне келетінін ескере отырып, Халықаралық қаржылық есептің стандарттарының нағыз дүнижүзілік есепке алу стандарттары болуына нақты мүмкіндік бар.

Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді, оның негізінде ұйым қаржылық есепті дайындайды. Бухгалтерлік есепте қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.

Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есеп жөніндегі ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген қаржылық есептің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есепке сүйене отырып дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып қалыптасты.

Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең болмағанда мынадай бес принцип:

- есептеу принципі;

- қызметтің үздіксіздігі;

- ақылға сыйымдылығы;

- дәйектілігі;

- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін.

Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін (статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу және т. б. ) қамтиды.

Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау, жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды факторы болып табылады.

Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында (бұдан әрі - Жолдау) атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және қаржылық есептің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп саласын дамыту тұжырымдамасының міндеті Қазақстан Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру және қаржылық есеп жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтиже дегеніміз, Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуін жеделдету мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жөніндегі нақты тетіктерді жасау, шетелдік инвестициялардың ағынын молайту, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қор нарығын жандандыру.

Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік, стандарттылық сияқты талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.

Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. Халықаралық қаржылық есептің стандарттары пен Халықаралық қаржылық есептің стандарттарын қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне, халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.

1. 2 Қаржылық есептіліктің нысандары және олардың сипаттамасы

Есептеме ретінде белгілі бір өтіп кеткен кезең үшін кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді рүрде сипаттайтын нәтижелі көрсеткіштердің жүйесі танылады. Есептемені құру - есеп жұмысының аяқ кезеңі. Оның мәліметтері бойынша кәсіпорын өзінің қызметінің нәтижесін шығарады. Есептеме талдаудың, ағымдағы және болашақ кезеңді кезеңді жоспарлаудың ақпараттық көзі болып табылады.

№30 «Қаржылық есептемені ұсыну» деп аталатын Бухгалтерлік есепп стандартында былай деп жазылған: «Қаржылық есептеме сипаты мен функциясына сәйкес топтарға құрылымды түрде бірігетін операциялардың үлкен бөлігін өңдеудің нәтижесі болып табылады». Жалпы алғанда, қаржылық есептеме - кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсететін маңызды есептеме.

Қаржылық есептеменің мақсаты пайдаланушыларды (акционерлерді, инвесторларды, салық органдарын және тағы да басқаларды) есепті кезеңдегі кәсіпорынның қызметінің нәтижесі және қаржылық жағдайы туралы сенімді әрі маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Қаржылық есептемеге қойылатын басты талап - оның сенімді және инвесторлар мен акционерлер үшін мәліметтерінің айқын болуы. Қаржылық есептеме алдын-ала белгіленген мерзімге дейін жасалуы керек. Кәсіпорын өзінің есептемесін, егер бұл Қазақстан Республикасының Заңында басқаша белгіленбесе, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1-наурызынан кешіктірмей ұсынуы керек.

Қаржылық есептемеге оның уақытылы ұсынылғанына және сенімділігіне жауапкершілік артатын кәсіпорынның Бас директоры мен Бас бухгалтері қолдарын қояды. Ағымдағы және өткен жылдың есептері мен баланстарының мәліметтеріне енгізілетін өзгерістер есепті кезеңнің бірінші айында жасалуы керек. Ал өткен жылдың жылдық есептемелеріне енгізілетін өзгерістер оның бекітілуіне дейін жасалуы қажет. Бұған қажетті өзгерістер есепті жылдың желтоқсан айында енгізіледі.

Қаржылық есептеменің нысандарына Бухгалтерлік баланс, Кірістер мен шығыстар туралы немесе Қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижесін көрсететін есеп беру, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру, Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп беру және Түсіндірме хат жатады. Осы нысандардың әрқайсысына тоқталып кетейін.

Бухгалтерлік баланс белгілі бір есепті кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын бейнелейді. Баланс меншік иелерін, менеджерлерді және басқаруға қатысы бар басқа да тұлғаларды субъектінің меншік жағдайымен таныстырады. Баланс арқылы олар субъектінің меншігі туралы мағлұмат ала алады (№1-2-қосымшалар) .

Баланс арқылы кәсіпорынның жақын арада үшінші тұлғалардың (акционерлер, инвесторлар, қарыз берушілер, сатып алушылар, сатушылар және басқалары) алдында өз міндеттемелерін өтей алатынын-алмайтынын анықтауға болады.

Кәсіпорынның жұмысының соңғы қаржылық нәрижесі - басқарманың материалдық және ақшалай ресурстарын сақтау және оларды көбейту мүмкіндіктерін бағалаудың басты аспектісі. Бұл баланста таза табыс немесе жабылмаған зиян ретінде бейнеленеді.

Бухгалтерлік баланс екіге бөлінеді: оның сол жағында активтер көрсетілсе, ал оң жағында меншікті капитал мен міндеттемелер көрініс табады (1-сызба) .

1-сызба.

Бухгалтерлік баланстың құрылымдық көрінісі

Бухгалтерлік баланс: Бухгалтерлік баланс
Активтер
-
Міндеттемелер
Ұзақ мерзімді актитер
Ағымдағы активтер
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелер
Негізгі құралдар
Тауарлы-материалдық қорлар
Ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар
Қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар
Материалдық емес активтер
Дебиторлық борыштар
Кейінге қалдырылған салықтар
Кредиторлық борыштар
Активтер: Инвестициялар және т. б.
-: Ақша қаражаттары
Міндеттемелер:
Төленуге тиісті сомалар және т. б.
Активтер:
-: Қаржылық инвестициялар
Міндеттемелер:

Активтердің құрамына үйлер, ғимараттар, құрылыстар, еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар, материалдық емес активтер, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, ағымдағы дебиторлық борыштар, тауарлы-материалдық қорлар, кассадағы және банктегі шоттардағы ақша қаражаттары, берілген аванстар жатады.

Айналымда бір жыл ішінде жүрген активтер қысқа мерзімділерге, ал бір жылдан артық жүргендері ұзақ мерзімді активтердің қатарына жатады.

Материалдық емес активтер деп белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтады. Оған патентер, тауарлық белгілер, ноу-хау, бағдарламалар, лицензиялық келісімдер, гудвилл жатады. Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдар деп өндірісте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөлініп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Қаржылық инвестициялар дегеніміз акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға, банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады. Қаржылық инвестициялардың құрамына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға бағытталған инвестициялар да кіреді.

Ағымдағы активтерге тауарлы-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және ақша қаражаттары жатады.

Тауарлы-материалдық қорларға, негізінен, шикізат, дайын өнім, тауарлар және аяқталмаған өндіріс жатады. Тауарлар сатып алу құны бойынша бағаланады.

Дебиторлық борыштар деп белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың кәсіпорынның алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлкрдің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.

Касадағы және банктегі ақша қаражаттарын қысқа мерзімді бағалы қағаздармен бірге «өтімді ресурстар» ретінде белгілеуге болады.

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқа да түрімен айналысатын кәсіпорындардың қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақша қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақытта табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарғылардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Меншікті капиталдың баланста бейнелену нысаны меншік нысанына байланысты.

Кәсіпорынның жарғылық капиталы жай немесе басымдық берілген акциялардың номиналдық құнына және салымдар мен пайлардың құнына тең. Оның номиналды құнынан жоғары салынған капитал қосымша төленген капитал деп аталады. Материалдық активтерді қайта бағалағанда олардың құнының өскен сомасынан туындайтын капитал қосымша төленбеген капитал деп аталады. Қор ретіндегі капитал - келешекте болуы мүмкін зияндар мен шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорын өзінің таза пайдасынан бөлген меншікті капиталдың бір бөлігі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Ақша қаражаттарының шығуы
Ақша қозғалысы
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік: құру тәсілдері және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz