Бүйрек үсті бездің без заты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ГОРМОНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

1. 2 Гормондардың әсері

1. 3 Гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондары

2 ӨСУ ГАРМОНЫН АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2. 1 Гормондардың әсер ету механизмі

2. 2 Соматотропин немесе адамның өсу гормоны алу технологиясының ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

13

15

24

24

29

31

32

КІРІСПЕ

Баланың дене бітімдік саулығын қалыптастырудың негізгі мәселелеріне мыналарды жатқызуға болыды: әуелі, бұл системогенезді үздіксіз бақылау және оны басқару арқылы оптималды үйлесімділіктегі конституцияны қалыптастыру. Бұл басқару патологиялық конституцияның көрініс беруін алдын алатын жағдайларды және ылайықты әсер ету арқылы конституцияның қалыпты жақсы деңгейде қалыптасуына жағдай жасау. Бұдан баланың дүниеге келгенге дейінгі және дүниге келгеннен кейінгі тіршілік ортасына, өмір салтына деген жоғары талап шығады.

Физикалық денсаулықтың екінші мәселесі - жаттықтырушы әсерлерді қолдану арқылы функциональдық қорды, энергетикалық потенциалды үздіксіз өсіру. Үшінші мәселесі, екіншімен тығыз байланысты және ауруларды спецификалық емес алдын алумен көрінеді.

Қорытынды соматикалық конституцияның қалыптасуы негізінен 5-6 жаста аяқталады. Бұл уақыттың ішінде әр түрлі ұрық жапырақшаларының мүмкіндіктерін ашуға жағдай жасау арқылы қалыптасу үрдісіне қандай да бағыттаушы әсер етуге болады.

Эктодермалық жапырақшадан тері, сілемей қабықтың бөліктері, жүйке жүйесі мен сезім мүшелері дамитындығы белгілі. Мезодермадан тірек-қимыл аппараты, жүрек-тамыр, бөлу және жыныс жүйелері қалыптасады. Энтодерма ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінің көптеген құрлымдарына бастама береді. Эктодермалық типте (астеникалық конституция) ас қорыту, тыныс алу жүйелерін және тірек-қимыл аппаратын жаттықтырған жөн. Ал энтодермалық конституциясының негізі бар балада артық майдың жиналуын және май жасушаларының көбеюін туындатпау үшін тамақтануды, әсіресе, көмірсуларды шектеген жөн. Көптеген тұжырымдар бойынша май ұлпасының жасушаларының көбеюі бала өмірінің алғашқы 1, 5-2 жылында жүретіндіктен, әсіресе, осы жаста тамақтану режимін реттеудің маңызы зор.

Соматикалық конституцияны қалыптастыруда ең бір көңіл бөлетін жағдай, бұл уақытында баланың сымбатына дұрыс коррекция жасау. Ертеден бізге «біздің денсаулығымыз біздің омыртқа жотамызда», - деген түсінік келген. Омыртқа жотасының қалыптасуының бұзылуы көптеген қызметтердің бұзылуына, әр түрлі ағзалардың дистрофикалық зақымдануына ауырту синдромына, астенияға әкеп соғуы мүмкін.

6-7 жас - көптеген физиологиялық қызметтерін өзінің қалыптасуын аяқтайтын, бала өміріндегі сынақ кезеңі. 7 жастағы балада мектепке баруға барлық қабілеттері жетілген. Одан шыдамдылықты, жауапкершілікті, ақпаратты меңгеруді талап етуге болады. Балада бұл жаста әлуметтік белгілірі айқындала бастайды. Бұл тез арада қайта құрылу кезеңі ұқыпты медициналық бақылауды талап етеді.

Екінші бала өміріндегі маңызды (бұл да «сынақ») кезең - жыныстық пісіп жетілу кезеңі, жыныстық конституцияның қалыптасуы. Қорытынды соматикалық конституцияға жыныс гормондарының әсері уақытша десинхронизацияны, мүшелер мен жүйелер қызметінде сәйкессіздікті туындатады. Организм жүйе ретінде тұрақсыз жағдайда болады, сыртқы орта әсерлеріне өте сезімтал, сондықтан жыныстық жетілу кезеңін физиологиялық «үшінші күйге» жатқызады. Бұл кезеңде балаға аса ұқыпты көңіл бөлу қажет. Стрестік жағдайлар баланың өсуін және жыныстық жетілуін бәсеңдетеді. Сол себепті, жүйкесі қажыған гипопластикалық балаларда жыныстық жетілу жиі кешеуілдейді.

Кеш жыныстық жетілудің негізгі бір соматикалық белгілері: аяқ-қолдар ұзындығы мен өкпенің арасындағы пропорциялық сәйкессіздік, онша үлкен емес дене (былайша атағанда, евунхоидты конституция) . Жыныс гормондары мен соматотропин (өсу гормоны) шеміршектердегі өсу аймақтарына қарама-қарсы, ілесе әсер етеді, біріншілерінің тежеуші әрекетінің жетіспеушілігінен екіншілері аяқ қолдардың өсуіне өзінің әсерін ұзағырақ тигізуге мүмкіндік алады. Бұл құбылыс жыныс конституциясын бағалауда болжамдық көрсеткіш ретінде қолданылуы мүмкін. Қызметтің кеш басталуы, сонымен қатар, ерте аяқталуы, организмнің қызметтік қорының төмендігінің көрініс беруі болып табылады.

Адам толық жетілмей дүниеге келетін сүт қоректілер қатарына жататындықтан оның өмірінің ерте кезеңінің тіршілік ету ортасына қойылатын негізгі талап: организмнің құрсақ ішілік кезеңнен постнаталды өмірге ырғақты өтуін қамтамасыз ететін жағдайдың болуы. Бұл жағдайларға: баланың дене бітімдік қорғалуы, стрестердің болмауы, ұтымды тамақтану, ұйқымен толық қамтамасыз етілуі жатады. Осыдан, бұл жағдайлардың организмнің трофотроптық бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты екенін көреміз. Бұл жағдайлардың маңыздылығы баланың келесі өмір кезеңдерінде де сақталады.

Курстық жұмыстың мақсаты - өсу гармонын алу технологиясын зерттеу.

Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:

  • ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсерін қарастыру;
  • гипоталамус-гипофиздік жүйе. Гипоталамустың нейрогормондарын зерттеу;
  • өсу гармонын алу технологиясы туралы мағлұматтар жинастыру;
  • соматотропин немесе адамның өсу гормоны алу технологиясының ерекшеліктеріне толығырақ тоқталу;

1 ГОРМОНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1. 1 Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Организмдегі белок алмасуының көрсеткіші - азот балансы (денеге түскен азоттың одан шығатын азотқа қатынасы) . Өйткені майлар мен көмірсулардан өзгеше белоктың құрамына шамамен 16% азот болады. Тамақ құрамындағы азот денеге түгел сіңбейді. Сондықтан, организмге сіңген азоттың мөлшерін анықтау үшін, тамақтағы барлық азот мөлшерінен нәжіспен араласып сыртқа шыққан азот мөлшерін алып тастау керек. Сіңген азоттың мөлшері арқылы денеге пайдаға асқан белок мөлшерін анықтайық. 100 г белокта 16 г N 2 болса, 1г N 2 - 6, 25 г белокқа сай келеді. Сондай-ақ несеп құрамындағы азоттың мөлшерін тауып, оны 6, 25-ке көбейтсе денедегі ыдыраған белоктың мөлшері табылады. Егер организмге түсетін азот одан шығарылатын азоттан артық болса, онда оң азот балансы делінеді, яғни белоктың синтезі оның ыдырауынан басым. Көбінесе бұл жағдай өсу-даму барысындағы жасөспірім организіміне тән. Ал кейде организм ашыққанда немесе түрлі инфекциялық аурулармен ауырғанда, керісінше оң азот балансына қарама-қарсы теріс азот балансы байқалады. Дені сау организмге азот балансының тепе-теңдігі тән.

Денеден сыртқа шығарылатын азот мөлшері (ыдырайтын ұлпа белогы) тамақтану сипатына тікелей байланысты. Көмірсуы көп тағамдармен тамақтанғанда және белок жетіспегенде белоктар аз мөлшерде ыдырайды. Тамақпен түсетін белок мөлшері артса, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері де артады. Организмнің қалыпты өсуі мен басқа тіршілік әрекеттерін толық қамтамасыз ете алатын белоктың мөлшерін белок оптимумы деп, ал азот теңдігі сақтала алатын белоктың ең аз мөлшері белок минимумы деп аталады. Балалардың өсуі үшін белок оптимумы қажет. Бірақ организмнің қабылдайтын белогының мөлшері тиісті шамадан асып кетпеу керек, асып кете қалған жағдайда нерв жүйесіне, бауыр, бүйрек қызметтеріне зиян келеді.

Дәрумендердің тамақта жоқ болуы нәтижесінде туатын ауруларды авитаминоз деп, дәруменнің тамақта бар болып бірақ жеткіліксіз болуынан организімдегі өзгерістерді (онда ауру толығымен байқалмайды) гиповитаминоз деп атады. Бірнеше дәрумендердің жоқ болуынан туған ауруды полиавитаминоз деп атайды. Тамақта дәрумен жоқ болғанда, алғашқы кезде барлық авитаминоздарға тән құбылыстар байқалады: тәбеттің болмауы, салмақтың азаюы, жас организмде өсудің тоқтауы, т. б. Одан соң барып сол жоқ дәруменге тән белгілер байқалады.

Қазіргі кезде 20 дәрумен мен 10 дәруменге ұқсас, бірақ әлі толық тексеріліп бітпеген заттар белгілі. Дәрумендерді ерігіштігіне қарай 2-ге бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритін дәрумендерге - А, Д, Е, К, ал суда еритіндерге - В, С-нің топтары жатады. Енді кейбір дәрумендерге тоқталап өтейік. Дәрумен А. Бұл өсу дәрумені болып табылады. Тамақтан дәрумен А-ны алып тастаса, өсу тоқталады, ал дәрумен А-сы бар сыйыр майын берсе, өсу қайта қалпына келеді. Авитаминоз А кезінде көз де ауырады. Дәрумен А жетіспеген балада ксерофталмия (көздің құрғақтығы) деген ауру пайда болады. Егер бұл үрдіс дами берсе, көздің қасаң қабығының терең қабаттарын қамтып, көзде ақ пайда болады . Авитаминоз А кезінде адам тауық соқыр да болып қалады, яғни қараңғы түсісімен көрмейтін болады. Дәрумен А көздің торлы қабығындағы таяқшалардың құрамында болатын көру пурпурында (қан қызыл, қарақошқыл түсті) кездеседі. (Дәрумен А-ның тотығу өнімі - ретинен ) . Ретинен опсин деген белокпен қосылып родопсин түзеді. Ол көздің торлы қабығының жарықты қабылдаушылығын қамтамасыз етеді. Дәрумен А майда ериді. 200°-қа дейін қыздырса да бұзылмайды. Ересек адамға тәулігіне 3-5 мг каротин керек. Балалар мен жүкті әйелдерге одан да көп керек. Дәрумен А балық майында, сары майда, жұмыртқаның сары уызында, сүтте көп болады. Дәрумен А организмде бауыр мен бүйректе жиналады. Каротин сәбізде, шпинатта, помидорда, қызыл бұрышта, т. б. өте көп мөлшерде кездеседі.

Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр. «endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме) . Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (1-кесте) .

1-кесте. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері

Гормондар
Бөлетін бездер
Ағзаға әсері
Гормондар: Тироксин
Бөлетін бездер: Қалқанша безі
Ағзаға әсері: Негізінен зат алмасу каркындылығын арттырады
Гормондар: Паратгормон
Бөлетін бездер: Қалканшамаңы безі
Ағзаға әсері: Кальций және фосфор алмасуын реттейді
Гормондар: Инсулин
Бөлетін бездер: Ұйкыбездің аралды бөлігі
Ағзаға әсері: Бұлшық ет және басқа жасушалардың глюкозаны пайдалануын арттырады, қанның құрамындағы канттың мөлшерін азайтады, гликогеннің қорын арттырады, глюкозаның алмасуына әсер етеді
Гормондар: Глюкагон
Бөлетін бездер: -- --
Ағзаға әсері: Бауырдағы гликогеннің канда глюкозаға айналуына әсер етеді
Гормондар: Адреналин
Бөлетін бездер: Бүйрек үсті бездің без заты
Ағзаға әсері: Симпатикалык жүйкелердің әсерін арттырады, бауыр мен бұлшық еттердегі гликогеннің ыдырауына әсер етеді
Гормондар: Норадреналин
Бөлетін бездер: -- --
Ағзаға әсері: Қантамырларын тарылтады
Гормондар: Өсу гормоны (соматропты гормон)
Бөлетін бездер: Гипофиздің алдыңғы бөлігі
Ағзаға әсері: Сүйектің және ағзаның калыпты өсуін реттейді, нәруыздың, көмірсудың және майдың алмасуына әсер етеді
Гормондар: Гиреотропты гормон
Бөлетін бездер: -- --
Ағзаға әсері: Калқанша бездің өсуіне және тироксиннін түзілуіне әсер етеді
Гормондар: Адренокорти-котропты гормон (АКТГ)
Бөлетін бездер: -- --
Ағзаға әсері: Бүйрек үсті бездердің өсуіне және оларда гормондардың түзілуіне әсер етеді
Гормондар: Окцитоцин
Бөлетін бездер: Гипоталамус (гипофиздің артқы бөлігі)
Ағзаға әсері: Жатыр бұлшық еттерінің жиырылуына және сүттің бөлінуіне әсер етеді
Гормондар: Вазопрессин
Бөлетін бездер: -- --
Ағзаға әсері: Бірыңғай салалы бұлшық еттердің жиырылуына жағдай жасайды. Зәрдің бөлінуін азайтады
Гормондар: Тестостерон (андрогендер)
Бөлетін бездер: Аталық бездер
Ағзаға әсері: Аталық жыныс белгілердің дамуына әрі сақталуына әсер етеді
Гормондар: Эстрадиол (экстрогендер)
Бөлетін бездер: Аналық бездер
Ағзаға әсері: Аналық жыныс белгілердің дамуын әрі сақталуын қамтамасыз етеді

Қызметі:

1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;

2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;

3. Өсу мен көбеюді реттейді;

4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0, 5-0, 6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (1-кесте) .

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяқ-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы) .

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын - гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.

Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0, 2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді. [1]

Адам денесіндегі көптеген жасушалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тіндер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.

Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жол­мен (қан, лимфа, тінаралық сұйықтық) жүреді. Оларға кодталған электрлік жүйке серпіністері немесе қарапайым және күрделі химиялық заттар, көбінесе мәліметтік макромолекулалар арқылы келеді.

Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.

Эндокриндік бездердің (гректің endon - ішкі, сгіпео - бөлемін не­месе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.

http://1referat.kz/wp-content/uploads/2012/04/11.jpg

1-сурет. Ішкі сөлініс бездері және олардың гормондары (В. Резен, 1984) .

Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқансерік без­дері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (24-сурет) . Соңғы екеуі аралас сөлініс бездер.

Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады - эстроген, прогестерон және гонадотропин. Ішкі сөлініс бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады. Оның ядроларының (кейбір жүйке жасушаларының) нейросөлініссы бар, яғни гипофиздің артқы бөлігіне түсетін немесе гипофиздің алдыңғы бөлігінің қан тамырларына тікелей келетін және аденогипофиздің жасушалар қызметіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар бөліп шығаратыны анықталған. Бұлардан ба­ска ішкі сөлініс бездеріне бірқатар ағзалар жатады - бүйрек, ішек-қарынның кілегейлі қабығы (энтеринді жүйе), бауыр, себебі олар қанға организм мүшелерінің қызметіне ерекше әсері бар бірқатар заттар бөліп шығарады. Атап айтқанда, ренин, гастрин, секретин, панкрео-зимин, энтерогастрин, энтерогастрон, эритропоэтин т. б.

Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

Бездер
Гормондар
Бездер: Гипоталамус
Гормондар: гипофизотропты гормондар (либерин, статин) жүйке гормондары (вазопрессин, окситоцин)
Бездер: Гипофиз
Гормондар: соматотропин (өсу гормоны)
Бездер: Аденогипофиз (алдыңғы бөлімі)
Гормондар: тиротропин, кортикотропин, лютропин, фоллитропин, липотропин, пролактин
Бездер: Ортаңғы немесе аралық бөлімі
Гормондар: мелотропиндер (интермедии)
Бездер: Артқы бөлімі (нейрогипофиз)
Гормондар: вазопрессин (антидиурездік гормон яғни неси бөлінуін азайтатын гормон), окситоцин (гипоталамуста жасалады)
Бездер: Қалқанша безі
Гормондар: тироксин, трийодтиронин, тиреокальцитонин (қалқансерік безінің кальцитонин гормонына үқсас)
Бездер: Қалқансерік безі
Гормондар: папатгормон, кальцитонин
Бездер: Ұйқы безі аралшықтары
Гормондар: инсулин, глюкогон
Бездер: Бүйрекүсті безінің қабығы
Гормондар:

кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон),

андрогендер, эстрогендер

Бездер:
Бездер:

Бүйрекүсті безінің

милы заты

Гормондар: катехоламиндер (адреналин, норадреналин)
Бездер:
Бездер: Аталық ұрық бездері
Гормондар: андрогендер (тестостерон) андрогендер (тестостерон)
Бездер: Аналық ұрық бездері
Гормондар: эстрогендер (эстрон, эстрадиол, прогестерон (сары денеде жасалады)
Бездер: Айырша бездер
Гормондар: тимозин т. б.
Бездер: Эпифиз
Гормондар: мелатонин т. б.
Бездер: Диффуздық энтериндік жүйелер
Гормондар: паротин, гастрин, энтерогастрин, секретин, панкреозимин, вазобелсендік пептид, бомбезин
Бездер: Эндокриндік жасушалар
Гормондар: ренин - ангиотензивтік жүйе
Бездер: Бауыр және бүйрек
Гормондар: соматомединдер, эритропоэтиндер
Бездер:

Плацента (бала жолдасы)

жатыр

Гормондар: эстрогендер, релаксин, прогестерон

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Бүйрек үсті бездері. Адреналин гормоны.
Айырша без
Эндокриндік жүйе туралы
Ішкі секрециялық және аралас секрециялық бездердің эндокринді бөлігінің анатомиясы
Гормондарға жалпы сипаттама
Ішкі секреция бездері. Гормондар
Ас қорытылудың биохимиялық реттелу негіздері: асқазан-ішек жолының гормондары
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Эндокриндік жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz