Толық кіріс жөніндегі есептілік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҰЙЫМ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кірістердің түсінігі, маңызы және түрлері

1. 2 ХҚЕС сәйкес кірістердің танылуы және қаржылық есептілікте көрсетілуі

1. 3 Кірістер есебінің нормативті-құқықтық реттелуі

2 ӨНІМДІ САТЫП ӨТКІЗУ МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕН АЛЫНҒАН КІРІСТЕР ЕСЕБІ

2. 1 Өнімді сатып өткізуден түсетін кірістер есебі және оларды құжаттарда рәсімдеу

2. 2 Қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі

2. 3 Өнімді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

9

13

17

17

18

23

30

32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда болуы бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстарымен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Кірістің сан қырлы мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі кәсіпорындарда кірістер мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. "Қосымша құн" мен "Пайда" категорияларының экономикалық мазмүны іс жүзінде бара - бар. "Табыс" категориясының "Қосымша құн" категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұмсалатын табыстарды өзіне қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар құн көрінісінде алынған игіліктерде және оған жұмсалған қажетті шығындардан айырмасы ретінде анықталады.

Жалпы табыс кәсіпорынның иелерінің табысы және жалдама қызметкерлерінің табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны алып тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.

Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы - материалдык қорларды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шарттарда анықталады.

Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.

Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді. Негізгі қызметтен алынған табыс (немесе зиян) пен негізгі емес қызметтен алынған кәдуілгі қызметтен алынғын табысты көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін, салық салынғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен алынған табыс болады. Төтенше ахуалдардан болған зиянға түзетілген ол кәсіпорынның таза табысы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты - өнімді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебін талдау. Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:

- ұйым кірістерінің экономикалық мазмұны мен теориялық негіздерін толықтай ашып көрсету;

- кірістердің түсінігі, маңызы және түрлеріне түсінік беру;

- ХҚЕС сәйкес кірістердің танылуы және қаржылық есептілікте көрсетілуін талдау;

- кірістер есебінің нормативті-құқықтық реттелуін қарастыру;

- өнімді сатып өткізуден түсетін кірістер есебі және оларды құжаттарда рәсімдеу тәсілдерімен танысу;

- қызмет көрсетуден алынған кірістер есебін талдау;

- өнімді сатып өткізу мен қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі жетілдіру жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық әдебиеттер тізімі, кезекті басылымдар қолданылған.

1 ҰЙЫМ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кірістердің түсінігі, маңызы және түрлері

Нарықтық экономика жағдайында кірістің ролі ол атқаратын қызметтермен анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде кіріс қызметі туралы мәселе жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  1. мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  2. кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, кірісті шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан кірісті құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын кіріс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Кіріс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады:

1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

  1. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.
  2. Кірісті бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.

4. Кірісті тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т. б. ) ғана мүмкін.

Бірақ кірістің абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне жатады. 500 мың теңгелік кіріс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін. Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей болмайды. Сондықтан да алынатын кірісті нақты бағалау үшін кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын және кірістің деңгейін көрсететін рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын кірістің салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның кіріс көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші субъектінің өзі де мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы түрде талдау жасайды.

Кірісті көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:

  • кірістің абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
  • таза кірістің қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
  • кіріске әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
  • кірісті бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
  • кірістің өсу резервтерін анықтау;
  • кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, кірісті тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
  • кірістің (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты кіріс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Кірістің абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын кіріс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша негізгі қызметтен түсетін кіріс көрсетіледі.

Кіріс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін кіріс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады

Өнім өткізуден түсетін кіріс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін кіріс сомасының өсуіне, екіншіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін кіріс өлшемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі

1-кестеде өнімді өткізуден түскен кірісті алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

1-кесте

Өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарының негізделуін тексеру

№:
Көрсеткіштер: Көрсеткіштер
Есептік бағасы бойынша мың тг.: Есептік бағасы бойынша мың тг.
№: 1.
Көрсеткіштер: Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл басындағы нақты қалдығы
Есептік бағасы бойынша мың тг.: 8360
№: 2
Көрсеткіштер: Тауарлы өнім шығару
Есептік бағасы бойынша мың тг.: 29000
№: 3.
Көрсеткіштер: Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы
Есептік бағасы бойынша мың тг.: 15940
№: 4.
Көрсеткіштер: Өнімді өткізуден алынуы мүмкін кіріс (1 қатар+2 қатар - 3 қатар)
Есептік бағасы бойынша мың тг.: 21420
№: 5.
Көрсеткіштер: Жоспар бойынша енімді өткізуден алынатын табыс
Есептік бағасы бойынша мың тг.: 20850
№: 6.
Көрсеткіштер: Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар)
Есептік бағасы бойынша мың тг.: 570

Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін кіріс көлемін 570 мың теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден түсетін кіріс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас еді.

Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.

Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.

Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін кіріс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.

Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

  • біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
  • екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
  • үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта) .

- Кірістердің абсолютті көрсеткіші - жалпы кіріс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен кіріс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады

Жалпы кіріске әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде кірістің өсімі мүмкін емес.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы кірістің өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т. б. ) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты кіріс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.

Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.

Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі кірістің өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен қол жеткізуге болады, бұл кірістің әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.

Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.

Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі. Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

1. 2 ХҚЕС сәйкес кірістердің танылуы және қаржылық есептілікте көрсетілуі

Басқа толық кіріс басқа ХҚЕС-тарында талап етілгендей немесе рұқсат етілгендей, пайда жəне шығын бойынша танылмаған (қайта жіктеу бойынша түзетулермен қоса) кіріс жəне шығыс баптарынан тұрады.

Басқа толық кірістің құрамдас бөліктеріне мыналар жатады:

- қайта бағалау нəтижесіндегі кірістегі өзгерістер (16 (IAS) Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ХҚЕС-ын жəне 38 (IAS) Материалдық емес активтер ХҚЕС-ын қараңыз) ;

- 19 (IAS) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ының 93А тармағына сəйкес танылған, белгіленген зейнетақы жоспары бойынша іс жүзіндегі табыстар мен шығындар; (IFRS) ХҚЕС-ң анықтамасы 2010 жылғы (IFRS) ХҚЕС-ң Негізінің Қайта қарастырылған құрастырылуымен ұсынылған атаулар өзгертілуінен кейін өзгертілген.

- шетелдік операциялардың қаржылық есептіліктерін аударудан пайда болатын табыстар мен шығындар (21 (IAS) Шетелдік валюталық бағам өзгерісінің əсері) ;

- 9 (IFRS) Қаржылық құралдар ХҚЕС-ының 5. 4. 4. тармағына сəйкес өзге де толық кіріс арқылы əділ бағамен бағаланған үлестік құралдарға салған салымдардан түсетін кездейсоқ табыс пен шығыс;

- ақша қозғалысын хедждирлеудегі хедждирлеу құралдары бойынша табыстар мен шығындардың нəтижелі бөлігі.

Иелер - меншік ретінде жіктелетін құралдарға иелік етушілер.

Пайда немесе залал - басқа толық кірістің құрамдас бөліктерін алып тастағандағы залалдар шегерілген кірістің жалпы көлемі.

Қайта жіктеуден кейінгі өзгерістер - ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде басқа толық кіріс бойынша танылған, ағымдағы кезеңде пайда немесе залалға қайта жіктелген сомалар.

Жалпы толық кіріс-иелермен, иелер ретінде жасалған операциялар нəтижесінде болатын өзгерістерден басқа, кезең ішінде операциялар жəне басқа оқиғалар нəтижесінде болатын үлестегі өзгеріс.

Жалпы толық кіріс «пайда немесе залалдың» жəне «басқа толық кірістің» барлық құрамдас бөліктерінен тұрады.

Стандартта «басқа толық кіріс», «пайда немесе залал» жəне «жалпы толық кіріс» атауларын қолданылғанымен, ұйым жиынтық сомаларды сипаттау үшін мағынасы түсінікті болатын басқа атауларды қолдануына болады. Мысалы, ұйым пайда немесе залалды сипаттау үшін «таза кіріс» атауын қолдануына болады.

Үлестік құрал ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал, ұйымға басқа тарапқа ұйымның активтер таза құны пропорциялық үлесін жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін жəне үлестік құрал ретінде жіктелетін құрал.

Ұйым пайда немесе шығынның құрағыш бөліктерін толық кіріс жөніндегі есептіліктің бөлігі ретінде немесе бөлек кіріс есептілігінде ұсына алады. Кіріс есептілігі ұсынылғанда, ол қаржылық есептіліктердің толық жиынтығының бөлігі болып табылады жəне толық кіріс жөніндегі есептіліктің дəл алдында көрсетілуі тиіс.

(IFRS) ХҚЕС-та талап етпейінше немесе рұқсат бермейінше ұйым активтер мен мiндеттемелер жəне кірістер мен шығыстардың орнын өз бетінше толтыруына болмайды.

Ұйым активтер мен міндеттемелерді, сондай-ақ кiрiстер мен шығыстарды жеке-жеке ұсынады. Пайдалар (егер олар ұсынылса) мен шығындар туралы есепте, сондай-ақ, операцияның немесе өзге оқиғаның мəнін көрсететін реттерді қоспағанда, жүргізілген өзара есепке алу жүргізілген операцияларды, басталған өзге оқиғалар мен жағдайларды түсіну бөлігінде де, болашақта ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысын бағалау бөлігінде де пайдаланушылардың мүмкіндіктерін төмендетеді. Бағалау резервтер, мысалы, ескірген босалқыларды жоюға арналған резерв жəне дебиторлық берешек бойынша күмəнді борыштарға арналған резерв шегерілген активтерді бағалау - өзара есепке алу болып табылмайды.

18 Табыс (IAS) ХҚЕС-ы табысқа анықтама бередi жəне ол ұйым беретiн барлық сауда-саттық жəне көтерме сауда жеңiлдiктерi ескерiлiп, алынған немесе кері алынуға тиiстi əдiл құн бойынша бағалауды талап етедi. Өзiнiң əдеттегi қызметiнiң барысында ұйым түсім əкелмейтiн, бiрақ түсім əкелетiн негiзгi қызметiмен қатар жүретiн басқа операцияларды да жүзеге асырады. Осындай операциялардың нəтижелері тиісті операцияның немесе оқиғаның мəнін көрсететін реттерде, ондай операциялардың нəтижелері бір операцияның нəтижесінде туындайтын барлық кірістерді жəне тиісті шығыстарды өзара есепке алу арқылы ұсынылады. Мысалы:

- ұзақ мерзiмдi активтердiң, оның iшiнде инвестициялар мен операциялық активтердiң шығып қалуынан болған пайдалар мен шығындар есептерде активтiң шығып қалуынан алынған активтен активтiң қаржылық жағдай туралы есептік құнының жəне оны сату жөнiндегi тиiстi шығыстар сомасын шегеру жолымен ұсынылады; жəне

- 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер жəне шартты активтер (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес танылатын жəне үшінші тұлғамен шарттық келісімнің талаптары бойынша (мысалы, жеткізушінің кепілдік міндеттемелері туралы келісім) өтелетiн бағалау жағдайларымен байланысты шығындар тиiстi өтеуге қарсы есепке алынуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
(IAS) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТТАРЫ
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының тұжырымдамасы
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Корпоративтiк табыс салығының бухгалтерлiк есебi мен салықтық есебiн ұйымдастыру ерекшелiктерi
Қаржылық есептілікті ұсыну
Ақша қаражаттары есебінің теориялық негіздері
Ұзақ мерзімді активтерді жиынтығы
БАНКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ КІРІСПЕ
Валюта шотындағы қолма-қол ақша есебі
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz