Сапа жүйесін сертификаттау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1СЕРТИФИКАТТАУ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері
1.2 Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

2 ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІН СЕРТИФИКАТТАУ
2.1 Сертификаттау құрылымы
2.2 Қызмет етуді сертификаттау
2.3 Тауардың тегін сертификаттау
2.4 Экологиялық сертификаттау
2.5 Сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар
2.6 Сертификаттаушы органдарды мемлекет тұрғысынан қадағалау

Пайдаланылған әдебиеттер:

1СЕРТИФИКАТТАУ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері

Сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық - түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.
Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.
Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтар мен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.
"Сертификаттау туралы" Заң (Қосымша Б) Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан ары процестерді), сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.
Заң негізінде сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
Өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын тандап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
- сертификаттау жұмысында ИСОМЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану;
- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;
- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85 %-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

1.2 Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай - ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:
- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган;
- өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар;
- тіркелген сынақ зертханалары (орталықтары).
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері:
- мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
- сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу;
- міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың, тауарлар мен қызмет көрсетушілердің) тізбесін дайындау;
- мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;
- сарапшы-аудиторларды аттестаттау;
- сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
- мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүргізу;
- мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және қолданудың тәртібін белгілеу;
- сынақ зертхана орталықтары мен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетушілерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;
- құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бірақ рет рұқсат беру;
- егер басқа ұйымдар шығаратын сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына қайшы келсе, олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;
- сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын қолдану.
Сынақ зерханасының (орталықтары) занды тұлға мәртебесі болады немесе занды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі бола алады. Сертификаттау мақсатында сынақтарды жүзеге асыратын ұйымдар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс. Занды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері болып табылатын зертханаларда сертификаттық сынақтан жүргізілген кезде оларды жүргізуге сынақ лабораториясына тапсырма берген сертификаттау жөніндегі орган өкілінің сынақтарға қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс.
Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілеген үлгідегі сертификатын береді. Сәйкестік сертификатты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.
Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз - адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

2 ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІН СЕРТИФИКАТТАУ
2.1 Сертификаттау құрылымы

Өнімдерді сертификаттау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі бойынша міндетті түрде сертификаттау (импорттық өнімдерге де) бекітілген.
Біртекті өнімдерді өзіндік ерекшеліктері бойынша сертификаттау жүйесі келісімді тәртібін жасайды.
Тәртіп, өнім сипаты тандап алынған сертификаттау құрылымы бойынша, сертификатталатын өнім нормалық құжаттың қандай талаптарына сай келуін, сертификаттау жұмысы қандай кезекпен жүргізілуін және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
Сапа жүйесін сертификаттау, оның мақсаты мен принциптері. Сертификаттау объектісі
Сертификаттаудың құқықтық негіздері
Сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау
Кәсiпорын өнiмiнiң сапасын стандарттау және сертификаттау
Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау
Сапа жүйесін (сж) сертификаттаудың негізгі этаптары: C; құжаттарын алдын-ала бағалау, кәсіпорындағы C; элементтерін экспертизадан өткізу, тексеру актісін құру, сертификаттау туралы шешім қабылдау
Сертификаттау негіздері, сертификаттаудағы негізгі түсініктер
Сапа жүйесін (СЖ) сертификаттаудың негізгі этаптары
Сапа жүйесін енгізу және сертификаттау
Пәндер