Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы
Жоспар
1. ХІХ-ХХ ғғ. орыс философиясының қалыптасуы мен ерекшелігі.
2. Славянофиллдік және батысшылдық.
3. П.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы.
4. Орыс философтарының (Н.О.Лосский, С.Л.Франк, Н.Бердяев) діни-философиялық ізденістері.
5. Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
6. В.В.Соловьевтың орыс идеясы.
7. Н.А.Бердяевтің персоналистік философиясы.
XIX ғасырдың орта шеніне таман Ресейде буржуазиялық - демократиялық қозғалыс үдей түседі. 1861 жылғы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, ол қанатын кең жая бастайды да оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капитал истік қоғамдық зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған еді. Бірақ Ресейдің әлеуметтік қоғамдық өміріндегі қайшылықтар тым шиеленістіп кеткен, өндірістік қатынастар тым шиеленісіп кеткен, өндірістік қатынастар дағдарыс жағдайында болатын. Бұған Ресейдің орыс - қырым соғынындағы (1853 - 1856ж.ж.) жеңілісе де әсер еткенді. Бұл кезде Полынада, Финляндияда, Казказда, Орта Азия мен Қазақстанда да патшалық езгіге қарсы бағытталған көтерілістер жүріп жатты. Патшалық ресей оларды жаныштап, қарудың күшімен басып отырды. Көтерілістердің қатарына Қазақстандағы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмүхамедүлы бастаған ұлт - азаттық сипаттағы қарулы көтерілістерді жатқызуға болады.
1849 жылы Фейербахтың Христиандықтың мәні деген еңбегімен танысқаннан кейін материалистік философияның дұрыс бағыт екендігіне Чернышевскийдің көзі әбден жетеді де, бұрынырақ қалыптасқан Гегельдік философияның ықпалында болушылық қасиеттерінен біржолата арылады. Ал, кейіннен ол өзін Фейербахтың шәкіртімін деп те жариялайды.
1856 - 1862 жылдары Чернышевский Замандастар журналын басқарып, оны төңкерісшіл демократтардың органына айналдырады.
Н.Г. Чернышевскийдің материалистік философиясы А. И. Герцен мен В. Г. Белинский салып кеткен жолымен Фейербах философиясын нақтылау және ілгері дамыту барысында қалыптасады. Идеализмге қарсы күрес оның ғұмырлық ісі болды. Ол философия тарихымен ертеден танысты, Платон, Кант, Гегель сияқты идеалистердің негізгі қағидаларын жоққа шығарды. Ол гегельдік диалектиканың тұжырымдары мен гегельдік саяси көзқарастың арасындағы қайшылықты жіті көре білді және Гегельді сонысы үшін қатты сынға алды.
Чернышевский өзінің негізгі философиялық шығармасы Философиядағы антропологиялық қағидасында үстем тап арасында кең таралған идеалистік теорияларды және орыстың зиялылары арасында қанат жая бастаған позитивистік ілімді қатты сынға алады.
Чернышевкий өз заманың жаратылыстану ғылымдарының табыстарымен де жете таныс болды. Чернышевскийдің философиялық шығармаларында болмыстың санаға қатынасы туралы негізгі мәселе материалистік тұрғыдан шешіледі. Ол, әсіресе, Кантты агностицизм және адамзат білімін өзіндік заттан шығара алмағандығы үшін мықты сынайды.
Чернышевский материалистік таным теориясын дамыта отырып, алғаш рет практиканы ақиқаттың өлшемі ретінде таным теориясының құрамына енгізді. Сонымен қатар, ол басқа материалистер сияқты практиканы сезімдік тәжірибе ретінде емес, адамдардың табиғатты өзгертуге бағытталған іс әрекеті ретінде қарастырады. Ол өз шығармаларында басыбайлыққа қарсы күрескен қалың шаруалар бұқарасының арман - тілегі бейнелейді.
XIX ғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван Киреевский, Алексей Хомяков және тағы басқа славянофилдердің аттарымен тығыз байланысты. Олардың христиандықты орысша түсінуге негізделген идеалистік философиясы өз алдына философияны түсіндірудің неміс типінің Ресей үшін пайдасыз екендігін ыспаттау мақсатын қойған. Олар бұл ретте орыс рухани өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды. Бірақ, Киреевский де, Хомяков та ешқандай да философиялық жүйе құрып, арттарына қалдырған жоқ. Дей тұрғанмен, олар философиялық қозғалысқа рух беретін бағдарлама жасап, зиялы қауымға ұсынды. Ал, бұл орыс ойының сол кездегі Ресейде христиандық көзқарасты насиқаттаудағы қолы жеткен табысы болды.
Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар практика мен қазіргі заманғы ғылыми танымның байланысын зерттеу үстінде. Сонымен қатар олар материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр.
Философия әрдайым дамыған және алға қарай да дами бермек, ол еш уақытта бір орында тұрған жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін, бүгінгі күннің шындығын және болашақтың қажеттерін ескере отырып дамуға тиіс. Және солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға мүмкін емес. ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениетіндегі Орыс философиясының феномені, орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Ресей мәдениетінің дамуындағы Орыс философиясының қалыптасуының бастапқы кезеңі - XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философиясының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына
сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.
Философиялық білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді.
Адамзат пен орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік митрополит Илларион (XI ғасыр) Заң және береке туралы сөзінде-ақ орыс жерінің қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.
Сонымен ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениетіндегі орыс философиясындағы ой орыс идеясы ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. Орыс идеясы әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.
Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI -- XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.
Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794 -- 1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты Философиялық хаттарында баяндады.
Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше Ғаламдық миссиясында деп айтты. Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді.
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.
Батысшылдар Ресейдің еуропаландыру идеясын насихаттады және қорғады. Олардың пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.
Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.
Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы Православиемен тығыз байланыстырылды.
Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады.
Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан орыс рухын қалыптастырады.
Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін еркіндік бастауы шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, Қасиетті Русь идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу бастапқы нақтылық болып табылады. Соборшылдық ұғымы да осымен байланысты. Соборшылдық принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.
Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.
Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің барлық рухани күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция, адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір тұтастыққа жинағанда ғана, адам әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының - С.Трубецкойдың, Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франктің, Л.Карсавиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығармашылық қызметінің негізін құрады.
XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - ұлттық түбір Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. Ұлттық түбір ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.
Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф.М.До-стоевский (1821-1881). Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің шынайы жолы бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.
Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын - ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады.
В.С.Соловьев (1853 -- 1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады.
В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша мұндай дүниетаным негізі христиандық болып табылады.
Соловьев философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні енгізеді. Соловьевте жалпы тұтастық, құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: Құдайда барлығы біртұтас. Жалпы тұтастық бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы.
Орыс философиясы әлемдік философияда көрнекті орын алады. Оның себебі - Ресейдің адамзат тарихында алатын орны мен орыс жанының жұмбақ табиғаты болса керек. Тарихи дамудың қай кезеңінде болмасын әлем назарын өзіне аудара білген орыс мемлекеті мен орыс халқының дүние жүзіндегі рөлі осы күнге дейін аса маңызды.
Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты. Бір өкініштісі, орыс философиясын объективті зерттеу мүмкіндігі соңғы жылдары ғана пайда болды. Жоғары оқу орындарына арналған бұрынғы бағдарламаларда бұл тақырып терең ашылмай, орыс философиясы туралы сөз болғанда негізінен Н.Г.Чернышевский, А.И.Герцен. В.Г.Белинский және тағы басқа ойшылдардың қоғамдық-саяси, материалистік-марксистік көзқарастарын талдаумен шектелетінбіз. Қазіргі танда орыс философиясы қызықты зерттеу объектісіне айналып отыр. Ресейдің өзінде ұлттық философия мәселесіне үлкен бетбұрыс жасалып, коптеген ғылыми зерттеулер дүниеге келді. 2005 жылдың мамырында Мәскеу қала-сында өткен
халықаралық философиялық симпозиумда талқыланған ғылыми баяндамалар осы ойымыздың жақсы дәлелі.
Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі - православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, идеалға деген сенім өмір сүрді. Үнемі идеал жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал - шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен орыс жанының (загадочная русская душа) жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
Марксизм бағытынын негізгі өкілдері В.И.Ленин, Л.Д.Троцкий, Н.Бухарин, А.В.Луначарский болғанымен, орыс философтарының бәрі дерлік әуелі марксизм кезеңіне өтті. Марксизмнің ерекшелігі - философияны жұмысшы табының идеологиялық қызметшісіне айналдыруы. Бұл бағыт ақырында жеңіске жетіп, кеңес заманында философия мемлекеттің біртипті ойлауға негізделген идеологиялық қүралына айналды. Қалыптасқан жүйеге қарсы шығу қылмыспен тең еді. В.И.Ленин 1922 жылы Ф.Э.Дзержинскийге жазған хатында ой-пікірі, кезқарасы большевиктер саясатына қарама-қарсы интеллигенция өкілдерін елден аластату керектігі туралы айтқан пікірінің негізінде арнаулы бұйрық шығарылып.161 адам елден қуылды. Олардың бәрі бір кемеге тиеліп аттандырылғандықтан, тарихқа бұл оқиға Философский пароход деген атпен енді. Бұл еріксіз саяхатшылардың қатарында белгілі философтар С.Л.Франк, Н.А.Бердяев, Л.Шестов, П.Сорокин, И.Ильин бар еді. Орыс философиясының құлдырауы осы кезеңнен басталды.
Үшінші багыт - біз сөз еткелі отырган батысшылдар, немесе экзис-тенциалистер багытының негізгі объектісі - адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік - жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор - Ресейдің трагедиялық тағдыры. Адам, оның өмірінің мәселесі қоғам дағдарысқа ұшыраған кезеңдерде өткірлене түседі. Тығырыққа тірелген қоғам мүшелерінің бойында бүрыннан да бар уақытша бұғып жатқан өміртуралы сауалдар тізбегі адамды осындай қиын кезендерде қатты мазалай бастайды. Сондықтан да өзінің даму тарихында талай рет тағдыр тәлкегіне ұшыраған, сан түрлі соққыларды, қайшылықты қоғамдық өзгерістерді басынан кешірген Ресей мемлекетінің ойшылдарын осы тақырып толғантуы кездейсоқ емес.
Сонымен катар, ХІХ-ғасырдың соңы-ХХ-ғасырдың басындағы орыс философтарының бәрін де Ресей мемлекетінің тагдыры толғантты. бағыттың өкілі болғанына қарамастан, олардың әрбіреуі орыс қоғамы мен жалпы орыс халқының болашағы туралы терең ойланды, болашақ даму жолдарын іздестірді.
Лев Николаевич Толстойды (1823-1910) дүние жүзі ұлы жазушы ретінде біледі, бірақ оның философиялық ойлары көпшілікке енді ғана танымал болып келе жатыр. Орыс ойшылының философиясын терең, объективті зерттеу ісі әсіресе соңғы он бес жыл ішінде жақсы деңгейде жүргізілуде. Бұл пікіріміздің дәлелі ретінде жазушының философиялық шығармаларының бөлек жинақ болып жарық көруін (Л.Н.Толстой. Избранные философские произведения. М.,1988), бұрын жарияланбаған философиялық ой-толғаныстарының үлкен еңбек болып басылып шығуын (Л.Толстой. Путь жизни. М., 1993) және оның философиялық көзқарастарының көптеген ғылыми зерттеулердің арқауы болып отырғандығын айтуға болады.
Жазушы философиясының басты мәселелері қандай болды десек, өзінің-шығармаларында Л.Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе - адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде?Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды. Осы мәселелер тереңірек тексерілетін еңбектердің бірі - Исповедь (Жан сыры немесе Тәубе, еңбек қазақ тіліне әзірге толық аударыла қойған жоқ). Бұл еңбектің ортаға-сырлық ойшыл Августин Аврелийдің Исповедь Блаженного Августина, епископа Гиппонского еңбегінің ізімен жазылғаны күмән тудырмайды.
Өз өмірінің негізгі кезеңдеріне шолу жасай отырып, өмірінің мәні туралы сұраққа жауап іздеуге тырысқан Л.Толстой өз жанының күйзелісі арқылы бізге осы мәселенің бүкіл трагедиялық сипатын жеткізеді. Адам заттарихынан өшпес орын алған тұлға, керемет классикалық дүниелердің авторы ретінде өзін әлемге танытқан ұлы жазушы Не үшін өмір сүрдім? деп қиналады, сұрағына жауап таба алмай аласұрады, ғылыми-филосо-фиялық тілмен айтсақ, гиперрефлексияға ұшырайды. Өзінің бұл жағдайын жазушы оте дәл суреттейді: ...сұрақтарға жауап бере алмай, қор болдым. Өмірім тоқтады. Мен дем ала алмадым, тамақ іше де, ұйықтай да алмадым. Өмір мені тойдырды - одан құтылғым келді. Өзімді елтіргім келді деп айта алмаймын, бірақ мен өмірден қаштым.
Жазушыны таңдандырған бір нәрсе - осы мазасыз өмірмәндік қина-лыстын оның бақытты өмір сүруіне қажетті нәрсенің бәрі жеткілікті кезенде
- сүйікті әйелі, тамаша балалары, бай имениесі бар, ортасына сыйлы, рухани күшті, дені сау. әлі 50 жасқа да,толмаған кезенде мазалауы, философиялық тұрғыдан талдасақ, Толстойдың осындай мазасыз, қазақша айтсақ, жанын қоярға жер таба алмай қиналуы заңды құбылыс. Гиперрефлексия ой еңбегімен айналысушы адамдарға көбірек тән, сондықтан да Толстой секілді ғұламаның жан күйзелісі түсінікті. Бұл жазушынын рухани дүниесінің терендігін көрсететін өзін-өзі танып-білу қызметінің ерекшелігіңің дәлелі. Мұндай адам өмірінің мәні мәселесінің тұңғиығына бойлаған сайын өзіне кеңілі толмаушылық пен мазасыздық күшейе түседі, шым-шытырық ойлар мен түсініктер әлемінде шарқ ұрған жан тығырыққа тіреліп, өмірдің шекаралық жағдайына душар болады. Ол адам үшін қауіпті, себебі тұлға қалыптасқан құндылықтар бағытынан адаса бастайды, күнделікті практикалық қызметке деген қабілеті төмендейді. Осы кезде адамға даналыққа. парасатқа негізделген философия ғылымының кемегі қажет. Әрине, философия ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz