Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Несиенің мәнін анықтаған кезде бір қатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;

Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір - бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай - ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік мәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай - ақ соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс - берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн - несиеленген құн болып табылады.

Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.

Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік - экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Несиеге толық анықтама берейік. Несие - кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым - қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма - қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни A - T - Ө - T

\[\hat{\mathbf{l}}\]
- A
\[\hat{\mathbf{l}}\]
капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.

Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.

Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай - ақ халықта да болуы мүмкін.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама - қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.

Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

Қазірігі кезеңде Қазақстан Республикасында несиелік ұйым аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін несиелік ұйымдар, бүгін дербес және үлкен несиелік ұйым аралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында несиелік ұйым жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.

Қазірігі несиелік ұйымдар клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Несиелік ұйымдардың ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Несиелік ұйымдар өздерінің несие қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі несиелік ұйымдардың несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан несиелік ұйымдары пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.

Бірақ Республикадағы несиелік ұйымдардың қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан несиелік ұйымның несие портфелі құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.

Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың объектісі болып "БТА Банак" АҚ болып табылады.

Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты тек қана теориялық аспектілер ғана емес, сонымен қатар банктің несие операцияларын жүргізудің тәжірибелік жақтары, банктің несие қоржынының жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудің перспективалық бағыты табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып отыр:

  1. Несие қоржынының ролін анықтау, банктің несие саясаты тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін және оны қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу.
  2. «БТА БАНК» АҚ несие және зеам қоржынына талдау жүргізу.
  3. Несие қайтарымсыздығы тәуекелдігін төмендету саласында жобалық шешімдерді әзірлеу, несие портфелінің көлемін көбейтуге мүмкіншілік беретін жаңа несие өнімдерін енгізуді бағалау, несиелеу кезінде пайда болған проблемаларды шешу жолдары.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды.

  1. НЕСИЕ ЖӘНЕ ЗАЙЫМ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Несие мен зайым: мәні, маңызы мен қажеттілігі

Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды; оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

Әр түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға, табиғатқа ие.

Несие шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып өзі де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертеді. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық жүйе жағдайындағы шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несиені жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде, тауар айналысының формасы, құн қозғалысының әдісі ретінде натуралды шаруашылықтан тауар шаруашылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарлы өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шаруашылығы шеңберінде диалектикалық дамушы қүбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылыгынан көрінеді.

Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланылатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатьндары іріктелініп алынады; сонан соң бұл кұбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктелініп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болды.

Қарыз мәмілесі ретінде несиені екі көзқараста қарастыруға болады: біріншіден, оның техникалық-заңдылық белгілері көзқарасынан, екіншіден, әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін және дамитын немесе онда өз көрінісін табатын өндірістік байланыстар типін сипаттайтын бел-гілер тұрғысынан. Бұл екеуі бір-бірінен бөлінгісіз, олар өзара байланысты және себепші. Бірақ экономикалық талдау үшін маныздысы карыз мәмілесінің экономикалық мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері, жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастырдың өзі болып табылады.

Бұл жағдайды былайша түсіндіруге болады. Мысалы, машина өндірісін таза техникалық тұрғыда машина өндірісінің макроэкономикалық орта параметріне анағұрлым бейімделуі оның жұмыс және таза техникалық тиімділігі тұрғысынан қарастыруға болады; сонымен қатар, сол машина өндірісін оның әлеуметтік жағынан да қарастыруын, яғни машина өндірісі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік байланыстардьң формалары мен типтері тұрғысынан, бұл бір жағынан, оларға себепші, ал екінші жағынан, олар оны анықтайды. Бірінші жағдайда - біз машина өндірісін техникалық-экономикалык категория, ал екінші жағдайда - экономикалық категория ретінде қарастырамыз.

Несиеге қатысты осыны айтуға болады. Несиені оның техникалық-заңдылық белгілері жағынан тауарлар айналысы процесін жүзеге асыратын мәміленің белгілі бір типі ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында техникалық немесе құкықтық категория ретінде танылады. Несиені құбылыстардың экономикалык мазмұны ретіндегі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл жағдайда несие олардың алдында экономикалық ғылым категориясы ретінде қабылданады.

Несие теориясы оны техникалык-заңдылық категория ретінде емес, қоғамдық-экономикалық категория ретінде қарастырады. Несиені оның формалды-заңдылық белгілері жағынан оқып-білудің несиелік мәмілені тек меншіктің қозғалысы әдісінің және оны иеленудің ерекше түрі ретінде түсіну үшін маңызы бар. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде несиелік мәміленің ерекше техникалық-заңдылық белгілерімен сипаттала алмайды.

Осылайша, несие-өндірістік қатынастарды білдіретін экономикалық категория. Несие экономикальқ категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенін атап өту керек. Ол өндірістік күштердің тек белгілі бір дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар - жалпы тарихи категориялар. Несиенің және несиелік қатынастардың пайда болуына табиғи негіз, тауар шаруашылығы болып табылады.

Тауардың пайда болуы екі жағдайда қатар жүреді. Біріншіден, тауар тек натуралды формасы және кұны бар болған жағдайда ғана тауар бола алады. Тұтыну құндары өзінің екі жақты сипатына байланысты тауар бола алады. Біріншіден, олар бір мезгілде тұтыну заты болады және олардың құны болды; екіншіден, қандай да бір заттар бір-біріне тауар ретіндегі қатынаста болуы үшін оларды өндірушілер өздеріне де ортақ ерікті әрекеті, өз меншігіндегі тауарды иелігінен шығара отырып, басқа тауарды өзіне иеленуге ықыласы бар меншік иелері ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрулары қажет.

Тауардың бір тауар иесінен басқаға ауысуы нарықта айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға ретінде бір-біріне қарама-қарсы тұрған айырбас сферасынан іздеу қажет.

Қолдан-қолға тауарлардьң қозғалысы ретінде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жайындағы қатынастың пайда болуына негіз болып табылады. Осыған байланысты бір маманның мынандай пікірін атап өту артық болмайды: "бірте-бірте айырбас саудаға айналды; саудамен арнайы айналысатын адамдардың жаңа тобы - көпестер пайда болды; жылдың белгілі бір уақытында көпестер мен сатып алушылар кездесетін ерекше орындар пайда болды, жәрмеңкелер, яғни уақытша нарықтар кұрылды. Көпестермен, жәрмеңкелермен, жалпы саудамен бірге алғашқы несие пайда болды. Ірі сауда жүргізетін адам үшін алған тауарлардың төлем мерзімімен сатып алу төлемінің мерзімі сәйкес келмеген жағдайлар болады. Егер саудагер тауарын сатудан бұрын оны сатып алуға тиіс болса, онда осы уақыт ішінде несие алуға деген қажеттілік, яғни бұл адамға қарыз беру мүмкіндігіне деген сенім пайда болады.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, орта ғасырлық қолөнер, крепоснойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында кездеседі. Барлық кезде біз анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдьқ бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын, құқықтық хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастарымен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.

"Өндірістік қатынастар өз жиынтығында қоғамдық қатынастар, қоғам деп аталатындарды кұрайды және сонымен бірге тарихи дамудың белгілі бір сатысында тұрған, өзіне тән ерекше сипаты бар қоғамды құрайды" .

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар, кәсіпорындар мен мемлекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдардың әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Шағын кәсіпкерліктің белгілері
Несиенің түрлері және қызметтері
Екінші деңгейлі банктердің түрлері
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банктiң экономикадағы рөлi және жүргiзетiн саясаттары
Республикасының орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Экономикадағы банктердiң мәні мен рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz