Негізгі құралдарды есептен шығару есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

«Негізгі құралдар есебі»

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен шаруашылық қызметіндегі орны

1. 2 Негізгі құралдардың ХҚЕС-на сәйкес тану критеориялары мен бағалауы

1. 3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік реттеу механизмі

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі мен құжаттарда рәсімдеу

2. 2 Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу

2. 3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі

2. 4 Негізгі құралдарды түгендеу

2. 5 Негізгі құралдардың есебін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

7

10

13

13

16

19

23

24

27

30

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы жолдауында «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», «Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында» атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес [1] .

Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.

Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды.

Өндірісті дамытудың негізі - кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.

Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет - бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі - өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек [2] .

Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.

Қазіргі экономика - бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.

Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.

Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.

Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.

Зерттеу жұмысының мақсаты - кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттері қойылып, шешілді:

  • негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі және бағалануы нақты көрсетілді;
  • негізгі құралдар есебінің нормативті - құқықтық реттелуі анықталды;
  • негізгі құралдардың пайдалану тиімділігіне талдау жасалды;
  • негізгі құралдардың қозғалысы есебінің, амортизация есебінің мәнін нақтылау және жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.

Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады. Негізгі құралдар есебіне, аудитіне және пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне Қазақстанның В. Л. Назарова, Қ. К. Кеулімжаев, А. Қ. Байдақов, А. С. Исмаилова, Д. О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі, талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң актілері, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.

Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан құрылған.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен шаруашылық қызметіндегі орны

Кәсіпорынның негізгі белгісі - оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.

Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер [3, 42] .

Негізгі құралдар - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы [4, 16] .

Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар жоспарының екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.

Өндіріске қатысуына байланысты негізгі құралдар мыналарға жіктеледі:

  • өндірістік - негізгі құраларға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркісіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда;
  • өндірістік емес - жалпы ішкі өнімді шығармайтын, бірақ оны тұтынатын объект, яғни тұтынушылыққа бағытталған негізгі құралдар.

Иелігіне қарай:

  • меншікті - кәсіпорынға тиісті, өз иелігіндегі болған құралдар;
  • жалгерлік - жал келісімі бойынша онда көрсетілген уақытқа басқа субъектіден алыннған объект;
  • уақытша кіргізілген - бұл негізгі қорлар өзгертілмеген күйінде қайтаруға жатқызылады, табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа.

Пайдалануына қарай:

  • пайдаланудағы - кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметте пайдаланылып жатқан негізгі құрал;
  • запастағы - жұмыс істеп тұрған құралдарды жөндеу, авария немесе жою кезінде пайда болатын запастар;
  • консервациядағы - уақытша қолданылмайтын құралдар.

Заттық құрамы бойынша:

  • инвентарлы - объект, заттық құрамы бар және жоюлуға және есептіліккке алынатын негізгі құрал (ғимарат, жабдықтар, машиналар) ;
  • инвентарлы емес - жер, орман және су алабына капитал салымы.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:

1) еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) ;

2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т. б. ) .

Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.

Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.

Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.

Негізгі қорлар - бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.

Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау, пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау, негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы, жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару, тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану, негізгі құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару, кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету.

Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі құралдарды тиімді пайдалануды көтеру. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.

Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану - талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы - ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.

Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.

Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қор қайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі құралдардың тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.

Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

1. 2 Негізгі құралдардың ХҚЕС-на сәйкес тану критериялары мен бағалауы

Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 «Негізгі құралдар» стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2. б) .

16 «Негізгі құралдар» ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.

Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.

Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді (16 ХҚЕС 7. б) .

Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:

А) компания немесе тауарлы - материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;

Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.

Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:

А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;

Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.

Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:

А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;

Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.

Негізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс - әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.

2-ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:

«Негізгі құралдар - бұл:

  1. өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;
  2. күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер».

Ұсынылған анықтамалардан үш негізгі белгі айырықшаланады:

  1. материалдық нысанының болуы;
  2. кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы (сату үшін арналмаған) ;
  3. қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық) .

2-ҰҚЕС - ның 1 - параграфы 3 - тармағы 1 - тармақшасына сәйкес актив - бұл өткен оқиғалар нәтижесінде болашақ пайда алу күтілетін ұйымдармен немесе жеке кәсіпкерлермен бақыланатын ресурс.

Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың объектісі актив ретінде танылады.

Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:

  1. активке байланысты игілік алатынына;
  2. өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын білдіреді.

Егер актив экономикалық пайда әкелмейтін болса, онда оны сатып алуға кеткен шығындар есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.

Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС - нда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 - «Негізгі құралдардың есебі» ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.

Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 «Негізгі құралдар есебі» БЕС мен 16 «Негізгі құралдар» ҚЕБХС - на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:

  • Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
  • Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
  • Өткізу құнымен (әділ бағаның) - мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
  • Жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
  • Амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
  • Баланстық құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2- ҰҚЕС-ның 16 - «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша

Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ - 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау - тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданған объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.

Негізгі құралды қарызға алу: ХҚЕС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.

Активтермен алмасу: ХҚЕС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.

Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ХҚЕС 20 «Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» стандартына сәйкес мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар [5, 25] :

  • капитал әдісі;
  • табыс әдісі.

Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал түрінде көрсету.

Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе бірнеше есеп мерзімінде тану.

Жерді сатып алу егер жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына капитализацияланады.

1. 3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік реттеу механизмі

Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті [6, 85] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Ұзақ мерзімді активтер туралы
Негізгі құралдарды есептен шығару және түгендеу
Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі
Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер
Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті
Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау
Негізгі құралдарды жөндеу есебінiң негiзi
Негізгі құралдардың амортизациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz