Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
Жоспар:
Кіріспе
1 Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1 Нарық түсінігі мен мәні
1.2 Нарықтың атқаратын қызметтері мен құрылымы
2 Нарық: мәні, құрылымы кеңестік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі
2.1 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
2.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың
жағдайы
2.3 Қазакстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу
әдістері мен дамуының мәселелері
3 Нарықтық экономиканы реттеу әдістері және оның жолдары
3.1 Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
6
9
9
13
17
23
23
25
27
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы - Нарық: мәні, құрылымы кеңестік заманнан кейінгі экономикадағы қалыптасу механизмі. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп - оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен андірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік еркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады, Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Осы нарықтық экономика туралы Адам Смит былай деген: нарықтық экономика - белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Осыған қарамастан бірталай ғалымдар өз пікірлерін, Ілімдерін қалдырып кетті. Мәселен, Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайек Адам Смиттің ілімін дамытқан болатын, Оның ілімі бойыншая; нарық - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ, ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады, солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдына қойған мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. Және де Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Фредерика Иаркетинг теориясының негізін салумен, өз заманында нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айталысқан болатын. Капиталистік қоғамның дамуы диалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. Айырбастау-дейді В.И, Ленин: "адамдарды нарық арқылы біріктіреді". В.И.Лениннің айтуынша, нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарық тауар биржаларының, көтерме және белшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін нұсқасы таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады [1, 12б.].
Курстық жұмыстың мақсаты - нарықтың түсінігін, мәнін, пайда болуы мен даму кезеңдерін, Қазастан Республикасында нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайын және Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелерін жетілдіріп, зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері мыналар:
oo Нарық түсінігі мен мәні;
oo Нарықтық атқаратын қызметтері мен құрылым;
oo Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері;
oo Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі;
oo Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы;
oo Нарықтық экономиканы реттеу әдістері;
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында көптеген еліміздің әдебиеттерін, газет-журналдарды, соңғы статйстикалық мәліметтерді қолдандым.

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық саланың тармағы сияқты, және осы байланыстар арқылы өндірістің "басты мақсаты" жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде инарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет "күш" деп те дәріптеуде.Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Сонымен нарық дегөніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің езіндік қиындығы көп. Нарық бұрын - соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады, ұзақ жылдар бойы әкімшіл - әміршіл жүйенің идеологиялық тұгқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық кезқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бвлігі немесе жүйесі.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық - тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтунушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды керініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нары механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн [2, 24б.].

Нарық - күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Буропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық - түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату-сатып алу немесе өндірістік факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша турінде байқалып, Ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы - еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық - бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса кеп емес, сондықтан монополиялық бағаны взгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы - еркін нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі. Сатушы нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алуымен түсіндіріледі. Сатып алушылар нарығы деп сатып алушылар квп билікке ие болып, нарықтың субъекті белсенділігін сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай - азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шелке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығы біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты. Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады. Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.
Нарықтың рөлі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі. Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші рөль атқаруы болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтың реттеуші рөлін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі - ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет кқрсету, банктегі депозит пен несиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді [3, 120б.].
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне - тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.

Нарықтық экономика - ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек белінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
oo нарық элементтерінің пайда болуы;
oo натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
oo тауар баламасы кезеңінің нарығы;
oo тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық керіністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т1-Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдік мына айырбас формуласы бойынша Т1 -Т2, балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: ТІ-тауар емес балама - Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иеленушілері - несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді. Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (1723-1790 жж.) өзінің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу" (1776 ж.) деген басты еңбегінде-жеке меншік иелерінің байлықты кебейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны есіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет мейлі өзінен өзі жүрсін саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне, мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты [4, 36б.].
Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалылтасты.
Монополиялық нарық XIX ғсырдың аяғында XX ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді, өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.
Жалпы нарықтың экономикалық жүйе - шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігне, жеке меншік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың ойын ережесін заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең еріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, нарық табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді.
Ал, Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғанан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық езгерістер: 1992 ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993 ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап енгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру - азаматтардың немесе олардық барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестерінің акциялар белігін жеке меншікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады.
1993ж 15 қарашада Ұлттық аалюта - теңге айналымға енгізілді. 1993-1994жж. Экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны Іске асыру басталды; 1994-1996жж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Нарық, нарық - тауар шаруашылығының санаты. Ол тауар - ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер(сатушылар) мен тұтынушылар(сатып алушылар) арасындағы экономика қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері - құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс.
Нарықтық экономика, Базарлы экономика - еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субьектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлкеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Нарықта бәсеке барысында сұраным мен ұсыныс, баға құралады. Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекет нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамсыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін - осы тауарды көп өндіру, керек пе№ жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар нарықтағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір - бірімен бәсекелеуші бірқатар фирмалар(кәсіпорындар) болса және олардың бірде - біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса - олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді(мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтық осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан таза нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай да үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу - реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару, әкімшілік және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда таза жоспарлы экономика дейтін пайда болады. Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты(пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де - жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де - елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды жұмсартуына тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманға нарықтық экономикаға тән қасиет: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік ролі, ресурстардың қарқынды түрде үнемделетін экономикалық өсу шарттары ретіндегі жоғары дейгейде дамыған технологияның пайдаланылуы.
Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасыының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық, әлеуметтік-демографиялық, ғылыми - техникалық, ұйымдық - құрылымдық, табиғи-шикізаттық, табиғи - климаттық және географиялық сипаттармен.
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.
Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудің халықаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ көзді жұмып қойып, ұлттық құндылық пен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірбиесін көшіре салу, экономиканы реформалауға толық, мүмкіндік жасамайды. Сондықтан, әлемдік өркениеттіліктің біздің ұлттық, кұндылығымызбен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық-географиялық жағдайы -өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып, өткелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.
Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрынғы жалпы одадтық халық шаруашылығы кешенінің экономикалық байланыстарының үзілуімен түсіндіріледі. Жалпы одақтық экономикамен интеграциялық елдерде болған, еліміздің қауқарлы ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы әулеуеті талап етілмей қалды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай ккәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар совхоздар көп болды. Республикада олар 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75% құрады. Қазақстан совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың әрқайсысында орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі қара мал басы болды. Осындай ерекшеліктер осы аядағы жекешелендіру сипатына әсер етпей қоймады.
0.2 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы
Саяси тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Оның нарықтық байланыстары барлық құрлықтың елдерімен, сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалар енген аймақтармен елеулі түрде кеңейді. КСРО өмір сүрген кезде бұл проблема сондай өткір болмады, ейткені экспорт-импорттық операциялар орталықтандырылып жүзеге асырылды және Қазақстан одақтас республика ретінде әлемдік нарықта дербес атқарылымдықта болмады.
1994 жылдың ақпанында КСРО Конституциясы мен одақтас республикалардың конституцияларында түзетулер енгізілді, олар республикаларға сыртқы қатынастар саласында өкілеттілік берді, сыртқы Істер министрліктері құрылды.
1991 жылдан бастап жағдай одақтас республикалар егемендік алғаннан кейін өзгере бастады.
1991 жылдың 16 желтоқсанда қабылданған ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі Конституциялық заңда: ҚР халықаралық субъект болып есептеледі, дипломатиялық және консулдық өкілдіктермен алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне енеді және олардың қызметіне қатыса алады деп мәлімделген (13-бап).
Экономикалық жағдайдың бірден бір көрсеткіші ретінде - нарықтық байланыстардың пайда болуы. Қазақстанның әлемдік нарыққа дербес шыққаннан кейін шетелдік мемлекеттермен нарықтық байланыс жағдайы қарқынды сипатқа ие бола бастады. Жалпы алғанда Қазақстан 28 еуропалық, 30 азиялық, 6 американ және шетелдің басқа елдерімен сауда байланыстарын ретке келтірді. Сонымен бірге бул тізім күн сайын есуде. Иұның үстіне, Қазақстан бұрынғы одақтас республикалар - қазіргі егемен елдер: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь, Түркменстан, Молдова, Кавказ маңайындағы және Балтық жағалауы бойындағы республикаларымен экспорт-импорт операцияларының көлемін біршама арттыра түсті. 1991 жылдан нарықтық байланыстар жалпы республикалық ауқымға ие болды және ТМД-ның әрбір жеке республикасы нарығының фактісіне айналды,
Қазақстан Республикасы экономикасына нарықтық байланыстардың деңдеп ету үдерісі Алматы диірмен, Бутя, Сеймар, Акцент сияқты кәсіпорындарды ұйымдастырған жеке кәсіпкерлер арқылы етті. Нақтылап атап айтсақ, республика бизнесмендерінің арақасында нарықтық байланыстар қалыптасты. Тәуелсіздікке ие болғаннан дейін сауданың 80%-дан астамы бұрынғы одақтас республикалармен жасалған саудаға келді. Біздің республика жалпыодақтық қорға - түсті металдар, көмір, қара металдар прокаты, мұнай мен газдың, сондай-ақ руда концентраттарының көп мөлшерін тапсырды. Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімін: астық бойынша - орташа 18-23%, қой еті - 25%-ға дейін, жүн - 30%-ға жуық және қаракүл экспортын 35%-ға дейін өндіруде айтарлықтай үлес салмағы болды.
Қазіргі жағдайларда да Қазақстан ең ірі астық экспортшысы болып қала беруде. 2006-2008 жылдары алыс шетелге жылына орташа 100,6% дайын тамақ өнімдері, сусындар, темекі, ал былғары шикізаты - орташа 123,6% , тоқыма және тоқыма бұйымдары орташа 105,6%-ы сатылды. Және де өсімдік өнімдері бойынша орташа 130,3%, машиналар, жабдықтар, аппаратуралардың орташа сатылған мөлшері 125,3%, минералдық өнімдердің орташа көрсеткіші 139,3% болды. Мұнда экспорт құрылымында елеулі өзгерістер жүрді. Осы көрсеткіштерді келесі кестеден керуге болады:
Экспорт тауарлары
2006 жыл (пайызбен)
2007 жыл (пайызбен)
2008 жыл (пайызбен)
2006-2008жж. экспорттың орташа көрсеткіші (пайызбен)
Өсімдік өнімдері
97,8
140,0
167,3
130,3
Дайын тамақ өнімдері, сусындар, темекі
ИбД
103,6
113,6
100,6
Минералдық өнімдер
127,3
109,2
153,8
139,3
Былғары шикізаты, былғары, табиғи үлбірлер
96,0
138,9
133,8
123,6
Машиналар, жабдықтар, механизмдер, аппаратуралар және олардың бөлшектері
119,9
110,3
134,1
125,3
Тоқыма және тоқыма бұйымдары
94,8
110,7
132,2
105,6
*Қазақстан Республикасы өнімдерінің экспорттың жеткізілімі бағасының индексі
Республиканың тәуелсіздік алуымен байланысты сыртқы сауда географиясы мен бағдарлануы айтарлықтай кеңейе түсті. Егер 80-жылдары Қазақстанның сыртқы айналымының 80%-ы бұрынғы одақтас республикаларға тән болса, онда 2008 жылы бұл көрсеткіш 35%-ға дейін төмендеді. Әкетілімнің 80%-дан астамы өнеркәсіптің металл өңдеу және отын-энергетика салаларына келді. ҚР статистика женіндегі агенттіктің деректері бойынша Қазақстанға тауар әкелімі 2008 ж. 127,7%-ға жетті, бұл сол жылғы әкелімнен 23,4%-ға аз болды. 2008ж. Республикаға әкелім - 5,1млрд теңге, ал әкетілім 1,9млрд теңге құрады. Импорт құрылымында тамақ өнімдері мен темекі өнімдері 40% басым болды.
Соңғы жылдардағы тауар өндірушілер мен тұтынышылар арасындағы нарықтық байланыстардың негізгі формаларымен үстірт танысу турлі елдердің кәсіпорындары арасындағы нарық байланыстарының жандануына жол ашады. Қазақстан мен Қырғызстанның кәсіпорындары арасында тығыз экономикалық байланыстар орнатылды, Қазақстан көрші мемлекетке көмірг түсті металдар, құрылыс материалдарын, төбе жабындысын, мұнай өнімдерін жеткізіп берді; құбыр, насос, кабель бұйымдарын, қуатты К-700 бен К-701-ге трактор тіркемелерін алды [5, 28б.].
Қазақстанның ТМД елдерінің барлық мүшелерімен қарқынды байланыстарының арқасында өндіргіш күштердің дамуы мен экономикалық әлеуметті ұлғайтуда елеулі ілгірілеуге қол жетті. Сондай-ақ ТМД елдерімен сауда қарқынды дамыды. Осы уақытқа дейін республиканың тұрақты және негізгі сауда серіктестері - Ресей, Қырғызстан, Түркменстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттер болып қала беруде, олардың үлесіне барлық экспорттың үштен бірі келеді.
Бүгін Қазақстан Республикасындағы экспорт тіршілікке қажетті технологиялық шикізаттың, азық-түлік, озық технологиялар мен валюталық ресурстардың қорлануы тек қана қажетті төлеу құралы емес бұл әлемдік қоғамдастықтағы ұлттық экономика мен жаһандық үрдіс арасындағы құрал. Экспортты кеңейту ұлттық экономиканың сиықсызданған құрылымын қайта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz