Кино рольдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1 Меруерт Өтекешова өмірбаяны

2 Қазақтың Төлегені мен Қыз Жібегі

http://www.teatr-auezov.kz/images/stories/001/Otekeshova.jpg Меруерт Қаратайқызы Өтекешова (25. 2. 1951 ж. т., Орал қаласы) - кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі(1982) . 1968 ж. Алматыдағы 66- мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.

1969-1973 ж. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген. КСРО Халық артисі Х. Бөкееваның класында дәріс алған. 1973 жылдан М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академия драма театрында артистік Театрдағы алғашқы рөліШ. Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман (1973), М. Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 ж. Жастар шығармасы байқауының лауреаты атанған.

Өтекешова сонымен қатар республика «Жігер» фестивалінің де лауреаты. Өтекешева «Қыз Жібек»(1970), «Ағам менің» (1972), «Ұлымның оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1977), «Тентек балалар»(1980), «Аждаһа жылы» (1981), «Орнамент» (1982), «Кінәңді ақта» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы», т. б. «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған. [1] [2] [3]

Қазақ киносының шыңына баланатын «Қыз Жібек» атты көркем фильм бар. Бар қазақтың баласы оны сүйсініп көріп өсті. Қыздарымыз кинодағы Қыз Жібектей болуды армандап бойжетті. Әркім жақсы біледі: сол кинода Қыз Жібектің рөлін сомдаған Меруерт Өтекешова апамыз. Ол кісінің көркем сипатынан көрермендер нағыз қазақ қызына тән болмыс-бітімді байқады.

1968ж. Алматыдағы №66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкерінің ролін ойнауға шақырылған.

1969-1973жж. Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетін, КСРО халық артисі Х. Бөкееваның класы бойынша бітірді.

1973 ж. М. Әуезов театрының актерлік құрамында үзіліссіз еңбек етеді. Театрдағы алғашқы ролі Ш. Айтматовтың «Құс жолы» повесі бойынша Ә. Мәмбетов қойған «Ана-Жер-ана» спектакліндегі Әлиман (1973) .

Сахнадағы негізгі рольдері:

ұлттық классика мен заманауи драматургияда - М. Әуезовтің «Қарагөзінде» Қарагөз, «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» Ғайни (реж. Ә. Мәмбетов), Д. Исабековтің «Әпкесіндегі» Гауһар (реж. Б. Омаров), «Мұрагерлерінде» комиссия мүшесі (реж. О. Кенебаев), Ә. Әбішевтің «Кәусарында» Кәусар, Н. Әбутәлиевтің «Өттің, дүниесінде» Ханша, А. Сүлейменовтің «Жетінші палатасында» Медбике, Ғ. Мүсіреповтің «Амангелдісінде» Бану, С. Мұқановтың «Мөлдір махабаттында» Бәтестің анасы (реж. Ә. Рахимов), Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала-бейнесінде» Күләш депутат (реж. Б. Атабаев), Т. Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Ана (реж. Е. Обаев), т. б.

әлемдік классика мен заманауи драматургияда - Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» Әлиман, Вампиловтың «Тұңғышында» Нина, А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеуінде» Анфиса (ауд. Ә. Бөпежанова, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева), т. б.

Кино рольдері:

«Қыз Жібек»(1970), «Ғани Мұратбаев» (1971), «Ұлдың оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1978), «Тентек балалар» (1980), «Аждаһа жылы» (1981), «Өрнек» (1982), «Өтелмеген парыз» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы» («Мосфильм») (1982), «Шоқан Уәлиханов» (1983), «Провинциялық хикая» (1981), «Ауылым Көктөбенің бөктерінде» (1985), «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларының өзге де фильмдеріне түскен. Кейінгі кезеңде «Махамбет» (2008), «Арман қала» (2009), «Секіріс» (2010) фильмдерінде, сондай-ақ «Хабар» агенттігінің «Жаным» (2010-2012) телесериалында рольдер ойнады.

«Қарагөз» спектакліндегі (М. Әуезов, реж. Ә. Мәмбетов) Қарагөз рөлі үшін 1982ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты болды. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982) КСРО Кинематографистер одағының мүшесі (1991)

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы. Өшпес мұра «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ киносының алтын қорына айналды.

1968-1970 жылдары түсірілген «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті.

Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған.

http://massaget.kz/userdata/zh4.jpg

Жағабайлы елінен шыққан Төлеген (Құман Тастанбеков) жар іздеп, көп қыздың арасынан Сырлыбайдың (Кененбай Қожабеков) қызы Жібекті (Меруерт Өтекешова) ұнатады. Алайда, өзара руға бөлініп, екі жақ тартыстың салдарынан Төлеген әкесі Базарбайдың (Кәукен Кенжетаев) батасынан аттап кетіп, сүйіктісі Жібектің еліне кетеді. Жібектің елінен шыққан сарбаз Бекежан (Асанәлі Әшімов) қос ғашықтың махабатын көре алмай, үш ай Сырлыбай елінде болып, өз еліне сапарға шыққан Төлегенді өлтіреді. Сүйгенінің қазасын білген Жібек Жайық өзеніне батып өледі.

http://massaget.kz/userdata/kizjiibek2.jpg

Фильм 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Фильм режиссері Сұлтан Қожықов, сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған актерлер Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Асанәлі Әшімов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.

http://massaget.kz/userdata/81971.jpg

1972 жылы Тбилиси қаласында өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Үздік көркемдік шешім» номинациясы бойынша жеңімпаз аттанды.

Аталған фестивальде Гүлфайруз Ысмайылова, Кененбай Қожабеков, Сұлтан Қожықов дипломмен марапатталды.

http://massaget.kz/userdata/muhqpgucgu%201.jpg

2010 жылдың 27 желтоқсанында «Құлагер» ұлттық кинематографиялық байқауында Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков құрмет грамотасы мен «Экран шебері-2010» төс белгілері табыс етілді.

Бастысы - фильм қалың халықтың ыстық ықыласы мен үлкен марапатына ие болды.

Қызықты мәліметтер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Б.Римованың сахнада алған орны
Қазақ театрының қалыптасуы мен дамуындағы актерлік өнердің маңызы
Шәкен Аймановтың өмірбаяны
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы
Режиссерлік өнер
А. Әшімовтың өмір жолы
Тергеушінің жедел - іздестіру органының қызметін пайдалануы
Жаманқұлов Тұңғышбай өмірбаяны
Нанизм Гигатизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz