МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Құқық этикасының пəні
1. 2 Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары
2 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ƏЛЕУМЕТТІК ФУНКЦИЯЛАРЫ
2. 1 Кəсіби борыш пен абырой
2. 2 Қайырымдылық пен зұлымдық пен әділеттілік
2. 3 Бақыт пен ар-ұят
2. 4 Табиғи құқық пен мораль
2. 5 Позитивтік құқық пен морал
2. 6 Мемлекеттік қызметінің адамгершілік мазмұны
3 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3. 1 Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру
3. 2 Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
4
7
7
10
21
21
30
36
43
53
59
70
70
72
74
77
КІРІСПЕ
Тақырыптыњ µзектiлiгi: Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында айтылатын аса маңызды тапсырмалардың бірі - мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет этикасын сақтау болып табылады. Бұл - жалпы әлемдік маңызды міндет және ол мемлекет қызметінің тиімділігімен, сонымен қатар, қоғамды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінен, оның қауіптерінен қорғаумен тікелей байланысты.
Кез келген дамыған мемлекеттердегі сияқты, Қазақстандағы мемлекеттік қызмет те адамгершілікпен, этикамен тығыз байланысты, сондықтан, мемлекеттік қызметшілер біздің азаматтарымыздың өміріне зор ықпал етеді. Көптеген жағдайларда осындай тұлғалар адамдардың күнделікті өмірі үшін маңызы зор шешімдерді, сонымен бірге, олардың құқықтарын және бостандықтарын іске асыру барысында азаматтардың өтініштерін мақұлдауды, қабылдамауды немесе өзгертуді қабылдай алады.
Демократиялық қоғам мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері мен тәртіптері мінсіз болуы үшін қалтқысыз қарекет жасауға тиіс. Дамыған мемлекеттер мемлекеттік қызметшілердің этика мәселелерін және тәртіп кодексін жыл сайын маңыздылығы арта түсетін салалар деп мақұлдады және мақұлдап келеді де. Бұл жерде біздің еліміз де өзгелерден ерекше болып табылмайды. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамға қызмет ететін кәсіптік, әділ және адал мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жолында нысаналық және жүйелі жұмыстарды жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртіптерінің құқықтық базасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызмет туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығы шыққан кезден өз жұмысын ойдағыдай жолға қоя бастады. Мемлекеттік қызмет институтының одан әрі даму жолы «Барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты - гүлдену, қауіпсіздік және жақсару» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықтардың бірі ретінде анықталған болатын. Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған басымдықтарға жетуде халық өкілі бола алатын, ісіне адал және қабілетті мемлекеттік қызметшілердің тиімді әрі заманауи корпусын құру қажеттігін атап өтті.
Мемлекеттік қызметшілермен көпшілік функцияларын дұрыс, сенімді және лайықты орындау үшін тәртіптің алғашқы стандарттары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика Ережесін бекіту туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы №3542 Жарлығымен белгіленген болатын. Қызметтік этиканың Ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызметке келуде қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімділік білдіріледі. 1997 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің тәртіп стандарттары ретінде әділдік, объективтілік және қалтқысыз болу міндеттері белгіленді, олар сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы тұра алуы қажет.
Кәсіптік мемлекетті қалыптастырудың негізі еліміздің 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы болып табылады, ол «бірыңғай кадрлық саясатты және мемлекеттік қызметтің кәсіптік және тиімді жүйесін қалыптастырудың» маңызды сұраныстарына жауап беретін жаңа көзқарастарды анықтады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптерін стандарттаудың жаңа кезеңінің басы 2005 жыл болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік тұрпатына және іскерлік сапасына талаптарды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1576 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика Ережесі) . Ал, 2011 жылғы 1 сәуірде Президент басшылығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің жаңа мазмұны бекітіліп, ол 5 тарауды құрады. Тараулар өз кезегінде тармақтарға және бірнеше тармақшаларға бөлінді.
Ар-намыс кодексі жаңа мазмұнының принциптік ерекшелігі - мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптерінің толық стандарттарын белгілеуінде болып табылады. Баршамызға мәлім, бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заң актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.
Заң мемлекеттік қызметке өтуге тиімді және айқын механизмдерді бағалау жүйесін және мансаптық жоспарлауды енгізу, басқарушылық «А» корпусын құру, сонымен бірге, кадрлық қызметтердің рөлін көтеру, көтермелеу шараларын жетілдіру және мемлекеттік қызметшілерді, қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды уәждемеу арқылы мемлекеттік аппараттың кәсіптілігін және тиімділігін көтеруге бағытталған.
Заңда, сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерге қатысты этикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар да қарастырылған. Яғни, еліміздің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы қызметтік этика жөніндегі жаңа тараулармен толықтырылды деген сөз. Сондықтан, заңнама деңгейінде этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік қызметшілердің міндеттері белгіленді. Рас, бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғалардың мемлекеттік қызметке өту фактілері азаматтардың жалпы мемлекеттік аппаратқа сенімділігіне жағымсыз әсер етіп келген еді. Осыған байланысты осындай тұлғалардың мемлекеттік қызметке өтулеріне шектеу қою жағы да тиісті заңнамаларда арнайы қарастырылған. Аталған шаралар мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипатын күшейтуге және халық сенімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған этикалық нормаларды ұстауды, қоғамға қарсы тәртіп жағдайларына жол бермеуді, сыпайылық көрсетуді, қандай да бір қызметті алу барысында мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайларын көрсетпеуді және пайдаланбауды, қоғам тарапынан өз әрекеттеріне дәйекті сындар үшін желеу бермеуді ұмытпағаны дұрыс.
Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің этикасы мен қағидалары туралы түсінікті қалыптастыру.
Ол үшiн мынадай мiндеттемелер алға қойылып тұр:
құқық этикасының пəніне сипаттама беру;
мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптарын анықтау;
мемлекеттік қызметкерлердің этикалық категориялардың ерекшеліктері мен əлеуметтік функцияларын жіктеу;
мемлекеттік қызметтегі этикалық нормаларды жетілдіру жолдарын қарастыру;
мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру шешімдерін іздестіру;
мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бойынша ұсыныстар беру.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметші мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексіне сәйкес, олар өздеріне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға тиіс делінген. Аталмыш мәселе бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі екендігі және қоғам тарапынан үнемі сынға ұшырайтын ащы шындық екені де даусыз. Мысалға, мемлекеттік қызметте жүрген немесе соларға теңестірілген бірқатар лауазым иелері мемлекет тарапынан мемлекеттік функцияларды тиімді орындау үшін өздеріне сеніп тапсырылған автокөліктерді өздерінің жеке мүдделерін қанағаттандыруда пайдаланатындығы жасырын емес. Қызметтен тыс уақытта мемлекеттік меншіктегі автокөліктер балабақша, сауда орталықтары, ойын-сауық кешендері, тойхана секілді ғимараттардың жандарында байқалып қалады. Сондықтан, кез келген заңға қайшы әрекет жасаған лауазым иесінің жауапкершілікке тартылатындығын ұмытпағаны абзал. Ең бастысы, бұл індетке қарсы тұратын тиісті Заң талаптары да, құзырлы органдар да бар. Елімізде мемлекеттік қызметшілердің этикалық тәртіптерінің қалыпты және логикалық негізделген заң жүйесінің бары мәлім.
Біз, яғни мемлекеттік қызметшілер, барлық күшімізді, білімімізді және тәжірибемізді ел тұрғындарының мәселелерін шешуге жұмсайтындығымызға сендіреміз. Яғни, Отанымыз - Қазақстан Республикасына қалтқысыз және әділ қызмет ететіндігімізді, біздің азаматтарымыздың өмірінің жақсаруы үшін ғана жұмыс істейтіндігімізді дәлелдеу уақыты келді деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭТИКАСЫ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Құқық этикасының пəні
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс күннен күнге артуда. Этика да, құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек - адам.
Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т. б. қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну - қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы - құқықтың танымдық, құндылықты жəне əлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мəні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда, адамның қандай себептердің нəтижесінде жəне қандай мақсаттар үшін құқықты орнықтыратындығы туралы ғылым.
Құқық этикасы белгілі бір дəрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен қатар, құқық этикасының өзіне тəн бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия əртүрлі мектептер мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау əрқашан жекелік сипатқа ие жəне іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік, əділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен тығыз байланысты болады.
Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мəн беретін (объектоцентристік) жəне субъектіге зор мəн беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды.
Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоққа шығарады: бұл жерде ең маңыздысы - субъектінің мүдделері (бұл мəселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат əрқашан сотталушының мүддесін білдіреді) .
Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тəуелді ауыспалы сипат береді. Яғни, адам жүріс-тұрыс еркіндігі “берілетін” немесе ”берілмейтін” объект ретінде түсіндіріледі.
Құқық этикасының пəніне анықтама берместен бұрын, этиканың пəні мен құқықтың пəнінің анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар.
Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты əртүрлі болады.
Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғи тарихи үрдістің (процесстің) нəтижесі ретінде қарастырады. Бұл көзқарасқа сəйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақылпарасаты табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мəселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты əлеуметтік жағдайларға нашар бейімделеді, неге ол қарама-қайшылықсыз бақытты көтере алмайды жəне т. б.
Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сəйкес, адамның бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды əдістермен таныпбілу мүмкін емес. Адам - микрокосм, оның əлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның өзін-өзі дамытуының “соқыр тəуекелі”, ал объективтік шындық - адамның ішкі күшқайратының дамуының көрініс табуының нəтижесі.
Құқықтың пəніне жүгінуде, құқық туралы əдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру жəне тар мағынада түсіндіру. Кең мағынада құқық Əдет-ғұрыпты (əдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтікиқұқықты, тірі құқықты жəне т. б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі жолы қалыптасқан.
А. А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған:
а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды жəне адамдар арасындағы қатынастардың нысанын білдіреді;
ə) моральдық заң əрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни, моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру - бұл біртұтас үрдіс;
б) мораль - адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі. Мораль - адамның өзін-өзі бəске тігуімен сипатталатын ойын. Сократ у ішуге мəжбүр болған. Иса пайғамбар керіп шегеленген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірілген. Міне, бұл ойынның ұтыстары осындай.
Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, моральға қайшы, қайырымсыз болуы мүмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтың өзара əсерін талдауға тырысып көрелік. Яғни, алдымен, құқықтың адамгершілік құндылықтар мен моральдық нормалар туралы көзқараста қалай көрініс табатынын, содан кейін, моральдың құқыққа қалай əсер ететінін қарастырайық.
Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни, филогенезде жəне онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық “Меннің” қалыптасуының сатылары орын алады:
а) Табыну сатысы адамның “Біз” феноменінен көрініс табатын əлеммен біртұтастығын, оның əлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымының басқалармен біртұтастығын білдіреді;
ə) Мəдениет сатысы адам қызметінің жəне адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі жағдайындағы мəдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, əділдік пайда болады. Мəдениет сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады.
б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың əлеуметтік түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда əлеуметтендіріледі де, əлеуметтік жəне құқықтық нормаларға айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді. Егер алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite - адамды сүю) туралы сөз қозғасақ, бұл сатыда əлеуметтік этика жөнінде пікірлер айтылды. Əлеуметтік этиканың ерекшелігі - ол жекелеген, нақты бір адамның емес, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада қоғам əсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір əлеуметтік институттың бөлігі) ретінде көрініс табады.
Əлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүріс-тұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы əсер мен жеке мінез-құлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы қарама-қайшылықтардан көрініс табады.
Осылай, қазіргі кездегі түсініктегі құқық салыстырмалы түрде кеш, өркениеттің пайда болуы жағдайында пайда болған (Римде) . Ол күрделенген сыртқы əлеуметтік өзара əсерлесулердің жүйесінде адам тұлғаға айналған кезде пайда болады. Осы кезде адамның жекелеген адамдық бастамасы көлеңкеге, яғни, интимдік, достық қарым-қатынастар, жеке шығармашылық əлеміне ауысады, ал бұл жағдайда адамгершілік норма, құндылықтың қажеттігі туындайды. Заңды социологизм асқан дəлдікпен əлеуметтік психологияның, антропологияның, адам биологиясының жаңалықтарынан, техникалық өнертабыстардан не алуға болатынын “ескере” отырып, құқықтың, заңның барлық салаға талғаусыз əсер ететіндігін көрсетеді.
Құқық жүріс-тұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мəн береді. Олардың өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген “бос” заңдардың өмірде кездесуі түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады.
Құқықтық жəне адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға, қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірден-бір жолы - құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзін-өзі жүзеге асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
1. 2 Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары
Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік.
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.
Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.
Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.
Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.
Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.
Мемлекеттік қызметші болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.
Жеке қарым - қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады.
Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады.
Жеке қарым - қатынас - 60 см мен 1 - 2 метр қашықтықтан араласу. Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады.
Әлеуметтік ара қашықтық - 1, 2 - 2, 5 метрмен анықталады. Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді.
Көпшілік ара қашықтық 3, 5 - 7, 5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz