Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару: қарым қатынастары мен өзара әрекеттесу механизмі

1. 1 Заң шығарушы билік органдарының басқару тәртібі

1. 2 Атқарушы билік органдардың басқару тәртібі

1. 3 Сот билігі

2 Мемлекеттік басқаруды ақпараттық қамтамасыздандыру

2. 1 Мемлекеттi басқару жүйесiндегi ақпарат ерекшелiктерi

2. 2 Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi

2. 3 Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық модернизация мен мемлекеттік билік жүйесін демократияландырудың жаңа кезеңінде тұр. Жаңа Конституциялық реформаға сәйкес мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру процесі жүзеге асырылуда және оны жетілдіру мәселелері жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Біріншіден, Конституцияға жаңадан енгізілген өзгерістердің, әсіресе президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшудің мазмұнын талдау кезек күттірмейтін қажеттіліктен туындап отыр.

Екіншіден , демократия феномені әр уақытта нақтылы тарихи дәуірге, яғни оның концепцияларының әлеуметтік-саяси, философиялық эволюциясына байланысты. Сондықтан оның дұрыс және бұрмаланған бұрыс жақтарын айқындау қажет. Оған объективті, ғылыми тұрғыдан қарау - бірден бір дұрыс жол болып табылады.

Үшіншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесін демократиялық жолмен дамыту мәселесі сан-салалы және күрделі. Олардың бәрі бірдей түгел табан астында жүзеге асырыла бермейтіні белгілі. Ол үшін заңдық және басқа да негіздер жасалуы керек, уақыт та қажет. Сондықтан ол ғылыми зерттеулер мен талдауларды қажет етеді.

Төртіншіден, Қазақстанда демократияландыру процесіне септігін тигізетін факторлардың (сайлау, БАҚ, оппозиция, азаматтық қоғам) жай-күйін және азаматтардың демократиялық мінез-құлқын тәрбиелеу жолдарын анықтау қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тарихта демократия мәселесі аз зерттелген жоқ. Оны оң мән-мағынасында түсіндіруге Монтескье, Гоббс, Локк, Руссо, Кант көп енбек сіңіргені белгілі. “Адам құқы декларациясы” (1791) қабылданған кезден бастап демократия мемлекеттік құрылымның республика түрінде қабылданды. А. Токвильдің “Америкадағы демократия туралы” атты еңбегінің үлкен маңызы болды. Бұл мәселемен кейінірек көптеген ғалымдар және саясаткерлер айналысты (Р. Арон, Г. Алмонд, Н. А. Бердяев, Д. Истон, В. И. Ленин, К. Каутский, Г. В. Плеханов, А. Салмин, Ю. Хабермас және т. б. ) [1] .

Қазіргі таңда қоғамды демократияландыру мәселесі одан әрі зерттеуді қажет етіп, нағыз көкейкесті сипат алып отыр. Президент Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінде бұған үлкен мән беріліп, оның бағыт-бағдары атап көрсетілген [2] . Оның тікелей бастамашылығымен «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» атты баяндамасы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сөйтіп президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшу мәселелері Парламентте шешімін тапты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесі мәселелеріне байланысты С. И. Абдулпаттаевтың, Б. Т. Аяғановтың, Р. Б. Әбсаттаровтың, Л. А. Байдельдиновтың, Н. Ж. Байтенованың, А. С. Балгимбаевтың, Ә. Бәкірдің, М. А. Биекеновтың, А. Х. Бижановтың, С. М. Борбасовтың, К. Н. Бурхановтың, А. М. Джунусовтың, А. Дьяченконың, Е. Ертісбаевтің, Ғ. Есімнің, Ж. Жунусованың, С. Зимановтың, Г. Ибраеваның, Л. М. Иватованың, Г. Н. Иреновтың, А. Ш. Ишмухамедовтың, Р. К. Қадыржановтың, Н. Қалиевтың, А. С. Қалмырзаевтың, Д. Кішібековтың, М. Б. Қасымбековтың, С. Қ. Қозыбаевтың, Е. А. Кузнецовтың, А. И. Лұқпановтың, Б. А. Майлыбаевтың, Т. А. Мансуровтың, Д. Медеуованың, Ж. Ж. Молдабековтың, Д. Н. Назарбаеваның, Б. Нарбаевтың, С. З. Нарматовтың, М. С. Нәрікбаевтың, К. Ж. Нугманованың, А. Н. Нукеновтың, Г. Р. Нұрымбетованың, Ә. Нысанбаевтың, В. Ф. Петрованың, Н. В. Романованың, Т. С. Садықовтың, Г. Сапаргалиевтің, Т. Сәрсенбаевтың, С. Т. Сейдумановтың, Ж. Қ. Симтиковтың, К. Л. Сыроежкиннің, И. Н. Тасмагамбетовтың, М. Б. Татимовтың [3] және т. б. еңбектерін атауға болады.

Бұл еңбектердің осы жұмыс тақырыбын тереңірек ашып көрсетуге жәрдемі үлкен.

Сонымен қатар демократияландыру процесіне қатысты мына еңбектерді де атап кеткен жөн. «Еуразиялық кеңістіктегі демократиялық реформалардың тәжірибесі: салыстырмалы үлгілері мен қолданбалы тетіктері» атты халықаралық конференция туралы жинақ жарық көрді. Мұнда негізінен қаралған мәселелер: евразиялық кеңістіктегі саяси транзит; посткеңестік кеңістіктегі реформалардың ерекшеліктері; Орталық Азия елдеріндегі реформалар; ҚР-дағы саяси модернизация және т. б.

С. А. Дьяченконың «Проблемы демократической модернизации в Казахстане» атты диссертациясында [4] өтпелі қоғам саяси жүйесінің трансформациялануы, оның ішінде Қазақстан Парламенттік институтының эволюциясы, орта таптың қалыптасуы, үкіметтік емес ұйымдардың дамуы, Қазақстан социумының саяси мәдениеті, партиялар құру және олардың сайлау кампанияларына қатысу мәселелері зерттелген.

С. А. Сұлтановтың «Представительная демократия переходного общества»[5] атты диссертациялық жұмысында өкілетті демократияның қалыптасу эволюциясы, оның мемлекет пен қоғамдағы орны, оған партиялық жүйенің ықпалы қарастырылған.

Ж. Е. Ішпекбаевтың «Қазақстан қоғамын демократияландыру ауқымындағы жалпымемлекеттік консенсустың қалыптасу ерекшеліктері» атты диссертациясында жалпымемлекеттік консенсус саясатының теориялық мәселелері, оның Қазақстан қоғамын демократияландыруға ықпалы зерттелген [6] .

2004 жылы бір топ авторлардың демократия мәселелеріне байланысты еңбектері [7] жарық көрді. Онда транзитті қоғам жағдайында саяси, идеологиялық, адамгершілік, экономикалық, демократиялық қайта құру мәселелері, Қазақстанның тоталитаризм жағдайындағы дағдарысты қиыншылықтар және тәуелсіздік алудың алғашқы қадамдары, өтпелі кезеңдегі экономиканы реттеудің теориялық мәселелері зерттелген.

Бірақ, айта кету керек, бұл еңбектерде мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру мәселелері жаңа жағдайға байланысты егжей-тегжейлі зерттелді деуге болмайды.

Демократияландыру комплексті проблема. Оның тармақтары мен жақтарын жеке бөліп алып ғана зерттеумен шектелу, қаншалықты дұрыс болғанымен, жеткіліксіз. Сондықтан диссертация тақырыбы кең ауқымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру саясаты» деп алынып отыр.

Зерттеу пәні болып Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік жүйесі және оның белгілері, оны жүзге асыру жолдары таңдалды.

Зерттеудің нысаны демократияның ғылыми концепциялары, оның Қазақстан жағдайындағы ерекшеліктері, мемлекеттік билік тармақтары, құрылымдары және саяси партиялар мен БАҚ құралдары болып табылады.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесін жаңа Конституциялық реформа негізінде демократияландыру процесін ғылыми - сараптамалық тұрғыда кешенді түрде зерттеу.

Зерттеудің ғылыми мақсатына жету үшін төмендегідей негізгі міндеттер қойылды:

- Қазақстан Республикасының президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшуінің мәні мен мазмұнын ашып көрсету;

- Тарихтағы демократия концепцияларының және демократияландыру модельдерінің саяси сипатын, оның Қазақстан үшін мәнін анықтау;

- Элиташылдық және авторитарлы демократия үрдістерінің саяси сипатын ашып көрсету;

- Қазақстан Республикасының өтпелі кезеңдегі саяси жүйені демократияландыру саясатына сараптама жасау;

- Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер негізіндегі қалыптасып келе жатқан парламентаризмнің саяси-құқықтық ерекшеліктерін талдау;

- Атқарушы билік пен сот жүйесін демократияландыру ісіндегі жаңа өзгерістерді пайымдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру;

- Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару ісін демократияландырудағы жаңалықтарды сараптау;

- Қазақстанда мемлекеттік билік жүйесін демократияландыруға жәрдемдесетін факторлардың жай-күйін, оны жетілдіру жолдарын анықтау;

- Мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру процесін жетілдіру ісіне байланысты тиісті ғылыми қорытындылар мен ұсыныстар енгізу.

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері, әсіресе халыққа Жолдаулары, Қазақстан-2030 бағдарламасы, «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - еркін демократиялық қоғамды жедел дамыту» басшылыққа алынды. Сол сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдары мен нормативті-құқықтық актілері пайдаланылды.

1 Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару: қарым қатынастары мен өзара әрекеттесу механизмі

1. 1 Заң шығарушы билік органдарының басқару тәртібі

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi.

1. Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды.

2. Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.

3. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.

4. Конституциялқ заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.

5. Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.

6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті.

7. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс.

8. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.

Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан:

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Сенаттың қызметіне мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
4) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
5) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәжілістің қызметіне мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтыєында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Депутаттар Парламентте мынадай бірлестіктер құруға құқылы:

  1. фракция - депутаттардың ұйымдасқан тобы. Бұл саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ болуы мүмкін; ол Парламентте саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады;
  2. депутаттық топ - депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.

Депутат халықтың Парламенттегі өкілі ретінде әдептілік нормаларын сақтауға тиіс. Парламент регламентінде мінез-құлық нормаларын айқындайтын депутат этикасының ережелері белгіленген. Депутаттар өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде де, қызметтен тыс уақытта да соларды басшылыққа алуға тиіс. Депутат этикасының ережелеріне мынадай нормалар жатады:

  • депутаттар бір-біріне және Парламент Палаталарының жұмысына қатысушы барлық адамдарға құрметпен қарауға тиіс;
  • депутаттар өздерінің сөйлеген сөздерінде депутаттардың және басқа адамдардың абыройы мен ар-намысына нұқсан келтіретіндей негізсіз кінәлар тақпауға, дөрекі, балағат сөздер қолданбауға тиіс.
  • депутаттар заңсыз және зорлықты әрекеттер жасауға шақырмауға тиіс;
  • депутаттар Парламент Палаталарының, оның үйлестіруші және жұмысшы органдарының т. б. қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс.

Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі. Депутат Парламент сессиясында және оның өзі құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламент пен оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға; сессияның күн тәртібі жөнінде ұсыныстар мен ескертпелер енгізуге; Парламенттің сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізуге; Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент пен оның сенаты тағайындауға келісім беретін лауазымды тұлғалардың кандидатуралары жөнінде өз пікірін айтуға, Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында қарау үшін ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар Бюросына ұсыныстар енгізуге; Парламент пен оның Палаталары органдарының отырыстарында қарау үшін мәселелер ұсынуға; депутаттық сұрау салуға; Парламент қабылдайтын зандардың, қаулылардың, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге; азаматтардың қоғамдық мәні бар пікірлерімен Парламент депутаттарын таныстыруға; басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға хақылы.

Депутат Парламенттің және оның өзі құрамына сайланған органдарының жұмысына қатысуға міндетті. Депутат өзінің дауыс беру құқығын тікелей өзі жүзеге асырады. Өзінің дауысын басқа бір депутат арқылы беруге хақысы жоқ. Депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды Палаталардың қарауына енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеу және солар бойынша шешімдер қабылдау ісіне қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау ісіне қатысуға хақылы.

Депутаттық сұрау салу депутаттың мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына осы органның немесе сол лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында негізделген түсініктеме беруін немесе өзінің көзқарасын баяндауын ресми түрде сұраған талабы болып табылады.

Парламент депутаты премьер-министр мен үкімет мүшелеріне, Ұлттық банкінің төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, бас прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру жөніндегі есеп комитетінің төрағасы мен мүшелеріне сұрау салуға құқығы бар.

Лауазымды тұлға сұрауға жауапты Парламенттің немесе Палатаның пленарлық отырысында береді. Депутаттың сұрау салуына қайтарылған жауап пен оны талқылаудың қорытындысы бойынша Парламенттің немесе оның Палатасының қаулысы қабылданады.

Депутат өз жұмысында ешкімге де тәуелді емес. Депутаттық міндеттерді орындауға кедергі жасау мақсатымен депутатқа немесе оның жақын туыстарына қай түрде де ықпал жасау әрекеті үшін жауапқа тартылады. Депутаттар алдындағы өз міндеттерін орындамайтын, оған көрінеу жалған ақпарат беретін, депутат қызметінің кепілдігін бұзатын мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының лауазымды тұлғалары да жауапқа тартылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы депутаттың аманатты мандатынан бас тартты. Бұрын сайлаушылар өздерінің депутаттарына мандат беретін де, егер депутат сайлаушылардың сенімін ақтамаса, оны кері шақырып алуға болатын. 1995 жылғы Конституция бойынша депутат өз сайлаушыларының атынан ғана өкілдік етпейді, ол Қазақстанның барлық сайлаушылары атынан өкілдік етеді. Сондықтан Парламент депутаты енді ешқандай аманатты мандатпен байланысты емес. Сайлаушыларға депутатты кері шақырып алу құқығының жоқтығы депутат сайлаушылар алдындағы өзінің жауапкершілігін сезінбеуге тиіс деген сөз емес. Парламенттік каникул кезінде депутаттар өздерінің сайлау округтеріне барып, сайлаушылармен кездеседі, олардан түскен шағымдарды, арыздарды қарайды. Ондай ұсыныстар, арыздар депутаттардың сайлаушылар көтерген мәселелердің дұрыс және дер кезінде шешілуіне көмектеседі; депутаттар қоғамдық пікірді зерттеп, қажет болған жағдайда мемлекеттік биліктің тиісті органдарына, қоғамдық бірлестіктерге ұсыныстар енгізе алады. Депутаттық қызметтің мәселелері бойынша депутат мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге кедергісіз баруға, олардың басшыларының, басқа да лауазымды адамдардың дереу қабылдауында болуына құқылы.

Депутат халықтың Парламенттегі өкілі ретінде әдептілік нормаларын сақтауға тиіс. Парламент регламентінде мінез-құлық нормаларын айқындайтын депутат этикасының ережелері белгіленген. Депутаттар өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде де, қызметтен тыс уақытта да соларды басшылыққа алуға тиіс. Депутат этикасының ережелеріне мынадай нормалар жатады:

  • депутаттар бір-біріне және Парламент Палаталарының жұмысына қатысушы барлық адамдарға құрметпен қарауға тиіс;
  • депутаттар өздерінің сөйлеген сөздерінде депутаттардың және басқа адамдардың абыройы мен ар-намысына нұқсан келтіретіндей негізсіз кінәлар тақпауға, дөрекі, балағат сөздер қолданбауға тиіс.
  • депутаттар заңсыз және зорлықты әрекеттер жасауға шақырмауға тиіс;
  • депутаттар Парламент Палаталарының, оның үйлестіруші және жұмысшы органдарының т. б. қалыпты жұмысына кедергі келтірмеуге тиіс.

Парламент өзінің жұмысын сессия тәртібімен жүргізеді. Сессия біріккен және оңаша Палаталар отырысынан, Палата бюроларынан, Палаталардың тұрақты комитеттері мен бірлескен комиссияларынан тұрады. Жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясын сайлау қорытындылары жарияланғаннан және әр Палата депутаттарының үштен екісі сайланғаннан кейін отыз күннен асырмай Республика Президенті шақырады. Парламент сессиясын Республика Президенті Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында ашады, сондай отырыста жабылады.

Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында неғүрлым маңызды мәселелер қаралады. Мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Мұндай мәселені тек Президент қана ұсына алады. Конституция тұрақты және байсалды болуға тиіс, сондықтан оған өзгерісті жиі енгізе беруге болмайды. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында Конституцияға өзгеріс енгізбейтін Конституциялық заңдар қабылданады. Конституциялық заңдардың көмегімен Парламенттің, Президенттің, Үқіметтің, Конституциялық кеңестің, сондай-ақ сот органдарының өкілеттігі анықталады. Конституциялық заңдардың көмегімен Парламент, Президент, жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) сайлаудың, сондай-ақ референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізудің тәртібі белгіленеді.

Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында республикалық бюджет, оның орындалуы туралы үкіметтің есебі қаралып, бекітіледі. Мемлекет пен халық үшін, әрбір адам үшін бюджеттің маңызы зор. Өйткені мемлекеттік мектептерді, институттарды, емдеу мекемелерін ұстауға, оқытушыларға, дәрігерлерге, ғалымдарға, мемлекеттік қызметкерлерге айлық төлеуге, әскерді жарақтандыруға қажетті қаражат бюджеттен бөлінеді. Сондықтан халықтың өкілдері ретінде депутаттар бюджетке кірістің қалай жиналатынын, халықтың ақшасы қандай мақсатқа қалай жұмсалатынын қатаң бақылап отыруға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының» ақпараттық жүйесі
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Өндірісті басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Банктік тәуекелдікті бағалау әдістерінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Иньекциялық есірткі тұтыну және ИЕТ арасында АҚТҚ таралуының себепшілері
Кедендік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
Өнім өндіруді оптимизациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz