Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері


М а з м ұ н ы
К і р і с п е . . . 6
1-тарау. Мемлекет және құқық теориясының пәні, белгілері және әдістері
- Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері . . . 8
1. 2 Мемлекет және құқықтың дамуы мен әдістері . . . 16
2-тарау. Мемлекеттің түсінігі, мәні және функциялары, экономикалық заңдары
2. 1 Мемлекеттің түсінігі және мәні . . . 23
2. 2 Мемлекеттің функциялары мен экономикалық заңдары . . . 27
3-тарау. Қазіргі жағдайда мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен даму мәселелері
- Мемлекеттегі Президенттік биліктің негізгі қызметтері . . . 36
- Мемлекеттегі Парламенттік басқару және даму ерекшеліктері . . . 37
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі қызметі . . . 39
3. 4 Қоғам әлеуметтік шындық ретінде . . . 45
3. 5 Мемлекеттің қоғамнан айырмашылығы . . . 51
Қ о р ы т ы н д ы . . . 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 61
К і р і с п е
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгілеп жандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымының күн тәртібінен түскен емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес құқық туралы пікірлер де әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау керек.
Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі [1. 7 б. ] .
Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.
Қазақстан тәуелсіздікке ие болған күннен бастап, әлемде дамыған елдермен йықтас тұру үшін құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. ҚР - ның тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң оны “құқықтық мемлекет” деп жариялады. Содан кейін мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықты және оның негіздерін қайта құру қажеттігі туды және адамның құқығын қорғау мемлекеттің басты міндетіне айналды.
Құқықтық мемлекет тек әділеттіліктің белгісі ғана емес, сонымен қатар адамның бүкіл өмір сүру барысындағы бостандық - теңдігін қорғап, демократияны қалыптастыратын күш.
«ҚР-сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты ”құқықты” пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды.
Құқық адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың іс - әрекетімен тығыз байланысты, олардың бостандығының шеңберін, мүдде - мақсаттарының орындалу деңгейін анықтап, реттеп отырады.
Құқықты оқытудың мақсаты - қоғамдық өмірге белсене қатысу, әрқашанда қоғамымыздың, халқымыздың, мемлекетіміздің мүдделерін қорғап отыру деген сөз.
Құқықты оқытудың мәнісі - өскелең ұрпақты құқықтық қоғамға әзірлеу, олардың іс - әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға бере отыра, өнеге, мораль, адамгершілікті қалыптастыру деген сөз.
Құқықтың қоғамға қаншалықты қажет екенін ұлы Абайдың: ”Егер менің қолымда закон билігі бар адам болсам, адам мінезін құқықпен реттеу мүмкін емес деген кісінің тілін кесер едім” - деген сөзінен - ақ ұғамыз.
Құқықтық білім берудегі негізгі қағидалардың бірі - тәртіпке баулу. Онсыз оқу - тәрбие жұмысында табысқа жетуді қамтамасыз ету, жастарды адамгершілік қасиетке баулу мүмкін емес. Құқықтық білім бере отыра - оқу ұжымының алға қойған мақсаты - жастардың дүние танымын, сана - сезімін құқықтық тұрғыда тәрбиелеу, олардың бүкіл өмірлік құндылықтарын қоғам игілігіне жұмсай білуге бағдар беру.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше [4. 237 б. ] .
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қоғамдағы мемлекеттің пайда болуын, құқықтың атқаратын рөлін, мемлекет және құқық теориясының мақсатын, қызметтерін және пәнін қарастыру, нормативтік-құқықтық негізі ретінде қарастыру, мәні мен маңызын және әдістерін ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Құқық, - нормативтік құқықтың негізі ретінде қоғамдағы қатынастар, мемлекет пен құқықтың байланыстарының қайнар көзі болып саналады.
- мемлекет және құқық теориясының мақсатын, қызметтерін және пәнін, әдістерін қарастыру;
- мемлекет және құқықтың пайда болуын қарастыру;
- мемлекет және құқықтың қызметтерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: адам, қоғам, мемлекет, құқық - бірінсіз-бірі өмір сүруі мүмкін емес, әлеуметтік қоғамдағы нормативтік-құқықтық қатынастардың атқаратын қызметі мен қоғам өміріндегі рөлін анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 61 бетті құрайды.
1-тарау. Мемлекет және құқық теориясының пәні,
белгілері және әдістері
1. 1 Мемлекет және құқық теориясының пәні және белгілері
Әр ғылымның өз саласында объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады.
Мемлекет және құқық теориясы - қоғамдағы саяси - экономикалық, мәдени-әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік зандылықтарын анықтап отыратын ғылым. Жалпы теория мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму заңдылықтарын, мақсатын, мазмұнын, құрылысын, нысанын, қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді.
Жалпы теорияның пәні қоғам мен мемлекеттің арасындағы сан қырлы, күрделі қарым-қатынастарды, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орнын, маңызын, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын, адамдардың сана-сезімін, оның қоғамдағы маңызын, мемлекеттің болашағын, құқықтық мемлекет қалыптастыру бағыттарын зерттеп, қорытынды тұжырымдар жасап отырады.
Мемлекет пен құқықты бір-бірінен айыруға болмайды. Олар объективтік тұрғыдан тығыз байланыста бірлесіп дамитын ғылым. Бірақ олар бір ғылымға жатқанымен, әрқайсысының нақты бағыттары болады. Мемлекет қоғамның саяси-экономикалық құрылысымен шұғылданады, құқық - нормативтік актілер жүйесін қалыптастырады.
Осы бірлестік пен дербестік олардың мазмұнын, мақсатын, қызметінің әдіс-тәсілдерін, функцияларын жан-жақты зерттеуге, жаңартуға, дамытуға мүмкіншіліктер береді. Мемлекет пен құқықты тереңірек зерттеп білуге жағдай туады.
Заң ғылымы өткен дәуірде (алғашқы қоғамда, құл иелену, феодалдық, буржуазиялық-формацияларда), қазіргі кезеңде, болашақта мемлекет және құқықтың қоғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Осы үш дәуірде болған және болашақ қоғамның, мемлекет пен құқықтың өздерінің даму процесінде болған жақсы тәжірибелерді жинақтап, қорытынды тұжырымдар жасалып отырады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні - адам қоғамының өміріндегі құбылыстардың, мемлекет пен құқықтың өмірге келу, даму объективтік зандылықтары мен олардың мәні-маңызы, құрылымы және мақсаты.
Бұл түсіндірме үш тараудан тұрады:
- қоғамның қалыптасу, мемлекет және құқықтың өмірге келу зандылықтары;
- қоғамның, мемлекеттің, құқықтың даму заңдылықтары;
- қоғамның, мемлекеттің, құқықтың тарихи маңызы, құрылымы, мақсаты.
Мемлекет және құқық теориясы іргелі де терең ғылым ретінде бірнеше функциялар атқарады:
Онтологиялық функция - (грек . . . шын білім) адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу. Бұл зерттеу арқылы мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, дамуын, болашағын білуге мүмкіншілік қалыптасады.
Гносеологиялық функция - (грек . . . білім, теория) таным теориясы арқылы мемлекет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білуге болады.
Эвристикалық функция - (грек . . . табу) заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын табу, ашу.
Әдістемелік функция - мемлекет және құқық теориясы заң ғылымы салаларының талаптарына сәйкес жалпы әдістемелік ғылыми тұжырымдар жасап, ғылымның жақсы дамуына жағдай жасау.
Саяси функция - қоғамның алдында тұрған мақсатты, саясатты жалпы теория тұрғысынан орындау бағыттарын, жолдарын белгілеу. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатының ғылыми негіздерін жасап, оның ғылыми тұрғыдан орындалуын қамтамасыз ету.
Идеологиялық функция - жалпы теория қоғамдағы әртүрлі көзқарасты, саясатты, идеяларды біріктіріп, ғылыми тұрақты жүйе қалыптастырып, адамдардың сана-сезімін, құқықтық мәдениетінің сапасын жақсарту.
Тәжірибелік-ұйымдық функция - тәжірибелерге сүйене отырып, жалпы теория қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті сапалы іске асыру үшін ұсыныстар жасап отыруы қажет.
Болжау функциясы - жалпы қоғамдағы саяси- құқықтық құбылыстармен ғана шектелмей сол құбылыстардың болашақ бағытын зерттеп, ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, оны құықтық реттеп, басқару бағдарламасын дайындауы қажет.
Құқық және мемлекет теориясының функциялары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды. Олардың қызметін біріктіріп зерттегенде жалпы теорияның қоғамдағы маңызы жақсы көрінеді. Жалпы теория өз функцияларын заң ғылымының басқа салаларымен бірлесіп атқарады. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет және кұқық теориясының белгі - нышандары. Мемлекет және құқық теориясы адам қоғамының бір саласын жан-жақты зерттеп, оның объективтік даму зандылықтарын, өзара байланысын анықтап, оларды қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Сондықтан жалпы теория қоғамдық ғылымның бір саласы.
Жалпы теория қоғамдық ғылымдардың ішіндегі тек мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттейтін саласы. Сондықтан жалпы теория заң ғылымының бір саласы.
Жалпы теория заң ғылымдарының барлық салаларының объективтік даму зандылықтарын зерттеп, оларды қалай қолдану жолдарын көрсетіп отырады және заң ғылымының салаларының бірлесіп, дербестік даму бағыттарын анықтап отырады. Сондықтан мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының ішіндегі ең терең түйінді ғылым, (фундаментальды ғылым) .
Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларына бағыттаушы, ұйымдастырушы, әдістемелік ғылым. Мемлекет және құқық теориясы заң ғылымының салаларына тиісті әдістемелік жасап, оны ғылыми тұрғыдан қалай қолдану әдіс-тәсілдерін анықтап отырады.
Жоғары мектепте студенттер көптеген пәндерді оқудан бұрын, ең алдымен "Заң ғылымы дегеніміз не?" "Мемлекет және құқық теориясы деген не?" Міне, осы сүрақтарға олар жауап алуы қажет. Толық жауапты студенттерге мемлекет және құқық теория пәні береді. Бұл пәнді студенттер бірінші курста оқып, мемлекет және құқық туралы толық білім алып, олардың қоғамды реттеп, басқарудағы рөлін, маңызын жақсы түсініп шығады. Сөйтіп, студенттердің жоғары курстарда заң ғылымының салалық пәндерін оқып, жақсы түсінуге мүмкіншілік жасалады.
Қоғамдағы ғылымдардың, соның ішінде заң ғылымының, даму процесінде сан қырлы қиындықтар кездесіп жатады. Оның себептері: қоғамның объективтік даму заңдылықтарының, мүдде-мақсаттарының күрделенуі. Әсіресе, бұл процесс қоғамның дағдарысқа ұшырау кезінде немесе өтпелі дәуірде өте қатты шиеленіске кездеседі. Бұл кезде қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде заң ғылымына, талап күшейеді. Заң ғылымының, мемлекет пен құқықтың алдына қойылатын талап - қоғамды реттеп, басқаруды күрт жақсартып, қиыншылықтан, дағдарыстан тезірек алып шығу және қылмысқа қарсы күресті батыл, табанды жүргізу.
Қоғамдағы іргелі-фундаментальды ғылымдар өмірдің сұранысына, талабына жауапты тез, үстірт бере алмайды. Шын, сапалы ғылым бір күндік, бір айлық немесе бір жылдық іс емес. Ол көп жылдық ғылыми зерттеуден өтетін іс-әрекет, оны өмірлік-тәжірибелік сынақтан өткізу қажет. Осы процестерден кейін ғылыми қорытынды тұжырымдар жасап, қоғамды басқаруды жақсарту мәселесіне заңды түрде кірісуге болады.
Қазіргі кезеңде нарықты экономика реформасы, қоғамның әлеуметтік саласындағы жаңа келеңсіз жағдайлар ғылымның алдына бұрын болмаған қиындықтарды, келеңсіз істерді үйіп-төкті. Осы қиын жағдайдан ғылыми тұрғыдан шығу жолын, бағытын тез, аз уақыт ішінде көрсетуге болмайды. Және бұл қиындық, дағдарыс қоғамның бір-ақ саласын зерттеумен шұғылданады. Сондықтан қазіргі дағдарыстан шығу үшін қоғамдық ғылымның барлық саласы бірігіп ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Мұндай зерттеу елімізде жүргізіліп жатыр, екі-үш жылда қорытынды тұжырымдар болуға тиіс.
Жалпы теория мемлекеттік - құқықтық проблемалармен бірге дүниетаным мәселелерін де зерттеп қоғамның әлеуметтік жағдайын қосып, ғылыми тұрғыдан қорытынды тұжырымдар жасап, құқықтық нормалар арқылы қоғамдық, топтық, жеке тұлғалық мүдде-мақсаттарды іске асыруға, сапалы орындауға мүмкіншілік жасап отырады. Құқық және мемлекет теориясының ғылыми даму бағыттары: Жалпы ерекшелік заңдылықтарды зерттеу; негізгі күрделі мәселелерді зерттеу; жалпы теорияны дамыту; жалпы теорияның салаларын, жүйелерін біріктіріп зерттеу.
1) . Мемлекет және құқық теориясы (жалпы теория) заң ғылымының өзіне тән ерекшеліктерін, олардың объективтік даму заңдылықтарын зерттейді. Бұл заңдылықтарды қоғамның экономикалық, әлеуметтік объективтік даму заңдарымен араластыруға болмайды. Мысалы, қоғамның саласының сапасы сол қоғамның материалдық тұрмыс жағдайына байланысты - бұл тарихи материализмнің объективтік даму заңы. Қоғамдағы өндірістік қатынастың өндіргіш күштің деңгейіне сәйкес болу заңы экономикалық теорияның пәніне жатады.
Мемлекет және құқықтың зерттеу мәселелері заң ғылымының объективтік даму заңдары, олардың өздеріне тән ерекшеліктері және бұл заңдардың қоғамның объективтік даму заңдарымен байланысы.
2) . Заң ғылымының негізгі күрделі зерттеу мәселелері: мемлекет пен құқықтың сапалы дұрыс дамуы, олардың салалық құқықтарымен, құқықтық санамен, құқықтық мәдениетпен арақатынасы т. б.
3) . Мемлекет және кұқық теориясы жан-жақты дұрыс, сапалы салаларының атқаратын қызметтеріне зор әсер етеді. Жалпы теория заң ғылымының жетекші саласы, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырушы, бағыттаушы күш деуге болады.
4) . Мемлекет және құқық, олардың салалары бірлікте және дербестікте дамып зерттеледі. Олардың бірлестігі: өмірге бірге келуі және оның себептері де бірдей; мемлекет пен құқықтың даму процесі, өзгеруі, жаңаруы да бір-біріне үқсас; атқаратын қызметтері бірдей - қоғамды реттеп, басқару.
Қорыта айтсақ, құқық және мемлекет теориясының ғылыми зерттеу мәселелері:
- мемлекет және құқықтың өмірге келу, даму және қоғамды реттеп, басқаруының объективтік даму заңдылықтары;
- мемлекет және құқықтың мазмұны, түрлері, нысаны, функциялары, құрылымы, механизмы және күқыктық жүйе;
- заң ғылымындағы мемлекеттік - құқықтық түсініктер [9. 67 б. ] .
Соңғы жылдары дүние жүзі қауымдастықта тыныс-тіршілік еткен халықтар арасында гуманитарлық арта тїскендігін анық байқауға болады. Бүкіл адамзат тарихын, оның әр кезеңдерде қалыптасқан саяси, құқықтық, әлеуметтік және этникалық ерекшеліктері, тәжірбелерімен жетік танысу, оқып үйрену, болшаќта гуманизм мен өркениет идеясына негізделген құқықтық, демократиялық мазмұндағы мемлекет құруға кеңінен жол ашты. Себебі адамзат тарихында болған мемлекеттердің саяси құрылымдары мен құқықтың жүйелерінің мәнін, мазмұнын, ішкі қозғалысының даму диалектикасын зерттеу, оқып үйрену - тиімді басқару формасын, билік жүргізудің оңтайлы, жүйесін және халық мүддесіне сай келетін құқықты қабылдауға тікелей мїмкіндіктер береді. Неге десеңіз, тарих сабағы - ақиқатты анықтаудың іргетасы.
Мемлекет және құқық теориясы заңы ғылымының интеграцияланған саласы болып табылады. Олай дейтін себебіміз егер біз мемлекет және құқықтың барлық салаларын бір арнаға тоғыстырсақ мемлекет және құқық теориясын қалыптастыра алмаймыз. Тануда, зерттеуде тек қана білімдегі ең негізгі қорытынды, бағыттар арқылы мемлекет және құқық теориясының категорияларын ќалыптастырамыз. Сондыќтан интеграцияланған деп айта аламыз. Себебі, қайсы бір ғылым саласы болмасын өзінің пәнін бөліп зерттеу арќылы объективтік мағынада және жан-жақты ашып көрсете алады. Жалпы пән ұғымы арнайы ғылым саласы нені оќытады, қоғамның, табиғаттың қандай құбылыстарын зерттейді деген сауалға жауап береді.
1. Мемлекет және құқық
Мемлекет адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болған. Адамдардың ең алғашқы ұйымдасуы рулық қоғам түрінде пайда болды. Рулық қоғам оның мүшелерінің қандас туыстығы негізінде, еңбекті қауымдасып ұйымдастыру және ортақ меншіктілік негізінде қалыптасты .
Әскери демократияның дамуы қоғамда саяси ұйымның - мемлекеттің пайда болуына әкелді. Мемлекет, бір жаєынан, әскери демократияның жаңа негізде қайта құрылуы нәтижесінде, ал екінші жағынан, жаңа басқару органдарының пайда болуы нәтижесінде құрылды. Мемлекет - адам баласы бірлестігінің жаңа ұйымы. Ол рулық қауымнан мынадай белгілермен өзгешеленеді:
- Мемлекеттің тәуелсіздігі болады. Мұның мәнісі - мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзге бір мемлекеттерден тәуелсіз қалыптастырып, дербес жүзеге асырады деген сөз.
- Мемлекеттің халқы әкімшілік-аумақтық аймақтарға бөлінеді, бұл жерде адамдардың рулық белгілері ескерілмейді.
3. Мемлекетте қоғамды басқаратын өкімет билігінің белгілі бір дәрежеде дамыған жүйесі болады. Оларда адамдардың өзгеше бір тобы - шен иелері немесе мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді.
4. Қоғамның өмір сүріп, тіршілік етуі үшін мемлекет заңдар, нормативтік актілер шыєарып, солар арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады, белгілі бір қоғамдық тәртіпті қалыптастырады.
Марксизм мемлекетті тек бір ғана топтың - байлар тобының мүддесін қорғау їшін жаратылған саяси ұйым ретінде сипаттайды. Құл иеленушілік дәуірінде мемлекет құл иелерінің мүддесін қорғады, сондықтан ол құл иеленушілер мемлекеті деп аталады, феодализм дәуірінде ол феодалдардың мүддесін қорғады. Феодализмнің орнына капитализм келді. Капиталистік мемлекет капиталистердің қолындағы қару болып табылады. Сөйтіп, марксизм ілімі бойынша, адамзат тарихында мемлекеттің үш түрлі тұрпаты болған екен: құл иеленушілік, феодалдық және буржуазиялық мемлекет түрлері.
Марксизм мемлекеттің осы аталған үш түрін де қанаушылардың, езушілердің мемлекеті деп сипаттайды.
Алайда мемлекет жағдайындағы маркстік ілімінің осал жерлері бар. Айталық, мемлекеттің осы үштасатысын, үш түрлі тұрпатын халықтардың барлығы бірдей бастан өткерген жоқ.
Марксизм-лининизм капиталистік мемлекеттердің құритындығының және жаңа тұрпатты социалистік мемлекеттің пайда болатындығының тарихи сөзсіздігін теориялық жағынан негіздеуге тырысып бақты. 1917 жылдың қазан айында Ресейде большевиктер партиясының басшылығымен социалистік револиция жасалды. Соның нәтижесінде Кеңестік социалистік дүниеге келіп, ол 70 жылдам астам уақыт өмір сүрді.
Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық єұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі - мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.
Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан єана тұрмайды. Құқық дегеніміз - белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Министрліктер - нориативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т. б. қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz